Инфоурок Другое КонспектыМақала: "Тәрбиелеу үрдісіндегі халық ауыз шығармашылығымен таныстыру"

Мақала: "Тәрбиелеу үрдісіндегі халық ауыз шығармашылығымен таныстыру"

Скачать материал

 

«Тәрбиелеу үрдісіндегі халық ауыз шығармашылығымен таныстыру».

 

Бүгінгі алып отырған тақырыбымыз өнегелі және патриоттық бағыттағы бала тәрбиесі, оның ішінде «Тәрбиелеу үрдісіндегі халық ауыз шығармашылығымен таныстыру». Ауыз әдебиетін тәрбие барысында пайдалана отырып, балаларды отаншылдыққа үлкенді сыйлауға, кішіге қамқоршы болуға тәрбиелейді.

Тәрбие мәңгілік ұғым ол тек адам баласына тән. Тәрбие үрдісінде әр баланың ойындағы жеке жеке басының ерекшеліктері есепке алынуы керек.  Әр баланың ұғымы сезімі, танымы, қабылдау қабілеті әр түрлі. Оқу тәрбие үрдісінде әр баланың ықыласы, жігері, темпераменті, еске сақтау қабілеті, ойлау мен білім деңгейі, т.б. қатаң ескерілу керек. Оқыту, үйрету ең алдымен ақыл-ой тәрбиесімен байланысты. Ақыл-ой тәрбиесі балалрдың танымдық қабілеттерін, байқағыштық, зейінділік, зеректік, есте сақтау, сөйлеу, ойлауын қалыптастыруға көмектеседі. Тәрбие екі жақты үрдіс: ол тәрбиеші мен тәрбиеленушінің іс-әрекетінен тұрады.

Балалық шақтан балаларды қоршаған болмысқа дұрыс, түсінікті тәрбиелеу қажет. Әрине, бала қоршаған ортамен өзі-ақ танысады.

Бүгінгі күні оқытуға қойылып отырған талаптардың бірі -  өмір  шындығын балаларға халық ауыз әдебиеті шығармашылығы арқылы көрсету, оның негізінде балардың ой-өрісін, қиялын, эстетикалық және адамгершілік сезімдерін дамыта отырып халық шығармашылығына сүйіспеншілігін, еңбек сүйгіштігін,  арттыру. Қоғамдық өмірде бала тәрбиесі назардан тыс қалмаған.

 

Күнделікті өмірде тәрбие құралдары; қанатты сөздер, ұлттық ойындар, мақал-мәтелдер, жұмбақ, жаңылтпаштар т.б. ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланып, ырым-тиым сөздер арқылы жас ұрпақты ойшылдыққа, әдептілікке, адалдыққа, батылдыққа, әдемілікке, сезімталдыққа т.б. қасиеттерге тәрбиелеу керек. Әрбір халықтың көне заманнан бері келе  жатқан өзіне тән әлеуметтік және мәдени мұрасы баршылық. Соның ішінде ауыз әдебиетін тәрбие үрдісінде пайдаланудың орны ерекше. Бала тәрбиесінде жаман әдеттен жирендіріп, жақсылыққа жетелеп, өсиет сөздерді күнделікті бойына ұялатып отыру керек.

Ауыз әдебиетін тәрбиемен байланыстыра отырып, жүргізілген жұмыс барысында бүгінгі өмірімізбен салыстырғанда, адамгершілік, кішіпейілділік, ұстамдылыққа, үлкенді сыйлау, дөрекі сөйлемеу, жаман әдеттерге әуестенбеу сияқты ұғым бала бойына біртіндеп қалыптасады.

Халық ауыз әдебиетін қолдану барысында

-         біріншіден, мейірімді болуға тәрбиеленеді;

-         екіншіден әдептілікке үйретеді;

-         үшіншіден, тіл алғыш, елгезек бала болуға үйретеді;

-         төртіншіден, адалдыққа, шындыққа баулиды;

-         бесіншіден, үлкенді сыйлау басты міндет екенін түсінеді.

Ауыз әдебиетін сабақ барысында қолданғанда баланың жас ерекшеліктері ескеріліп, тақырыптың мәні мен мағынасы ашылуы керек.

 

 

Мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, ертегі, ұлттық ойындар бала тәрбиесінде жетекші рөл атқарады.

Ауыз әдебиетінің тәрбие мектебінің бірі – мақал- мәтелдер.

Адамның сана сезімі, яғни психикасы іс-әрекет үстінде дамуы, ал бұлардың іргетасы балалық кезде қалыптасады.

Мақал-мәтел көбіне балаға жас ерекшеліктеріне сай айтылуы керек. Отанға досқа, туысқа т.б. мақал-мәтелдерді қолдануға болады «Отан - оттан да ыстық», «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

Жұмбақтар – халық ауых әдебиетінің ішіндегі ең ескі түрі. Жұмбақты күнделікті қолдануға болады, мақал-мәтелді бала түсіне бермесе де, жұмбақты шешуге ықыласы ауып отырады. Жұмбақты шешу – баланы өздігінен ізденіс жасауға тәрбиелейді.

Математикалық санау, баланы есептеуге, үйретуде белсенділігін оятатын жұмбақтар бар. Мысалы: «Жүз төрт түйме, он бір ине». (Есеп шот). «Екі құлақты, он екі аяқты» (домбыра). «Жаңылмастан жетеуі, кезек қызмет етеді» (Аптаның жеті күні). Осындай жұмбақтар 1 ден 10 ға дейінгі тіпті санауға үйретеді.

Халық баланың тілін ширату, оған сөз үйретіп дүниетанымын дамыту үшін сөздік қорын байытуға жаңылтпаштар ойлап шығарған. Жаңылтпаштар бала психикасы мен тіліндегі мүкістіктерін жою үшін қолданылады. Математикалық жаңылтпаштарды сергіту сәті кезінде қолдануға болады. «Ұшып кетіпті үш құс, ұшып келді ұшқыш», «Шеше кеше, неше кесе сынды кеше»  т.б.

Бұл баланың логикасын, ойлауы мен тілін дамытады, санауға үйретеді.

Халық ауыз әдебиетінің бай қазынасы тәрбие өрнектерінің бірі – халық ертегілері.

Бала өз жас ерекшеліктеріне қарай ертегіні тыңдап, сұрақ қойып, шытырман оқиғалар, баурап алады.

Ертегі халық шығармасы, халық мқрасы, онда халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-орман, әділдік пен шындық, бақыт туралы ойлары тоғысып жатады.

Қай халық болсада өзінің даму жолында қилы-қилы тарихи кешулерден өтеді. Ертегілерде жақсылық пен жамандықтың бітпес тайталасын бастан кешіреді. Ертегі қаһармандары үнемі күрес үстінде көрінеді, жеңіске жететінін көруге болады. Ертегінің өзі үш түрге бөлінеді; жануарлар, тұрмыстық және қиял-ғажайып ертегілері.

Халық ауз әдебиетінде поэзияның алатын орны ерекше, оның ішінде әр халықтың поэзиясы басқа жанр түрінен ерекшеленіп отырған. Ақындар өмірді, бақытты күнді, жерді, елді, батырлықты, әділетсіздікті жазған. Соның ішінде балаларға лайықталған, тілдеріне және ойлауына жеңіл жазылған поэзиялық шығармалар да  кездеседі.

Ауыз әдебиеті музыкамен тығыз байланысты, дастан, толғау, бесік жыры, жар-жар, сыңсу, жоқтау тыңдаушыларға белгілі бір әуенмен келген, музыкамен жұптаса орындалып отырған. Жалпы айтқанда ауыз әдебиеті елдің жазу өнерін білмей жүрген кезінде шыққан сөз өнері.  Ауыз әдебиетінің сөдерін шығарушылардың аты-жөні белгісіз болған. Тағы ауыз әдебиетінің ішіндегі тұрмыс-салт жырлары, төрт түлік малға, басқа жануарларға арналған түрлері көп. Жырларының ішіндегі Наурыз жыры.

Наурыз балалардың есінде жақсы сақталады. Өткені ол мереке, онда тақпақтар жаттатып, өлеңдер айтылады.

Мен балаларға ауыз әдебиетін қолданып тәрбиелеу барысында, әуелі балаға қызығарлық суреттер пайдаланамын.

Басында айтып өткендей, жас ерекшеліктері ескеріледі деп, біздің корпуста балалар 4 жастан 15 жас аралықта. Сондықтан оларға ауызша айтқаннан гөрі, қызықтыратын суреттер, макеттер қолданған дұрыс. Жұмбақ, ертегілерде баланың есте сақтауына көп ықпал келтіреді.

Жұмбақ шешу кезінде «Орамал тастамақ» ойынын қолданамын, балаға бір буын сөзді айтқызу, бізде кейбір балалардың сөйле кемістігі көп, сонда бала суретке қарап отырып жұмбасқтағы сөздерді қайталайды. Мен өз іс-тәжірбиемнен балаларға қызығатын бояулармен көмкерілген суреттерді қолданам.

Балаға ауызша сөйлеп түсіндіргеннен, көрнекілік арқылы жеткізу тиімді, оның ішінде біздің балалардың есте сақтау қабілеттеріде баяу, осыны да ескерем.

Сөзімді қорытындылай келе, тәрбиеші баланың табиғи дамуына дұрыс бағыт беруі тиіс, дұрыс бағытталған тәрбие ғана баланың жан-жақты дамуына негіз болады.

Баланы айналасындағы адамдарға, жалпы адамзатқа сүйіспеншілікпен қарайтын етіп тәрбиелеу керек.

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.                       Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

2.                      М.Жұмабаев Педагогика. Алматы – 1993

3.                      Ж.Аймауытов шығапмалары. Алматы – 1989

4.                      Р.М.Қоянбаев. білім беру оқыту теориясы. Алматы-  1990

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мақала: "Тәрбиелеу үрдісіндегі халық ауыз шығармашылығымен таныстыру""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-организатор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 769 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.02.2016 702
    • DOCX 42.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Акилова Маржан Орынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Акилова Маржан Орынбаевна
    Акилова Маржан Орынбаевна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5861
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой