Инфоурок Школьному психологу Конспекты«Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет».

«Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет».

Скачать материал

                                       

 Сабақтың  тақырыбы:  «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет».

                                                                                              (өзін –өзі тану 2 сынып)

Мақсаты: «Сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру;

- сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту,

- үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу;

Көрнекі құралдар:дәптер, оқулық,  үлкен және кіші ағаш суреттері, ақ қағаздар, жүрекшелер.

Шаттық шеңбері

Қайырлы күн, балалар!                                                        

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келсін қуаныш нұр іздеген,

Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз

Үлгі алсын көрген жан мына бізден

Сендердей ақылды, мейірімді, білімге құштар балаларды көргеніме мен бүгін өте қуаныштымын.Ендеше, сендерде сондай қуанышты жүзбен бір – бірлеріңе күлімсірей қарап, бас иіп амандасайық.

Балалардың амандасуы.

- Рахмет! Балалар, жаңа бір - бірлеріңмен амандасқандарыңдай, бас иіп сәлемдесу, алғыс айту, тіпті бір ауыз сөз айтпай - ақ та жымиып бас ию - адамға деген құрметті, сыйластықты білдіреді.Сенің айналаңдағы адамдарға деген құрметің жымиып тұрып жылы жүзбен амандасудан басталады.Сый, құрмет үлкенге де, кішіге де көрсетіледі.Тіпті үлкендер өзінен жасы кішілердің әдептілігін, көргендігін, тәрбиесін сыйлап бірінші болып амандасуы да мүмкін. Ризашылықтарын білдіріп, алғыс айтады, баталарын береді.

Ендеше , қазір біз, балалар бүгінгі күніміздің шапағын ұстап тұрып бір – бірімізге жақсы тілектерімізді тілейік.

Аспанымыз ашық болсын!

Өміріміз күлкіге толсын!

Деніміз сау, отбасымыз аман болсын!

Әр күніміз жарық болсын!

Жұмыстарыңыз жемісті болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Жанұяларыңыз берекеге толсын!

Көк туымыз биікте желбіресін!

Бір - бірімізге мейірімді болайық!

Көңіліміз мөлдір бұлақтай таза болсын!

Рахмет. Балалар, енді бәріміз мына өлең жолдарын қайталап айтып, орнымызға жайғасайық.

Жақсылықтан үйреніп,

Боламыз біз жақсы адам.

Жамандықтан жиреніп

Үлгі аламыз жақсыдан.

Сабақ тақырыбын хабарлап, дәптерлеріне жаздыру.

Әңгімелесу

• Өзіңді, өзгені құрметтей білесің бе?

• Өзара сыйластыққа қалай жетуге болады?

• Достарыңмен арада қандай сыйластық бар?

Балалардың өз ойларын еркін айтуына және сыйласымды қарым - қатынас

жасау адамның өзіне байланысты екенін түсіндіру.

Мәтінмен жұмыс

Әңгімені оқып, талдау арқылы адамның әр ісінде, жүріс - тұрысында сыйластық қажет екенін ұғындыру.

Үш дос М.Төрежанов

• Балалар неліктен бірге ойнай алмады?

• Бір - бірімен сыйластықта болу үшін адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек?

Ойын - жаттығу. «Құрмет - ізет»

Тақтаға алма ағаштардың (үлкен, кіші) суреті салынған плакаттар

ілінеді.Оқушыларға қағаздан жасалған алмалар таратылып беріледі.Алмалардың артқы бетіне құрметті, ізетті білдіретін сөздер жазылған, ал жолақтарға сөздер жазылмаған.

Оқушылар алмадағы сөздерді дауыстап оқып, осы сөздер үлкендер айтатын сөздер болса - «үлкен ағашқа», кішілер айтатын сөздер болса - «кіші ағашқа» іледі.

Алмадағы сөздердің үлгісі: өтіңіз, жолыңыз болсын, сізге рахмет,

отырыңыз, ғафу етіңіз, сау болыңыз, алыңыз, айтыңыз, кешіріңіз, ала ғой, тыңдай ғой, кешірім ет, сау бол, айта ғой, көмектес, жол бер, сыйлы бол, әдепті бол, сыпайы бол.

Ойын - жаттығу бойынша орындалған тапсырма нәтижесін қорытындылау

- Балалар, енді үлкен ағашқа ілінген сөздер үлкенге құрметті білдіреді, сондықтан оны «Құрмет» ағашы, ал кіші ағашқа ілінген сөздер кішіге ізетті білдіреді, сондықтан оны «Ізет ағашы» деп атайық.

Рахмет!Балалар, тапсырманы ойдағыдай орындап шықтыңдар деп ойлаймын.Енді, оқулығымызда берілген жаңа ақпаратпен танысайық.                                                                  

Жаңа ақпарат

Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді.Өзара сыйластық достыққа әкеледі.

Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкелетінін түсіндіру.

Жаңа ақпаратты дәптерлеріне жаздыру.

Сахналау. (оқушылар  мәтінді өз беттерінші саханалайды)

Автобус  ішіне аялдамадан әжей кірді.Орындықта отырған самат орнынан тұрып әжейге орын  берді. Ал Асхат болса әжейді көрмеген кісідей отыра берді.

-         Балалар қай бала дұрыс жасады?

   Айгүл қуыршақ ойнап отыр еді. Мұрат келіп оның қуыршағын тартып алды, ал  Мәлік болса Мұраттың дұрыс істемегенін айтып, қуыршақты кешірім сұрап өзіне қайтаруын талап етті. Мқрат Мәліктің айтқан талабын орындады.

-         Мәлік қандай бала?

-         Мұрат дұрыс жасады ма?

Сергіту сәті.

Тапсырма

Бүгінгі сабағымызда айтылған ой - пікірлерді қалай түсінгендеріңді байқау

үшін мен, сендерге мынадай тапсырма бергелі тұрмын.

1 топқа тапсырма: «Менің айтар ақылым»

Бос жолдарға қарындасыңа (сіңлі) , ініңе арнап ақыл хат жаз.

2 топқа тапсырма : «Менің тыңдар ақылым»

Бос жолдарға үйдегі үлкендердің өзіңе айтатын ақылдарын жаз.

Жариялау.

Жүректен - жүрекке

Қолымызға мына кішкене жүрекшелерді ұстап тұрып мына өлең жолдарын

бірге айтамыз.

Құрметтеп ата - анамды,

Ардақтап әпке, ағамды,

Қамқор боп сіңлі - ініме,

Сыйлымын үлкен – кішіге

Бәрін де жақсы көремін,

Үнемі көмек беремін.

Үлкенді сыйлау - кішілік,

Үлгілі мінез - кісілік.

Осындай жылы жүректерге толы шеңбер аясында тұрып, қуанышты көңілмен ән салып, сабағымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                                                  Қараторғай орта мектебі.

 

 

 

Тақырыбы:  «Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет» (өзін –өзі тану 2 сынып)

 

Өткізген:Әбжан Бақыт Тоқайқызы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                 2015-2016 оқу жылы.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Үлкенге - құрмет, кішіге – ізет»."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ученый секретарь

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 606 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.11.2015 4326
    • DOCX 416.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абжан Бакыт Токайкызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Абжан Бакыт Токайкызы
    Абжан Бакыт Токайкызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 29723
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Компьютерная зависимость детей школьного возраста и способы психологической помощи при выходе из психологической зависимости

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Использование гелотологии (смехотерапии) в практической деятельности психолога

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение образовательной деятельности

Тьютор

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 94 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 57 человек

Мини-курс

Основы программирования и мультимедиа: от структуры ПО до создания проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Цифровая трансформация в бизнесе: аспекты управления и развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе