Инфоурок Информатика Статьи«Математикалық логика » пәнінен сандық қоры жасақтау технологиясы

«Математикалық логика » пәнінен сандық қоры жасақтау технологиясы

Скачать материал

«Математикалық логика » пәнінен сандық қоры жасақтау технологиясы

 

Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жобалауда жасау  құралдарын тиiмдi таңдау да оның сәттi жұмыс жасауының алғышарттарының бiрi.

Инструменталдық жабдықтар ретiнде компьютерлiк оқыту жүйелерiн құру барысында орындалуы тиiс мәселелердi шешуде қолданылатын программалық жүйелердi түсiнемiз. Негiзгi инструменталдық жабдықтар мен оларды қолдану кезеңдерi 1 -суретте келтiрiлген.

 Информатика курсының электронды оқулығын жасауда бiз Delphi программалау ортасы мен FrontPage веб-беттер құру ортасын қолдандық. Сондықтан осы инструменталдық жабдықтарға толығырақ тоқталып өтсек.

 Windows жүйесінде Delphi программалау ортасы - Пуск - Программы - Borland Delphi 7 ® Delphi 7 командасы арқылы iске қосылады (1-су­рет).

Delphi ОБП ортасы төрт құрылымнан тұрады: Негiзгi терезе, Объектiлер инспекторы (Object Inspector), Форма (Form1) және Код терезесi (Unit1.pas).

 Негiзгi терезесiнiң құрамына негiзгi мәзiр, аспаптар па­нелi және компоненттер палитрасы енгiзiлген. Негiзгi мәзiр Delphi ортасының жұмысын басқаруға арналған. Ол түрлі командалар орналасқан мәзiр пункттерiнен тұрады (2-сурет). Мәзiр пункттерiнiң құрамында түрлі типтегi командалар бар. Мысалы, Kоманданың атауынан кейiн үш нүкте тұрса, онда Бұл команда диалогтық терезе шақырады. Егер мәзiр командасының

1-сурет. Delphi объектiлi-бағдарлы программалау ортасы

 

соңында клавиштер комбинациясы жазылса, онда Бұл команданы сәйкес клавиштер комбинациясы арқылы орындауға болады. Мәзiр пункттерiндегi кейбiр команданың белсендi болмай көрiнуi, оның  осы уақытта орындалмайтынын бiлдiредi.    

         Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, програм­ма­ның сұхбаттық терезесi. Delphi алғашқы рет iске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрiнедi (1-сурет). Экранда форма көрiнбесе, негiзгi мәзiрден View-Forms командасын беру жеткiлiктi.

Форма Delphi ортасының негiзгi объектiлерiнiң бiрi. Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiне бастапқы мәндер мен­шiк­телiп тұрады. 

Қасиеттер тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiнде орналасады. Мысалы, 1-суретте Delphi iске қосылған кезде форма қасиеттерiнiң тiзiмi және сәйкес бастапқы мәндер енгiзiлген терезе көрсетiлген. Терезенiң екi қосымша бетi бар: Properties (Қа­сиеттер) және Events (Оқиғалар). Терезе ашылғанда екi бағанға енгiзiлген жазулардан тұратын оның Properties бөлiмi ашылулы тұрады (1-сурет). Бiрiншi бағанда көрiнетiндер – қа­сиет атаулары, екiншi бағанға сәйкес жазылғандар – олар­дың мәндерi. Экранда қасиеттер терезесi көрiнбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын немесе Ғ11 клавишiн басу жеткiлiктi.

         Delphi-де программалар оқиғалар ар­қы­лы басқарылатыны белгiлi. Ал объектiлерге қатысты оқиғалар тiзiмi Объект инспекторы (Object Inspector) терезесiнiң Events қосымша бетiнде орналасқан.              

Олар қасиеттер тере­зесiнiң екi бағаннан тұратын Events қосымша бетiне енгiзiлген. Терезеде оқиға атау­ларының алдына On префиксi тiркес­тiрiлiп жазылған. Ол – атау­дың оқиға екендiгiн бiлдiретiн белгi. Формаға байланысты оқиғалар саны – 35.

Delphi-де программа мәтiнi про­граммалық код деп, ол енгiзiлетiн терезе программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. 1-суретте көрсетiл­ге­нiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle Form/Unit ко­мандасын орындау не клавиатурадан F12 пернесiн басу арқылы орындалады.

Delphi-де программа мәтiнi про­граммалық код деп, ол енгiзiлетiн терезе программалық код терезесi не қысқаша редактор терезесi деп аталады. 1-суретте көрсетiл­ге­нiндей, Delphi iске қосылған кезде ол форма терезесiнiң астында көрiнбей тұрады. Оны экранға шығару View-Toggle Form/Unit ко­мандасын орындау не клавиатурадан F12 пернесiн басу арқылы орындалады.

Код терезесi ашылғанда, он­да процедура дайындамасы (үлгiсi) көрiнедi. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлiнген класс және процедура атаула­рынан тұрады (2-сурет).

Процедура  дайындама­сы­ның жазылу түрі:

Procedure <атау> (Sender : TObject);

<сипаттау бөлiмi>

begin

<процедура денесi>

end;

мұндағы Sender параметрi құрылатын процедураның қай клас­қа тиiс­тiлiгiн анықтайды.

    Терезенiң сол бөлiгiндегi - браузер терезесi. Онда код терезесiнде барлық жарияланулардың құрылымын көрiп шы­ғу­ға болады.

2-сурет. Редактор терезесiндегi процедура дайындамасы

 

    Delphi-де компоненттер панелiнен формаға түрлі компо­ненттер орнатып, олардың оқиғаларын өңдеуiш процедуралар құру ви­зуальды программалаудың негiзi. Мысалы, берiлгендердi енгiзу және шығару үшін компоненттер панелi­нiң Standard қосымша бетiндегi мәтiндермен жұмыс iстейтiн TEdit (енгiзу өрiсi), TLabel (шығару өрiсi) және TButton (коман­да­­лық тұйме) компоненттерi жиi пайда­ланылады.

        Проектiнi  дайындап  болған  соң  оны  сақтау  ұшiн  File – Save  Project As  не  File – Save  All  командасын  беру  керек.  Егер проект  алғаш рет сақталынып  жатса, онда модульдi сақтауды сұралатын  Save Until1 As  атаулы терезе  көрiнедi. 

     Проект сақталу  ұшiн  арнайы  бума дайындалмаған болса, ол Projects  (c:/Program Files/Borland/Delphi7/Projects)  бумасында сақталады. Бiрақ  пайдаланушы  Сақтау  терезесiнде жаңа  бума  құрып, проектiнi сонда  сақтағаны жөн. Ол оны iздеп  табуды  жеңiлдетедi.  Жаңа  бума құру тәсiлі:

-       сақтау сұралатын  терезенiң  Жаңа бума құру  тұймесiн шерту.  Бума  белгiшесi терезеде  орналастырылып қойылады;

-       клавиатурадан  бума  атын  енгiзу;

-       буманы  екi  рет шертiп,  ашу;

-       терезенiң  Файл аты өрiсiне  модуль  атауын  енгiзiп, Сақтау   тұймесiн  шерту. 

    Сақтаулы  проектiнi  ашу  ұшiн  File – Open Project  командасының  берiлуi  тиiс.  Көрiнген  терезеден  қажеттi  буманы  ашып,  онда  көрiнген проект  атауын  екi  рет  шертсе болғаны.

    Жаңа  құрылған  программманы  (проектiнi) сақтаған  соң,  оны  iске  қосу үшiн  компиляциялау  қажет.  Ол  үшiн   берiлетiн  команда: Project – Compile  Project (Проект- Пректiнi  компиляциялау). Жүйенiң  сәйкес  күйге келтiрiлуiне  байланысты, iске  қосу   командасы  берiлген  кезде  компиляциялау  барысы  Compiling  сұхбаттық  терезесiнде  көрiнiп  тұрады.

 

  Delphi ортасында Информатика курсының компьютерлiк оқыту жүйесін жасаудың алгоритмi:

1.     Оқыту жүйесінiң бас мәзiрiнiң интерфейсiн жобалау;

2.     Курс мазмұнын даярлау;

3.     Тапсырмалар жүйесін даярлау;

Оқыту жүйесінiң интерфейсiн жобалау технологиясы:

1.     Delphi ортасын iске қосып, 5-суреттегi форма дайындамасын жасау керек. Суретте келтiрiлген компоненттердi форма бетiне орнатып, олардың қасиеттерiне мәндер меншiктеу керек.

 

 

3-сурет.Күтуші жұмысының  компьютерлiк оқыту жүйесінiң интерфейсi. Негiзгi программаны ашып, бас мәзiрдегi командалық түймелер шертiлген кезде шақырылатын сәйкес процедураларды жариялау керек.

 

2. Бас мәзiрдегi Оқулық, Өзін сынау, Редактор және Бағдарлама жайлы командалық түймелерiнiң басып қайта жiберген кезде орындалатын өңдеуiш процедураларды жазу керек.

3. Бас мәзiр даярланып болған соң оның әрбiр пунктiнiң қызметiн сипаттайтын форма терезелерi мен программалық кодтарды жазып шығу қажет. 6-суретте компьютерлiк оқыту құралының мазмұны оқу беттерiнiң интерфейсiнiң дайындамасы келтірілген

 

 

 

4-сурет.  Компьютерлiк оқыту құралының Оқулық бөлiмiнiң интерфейсiнiң дайындамасы

 

«Математикалық логика» пәнінен сандық қоры жасақтау технологиясы

 

    “Математикалық логика” курсының тео­риялық материалдары мен тапсырмалар жүйесін құруда FronPage веб-беттер құру ортасы қолданылды. Алдыңғы тарауларда курс мазмұнын құрылымдаудың теориялық негiздерi қарастырылған болатын. Ендi осы оқу материалдарын электронды оқулықты құруда қандай формада, құрылымда беру мәселелерiн қарастырайық. Оқу материалдары әрине бiрiншiден курс мазмұнынан тұрады. Электронды оқулық құрудың инструменталды құралдарын пайдалан отырып, бiз оқу курс мазмұнын оқулықтың сол жақ бөлiгiне орналастырдық және курс мазмұны қарапайым Блокнот редакторында дайындалады.     

    Жоғары тарауда атап өтiлгендей курстың теориялық мазмұны мен оның материалдары компьютерлiк оқыту құралының Оқулық бөлiмiнде орналасады.

 

Курс мазмұнын құрып болғаннан соң, оқу материалдарын компьютерлiк оқыту құралының терезсiнiң оң жақ негiзгi бөлiгiне орналастыру қажет. Ол бiрiншiден оқу материалдарын FrontPage ортасында даярлап алған жөн. Теориялық материалдардың Бұл ортада даярлануы оқу материалдарының арасындағы логикалық байланысты күшейтiп, оқушыға интерактивтi жүйеде жұмыс жасауға мүмкіндiк бередi.  Оқу материалдарының арасындағы байланыс гиперсiлтемелер жүйесi арқылы жұзеге асырылады. 11-суретте операциялық жүйенiң негiзгi объектiлерi тақырындағы оқу материалдары мен гиперсiлтемелер келтiрiлген. Гиперсiлтемелер жүйесi кез келген компьютерлiк оқыту жүйесінiң ажырамас бөлiiг ретiнде қарастырылуы тиiс. Ол компьютерлiк оқыту құралындағы интерактивтiлiктi қамтамасыз етедi. Ал интерактивтiлiктi бiлiм алуда үлкен маңызға ие екендiгi барлығымызға белгiлi.

 

6-сурет. Оқу материалдарын FrontPage ортасында даярлау

 

    Суреттен көрiп тұрғанымыздай бiрiншi және екiншi сiлтемелер пайдаланушыға сәйкес оқу материалдарын шақырып бередi. Егер ол қажет болмаған жағдайда, яғни оқушы Бұл тақырыптарды игерiп қойған болса, онда ол мазмұннан келесi тақырыпты таңдау арқылы Бұл тақырыптан шығып кетуiне болады.

    Тақырыптар арасындағы осындай байланыстарды қамтамасыз ету оқушының нәтижелiк блiмiнiң тиянақты болуын қамтамасыз етедi. Ол осының көмегiмен өз санасында курстың толық құрылымы мен мазмұнынын қалыптастырады және курсты тез игерiп кетедi.

    Курстың тапсырмалар жүйесін құруда Ұғымдық деңгейдегi тапсырмаларды тастап кетуге болады, себебi қолданбалы программалық қамсыздандыру курсы туралы жалпы теориялық мәлiметтер мен Ұғымдық деңгейдегi сұрақтар электронды оқулықтың тест бөлiмiнде толық қарастырылған. Сондықтан мұнда берiлетiн тапсырмалар бiр жағынан лабораториялық жұмыс ретiнде деп есептеуге болады.

    Курстың тапсырмалар жүйесi FronPage ортасында веб-беттер түрінде құрылған. Тапсырмалар қадамдап орындау арқылы iске асырылады. Оқушы тапсырманы орындап болғаннан соң оның нәтижесiн оқытушыға мiндеттi түрде өткiзуi тиiс.  Операциялық жүйенiң FronPage ортасында құрылған 1-тапсырмасында Калькулятор программасымен танысу iс-әрекетi жұзеге асырылады. 7-суретте тапсырманың жалпы көрiнiсiнiң ортада қалай құрастырылғаны келтiрiлген.

Математикалық логика курсының компью­терлiк оқыту құралын iске қосу үшін “.exe” программасын жүктеу қажет. Нәтижеде экранда алты бөлiктен тұратын оқулықтың негiзгi терезесi ашылады (8-сурет). Экранның сол жақ бетiнде курс мазмұны, ал оң жағында оқу материалдары орналасқан.

 

Күтуші курсының компью­терлiк оқыту құралын iске қосу үшін “Okuluk.exe” программасын жүктеу қажет. Нәтижеде экранда алты бөлiктен тұратын оқулықтың негiзгi терезесi ашылады (8-сурет). Экранның сол жақ бетiнде курс мазмұны, ал оң жағында оқу материалдары орналасқан.

 

8-сурет. Delphi компьютерлiк оқулығының негiзгi мәзiрi

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Математикалық логика » пәнінен сандық қоры жасақтау технологиясы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 934 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.06.2016 913
    • DOCX 4.1 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жоламанов Еламан Куандыкович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жоламанов Еламан Куандыкович
    Жоламанов Еламан Куандыкович
    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15698
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Разработка и сопровождение требований и технических заданий на разработку и модернизацию систем и подсистем малого и среднего масштаба и сложности

Системный аналитик

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 83 человека

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания информатики в начальных классах с учетом ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Информационные технологии в профессиональной деятельности: теория и методика преподавания в образовательной организации

Преподаватель информационных технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 190 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 973 человека

Мини-курс

Финансы и управление в медиакоммуникациях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 56 человек

Мини-курс

Сельский и индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе