Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Научные работы / "Көркем шығармалардағы жетімдер мен қазіргі қоғамдағы жетімдердің тағдыры."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Көркем шығармалардағы жетімдер мен қазіргі қоғамдағы жетімдердің тағдыры."

библиотека
материалов

Тарбағатай аудандық білім беру бөлімі











Аудандық мектеп оқушыларының

«Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасы.





«Жас ғалымдар» аудандық мектеп оқушыларының

ғылыми жобалар сайысы





Тақырыбы: Көркем шығармалардағы жетімдер мен қазіргі қоғамдағы жетімдердің тағдыры.









Мектебі: «Жаңаталап орта мектебі» КММ

Сыныбы: 7-сынып оқушысы

Орындаған: Ж.М Жәлелова

Ғылыми жетекшісі: А Кесенбаева



2016 ж

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................................7б

Негізгі бөлім

1. Әр қоғамдағы жетім балалардың тағдыры................................................. 8 б

1.1 Жетімдердің бұлыңғыр болашағы.......................................................... ...8 б

1.2 Жалғыздық жанарындағы мұң.................................................................. 10б

2. Шетел асқан қара баланың көз жасы............................................................11б

Қорытынды..........................................................................................................14б

Әдебиеттер тізімі.................................................................................................17б

























Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі:

Мені толғандырып қолыма қалам алдырған әр жылдар оқиғасын қамтитын жетім балалар тағдырын жан-жақты суреттеп берген жазушылардың шығармаларымен таныстым. Бізге таныс емес өмір, жетімдер тағдыры көз алдыңа келеді. Жетім балалардың өмірі осы уақытқа дейін жалғасуда. «Жетім корсең, жебей жүр» деген нақыл орынды айтылғанымен, жетімдікті өздері жасап беретін ата- аналар көбейіп кеткені мені қатты толғандырады. Ол балалар неліктен жетім қалды? Қалай? Ертеде тамақ жоқ, ашаршылық, жоқшылықтан көз ашпай әркім өз басының амандығынойлады делік! Ал қазіргі адамдар неліктен балалардың өмірін ойыншыққа айналдырып жүр. Оларға не жетпеді? Үкімет барлық жағынан қамтамасыз етіп отыр. Дүние есігін аш ашқан бейкүнә сәби кемтар болып тууы мүмкін... Әлде экология ма? Не ана денсаулығында бір нәрсенің жетіспегендігі ме? Ал сәбидің не күнәсі бар? Міне, тақырыптың өзектілігі осында.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

Ғылыми жұмысы алудағы негізгі мақсатым қоғамда тастанды балардың көбейіп кетуі. Шетелге бала сату мәселесінің орын алуы. Елімізде балалар үйінің көбеюі.Ата анасыз өскен балалардың болашағы.

Зерттеудің жаңашылдығы:

Жетім мен жесірін жылатпаған еліміз ғой,көкек аналары безінген оларға бүгіндері мемлекет аялы қамқорлық көрсетілуде. Телеарнада «Жанжылуы» бағдарламасы адам жүрегін елжіретіп, санамызға ой салып, жетім балаларды асырап алуға ниет етушілер көбеюде.

Зерттеудің дерек көздері:

Зерттеу жқмысының материалы ретінде мақалалар, газеттер, әр түрлі жетімдер туралы жазылған кітаптар негіз болды.

Зерттеудің әдістері:

Зерттеуде баяндаулар, жинақтау, оларды саралау, талдау жасау.

Зерттеудің құрлымы:

Кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады .






Әр қоғамдағы жетім балалардың тағдыры

Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесі 1925 жылы жазылса да әлі күнге дейін маңызын жойған жоқ. Әке шешесінен 10 жасында жетім қалған Қасымды қатыгез тағдыр,қатал заман аямады. Мұхтар Әуезов қазақтың шағын ауылының жүдеу тұрмысы мен панасыз жетім баланың өмірін дәл суреттеп берген.Осыдан 80 жыл бұрын жазылған әңгіменің құндылығы осында. Мен осы әңгімені оқып отырып әр бір адамның балаға мейіріммен қарап,қамқорлық жасауы кез келген адамдардың қолдарынан келмейтіндігі туралы ой түйдім .Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесіндегі панасыз жетім қалған 10жасар Серіктің соғыс кезіндегі басынан өткен қиындықтарын, халықтың ортақ жауға күресін, бірлігін қимылды бейнені көз алдыма елестеттім.

Ендігі кезектегі Мұхтар Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесімен Сайын Мұратбековтың «Жусан иісі» шығармасы. Бұл шығармаларды оқығанда әр түрлі балалардың іс әрекеттерін,мінездерін танып білдім. Соғыс кезінде жетім қалған әр ұлт балаларының қилы қилы тағдырларын талдап,ауыл адамдарының оларға деген қамқорлығын байқадық. Зигфрит, Нартай мен Ертайдың ауыр тағдырларына көз жеткіздім, сонымен бірге «Жусан иісі» повесіндегі Аянның төзімділігі, ұстамдылығы маған қатты әсер етті.Аянның ұқыпты,ақылды,зерек,қайсар бала екендігіне көзім анық жетті. Әр қоғамда балалар тағдырын білу үшін әр шығарманың өзіндік сипаты бар. Жазушы өзінің айтпақ ойын, көтерген мәселесін,заман тынысын,балалардың өсу жолына танымдық тұрғыдан қарады. Мұның тәрбиелік маңызы өте зор.


1.1Жетімдердің бұлыңғыр болашағы.


Жетімнің көзі жасты екен,

У дан да дәмі ашты екен............

Иә, қандай жағдай жасасаңда ананың ыстық алақаны мен мейрімін, әкенің ықыласын ештеңе алмастыра алмасы анық. Біздің республикамыздағы қай балалар үйін алып қарасақта, тұлдыр жетімдерден әке шешесі керек қылмай тастап кеткен тастанды, тірі жетімдердің қатарының басым екендігіне куә боласыз. Олардың көбісінің денсаулығы жоқ, мүгедек балалар.Бәлкім, мүгедек болып туылған балаларын жетімдер үйіне тапсырған аналарға түсіністікпен қарағанда жөн шығар. Өйткені, бала есейгенде өзін айналасындағылармен салыстырады, «Мен неге мұндаймын» деген сұрақта баланың жаралы жанын одан сайын жаралар. Шарасыз ананың мүгедек баласын балалар үйіне тапсыруының себебі де осы азаптан құтқару болатын. Мұндай аналардың «Балаңды жетімдер үйіне неге тапсырдың» деп сұрағандарға айтар жауабы бар. Ел аман, жұрт тынышта он екі мүшесі бүтін, қол-аяғы балғадай балаларын тастап кете баратын аналардың әрекетіне не жоқ. Тоғыз ай құрсаққа сыйған бала, кең дүниенің есігін ашқанда неге сыймай қалып жатыр. Жыл санап балаларды асырап алушылардың саны артып келе жатқандығы азда болса көңілімізге қуаныш ұялатады. Мәселен, 2015 жылдың төрт айында 24 бала асырауға алынды.

Балалар үйі қабырғасынан алыстағаннан кейін темірдей тәртіп, қатаң бақылауға үйренген көбісі бей әдеп әрекеттерге бой алдырып теріс жолға түсіп жатады. Оның үстіне дайын тамақ, дайын киімді киіп үйренген олар балалар үйінен кейін, нағыз өмірмен бетпе бет келгенде кір жуу, қаржыны басқару, тіпті қарапайым тамақ әзірлеу сынды тұрмыстық шаруаларды білмей қиналып қалып жатады.

Қазіргі таңда жетім балалар тағдырына алаңдап қалам тербеп жатқан ақын жазушыларымыздың да қатары көбейіп келеді.Солардың бірі қазақтың жанашыр қызы Қымбат Әбділдәқызының мына өлеңі:

Жүр онда сансыз бүлдіршін

Ертеңін оның кім білсін?

Жасқанып өскен жапырақ

Жайқалып кету - ол бір сын.

Балаға қарар - тәлімгер

Тәлімгер қайдан «жаным» дер

Жылусыз жүдеп жүдеп жүргенін

Жаутаңдап көздер мәлімдер

Шаттанып сәби күлмейді

«Менікі» деуді білмейді

Жыласа шаршап қояды

Өксімей көзін ілмейді

Сұрамай затқа тимейді

Ұнатып киім кимейді

Сүйкімді, тәтті сәбиді

Елжіреп ешкім сүймейді

Жоқ, онда түкте рахат

Жетімнің күні зіл апат

Қатарға қосылғанша

Жігерін құм ғып бұл «атақ»

Қалалар сайын зәу үйлер

Тұрғыны - жетім сәбилер

Тастандылары тіпті көп

Тағдырына зар илер.


1.2Жалғыздық жанарындағы мұң.

Жетімдер тағдыры мен өмірі, келешекте үлкен сұрауға айналды. Жетімдер ата-анасынан, ана тілінен, ұлттық қадір қасиетінен, қайырымдылығынан айрылған қара домалақтардың тағдырын кім ойлайды? Ата – бабамыз бізге мұндай күпірлік күмән, наласы өшпес өрескелдікті мұра етіп қалдырып па еді?! Жоқ. Халқымыз ата-анасыз қалған ұл-қыздарын ешқашанда жетімсіретпеген, қаңғыртпаған.Оның дәлелі жоғарыда айтылып кеткен жазушылардың шығармалары. Олар өз жетімдеріне ел болып іздеу салған, қамқорлыққа алған.Бұрынғылардың ұлтының ар намыс тазалығы үшін күрескендігі көрініп тұр. Тарихта талай тауқіметті өткерген біздің халқымыздың басында мұндай сұмдық бұрын соңды болып көрмеген.

Қазіргі таңда Қазақстанда 75 мыңдай әр сипаттағы жетімдер бар екен Аталған 75 мың жетім балалардың бәрі балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан жоқ.37541 бала мектеп интернатта,12599 бала түзету мекемесінде 660 бала интернатта 1884 бала девиантты интернатта,1281 бала отбасы үлгісі ретіндегі балалар үйінде 10 мың бала ер азаматтардың қамқорлығына алынған, 7 мың бала денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау, білім беру жүйесінің ұжымдарында тәрбиеленуде. Осы 75 мың баланың 10 мыңнан астамы ғана жетімдер, қалғандарының ата-аналары бар екен.

Тәртіп бұзушылардың санын көбейтушілердің бірсыпырасы жетім балалар екені құпия емес. Ең қиын қасірет адамдардың бір-біріне деген мейрімін жоғалтып, тағылық сезімге бой алдырғанында. Сотталғандардың әрбір жетіншісі жасы кәмілетке толмаған жетім балалар екен.

Қатігез, қаныпезер ата-анасымақтар көп. Әйтпесе, ең қымбаттысы, көзінің қарасы, өмірінің жалғасы, бауыр еті баласын, перзентханаға немесе қоқыс жәшігіне тірідей қалдыруға қалай жүрегі дауалайды адамның?! Торғай екеш торғайда балапанын қорғайды. Сонда біз кім болғанымыз.


2.Шетел асқан қара баланың көз жасы

Қаңғып келем..

Гүл іздеген арадай,

Жерідім мен әлемнен, адамдардан қарадай.

Жүректері –жылбысқы бір, ал қандары қара май,

Қара аспанда ыңырсиды жаралы ай.

Қаңғып келем.....

Сезем, мені Батыраштар тосады,

Асыранды қасқыр итін әлдекімдер қосады.

Сенбейтұғын ешкімге сезімдерім секемшіл,

Тапқан жоқпын дос әлі.

Туғанымда тапқан анам жеріген,

Содан бері тағдырымды белгісіздік белгісіне телігем.

Қара қайғым-қатар жүрген көлеңкем,

Жолдаспын ғой сенімен.

Балалығым жетімдіктің ит жеккеніне айдалған,

Жан таппадым жүрегімді жылытар мына жалпақ қайраннан.

Жақындама жау болсаң, жұлып, жарып тастаймын,

Азу тісім алмас қылыш қайралған.

Ал ұнатсаң құшақ жай да, қабыл ал,

Қаңғып келеді қаны қара қабылан.

Серік Елікбай

Соңғы жылдары жетім балаларды асырап алуға ниет етушілер көбейді. Былтыр қайырымды жандар 3712 жетім баланы өз отбасыларының тәрбиесіне алып, мейірім шапағатына бөлепті. Қараушысынан айырылған жетім балаларды асырап алу саны да жыл санап артуда. Осыдан 4 жыл бұрын Қазақстандықтар 2773 баланы, 2014 жылы 3044 баланы өз отбасыларына тәрбиелеуге алыпты. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда 271 балаға артық. Мұның өзі елімізде бала асырап алу жақсы үрдіске айналып жатқаннын көрсетеді. Сонымен қатар қазақ балаларының шетел асып кетіп жатқандары да өтірік емес.Соның дәлелі шетел асқан 8169 тұлдыр жетім балалардың 3752 баласы қазақтар яғни 45.9%. Шетел азаматтары асырап алған балалардың жағдайын неге білмейміз? Бұл өзі айта айта жауыр болған мәселе. Олай дейтініміз, белгілі журналисіміз зиялы деп жүрген ағаларымыздың біріне хабарласып, асыранды балалардың жағдайлары жайлы әңгіме қозғағысы келсе: «Бұл мәселені талай айттық қой...»- деп, қысқа қайырады.

Халықаралық деңгейдегі даулардан кейін етек жеңін жия бастаған Ресейдің бас прокуратурасы 2006 жылдан бері шетелде 13 асыранды орыс баласының өлтіргенін жария етті.

1999-2016 жылдары аралығында 6014 бала шетелдіктердің тәрбиесіне берілген деген дерек көздері бар.Бұл балалардың 5308 АҚШ та,163 бала Бельгияда, 126 бала Ирландияда , 152 бала Испанияда ,59 бала Германияда 45 бала Францияда.

Дегенмен әлі күнге дейін шетел асқан балалардың нақты саны мен тағдыры жайлы мәліметтердің жоғын ескерсек, жаңа деректерде әр қилы болуы мүмкін. Ал, асырап алған балалардың басына шетелде үлкен қауіп төнуі ықтимал. Олардың шетелде қамқоршысы болмаған соң, балалардың қорғансыздың кейпін киері анық.

Шетелде жетім балалардың басына төнетін қауіп тізімі

Зерттеуші: Кәмшат Тасболатова былай жазған:

1 қауіп:

Өгей ата-аналардың қолынан қаза табу.

Статистика көрсеткендей, шетелдік азаматтар асыранды балаларына қол жұмсауды әдетке айналдырғандай, Ресейдің бас прокуротурасы АҚШ-та өлтірілген 12 баланың қашан, кімнің қолынан, тіпті, не үшін өлтірілгені жайлы толыққанды мәліметтер бере алады. Ал Қазақстаннан асырап алынған балалардың қаншасы аман-есен, қаншасы балалар үйінде жапа шегіп жүргендігі жайлы мәліметтер жоқтың қасы. Шетел асқан балалардың бәрі тірі ме? Бір өкініштісі елімізбен өзара дипломатиялық келіссөздер жүргізбеген, соның салдарынан Қазақстанның консулдық қызметі ашылмаған елдерде де асыранды қазақ балалары тұрады екен

2 қауіп:

Адам органдарын сататын қылмыстық топқа тап болу.

Қазір әлемде адам органдарынан қымбат зат жоқ. Шетелдік миллионерлер мен миллиардерлер керекті орган үшін қырруар қаржы жұмсауға әрдайым дайын. Бұл-үлкен әлемдік проблема.

3 қауіп:

Сектанттар мен асырап алыну

Негізінен бүгінде көптеген миссионерлік ұйымдар әсіресе мұсылман балаларын асырап алуды жөн санайды. Өкінішке қарай, Қазақстанда мұсылман дінін ұстанатын қазақ балалары мен провослав дініндегі орыс балаларын американдық отбасылары жыл сайын көптеп асырап алады. Балалардың аттарын згертіп жатқан американықтар олардығ діни нанымдарында өзгертіп жатқандарына шүбә жоқ. Олар таза «Американдық өнім» болып шығады

4 қауіп:

Бір жынысты отбасында тәрбиелену

Күллі әлемді өз ығына жығып жатқан демократия азғындаған батыс қоғамының өмірлік түсініктеріне де еркіндік берілуде, Батыста бір жынысты махаббат қалыпты жағдай ретінде қабылданады. Тіпті, оларға ерлі-зайыптылар ретінде үйленуге рұқсат берілген. Мұндай отбасылар асырап алған бала қандай болмақ?!

«Жүрегімнің жұмсарып, арманыңа жетуіңді қалаймысың? Онда жетімге мейрімділік істе, басынан сипа және тамағыңнан оған жегіз.» делінген қасиетті хадисте. Өз қандастарымызды өз қамқорлығымызға алып, Алланың халқымыздың алдында ризашылыққа бөленейік.







Қорытынды

Тоқырау заманы бітті деп жүрміз. Жаңаша ойлау, жаңаша толғану заманындағы көз жұмбайлықты кімге жабамыз? Жетім балалардың бүгінгі жан күйзелісін мен қайғысын көре тұрып, тыныш ұйықтап, бейқам өмір сүре алмаймыз. Дүниедегі бар нәрсенің шама шарқы, қорланудыңда шегі бар. Ендеше ,бір тоқтап, соңымызда кімдер қандай болашақ келе жатқанын, оларға не қалдыратынымызды ойлағанымызды абзал. Бұл үлкен қаражатты да қажет етпейді, атадан қалған кең байтақ жерден өз ұрпағына ұлтарақтай жер бұйыртса болғаны. Ата-бабамыздың байлығын келешегіміз баладан ,анадан аямайық. Балалардың өзгелер тарапынан теперіш көруіде белең алып жүр. Осындай әрекетті болдырмаудың алдын алу 2008 жылдан бері республикалық сенім телефоны жұмыс істеп келеді. Осы жылдан бері балалар құқығын бұзу бойынша 7260 мәрте телефон қоңырауы түсіпті. Осыдан-ақ, қоғамымыздың балалар арасындағы тәрбие жұмысының әлі де жетілдірілмей тұрғанын көресің.

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың көбеюі, болашақ жастарға үміт артып отырған Қазақстан үшін атап айталық негізгі мәселелердің бірі.Күллі мейрімді де қайырымды отбасындағы аналарды да ақжүректілікке шақырамыз. Балаға деген жылулық пен мейірімділікте, қайырымдылықта тек қана анадан басталатынын және даритынын естен шығармайық. Ана үшін ешқандай жаттығы жоқ. Баланың көз жасы ананың көз жасы.

Жетім-жесір, кәрілік пен мұқтаждық бойлап зерттеуге тұратын мәселе. Бәлкім, бұл сөздер бойында оты, көкірегінде сәулесі бар талай жасқа ой салар. Ойдан ой тұтанып, жетімдіктің тууының түп тамырын білек сыбанып іздесек, бұл бағыттағы таным-түсінігіміз де едәуір кеңейер еді. Әрине,ақиқат жолы қашанда ауыр. Бұрын әр ру, әр әулет жетімдерін тебуді намыс көретін. Жетімді сыртқа тебу сүйекке таңба, елдікке мін. Осы бір ағайынның ауызбірлігін, адамгершілігін танытатын қасиет ауылдық жерлерде әлі де сақталған. Соның бір мысалы , Алматы обылысындағы Талғар қаласында Тұяқ атты апамыз 300 бала асырап алса,Павлодар қаласындағы Екатарина атты орыс ұлтының өкілі өзінің үш баласымен қоса балалар үйінен он екі бала асырап алған. Сонымен қатар бұл отбасы кемтар балаларды асырап,оларға медициналық көмектер көрсетеміз дейді.өзге ұлттың өкілдері қазақтың он екі қара баласын асырап алып жатқанда, біз өзіміз неге асырап алмасқа. Бізге ауызбіршілік пен адамгершілік өте қажет. Ізімізді басып келе жатқан ұрпақтың бойында осы ұлы қасиетті сіңіре алсақ,іргеміз берік болары анық.

Алла «Адамға ғұмыр бердім, көретін жарық,тататын дәм,таусылмас арман бердім, бірақ ниетін өзіне қалдырдым» депті. Барлығы да осы ниет атаулыдан басталады десек, жетімдіктің дәмін татқан жасөспірімдердің ендігі болашағы да тек өз ниеттерін де, мақсаттарында болар.

Қоқыста жатқан балалар

Оларда қандай шама бар

Өзінен шыққан перезентін

Тастаған сыртқа аналар.

Адамдардың далаға ақша тастап кеткенін көрмеппін

Бірақ далаға бала тастап кеткенін естідім.өкінішті....
















Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. М Әуезов «Жетімдер» әңгімесі

  2. С Мұратбеков «Жусан иісі»

  3. Қ Қайсенов «Жау тылындағы бала»

  4. М Мағауин «Бір атаның балалары»

  5. М Әуезов «Қорғансыздың күні»

  6. Ислам және өркениет /сәуір, 2014

  7. Семей таңы 2011жыл

  8. Дидар 2013ж

































































Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай

ауданы Жаңаталап ауылы «Жаңаталап

орта мектебі» КММ 7-сынып оқушысы

Жалелова Маржанның зерттеу жұмысына


ПІКІР

КММ «Жаңаталап орта мектебінің» 7-сынып оқушысы Жалелова Маржанның қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша зерттеу жұмысының тақырыбы «Көркем шығармалардағы жетім балалар мен қазіргі қоғамдағы жетім балалардың тағдыры».

Зерттеу жұмысының артықшылығы: Бұл еңбекте оқушы М.Әуезовтың «Жетімдер» әңгімесі, М.Мағуиннің «Бір атаның балалары», С.Мұратбековтың «Жусан иісі» сияқты әдеби шығармалардағы жетімдердің тағдыры мен қазіргі қоғамдағы жетім балалардың тағдырын салыстыра зерттеді.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: қоғамда тастанды балардың көбейіп кетуі. Шетелге бала сату мәселесінің орын алуы. Елімізде балалар үйінің көбеюі.Ата анасыз өскен балалардың болашағы.

Зерттеудің жаңашылдығы: көкек аналары безінген жетімдерге бүгіндері мемлекеттің қандай қамқорлығы көрсетіліп жатқандығы баяндалады.

Оқушы бұл зерттеумен айналысу барысында мақалалар, газеттер, әр түрлі жетімдер туралы жазылған кітаптарға сүйенді.

Оқушы зерттеу жұмысына баяндаулар, жинақтау, оларды саралау, талдау жасау әдістерін қолдана жүргізді.

Зерттеу жұмысының кемшілігі: зерттеу жұмысын тереңірек зерттеуге зерттеу қорының аздығына байланысты қазіргі қоғамдағы жетімдердің тағдыры жайлы ақын-жазушылардың шығармаларының жетіспеушілігі.

Зерттеудің құрлымы:кіріспеден, екі тараудан, қортындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.



Мектеп директоры: А Қ Камзаева

Ғылыми жетекшісі: А Кесенбаева





Автор
Дата добавления 14.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров643
Номер материала ДБ-031485
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх