Инфоурок Информатика Рабочие программыАқпаратты өңдеу

Ақпаратты өңдеу

Скачать материал

«Т.Ізтілеуов атындағы №29 қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпаратты өңдеу

 

 

 

 

 

Пәні: «Ақпараттық мәдениет»

Күні: 21.01.2014ж

Сыныбы: 7 «Б»

Пән мұғалімі: С.К.Мыңжасарова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2013 – 2014 оқу жылы

                      Бекітемін:

Оқу ісінің меңгерушісі: _________ Г.Исаева

 

Сабақтың тақырыбы: «Ақпаратты өңдеу»

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік

Дамытушылық

Тәрбиелік

Оқушыларды тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, ақпаратты өңдеу тәсілдерімен таныстыру, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру

Оқушылардың ойлау қабілеттерін, ақпаратты сақтау, ақпаратты жеткізу және өңдеу тәсілдерін дамыту

Оқушыларды ынтымақтастыққа, ізденімпаздылыққа, отан сүйгіштікке, тапсырмаларды тез орындауға тәрбиелеу

 

Сабақ түрі: жаңа білімді меңгерту

Сабақ типі: аралас

Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, интерактивті тақта, презентация, Activote.

 

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі

2. Үй тапсырмасына шолу:

Жұппен жұмыс жасау. Бір оқушы екінші оқушыға сұрақ қояды. Екіншісі оған жауап береді.

  • Ақпарат дегенді қалай түсінесіңдер? Мысал келтір
  • Адамның пайда болуына дейін ақпарат болды ма?
  • Адам ақпаратты қандай ақпарат көздерінен қабылдайды?
  • Ақпараттың қандай қасиеттерін білесіңдер? Мысал келтір

 

3. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Ақпаратты өңдеу

Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады.

Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.

Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

Ақпаратты жүйелеу дегеніміз – белгіленген тәртіп бойынша жинақтау. Ақпаратты жүйелеу барысында сұрыптау тәсілі пайдаланылады, яғни белгіленген тәртіп бойынша жинақтау (реттеу).

Сұрыптау түрлері:

*   алфавит бойынша;

*   нөмір бойынша;

*   хронологиялық реттілікпен

Ойланайық!

Тапсырма: графикалық ақпаратты негізгі белгілеріне қарай сұрыптаңдар.

Шешуі: Гүлдер – Музыкалық аспаптар – Спорттық құралдар

Ақпаратты іздеу

Іздеу – ақпаратты өңдеу тәсілдерінің маңызды түрі. Қажетті ақпаратты іздеу көптеген ақпарат қоймасында жүзеге асады. Егер ақпарат жүйеленген болса, онда іздеу нәтижесі тезірек орындалады.

Ақпаратты көрсету формасын өзгерту

Ақпаратты көрсету формасын өзгерту – бұл ақпаратты көрсету формасын ақпаратты қабылдауға, өңдеуге, сақтауға немесе жіберуге ыңғайлы басқа формаға ауыстыру болып табылады. Ақпаратты кодтау кезінде біз оның көрсету формасын өзгертеміз.

Берілген ережелерге сәйкес ақпаратты өзгерту

Енгізілген ақпаратты шығарылатын ақпаратқа өзгерту ережесі формула немесе әрекеттің толық жоспары түрінде берілуі мүмкін.

Тапсырма: АВС үшбұрышының қабырғасы АВ=18 см, ВС қабырғасы АВ қабырғасынан 3см кіші болса, АС қабырғасы АВ қабырғасынан 3 есе кіші. АВС үшбұрышының периметрі нешеге тең?   

Тапсырманың шешуі:

Р = АВ + ВС + АС

1) ВС = АВ – 3 = 18 – 3 = 15 (см)

2) АС = АВ : 3 = 18 : 3 = 6 (см)

3) Р = 18 + 15 + 6 = 39 (см)

Жауабы: периметрі 39см-ге тең.

Қорытынды:  бізге белгілі ережелерге сәйкес бастапқы деректерді өзгерту нәтижесінде үшбұрыштың периметрі нешеге тең екендігі туралы жаңа ақпарат алдық.

Ақпаратты пайымдау жолы бойынша өзгерту

Тапсырмалардың шешуі, яғни енгізілген ақпаратты шығарылатын ақпаратқа өзгерту логикалық ойлау арқылы жүргізілуі мүмкін. Ол үшін:

 

Тапсырманы бұлай шешуде адамның білімі мен өмірлік тәжірибесі қолданылады. Ақпаратты пайымдау жолы бойынша өзгерту – бұл жаңа ақпаратқа, жаңа мазмұнға жетелейтін ақпаратты өңдеу әдісі.

Тапсырма: Мектеп жанында алты ағаш өседі:  ҚАРАҒАЙ, АРША, ЖӨКЕ, ТЕРЕК, ШЫРША және ҮЙЕҢКІ. Осы ағаштардың ең биігі және ең төмені қайсылар? Егер мына мәліметтер белгілі болса:

АРША төмен ТЕРЕКТЕН,

ЖӨКЕ биік ҮЙЕҢКІДЕН,

ҚАРАҒАЙ төмен ШЫРШАДАН,

ЖӨКЕ төмен АРШАДАН,

ҚАРАҒАЙ биік ТЕРЕКТЕН

Тапсырманың шешуі: Ү < Ж < А < Т < Қ < Ш

Пайымдауға арналған тапсырма

Үстелде рет ретімен минералды су бөтелкесі, кружка, шыны аяқ, стақан және құмыра қойылған. Олардың ішінде әртүрлі сусындар: кофе, шәй, сүт, квас және минералды су бар. Бірақ қай сусынның қай ыдыстың ішінде екені белгісіз. Егер стақанды шәй және сүттің ыдыстарының ортасына қойсақ, онда сүт кваспен көрші болса, кофе қақ ортада болады. Қай ыдысқа қандай сусын құйылғанын табыңдар.

Тапсырманың шешуі: минералды су – шәй – сүт – кофе – квас.

Іс – әрекет жоспарын жасау және оның жазбасы

Көптеген ақпараттық тапсырмаларда керекті нәтижеге қол жеткізетін іс – әрекет жоспарын жасау міндеттеледі.

Тапсырма:  3 және 5 литрлік шелектің көмегімен 7 литр суды қалай алуға болады?

 

Тапсырма шешімінің ауызша әдісінің жазбасы

  1. 5 литрлік шелекке толтырып су тарту. ( 1-де 0 литр және 2-де 5 литр.
  2. 5 литрлік шелектегі суды 3 литрлік шелекке құю. (1-де 3 литр, 2-де 2 литр).
  3. 3 литрлік шелектегі суды төгу (1-де 0 литр,  2-де 2 литр).
  4. 5 литрлік шелекте қалған суды 3 литрлік шелекке құю (1-де 2 литр, 2-де 0 литр).
  5. 5 литрлік шелекті толтырып алу( 1-де 2 литр, 2-де 5 литр).

 

Тапсырма шешімінің кестелік әдісінің жазбасы

 

 

Қозғалмалы бейнелер құру

Біздің заманымызда мультфильм құру үшін суретші – мультипликаторлардың жұмысын айтарлықтай жеңілдететін арнайы бағдарламалар бар. Ұзақтығы 1 минут болатын мультфильмге 1500 жуық бейнелер керек.

Бұрын 10 минуттық мультфильм құру үшін суретшіге жылға жуық уақыт керек болатын.

Қазір суретші 10 минуттық мультфильмді 1-2 аптаның ішінде аяқтауға қабілетті.

 

Сұрақтар. Тапсырмалар.

1. Кестенің бірінші бағанында класс бойынша топтастырылған объектілер берілген. Бұл топтастырудың негізін анықтаңдар:

2. Төмендегі кодтау кестесінде әрбір әріпке сәйкес сандар қойылған: бірінші сан – баған нөмірі болса, екінші сан – жол нөмірі. Кестенің көмегімен «КОМАНДА» сөзін жасырыңдар.

Тапсырманың шешімі: КОМАНДА ® (1,1) (5,1) (3,1) (1,3) (4,1) (5,3) (1,3)

3. Оқушыларға күніне 5 рет тамақтану режимі маңызды: күндізгі рационның бірінші таңғы асы - 20%, екінші таңғы асы - 15%; түскі асы - 40%; түстен кейінгі асы - 10%; кешкі асы - 15% болуы керек. Сонымен қатар тамақ ішу уақыты сағат 07.00, 10.00, 13.00, 16.00 және 19.30 ұйымдастырылуы керек. Осы ақпаратты кесте түрінде ұсыныңдар:

Түйін

       Ақпаратты өңдеу — бұл ақпараттық тапсырманың шешімі немесе бастапқы деректерден нәтижеге ауысу процесі.

       Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады.

       Ақпаратты тасымалдау үдерісіне әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы қатысады.

       Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.

       Ақпаратты өңдеудің екі түрі бар:

1) Жаңа ақпарат, жаңа мазмұн алуға байланысты өңдеу;

2) Ақпаратты көрсету формасы өзгеретін, бірақ мазмұны өзгермейтін өңдеу

       Формасы өзгеріп, мазмұны өзгермейтін ақпаратты өңдеу тәсілі ақпаратты жүйелеуде, ақпаратты іздеуде және кодтауда жүзеге асады.

       Математикалық немесе логикалық тапсырмаларды орындағанда жаңа ақпарат алуға жетелейтін ақпаратты өңдеу процесі іске асады.

        Көптеген ақпараттық тапсырмаларда керекті нәтижеге қол жеткізетін іс – әрекет жоспарын жасау міндеттеледі.

        Іс – әрекеттің жоспары пункт бойынша кесте немесе сызба түрінде жазылуы мүмкін.

 

4. Компьютермен жұмыс

А деңгейі

1. Microsoft Word мәтіндік редакторын ашыңдар. Ол үшін Пуск – Все программы – Microsoft Word командаларын орындаңдар.

2. «Ақпаратты сақтауға, жеткізуге және өңдеуге болады» мәтінін теріңдер. Үтір қазақша тергенде жоғарғы қатардағы «6» батырмасы арқылы теріледі, ал бас әріптерді теру үшін CapsLock пернесін басу керек. Сөздердің арасын ажырату үшін бос орын пернесін бір рет басыңдар.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

В деңгейі

1. Microsoft Word мәтіндік редакторын ашыңдар. (Пуск – Все программы – Microsoft Word)

2. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

3. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

С деңгейі

1. Microsoft Word мәтіндік редакторын ашыңдар. (Пуск – Все программы – Microsoft Word)

2. «Түйін» бөліміндегі мәтінді теріңдер.

3. Терілген мәтінді форматтаңдар: тақырыбын курсив, қаріп өлшемі 16, түсі – қызыл, ал мәтіннің түсі – көк, қаріп өлшемі – 14.

4. Өз ақпараттарыңды сақтап, программаны жабыңдар.

 

5. Сабақты қорытындылау. Activote құрылғысы арқылы.

Өзіңді тексер!

1. Ақпаратты сақтау үдерісін көрсет.

А)  теледидар көру               В) дәптерге жазу             С) кітап оқу           Д) телефонмен сөйлесу

2. Әдеттегі қойын дәптерді қолдану мақсаты:

А)  ақпаратты өңдеу             В) ақпаратты сақтау       

С) ақпаратты жеткізу           Д) ақпаратты сақтау, өңдеу және жеткізу

3. Ақпаратты іздеуге не жатады?

А)  электрондық поштамен ақпарат алу

В) компьютерлік желілер көмегімен ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу

С) кітап мазмұнымен жұмыс істеу

Д) мәтіндерді басқа тілге аудару

4. Ақпаратты жеткізу мысалы бола алатын үдеріс:

А)  кітапханадан кітап іздеу                        В) телефон арқылы сөйлесу

С) музыка тыңдау                                         Д) табиғат құбылысын бақылау

5. Ақпарат алу – ол

А)  үй жұмысын орындау                           В) ағаш көшеттерін отырғызу

С) музыка тыңдау                                        Д) математикадан есеп шығару

6. Адам үшін ұялы телефон – ол

А)  ақпарат көзі                                              В) ақпарат қабылдаушы

С) ақпаратты өңдеу құралы                          Д) байланыс құралы

7. Мәтінді қазақ тілінен орыс тіліне аудару қандай үдеріс?

А)  ақпаратты тасымалдау                            В) ақпаратты іздеу

С) ақпаратты өңдеу                                       Д) ақпаратты сақтау

 

Тест жауаптары:

1

2

3

4

5

6

7

В

В

С

В

С

Д

С

 

6. Үй тапсырмасы

Өтілген материалды мазмұндау, бақылау сұрақтарына жауап беру, тест тапсырмасын орындау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ақпаратты өңдеу"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор музея

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Оқушыларды тірі ағзалардың ақпаратты қабылдауына, ақпарат беруі мен қолдануына мысалдар келтіруді үйрету, ақпаратты өңдеу тәсілдерімен таныстыру, қоршаған ортаға ақпараттық көзқарас қалыптастыру, оқушылардың ойлау қабілеттерін, ақпаратты сақтау, ақпаратты жеткізу және өңдеу тәсілдерін дамыту,ынтымақтастыққа, ізденімпаздылыққа, отан сүйгіштікке, тапсырмаларды тез орындауға тәрбиелеу мақсатында құрылған сабақ жоспары ақпаратты өңдеу тәсілдері, құралдары туралы толық мағлұмат берілген. Қызықты тапсырмалар, тест жұмысы бар.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 379 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.05.2014 5540
    • DOCX 1.6 мбайт
    • 14 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мынжасарова Светлана Кенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 22746
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 685 человек из 79 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 809 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Курс профессиональной переподготовки

Создание и обеспечение электронного архива с использованием информационно-коммуникационных технологий

Специалист по формированию электронного архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Современные подходы к преподаванию географии: нормативно-правовые основы, компетенции и педагогические аспекты

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Раннее развитие: комплексный подход к развитию и воспитанию детей от 0 до 7 лет.

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Физическая культура и спорт: методика, педагогика, психология

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек