Инфоурок Классному руководителю КонспектыӘлкей Марғұлан- елін, жерін танытқан ерен ер

Әлкей Марғұлан- елін, жерін танытқан ерен ер

Скачать материал

Әлкей Марғұлан- елін, жерін танытқан ерен ер

/салтанатты жиын сценарийі/

машықкерлерге ұсынылады/

                                                                              

Мақсаты: Ұлы ғұлама ғалымның өмірін, қызметін таныту, үлгі ету.

•    1 – ші жүргізуші:
Армысыздар, Академик Әлкей Марғұланның  туған күніне орай ұйымдастырылып отырған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.  

•    2 – ші жүргізуші:     
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгін біз Ғұлама ғалым Академик Әлкей Марғұланның өмір баянымен, өмір жолы туралы баян етеміз.

•    1 – ші жүргізуші:
Халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том – том бағалы кітаптар жарияланып, біміл қорының молаюына ықпал жасаған, кеменгерлердің ең көрнектілерінің бірі – АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН. (оқушылар ортаға шығады)

1 – оқушы:Әлкей Марғұлан… бұл есімді жеке дара атай алмаймыз. Баянауыл өңірінде туып, ерте есейген Әлекең болашақ даналар: Ұлы Мұхтар, ұлы Қаныш, ұлы Жүсіпбектермен бірге өсті. Кешегі Абай, Шәкәрім мұрасы жол сілтеді. Ленинградта оқып, дана Шоқан өткен жолды көрді. Осылайша Әлкең көп білетін әмбебап ғалымға айналды.  Тарихтың, шежіренің сәулет өнерінің, заттық мәдениеттің көзден таса, көңілден ұмыт қалып қойған есекерткіштерін бүкіл саналы өмірінде ерінбей іздеумен болды.
2 – оқушы:
Қазақтың археология және этнография мектебінің негізін қалаушы, шығыстанушы, әдебиеттанушы, өнертанушы, тарихшы ғалым, академик Әлкей Марғұланның қазақ ғылымының дамуына қосқан үлесі ұшан-теңіз.

Әлкей Хаканұлы Марғұлан 1904 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында дүниеге келген. «Википедия» онлайн-энциклопедиясында мынадай мәліметтер берілген:

– …Әлкей Марғұлан Абылай ханның ту ұстаушысы Олжабай батырдың шөбересі. Оның әкесі Хакан мен анасы Нұрилә өз уақытының көзі ашық адамдары болған. Сол дәуірдегі қазақ даласындағы ақындар мен жыраулар бұл шаңырақта жиі бас қосатын болған, Хакан мен Нұриләнің шаңырағында Абайдың өлеңдері оқылып, Жаяу Мұса мен Ақан серінің, Тәттімбеттің шығармалары орындалған.

3 оқушыАуыл мектебінде, одан кейін үш жылдық орыс мектебінде оқыған  Әлкейдің бозбала шағы Қазан төңкерісіне тап келеді. 1919 жылы мұғалімдер курсына оқуға түскен ол бір жыл оқып, туған ауылында мұғалім болып жұмыс істей бастайды. 1920 жылы танымал фольклоршы Ә.Диваев қазақ кеңес фольклорын зерттеу мақсатында Жетісуға және Сырдария өзеніне ғылыми экспедиция ұйымдастырады. Сол экспедицияның құрамында Әлкей де болады.

4 оқушы: Өз біліміне қанағаттанбаған Әлкей 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына оқуға түседі. Сол замандағы алғашқы орта оқу орнының директоры Әлкейдің нағашы атасы Әбікей Сәтбаев (Алашорданың мүшесі) болған. Осы техникумда болашақ академик және геолог Қаныш Сәтбаев пен жазушы-драматург Мұхтар Әуезов те оқыған. 1928 жылы Мұхтар Әлкейді өзімен бірге Ленинградта оқуға шақырған. Ол заманда жақсы оқитын студенттердің бірнеше оқу орнында қатар оқуына рұқсат етілген. Әлкей Марғұлан осы мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, үш жоғарғы оқу орнында, атап айтқанда, Шығыстану институтында, Материалдық мәдениет институтында (кейіннен Археология институты деп аталған) және Өнертану институтында қатар оқыған. Ә.Марғұлан В.Бартольд, С.Олденбург, И.Крачковский, А.Самойлович сынды ұлы орыс ориенталистерінен дәріс алған.

5 – оқушы:
Ол өзінің даласына деген сүйіспеншілігін өмірінің соңына дейін тұмардай сақтап, оны иманына айналдырды. Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Байқоңыр бойындағы тас мүсіндердің, таңбалардың тарихын зерттеуін қазақ ғылымына қосылағн өлшеусіз еңбек деп білеміз.
Сыр, Талас, Шу бойындағы Отырара, Тараз, Сайрам, Сыңанақ қалалары арқылы көне тарихи құпияларының сырын ақтарды./ слайд/

  1 – ші жүргізуші:— Академик Әлкей Марғұлан  туралы айтқан пікірлеріне құлақ салсақ:

1 – оқушы:
Әлкей  Хақанұлы Марғұлан өзінің бүгінгі қуанышы мол еңбек жолымен мұнан 58 жыл бұрын, 1926 жылы 22 жасында тұңғыш ғылыми экспедициясымен бастап еді.  Әлекеңнің жан – жақты баға жетпес қыруар еңбектерін еске алсам, көз алдыма балбал тасты ұшы – қиыры жоқ қазақтың байтақ даласы, өзіндік архетектуралық құрлысқа бай қалалары, Әлекең еңбегі арқасында шешуін тауып, бүгінде көкіректе сайрап тұрғ ан қыруар жұмбақ сырлары елестейді.
СССР халық суретшісі Қанапия Телжанов:
2 – оқушы:
Әлекеңнің бейнесі әлгі күнге дейін көз алдымда. Кере қарыс маңдайлы, бір кездегі қалың бұйра шашы бозамық тартып, қос самайға сырғып кеткен кезі, аз – мұз тотыққан дауысы бәсең шыққанымен, әңгіменің мазмұнына орай сан қилы құбылатын. Жаймен ағатын арнасы кең өзендей , өткен – кеткен небір ғажайып оқиғаларды тыңдаушыға түйдек – түйдегімен тастап жататын. Ызғарлы қысы мен жайма шуақ жазы бар, құлар ойы мен шығар биігі бар ұзақ өмір жүйрік көңіліне жүген сала алмағандай көзінен отын алса да, ақыл —  ойын, арманынан ала алмағандай көрінуші еді.
Шоқан Уәлиханов
3 – оқушы:
«Әлекеңнің, сөйлеу, ойлау толғау ырғағында Мұхтар а,амен үндестік бар еді. Ғажайып ойшылдардың лықылдап келіп тұрған ойлары оларды әуелі іркілтіп тастайтындай көрінетін. Ойлар орын – орнына келіп, кешікпей тұжырымдар ағыл тегіл төгіліп, теңіздегі толықындардай жарға соғатын».
Манаш Қозыбаев
Дарынды Әлкей  Хақанұлы Марғұланның ұстаздық қыры кім – кімді де мол ғибратымен, көшпелі парасат – пайымымен тәнті  етеді. Бүгінгі сан тарау болып болып өріс алған тарих, этнография, археология, фольклористика, архитектура мен қол өнер тарихы сияқты ғфылым салаларында Әлекеңнің де өзіндік із сайрап жатыр. Әсіресе, сол салаларда танымал болған ондаған тіптен жүздеген ғалымдар Әлекеңнің алдын көріп, ұлағатты ойларынан сусындағаны анық.

2 – ші жүргізуші:   Ғұлама ғалымның қазақтың тарихы мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосқанына ақындар да бағалап, пайымдай білді. Ендеше Этнограф, филолог, археолог бір сөзбен айтқанда Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланға    арналған өлеңдерге жолдарына кезек берейік.

АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН
Ғафу Қайырбеков
Білмейтін байдан ба, жарлыдан
Дүниеге туып бір қалды ұлан
Туды да «білім» деп салды ұран –
Ашылып кең сарай алдынан-
Жас – бала – Әлкей Марғұлан

Жер – көктің тарихын қамтыған
Талай теңдерді шындаған,
Шешем – деп тосыннан «салды лаң»
Халайық боп қалды таң бұған –
Жас жігіт  — Әлкей Марғұлан
Ісләм Жарылғапов (Әлекеңе арнау)

•    1 – ші жүргізуші:
Құрметті оқушылар мен ұстаздар сіздерді қазақтың бір туар азаматы, археолог, энограф, ғалым бір сөзбен айтқанда АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ  ХАҚАНҰЛЫ МАРҒҰЛАННЫҢ туған күн мерекесімен құттықтай отырып сау болыңыздар дейміз!

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Әлкей Марғұлан- елін, жерін танытқан ерен ер"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Әлкей Марғұлан- елін, жерін танытқан ерен ер

/салтанатты жиын сценарийі/

Мақсаты: Ұлы ғұлама ғалымның өмірін, қызметін таныту, үлгі ету.

Ғұлама ғалым Академик Әлкей Марғұланның өмірбаяны, өмір жолын таныту, халқымыздың тарихын, мәдени шежіресін жалықпай зерттеп, том – том бағалы кітаптар жарияланып, біміл қорының молаюына ықпал жасаған, кеменгерлердің ең көрнектілерінің бірі – АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАНныңөмірі мен халқына жасаған қызметін үлгі ету.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.06.2015 2674
    • DOCX 20.6 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем АРХЫМАТАЕВА НУРИЛА ЖАКСЫЛЫККЫЗЫ. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 68993
    • Всего материалов: 20

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 784 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 995 человек

Курс повышения квалификации

Профилактика компьютерной зависимости и безопасность в сети Интернет среди детей и подростков

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 54 человека из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 144 человека

Курс повышения квалификации

Деятельность классного руководителя в соответствии с ФГОС в условиях современной школы

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 747 человек из 75 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 999 человек

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление личной продуктивностью менеджера

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе