Инфоурок Доп. образование Другие методич. материалыКолданбалы курс багдарламасы 11 класс

Колданбалы курс багдарламасы 11 класс

Скачать материал

Бекітемін:                           

Мектеп директоры:                                                     С. Мошкалов

Оқу ісі жөніндегі орынбасар:                                     К. Матбеков

Бейіндік оқыту ісі жөніндегі

орынбасар:                                                                     Ү. Баянбаева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалпы орта білім беретін мектептің

жаратылыстану-математикалық  бағыты бойынша

11 сыныптар үшін «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ

 ЖҮЙЕСІ» тақырыбындағы

қолданбалы курстың авторлық  бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

Білім бөлімі әдіскерлері мен бейіндік істер жөніндегі орынбасарлар және мектептердің құқық және тарих пәні мұғалімдеріне арналған көмекші құрал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АВТОРЫ:

РАКИШЕВА БАГИЛА САУЛЕТОВНА

тарих пәні мұғалімі

 

Түсінік хат

 

         Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

 - қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

         «Құқық» терминінің көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде, қызмет бабында қолданылады.

Заң ғылымында  «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. «Құқық»-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың, заңға сүйене отырып әрекет етуі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.

Субъективтік құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.

Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады.   Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқы бар. Сол құқықты пайдаланып, азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынып, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

            Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтар арасында, ұйымда, мемлекет пен әкімшілік - аумақтық бөліністер арасында қалыптасады.

           Құқық қабілеттіліктің негізгі мазмұнына мыналар жатады: меншік құқығында мүлікті иеленуге, Қазақстан Республикасы аумағында және шекарасынан тыс жерлерде шетел валютасын иеленуге, мүлікті мұраға алуға, мүлікті мұраға қалдыруға, тұрғылықты жерін таңдауға, республика аумағынан тыс жерге кетуге, заң актілерімен тыйым салынбаған кез – келген қызмет түрімен айналысуға, кез – келген мәмілелер жасауға, интелектуалдық меншік құқығында өнертабыстарға, ғылым, әдебиет, өнер туындыларына құқығы бар.

          Сонымен қатар, материалдық, моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге және басқа мүліктік және жеке құқықтарға ие бола алады.

Қазақ халқы – «қазақ» деп бертінде аталғанына қарамай, өзінің көне дәуірлерге барып тірелетін тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық. Әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршілікті басынан өткеріп, бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бірі-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркінділікті, бостандықты әдіра қалдырып жатқан кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, бостандық, егемендік, әділеттік, адамгершілік категорияларын ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп алып барып, өмір сүріп жатты. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғаннан кейін елеусіз қалып келген асыл мұраларымызды өгейсітпей, өз ұрпақтарына қайта қайтаруға мүмкіндік туды. Өркениетті елдердің бәрі дүр сілкініп, жаһандасу процесінде көлеңкеде қалып қоймай, бүгінгісі мен болашағының мызғымас қажеттілігін алдын ала ойлап, өздерінің өткендерін қазіргі күнмен сабақтастыра отырып, алтын қазыналарын сол іс-әрекеттеріне арқау етуде. Жаһандасу процесі барлық халықтардың өзара тіл табысуын жеңілдету, қағида-ережелерін демократияландыру, ақпараттар ағынын жиілету жолында реформалар жүргізіп жатыр. Бұл реформалардың негізі - гуманизациялау. Әсіресе, халықаралық құқықты гуманизациялау қазірдің өзінде басталып кетті. Осы үрдіске қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің де қосар үлесі мол болмақ. Сондықтан ата-бабаларымыздың асыл мұраларын терең зерттеп, талдаулар жасап қана қоймай, оны әлемге таныстыру, өзіміздің құқықтық-мемлекеттік жүйемізде қолдану – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сондықтан да, үлкен ғалымымыз С. Зимановтың: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылатын заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы өркениеттік мұрасына да айналар деген үміт бар» деген сөзі қазақ құқығының салмағы ауыр, мәні зор екенін ғана көрсетіп қоймай, алдағы уақытта әлемдік құқықтық жүйелердің ішінен өзіне лайықты орын ала алатынын меңзейді. Сол себепті қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесін зерттеп, оқып-үйрену өте өзекті де маңызды болып табылады.

Әдет ғұрып құқығы - құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі.  Ол  мемлекет   заңдарынан түзілген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. 

Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясының адами ажарында, рухани 

келбетінде  мәдени астарында үлкен мән жатыр. Қазақ қоғамының дәстүрлі құқық жүйесін жасау қызметінде билер сотының алар орны ерекше. Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесіндегі билер соты жайлы, оның генезисі мен табиғаты, тарихына арналған талай зерттеулер жазылды. Бұл мәселеге бірнеше ғалымдар, оның ішінде әдебиетшілер, тарихшылар, заңгерлер және тағы басқалары қалам тартты. Қазіргі кезде заң ғылымы алдында тұрған міндеттердің бірі – билер сотының құқықтық мұрасын зерттеу болып табылады.

 

Тақырыптың өзектілігі:

         Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебаптығы    елгезектігі,  "адамгершілігі"  дұрыс  бағаланбай,  керісінше,  кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы,  табансыздығы,  үйлесімсіздігі  (партикуляризм) деп жазылып жүр. Шын мәнінде бұл әдет -  ғұрып    нағыз  беріктігін, бірлігін және біркелкілігін  көрмеу еді.  Олар өстіп құбылмалы,  елгезек,  өзгергіш болу  арқылы  өздерінің  мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін қатынастардың беріктігін,  тұрақтылығын,  бір қалыпта  сақталуын  қамтамасыз етеді.

. Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе -  ерекше  құбылыс.  Яғни,  әдет  ғұрып  нормалары –өзгеше  бір әлеуметтік  кеңестіктің,  қоғамдық өмірдің  көріністері, сондықтан олардың өлшемдері  мемлекет  заңдарынан  бөлек.  Әдет – ғұрып  құқығы  нормаларын  дұрыс ұғынып, түсіну олардың ішкі мәніне сай көзқарас, зерттеу    әдістері керек.  Демек,  әдет -  ғұрып  құқығын зерттеуде  бірізділік,  біржақтылық  сарыны  біршама  орын   алған.

Қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер сотының билігі, қазақ қоғамын басқару жүйесіндегі биліктің бір нысаны түрінде көрініс тапты. Билер қазақ қоғамында ру басы, судья, жергілікті әкімшілік биліктің өкілі ретінде саяси-әлеуметтік, әкімшілік, соттық-құқықтық қызметтерді жүзеге асырды. Негізінен олардың қызметі қоғамда болып жатқан дау-дамайларды шешу болды.

Би атағына ие болу үшін билер қазақ халқы алдында туа біткен дарындылығымен, шешендігімен, қазақтың әдет заңын, салт-дәстүрін бес саусағындай білетіндігімен, ойлылығымен көзге түскен, елден озған, әділдікті жақтаушылар болған.

Билер ерте замандарда пайда болып, халқымыздың ұзына бойғы тарихында белгілі бір даму кезеңдерін басынан кешірді. Олардың атқарған қызметі, ой-пікірлері, соттық қағидалары, шығарған шешімдері мен үкімдері қазіргі ұрпаққа өшпес мұра ретінде жетіп отырғандығы маңызды.

 

Мақсаты: Қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің пайда болып, қалыптасуы және дамуын, оның дегенмен демократиялық сипаттарын, адамгершілік қағидаларына толы екендігін жан-жақты зерделеу болып табылады.

Қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер сотына байланысты олардың билік үкімдеріне тарихи-құқықтық тұрғыдан талдау жасап, олардың ата биліктерімен дәстүрлі сабақтастығын аша отырып, тарихи-құқықтық тұрғыдан түсініктеме беру. 

 

Міндеттері: 

Ендігі міндет жеткен жетістіктерді ескере отырып,  сонымен  қатар жіберген  олқылықтарымыздың  орнын  толтыру, аталмыш мәселені    зерттеудегі,  оған  баға  берудегі  кеткен  қателерден  уақытылы  арылу. Сөйтіп, әдет – ғұрып  құқығын  құқық формасы  ретіндегі  өмір  арнасының  шынайы табиғатын ашу қажет.

Жұмыстың алға қойған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

1.     Қазақ халқының құқықтық жүйесіне тарихи баға беру.

2.     Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйенің салт-дәстүрлері арқылы қалыптасқанын ашып көрсету, талдау,салыстыру.

3. “Би” терминінің шығу, пайда болу, тарихи кезеңдерге байланысты түрленуін анықтау.

4. Билер сотының дамуының басты-басты кезеңдеріне тоқталу.

5. Билер сотының құқықтық реттелу ерекшеліктеріне ғылыми негізде талдау жасау, билер сотында іс қараудың ерекшеліктері мен билер сотында істі қараудың сатыларына жеке-жеке тоқталу.

5. Билер сотын дәстүрлі – құқықтық жүйеден аластауға байланысты сот істерінің жүргізілуі және қазіргі кезеңде жандандыру мәселелерін ашу.

 

Бағдарламаның әдістері мен әдістемелері: әдет- ғұрып   құқық  формасы  ретінде  көп аспектілі  жүйелік  кұбылыс  тұрғысынан қарастырып,  соның ішінде көшпелі  қазақ  қоғамындағы  әдет-ғұрып  құқық  нормаларының сипатына  ерекше мән беріледі.

Ұлттық сананың қайта түлеп, жанданып-жаңғыруы бірте-бірте  құқықтық  саланы қамтып,  дәстүрлі  құқықтық  жүйені  жаңа  қырынан зерттеуге жол ашады.

Зерттеу обьектіміздегі қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер соты тарихи, құқықтық, салыстырмалы-тарихи, сондай-ақ тарихи-құқықтық талдау арқылы қарастырылады.

 

Бағдарламаның мазмұны:

1.     Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе.    

Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет   заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде 

мәдени  астарында.

Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы, елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы,табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр. Шын мәнінде бұл әдет- ғұрып нормаларының нағыз беріктігін, бірлігін және біркелкілігін көрмеу еді. Олар өстіпқұбылмалы, елгезек, өзгергіш болу арқылы өздерінің мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін қатынастардың беріктігін,  тұрақтылығын,  бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді.

Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе - ерекше құбылыс. Яғни, әдет ғұрып нормалары – өзгеше  бір  әлеуметтік  кеңестіктің, қоғамдық  өмірдің көріністері, сондықтан олардың өлшемдері мемлекет заңдарынан бөлек. 

2.                     Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері. Қазақ қоғамының құқықтық негіздерінің қалыптасуы және дамуы.  Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйесінің тарихи бастаулары  дала өркениетінің тарихында ғасырларға ұласқан оқиғалар мен өзгерістер болып отырған. Осындай жағдайда көне дәуірдің мұрасы ретінде қазақтар өзінің негізгі құндылықтарын сақтап қалды. Қазақ халқының тарихи  құндылығының бірі – әдеттік-құқықтық жүйе. Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйесінің өміршеңдігінің  екі себебі болды. Алғашқысы – көшпелі өркениеттің шаруашылық-тұрмыстық негізі, екіншісі дүниетанымдық құндылығын жоғалтпаған қоғамның сұранысы болды. Қазақтың әдеттік-құқықтық ескерткіші – көшпелі өркениеттің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихымен  және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен ерекшеленді.

3.                     Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан.

Түрік қағанаты Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып 2 - ге бөлінді. Жоғары лауазымды бектермен тархандар иемденді. Қағанатта құқықтық ғұрыптар қалыптасты «төру» деп аталатын жазба заңдар п. б.

           Монғолдардың құқықтық нормаларының тарауы. 1206жылы тарихта танымал заңдар жинағы Шыңғыс ханның жасасы п. б. Бұл заң жаулап алған елдердің бәріне қолданып, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттеді.

           ХҮ ғ орт. Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптары мен нормалар жүйеге келтірілді.

             Қазақтың құқық жүйесіндегі келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1715) болды. Ол «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодеск пішініндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жасады.

             (Қосымша дерек) Қазақ ғалымдарын ішінде «Жеті жарғы» туралы алғашқы пікір білдіргендердің бірі академик Ә. Х. Марғұлан «жеті жарғыны» әуелі жеті жарғыш, жеті, яғни жеті әділ, қара қылды қақ жарған билердің билігі дегенді қолданды. жеті жарғыға арналған мақаласында оның мазмұнының 7 түрлі ережелерден құралатындығы жайлы жазады. «Жеті жарғыға» кіретін ережелер жетеу.

4.     Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар.

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді.

5.                     ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы. Қазақ мемлекетінің ХVI - XVII ғғ. әлеуметтік - экономикалық жағдайы бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы 7 сатыдан қаланды: ауыл – ауыл басы, ата - аймақты - ақсақал, руды - рубасы, арысты - би, ұлысты - сұлтан, жүзді - хан, хандықты - қаған басқарды.            Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 - 1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 - 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас арқылы шешті. Ұлтының азаттығы үшін күрескен, өз заманының азаматы.

6.                     Заңды білу – заман талабы. Өз халқымыздың ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы xv ғасырдың орта шенінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық әдеп - ғұрыптармен, жүйелерді ала отырып, дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны « Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім ханға халық « Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. Сонымен қатар Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың тұжырымдарын жасады.

         • 1991 жылы 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.

         • 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды.
         • 1991 жылы 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

        • 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді.
        • 1993 жылы 15 қараша күні Президент Н. Ә. Назарбаев ҚР Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттілігіне сәйкес елімізде ұлттық валюта - теңгені айналысқа енгізу туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланды.

          • 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады.

7.                    Дәстүрлі билер соты. Ресей Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дәстүрлі билер соты болатын. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын.

         Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған. Би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Би қызметі атадан балаға мұра болып та қалмайтын. Би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді. Би:

·                    біріншіден, қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол «{{Қасым ханның қасқа жолын]]»«Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек.

·                    Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет.

·                    Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет кездесетін.

            Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды. Дала тұрғындары өзіне жүгінуін тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады. Өз ұлының бойында би боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезінен атақты билердің нөкерлері қатарына қосуға тырысты. Сөйтіп бала жастайынан далалық сот билігінің небір нәзік тұстарын меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үміткер бала қылмыстық істер қаралатын сот процесіне үнемі қатысып отырған.

8.                     Билер сотының дала тұрғындарының арасындағы беделі зор болатын. Көп жағдайда Қазақстандағы орыстардың өздері де империялық соттан гөрі қазақтың билер сотына жүгінгенді артық санады.

 Мәселен, мынадай бір елеулі оқиға туралы айта кетуге болады: 1865 жылға дейін Көкшетау сыртқы округында орыстар 117 рет билер сотына шағым түсірген. Билер сотының артықшылығын қазақтардың тұрмысы мен әдет заңын зерттеумен айналысқан орыс зерттеушісі А. Гейнс өте жақсы байқаған болатын. Ол былай деп жазды:

'Билер соты ашық және барынша әділ жүргізеді. Сондықтан да оны қазақтар ғана емес, орыс зиялылары да, қазақтар да құрметтейді, олардың көпшілігі билер сотына барып шағынады.'

Патша үкіметі XIX ғасырдың 20-90-жылдары аралығында билер сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отаршыл өкімет орындарының жалпы империялық басқару тәртібін енгізуіне көп кедергі келтірген болатын. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері билер сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз қала беруін жақтады. Мәселен, қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына жоғары баға берді.[1]

9.                Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

           Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.

            Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп- Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

10. «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағы.  Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.

            Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау: 
1. Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері). 
2. Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар). 

3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.). 

4. Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).

5. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.

         11. Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

        Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді.

          Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* (Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған.

          12. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинақтары

Есім хан (1598 — 1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.

Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа - жаңа қаз тұрып келе жатқанды. Қазіргі Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, жалайырлар, албан, суан, наймандар, тағы басқа ру - тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, жер сұраған Ақордалық бауырларына Есенбұға хан Шу - Ӏле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні бүгінге дейін атын жоғалтпай, Шу бойында Хан тауы, хандар құс салған Cұңқар шыңы алыстан мұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз - қаз басып, ту көтерген Қазақ хандығы жан - жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, батысында Әмір - Темір әулеті билеп тұрған Сырдария мен Әмудария арасындағы күшті мемлекет Мауреннахрдан, солтүстігінде Сібір хандығынан қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне - міне шабуылға шыға ма деген үрей бар. 

13. Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718). 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.

        Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.

Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.

14. «Жеті жарғы» – қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші   «Жеті жарғы» мазмұны жағынан, біріншіден, қазақтың ертедегі әдет-ғұрып құқықтары болса, екіншіден, қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе керек. Қасымның тұсында Қазақ хандығы алғаш рет мемлекеттік құрылым ретінде әлемдік тарих сахнасына танымал болды. Алғашқы болып Мәскеу мемлекетімен байланыс жасаған кезеңдер Қасым ханның тұсына сай келеді. Бұл кезең хандықтың ішкі саяси билігінің нығайған сәті болды. Мұхаммед Хайдар Дулати  Қасым ханды жекедара рухани байлығы жоғары адам ретінде сипаттайды. Қасым хан миллионнан астам халықты бір елге біріктіріп, бағындырып, оларға билік жүргізе білген. Халық жадында сақталған «Қасым ханның қасқа жолы» заңының орны ерекше. Бұл заңға енген ережелер мынандай болды: 1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері); 2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза); 3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік); 5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер міндеті).  Қасым ханнан кейін «Жеті жарғыны» толықтыра түсетін жүйеленген «Есім ханның ескі жолы» заңы. Заң жүйесінің ескі заң аталу себебі ертеден келе жатқан дәстүрлі құқық ережелерінің сақталуында болып отыр. Бұл заңның ерекшілігі құн төлеу мөлшері қараша-сұлтан, бай-кедей деп бөлмей барлық топ өкілдері үшін бірдей болған. Сонымен қатар «Жеті  жарғыда» кездесетін өнер құны және сүйек құны осы Есім хан тұсынан бастау алады. Қазақ хандығы мемлекеттік іргетасын қалағаннан бері «Қасым ханның қасқа жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Есім ханның ескі жолы» әдеттік құқыққа негізделген хан заңдары мазмұны жағынан «Жеті жарғыда»   жалғасын тапты. Мұны «Жеті жарғының» баптарын қағазға түсірген ғалым А.И.Левшиннің еңбегіндегі берілген мына үзінді нақтылай түседі: «Бұл билер ертеден келе жатқан Қасым хан мен Есім хан тұсындағы әдеттік-құқық жүйелерді «Жеті жарғы» заңына жинастырды».  ХІХ ғасырдың өзінде бұл әдеттік- құқықтық жүйе өзінің реттеушілік мәнін жоғалтпады. Сонымен, «Жеті жарғы» – бұл әдет-ғұрып талаптарына негізделген көшпелі өркениеттің шығармашылыққа бейім  тайпа- арының  көптеген ғасырға созылған іс-әрекетінің жемісі екені анық. Қазақстан тарихында ХVIІ-ХІХ ғасырлар аралығындағы құқықтық ескерткіштердің ең танымалы осы - «Жеті жарғы». Бұл заңның  дайындалған кезеңіне, қабылдануына қатысты нақты пікір жоқ.

15. Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы.

            Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды.

Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.

Ш.Уәлиханов өзінің зерттеулерінде бидің кім екенін нақты көрсетеді: «Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, әлейім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне де танылған. Сөйтіп би атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналды да, бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала берді».

16. Қазақ қоғамын саяси басқару мен сот жүйесін модернизациялаудың жемісті болуы – саяси реформалардың бұрынғы қалыптасқан саяси дәстүрлермен, қоғамдық құндылықтармен сабақтасуына тығыз байланысты екендігін Абай тәжірибелі саясаттанушыға тән көрегендікпен ашып көрсетеді. Қазір Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолына түскенде осы мәселе қайтадан алдымыздан шығып отыр: сот судьяларын өмір бойына тағайындау өзекті болып отыр.

3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық норма сипатына ие болған. Сол арқылы жаңадан туындаған дау-жанжалды, нақты бір қиын істі шешкен ереже, қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап, келешекте орын алған ұқсас сот істерінде, дау-жанжалдар туындағанда қолданылған. «Кезінде осындай дауды Едіге би былай шешкен екен, мұндай дауға қатысты Төле бидің мынадай шешімі болған» деген сияқты, немесе қандай да бір рудағы ерекше әдіс-тәсіл арқылы әділ шешілген даулы прецеденттердің тәжірибесін келтіре отырып, дәстүр сабақтастығы негізінде әділетті шешімдер шығарылған. Сондықтан да, қазақ билерінің адал  қызметіне арқау болған прецедент ұғымының мәнін ашып, арнайы тоқтала кеткеніміз жөн.

17. Ресей Қазақстан жерін отарлау барысында елдегі билердің қоғамдық қызметі мен билер сотын арнайы жасақталған әскери-барлау экспедициялары арқылы жан-жақты зерттеп, қазақтың әдет-ғұрып ережелерін жинақтаумен айналысты. Патша өкіметі 1822-1824 жылдары «Сібір қазақтары туралы» және «Орынбор қазақтары туралы» жарғылар шығарып, Орта және Кіші жүздегі хан лауазымын жойды. Аталған жарғылар би лауазымын халықтың мойындауы арқылы алуды жойып, оған сайлауда қол жеткізуге рұқсат етті. Соның кесірінен би мәртебесіне халық танып, мойындаған абыройлы адамдар ғана емес, ауқатты байлар да сайлана бастады. Нәтижесінде жемқорлық пен әділетсіздік белең алды. Түптеп келгенде орыс шенеуніктері қазақ даласына Ресей империясындағы сот жүйесін енгізуді көздеді. Осы мақсатта 1854 жылы «Сібір қазақтарын Ресей империясының жалпы заңдарына қарату» атты арнайы заң да қабылданды.

           Ш.Уәлихановтың «Сот реформасы жайында жазбасындағы» мына бір пікірі көп нәрсені аңғартады: «Сібір қазақтарының облысындағы сот реформасы жайындағы біздің жұмысымыздың жоғарыда келтірілген деректеріне қарап, жалпы халықтың қалың көпшілігі билер сотының ежелгі тәртібінде қалуын қалағанын, ал шенді, мәнсапты, ауқатты қазақтар керісінше, билер сотына сол негізде өзгеріс енгізу жағында болғаны айқын аңғарылды. Шен-шекпенді қазақтың кедей, әрі құрметке ие болмағандарға ожарлығының айқын айғағының бір мысалын Қарқаралыдан келтіруге болады»

          18. Дала заңдары

Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерін, қылмысты істерінің бәрін шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі болған. Олар Қазақстанның Ресей патшасына бағынғанына дейін (XIX ғасырдың II жартысы) билердің үкімімен шешіліп келген.

Дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал және ар дауы деп беске бөлуге болады. Екі рулы ел жерге, жесіріне немесе ұрланған малы мен малын жоқтап қапыда қазаға ұшыраған ерінің құнын жоқтап таласқанда тоқтам айтысып, бітісер жері билер соты болған. Даулы мәселені екі рудың билері жоқтап өзара айтысқа түскенде, ара би әділ қазылық айтып, тоқтамға келтіріп құн кескен. Ердің құнын, нардың пұлын тауып айтқан тобықтай сөзбен бітістіру — сөз қадірін бағалай білушілік халық дәстүріне негізделген. Сөзге тоқтау, «Аталы сөзге тоқтамағанның әкесі өледі» деп сөз қадірін құдірет тұту, «Тура биде туыс жоқ» деп әділ билік айтқан билердің үкімін екі етпей, мүлтіксіз орындау парасаттылықты байқатады. Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен туындаған қазылық институт, билік-төрелік айту әдеті қалыптасқан.
Қазіргі кездегі еліміздің құқықтық жүйесі — Римдік құқыққа негізделген. Бірақ қазақтардың әдет-ғұрып құқығы «Әдет» ережелері – халықтың күнделікті өмірінде жастар мен қарттар арасындағы қарым-қатынасын, жерлеу, ас беру, құда түсу, шаңырақ көтеру, бала тәрбиелеу және т.б. істерді реттеп, өз өміршеңдігін танытып келеді.

         19. КЕҢЕС ӨКІМЕТІ, кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “К. ө.” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғыбірінші орыс революциясы барысында пайда болған. 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылғанЖұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері болды.  Мыс., олар 1917 ж. 12 (25) желтоқсанда Қазақстанда құрылғанАлаш автономиясы мен оның үкіметі – “Алашорда” Ұлт кеңесін танудан бас тартты. Кеңестік биліктің Ташкенттегі өкілдері 1917 ж. 29 қарашада (12 желтоқсан) құрылған Түркістан автономиясыныңҚоқандағы Кеңесі мен Үкіметін 1918 ж. 19 – 22 ақпанда қарулы күшпен талқандады. Бұл оқиғалар елдің одан әрі екі жарылып, Азамат соғысының шиеленісе түсуіне апарып соқты.

20. Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы. І тарау. Азаматтық құқыққа жалпы сипаттама Азаматтық құқық дегеніміз — азаматтық заңдарда көрініс тапқан мүліктік және мүліктік қатынастармен байланысы бар мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін нормалар жиынтығы. Бұл нормалар азаматтық заңнамада көрініс тапқан. Азаматтық құқықтың да өзіндік реттеу пәні бар. Ол —мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастар. Мүліктік қатынастар дегеніміз — заттарды, заттар мен өзге де материалдық игіліктерге қатысты құқықтар мен міндеттерді иелену және пайдалану жөніндегі қатынастарды мүліктік деп түсінеді. Басқаша айтқанда, мүліктік қатынастар —материалдық игіліктермен(мүлік,ақша,құнды қағаз,қызмет көрсету және т.б.) байланысты қоғамдық қатынастар. Әдетте мүліктік қатынастар объектісін ақшамен бағалауға болад. Мысалы, сату — сатып алу, жалға беру, мұраға қалдыру. Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдық меншікпен байланысы бар қатынастар құрайды.

 

Тақырыптың оқушылар үшін пайдасы:  

       

Көшпелі қазақ қоғамында мемлекеттік биліктің ең кең және  шырқай  дамыған саласы - сот билігі болатын. Ол мемлекеттік  биліктің  іске асуының  негізгі  құралының бірі еді,  сондықтан сот қызметі (билердің құқық шығармашылық  қызметі) өкімет  органдары  жүйесінде  әмбебабтық  сипатқа ие.

Қазақ қоғамындағы сот билігі бірнеше даму кезеңін басынан өткерді. Осыған сәйкес  оның құрылымы,  қызметінің мәні мен мазмұны  және бағыт   бағдары да өзгерістерге ұшырады. Сот билігінің негізгі кейіпкері  би, ал құқықтық  негізі - әдет –ғұрып  құқық нормалары  болғандықтан,  олар да тарихи  сабақтастыққа сот эволюциялықдаму үстінде болды.

Ұсынылып отырған  жұмыста әдет- ғұрып құқығын құқық формасы ретінде көп аспектілі  жүйелік  кұбылыс  тұрғысынан  қарастырып,  соның  ішінде  көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып  құқық нормаларының  сипатына  ерекше  мән  беріледі. Сонымен қатар,  дәстүрлі қазақ  қоғамындағы  билердің  құқық шығармашылық  қызметінің орнының  биіктігі  сонша,  ол кейбір  кездері  хан билігінен  де жоғары тұрған.   Қалай десекте,  билердің құқық шығармашылық  қызметінің нәтижесі қазақ қоғамында беделді, халыққа кең тарамды- билердің шешімі,  төтенше  билер  съезінің  ережелері.

Ұлттық сананың қайта түлеп, жанданып-жаңғыруы бірте-бірте  құқықтық  саланы қамтып,  дәстүрлі құқықтық  жүйені жаңа қырынан  зерттеуге жол ашады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ халқының құқықтық жүйесі

 

Тақырыптар

Сағат саны

Мерзімі

1.

Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе

2

 

2.

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері

2

 

3.

Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан

2

 

4.

Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар

2

 

5.

ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы

2

 

6.

Заңды білу – заман талабы

1

 

7.

Дәстүрлі билер соты

2

 

8.

Билер, билер соты және олардың қазақ қоғамы өміріндегі атқарған рөлі

2

 

9.

Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы.

1

 

10.

Қасым ханның “Қасқа жолы ” заңдары.

1

 

11.

Қазақ хандығының қайта дәуірлеуі. Хақназар хан (1538-1580 жж). Қасым ханнан кейінгі қазақ хандығының саяси жағдайы.

1

 

12.

«Есім ханның ескі жолы» заңдар жинақтары

1

 

13.

Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718).

1

 

14.

«Жеті жарғы» заңдар немесе тұңғыш Қазақ Конституциясы (Тәуке ханның заңдары).

2

 

17.

Ресей Қазақстан жерін отарлау барысында елдегі билердің қоғамдық қызметі

2

 

18

Қазақ қоғамын саяси басқару мен сот жүйесін модернизациялаудың жемісті болуы

 

 

19.

Қазақ тарихындағы хан билігі мен билер институты

 

1

11.04.20

20.

Қазақ қоғамындағы әдет- ғұрып заңдарының әлеуметтік маңызы

 

2

25-18.04.20

21.

Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері

 

2

08-02.05.20

22.

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы

2

16-23.05.20

 

Жалпы сағат саны

34 сағ

 

 

 

 

 

Нәтижесі:

 

1.    Оқушылар құқықтың пайда болуы, оның дамуы және қалыптасу тарихын білетін болады.

2.    Мемлекеттің пайда болуы және құқықтық қатынастарды реттеудің жолдарын үйренеді.

3.    Қазақ хандығын тарихын және оның құқықтық жүйесін реттеп оқып танысады.

4.    «Қасым ханның қасқа жолы», «Хақназардың хақ жолы», «есім ханның ескі жолы», «Жеті Жарғы» туралы толық мәлімет алады.

5.    Кеңес үкіметі тұсындағы құқықтық жүйемен танысады.

6.    Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңы – Конституцияны оқып, өз міндеттері мен құқықтарын және парызы мен борыштары туралы білетін болады.

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

1.     Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. — 232 бет, суретті

2.     Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет.

3.     Қазақстан тарихы. Очерк. 149-174-бб.

4.      Қазақстан тарихы. 5-томдық 2-том., 2-бөлім, 1-2 тараулар.

5.      Рысбайұлы К. Қазақстан Республикасының тарихы, 4-бөлім

6.     Жолдасбайұлы С. Ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан, 119-146-беттер.

7.      Абусейтова М.Х. Казахское ханство во второй половине XVI-века. А., 1985  (орыс.)

8.     Левшин А.И. Описание киргиз-казачъих, или киргиз-кайсацких орд и степей. А., 1996. (орыс.)

9.     «Қазақстан» Ұлттық энциклопедия Ә. Нысанбаев  Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998

10.   Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd».

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Колданбалы курс багдарламасы 11 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бекітемін:

Мектеп директоры: С. Мошкалов

Оқу ісі жөніндегі орынбасар: К. Матбеков

Бейіндік оқыту ісі жөніндегі

орынбасар: Ү. Баянбаева

Жалпы орта білім беретін мектептің

жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша

11 сыныптар үшін «ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ

ЖҮЙЕСІ» тақырыбындағы

қолданбалы курстың авторлық бағдарламасы

Білім бөлімі әдіскерлері мен бейіндік істер жөніндегі орынбасарлар және мектептердің құқық және тарих пәні мұғалімдеріне арналған көмекші құрал

АВТОРЫ:

РАКИШЕВА БАГИЛА САУЛЕТОВНА

тарих пәні мұғалімі

Түсінік хат

Құқық (ағылш. 1. law (наука); 2. right) – мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ. Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;

- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;

- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;

- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.

«Құқық» терминінің көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде, қызмет бабында қолданылады.

Заң ғылымында «құқық» термині бірнеше мағынада қолданылады. «Құқық»-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың, заңға сүйене отырып әрекет етуі. Мысалы, азаматтардың еңбек ету бостандығы, білім алу, меншік иесі болу, кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.

Субъективтік құқық – тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.

Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан, екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып, білім алуға құқы бар. Сол құқықты пайдаланып, азамат оқу орнының ішкі тәртібіне бағынып, оқу бағдарламасын орындауға міндетті.

Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтар арасында, ұйымда, мемлекет пен әкімшілік - аумақтық бөліністер арасында қалыптасады.

Құқық қабілеттіліктің негізгі мазмұнына мыналар жатады: меншік құқығында мүлікті иеленуге, Қазақстан Республикасы аумағында және шекарасынан тыс жерлерде шетел валютасын иеленуге, мүлікті мұраға алуға, мүлікті мұраға қалдыруға, тұрғылықты жерін таңдауға, республика аумағынан тыс жерге кетуге, заң актілерімен тыйым салынбаған кез – келген қызмет түрімен айналысуға, кез – келген мәмілелер жасауға, интелектуалдық меншік құқығында өнертабыстарға, ғылым, әдебиет, өнер туындыларына құқығы бар.

Сонымен қатар, материалдық, моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге және басқа мүліктік және жеке құқықтарға ие бола алады.

Қазақ халқы – «қазақ» деп бертінде аталғанына қарамай, өзінің көне дәуірлерге барып тірелетін тарихы, адамгершілік пен ұлағатты тағылымдарға толы рухани-мәдени қазыналары бар халық. Әлемдегі өзге халықтар мен ұлттар алғашқы тобырлық тіршілікті басынан өткеріп, бірін-бірі аяусыз құл етіп қанап, бірі-бірінің құқықтарын аяққа езіп, теңдікті, әділдікті, еркінділікті, бостандықты әдіра қалдырып жатқан кездің өзінде-ақ ата-бабаларымыз ақ пен қараны ажыратып, обал мен сауапты терең түсініп, еркіндік, бостандық, егемендік, әділеттік, адамгершілік категорияларын ту етіп көтеріп, нағыз демократиялық сипаттарға толы қағида-ережелерін жасап, тұрмыс-тіршіліктерін осы қағидаларға сүйеніп алып барып, өмір сүріп жатты. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болғаннан кейін елеусіз қалып келген асыл мұраларымызды өгейсітпей, өз ұрпақтарына қайта қайтаруға мүмкіндік туды. Өркениетті елдердің бәрі дүр сілкініп, жаһандасу процесінде көлеңкеде қалып қоймай, бүгінгісі мен болашағының мызғымас қажеттілігін алдын ала ойлап, өздерінің өткендерін қазіргі күнмен сабақтастыра отырып, алтын қазыналарын сол іс-әрекеттеріне арқау етуде. Жаһандасу процесі барлық халықтардың өзара тіл табысуын жеңілдету, қағида-ережелерін демократияландыру, ақпараттар ағынын жиілету жолында реформалар жүргізіп жатыр. Бұл реформалардың негізі - гуманизациялау. Әсіресе, халықаралық құқықты гуманизациялау қазірдің өзінде басталып кетті. Осы үрдіске қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің де қосар үлесі мол болмақ. Сондықтан ата-бабаларымыздың асыл мұраларын терең зерттеп, талдаулар жасап қана қоймай, оны әлемге таныстыру, өзіміздің құқықтық-мемлекеттік жүйемізде қолдану – бүгінгі күннің маңызды мәселесі. Сондықтан да, үлкен ғалымымыз С. Зимановтың: «Бір кездері ежелгі қазақ даласындағы ұрпақтар мұрасы болып табылатын заңдылық пен әділ соттың «Алтын ғасыры» қайтадан біздің тарихымыздың алтын бетіне айналуда және болашақта жалпы өркениеттік мұрасына да айналар деген үміт бар» деген сөзі қазақ құқығының салмағы ауыр, мәні зор екенін ғана көрсетіп қоймай, алдағы уақытта әлемдік құқықтық жүйелердің ішінен өзіне лайықты орын ала алатынын меңзейді. Сол себепті қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесін зерттеп, оқып-үйрену өте өзекті де маңызды болып табылады.

Әдет ғұрып құқығы - құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзілген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс.

Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясының адами ажарында, рухани

келбетінде мәдени астарында үлкен мән жатыр. Қазақ қоғамының дәстүрлі құқық жүйесін жасау қызметінде билер сотының алар орны ерекше. Қазақтың дәстүрлі құқық жүйесіндегі билер соты жайлы, оның генезисі мен табиғаты, тарихына арналған талай зерттеулер жазылды. Бұл мәселеге бірнеше ғалымдар, оның ішінде әдебиетшілер, тарихшылар, заңгерлер және тағы басқалары қалам тартты. Қазіргі кезде заң ғылымы алдында тұрған міндеттердің бірі – билер сотының құқықтық мұрасын зерттеу болып табылады.

Тақырыптың өзектілігі:

Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебаптығы елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы, табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр. Шын мәнінде бұл әдет - ғұрып нағыз беріктігін, бірлігін және біркелкілігін көрмеу еді. Олар өстіп құбылмалы, елгезек, өзгергіш болу арқылы өздерінің мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін қатынастардың беріктігін, тұрақтылығын, бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді.

. Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе - ерекше құбылыс. Яғни, әдет ғұрып нормалары –өзгеше бір әлеуметтік кеңестіктің, қоғамдық өмірдің көріністері, сондықтан олардың өлшемдері мемлекет заңдарынан бөлек. Әдет – ғұрып құқығы нормаларын дұрыс ұғынып, түсіну олардың ішкі мәніне сай көзқарас, зерттеу әдістері керек. Демек, әдет - ғұрып құқығын зерттеуде бірізділік, біржақтылық сарыны біршама орын алған.

Қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер сотының билігі, қазақ қоғамын басқару жүйесіндегі биліктің бір нысаны түрінде көрініс тапты. Билер қазақ қоғамында ру басы, судья, жергілікті әкімшілік биліктің өкілі ретінде саяси-әлеуметтік, әкімшілік, соттық-құқықтық қызметтерді жүзеге асырды. Негізінен олардың қызметі қоғамда болып жатқан дау-дамайларды шешу болды.

Би атағына ие болу үшін билер қазақ халқы алдында туа біткен дарындылығымен, шешендігімен, қазақтың әдет заңын, салт-дәстүрін бес саусағындай білетіндігімен, ойлылығымен көзге түскен, елден озған, әділдікті жақтаушылар болған.

Билер ерте замандарда пайда болып, халқымыздың ұзына бойғы тарихында белгілі бір даму кезеңдерін басынан кешірді. Олардың атқарған қызметі, ой-пікірлері, соттық қағидалары, шығарған шешімдері мен үкімдері қазіргі ұрпаққа өшпес мұра ретінде жетіп отырғандығы маңызды.

Мақсаты: Қазақ әдет-ғұрып құқық жүйесінің пайда болып, қалыптасуы және дамуын, оның дегенмен демократиялық сипаттарын, адамгершілік қағидаларына толы екендігін жан-жақты зерделеу болып табылады.

Қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер сотына байланысты олардың билік үкімдеріне тарихи-құқықтық тұрғыдан талдау жасап, олардың ата биліктерімен дәстүрлі сабақтастығын аша отырып, тарихи-құқықтық тұрғыдан түсініктеме беру.

Міндеттері:

Ендігі міндет жеткен жетістіктерді ескере отырып, сонымен қатар жіберген олқылықтарымыздың орнын толтыру, аталмыш мәселені зерттеудегі, оған баға берудегі кеткен қателерден уақытылы арылу. Сөйтіп, әдет – ғұрып құқығын құқық формасы ретіндегі өмір арнасының шынайы табиғатын ашу қажет.

Жұмыстың алға қойған мақсатына байланысты төмендегідей міндеттерді шешу көзделді:

1. Қазақ халқының құқықтық жүйесіне тарихи баға беру.

2. Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйенің салт-дәстүрлері арқылы қалыптасқанын ашып көрсету, талдау,салыстыру.

3. “Би” терминінің шығу, пайда болу, тарихи кезеңдерге байланысты түрленуін анықтау.

4. Билер сотының дамуының басты-басты кезеңдеріне тоқталу.

5. Билер сотының құқықтық реттелу ерекшеліктеріне ғылыми негізде талдау жасау, билер сотында іс қараудың ерекшеліктері мен билер сотында істі қараудың сатыларына жеке-жеке тоқталу.

5. Билер сотын дәстүрлі – құқықтық жүйеден аластауға байланысты сот істерінің жүргізілуі және қазіргі кезеңде жандандыру мәселелерін ашу.

Бағдарламаның әдістері мен әдістемелері: әдет- ғұрып құқық формасы ретінде көп аспектілі жүйелік кұбылыс тұрғысынан қарастырып, соның ішінде көшпелі қазақ қоғамындағы әдет-ғұрып құқық нормаларының сипатына ерекше мән беріледі.

Ұлттық сананың қайта түлеп, жанданып-жаңғыруы бірте-бірте құқықтық саланы қамтып, дәстүрлі құқықтық жүйені жаңа қырынан зерттеуге жол ашады.

Зерттеу обьектіміздегі қазақтың дәстүрлі-құқықтық жүйесіндегі билер соты тарихи, құқықтық, салыстырмалы-тарихи, сондай-ақ тарихи-құқықтық талдау арқылы қарастырылады.

Бағдарламаның мазмұны:

1. Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе.

Әдет ғұрып құқығы құқықтық жүйенің тарихи тұңғыш түрі. Ол мемлекет заңдарынан түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Қазақ қоғамындағы құқықтық өмірдің құпиясы оның адами ажарында, рухани келбетінде

мәдени астарында.

Әдетте, әдет - ғұрып нормаларының көп түрлілігі, яғни әмбебабтығы, елгезектігі, "адамгершілігі" дұрыс бағаланбай, керісінше, кері түсініліп, оның тұрақсыздылығы,табансыздығы, үйлесімсіздігі (партикуляризм) деп жазылып жүр. Шын мәнінде бұл әдет- ғұрып нормаларының нағыз беріктігін, бірлігін және біркелкілігін көрмеу еді. Олар өстіпқұбылмалы, елгезек, өзгергіш болу арқылы өздерінің мақсаттарына жетіп, өздері реттейтін қатынастардың беріктігін, тұрақтылығын, бір қалыпта сақталуын қамтамасыз етеді.

Көшпелі қоғамдағы құқықтық жүйе - ерекше құбылыс. Яғни, әдет ғұрып нормалары – өзгеше бір әлеуметтік кеңестіктің, қоғамдық өмірдің көріністері, сондықтан олардың өлшемдері мемлекет заңдарынан бөлек.

2. Дәстүрлі қазақ қоғамының әлеуметтік-құқықтық ерекшеліктері. Қазақ қоғамының құқықтық негіздерінің қалыптасуы және дамуы. Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйесінің тарихи бастаулары дала өркениетінің тарихында ғасырларға ұласқан оқиғалар мен өзгерістер болып отырған. Осындай жағдайда көне дәуірдің мұрасы ретінде қазақтар өзінің негізгі құндылықтарын сақтап қалды. Қазақ халқының тарихи құндылығының бірі – әдеттік-құқықтық жүйе. Әдеттік-құқықтық жүйенің мәдени және демократиялық дәстүрлеріне негізделген қазақ құқығы өзінің реттеушілік мәнін ХІХ ғасырға дейін сақтап келді. Қазақтың әдеттік-құқықтық жүйесінің өміршеңдігінің екі себебі болды. Алғашқысы – көшпелі өркениеттің шаруашылық-тұрмыстық негізі, екіншісі дүниетанымдық құндылығын жоғалтпаған қоғамның сұранысы болды. Қазақтың әдеттік-құқықтық ескерткіші – көшпелі өркениеттің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихымен және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен ерекшеленді.

3. Қазақ халқының мемлекеті мен құқығы тарихынан.

Түрік қағанаты Шығыс және Батыс түрік қағанаты болып 2 - ге бөлінді. Жоғары лауазымды бектермен тархандар иемденді. Қағанатта құқықтық ғұрыптар қалыптасты «төру» деп аталатын жазба заңдар п. б.

Монғолдардың құқықтық нормаларының тарауы. 1206жылы тарихта танымал заңдар жинағы Шыңғыс ханның жасасы п. б. Бұл заң жаулап алған елдердің бәріне қолданып, олардың саяси, экономикалық және әлеуметтік қатынастарын реттеді.

ХҮ ғ орт. Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Қазақ тарихында тұңғыш рет құқықтық ғұрыптары мен нормалар жүйеге келтірілді.

Қазақтың құқық жүйесіндегі келесі елеулі өзгерістер енгізген Тәуке хан (1680 - 1715) болды. Ол «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодеск пішініндегі құқықтық нормалардың сындарлы тұжырымдарын жасады.

(Қосымша дерек) Қазақ ғалымдарын ішінде «Жеті жарғы» туралы алғашқы пікір білдіргендердің бірі академик Ә. Х. Марғұлан «жеті жарғыны» әуелі жеті жарғыш, жеті, яғни жеті әділ, қара қылды қақ жарған билердің билігі дегенді қолданды. жеті жарғыға арналған мақаласында оның мазмұнының 7 түрлі ережелерден құралатындығы жайлы жазады. «Жеті жарғыға» кіретін ережелер жетеу.

4. Қазақ хандығының құрылуы және Керей мен Жәнібек cұлтандар.

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан территориясында XIV- XV ғ. болып өткен әлеуметтік –экономикалық және этникалық – саяси процестердің заңды қорытындысы болды. Тарихи әдебиетте В.В.Вельяминов-Зерновтан бастап , Шығыс-Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпаларының 1 бөлігін Жошы ұрпағы Керей мен Жәнібектің басшылығымен Шу мен Талас өзендерінің жазығына көшуі Қазақ хандығы құрылуының басталуы болды деген пікір бар.

Қазақ хандығының құрылуы қазақ халқының тарихындағы төтенше маңызды оқиға болды. Ол улан – байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруда, қазақтың этникалық территориясын біріктуде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтауда аса маңызды және түбегейлі шешуші роль атқарды.

1456 жылы Керей мен Жәнібек ханның Әбілқайыр хан үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпаларын бастап Шығыс Дешті – қыпшақтан батыс Жетісу жеріне қоңыс аударуы қазақ хандығының құрылуына мұрындық болған маңызды тарихи оқиға болған еді.

5. ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы Қазақ хандығы. Қазақ мемлекетінің ХVI - XVII ғғ. әлеуметтік - экономикалық жағдайы бір қалыпты болды. Қазақ хандығының құрылымы 7 сатыдан қаланды: ауыл – ауыл басы, ата - аймақты - ақсақал, руды - рубасы, арысты - би, ұлысты - сұлтан, жүзді - хан, хандықты - қаған басқарды. Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 - 1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 - 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас арқылы шешті. Ұлтының азаттығы үшін күрескен, өз заманының азаматы.

6. Заңды білу – заман талабы. Өз халқымыздың ұлттық құқықтық жүйесінің қалыптасуы xv ғасырдың орта шенінде Қазақ мемлекетінің іргетасын қалаушылардың бірі болған Жәнібектің баласы Қасым хан есімімен байланысты. Бұл жүйе осы өлкеде ғасырлар бойы келе жатқан құқықтық әдеп - ғұрыптармен, жүйелерді ала отырып, дербес өмір сүріп отырған Қазақ мемлекетінің жағдайына бейімделіп жасалды. Халық оны « Қасым ханның қасқа жолы» деп атады. Қасым ханнан кейін қазақ қоғамының құқықтық жүйесін дамытуға айтарлықтай үлес қосқан Есім ханға халық « Есім ханның ескі жолы» деген ат берді. Сонымен қатар Тәуке хан «Жеті жарғы» деп аталған, өзіндік бір кодекс пішініндегі құқықтық нормалардың тұжырымдарын жасады.

• 1991 жылы 10 желтоқсан күні республика атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Бұдан былай Қазақ Кеңестік Социалистік республикасы Қазақстан Республикасы деп аталатын болды.

• 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алды.

• 1991 жылы 1 - желтоқсан Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

• 1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері бекітілді.

• 1993 жылы 15 қараша күні Президент Н. Ә. Назарбаев ҚР Конституциясы мен Жоғарғы Кеңес берген өкілеттілігіне сәйкес елімізде ұлттық валюта - теңгені айналысқа енгізу туралы жарлыққа қол қойғаны хабарланды.

• 1995 жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдады.

7. Дәстүрлі билер соты. Ресей Қазақстан аумағына азаматтық және әскери сот жүйесін енгізгенге дейін мұнда дәстүрлі билер соты болатын. Ол қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын.

Қазақ қоғамында билер ешқашан сайланып та, тағайындалып та қойылмаған. Би лауазымына бекіту деген атымен болмаған. Би қызметі атадан балаға мұра болып та қалмайтын. Би болатын адамның бойынан бірнеше қасиет табылуы тиіс еді. Би:

біріншіден, қазақтың дәстүрлі әдет құқығын жете білуге міндетті. Мәселен, ол «{{Қасым ханның қасқа жолын]]», «Есім ханның ескі жолын», Тәуке ханның «Жеті жарғысын» жатқа білуі керек. Екіншіден, би атағынан үміткердің шешендік өнер мен аталы сөзді жақсы меңгеруі қажет. Үшіншіден, барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын әділ болуы шарт. Ондай билердің атақ-даңқы жөніндегі хабар дала тұрғындары арасына тез таралатын. Кейде билердің баласы да өзінің бойындағы қасиеттеріне қарай би бола алатын. Бірақ мұндай жағдай ілуде бір рет кездесетін.

Өзінің беделіне дақ түсірген би сот ісіне араласу құқығынан айырылды. Дала тұрғындары өзіне жүгінуін тоқтатқан кезден бастап ол би аталудан қалады. Өз ұлының бойында би боларлық қасиеттері бар екенін байқаған ата-ана оның дүниеге көзқарасын дұрыс қалыптастырудың амалын қарастырған. Оны жас кезінен атақты билердің нөкерлері қатарына қосуға тырысты. Сөйтіп бала жастайынан далалық сот билігінің небір нәзік тұстарын меңгеруге ден қоятын. Болашақта би болудан үміткер бала қылмыстық істер қаралатын сот процесіне үнемі қатысып отырған.

8. Билер сотының дала тұрғындарының арасындағы беделі зор болатын. Көп жағдайда Қазақстандағы орыстардың өздері де империялық соттан гөрі қазақтың билер сотына жүгінгенді артық санады.

Мәселен, мынадай бір елеулі оқиға туралы айта кетуге болады: 1865 жылға дейін Көкшетау сыртқы округында орыстар 117 рет билер сотына шағым түсірген. Билер сотының артықшылығын қазақтардың тұрмысы мен әдет заңын зерттеумен айналысқан орыс зерттеушісі А. Гейнс өте жақсы байқаған болатын. Ол былай деп жазды:

“ 'Билер соты ашық және барынша әділ жүргізеді. Сондықтан да оны қазақтар ғана емес, орыс зиялылары да, қазақтар да құрметтейді, олардың көпшілігі билер сотына барып шағынады.' ”

Патша үкіметі XIX ғасырдың 20-90-жылдары аралығында билер сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отаршыл өкімет орындарының жалпы империялық басқару тәртібін енгізуіне көп кедергі келтірген болатын. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері билер сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз қала беруін жақтады. Мәселен, қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына жоғары баға берді.[1]

9. Қасым хан тұсындағы қазақ хандығы. Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

Оның тұсында мемлекеттің ең жоғарғы заң шығарушы органы Маслихат-султандар мен ру басшыларының съезі болды. Маслихат жылына бір рет шақырылып, мемлекеттің ең маңызды - соғыс жариялау, бітім жасау, жайылым жерлерді бөлісу, көшіп-қону жолдарын айқындау сияқты мәселерді қарады. Маслихаттың Шыңғыс хан әулетінен хан сайлау құқысы болды. Маслихат жұмысына тек ерлер ғана қатыса алды. Мемлекеттегі бүкіл билік хан қолында болды, сонымен бірге заң қабылдау, жарлық беріп отыруға құқысы болды.

Ханның жанында неғұрлым беделді билер мен қауым ассоциация өкілдерінен тұратын Кеңесші ұйым- Билер Кеңесі болды. Ханның іс-қағаздарын жүргізіп отыратын, хатшылары мен кеңсесі болды. Бір ескеретін жәй, мемлекеттің орталық аппаратының тұрақты бір жерде жұмыс істейтін орны болған жоқ, сондықтан ханмен бірге көшіп- Қасым хан сыртқы саясат пен бірге ішкі саясатты да дұрыс жолға коя білді. Ол феодал ақсүйектердің қарсылығын әлсіретіп, мемлекеттің саяси, экономикалық, әскери қуатын арттырды. Қасым хан мемлекеттің саяси құрылымын нығайту жолында біраз шараларды жүзеге асырды.

10. «Қасым ханның қасқа жолы» заңдар жинағы. Қасым хан өзі билік жүргізген жылдары қазақ қоғамындағы құқық-нормаларды реттеу мақсатымен алғашқы қазақ заңы- «Қасқа жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақ арасында бұрыннан қалыптасқан әдеп-ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заң сол кезде мұсылман елдерінде жаппай қолданылып жүрген ислам дінінің (шариғат) заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне үйлесімді байырғы заң болды. Билердің кеңесінде көппен ақылдасып, «Жарғы ережелеріне («ақсақалдар ережесі», «ата-баба жолы», «жөн-жосықтар») мәнді өзгерістер енгізеді. Халық бұқарасы Қасым ханның ежелден қалыптасқан билер заңы- жарғыны жаңадан көтергенін ұнатып, оны «Қасым ханның қасқа жолы» деп атап кеткен.

Бұрынғы заң-қағидаларға енгізген ережелері мынау:

1. Мүлік заңы (мал –мүлік, жер-су, қоныс дауларын шешу ережелері).

2. Қылмыс заңы (кісі өлімі, ел шабу, мал ұрлау, ұрлық т.б. қолданылатын жазалар).

3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, тұлпар ат, ердің құны т.б.).

4. Елшілік жоралары (шешендік, әдептілік, халықаралық қатынастардағы сыпайлық, сөйлеу мәнері).

5. Жұртшылық заңы (шүлен тарту, ас-той, мерекелер мен жиындардағы ережелер, жылу, асар т.б.) Сөйтіп, Қасым хан ел басқару ісін бір жүйеге келтірген алғашқы заң жинағын дүниеге әкелді.

11. Хақназар (Ақназар) хан. Қасым ханнан кейінгі бүліктердің салдарынан әлсіреген хандықты нығайтып,біріктіруге Қасым ханның баласы Хақназар хан (1538-1580 жж.) әрекет жасады. Хақназар қазақ хандығын 42 жыл биледі. Қазақ хандығының 300 жылдық тарихында Хақназардай ұзақ жыл ел билеген хан болған емес. Ол ел басқару,әскери-саяси істері жағында қажырлы да қабілетті қайраткер болды. Оның үстіне аса күрделі сыртқы жағдайларда дипломатиялық дарыны мол майталман екендігін көрсетті.

Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтің билігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайрат жұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдаш хан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен қазақ хандығын қайта біріктірді.

Ноғай ордасындағы феодалдық топтардың күресін пайдалана отырып, Хақназар ноғай мырзаларының көбін өз жағына шығарып алып, Жайық өзенінің сол жағындағы территорияны қосып алды. 1557 жылы ноғай мырзасы Исмаил орыс патшасы IV Иванға менің немерелерім, туыстарым Жайықтың арғы бетінде қалып, қазақ ханына қосылып кетті деп хабарлады* (Вельяминов –Зернов В.В. Исследование о Касимовских царях и царевичах, ч.2, с.333). Жайық өзеніне жапсарлас жатқан дала үшін күрес XVI ғасырдың 60-шы жылдарында да жалғаса берді. 1568 жылы орыс патшасы Ноғай ордасына жіберген Семен Мальцев “Ақназар патша мен Шығай ханзадының және Жалым ханзаданың қазақ ордалары және олармен бірге 20 ханзада Ноғайға келіп , ұрыс болды ”, - деп хабарлады. Бұл жеңістің нәтижесінде Ноғай жерлерінің бір бөлігі Хақназардың билігіне көшіп, қазақ хандығының жерін кеңейтіп, күш қуаты мен беделін арттырды, тарихи деректемелерде қазақ ханы “Хақназарды қазақтар мен ноғайлардың ханы” деп атаған.

12. «Есім ханның ескі жолы» заңдар жинақтары

Есім хан (1598 — 1628) билік құрған. Есім хан қазақ тарихында «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болды, оған бұл атақ 1598 жылы ағасы Тәуекел ханмен бірге Мауреннахрға жасаған жорықта ерекше көзге түскені үшін берілген екен. Есім хан — Шығай ханның баласы, ол бұрын қазақ хандығының Түркістан қаласындағы хан ордасында тұрған.

Қазақта "Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол" деген қанатты сөз ежелден бар. Керей мен Әз Жәнібек негізін қалаған Қазақ хандығы әуелде әлсіз, жаңа - жаңа қаз тұрып келе жатқанды. Қазіргі Қазақстанның күншығысында, Жетісуда дулаттар, жалайырлар, албан, суан, наймандар, тағы басқа ру - тайпалар құрған күшті мемлекет Моғолстанға келіп, жер сұраған Ақордалық бауырларына Есенбұға хан Шу - Ӏле тауларының Қозыбасыға дейінгі жерін бөліп берген. Сол заманның көне көзіндей болып, күні бүгінге дейін атын жоғалтпай, Шу бойында Хан тауы, хандар құс салған Cұңқар шыңы алыстан мұнартып, қол бұлғап тұрғандай. Қаз - қаз басып, ту көтерген Қазақ хандығы жан - жағына алаңдай қарап, күн көруге мәжбүр болған. Шығысында Ойраттардан, батысында Әмір - Темір әулеті билеп тұрған Сырдария мен Әмудария арасындағы күшті мемлекет Мауреннахрдан, солтүстігінде Сібір хандығынан қауіптенетін Моғолстанға қалқан, қорған тәрізді өмір кешті. Әсіресе, өздеріне кектеніп қалған хан Әбілхайыр әне - міне шабуылға шыға ма деген үрей бар.

13. Тәуке хан және оның билік құрған жылдары (1680-1718). 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.

Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.

Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.

14. «Жеті жарғы» – қазақ мемлекетінің тарихи құқықтық ескерткіші «Жеті жарғы» мазмұны жағынан, біріншіден, қазақтың ертедегі әдет-ғұрып құқықтары болса, екіншіден, қазақ құқығының жүйеленген қайнар көзі «Қасым ханның қасқа жолына» негізделсе керек. Қасымның тұсында Қазақ хандығы алғаш рет мемлекеттік құрылым ретінде әлемдік тарих сахнасына танымал болды. Алғашқы болып Мәскеу мемлекетімен байланыс жасаған кезеңдер Қасым ханның тұсына сай келеді. Бұл кезең хандықтың ішкі саяси билігінің нығайған сәті болды. Мұхаммед Хайдар Дулати Қасым ханды жекедара рухани байлығы жоғары адам ретінде сипаттайды. Қасым хан миллионнан астам халықты бір елге біріктіріп, бағындырып, оларға билік жүргізе білген. Халық жадында сақталған «Қасым ханның қасқа жолы» заңының орны ерекше. Бұл заңға енген ережелер мынандай болды: 1. Мүлік заңы (мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері); 2. Қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық қылмыстарына жаза); 3. Әскери заң (қосын құру, аламан міндеті, қара қазан, ердің құны, тұлпар ат); 4. Елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік); 5. Жұртшылық заңы (шүлен тарату, ас, той, мереке үстіндегі ережелер міндеті). Қасым ханнан кейін «Жеті жарғыны» толықтыра түсетін жүйеленген «Есім ханның ескі жолы» заңы. Заң жүйесінің ескі заң аталу себебі ертеден келе жатқан дәстүрлі құқық ережелерінің сақталуында болып отыр. Бұл заңның ерекшілігі құн төлеу мөлшері қараша-сұлтан, бай-кедей деп бөлмей барлық топ өкілдері үшін бірдей болған. Сонымен қатар «Жеті жарғыда» кездесетін өнер құны және сүйек құны осы Есім хан тұсынан бастау алады. Қазақ хандығы мемлекеттік іргетасын қалағаннан бері «Қасым ханның қасқа жолы», «Хақназардың хақ жолы», «Есім ханның ескі жолы» әдеттік құқыққа негізделген хан заңдары мазмұны жағынан «Жеті жарғыда» жалғасын тапты. Мұны «Жеті жарғының» баптарын қағазға түсірген ғалым А.И.Левшиннің еңбегіндегі берілген мына үзінді нақтылай түседі: «Бұл билер ертеден келе жатқан Қасым хан мен Есім хан тұсындағы әдеттік-құқық жүйелерді «Жеті жарғы» заңына жинастырды». ХІХ ғасырдың өзінде бұл әдеттік- құқықтық жүйе өзінің реттеушілік мәнін жоғалтпады. Сонымен, «Жеті жарғы» – бұл әдет-ғұрып талаптарына негізделген көшпелі өркениеттің шығармашылыққа бейім тайпа- арының көптеген ғасырға созылған іс-әрекетінің жемісі екені анық. Қазақстан тарихында ХVIІ-ХІХ ғасырлар аралығындағы құқықтық ескерткіштердің ең танымалы осы - «Жеті жарғы». Бұл заңның дайындалған кезеңіне, қабылдануына қатысты нақты пікір жоқ.

15. Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы.

Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан. Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды.

Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді.

Ш.Уәлиханов өзінің зерттеулерінде бидің кім екенін нақты көрсетеді: «Қазақтарда құрметті би атағы халық тарапынан қандай да сайлау жолымен немесе халықты билеп отырған өкіметтің бекітуімен емес, тек сот рәсімін терең білетін, оған қоса шешендік өнерін меңгерген қазаққа ғана берілген. Би атану үшін қазақ халық алдында әлденеше шешендік сайысқа түсіп, өзінің заң-жораны білетіндігін, шешендігін танытатын болған. Мұндай адамдардың есімі желдей есіп, әлейім жұртқа таралып, біріне емес, бәріне де танылған. Сөйтіп би атағы сот пен адвокаттық істегі патентке айналды да, бидің балалары заңнан тәлімі болғандықтан, әке орнына мұрагер болып қала берді».

16. Қазақ қоғамын саяси басқару мен сот жүйесін модернизациялаудың жемісті болуы – саяси реформалардың бұрынғы қалыптасқан саяси дәстүрлермен, қоғамдық құндылықтармен сабақтасуына тығыз байланысты екендігін Абай тәжірибелі саясаттанушыға тән көрегендікпен ашып көрсетеді. Қазір Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекет құру жолына түскенде осы мәселе қайтадан алдымыздан шығып отыр: сот судьяларын өмір бойына тағайындау өзекті болып отыр.

3) Сонымен қатар, билер сотының шешімі әрқашан да әділеттікке негізделіп, олардың кескен үкімдері мен шешкен даулары өзіндік құқықтық норма сипатына ие болған. Сол арқылы жаңадан туындаған дау-жанжалды, нақты бір қиын істі шешкен ереже, қағида, нақыл сөздер норма, сот прецеденті ретінде ел арасына тарап, келешекте орын алған ұқсас сот істерінде, дау-жанжалдар туындағанда қолданылған. «Кезінде осындай дауды Едіге би былай шешкен екен, мұндай дауға қатысты Төле бидің мынадай шешімі болған» деген сияқты, немесе қандай да бір рудағы ерекше әдіс-тәсіл арқылы әділ шешілген даулы прецеденттердің тәжірибесін келтіре отырып, дәстүр сабақтастығы негізінде әділетті шешімдер шығарылған. Сондықтан да, қазақ билерінің адал қызметіне арқау болған прецедент ұғымының мәнін ашып, арнайы тоқтала кеткеніміз жөн.

17. Ресей Қазақстан жерін отарлау барысында елдегі билердің қоғамдық қызметі мен билер сотын арнайы жасақталған әскери-барлау экспедициялары арқылы жан-жақты зерттеп, қазақтың әдет-ғұрып ережелерін жинақтаумен айналысты. Патша өкіметі 1822-1824 жылдары «Сібір қазақтары туралы» және «Орынбор қазақтары туралы» жарғылар шығарып, Орта және Кіші жүздегі хан лауазымын жойды. Аталған жарғылар би лауазымын халықтың мойындауы арқылы алуды жойып, оған сайлауда қол жеткізуге рұқсат етті. Соның кесірінен би мәртебесіне халық танып, мойындаған абыройлы адамдар ғана емес, ауқатты байлар да сайлана бастады. Нәтижесінде жемқорлық пен әділетсіздік белең алды. Түптеп келгенде орыс шенеуніктері қазақ даласына Ресей империясындағы сот жүйесін енгізуді көздеді. Осы мақсатта 1854 жылы «Сібір қазақтарын Ресей империясының жалпы заңдарына қарату» атты арнайы заң да қабылданды.

Ш.Уәлихановтың «Сот реформасы жайында жазбасындағы» мына бір пікірі көп нәрсені аңғартады: «Сібір қазақтарының облысындағы сот реформасы жайындағы біздің жұмысымыздың жоғарыда келтірілген деректеріне қарап, жалпы халықтың қалың көпшілігі билер сотының ежелгі тәртібінде қалуын қалағанын, ал шенді, мәнсапты, ауқатты қазақтар керісінше, билер сотына сол негізде өзгеріс енгізу жағында болғаны айқын аңғарылды. Шен-шекпенді қазақтың кедей, әрі құрметке ие болмағандарға ожарлығының айқын айғағының бір мысалын Қарқаралыдан келтіруге болады»

18. Дала заңдары

Көшпелі қазақ елінде қазақ қауымының материалдық және рухани даулы мәселелерін, қылмысты істерінің бәрін шешетін ежелгі әдет заңы, ережесі болған. Олар Қазақстанның Ресей патшасына бағынғанына дейін (XIX ғасырдың II жартысы) билердің үкімімен шешіліп келген.

Дауларды мазмұнына қарай жер дауы, жесір дауы, құн дауы, мал және ар дауы деп беске бөлуге болады. Екі рулы ел жерге, жесіріне немесе ұрланған малы мен малын жоқтап қапыда қазаға ұшыраған ерінің құнын жоқтап таласқанда тоқтам айтысып, бітісер жері билер соты болған. Даулы мәселені екі рудың билері жоқтап өзара айтысқа түскенде, ара би әділ қазылық айтып, тоқтамға келтіріп құн кескен. Ердің құнын, нардың пұлын тауып айтқан тобықтай сөзбен бітістіру — сөз қадірін бағалай білушілік халық дәстүріне негізделген. Сөзге тоқтау, «Аталы сөзге тоқтамағанның әкесі өледі» деп сөз қадірін құдірет тұту, «Тура биде туыс жоқ» деп әділ билік айтқан билердің үкімін екі етпей, мүлтіксіз орындау парасаттылықты байқатады. Халықтың осындай қарапайым тәжірибесінен туындаған қазылық институт, билік-төрелік айту әдеті қалыптасқан.

Қазіргі кездегі еліміздің құқықтық жүйесі — Римдік құқыққа негізделген. Бірақ қазақтардың әдет-ғұрып құқығы «Әдет» ережелері – халықтың күнделікті өмірінде жастар мен қарттар арасындағы қарым-қатынасын, жерлеу, ас беру, құда түсу, шаңырақ көтеру, бала тәрбиелеу және т.б. істерді реттеп, өз өміршеңдігін танытып келеді.

19. КЕҢЕС ӨКІМЕТІ, кеңестер билігі – бұрынғы Ресей империясында (1917 жылдың 1 қыркүйегінен Ресей Республикасы) Уақытша үкімет қарулы күшпен құлатылған Қазан төңкерісінен кейін орнатылған билік жүйесінің атауы; кейде “К. ө.” ұғымы Кеңес Одағындағы жалпы билік жүйесінің атауы ретінде де қолданылады. “Кеңес” (орыс тілінде Совет) сөзі алғаш рет төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы – Жұмысшы депутаттары кеңесі түрінде 1905 – 07 жылғыбірінші орыс революциясы барысында пайда болған. 1917 жылғы Ақпан революциясы кезінде солдаттар мен төңкерісшіл жұмысшы табының сайланбалы жетекші органы жер-жерде құрылғанЖұмысшы және солдат депутаттарының кеңестері болды. Мыс., олар 1917 ж. 12 (25) желтоқсанда Қазақстанда құрылғанАлаш автономиясы мен оның үкіметі – “Алашорда” Ұлт кеңесін танудан бас тартты. Кеңестік биліктің Ташкенттегі өкілдері 1917 ж. 29 қарашада (12 желтоқсан) құрылған Түркістан автономиясыныңҚоқандағы Кеңесі мен Үкіметін 1918 ж. 19 – 22 ақпанда қарулы күшпен талқандады. Бұл оқиғалар елдің одан әрі екі жарылып, Азамат соғысының шиеленісе түсуіне апарып соқты.

20.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 463 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.08.2020 478
    • DOCX 174.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ракишева Багила Саулетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ракишева Багила Саулетовна
    Ракишева Багила Саулетовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 76387
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация деятельности школьного музея в условиях реализации обновленного ФГОС НОО и ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Дополнительное образование в системе спортивного менеджмента по ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 98 человек

Курс повышения квалификации

Легоконструирование и робототехника как средство разностороннего развития ребенка дошкольного возраста в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 218 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 871 человек

Мини-курс

Спортивная подготовка: теория и практика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стрессоустойчивость и успех в учебе: практические методики и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек