Инфоурок Школьному психологу ТестыМұғалімдерге арналған психологиялық тренинг «Қарым-қатынас жарастығы»

Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг «Қарым-қатынас жарастығы»

Скачать материал

Мұғалімдерге арналған  психологиялық тренинг

 «Қарым-қатынас жарастығы»

Мақсаты: Мұғалімдер арасындағы қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл- күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін еркін сезінуге көмектесу. Ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып, эмоцианолды жігер беру, бірі-бірі кеңірек танып білуге, көңіл күйлерін көтеру.

Қажетті құрал-жабдықтар: қағаз, түрлі-түсті қарындаштар,бояулар, стикер қағаз, музыкалық әуен.

 

Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар!  Бүгін сіздерді пихологиялық көңіл- күйлеріңізді көтеру өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-біріміздібен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.

Ұйымдастыру кезеңі: (5 минут)

Тренер сөзі: Сәлеметсіздерме, құрметті ұстаздар!  Бүгін сіздерді пихологиялық көңіл- күйлеріңізді көтеру өз бойларыңыздағы шығармашылық қабілеттеріңізді бағалай білуге өз-өзіңізге құрметпен қарауға, бір-бірімізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға жиналып отырмыз.

Жұмыс жасау ережесі:  Сіздерден өтінетінім жұмыс барысында шынайы болуларыңыз керек. Сіздердің көңілдеріңіз, сезімдеріңіз қаншалықты шынайы болса біздің жұмысымыз соншалықты нәтижелі болады. Топ ішінде өтірік айтуға болмайды, егер де шын талдауға дайын болмасаңыздар, онда еш нәрсе айтпаңыздар. Не айтсақ та осы топ ішінде қалу керек. Ол біздің жұмысымыздың этикалық негізінің бірі. Бір мұғалімнің мәселесін тренингке қатыспаған адамға айтып талдамаймыз. Онын барлығын тренинг барысында орындаймыз. Тренингке қатысушы әр адам тек өз атынан ғана сөйлейді. Мысалы «барлығы солай ойлайды» деген болмайды. Оның орнына  «мен солай ойлаймын», «маған солай көрінеді» т.б. Бір- бірімізді сынамаймыз, өйткені осы өмірде бізді жеткілікті сынайды, бағалайды. Топ ішінде бір- бірімізді түсінуге тырысамыз.

 

1-жаттығу. Амандасу

5 ТІЛЕК

(5 минут)

 Қатысушылар шеңбер құрып отырады. Нұсқаулық: Барлығымыз орнымыздан тұрып бір-бірімізбен әр  саусағымызды біріктіріп бір-біріне тілек айту арқылы амандасады.

 

2-жаттығуы «Менің визиткам»

(5 минут)

 Қатысушыларға өздерінің  осы тренинг барысында қалай атауды қалар еді, өздерінің балалық шақтағы еркелетіп айтқан есімімен бе, әлде туған туысқандары қалай еркелетіп айтаты. Сол есімді визиткаға үлестіреді де скотч арқылы кеуделеріне  бекітеді.

3-жаттығу Арт терапия элементін қолдану арқылы  сурет салу.

ЭБРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ (20 минут)

Бәріміз емін еркін отырып,  терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық. Алдарыңызға берілген қағазға өз ойыңызды суретпен көрсетіп салыңыз. Ойларын сұрап, қорытындылау.

1.Мен  өзімді қалай көремін. (Мен қандаймын)

2. Мені басқалар қалай көреді.

3. Ал шын мәнінде мен қандаймын.

4. Менің ұстанымым

4-жаттығу Арт терапия элементін қолдану арқылы  сурет салу

Манка әдісі

Мақсаты: Оң жақ және сол жақ жарты шарға ,ми қызметіне, маторикасына әсер ететін әдіс. Бәріміз емін еркін отырып,  терең дем аламыз. Ешқандай нәрсе ойламауға тырысайық. Алдарыңызға берілген мәниді екіге бөлеміз, екі қолмен жұмыс істейміз. 1- екі жаққа бірдей шеңбер жасау.  2- мәнимен жанымыздағы адамның көзін саламыз. 3- көздің контурын жасау 4 саусақпен. 5- екі бірдей гүл салу. 6- өзінді жақсы сезінетін үй.

1.Терапия басталмас бұрын қандай сезімде болдыңыз.

2. Манканы кімге жоғары, орташа, төмен сепкен ұнайды. 

3. Кімге қандай әсер берді?

5-жаттығу

Құбыр

Мақсаты: Топты біріктіру, команда қалыптастыру. Көшбасшыларды анықтау.Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай) Ережесі: Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы  астауша тәріздер иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады. Талдау:ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады

                                                   6-жаттығу

                                                 Жіп терапиясы

Мақсаты:  Ұжымда психологиялық ахуалды қалыптастыру, кәсіби құлшынысын арттыру, жігерлендіріп, көңіл-күйін көтеру. Сонымен қатар ұйымшылдыққа, сенімділікке, бір-бірімен жақын танысып, білісіп, ашылуына көмектесу.

Қажетті құралдар: жіп, қарындаш, бос шырын құтысы
Ережесі: Жіп қатысушылар санына қарай бөлінеді. 20 қатысушы болса 11 бөлікке бөлінген 2м жіп қажет. Әр қатысушның қолында жіптің бір ұшы қалуы тиіс. Ақылдаса отырып жіптерді алмастырып, қар үлгісін жасайды. Ортасына қарындаш қойылады. Қарындашты жерге түсірмей құтыға салу қажет. Егер қарындаш жерге түсіп кеткен жағдайда ойын қайта басталады. Жаттығуды сөйлемей дыбыссыз өткізу, ойынның қызығушылығын арттыра түседі.

1. Тыңдай білу. 

2. Белсенділік. 

3.Шығармашылық. 

4. Төзімділік. 

5. Сыйластық. 

Талдау: ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салады.

Топқа берілетін тапсырма: Құрметті достар, сіздер мына жіптің көмегімен, карындашты шырын бөтелкесіне салуларыңыз қажет. Әр адамның қолында жіптің бір ұшы қалу керек. Топқа ойлануға уақыт беріледі. Жаттығу кезінде сөйлеуге тиым салынады. Егер карындаш жерге түсіп кеткен жағдайда қайта жалғастырады. Ойын жаттығуы аяқталғаннан кейін қатысушылар талдау жасап өз ойларын білдіреді. "Жіптік курстың" ұстанымы  "Бірлік бар жерде тірлік бар".

7-жаттығу

«Ипподром» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Нұсқаулық: Барлығымыз орнымыздан тұрып шеңбер құрайық. Ат жарысына келіп тұрмыз. Барлығымыз дайындалайық, 1- алақандарымызбен аяғымызды соғамыз, жылдамдатымыз. Барьер дегенде – оп-оп дейміз. Құмда алақанды үшбұрыштар бір-біріне біріге соғады. Су дегенде-еріндерін саусағымен қозғайды. Қыздар трибурасында –иии , ұлдар трибурасында- ооо. Финиш дегенде – ура.

                                                 8- жаттығу

«Би терапиясы»

Мақсаты: Қатысушылардың көңіл-күйін көтеру, жағымды көңіл-күй тудыру.

Нұсқау: Мұғалімдер аталған дене мүшелерін қозғалту арқылы билейді. Психолог ең алдымен қатысушыларға қасымен, көзімен билеуге нұсқау береді. Кейін осы дене мүшелеріне ауыз қосылады. Сөйтіп, иық, қол, аяқ т.б. дене мүшелері қосылады. Ең соңында барлық дене мүшелері билейді.

 

9-жаттығу

Релаксация

«Теңізге саяхат» релаксациялық жаттығу.

     Бұл медитативтілік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған, музыкамен орындалады.

     Жүргізуші. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай және оны теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз барқалыпты дем алып, асау толқандары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда.

     Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңыздағы асқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайттыңыз. Күн сәулесі мен жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің тұзды суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп, жүгіргіңіз, секіргіңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.

     Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Міне сіз тағы да жардың басында тұрсыз. Сіздің демалыс пен бақыт сыйлаған ғажайып әлемге алғысыңызды айтыңыз. Көздеріңізді асықпай ашыңыз!

      Қандай сезімде болдыңыз? Не сезіндіңіз?

 

Қорытынды: Сабақ соңында психолог барлығына орындарынан тұрып, шеңберге тұруын ұсынады. Әрбір қатысушы жеміс-жидектен дәм татып отырып, тілектерін айтады барлық қатысушылар бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуы керек. Соңында психолог барлығына сәттілік пен жақсы көңіл-күй тілейді.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг «Қарым-қатынас жарастығы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный хранитель

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 183 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.04.2019 17797
    • DOCX 28.2 кбайт
    • 653 скачивания
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакатаева Макпал Чайсунуровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакатаева Макпал Чайсунуровна
    Жакатаева Макпал Чайсунуровна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 36790
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация деятельности олигофренопедагога

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 235 человек

Курс повышения квалификации

Обучение без стресса. Психосоматика

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 329 человек

Курс повышения квалификации

Депрессивные состояния в подростковом возрасте

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 102 человека

Мини-курс

Основы дизайна в Figma

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек

Мини-курс

Созависимые отношения и способы их преодоления

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 34 человека

Мини-курс

Эффективная самопрезентация

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 34 человека