Инфоурок Другое Рабочие программыМұқағали Мақатаев "Райымбек" поэмасы

Мұқағали Мақатаев "Райымбек" поэмасы

Скачать материал

Сынып: 9

Пән: Қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы:

Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасы

Сабақтың мақсаты: Шығарманың мазмұнын меңгерту, тақырыбы мен идеясын ашқызу, тіл көркемдігін табу.Шығармаға композициялық, жан-жақты талдауду жасау арқылы, әдеби тілде сөйлеуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: Кубизм стратегиясы, топтық, жұптық жұмыс,диалогтік оқыту, СТО

Сабақтан күтілетін нәтиже: оқыған шығарманың мазмұнын толық меңгеруі.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңдері

Уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушылардың іс - әрекеттері

Ескерту, қолданылған материалдар

І. Ұйымдастыру Амандасу. «Қара жорға биі»

 

2

Психологиялық ахуал туғызу.Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

 

 

Топқа бөліну

2

(Санға байланысты бөліну).Ролдік ойын енгізу. (Басшы, хатшы, таймспикер, репортер)

 

 

ІІ. Үй тапсырманы тексеру М.Мақатаевтың шығармашылығына байланысты жоғары деңгейлі сұрақтар

5

Диалогтік әдісті пайдалану. Талантты және дарынды балаларды ескеру.

 

Сұраққа толық жауап беру

 

ІІІ.Қызығушылығын ояту.

3

Мұқағалидің хатын оқу, ол арқылы тақырыпқа шығу.СТО, АКТ технологияларын қолдану.

Хат бойынша өз ойларын білдіру. Интербелсенді тақтаны пайдалану арқылы өз ойларын жинастыру.

 

ІУ.Мағынаны тану

10

Жоспар бойынша тақырыпты сомдау. Топ ішінде композициялық құрылысын жасату. Оқушылардың

жауаптарын бағалау. СТО стартегиясын енгізу. Диалог әдісі.

Үйде оқылған шығармаға композициялық жоспар құру.

Оқулық-хрестоматия

Сергіту сәті.

3

«Шырмауық шешу» ойыны. Топ ауыстыру.

 

 

Кубизм стратегиясы

бойынша талдау

7

І топ. Талдау

ІІ топ. Дәлелдеу.

ІІІ топ. Сипаттау.

ІУ топ. Салыстыру.

У топ.Зерделеу

Оқытудағы жаңа тәсілдерді пайдалану.

СТО,Берілген тапсырмаларды жұп, топ арасында талқылау. Өз жауаптарын қорғау

Шығарманың мәтіні

У. Шығармашылық жұмыс

5

«Ақтабан шұбырынды» көрінісін көзбен көру. Суретін салғызу .

Презентацияны жасап, қорғау. Көшбасшы, рөлдік ойын.

 

УІ. Рефлексия

3

Қорытындылау

Пікір білдіру.

 

УІІ Бағалау.

4

Алдын-ала берілген бағалау парағы арқылы әр кезеңінен кейін бағалату.

Бағалау критейлерін құрастыру.Өзімді, жұпты, топты бағалау

Бағалау парақшылары

УІІІ. Үй тапсырмасы

1

«Болар бала он бесінде баспын дер» Райымбектің әрекетіне талдау жасай отырып эссе жазу

Күнделектерге жазу

 

 

ІІ Үй тапсырмасын тексеру.

Жоғары деңгейлі сұрақтар

1.Мұқағалидің шебер суреткерлігін танытатын пейзаждық өлеңдерінен мысал келтіріңіздер.

2.Ақын елге, жерге деген шексіз махаббатын өз жырларында қалай суреттеп көрсетеді?

3.Ақын шығармаларынан көрінетін халық даналығы-ұлттық өнегесі туралы айтып беріңдер.

Жаңа сабақ

 

ІІІ. Қызығушылығын ояту.

Ой қозғау

«Мен бір нәрсеге – поэзияның тіршілікпен бірге, яғни адаммен, табиғатпен бірге өлетініне - кәміл сенемін. Адамзат жаны қатыгез тартса тарта берсін. Қайтсе де бір парасатты адам қалады. Ол – ақын. Ақырғы сөз сонікі» ,- деп өзі күнделігінде жазғандай Мұқағали поэзиясы өмірмен бірге жасасып келеді. Ақын жырларын оқи отырып әркім одан өзінің бүгіні мен өткенін, келешегі мен арманын көреді. Көреді де содан сабақ алады.

Жhello_html_mfa5b5fe.pngеткіз жұртқа бүгіні, өткендерін,

Қысын, күзін, жазы мен көктемдерін.

Жадында тұтсын ұрпақ жасырмай айт,

Ақтабан шұбырынды өткелдерін,

Аруды арам жандар өпкендерін,

Боз інген ботасы өлген бой жаза алмай,

«Елім-ай»

Аруана шөккен жерін.

Өлшесін бүгіні мен өткендерін! – ақын өзінің шығармалары арқылы туған жерінің қадыр-қасиетін, тарихын келешек ұрпаққа ұғындырып кетуге тырысады. Соған мысал ретінде «Райымбек» поэмасын алуға болады.

ІУ.Мағынаны тану.

Бүгінгі сабақта М.Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек!» поэмасына талдау жасай отырып оқимыз. Ақынның терең оймен жазылған бұл шығармасы жоңғар шапқыншылығы кезінде еліне қорған болған Райымбек батырға арналады.

Тақтаға жоспар ілінеді.

1.«Қаратаудың басынан көш келеді» .

2. «-Өзің бала болсаң да, сөзің дана, отты екен,

Ақ күн тусын алдыңнан, басқа айтарым жоқ бөтен».

3. «Дауасы жоқ жан екен, оты жанған,

Ілесіңдер осыған оты барлар!»

 

Оқушылар бірлесе топ ішінде отырып шығарманың композициялық жоспарын құрады. Осы жопар бойынша шығарманың мазмұны айтылады.

 

Композициялық жоспар :

Оқиғаның басталуы : Жау шапқан қазақ ауылы.

Оқиғаның байланысы : Жыраудың балаға кездесуі.

Оқиғаның өрбуі : Жырау мен баланың әулиеге барып тәу етуі.

Оқиғаның шиеленісуі : Баланың өз атын ұрандауы, халықтың наразылығы.

Оқиғаның шарықтау шегі : Қатал сын.

Оқиғаның шешімі : Райымбектің қолбасшылыққа қол жеткізуі.

 

«Кубизм» стратегиясы бойынша поэмаға жан-жақты талдау жасалады.

І топ. Талдау. Ақын шеберлігін танытатын көркемдік құралдардың шығарманың идеясын ашудағы рөлін анықтайды.

ІІ топ. Дәлелдеу. Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек, Райымбек» поэмасының тақырыбын анықтап, поэма неліктен солай аталғанына дәлел келтіру.

ІІ топ.Сипаттау. Поэмадағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, өзінше бағалайды, мінездеме береді.

ІУ топ. Салыстыру. Тарихи деректер мен поэмадағы Райымбектің әдеби бейнесін салыстырады. Осы поэманың тақырыбын, идеясын, кейіпкерлерін өзге шығармалардың кейіпкерлері, идеясы, тақырыбымен салыстырады

У топ. Зерделеу. «Райымбек, Райыбек» поэмасының түйінің шығару.

 

Ү. «Ақтабан шұбырынды» көрінісін көзбен көру, суретін салып, қорғау.

 

ҮІІ. Бағалау

Сабақ басында берілетін бағалау парақшылары

Бағалау________________________________________

 

 

Өзімді бағалау

Жұбымды бағалау

Тобымды бағалау

Үй тапсырмасы

 

 

 

 

 

Қызығушылықты ояту

 

 

 

 

 

Жаңа тақырыпты меңгерту

 

 

 

 

 

Жаттығулар жұмысы

 

 

 

 

 

 

 

 

Райымбек! Райымбек! (поэма)[өңдеу]

Уикипедия жобасынан алынған мәлімет

Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

"Райымбек! Райымбек!"- Мұқағали Мақатаевтің көрінекті туындыларының бірі. Бұл поэмада Райымбек батырдың ерлігі суреттеледі.

Мазмұны

 [жасыру

*       1 Поэманың авторы

*       2 Поэманың қысқа нұсқасы

*       3 Поэманың идеясы

*       4 Поэманың басты кейіпкері

*       5 Дереккөздер

Поэманың авторы[өңдеу]

Мұқағали Мақатаев 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол) ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның туған күні ақпанның 9-нда тойланады.е келген. Азан шақырып қойылған аты - Мұхаметқали. Әкесі қарапайым шаруашы: колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туған. Ақынның қарындасы мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері - Тоқтарбай мен Көрпеш. Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс, сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды. Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте татады ("Неңді сенің аңсаймын, бала шағым?"). Ол 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды. Алматы Шет тілдері институтының неміс тілі, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультеттерінде оқып және Мәскеудегі М.Горький атындағы әлем әдебиеті институтында білім алады. Мұнан соң «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің (1962-1963 жж.), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат») (1963-1965 жж.), «Жұлдыз» (1965-1972 жж.) журналдарының редакциясында, Қазақстан Жазушылар одағында (1972-1973 жж.) қызмет атқарады. Мұқағали Алматыдағы қазақ әдебиеті мен өнерінің қаймақтары шоғырланған ортада өткерген аз ғана жылдар ішінде өзіндік дара үнін, суреткерлік қайталанбас дарынын танытып, өнімді еңбектене білді. «Ильич» (1964), «Армысыңдар достар» (1966), «Қарлығашым келдің бе?», «Мавр» (1970), «Аққулар ұйықтағанда» (1973), «Шуағым менің» (1975) атты жыр жинақтарын көзінің тірісінде жариялап үлгерді. Мұқағали поэзиясының қайнар көзі, шабыт тұғыры туған елі, өскен жері, Отан тағдыры, замана тынысы, замандастарының арман аңсары. Осының бәрін Мұқағали жас дарынға тән қайталанбас шеберлікпен, тәңірдің таңдайынан төгілгендей поэтикалық мінсіз үйлесіммен, әр жүрекпен тіл табысар сыршыл да шыншыл сезіммен, нағыз поэзияға ғана тән бейнелі образдармен бедерлеп, өлмес өнер деңгейінде туындатып отырған.Оның ерлігі көзге ерекше түседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Поэманың қысқа нұсқасы[өңдеу]

Ы бөлім

Тыныш жатқан қазақ еліне жоңғарлар шабады. Сол уақытта елінің,жерінің қиын жағдайға түскенін Қабай жырау зарлана айтады. Бастарына қара бұлт төніп, батырларынан айырылған қазақ елінің ауыр жағдайы суреттеледі. Сол уақытта Қабай жырау өліктер арасынан кішкентай баланы тауып алады......

ЫЫбөлім

Бала Райымбек ат жарысынан "Райымбек! Райымбек!" деп өз атын өзі ұрандап келеді. Баланың бұл қылығына ауыл ақсақалдары ашуланады. Райымбек өзіне Қабай жырауды қалқан тұтып, өз ойында түйіп жүрген сөздерін халыққа айтады. Оның осы айтқандарынан кейін әкесі Түке қайтыс болады. Райымбектің жасы 18-ге толады. "Қазақтарды жау шауып жатыр", деген хабарды естіген Райымбек жауға аттанбақ болады.......

ЫЫЫ бөлім

Өзінің жауға аттанбақ тілегін биге айтады.Би оған қиын да қатыгез талап қояды.Би батырға Іледен өтсе, тілегі орындалатынын айтады. Бидің шартын орындап, Ілені кесіп өтеді. Халықтың ықыласына бөленіп, артына қол жинап, жауға шабады.

Поэманың идеясы[өңдеу]

Поэманың негізгі идеясы - ХВЫЫЫ ғасырдың басында жоңғарларға қарсы шапқан Райымбек батырдың ерлігін кейінгі жас ұрпаққа дәріптеу. Жастарға патроиттық сезім сыйлайтын туындыларды оқыту. Елін, жерін сүюге уйрету.

Поэманың басты кейіпкері[өңдеу]

Поэманың басты кейіпкері - Райымбек Батыр. Райымбек Түкеұлы[1] (1705, қазіргі Алматы облысы — 1785, Алматы) — батыр, қолбасшы. Ұлы жүз Албан ішіндегі Алжан руының Сырымбет тармағынан. Атасы Хангелді батыр 18 ғ-дың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте аты шығып, 1733 ж. Төле, Қодар билер, Сатай, Бөлек батырлармен бірге Ұлы жүз қазақтары атынан орыс патшайымы Анна Иоановнаға елші жіберген. Райымбек 17 жасында жоңғар басқыншыларына қарсы күресте ерлік көрсетіп, батыр атанды. Қалмақтың Бадам, Қорын, Ағанас, Секер, т.б. хан, ноян, батырларын жекпе-жекте жеңіп, Қаратау өңірі мен Жетісуды жаудан азат етуге басшылық жасағандардың бірі болған. Торайғыр және Сөгеті таулары аралығындағы “Ойрантөбе” деген жерде өткен шайқаста ерекше көзге түсті. 1733 ж. Бөлек батырмен бірге жоңғарға елші болып барған. Райымбектің ерекше еңбегін оның есімі Албан тайпасының ұранына айналғанынан да білуге болады. Көзі тірісінде “көріпкел”, “әулие” атанған. Ол Алматы алқабында Шілік, Жалаңаш өңірінде тоған қаздырып, су шығартып, егін ектірген.

 

 

 

 

 

 

Сабақтан алған әсерім...

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

М. Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасы

Сабақтың тақырыбы: М. Мақатаев «Райымбек! Райымбек!» поэмасы

Сабақтың мақсаты:

1. М. Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасының патриоттық рухы туралы сөз қозғау, ақын сезімі мен тарих шындығын ашу.

2. Оқушылардың ой-өрісін кеңейту,ізденімпаздық қасиеттерге жетелеу,тіл байлығын арттыру.

3. Оқушылардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру,оларды батыр үлгісінде тәрбиелеу,ерлікке, елдікке шақыру,ел қорғаны болуға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: ұжымдық ойлау әдісі

Сабақтың көрнекілігіинтерактивті тақта, слайд материалдары

Сабақтың түрі: модульді сабақ

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру

ІІ.Үй жұмысын тексеру. Сюжеттік жоспар бойынша поэманың мазмұнын баяндау.

Сюжеттік жоспар

Оқиғаның басталуы: Ел басына түскен күн

Оқиғаның байланысы: Малшы бала арманы

Оқиғаның дамуы: Тентек бала аруағы

Оқиғаның шиеленісуі: Балаң жігітті мазалаған ой

Оқиғаның шарықтау шегі: Қабай бидің батасы

Оқиғаның шешілуі: Сынақтан өткен батыр

ІІІ. Жаңа сабақ

І. Кіріспе.

ІІ. Диалог. «Брейн-Ринг» ойыны

ІІІ. Қорытынды Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.Әр топта бес оқушыдан бар.Әр топ оқушылары сұрақтарға жауап беріп,талдау,зерттеу жұмысын жүргізеді. «Брейн-Ринг» ойыны үш деңгейлік тапсырмадан тұрады.

«Брейн-Ринг» ойыны

І деңгей-------------ІІ деңгей--------------------------------ІІІ деңгей

Танымдық сұрақтар-------Талдау,зерттеу жұмыстары-----Ой-толғау

Оқушылардың әр жауабы үшін бағалау қағазын алады. Сабақ соңында ұпай саны есептеледі.

І деңгейлік тапсырмалар

І топқа:

  • «Ақтабан шұбырынды,Алқакөл сұлама» оқиғасы қай жылы болды?
  • Мұқағали Мақатаев кім? «Райымбек!Райымбек!» поэмасын жазуға не түрткі болды?
  • Поэмадағы жер-су аттарын ата.
  • «Қаратаудың басынан көш келеді» Бұл қай шығармадан алынған үзінді?
  • Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай тарихи атауларды білесің?

ІІ топқа:

  • Райымбек батырдың кесіп өткен өзені.
  • Жоңғар шапқыншылығына қатысты қандай батыр есімдерін білесіңдер?
  • Батыр атымен аталған аудан қай облыста орналасқан?
  • «Райымбек! Райымбек!» поэмасының тақырыбы мен идеясы.
  • Райымбектің атасы кім?

ІІ деңгейлік тапсырмалар.

І топқа:

  • Ел басына түскен ауыр халді ақын қандай бейнелі сөзбен жазған?
  • Қабай жыраудың аттан салған сөзін мәнерлеп оқы.
  • Қабай жырау әулиеден не тіледі?
  • Түке неден түңілді? Түке мен әйелінің диалогын мәнерлеп оқы.Диалог дегеніміз не?
  • Би үміті қай сөзден көрінеді?

ІІ топқа:

  • Балаң жігітті мазалаған ой. Үзінді келтір. Монолог дегеніміз не?
  • Қабай жырау мен баланың дщилогын мәнерлеп оқы.
  • «Қазақ қанын сылқытып жатыр дала» Құбылтудың қай түрі?
  • Райымбекке Әлмерек би қандай шарт қойды? Осы бөлімдегі метафораларды тап.
  • 18-дегі Райымбек қандай жігіт?Кейіпкер бейнесін топтастыр.

ІІІ деңгей. Ой-толғау.

І топ. Ел қорғаны – Райымбек.

ІІ топ. Елін қорғау – азамат парызы.

ІV. Қорытындылау.

Сұрақтар:

Үйде туып,түзде өлген» бабалардың ерлігін жалғастыратын ұрпақ бар ма?

-Бабалардың ерлігі арқасында жеткен жеңістің мән-мағынасы неде?

V.Үй тапсырмасын беру. Шығарма жазуға дайындық.

VІ. Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қарасаздан ұшқан қарлығаш» деген өлеңінде:
«Мен өзім жайында мынаны айтам:
мен XXI – ғасыр ұрпақтарының құрдасымын.
Бәлкім, одан әрідегі ұрпақтардың туысымын да ...»
деп жазған екен.

Иә, Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді. Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады. Ауыл орта мектебін 1948 жылы бітіріп, өз ауылында комсомол, кеңес қызметтерінде болған. Кейін аудандық газетте әдеби қызметкер, Қазақ радиосында диктор болған, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» жорналында поэзия бөлімін басқарған. Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясында әдеби кеңесші қызметін атқарған.

Тырнақ алды туындылары Нарынқол аудандық «Советтік шекара» (қазіргі «Хан тәңірісі») газетінде 1948 жылдары жариялана бастаған. 1954 жылы бір топ өлеңі «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз») жорналында, одан кейін бір шоғыр жыры Әбділдә Тәжібаевтың сәт сапар тілеген сөзімен «Қазақ әдебиетінде» жарияланған.

Аз ғұмыры ішінде бірнеше лирикалық жыр жинағы мен дастандарын ұсынған. Жыр аудармасы саласында Шекспирдің сонеттерін, Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақшалады. Ақынның «Саржайлау», «Сөнбейді, әже, шырағын», «Кел, еркем, Алатауыңа» өлеңдеріне сазгер Нұрғиса Тілендиев ән шығарған.

Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.

Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы гимн туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.

М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласқан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен

бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық сипатта, ұлттық зермен кестеленген.

Ақын қай тақырыпты жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол туралы: «мен жырламаймын, сырласамын. Сыры бір замандаспен мұндасамын.Көгендеп жыр қосағын, келмейді жыр жасағым» немесе «тіпті де мен еместі «Мен» дегенім... өзгенің жан–сырын ұғу үшін, өзімді зерттегенді жөн көремін» дейді. Мұқағали шығармашылығының негізі «өзін – өзі» зерттеуден тұрады. «Өмірдастан» атты топтамалы талғауында жесір жеңге (Дариға) образы арқылы тылдағы халық өмірі мен адамдық, азаматтық, адалдық, ар намыс, рух пен нәпсі арасындағы толласыз күрес психологиялық шиеленіс арқылы шебер жеткізілген.

Ол әсіресе тауды, қазақ ауылын көп жырлайды ( Тауды өстім, Тау бір аңыз т.б.). Мысалы «Өлмесін деп берген ғой тауды маған, Мен күңіренсем, күрсініп тау жылаған».

Ол қазақ өлеңін мазмұн, пішін жағынан түрлентті. «Қазақтың қара өлеңі құдіретім, онда бір сұмдық сыр бар естілмеген» дейді ақын. Мұқағали дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн тұрғысынан жаңалық енгізді. Мұқағали поэзиясы ұлттық характерімен, мінезімен ерекшеленеді, мұны айқындайтын мынандай өлең жолдары бар: «Су сұрасам, сүт берген, айран берген, Қартайып қалыпсын-ау, қайран жеңген». Ақын өлеңге ерекше кие деп қарап, Музаға табынған: «О , Муза, маған алыс сөреңді бер, Ғайыптан кел де, мені демеп жібер».

Ол Нағыз ақын алдымен ойшыл, философ болуы қажет. Поэзияда философ болу өзін қоршаған әлемді ұғыну, әр заттың мәнін білу, ақырына дейін «адам жанының инженері болып қалу» дегенді ұстанды. Мұқағалидың адамзат ғұмыры мен әлем сырың жыр еткен лирикасы қазақ әдебиетіне қолмақты мұра боп енді.

Мұқағали поэзия жанрында ғана емес, проза, драма, сын саласында да қалам тартты. Қаламгердің «Қош, махаббат» жинағына (1988) әр жылдары жазылған «Құлпытас», «Марусяның тауы», «Өзгермепті», «Әже», әңгімелері,«Қос қарлығаш», «Жыл құстары» повестері мен «Қош, махаббат» пьесасы, бірнеше сыни еңбектері енген. «Рух және сезім», «Сезім найзағайы», «1969 жылғы қазақ поэзиясы» атты әдеби сын еңбектерінде О. Сүлейменов, М. Әлімбаев, Қ. Мырзағалиев,Ж. Нәжімеденов, С. Мәуленов, т.б. шығармаларына талдау жасап, өнер, поэзия, туралы ой толғайды. Ақынның көз тірісінде 3 аударма кітабы (У. Уитмен, «Шөп жапырақтары» (1969); У. Шекспир, «Сонеттер» (1970); Д. Алегерьи, «Құдіретті комедиясының» «Тамұқ» бөлімі (1971) ),8 жыр жинағы («Ильич» (1964), «Армысыңдар, достар» (1966), «Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Мавр» (1970), «Дариға-жүрек» (1972), «Аққулар ұыйқтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмірдастан» (1976) ) жарық көрді. У. Уитмен, У. Шекспир,

Н. Тихонов, Р. Бернс, Ф. Ансари, А. Акопян, А. Исаакян, Е. Евтушенко, Ф. Моргуннің бірнеше өлеңдерін аударды.

Ақын өз шығармашылығында әр-түрлі тақырыптарда жаза білген. Мен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқып, олардың кейбіреуін мынандай етіп жіктедім:

1. Махаббат туралы: «Махаббатым өзімде», «Махаббат диалогы», «Ғашықпын», «Махаббат» және т.б. Бұл шығармалардың ішінен маған ұнаған «Махаббат» өлеңін сіздерге оқып бергім келеді.

Құмартасың жете алмай,
Қайғырасың сағынып.
Қыл көпірден өте алмай
Қиыласың табынып.
Жүрегіңді бос етіп,
Жүдеп жүріп сүйерсің.
Өзіңе өзің қас етіп,
Өз отыңа күйерсің.
Өзіңе бал,басқаға у,
Сезімдіге ең қымбат:
Қайғы, сүю, құмарту-
Ең бірінші махаббат.

Менің ойымша бұл өлең жолдары алғашқы махаббатқа арналған және бұл махаббаттың сәтсіздікке ұшырағандығын көрсетеді.

2. Табиғат туралы: «Қыстың күні», «Көктем», «Күзгі таң», «Түнгі табиғат» және т.б.

3. Достық туралы: «Достарға», «Менің бір досым», «Досым менің», «Досыма хат» және т.б.

4. Ана туралы: «Анама», «Анашым», «Сәби ана», «Жас ана» және т.б.

5. Отан туралы: «Сүйемін, өскен отаным», «Отаным», «Туған жерім» және т.б. Бұл тақырыптағы өлеңдердің ішінен мені тамсандырған «Отан туралы» өлеңі:

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Сонымен қатар өздеріңіз білесіз Мұқағали өлендеріне ән жазылып, оны көптеген әншілер орындауда. Мысалы: «Мұзарт» тобы «Көзін сенің», «Бала ғашық», «Нұрмұқасан» тобы «Бақытынды жырлайды» деген өлеңдерді орындайды.

Мұқағали Мақатаев туралы көптеген ақындар,зиялы адамдар өз пікірлерімен бөліскен. Бексұлтан Нұжекеұлы ақын туралы былай деп жазады: «Ойын сиқырлы сөзбен айта білу, тапқыр ойды өрнекті тілмен жеткізе білу – Мұқағали өлеңдерінің негізгі құдіреті. Оның талай өлең жолы қанатты сөз боп халық аузында жүр. Мақалға, мәтелге, үлгілі сөзге сұранып тұрған талайының әлі тәлейі алда.Мұқағали- өлең түрін түрлендіруге де көп көңіл бөлген ақын. Ол көне шығыс үлгілерін де, әр сөзі ой шегелеген өзіндік тәжірибелерін де қазақ өлеңінің қанына сіңіріп кетіпті. «Алатау, ассалаумағалейкум!» деген өлеңінде :

- Шаруа-ата секілденіп, өміріңді сарып қып,
Үлкен үйдің ошағындай дүниені қарық қып,

Аман – есен жатырмысың, айналайын жарықтық! - дейтін жан тебіренісі бар. Осындағы «жарықтық» сөзінін кезінде жаман пиғыл көргендер де болған. Алайда тауды кәриядай әулиеге айналдырып тұрған да сол сөз ғой.»

Қорыта келе айтарымыз. «Ғасыр ақыңы» атанған Мұқағалидің барлық еңбегі тұтастай алғанда, өткен ғасырдың екінші жартысындағы қазақ елінің рухани дүниесін, тұрмыс-күйін, арман-мүддесін, тарихи тұрғыдағы ұлттық портретін шыншылдықпен хаттаған асыл мұралар қатарына жатады. Өлеңмен де, өмірмен де бүкпесіз қауышып, қалтарыссыз сүйген ақын жүрегі соңғы деміне дейін кіршіксіз сезім өртінде өтті. «Жүрегінің түбіне кір жасырмай» айтып кетті, армансыз ақтарылып кетті. Мұқағали Мақатаев- қазақтың қарапайым тілінің нәрі мен мәнін Абай, Қасымдардан кейін түсініп жазып, түсіндіріп өткен ақын. «Сөз өнерін дертпен тең» көрген парасатты қаламгер. Ақынның әр өлеңінде,әр шумағында бүкпесіз, ақжарқын көңілмен сазды сыр төгіп отырғандай. Өлеңнің ырғағынан да, тербелісінен де ақынның қимылын, дауысын, мәнерін естіп, мінез-құлқын танимыз. Өйткені ол өлеңнен, өнерден сыр іріккен емес. Өлеңге өз жан дүниесін ашты, өлеңнің сырлы құпияларын жария етті. Мұқағали шығармашылығы әлі де терең зерттеу қажет деп ойлаймыз.

 

Хангелдіұлы Райымбек (1705-?) – жоңғар басқыншыларына қарсы күрескен қазақ батыры. Шыққан тегі – Ұлы жүздің Албан тайпасының Әлжан руынан. Кейінгі деректерде «Хангелді Райымбек» деп аталғанымен, Хангелді Райымбектің әкесі емес, атасы.

Әкесі - Хангелдінің кенже ұлы Түке. Бұл ретте ел аузында мынадай аңыз сақталған. Хангелді батыр өз кіндігінен тараған төрт ұлын сынамақ болып, күздің қара суығында балаларын киіз үйдің сыртына жатқызады. Содан соң өзі ерте тұрып, ұйықтап жатқан балаларын сынайды. Кеуде түгі қырауланып жатқан үлкенін «батыр болады екен» деп, бүркеніп жатқан ортаншысын «момын, шаруажай болады екен» деп, бір бетін ашып, бір бетін бүркеп жатқан келесі ұлын «ағайынға ақыл айтар болады екен» деп сынап, басын, кеудесін бүркеп, төменгі жағын ашып тастап жатқан кенжесі Түкеге келгенде «ұятын қымтап, әбиірін жаппаған бұл кімге абырой әперер дейсің» деп түңіліп, басын шаппақ болғанда, қасындағы бәйбішесі: « бұл баланы өлтірме, қайта жақсы жерден таңдап, қыз әпер, тұқымы асыл туады, ұрпағынан батыр шығады» деп тоқтатады. Анасының айтқаны ақиқатқа айналып, Түкеден аты бүкіл Албанға ұран болған атақты батыр Райымбек туады. Кейбір зерттеушілер кешегі Кеңестік дәуірде Райымбекті Ұлы жүз елін Россияға қосуға елеулі үлес қосқан атасының ісін жалғастырушы тікелей мұрагері етіп көрсету үшін сол кездегі құжаттардың бәріне «Райымбек Хангелдіұлы» деп толтырылған дегенді айтады.

Райымбек заманында ұйымдастыру қабілеті жоғары, сарбаздарын жеңіске жігерлендіре білген қазақтың білікті қолбасшысының бірі болған. Жан беріп, жан алысқан жаугершілікті заманда аяқ астынан күтпеген қиындықтар пайда болып, қалың қол тығырыққа тіреліп, не істеу керектігін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің қиналмай жол тауып, әскерді аман алып шыққан талай ерліктері ел есінде сақталып қалған. Солардың бірі қамалып келіп қалған қалмақ қолынан ығысып барып, жауынгерлері буырқанып тасып жатқан Ілеге тіреліп, не істерін білмей тұрғанда қолбасшы Райымбектің көзсіз ерлікке барып, әскерін өзеннен аман өткізуі. Райымбектің үнемі Ұлы жүз қолының атақты батырларымен тізе біріктіре отырып, атамекенді жаудан тазартудағы ерліктері – ұрпаққа үлгі боларлықтай. Ол талай рет шағын топпен жау шебіне баырп, тосыннан тиісіп, қарсы жақты ойран-топан етіп отырған. Оның ерекше көзге түсіп, ерен батырлығын танытқан «Ойрантөбе шайқасы» сондай шабуылдарының бірі ғана. «Ақтабан шұбырынды» кезінде жау қолын бөгеп, босқан елдің қырғынға ұшырамай, аман құтылып кетуіне мүмкіндік жасаудан басталған батырдың ерлік жолы Жетісу жері азат етіліп, жоңғарларды Тұрпаннан асыра қуған жеңіс жолына үзіліссіз келіп жалғасады. Ол осы кездердің бәрінде аттан түспей, қарулас серіктерімен бірге талай шайқастарды бастан өткізеді. Райымбек батыр жөнінде аңыз-әңгімелер, жыр-дастандар көп. Солардың бәрінде Райымбекті «Әулие» деп атайды. Тасып жатқан дариядан әскерін аман өткізуі, сусыз жерден су шығаруы, болашақты болжаған көріпкелдік іс-әрекеттері оның ел есінде осы атағымен сақталуына мүмкіндік берген болса керек. Мүйізді Өтеген батыр бірде Райымбекке: « сен өлгенде шудың астында қаласың» деген екен. Сол сөз шындыққа шығып, батырдың мазары бұл күнде бұрынғы Ұлы Жібек жолының бойындағы, қазіргі Алматының ең шулы көшесінің жиегінде тұр.

Пәні:Қазақ әдебиеті

Сыныбы:9

Тақырыбы:

Мұқағали Мақатаев «Райымбек, Райымбек!» поэмасы

Мақсаты:

Шығармашылық қабілеттеріне сүйене отырып, жаңаша әдіс-тәсілдерімен жұмыс жасау, поэманың мазмұнымен таныса отырып, ақынның айтар ойын  тілдік сөз қолданыстарын ұғыну.Пікірлерін айтқызу, сөйлесу қабілеттерін арттырып, жасаған жұмыстарын өздеріне қорғату.

Оқу нәтижесі:

Оқушылар өз ойларын еркін айтып, өз пікірлерін ортаға салады.Тақырыптың мағынасы мен мәнін ашып айтып, ойлау қабілетін дамытады.

Көрнекіліктер:

Оқулық, көркем суреттер, слайдтар, флипчарт, стикерлер, интербелсенді тақта, т.б.

Оқыту әдістері:

Топтық жұмыстар, сыни тұрғыыдан оқыту мен бағалау элементтері, АКТ, диалог т.б.

 

Жаңа сабақ бойынша мұғалімнің іс-әрекеті

      Уақыты

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

          5 мин

 

 

5 мин

Ұйымдастырукезеңі Амандасу, топқа бөлу.Үй тапсырмасын сұрау.Ақын өлеңдерін жатқа сұрау.Семантикалық карта арқылы ақынның қай өлеңі екенін анықтау.

Мұғаліммен амандасады; суреттер арқылы топқа бөліну; Оқушылар топ басшысын сайлап, ол топ ережесін оқып, соны сақтауды сұрады:

 

 

            1 минут

Суреттер арқылы ақын өлеңдерінің тақырыбын анықтап, топ атауы етіп алады.1)Отан, туған жер тақырыбы2)Сөз құдіреті

3)Батырлық, ерлік.

Жылдамдық танытып, топ атауын анықтайды.

             5 мин

Поэманың қысқаша мазмұнын баяндау.Тақырыбын, идеясын анықтау.

Әр топ өз тобындағы оқушылармен бірігіп талқылайды.

             1 мин

Сергіту сәті

 

                  2 мин

 

2 мин

 

 

2 мин

 

 

 

1-топ Поэмаға сюжеттік-композициялық жоспар жасайды.2-топ.Өлең құрылысына талдайды.

 

3-топ Поэманың тілдік — көркемдік ерекшелігін анықтайды.

 

 

Топтық жұмыс

5

 

5

 

 

5

1-топ Райымбек батырға топтастыру әдісі бойынша мінездеме беру.2-топ Венн диаграммасы

Райымбек,Махамбет

 

3-топ Жоңғар шапқыншылығы туралы ұғымдарынпостер қорғау арқылы көрсетеді.

Топ мүшелері бірін-бірі «Екі жұлдыз, бір ұсыныспен» бағалайды.

 

 

Әр топ өз ойларын жазған стикерлерін жапсырады.

 

 

3 мин

 

Ой толғау жазу

«Ұрпақ үні…»

Райымбек бабасына хат жазу.

 

 

Эссе жазу

2 мин

Бағалау арқылы топ басшысы мен топтың оқушыларын бағалау тапсырылған оқушыны таңдау.

Үйге орындауға берілетін тапсыриалар.Сабақты қорытындылай отырып, бағалау.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұқағали Мақатаев "Райымбек" поэмасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Культуролог-аниматор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 003 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.11.2016 5676
    • DOCX 241.5 кбайт
    • 13 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Саргойшина Асел Жубангалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Саргойшина Асел Жубангалиевна
    Саргойшина Асел Жубангалиевна
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 53132
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Мини-курс

Идеи эпохи Просвещения: педагогическое значение для современности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек