Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / М. Өтемісұлы "Баймағанбет сұлтанға айтқаны" өлеңі (9 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

М. Өтемісұлы "Баймағанбет сұлтанға айтқаны" өлеңі (9 сынып)

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы : Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаныөлеңі

Сабақтың білімділік мақсаты : Өлеңді түсініп оқып талдауға , салыстырған теңдеулерді табуға,кейіпкерлерге мінездеме беруге үйрету.

Сабақтың дамытушылық мақсаты Оқушылардың сөйлеу тілін дамыта отырып,өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі Махамбеттің суреті,Махамбеттің шығармалары, буклеттер,плакаттар т.б

Сабақтың өту әдісіСын тұрғысынан ойлап, талдау жасау және өз пікірін қорғау сурақ-жауап әдісі.

Сабақтың барысы 1.Ұйымдастыру кезеңі

А)Оқушылармен сәлемдесіп,сабаққа қатынасын бақылау

Ә Сабаққа даярлығын тексеру.

2.Кіріспе бөлім.

1.Қызығушылығын ояту сатысы.

Ойласам ер шығады ер сайыннан

Сен шықтың жағаласып көп ойыннан

Қарсыласың қарсы келсе қақ жарасың

Қара нан төгілгенде ат мойыннан

Найзамен қарсы келсе қақ жарған ер

Қайратын көріп дұшпан таңданған ер

Дұшпанменқарсы келіп жанасқанда

Шаншылып айдаһардай қамданған ер

Міне балалар байқадыңдар ма? Жақсы ұл-еліне бас , жаман ұл-еліне қас дегендей, елі үшін еңіреген , халқы үшін қалың жауға қарсы шыққан небір ерлеріміз , батырларымыз өткен тарихынан да аңғарылып тұрған жоқ па? Сондықтан да біз батырларымыздың ерлігін мақтаныш сезіммен айта аламыз.

Ендеше біз қазір өздерімен оқыған өлеңіміз туралы ортақ пікірлесеміз. Оқушыларды тақтаға шығарып,үш топқа бөлемін.

1.Ізденімпаздар тобы.

2.Сұрақ қоюшылар тобы

3.Зерттеушілер тобы

-Сендер қай батырды өлеңін оқып білдіңдер?

-Жалынды,батыр ақын Махамбеттің өлеңі “Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқаны”өлеңін оқып білдік.

-Ол жалынды,дауылпаз ақын,әрі батыр.

Олай болса батыр қандай болады. Ол кім? Сол жөнінде идеямызды топ тастырайық.





Әр топтан оқушы лидер болып өз пікірлерін қорғайды

1топ. Ізденімпаз тобының оқушылары жыр үлгісіндегі сюжеттік оқиғалардың өрбитін тұстарын жазып оқиды.

Махамбеттің өзі Жәңгір ханның ордасында болып ханның баласы Зұлқарнайға қамқоршы болған.Бір жарыс әңгімеде, теріс бағытқа түсіп Жәңгір Махамбетке “Құл саған да билік керек пе?”-деген. Содан олардың жолдары айырылысқан.

Қане, жырдан оқып қарайық!

Хан баласы ақ сүйек

Ежелден табан аңдысқан

Ата дұшпан сен едің

Ата жауың мен едім. Жыр оқиғасында,Махамбеттің хас батырлығы, ер журектілігі жайлы тұсына тоқталады.

Кәр қылар деп ‘’тақсыр-ау’’

Аяғыңа бас ұрман.

Байеке ‘’сұлтан’’ аксуйек,

Қыларың болса,кылып қал.

Кундердің куні болғанда

Бас кесермін жасырман.

Әділдік пен шындыкты,нақ та айкын айта алатын қара қазан,сары бала,еркін жаткан елдің ғана үшін қылыш сермеген Махамбеттің қарапайым кісі еместігі,ерен ерлігі мен адамгершілігі мына тұстарынан байқалады.

Еділдің бойы ен тоғай.

Ел қондырсам деп едім.

Жағалай жатқан сол елге.

Мал толтырсам деп едім

Өлеңде Махамбет озінің батырлығы мен қоса елінің тағдырын қоса ойлайтынын корсетеді.Бұдан батырдың кандай тұлғада екенін аңғарады.

3-топ.Зертеушілер тобы.Өлеңнен Махамбеттің Баймағанбет сұлтанға айтқан хзілді создерін,ақынның бітіспес өшпенділігін білдіретін батыл пікірлерін тауып оқиды.

Байеке,сұлтан ақсертек,

Қыларың болса қылып қал.

Кундердің күні болғанда.

Бас кесермін жасырман-деп батыл айта отырып,келешектегі жарық күнді дәл корсете алды.

Еңсесі биік ақ орда.

Еріксіз кірсем деп едім.

Керегесін қиратып

Отын етсем деп едім...-деп Махамбет,бармағын тістеп нали отырып айтса да,әр созінен оқ,аузынан жалын шашқанын батыл пікірлерінен аңғарамыз.

2.Махамбеттің өзімен Баймағанбет сұлтанды салыстырған теңеу сөздерін,тағып олардың айырмашылығын аңғарамыз.

Бекініп садақ асынған,

Біртіндеп жауды қашырған

Құйқылжыған құла жирен ат мінген;

Құйрық, жолын шарт туйген.

Мен кескекті ердің сойымын

Кескілеспей бір басылман.

Алдыңа келіп тұрмын деп,

Ар,намысымды қашырман.

Сүйегім тұтам қалғанша,

Тартылмай сөйлер асылмын.

Ай,тақсыр-ау,ай,тақсыр,

Бойың жетпес биікпін

Бұлтқа жетпей шарт сынбан...

Айта келген сөзім бар,

Не қылсаңда жасырман

Шамдансам жығар асаумын,

Шамырқансам сынар болатпын.

Махамбет өзінің бейнесін таныту үшін әсерлей суреттеді.Бұдан батырдың қандай тұлғада екені аңғарады.

Соңынан ‘’ сұрақ қоюшылар тобы сұрақтар қояды?

Исатай-Махамбет котерілісі туралы не білесіңдер?

Ол қай кезде,қай жерде болды?

--Асқақ әуелімен Исатай басшының соңынан ерген ереуіл ақыны Махамбет болды.Намысшыл батыр,әрі өр ақын Махамбет өктелдікке,озбырға өрттен жаны шиыршақ ата,ереуілдене Алтай беріп,майданда Исатаймен бірге шығуға бел байлады.1836 жылы 14 сәуір куні Қиялмала деген жерде болды.

- Махамбеттің ата тегі туралы не білесің?

- Махамбеттің арт атасы Қызылбас (парся ) жұртынан.Парсының нәдірше деген патшаның баласы екен, дарияда серуен салып жүргенде кемесі жарылып,Каспий теңізінің бергі бетіне ығып шығады.Баланың аты Құланияз екен.

- Махамбеттің әкесі әкесінің әкесі кім?

Беріш руынан шыққан.Жайық атадан-Дәулет,-Тұмаш,-Жаубасар-Күлмәлі.Ол Құлниязды-Күлмегі деп кеткен.Күлмәлінің қазақ әйелінен-Шыбынтай,Өтемістен-Махамбет дүниеге келген.

-Махамбет қандай дүниеден шыққан?

Махамбетің әкесі Өтемісұлы Жайықтың бергі бетінде Айшуақ хандық құрған тұста беделді бидің бірі болған.

-Махамбет Өтемісұлы қашан,қай жерде дүниеге келді?

1803жылы Орал облысының Орда ауданында,Нарындағы Бекетай құмында дүниеге келген.

-Махамбеттің қандай шығармаларын білесіңдер?

‘’ Ұлы арман’’,”Еңселігім екі ел”,”Атадан туған аруақты ер”,”Мінгені Исатайдың Ақтабан-ай!”,”Исатайдың сөзі”,т.б.

-Махамбеттің жанұясы тураллы не білесің?

Махамбеттің Ұлтуған,Типан дейтін екі әйелі Махмұт, Нұрсұлтан деген екі баласы болған.

-Махамбет қашан,қай жерде дүние салды?

Өзінің алыс тумасы,әрі дос сымағы Төлейдің Ықыласы 20 жігітті ертіп апарып,солардың қолынан Атырау облысы Махамбет ауданындағы Қарай деген жерде дүние салады.Махамбет зираты сол Қараойда.

-Махамбеттің бейнесі қалай суреттеледі?

Бойы -165см,шашы,қасы,мұрты,сақалы қара,бетінде дағы жоқ,қараторы,қой козді,”-деп сипаттайды.

-Махамбеттің қандай қасиетін ерекше атап айтар едіңдер?

Аламанға жел бердік,

Аса жұртты меңгердік.

Қара қазақ баласын,Хан орнына теңгердік.

Өздеріңдей хандарды

Қабырғасын сөгілтіп

Қабырғадан аққан қан

Ат баурына төгілтіп

Әділ” жаннан төгілтіп ,

Ат артына өзгердік

Махамбеттің шабуылы өз қамы емес көпшілік қамы осыдан ел үшін туған жер ер екенін байқаймыз.Батырлығы мен ер жүректілік қасиетін атап айтуға болады.

-Енді міне балалар біз бәрімізде өлеңді талдадық.Әр топ өзінің тиісті тапсырмасын алсын.

1 топ:Батыр келбеті деген тақырыпта сурет салыңдар.

2 топ:Махамбет пен Баймағамбетті салыстырыңдар.Ортақ қасиет не болу керек.

Тақтаға іліп өзім түсіндіремін.Жазған бала қағазын өзі түсіндіреді.

3 топ:Махамбетке арнап өлең шумақтарын шығаруға не “Ел қорғаған- Ер бабаң” атты шығарма жазыңдар.

Қорытынды сөз.

Халықтың азаттығын көксеген,ел бастаған батыр,өр рухты ақын Маханбеттің өлеңін оқи отырып батырдың қандай қасиетін байқадық?

Өздеріңе салыстырыңдар?

-Ал,енді батырлар кімдер?

Біздің қазақ елімізде батырлар өте көп.Бірақ теңдесі жоқ.Олардың ізін ұрпақтар жалғастыруда.Мысалға,желтоқсан лебінің құрбандары.Біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 11жыл толды.Қазіргі күнде батырларымыз ел қорғаған асыл ерен ағаларымыз.Біз әр уақытта бейбітшілікті қолдап қуаттаймыз.Соңынан Махамбеттің руласы,Беріш руынан шыққан жүз жасаған тарихи батыр Пышантайға арналған аңызбен аяқтадым.

Қолына қалдырғандай күн мен айды,

Байұлы қалқан еткен Пышантайды,

Батыры бес қарумен ел қарыса

Байлығын барымталап кім толайды?

Үйге тапсырма: 12 бөлімді жаттап алыңдар.

Жазған:Жұмағалиева А.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 05.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1697
Номер материала ДВ-307633
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх