Инфоурок Дошкольное образование Другие методич. материалыКүз мерекесіне арналған «Күз қызығы» атты ертеңгілік

Күз мерекесіне арналған «Күз қызығы» атты ертеңгілік

Скачать материал

«Күз қызығы»

Күз мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі


Мақсаты: Күз мезгіл туралы өлен-тақпақтар айту, ән арқылы балалардың бойында адамгершілік, инабаттылық сезімдерін ояту.

Дамытышулық: Балалардың күз туралы алған білімдерін дамыта отырып көңіл-күйлерін көтеру.

Білімділік : музыкаға деген сүйіспеншіліктерін оята отырып әндерді бір қалыпты табиғи дауыспен мәнерлеп айтуға үйрету.

Тәрбиелік:Балалардын музыкаға деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Береке бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз.

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз!

Бүгін біздің зал қандай әдемі, түрлі–түсті жапырақтарға толы.

Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?

Балалар: Күз мейрамы!

Жүргізуші: Күздің құрметіне «« АСТЫҚ » биін билеп берейік!


« АСТЫҚ» биі


Би біткен соң залға Әлия- қыз жылап келеді.


Әлия: Әже, әже, әжеме барам! А-а-а!

Жүргізуші: Сен кімсің? Неге жылайсын?

Әлия: Менің атым Әлия! Мен сүйікті, өзім жақсы көретін әжемді сағындым!

Жаз бойы әжемен бірге ойнадым, ол маған көп қызықты ертегі айтатын.

А-а-а! (жылай бастайды) Әжеме барамын!

Жүргізуші: Тоқта, тоқта, жылама! Балалар, Әлияға көмектесу керек! Әлия, біз саған әжеңе баруға көмектесейік.

Әлия: Ол ауылда турады, ауылы алыс, оған тек поезбен жетуге болады.

Жүргізуші: Жақсы, онда, балалар, поезға отырайық та, Әлиямен бірге сүйікті әжесінің ауылына барайық.

Бәрі поезға отырғандай болады. «Поезд» біраз жүріп, токтайды.

Жүргізуші: Балалар, қараңдар, қандай әдемі айнала, ағаштар сары көйлек киіп, жерді алтындатты.


Алдынан Қүз ханшайымы шығады.

Күз: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Қайда жол тарттындар?

Жүргізуші: Біз балалармен Әлия әжесінің ауылына бара жатырмыз. Сені, Күз, біз де көруге куаныштымыз! Балалар Сіз туралы тақпақтар, ән де көп біледі.

Балалардың тақпақтары

Келді күз, келді күз,

Бүгін мейрам, алақай!

Көңілді әніміз

Шырқайық біз бәріміз.

Ән « Күз»

Күз: Қандай ақылды балалар! Ал, ойынды ұнатасындар ма?

Жүргізуші: Әрине, ойынды балалар жақсы көреді, ойынға олар әркез дайын.

Күз: Олай болса, маған мына әдемі әр түсті жапырақтарды жинауға көмектесіңдер.

Ойын « Күзгі жапырақтар»


Балалар жапырақтарды әр түсіне қарай жинайды. Күзге бір шоғын береді.

Әлия: Қандай әдемі жапырақтар! Бұларды мен сүйікті әжеме сыйға берсем бе екем? Әжем қатты қуанып калуші еді.

Күз: Олай болса, Әлия, әжеңе тез барып қайтайық.

Жүргізуші.: Жолымыз көңілді болу үшін әнді орындайық!


Ән «Күз келіпті»


Барлығы тағы поезға отырып, жол жүреді.

Күз: Міне, балалар, біз Әлия әженің ауылына келдік.

Әлия: Әже, әже, сәлеметсің бе! (алдынан әжесі шығады)

Әже: Сәлеметсің бе. балапаным! Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен мұнда жалғыз тұрған жоқпын, менімен бірге көп достарым бар. Қәне, шақырайық, оларды қарсы алайық.

«Әженің балапандары» биі


Жүргізуші: Ал, біздің кішкентай балапандардың Сізге (әжеге қарап айту) жыр–шашуы бар.

« Жаңбыр» әні


Балалардың тақпақтары


Күз: Қымбатты Әже! Сіздің иығыңызда қандай керемет әдемі орамал!

Бұл орамал, мен ойлаймын, жәй орамал емес. Мен бұл ғажайып орамалмен балаларға ойын сыйлағым келіп тұр.


«Сиқырлы орамал» ойыны

Балалар көңілді музыкамен залда жүреді, музыка біткенде, отырып қолдарымен көздерін жұмады. Күз бір баланы орамалмен жабады.

Күз: Бір, екі, үш!

Орамалды көтереміз

Кім бар астында көреміз!

Көзіңді аш, атыңды айт, кім орамалдың астында қалды?

Ойын үш рет ойнатылады, соңғы ретте Күз орамалмен алма толған себетті жабады.

Жүргізуші: Барлық бала осында! Орамалдың астында кім қалды?

Күз: Орамалды көтереміз, астында не бар көреміз!

Бұл не, балалар? Бұл менің сендерге арналған сыйлықтарым!

Әже: Мен де балапандарыма сыйлық бергім келіп тұр!

Әлия, кұлыным, көмектес маған (бауырсақ алып шығады).

Жүргізуші: Сіздерге үлкен рахмет, ал бізге балабақшаға қайту керек.

Күз, Әже: Сау болыныздар!

Балалар бақшаға оралады.

Жүргізуші: Балалар, бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма? Ал Күздің және Әженің сыйлықтары ше? Тобымызға барып, олардың дәмін көрейік!

Бірақ Күз бізбен әлі қоштаспайды. Біз далаға серуенге шыққанда онымен кездесеміз.

Берекелі бақ– дәулет,

Арта түссін тойланып.

Сау болайық бәріміз,

Келгенше күз айналып!

(Балалар ән ырғағымен залдан шығады)



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Күз мерекесіне арналған «Күз қызығы» атты ертеңгілік"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Клининговый менеджер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 268 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.02.2016 1031
    • DOCX 15.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакупова Анар Хибатуллаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакупова Анар Хибатуллаевна
    Жакупова Анар Хибатуллаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7889
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компетенции тьютора и его роль в современном дошкольном образовании

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 331 человек

Курс повышения квалификации

Основы управления дошкольной образовательной организацией

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 67 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация воспитательной работы в условиях интерната семейного типа

Специалист в области воспитания

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Экономика и управление

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Творческие возможности в мире фотографии и медиа

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 421 человек из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек