Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Технология / Видеоуроки / Коучинг "Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Технология

Коучинг "Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?"

библиотека
материалов

Коучингтің тақырыбы: Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?.

Өту мерзімі: 18.01.2016ж

Мақсаты: :Оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру мақсатында,мұғалімдердің өз оқытуын және оқу тәжірибелерін өзгерту үшін ақиқатты негіздеу.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдероқыту мен оқудағы көзқарастарын өзгерту үдерісінің өзектілігін түсінеді.

Дерек көздер: мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар

Пайдаланатын құралдар: стикер, маркер, слайд.



уақыты

Коучтың іс әрекеті

Мұғалімдердің іс -әрекеті

ресурстар

1

3 мин

Мақал- мәтел бойынша топқа бөлу.








Сөздер жазылған стикерлерді алып, мақал –мәтелді құрастыру арқылы топқа бөлінеді

стикер

2

20мин

Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?

Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз?

Әлем өзгерсе сізде өзгересіз, себебі қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу қауіпті.


Мұғалімдер пікірін білдіріп, эссе жазады, оқиды.

А4 парағы

3

25мин

«Оқыту мен оқудағы әдістерді неліктен өзгерту қажет?» тақырыбында таныстырылым жасау


Таныстырылыммен танысып, әдістер жөнінде мағлұмат алады.

слайд

4

25 мин

SWOD- талдау жасау




Тақырыпты жан –жақты зерттейді, топтар ортақ шешімге келіп, қорғайды

кесте

5

10мин

«Сен өзгерсең сенің әлемің де өзгереді» притча

Притчаны көріп, пікірлерін ортаға салады.




бейнеролик

6

7мин

Кері байланыс алу

Кері байланыс беру парашасын толтырадық









«Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет? »атты тақырыпта өткен коучингтің рефлексивті есебі.

Қыркүйек айының он сегізінде, өзіме бұйрықпен бекітілген мұғалімдер арасында «Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет? »атты тақырыпта коучинг өттім. Ондағы мақсатым, оқушыларда ХХІ ғасыр дағдыларын қалыптастыру мақсатында, мұғалімдердің өз оқытуын және оқу тәжірибелерін өзгерту үшін ақиқатты негіздеу болды. Мектебіміздегі интербелсенді тақта істен шығып қалғандықтан, ноудбугпен әрекет жасауға тура келді. Коучингімді «Мұғалі неліктен өзгеру қажет?», «Сіз өзгеруге дайынсыз ба?», «Өзгеру үшін ең алдымен не қажет?» деген сұрақтармен бастадым. Нәтижесінде әріптестерімнің «Әлем өзгерді , бізде өзгеріссіз қалмауымыз керек,қазіргі оқушылардың қажеттілігін беру үшін өзіміз өзгеруіміз қажет» деп айтқан пікірлерінен, өзгеруге дайын екендерін түсіндім. Өзгеру үшін оқыту стилін өзерту қажеттігін айтып, «Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?. »атты тақырыпта таныстырылым жасадым. Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым -қатынасты өзгерту қажеттігін, яғни Шульманның үш көмекшісі болған жағдайда табысты мұғалімге айналуға болатынын айтып түсіндірдім. Тақырыпты терең меңгергендігін , топ мүшелерінің жасаған SWOD талдау қорытындысынан анықтадым.Әріптестерімнің сабақ үдерісінде қолданылатын әдіс -тәсілдерді меңгергісі келген құлшыныстарын, берген кері байланыстары арқылы анықтадым. Әріптестерімнің ұсыныстарын келесі коучингте ескеремін деп шештім.





























































































Коучингтің тақырыбы: Оқушы жетістігін бағалауда критериалды бағалаудың артықшылығы.

Мақсаты: Мұғалімдерді бағалау жүйесінің әдіс тәсілерімен хабардар ету.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер сабақ үдерісінде бағалау жүйесін өзгертуге әрекет етеді.

Дерек көздер: мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар

Пайдаланатын құралдар: стикер, маркер,плакат, слайд, проектор

1

3 мин

Әріптестер, сіздер адам бойындағы қандай қасиеттерді жоғары бағалайсыздар?

«Адалдық, инабаттылық ,кішіпейілділік, өжеттілік»- осы айтылған қасиеттер бойынша төрт топқа бөлінеді.

Бүгінгі коучингтен не күтесіздер? Стикерге жазып ілсеңіздер. Коучинг соңында талқылаймыз.


Адам бойындағы қасиеттерді айтып, топқа бөлінеді.

Стикерге бүгінгі коучингтен алғысы келеген ақпараттың түрлерін жазады

Стикер

2

7 мин

Бағалау дегеніміз не?

Бағалау не үшін керек?

Бағаны кім қояды?

Сіз үшін баға мақсат па , әлде құрал ма?

Оқушыны қалай бағалайсыздар?

Бағаны шынайы қоямын деп ойлайсыздар ма? дәлелдеңіз

Сіз қойған баға баланың білімінің артуына ықпал етеді ме?

«Мен оқушыны қалай бағалаймын?» эссе жазу

Сұрақтарға жауап береді











Эссе жазады








3

25 мин

Тапсырмамен жұмыс

Аққаланың суретін салыңыздар.

Салған суреттеріңізді қасыңыздағы әріптесіңізге бағалатыңыз

Неге мұндай баға қойдыңыз?

Ал енді парақтың келесі бетіне тағы да аққала салыңыздар.Төмендегі критерийлер бойынша бағалату :

- парақта орналасуы

- Түстердің үйлесімдігі

- Бөлшектер саны (аузы, мұрны, көзі, түймесі, қолында сыпырғы, басында шелегі болу керек)

Бағалау шкаласы бойынша бағалату

Салған суреттеріңізді қасыңыздағы әріптесіңізге критерийлер бойынша бағалатыңыз.

-Алғашқы қойған бағаларыңызбен қазіргі бағаларыңызда айырмашылық болды ма?

-Қойған бағаңыз қаншалықты өзгерді?

-Неліктен өзгерді деп ойлайсыз ?

Баға шынайы әрі нақты қойылды деп есептейсіз бе?

Бағалаудың осы түрін сабақ үдерісіне енгізер ме едіңіз?


Сурет салып, бірін- бірі бағалайды



Пікірін білдіреді





Ұсынылған критерийге сәйкес бағалайды







Пікірлерін білдіреді

Маркер, түрлі-түсті қаламдар

4

15 мин

Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері \ слайд көрсету\

-Сіздің күнде қойып жүрген бағаңыз бағалаудың қай түріне жатады?

-Сіздің қойған бағаңызға оқушылардың келіспеген кезі болды ма?

Ол келеңсіздікті қандай жолмен шештіңіз?

Пікірін білдіреді


5

10 мин

«Бекболат Тілеухановтың психологиялық эксперименті» бейне ролигін көрсету

Мұғалімдерді 2 топқа бөліп, бір топ сыртқа шығарылады. Сыныпта қалған топ мүшелеріне белгісіз азаматтың портреті көрсетіліп, төмендегіше критерийлер айтылады:

-Бұл портреттегі адам өте танымал актер.

Өте жақсы адам

Осы азаматтың портретіне қарап, психологиялық мінездеме беріп өтсеңіздер

Сыртқа шығарылған екінші топ мүшелерін ішке кіргізіп, портретті көрсету арқылы төмендегіше критерийлер ұсынылады:

-Бұл өте зұлым адам. Зұлымдығы соншалық бірнеше елге қасірет әкелген. Бұл азамат қандай қылмысқа баруы мүмкін деп ойлайсыздар?

Әріптестерім пікірлерін айтып өткен соң, бейне роликті соңына дейін көріп тамашалайды.

- бұл роликті не үшін көрсеттім деп ойлайсыздар?

- Бір адамның портретіне неге екі түрлі сипаттама берілді?

- Бұл бейне роликтен қандай тұжырым жасадыңыз?



Ұсынылған критерийлерге сәйкес пікірлерін білдіреді

АКТ

6

20 мин

Мәтінмен жұмыс жасату.

Әр топқа бірдей тақырыпта мәтін беріліп , критерийлер ұсынылады:

  • Осы мәтіннің маңызды деген бес ұғымын іріктеу

  • Мәтін бойынша он сұрақ құрастыру

  • Бұл тапсырманы нақты орындауға не ықпал етті?

  • Мәтінмен жұмыс жасауда критерийлерді ұсынудың қаншалықты маңызы бар?




Әр топ мәтінмен жұмыс жасап, қорғайды

Мәтін жазылған парақшалар

7

10 мин

Кері байланыс жасау: «Бес саусақ» әдісі бойынша


Коучингтен алған әсерлерін жазады

Түрлі қағаздар













Коучингтің тақырыбы: Диалогтық оқыту арқылы мұғалімдердің сұрақ қою дағдысын дамытуға дайындау



Мақсаты: Мұғалімдердідиалог арқылы жоғарғы деңгейлі сұрақ қою дағдысын қалыптастыру. Күтілетін нәтиже: мұғалімдер жаңа тәсілдердерді сабақта қалай қолдану керек екенін үйренеді. Жоғарғы деңгейлі сұрақтар қоя алады .

Дерек көздер: мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар

Пайдаланатын құралдар: стикер, маркер,плакат, слайд, проектор

Түйінді идея: Диалогты тудыруда сұрақ қоюдың маңыздылығын ұғыну және тәжірибеде қолдану

уақыты

Коучтың іс әрекеті

Мұғалімдердің іс әрекеті

ресурстар

1

3 мин

Топқа бөлу


стикер

2

7 мин

«Ыстық орындыққа» мұғалімдерді отырғызу. Өткен коучингте меңгерген мәліметтері бойынша сұрақтар қою.

Диалог дегеніміз не?

Диалогтың қанша түрі бар және қандай, атап берсеңіз?

Сыныпта диалогтың қай түрін пайдалану тиімді ?

Сіз өткен коучингтен кейін өз сабағыңызда диалогты қолданып көрдіңіз бе?

Сабақтың қай кезеңінде және қай түрін қолдандыңыз?

Оқушыны қалай бағалайсыздар?

Бағаны шынайы қоямын деп ойлайсыздар ма? дәлелдеңіз

Сіз қойған баға баланың білімінің артуына ықпал етеді ме?

Сұрақтарға жауап береді













3

25 мин

«Сыныпта сұрақ қоюдың түрлері» слайд көрсету.

Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың:

-Түрткі болу

-Сынақтан өткізу

-Басқаға бағыттау сұрақтары бойынша ,топтарға тақырыбына сәйкес бес сұрақтан құрастыру тапсырылды
















Тақырыпқа сәйкес сұрақтар құрастырады


4

15 мин

Үш топқа елімізге белгілі қайраткерлердің суреті беріледі. Топ мүшелері суреттегі тұлғаны сипаттайтын он сұрақ дайындап , келесі топқа береді.

Сұрақтар құрайды, жауап іздейді.



5

10 мин

«Әлемнің жеті кереметі» бейне ролигін көрсету

- Сіздер үшін әлемнің жеті кереметіне нелер жетер еді?


Пікірін білдіреді


6

20 мин

Сыныптағы сұрақ қою туралы түсінгендеріңіз бойынша постер жасаңыздар

Әр топ постерін қорғайды


7

10 мин

Кері байланыс жасау: шығу парағын толтыру

Шығу парағын толтырады






Коучингтің тақырыбы: Диалогтық оқыту арқылымұғалімдерді сыни ойлауға дағдыландыру.

Мақсаты: Мұғалімдерді диалогтық оқыту стратегиялары туралы мағлұмат беру.

Күтілетін нәтиже: мұғалімдер жаңа тәсілдердерді сабақта қалай қолдану керек екенін үйренеді. Диалогтың түрлерін таниды.Дерек көздер: мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар

Пайдаланатын құралдар: стикер, маркер,плакат, слайд, проектор

уақыты

Коучтың іс әрекеті

Мұғалімдердің іс әрекеті

ресурстар

1

3 мин

Топқа бөлу

Үш топқа бөлінеді

Сурет қимасы

2

7 мин

Күнделікті сабақты қалай жоспарлайсыздар?

Жаңа сабақ өтуде қандай жаңа әдістерді пайдаланасыздар және қай тәсілді оқушыларыңыз жетік меңгерген?

Диалог дегеніміз не?

Сіз өз сабағыңызда диалогты қолданасыз ба? Сабақтың қай кезеңінде қолданасыз?

Сабақ мақсатына жету үшін диалог ықпал ете алады ма?

Сұрақтарға жауап береді













3

20 мин












Тақырып бойынша слайд көрсету

Тапсырмамен жұмыс:

Сыныпта қолданылатын үш әңгіменің Джиксо әдісі бойынша үш топтың мәтінмен танысуы.

«Қонаққа бару» әдісі бойынша топтардың бір -бірімен білім алмасуы.




Тақырыппен танысады





Бірін- бірі оқытады


4

20 мин

Әр топ өздеріне берілген диалог түріне сәйкес көрініс көрсетеді.

Сергіту сәті


Диалог негізінде рольді сомдайды



5

10 мин

« Егіздер арасындағы диалог» бейне ролигін көрсету

-бұл бейне роликті не үшін көрсеттім деп ойлайсыздар?

Егіздер арасында диалогтың қай түрі жүріп жатыр?

Оқушылардың ой әрекетінің жоғарғы деңгейге көтеруге диалогтың қай түрі ықпал ете алады?

Оқушылар арасында диалогтың қай түрін жиі орнатасыз?

Диалогтың қай түріне жататынын ажыратады


проектор

6

20 мин

Диалог әңгіменің үш тірі бойынша постер жасау.

Әр топ постерін қорғайды

плакат

7

10 мин

Кері байланыс жасау: шығыс парағын толтыру

Пікірін білдіреді


Түйінді идея: Диалогтың маңыздылығын ұғыну және тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту.



Коучингтің тақырыбы: Оқушылардыңсыни ойлау дағдысын қалыптастыруда, топтық жұмыстыңтиімділігі.

Мақсаты: Мұғалімдерге оқушылар тобының тапсырмаларды орындауда бірлесіп жұмыс жасау тиімділігін үйрету.

Күтілетін нәтиже:Мұғалімдер ынтымақтастық оқу жағдайында кез- келген проблемаларды шешуде топтық жұмыстың тиімді екенінекөздері жетеді.

Дерек көздер: мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар

Пайдаланатын құралдар: стикер, маркер,плакат, слайд, проектор Түйінді идея: Топтық жұмыстың маңыздылығын ұғыну және тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту

уақыты

Коучтың іс әрекеті

Мұғалімдердің іс әрекеті

ресурстар

1

3 мин

Топқа бөлу

Үш топқа бөлінеді

Сурет қимасы

2

7 мин

Күнделікті сабақты қалай жоспарлайсыздар?

Жаңа сабақ өтуде қандай жаңа әдістерді пайдаланасыздар және қай тәсілді оқушыларыңыз жетік меңгерген?

Топтық жұмыс дегеніміз не?

Сіз өз сабағыңызда топпен жұмыс жасатасыз ба? Қаншалықты жиі?

Оқушыларды топқа қандай тәсілдермен бөлесіз?

Дәстүрлі сабақ пен топтық жұмыстың қандай ерекшелігі бар?

Топтарда жұмыс істеу не үшін қажет?

Ынтымақтастық оқу дегеніміз не?

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

Сыни тұрғыдан ойлаудың қандай тәсілдері сіздерге таныс?


Сұрақтарға жауап береді













3

20 мин












Тақырып бойынша таныстырылым жасау (слайд көрсету)

Жұптық. шағын топ пен үлкен топтардың

, ерекшеліктерін түсіндіру

«Құмырсқа »бейне ролигін көрсету

  • Бұл бейне роликті көру арқылы қандай ой түйдіңіз?

  • Топтық жұмыс қандай жағдайда жүреді?

  • Топтарға ортақ тапсырма берілгенденеге көп мән беру қажет деп ойлайсыз?


Тақырыппен танысады





Бірін- бірі оқытады


4

20 мин

Мәтінмен жұмыс:

Топ мүшелеріне алдын ала номер беріледі. Мәтінмен танысып болған соң, номерлері аталған мұғалімдер келесі топқа ауысады. Яғни ауыспалы топтар.Бұл топтарға жаңа тапсырма беріледі


Топ мүшелері ауысып отырып, ортақ тапсырмаларды орындайды.


5

10 мин

Сергіту сәті «Әсемдік салоны» қолда бар заттармен әріптестерін киіндіру.

Бұл ойыннан кейін қандай тұжырым жасайсыз?


Әріптестерін сәнді киіндіруге тырысады

проектор

6

20 мин

Айналала бекет әдісі бойынша постер жасау.

Әр топ постерін қорғайды

плакат

7

10 мин

Кері байланыс жасау: шығыс парағын толтыру

Пікірін білдіреді





















































Коучингтің тақырыбы: АКТ ны сабақ үдерісінде қолданудың тиімділігі

Мақсаты: Мұғалімдерге АКТ ны қолданудың тиімді тұстарын көрсетіп, қолдан техникасын үйрету.

Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер АКТ ны сабақ үдерісінде пайдаланудың тиімді екеніне көздері жетіп, оны еркін қолдануды меңгереді..

Дерек көздер: мұғалімдерге арналған нұсқаулық, үлестірме материалдар

Пайдаланатын құралдар: стикер, маркер,плакат, слайд, проектор Түйінді идея: АКТ ны пайдаланып жұмыс жасаудың маңыздылығын ұғыну және тәжірибеде қолдану дағдыларын дамыту

уақыты

Коучтың іс әрекеті

Мұғалімдердің іс әрекеті

ресурстар

1

3 мин

Топқа бөлу Гаджеттерге нелер жатады?

Ұялы телефон, компьютер, ғаламтор, планшет сөздері арқылы топтарға бөлу

Үш топқа бөлінеді


2

7 мин

Ақпараттық коммуникациялық технология дегеніміз не?

Қандай түрлерін білесіздер?

Қолдана аласыздар ма?

Қай түрін жиі қолданасыздар?

Қандай мақсатта ?

АКТ сіздің өміріңізде қаншалықты орын алады?

Қазір өірді АКТ сыз елестете аласыз ба?

«АКТ біздің өмірімізде» эссе жазу

Свод талдау жасату

Сұрақтарға жауап береді













3

20 мин












Тақырып бойынша таныстырылым жасау (слайд көрсету)слайдтан АҚШ-тың Мэн штатындағы Ұлттық оқу зертханасы жасаған Оқу пирамидасын көрсету .

«Болашақтағы жаңа технология» бейне ролигін көрсету

  • Бұл бейне роликті көру арқылы қандай ой түйдіңіз?


Тақырыппен танысады





Топта талқылайды


4

20 мин

АКТ ны қолдануды көрсету

Мұғалімдер АКТ мен өздері жұмыс жасайды.


5

10 мин

Сергіту сәті Ассосация ойыны.

Бұл ойыннан кейін қандай тұжырым жасайсыз?


Сұрақ қою дағдысы қалыптасады

проектор

6

20 мин

Тақырып бойынша постер жасау.

Әр топ постерін қорғайды

плакат

7

10 мин

Кері байланыс жасау: шығыс парағын толтыру

Пікірін білдіреді














Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Технология
Подраздел Видеоуроки
Просмотров379
Номер материала ДВ-487369
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх