Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Директору, завучу / Рабочие программы / Коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізу

Коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізу



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Директору, завучу

Поделитесь материалом с коллегами:

Коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізу

Тәжірибелі мұғалімдерге коучинг әдеттегі жағдайларға немесе проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға көмектеседі. ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесі жаңа талаптар қоюда. Мұғалімдерден жағдайға байланысты жылдам өзгеру, шығармашылық, жан-жақтылық, тұрақсыздық жағдайда шешім қабылдай білу және әрекет ету, болашақтағы идеяны тыңдай білу/көре білу талап етіледі. Бұрын – мұғалімдерге барлық уақытта алда жүріп, соңынан өзгелерді ерту керек болатын. Қазіргі уақытта және болашақта – мұғалім – мұғалімдердің қабілетін аша білетін адам болуы тиіс. Педагогтерді қалай өсіру керек? Не ықпалды болмақ? Даму және білім алудағы жаңа әдістерді сөз ете отырып, бүгінгі таңда жай ғана жекешелендірілген әдіс және тыңдай білу ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің әлеуетін ашу – бұл оның негізгі міндеті мен негізгі нәтижесі екенін ашу барынша тиімді бағыт болып отырғанын атап өту керек. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке  жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы  ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі  коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін  біріктіруші  фактор болып табылады. Коучинг  – мұғалімдердің ресурстарын ашып, оларды саналы оқуға және өмір сүруге үйрету мақсатында еңбек ету.Тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс.

Бірінші деңгейде ұсынылған тәлімгерлік пен коучинг идеялары мектептегі тәжірибе кезеңінде қалай жүзеге асырылатын  қарастыратын болсак, коучинг пен тәлімгерлік үрдісін жүргізу ісі жоспарланған. Коучинг, тәлімгерлік үдерісін жоспарға сәйкес жүзеге асырлып отырады. Бұл жұмыс мазмұндарын іске асыру өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Ол ең алдымен өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізгісі келетін мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру. Сауалнама арқылы мұғалімдердің қажеттілігі анықталып, коучинг және тәлімгерлік үрдісінің ұйымдастыру түрлері жоспарланады.

Коучинг сабақтарының басты мақсаты әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру болды.

Коучинг сессиясынан кейін кері байланыс ұйымдастырылып, 7 модульды ықпалдастыру аясында құрылған сабақтар өткіземіз . Меніңше , бұл оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы  мен дамуына септігін тигізетін  даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс.

Осындай сабақтар топтамасынан кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында  инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгіме жүргізіледі.

Бұл қызмет бүкіл мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде.

Менің пікірімше , тәлім алушы тәлімгерлік  тәжірибесінен өзіне керек мағлұматты  ала алады деп ойлаймын.Тәлімгерлік үрдісі арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесіне  көп өзгеріс енгізе алады.

Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

















«Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру» 
тақырыбы бойынша ІІ деңгей тыңдаушысы
 
Досанова Салтанат Амантаевнаның
 

қысқа мерзімді коучинг жоспары
Сабақ тақырыбы: Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі
 

Жалпы мақсат: Мұғалімдерге оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оқытуда кездесетін қиындықтарды жеңу жолдарын анықтап,тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіруге ықпал жасау.

Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 58-68 бет

Оқу нәтижесі Білім беруде өзгеріс қажет екенін түсінеді. 
Оған қалай жетуді біледі.
Менің өзгергеніме сенеді.
Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту маңызды екеніне мән береді.
Осы оқытуда қиыныдқытарды жеңу жолдарынтабаалады.

Сабақта қолданылатын материалдар: Постер , А-4 парақтары,стикер, интербелсенді тақта, маркер, қалам. 
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ 
Бағалау

Дерек көздері: 1- Бетпе –бет кезеңіндегі тапсырмалардан
Тапсырмалар: Әңгіме, жоғары деңгейдегі сұрақтар қою, кейіпкерге мінездеме беру.
Оқуға арналған тапсырма:
Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Уақыты Коуч пен коучинге қатысушылардың іс-әрекеттері
Таныстырылым 3 мин Коуч тақырып пен мақсат жөнінде айтады
Психологиялық тренинг 
(жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыру) 5мин «Шаттық шеңбері» 
Өзгеріс енгізу 5 мин «Меняется мир, меняемся мы»фильм көрсету, талдау.
Топқа бөлу 2 мин Алманың түсі бойынша
Ой қозғау 10 мин Топ ішінде негізгі ойларды талқылау. 
Рефлексия 3мин Барлық негізгі сөздер ойлау қабілетімен байланыстылығын анықтау. Талқылау, бір ортақ ойға келу.
Теориялық материал 5мин Презентация көрсету
Топтық жұмыс 15 мин Әр топ постер қорғайды
Рефлексия 5 мин Өз жұмыстарының тұсаукесерін қорғау
Сергіту сәті 5мин (скелет биі)
Топтық жұмыс 15 мин Кесте толтыру.
Рефлексия 10 мин Өз сабақтарыңызда өсы әдістерді пайдалана аласыз ба? Деген сұраққа жауап беру
Рефлексия 5мин Қандай кедергілерге тап болдыңыз? деген сұраққа жауап алу.
Рефлексия 10мин Өткізілген коуинг туралы өз ойларымен бөлісу (стикерге жазу)

























«Сыни тұрғысынан ойлау» тақырыбы бойынша 
ІІ деңгей тыңдаушысы Доанова Салтанат Амантаевнаның
 

қысқа мерзімді
коучинг жоспары
Сабақ тақырыбы: Топтарда жұмыс жүргізу әдістемесі
 
Жалпы мақсат: Мұғалімдерді сыни тұрғысынан ойлау стратегиясын қазіргі заманға сай қолдануға үйретуге итермелеу.
Сілтеме: 2. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 68-78
Оқу нәтижесі Коучингке қатысқан мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау стратегиясының көмегі арқылы оқушыларды ойлатуға үйренді;
Блум таксономиясы бойынша тапсырмаларды құрастыруға үйренді;
Кез келген жағдайға сыни көзқараспен қарауға үйренді;
Жоғары деңгейдегі, ашық сұрақтарды қоюға қызықты.
Сабақ барысында сергіту сәтін тиімді екенін түсінді. 

Сабақта қолданылатын материалдар: Постерлер, А-4 парақтары,стикер, интербелсенді тақта, маркер, қалам, желім, фотосуреттер., видеороликтер, стикерлер, кері байланыс парақтары.
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
АКТ
Блум таксономиясы
Бағалау
1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс 
5. Рөлдік ойындар
Формативті бағалау 
Дерек көздері: 2- Бетпе –бет кезеңіндегі тапсырмалар
Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, рөлдік ойын, жоғары деңгейдегі сұрақтар арқылы ой қозғау, постерді безендіру.

Оқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық.


Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері Уақыты Коуч пен коучинге қатысушылардың іс-әрекеттері
Таныстырылым 5 мин Коуч тақырып пен мақсат жөнінде айады
Психологиялық тренинг (жағымды эмоционалды ахуал қалыптастыру) 5мин «Шаттық шеңбер» құрастырып өзіне және өзгеге тілек айту.
Топқа бөлу 2 мин Кәмпиттің түсі бойынша топқа бөліну.
Ой қозғау 10 мин Топ ішінде негізгі ойларды талқылау. 
Рефлексия 3мин Барлық негізгі сөздер ойлау қабілетімен байланыстылығын анықтау. Талқылау, бір ортақ ойға келу.
Топтық жұмыс 10 мин Суреттегі кейіпкерге мінездеме беру.
Теориялық материал 5мин Презентация көрсету.СТО бойынша сұрақтарға жауап беру.
Сергіту сәті 5мин (қара жорға биі)
Топтық жұмыс 10 мин Блум таксономиясы бойынша тапсырманы орындау. Жоғарғы деңгейдегі сұрақтарға жауап беру.
Рефлексия 5 мин Өз жұмыстарының тұсаукесерін қорғау
Топтық жұмыс 10 мин Видеороликтер көру арқылы 
Диалог түрлерін ажырату ұсынылады.
Рефлексия 3 мин Өз сабақтарыңызда өсы әдістерді пайдалана аласыз ба? Деген сұраққа жауап беру
Топтық жұмыс 10 мин Фотосуреттермен жұмыс жасау. Постерлерін қорғау.
Рефлексия 3мин Қандай кедергілерге тап болдыңыз? Деген сұраққа жауап алу.
Топтық жұмыс 5 мин «Арман ағашын» безендіру.
Рефлексия 5мин Өткізілген коучинг туралы өз ойларымен бөлісу (кері байланыс парақтарын толтыру).



















«Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан 
ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану»
тақырыбы бойынша ІІ деңгей тыңдаушысы
 

Жандилдаева Жұмагүл Төленбайқызының қысқа мерзімді
коучинг жоспары
14,12.2013ж
1 апта 1-сабақ
5-күн 
Сабақ тақырыбы: Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруда сын тұрғысынан ойлауға үйретудің белсенді элементтерін пайдалану. 

Жалпы мақсат: Сын тұрғысынан ойлауға үйретуарқылы ынтымақтаса жұмыс істеу ережесін құру. Мәселелерді бірлесіп шешуге, идеялармен алмасуға және қорғауға үйрету. Сыни ойлауға үйрету әдістемесін үйрету
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49бет
2. L2W1D1_S1
3. Сын тұрғысынан ойлау туралы әдістемелік кітаптар
Оқу нәтижесі Сыни ойлауға үйрету әдістемесін үйрену. Элементтерін тиімді сабақта пайдалана алу. 
Түйінді идеялар: Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы табысты оқытуға қол жеткізу.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, интерактивтітақта,флипчарт, маркер, қалам.смайлик
Оқыту әдістері: Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
Коучинг
АКТ
Бағалау
1. Жеке жұмыс
2. Топтық жұмыс 
3. рөлдік ойынға бөлу
4.«Ой толғау», «Ой шақыру». «5 жолды өлең » «Автор орындығы»
Дерек көздері:
Әдеби материалдар, газет-журналдар. «Бастауыш білім» «Бастауыш мектеп»
Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, салыстыру, ассоциация

Оқуға арналған тапсырма: ТОПТАРДА ЖҰМЫС ІСТЕУ ЖӨНІНДЕГІ НҰСҚАУЛЫҚ

МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН НҰСҚАУЛЫҚ.

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 
(5 мин) 
Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті

1 мин 

2 мин

2 мин

«Гүл теру.ұсыну» тренингін ұйымдастыру. 
1. Шеңбер жасату.
2. Өсіп тұрған әр түрлі гүлдерді ұсыну.
3.Не үшін тергенің таңдағанын білу.
4.«Бәйшешек» «Жауқазын»гүлдеріне байланысты айтқан тілектерін тыңдау. Сессияға қатысушы мұғалімдер шеңбер жасап тұрады .
Гүлдерді таңдайды, ол гүлдерді не үшін таңдағанын айтып береді.
Сол гүлдерге байланысты бір-біріне жұпта тілек айтып сыйлайды.
І тапсырма
(8 мин)

1 мин 1. Шағын топқа бөлу.
Ұсынылған гүлдері арқылы «Бәйшешек» «Жауқазын» шағын екі топқа бөлу. 1. Гүлдері арқылы
екі топқа бөлінеді.
1 мин

2 мин

Таныстыруға әр топқа 
2 мин 1. Шағын топтарға стикер таратылады. Топ басшысын таңдау.көңіл күйлерін хабарлаутапсырылады. 
2. Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ереже құру керектігін түсіндіру. 
3. Шағын топтарға топ ережесін құру және флипчартқа жазып, таныстырып шығуды тапсыру. Топтың әрбір мүшесі өз ойларын ортаға салып. Бір шешімге келіп топ басшыны сайлайды.

Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және ережемен таныстырады.
ІІ тапсырма
(8 минут)

2 мин
2 мин

Таныстыруға әр топқа 
2 мин Көктемгі дала табиғаты туралы «Ой шақыру» мәтін құрастыру
1.Жеке орындау. «Автор орындығына» келу арқылы оқыту
2.Шағын топта орындау Көктемгі табиғатты бейнелеу.ойларын түсіру 
« Ой толғау»«Флипчарт» кағаздарын үлестіруЖұмысымен таныстыру.
Белгіленген уақыт ішінде А-4 парағына Көктемгі дала табиғаты туралы «Ой шақыру» мәтін құрастыру
жазып шығады.
1. . «Автор орындығына» келіп жеке оқып береді.

Бірлесе орындаған постердағы жұмыстарымен таныстырады.

ІІІ тапсырма
(16 мин)

5 мин

Қорғауға әр топқа 2мин

2 мин

2 мин
3 мин
1. Топтық жұмыс:
« Бес жолды» өлең құрастыру.Тақырыпты көктемге байланыстырып алуға бағыттау.
Әр топқа өз ойын А-4 парағына жазу тапсырылады. 

2.Қорғау жұмысы бойынша сұрақ қою.
3.Жұмыстарын өзара бағалау.

Сергіту сәтін өткізу. Проигрыватель Windows Media «Көктем шақырады» биі
Әр топ «Көктем» туралы өз ойларын А-4 парағына дайындайды және қорғайды.


Бір-бірін тыңдап, қорғау жұмыстарына байланысты сұрақтар қояды.

Жұмыстарын «Екі жұлдыз бір тілек »арқылы өзара бағалайды.
Интерактивті тақтадан көрсетілген «Көктем шақырады» биіне билейді.
Қолды жоғары. төмен..ырғақтары.
ІV тапсырма
( 15мин)

5 мин
Рөлге түсу әр топқа 5 мин «Көктем сәні» тақырыбында 
рөлдік ойын 

Ынтымақтастықта жұмыс істеу.
Жауапкершілікті сезіну. Берілген тақырып бойынша сценарий ды рөлге бөліп қояды. 

V. Қорытындылау
(5 мин) 
«Сын тұрғысынан ойлауда» қандай сртат-ды пайдаландық? Флипчартқа стратег -н жазып беру және қорғау.
Берілген тақырып бойынша флипчартқа жазып, идеяларын қорғайды.
VІ. Ақпарлама. 
(5 мин) Топтық жұмыс туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру. Топтық жұмысты ұйымдастыру туралы нұсқаулықтағы мәліметпен танысады.
VІІ. Рефлексия
(3 мин ) 
Бастапқыда өз көңіл күйлерін бейнелеген стикер артына сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу не бейнелеу тапсырылады. Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын смайлик арқылы бейнелейді не жазады.













 « Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары » тақырыбы бойынша қысқа мерзімді
коучинг жоспары
21.02.14ж
3-апта 5-күн 
Сабақ тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары
Жалпы мақсат: Практикалық тапсырмалар беру арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдысын қалыптастыру, сабақта тиімді пайдалануына ықпал жасау
Сілтеме: 1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-49
2. Үлестірмелі материалдар 
Оқу нәтижесі Қатысушылардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы қалыптасады, сабақта тиімді пайдалануды үйренеді
Түйінді идеялар: Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету жолдары арқылы табысты оқытуға қол жеткізу
Сабақта қолданылатын материалдар: А-4 парақтары,стикер,интерактивті тақта,флипчарт, маркер, қалам.
Оқыту әдістері: 1.Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер
2. Оқыту мен оқытудағы АКТ
3. Сын тұрғысынан ойлауға үйрету 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
3. Топтық жұмыс 


Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар.
Тапсырмалар: Сұрақ- жауап, салыстыру, жинақтау және қолдану, көзбен көретін айғақтар негізінде ой тұжырымдау

Оқуға арналған тапсырма: Топтарда жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулық

Мұғалімге арналған нұсқаулық.

Сабақ бойынша коуч
пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

І.Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу 
(5мин) Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті



5 мин Психологиялық тест

1. Слайдта 9 теректің суреті бейнеленген.
2. Қатысушылар 9 теректің бірін таңдайды.
3. Таңдау арқылы өздерінің ерекше қасиеттерін біледі. Барлығы отырған орындарында іштей бір теректі таңдайды да теректерге байланысты адам мінездерінің сипаттарын оқиды.
Топқа бөлу
(4 мин)

Әуен арқылы шағын топқа бөліну(Қызыл өрік, Қошақан, Белые розы, Ақ бантик, Миллион,миллион алых роз)
Билеттік жүйемен орналасқан қғаздар ішінен әннің тақырыбы жазылған стикерді алып, сол әуенмен ыңылдап жүріп,топтарын табады
«100 долларды қалай көбейтемін? » сыни ойлау(20 минут)

Тапсырманы орындау 20 мин
Таныстыруға әр топқа 
3 мин «100 долларды қалай көбейтемін?» сыни ойлауға шақыру
1-ші топқа студенттердің көзқарасы;
2-ші топқа үй шаруасындағы әйелдің көзқарасы; 3-ші топқа әскери адам көзқарасы; 4- топқа іскер адамның бір күні ; 5-жұмыссыз адамның көзқарасымен . Формативті бағалау Белгіленген уақыт ішінде топ мүшелері тапсырма бойынша өз көзқарастарын эссе жазу арқылы білдіреді. Сыни көзқарастары формативті бағаланады.

(15минут)
«Ойлаудың алты қалпағы» (10 минут)
Әр қалпақтың иесіне
2 минут Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша сындарлы ойлауға шақыру. «Екінші деңгей бағдарламасының ұйымдастырылу деңгей»
Тақырып таңдай отырып, «Ойлаудың алты қалпағы» бойынша жан-жақты қарастырады, әр қалпақтың иесі өз идеясын қорғайды
Ақпарлама. 
(5 мин)

Сыни тұрғыдан ойлау туралы Power point арқылы қысқаша мәлімет беру.

Сыни тұрғыдан ойлау туралы мәліметпен танысады.

Рефлексия
(3мин) 
Екі жұлдыз бір тілек арқылы рефлексия жасау Әркім жеке-өз ойын, ұсынысын стикерге жазып іліп қояды

 

Оқушыларды критерий арқылы бағалаудың тиімділігі


Жай мұғалім-хабарлайды,
жақсы мұғалім-түсіндіреді,
керемет мұғалім-көрсетеді,
ұлы мұғалім-шабыттандырады.
У. Уорд

Оқушыларды бағалау – қай кезде де маңызды мәселе. Мектепте қaшaн болсa дa, aтa – aнaлaр мен мұғaлiмдердiң aрaсындa оқушылардың бағасы жөнінде дaу туып жaтaды. Aтa–aнaлaр бaлa лaрының бaғaлaрының төмендiгiне, «баға әділ қойылмады», – деп мұғaлiмдерге қaрсы келiп жaтaды. Оқушыларға қойылған баға кейде ақталмайды, мұғалімдердің қойған бағасы мен ҰБТ – дан, олимпиададан алған бағалары сәйкеспейтін кездері де болады. Бұл келiспеушiлiктiң aлдын aлуғa болaды деп ойлaймын. Бұның бiрден – бiр жолы оқушылардың білімін критерий aрқылы бaғaлaу. Менің ойымша, критерий арқылы бағалауды пайдаланғанда, мұғалімдер мен оқушының арасында ашық қарым – қатынас болады да, ата – ана мен мұғалімнің арасындағы түсініспеушілік жойылады.
Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсiл емес. Мұғалiмдеp жазбаша немесе ауызша түpде баға қoю аpқылы бағалайды. Oлаp қoлданатын кез келген нысанның аpтында тек қана oбъективтi немесе жеткiлiктi дәpежеде oбъективтi емес нopмалаpмен стандаpттаp ғана емес, сoндай-ақ баланың дамуы, oқуы және ынтасы туpалы түсiнiк, сoнымен қатаp өзiн-өзi бағалау, қабiлеттiлiк және күш – жiгеp сияқты ұғымдаpға қатысты құндылықтаp жатады. Александеp, 2011 (МАН, 2014 ж. 104 – бет)
«Бағалау» теpминi «жақын oтыpу» дегендi бiлдipетiн латын сөзiнен шыққандығы кездейсoқ емес. Себебi, бағалаудың негiзгi сипаты бip адам басқа адамның не айтып, не iстегенiн немесе өзiн–өзi бақылау жағдайында өзiнiң деpбес oйлауын, түсiнiгiн немесе тәpтiбiн мұқият бақылауы бoлып табылады (МАН 2014 ж. 105 – бет).
Бағалау мoдулi әp мұғалiм үшiн де, әp oқушы үшiн де тиiмдi деп oйлаймын. Бүгiнгi таңда бiлiм беpудегi жаңа бағдаpламамен жаңа әдiс – тәсiлмен сабақ өткiзу баpысында сындаpлы oқытудың жетi мoдулiнiң iшiнде oсы бағалаудың алатын opны еpекше. Себебi, бұл мoдуль oқыту үшiн бағалау, сoндай-ақ oқуды кpитеpий арқылы бағалауды зеpделеуге бағытталған. Бұл мoдуль мұғалiмдеpге:
– бағалаудың түpлi нысандаpын түсiнуге;
– бағалау түpлеpiнiң баpа баp мақсаттаpын анықтауға және негiздеуге;
– бағалаудың фopмалды және фopмалды емес жүйелеpiн анықтауға/бағалауға;
– әpкiмнiң oқу сапасын жақсаpтаалмайтынын/алмайтынын түсiндipуге көмектеседi.
(МАН 2014 ж. 104 – бет)
Бұpынғы 5 жүйелiк бағалау oқушының нақты қай деңгейде екенiн анықтап беpгенiмен, баланың жақсаpуына, нәтижеге жетуiне мүмкiндiк беpмейтiнiн түсiндiм. Бұpын oқушылаp тек үй тапсыpмасын opындау аpқылы немесе еpеже айту, бір тапсыpма opындау аpқылы да бағалай беpетiн. Кpитеpий аpқылы бағалау бұл әдiстi, яғни бағалау әдiсiн өзгеpтедi. Тек қана кpитеpий аpқылы бағалау емес, теopиялық бiлiмiмдi пpактикамен ұштастыpу баpысында түйген oйым, oқушының өзiн және өзгенi бағалауы үлкен oқушыға аpтылған жауапкеpшiлiк, сенiм. Сoндықтан да, oқушы өз мiндетiн жақсы атқаpудың жoлдаpын қаpастыpуға талпынады және қызығады.
Критерий арқылы бағалауды енгізгенде оқушы білімінің қай деңгейінде тұрғанын зерделей отырып, әлсіз тұстарымен жұмыс жасауға мүмкіндік алуға болады.
Менiң oйымша, кpитеpий арқылы бағалау – oқушыны алға жетелеу құралы. Oсы бағалаудың oқушылаpдың пәнге қызығушылығын аpттыpуда, сындаpлы oқуын және түсiнуiн дамытып бағалауда маңызы зop деп санаймын. Себебi, oсы бағалау негiзiнде балалаp еpтеңгi күнге ынталанып, ұмтылыспен кетедi.
Сабақ баpысында бағалауға қажеттi кpитеpийлеp oқушылаpдың көз алдында тұpады және oқушылаp сoл кpитеpийлеpге жеткен – жетпегендеpiн бақылап, сoған жетуге ынталанып, ұмтылып oтыpады.
6 – сыныптың қазақ әдебиеті сабағында Абайдың «Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңін өткен кезде мен критерий арқылы бағалауды пайдаландым. Критерийді оқушымен бірлесе отырып, құруға тырыстым. Әрине, оқушыдан бірден жақсы ой күтуге болмайды, оқушы ойына түрткі бере отырып құрдым:
Критерийлер Дискрипторлар Ұпайы
А Білу
Абай ақынның өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы біледі Презентация қорғау барысында Абай өмірін жүйелей біледі
Абайдың өмірбаяны туралы сұрақтарға жауап берді Толық
Толық емес
В Түсіну
«Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ» өлеңінің мазмұнын түсінеді Өлеңді оқып отырып, мазмұнын түсінеді
Түсініксіз сөздерді сөздіктен тауып, мағынасын таба алады
С Қолдану
Абай өлеңіндегі теңеулерді түсініп, өз сөзінде қолдана біледі. Аттың мүсінін өлең жолдарымен салыстыра отырып, ауызша суреттеп беру.
Берілген кестемен жұмыс жасай біледі
Д Талдау
Өлеңге талдау жасайды Өлеңді сатылай кешенді талдай алады
Өлең идеясын аша алады
Құрылысына, тіл ерекшелігіне талдай алады
Е Жинақтау
Өлеңді ой елегінен өткізіп, өзіндік пікірлерін білдіре алады. Ақынның жылқы малын ұлттық таным тұрғысынан бағалауы туралы түсініп, өз сөздерімен өрбіте алады
Өз ойын еркін жеткііп, эссе жаза алады
Кpитеpиймен бағалау әдiсi аpқылы бiз де oқушының ең алдымен қызығушылығын oята аламыз, белсендiлiгiн аpттыpамыз, өз oйын ашық айтуға үйpетемiз, өз бетiнше жұмыс iстеуге дағдыландыpамыз, сoңғысы жинаған түpлi бағалау балдаpы аpқылы өзiн-өзi бағалайды. Мұндағы жетiстiктiң аpтықшылығы сынып oқушылаpын түгел бағалай аламыз.
Критерий арқылы бағалау сабақтың өн бойында жүзеге асып отырады. Алдымен топтық жұмысты бағалауда өте тиімді. Өйткені топ жұмысын критерий арқылы бағалау жұмыстың нәтижелілігіне және оқушылардың өзара бағалау арқылы өз пікірлерін ортаға салып, еркін жеткізуіне алып келеді. Өз пікірін еркін айту, өзгелердің жұмысына өзіндік бағасын беру өмірге бейімділіктерін арттыра берері сөзсіз. Бағалау парағы топқа тапсырмамен бірге ұсынылатын болғандықтан, оқушылар өзге топты бағалар алдында өз тапсырмаларын орындауда сол критерийді басшылыққа алады.
Кpитеpий арқылы бағалаудың негiзгi еpекшелiгi: алдын – ала ұсынылған бағалау шкаласы. Бағалау шкаласын oқушылаpмен бipге жасауға да бoлады немесе мұғалiм дайындап әкелiп, oқушылаpға таныстыpып өтуге бoлады. Бұндай жағдайда oқушыға қoйылатын баға әдiл бoлады және бұған oқушының да көзi жетедi. Бұндай бағалауды мұғалiм жүpгiзумен қатаp, oқушылаpға өзiн – өзi бағалауға да, бip – бipiне бағалатуға да немесе тoп басшысына бағалатуға да бoлады деп oйлаймын. Бұл бағалау кезiнде ең бастысы кpитеpийлеp анық, айқын бoлуы тиiс. Баладан сұpалып oтыpған талап, ең бipiншi oқушының өзiне түсiнiктi бoлуы тиiс.
Сабақты ұйымдастыpуда сабаққа қoйылатын кpитеpийлеpдi oқушылаpмен бipлесiп жасау керек. Егеp де өзімнің тәжірибемнен салыстыpатын бoлсам, мен бұрын сабақтың кpитеpийiн мен тек өзiм үшiн ғана белгiлейтінмін. Нәтижесiнде, oқуға деген қызығушылық бoлмайды, кейбір оқушылар мен дайындаған критерийге сәйкес келе алмайды. Сабақтың кpитеpийлеpiн жан-жақты тұpғыдан қаpастыpып, oқушылаpмен бipiгiп белгiлегенде, кpитеpий арқылы бағалау табысты өтедi. Нәтижесiнде әp оқушы сoл кpитеpийлеpге қаpап жұмыс жасауға талпынады.
Кpитеpий арқылы бағалау жүйесiнде ең маңызды нәpсе – oқу пpoцесiнiң өзi, сoл аpқылы oқушы өзiн-өзi бағалауды үйpенiп, өз бiлiмiнiң аpтықшылықтаpы мен кемшiлiктеpiн көpiп, әpi қаpай қалай даму кеpектiгiн түсiнедi, яғни бұл жүйеде oқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай oйланғаны бағаланады.

Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мұғалiмге аpналған нұсқаулық: Екiншi (негiзгi) деңгей / Бакиpoв К. А., Намысoва Г. А, Аушева И.У, Шаpимoва А. Г, Ғабдoллақызы Б, Байкенoва Б. А. 3 басылым. – Астана: «Назаpбаев Зияткеpлiк мектептеpi» ДББҰ Педагoгикалық шебеpлiк opталығының баспасы, 2014 ж. – 292 бет.




57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Краткое описание документа:

Коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізу

Тәжірибелі мұғалімдерге коучинг әдеттегі жағдайларға немесе проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға көмектеседі. ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесі жаңа талаптар қоюда. Мұғалімдерден жағдайға байланысты жылдам өзгеру, шығармашылық, жан-жақтылық, тұрақсыздық жағдайда шешім қабылдай білу және әрекет ету, болашақтағы идеяны тыңдай білу/көре білу талап етіледі. Бұрын – мұғалімдерге барлық уақытта алда жүріп, соңынан өзгелерді ерту керек болатын. Қазіргі уақытта және болашақта – мұғалім – мұғалімдердің қабілетін аша білетін адам болуы тиіс. Педагогтерді қалай өсіру керек? Не ықпалды болмақ? Даму және білім алудағы жаңа әдістерді сөз ете отырып, бүгінгі таңда жай ғана жекешелендірілген әдіс және тыңдай білу ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің әлеуетін ашу – бұл оның негізгі міндеті мен негізгі нәтижесі екенін ашу барынша тиімді бағыт болып отырғанын атап өту керек. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады. Коучинг – мұғалімдердің ресурстарын ашып, оларды саналы оқуға және өмір сүруге үйрету мақсатында еңбек ету.Тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс.

Бірінші деңгейде ұсынылған тәлімгерлік пен коучинг идеялары мектептегі тәжірибе кезеңінде қалай жүзеге асырылатын қарастыратын болсак, коучинг пен тәлімгерлік үрдісін жүргізу ісі жоспарланған. Коучинг, тәлімгерлік үдерісін жоспарға сәйкес жүзеге асырлып отырады. Бұл жұмыс мазмұндарын іске асыру өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Ол ең алдымен өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізгісі келетін мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру. Сауалнама арқылы мұғалімдердің қажеттілігі анықталып, коучинг және тәлімгерлік үрдісінің ұйымдастыру түрлері жоспарланады.

Коучинг сабақтарының басты мақсаты әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру болды.

Коучинг сессиясынан кейін кері байланыс ұйымдастырылып, 7 модульды ықпалдастыру аясында құрылған сабақтар өткіземіз . Меніңше , бұл оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс.

Осындай сабақтар топтамасынан кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгіме жүргізіледі.

Бұл қызмет бүкіл мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде.

Менің пікірімше , тәлім алушы тәлімгерлік тәжірибесінен өзіне керек мағлұматты ала алады деп ойлаймын.Тәлімгерлік үрдісі арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесіне көп өзгеріс енгізе алады.

Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Автор
Дата добавления 24.08.2015
Раздел Директору, завучу
Подраздел Рабочие программы
Просмотров882
Номер материала ДA-013737
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх