Инфоурок Русский язык Рабочие программыЖазбаша жұмыс және оның құрылымдық ерекшеліктері

Жазбаша жұмыс және оның құрылымдық ерекшеліктері

Скачать материал

Жазбаша жұмыс және оның құрылымдық ерекшеліктері

Қазақ тіл білімінің атасы – Ахмет Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. Олай дейтін себебіміз, ғалым: “Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма болады”, - дейді [5,344б]. А.Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын көрсетті. Мәтіннің қатысымдық қызметін тудыруға қатысатын айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың б

ірі болып айтты [5,345б ].

Қ.Жұбановтың еңбектерінде қазіргі тіл біліміндегі терминдік атаулармен берілмесе де, мәтін мәселесіне қатысты пікірлердің болғандығы анық байқалады. Мәселен, Қ.Жұбанов мәтінді сөз деп атайды. Ғалымның мәтін туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданыстағы қызметіндегі ерекшеліктерінен туындаған болса керек. Мәтін қарым-қатынасты жүзеге асырудың бірден-бір құралы деп түсінген ғалым мәтіннің ауызша және жазбаша түрлерін бөліп көрсетіп, олардың айырмашылықтарына да ден қояды. Бұл жөнінде Қ.Жұбанов: “Сөз бұйымын дұрыс жасап шығу үшін

де оның жасалу жолын білу – жазылатын сөзге ала-бөле қарау. Өйткені ауызекі сөйленетін сөздің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар, - деп, паралингвистикалық зерттеу нысанасы ым-ишара секілді кинестикалық амал-тәсілдерді т.б. атап көрсетеді де, ойын былайша сабақтайды:” - Жазулы сөзде бұл кеңшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады; қалай оқылса, солай түсініледі, немесе түсініксіз күйімен қалып қояды. … Сондықтан, әсіресе, жазылатын сөздің қалай құру тетігін білу

өте қажет” [6,148 б]. Бұдан біздер ғалымның мәтінді жүйелілік сипаты бар құбылыс деп түсінгендігін көреміз. Бұл көтерілген мәселелер сол кезде мәтін лингвистикасының ауқымында қарастырылмаса да, қазірдің өзінде тіл білімінің осы саласы үшін өзекті, әрі құнды.

Қазақ тіл білімінде мәтіннің тұлға-бірлігінен саналатын күрделі синтаксистік тұтастық туралы алғашқы пікір білдірген ғалымдар қатарында Т.Қордабаев пен Р.Сыздықоваларды атай аламыз. 60-70-жылдардың өзінде-ақ ғалымдарымыздың еңбектерінде күрделі синтаксистік тұтастық мәселесі күн тәртібіне қойылды. Алайда, ғалымдардың пікірі бойынша, өздерінің екбектерінде бұл категория жан-жақты арнайы қарастырылмады. Әйтсе де, Р.Сыздықова “Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы” (1970) деген еңбегінде қазақ поэзиясында сөйлемдерді бір-бірімен байлан

ыстырып, топтастыратын тәсілдердің бірқатары орыс тіліндегімен сәйкесетінін және бірсыпырасы өзгеше, яғни қазақ тілі табиғатына сай келетіндігін айта келіп, олардың басты-бастыларын тізіп көрсетеді [7]. Ал 1974 жылы жарық көрген “Қазақ тілінің стилистикасы” оқулығында сөздің (речь) ауызша және жазбаша деп екіге бөлінетіндігі, олардың ерекшелігі сөз етіліп, жазбаша сөздегі ойдың қағазға жазылып жеткізілетіндігі туралы мынадай пікір айтылады: “Сонымен жазу – ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар)

әр жай, күйді білдіріп хабарлайды ”[8,9-10 б]. Бұл ойдан жалпы лингвистика ғылымының зерттеу нысанынан саналатын мәтін – тіл жүйесін пайдалану арқылы қағаз бетіне түскен сөйлеудің бір түрі, яғни ол сөйлеудің хатқа түскен бейнесі түрінде анықталып отырғаны анық байқалады.

Н.Ж.Құрманова мен К.Мухлистің мәтіннің теориясы мен оны оқыту әдістемесіне арналған және теория мен әдістеменің синтездік түрі болып шығарылған оқу-әдістемелік құралы “Текст теориясы және тексті талдау әдістемесі”,- деген атпен 2000 жылы жарық көрді.(9,114 б(. Мұнда авторлар 1-бөлімінде мәтіннің теориялық болмысын сипаттаса, 2-бөлімінде мәтіннің түрлі қырдан оқушыларға танылу әдістемесін сипаттайды. Оқушыларға лингвистикалық мазмұндағы мәтіндермен жұмыс жасау жолдарын, танымдық мәтіндер мен жұмыс жасауды, ұлттық ойлауды қалыптастырудың жолдарын, шешендік мәтіндерді талдау жолдарын, оқушылардың шығармашылық ойларын дамытуды, ауызша және жазбаша тілін дамытуға байланысты, тіл ұстарту мақсатында мәтінді қолдану, жекелеген тіл бірліктерін оқыта отырып мәтінмен жұмыс жасау әдістерін, мәтіннің құрамындағы сөз, сөз тіркесі, сөйлемдердің өзара байланысу жолдарын таныту әдістерін, мәтінді жоспарлау, тақырып және мәтіннің байланысын таныту жолдарын кең көлемде сипаттаған, бұл еңбек – қазақ тілін оқыту әдістемесінде мәтінді танытуға арналған алғашқы туындылардың бірі деп санаймыз.

Мәтін өте күрделі табиғаты оған түрлі қырдан танылған түрлі анықтама берілуінен байқалады. З.Я.Тураева, Н.И.Жинкиннің тұжырымдамасы негізінде А.И.Новиковтың, М.М.Бахтиннің, И.Р.Гальпериннің, Б.Шалабаевтың, қырғыз мәтіндерінің қатысымдық құрылымын зерттеген С.Ж.Мусаевтың. Мәтінге берген анықтамаларын салыстыра талдай отырып, әр анықтамада мәтіннің бір қыры танылып жататынын көре аламыз.

Мәтін теориясын кең көлемде зерттеген И.Р.Гальперин өзара байланысып жататын мәтіннің мазмұндық (содержательные) және тұлғалық-құрылымдық категорияларын анықтап, олардың әрқайсысына сипаттама береді: хабар беру, мүшелену, мәтінішілік байланыс (когезия), континуум, диссконтинуум, ретроспекция (мезгілге, кеңістіке қатысты ұғымдар),модальділік, дербес мағыналық, тұтастық, аяқталғандық. Ғалым оларға нақты шек қоюды қажет деп есептемейді, өйткені “тұлғалық – құрылымдық категориясына мазмұндық сипат тән болса, ал мазмұндық категориясы құрылымдық тұлғалар арқылы көрініп отырады”[10,5 б].

Мәтінді зерттеушілер оның тұлға – бірлігі ретінде бірнеше сөйлемдерден тұратын ірі тұтастықтарды көрсетеді. Түркологияда мәтін лингвистикасы мәселелері ішінен осы бағыттағы жұмыстарға көбірек көңіл бөлінді. Мәселен, Т.Қордабаев “Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі” оқу құралында: “Құрмалас сөйлем синтаксисі жай сөйлемдердің өзара бірігіп, күрделі ойды білдіретін бір сөйлем, яғни құрмалас сөйлем болуын зерттеумен ғана тынбайды, сонымен бірге бірнеше сөйлемдер тіркесінен құралатын синтаксистік күрделі бірлікті де қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда, құрмалас сөйлем синтаксисінің нысанасын құрмалас сөйлем, синтаксистік күрделі бірлік деп екі топқа бөлуге болады”, - деген пікір білдіреді [11,8б]. Ғалым бұл жерде күрделі синтаксистік бірлік пен құрмалас сөйлемдердің бірнеше сөйлемдерден тұрып күрделі ойды білдіруін басшылыққа алып отырса керек. Әрине, екеуі де бірнеше сөйлемдерден тұратынына ешкім де талас туғызбайды, бірақ олар тең дәрежедегі ұғымдар емес. Себебі бірнеше жай сөйлемдерден құралып, күрделі ойды білдіретін құрмалас сөйлемдердің қай түрі де күрделі синтаксистік бірліктің бір ғана құрамдас бөлшегі болып саналады.

Мәтіннің көлемі қандай, қанша сөйлемнен түзілуі тиіс деген сұраулар төңірегінде де зерттеушілер арасында бірізді пікір жоқ. Сол себепті де, мәтін атауы әр түрлі құрылымдық-мағыналық бірліктерге – дара сөйлемге де, мағыналық, интонациялық жағынан аяқталған сөйлемдердің тізбегіне де, тұтас шығармаға да (макромәтін), шығарма бөліктері мен үзінділеріне де (микромәтін), яғни “бір сөйлемнен бастап бірнеше томдық шығармаға дейін”(Л.Г.Фридман) қолданыла береді. Сонда бұларды мәтін деп атауға қандай негіз бар? Бұл сауалға жауап ретінде О.И.Москальскаяның пікірін келтіргенді орынды көрдік. О.И.Москальская: “…сан түрлі сөйлеу туындылары мен олардың шартты түрде аяқталған бөліктерінің барлығын біріктіріп тұрған ең басты белгісі – мағына бірлігі және қатысымдық маңызы бар функциналдық белгісі”, - деп тұжырымдайды [12,12-13б]. Әр түрлі тұлға-бірліктердің мәтін деп аталуы, зерттеушінің тұлға-бірлікті өзіндік байланысу жолдары мен тәсілдері бар, салыстырмалы түрде тұтас бір аяқталған мазмұнды білдіретін құбылыс ретінде қарастырудан туындауы да мүмкін. Сондай-ақ бір-екі немесе үш-төрт сөйлемдерден тұратын, өз алдына аяқталған дербес тұтас мәтін ретінде танылатын да сөйлеу туындылары бар. Олар: мақалдар, мәтелдер, жұмбақтар, жарнама мәтіндері т.б.

Тұжырымдай келгенде, оқушылардың жазбаша тілін дамыта оқыту үшін, ең алдымен, олардың мәтін туралы білімін, түсінігін, мәтіннің құрылымдық ерекшелігі туралы біліктілігін қалыптастыру қажет.

Мәтіннің негізгі белгілерін анықтауда ғалымдардың пікірлері түрліше. Біреулер ауызша және жазбаша сөйлеу формаларын мәтін деп атаса, көпшілігі тек жазбаша сөйлеу нәтижесін мәтінге жатқызады. Алайда, мәтіннің мүшеленуі (бөлшектенуі), мағыналық тұтастық және құрылымдық байланыс сияқты белгілерін барлық зерттеушілер мақұлдайды. Мәселен, Г.Смағұлова мәтіннің белгілі бір құрамнан тұратынын айта келіп: «Мәтін – тіл жүйесіндегі өзінің мәні мен болмысына сай, сөйлемдердің жай ғана тізбегі емес, мағыналық – құрылымдық күрделі тұлға. Ол – логикалық, грамматикалық, байланыстарға негізделген, тиянақты мазмұнға ие біртұтас қарым-қатынас бірлігі», – деп анықтайды [13,9б].

Тіл ғылымында бүгінге дейін зерттеу нысаны болып келген сөз, сөз тіркесі, сөйлем, морфологикалық, лексикалық тұлғалар, фонетикалық құбылыстар – мәтіннің құрамына енетін тілдік бірліктер. Осы тұрғыдан алып қарағанда қазіргі қазақ тілі білімінде мәтінді құрылымдық, мағыналық, қызметтік жағынан жан-жақты зерттеу әлі де кенжелеп келе жатқан өте маңызды мәселелердің бірі екенін мойындамасқа болмайды.

Мәтін – қазақ тілін оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен істелетін жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функциональдық тұрғыдан танып-білуге, сол арқылы оқушының логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Өйткені, мәтінде тіл бірліктері (сөз, сөз тіркесі, сөйлем) тегіс қатысады. Сондай-ақ мәтін стильге қатысты да танылады. Сондықтан мәтінмен жұмыс істеу әдістемесіне стилистикалық бағыттағы жаттығу жұмыстары да енеді.

Барлық мәтіндер, ең алдымен, лингвистикалық нысан болып табылады. Сондықтан да мәтіндердің типологиясы лигвистикалық тұрғыдан танылуы қажет. Лингвистикалық типологияның негізіне лингвистикалық дифференциация алынады. Оның өзі мәтіннің түрін, формасын, жанрлық-стилистикалық ерекшеліктерін, жүзеге асырылу шарттары мен тәсілін білдіреді. Сонда мәтіннің белгілеріне (әдістемелік тұрғыдан келгенде) мыналар алынады: 1) сөйлеу түрі; 2) сөйлеу формасы; 3) сөйлеу стилі; 4) жанры; 5) сөйлеудің функциональдық-мағыналық типі (сөйлеу тәсілі); 6) сөйлеудің эмоционалдығы мен экспрессивтілігі. Бұл аталғандарды таратып қарастырайық. Біріншісінде сөйлеудің ауызша және жазбаша екендігі қарастырылады. Ауызша мәтін уақытпен байланысты болса, жазбаша мәтін кеңістікпен байланысты. Ауызша мәтіндер – синтаксистік құрылымы жағынан жазбашаға қарағанда, анағұрлым қарапайымдау, эллипсистігі мол, мағыналық құрылымы нақпа-нақ келіңкіремейтін экспрессивтік элементтері мол болып келетін мәтіндер.

Жазбаша мәтінде оны құраушы бірліктердің арасындағы байланыстырушы элементтер айқын білініп, формалды көрсеткіштері мүмкіндігінше, толыққанды болуға, логикалық ой желісі үзілмей, сақталып отыруға, лексикалық құнарлылығы терең болып, басқа да тілдік формалардың мол болуына мүмкіндік беретіндей күйде жасалады.

Екінші белгіні қарастырайық. Қарым-қатынас жасау формасына сәйкес, мәтіндер монологтық, диалогтық (кей ретте полилогтық та) болып бөлінеді. Бұл жерде сөйлеудің түрі мен формалары бірігіп келіп, жазбаша мәтінде де, ауызша мәтінде де монолог пен диалог болатыны анықталады.

Үшінші белгіні талдайық. Мәтіннің қандай да бір стильде құрылатыны белгілі. Оқыту барысында функциональды стильдердің ауызекі сөйлеу стилі, ғылыми, ресми іс қағаздары, публицистикалық және көркем әдеби түрі қолданылады. Осы стильдердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері белгілі. Олардың мәтіндегі өзіндік құрылымы бірден көрініп тұруы да мүмкін. Көп ретте, публицистикалық және көркем әдеби стильдерді айыра алмау байқалады. Сондықтан да мәтін стильдерін таныту бағытында жүргізілетін жұмыстардың өзіндік жүйесі жасалынуы керек.

Төртінші белгі бойынша. Мәтіннің жанрлық ерекшеліктері де танылуы қажет. Жанр, негізінде, функциональдық стильдермен тығыз астасып жатады. Ондай байланыстылықты мынадай сызба арқылы көруге болады:

Функционалдық стильдер мен жанрлардың қатысы:



Стильдер Жанрлар

Ғылыми стиль Оқу материалы мәтіндер; мақалалар, монографиялар (үзінділер), баяндамалар, хабарламалар, рефераттар, шолулар, аннотациялар

Ресми стиль Өтініш, мінездеме, түсініктеме қағаз, ресми құттықтау, хабарландыру, анкета (сауалнама), автобиография, ұсыныстар

Публицистикалық стиль Хроника, ақпарат хабар, мақалалар, комментарийлер, очерк, фельетон

Көркем стиль өлең, поэмалар, ертегі, әңгіме, повесть, роман (үзінді)



Мәтіннің бесінші белгісі – сөйлеудің функциональдық типі. Сөйлеуде сипаттама, хабарлама, ойтолғау түрлері қолданылатыны белгілі. Бұлардың әрқайсысының жеке ерекшеліктері әрбір сөйлеу типтерінің құрылымдық – жүйелік заңдылықтарына сәйкес танытылады.

Мәтіннің тағы бір маңызды белгісі – оның эмоционалдық бояулылығы. Бұл жағынан, ғалымдардың пікірінше, мәтіндер: а) ресми, ә) ресми емес, б) бейтарап болып бөлінеді. Экспрессивті мәтіндер өз ішінде: 1) экспрессивті-стилистикалық белгілері бар және 2) бейтарап мәтіндер болып бөлінеді. Осының ішінде, экспрессивтік-стилистикалық белгісі бар мәтіндерге: көркем, публицистикалық, ауызекі сөйлеу, ғылыми (пікірталастар), құттықтау, қарсы алу сөзі сияқты ресми мәтін түрлері жатады. Ал «бейтарап» мәтіндерге: ғылыми, ресми іс қағаздар, публицистикалық стильдің кейбір жанрлары хроника жатады. Әдістемеші-мамандар әдістемелік тұрғыдан мынадай етіп бөлуді ұсынады: 1) оқуға; 2) тыңдауға; 3) ауызекі сөйлеу тілін дамытуға; 3) жазба сөйлеу тілін дамытуға арналған мәтіндер.

Ал, біз зерттеуімізге байланысты мәтінді оқыту мен жазбаша тілін дамыту мақсатында қарастырамыз.

Тұжырымдай келгенде, оқушылардың дүниетанымын дамыту мен қалыптастырудың арнайы мақсаттары көзделіп, түрлі өмір, ғылым салаларынан арнайы мәтіндер талданады. Ғылыми мақсат та сол бағытта болады. Ал тіл дамыту мәтіндер бойынша шығарма, мазмұндама, жоспар, мәтінді талдау сияқты жұмыстар ұйымдастырылады. Тіл ұстартуда, міндетті түрде стилистикалық жұмыстар мол жүргізіледі. Өйткені, қазіргі қазақ әдеби тіліндегі стильдердің қайсысын болсын, оқушы мүмкіндігінше жетік меңгеруі керек. Ал жазбаша тіл ұстарту жұмыстары стиль тармақтарының ер

екшеліктерін тани отырып, сол бағытта құра білу дағдысын қалыптастырады.

Сонымен, мәтін бойынша тіл дамытуды жетілдіруге негіз болатындай әдістемелік маңызға ие талаптарды атайық:

1) оқушының түсініп оқу арқылы баяндау дайындығын қамтамасыз ететін талаптар:

а) қатысымдық міндетті шешуге арналған; ә) сөйлеушінің көзқарасы; б) эмоциональдық бояу; в) мәнерлілік; г) қаратпалық;

2) мәтіннің мағыналық құрылымын қамтамасыз ететін талаптар: а) байланыс-тылық; ә) бүтіндік; б) қисындылық; в) ақпараттылық.

3) мәтіннің түсінікті болуын қамтамасыз ететін талаптар: а) ақпараттық негізде оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты қызығушылық есебі; ә) оқушының даму деңгей есебі.

4) мәтін негізінде тілдік тәжірибелерді тікелей жетілдірудің қамтамасыз ететін талаптар: а) мәтіннің көлемі орындалатын жұмыстарға сай болуы (жас ерекшелігі, білімі), ә) меңгерілмеген тілдік материалдың аз болуы; б) бұрын өтілген материалдың жаңа материалмен толықтырылуы, байланысты болуы; в) материалдың қайталанып есте сақтауға, бекітуге мүмкіндік жасалуы.

Тұжырымдағанда, оқушылардың сөйлеу икемділіктері мен дағдыларын дамыту үшін мәтін туралы мынадай білім мен дағды қалыптастырылады:

- мәтінді түсініп оқи білу және есте сақтау,

- мәтіннің құрылымдық ерекшеліктері туралы білім беріп, оның тәжірибесінде пайдалана білу дағдысын қалыптастыру,

- мәтіндегі қайырымдар және олардың мазмұнды жүйелі баяндау мақсатын-дағы ерекшеліктерін үйрету арқылы жүйелі мәтін құрай білуге үйрету,

- мәтіннің түрлері бойынша сөйлеуге ауызша, жазбаша жаттықтыру.

Ал Р.Ә.Шаханова мәтін бойынша жұмыстардың мынадай түрлерін ұсынады: мәтін бойынша сұрақ-жауап ұйымдастыру (әңгіме); мәтінді мағыналық бөлімдерге бөліп, тақырып қойғызу; мәтінге жоспар жасату; мәтінмен шығармашылық жұмыс (толықтыру, жалғастыру, әңгіме құрастыру) [14,33б].

Мәтін туралы білім мен тәжіриебелік дағды, ең алдымен, оқу мен тыңдап түсіну әрекетіне байланысты. Оқу мен тыңдап түсінудің психологиялық- физиологиялық үдеріс ретінде ұқсастығы да, айырмашылығы да бар. Ұқсастығы – ойлау қабілеті үдерістерінде ойлау амалдары деңгейінде (талдау, салыстыру, айыру, жалпыламау т.с.с.) жүретіндігі, айырмашылығы шарт қою және қабылдау деңгейінде байқалады. Табиғи ауызша сөйлеу өзінің қысқалығымен, қайталанбай-тындығымен және бір ғана рет айтылатындығымен сипатталады. Ал жазбаша оқу кезінде оқылған нәрсеге бірнеше рет қайта оралуға мүмкіндік бар. Оқу жылдамдығы мен қарқынын оқып тұрған адамның өзі реттейді, оқу уақыты шектелмеген. Оған қоса, оқып тұрған адам анықтама әдебиетін де пайдалана алады. әдістемелік жағына келетін болсақ, бұл өте маңызды айырмашылық, өйткені жоғарыда көрсетілген ерекшеліктердің салдарынан оқудағы қабілеттер мен дағдылардың деңгейі оқу нәтежесіне шешуші ықпал тигізбейді. Дыбыстау, айту барысында тілдің сипаттамалары одан тыс реттеледі, сондықтан ол үдерістің өзіне де, оның нәтежесіне де айтарлықтай әсерін тигізеді. Осы себепті дыбыстаудағы қабілеттер мен дағдылар тілдік автоматтанудың деңгейіне теңестірілуі қажет. Ол жазбаша сөйлеу әрекетімен байланыстырылады.

Оқудың және айтып дыбыстаудың негізгі мақсаты болып, оқырманның немесе тыңдаушының мәтіндегі мағынаны қабылдауы мен түсінуі есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда қатынастың қолайлы жағдайларында қабылдау, мағыналық қабылдау ретінде анықталуы мүмкін. Мәселен, оқу барысында түсіну – күрделі үдеріс.

Психологтар оқушылардың жазбаша тілін дамыту үшін ана тілінде түсініп оқудың да бірнеше деңгейін белгілейді. З.И.Клычникова мәтінді түсінудің жеті деңгейін: 1) жеке сөздерді түсіну деңгейі; 2) жеке сөз тіркестерін түсіну деңгейі; 3) жеке сөйлемдерді түсіну деңгейі; 4) мәтіннің жалпы мазмұнын түсіну деңгейі; 5) мәтіннің жалпы мазмұны мен жекелеген бөлшектерін түсіну деңгейі;6) мәтіннің сезімдік-хабарламалық және бағалау деңгейін түсіну; 7) мәтіннің өзгелік-ырықты деректерін түсіну деңгейі деп бөліп анықтайды [15].

Алғашқы бес деңгей мәтіннің маңыздық жоспарымен, қалған екеуі мәтіннің мазмұндық жоспарымен байланысты. Сондықтан да біз мәтін мазмұнын игерту мен құрылымдық ерекшелігін танытудың әдіс-тәсілдерін қарастырайық.

Оқулықта берілген лингвистикалық мәтінді оқушылар оқуы да, оқымауы да мүмкін. Ал егер мұғалім оқулықта берілгенді қайталап беретін болса, сабақтың құндылығы тағы болмайды. Ал мұғалім оқыту материалын басқа еңбектерде алып, тереңірек даярлану мақсатымен, оқулыққа күш салмай, оған қарамай баяндап, содан соң бірден жаттығуларға ауысып, мәтінді үйден оқып келу ғана тапсырылса, мұнда да әдістемелік шалалық болады. Өйткені, оқушылар линвистикалық мәтіндермен жұмыс істеуді білмейді. Т.Шонанұлының «Тіл дамыту» кітабында «Оқулықпен жұмыс» деген бөлім беріліп отырған. Оның себебі, оқушы оқулықтағы жаттығумен жұмыс істеуді ғана емес, есесіне, тіл құбылысы туралы оқулықта берілген мәлеметтермен қалай жұмыс істеу қажеттігін дағды етіп қалыптастыруы тиіс.

Егер осы бірінші бағытта, мәтіндермен жұмыс түрлерін: зерттеу бағытындағы оқу; танысу бағытындағы оқу; шолу бағытындағы оқу; іздену бағытындағы оқу деп бөлетін болсақ, мәтінмен ғылыми ізденіс бағытындағы жұмыстың түрі анықталады.

Мысалы, «Сөз тіркесі» туралы лингвистикалық мәліметтер берілген мәтіндермен арнайы жұмыстар жүргізу осы бағытта алынады: 1) берілген мәтінді алдымен, шолу мақсатымен оқытып шығару керек; 2) одан соң мұғалім белгілі бір сұрақ қойып, сол сұрақтың жауабын мәтіннен іздету бағытында оқыту жүргізіледі; 3) одан соң берілген мәліметтің тілдегі фактілерін анықтау үшін тағы бір танысу мақсатымен оқытып; 4) соңында қорыту мақсатымен бір оқытылады. Бұл әрбір кезеңнің жетекші сұрақтары алдын ала жасалады. Өйткені, мұғалім оқу мәтінін талдауда екі жақты

жұмыс жасайды: біріншісі сабақтың тақырыбына оқушыларды тереңдете енгізу, екіншіден, мәтінді талдау дағдысын қалыптастыру міндетін шешу.

Мәтін қандай стильде жазылған?

Неліктен ғылыми стильде жазылған деп атаймыз?

Мәтіннің негізгі түйіні неде?

Мәтіннің ішкі бөлшектері қандай?

Мәтіннің теориялық және тәжірибелік бөлімдері бар ма? Олардың қалай байланысып тұрғанын анықта т.б. деген жетекші сұрақтар мұғалімнің «қаруына» айналуы керек.

Оқушылардың мәтін туралы түсінігін арттыру үшін оның құрылымы туралы білім беріледі. Бұл 5-10-сыныптарда оқытылатын бағдарламалық материалдар негізінде жүргізіледі.

Мәтіннің қайырымдарға (абзацтарға), күрделі сөйлем тұтастықтарына, сөйлемдерге бөлшектенетіні белгілі. Сонда, адамның дұрыс құрастырылған сөйлеуінің негізінде, мейлі ол жазбаша түрде ме, ауызекі түрде ме, жекелеген сөздер емес, жекелеген сөйлемдер емес, логикалық және композициялық жағынан үйлескен ерекше тұтастық жатады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Жазбаша жұмыс және оның құрылымдық ерекшеліктері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Научный сотрудник музея

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бұл ғылыми мақала жазбаша жұмыстардың әдістемесі айтылған.Қазақ  тіл  білімінің  атасы – Ахмет  Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. Олай дейтін себебіміз, ғалым: “Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма болады”, - дейді [5,344б].  А.Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын көрсетті. Мәтіннің қатысымдық қызметін тудыруға қатысатын айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың б ірі болып айтты [5,345б ].                    Қ.Жұбановтың еңбектерінде қазіргі тіл біліміндегі терминдік атаулармен берілмесе де, мәтін мәселесіне қатысты пікірлердің болғандығы анық байқалады. Мәселен, Қ.Жұбанов мәтінді сөз деп атайды. Ғалымның мәтін туралы ой-пікірлері тілдің күнделікті қолданыстағы қызметіндегі ерекшеліктерінен туындаған болса керек. Мәтін қарым-қатынасты жүзеге асырудың бірден-бір құралы деп түсінген ғалым мәтіннің ауызша және жазбаша түрлерін бөліп көрсетіп, олардың айырмашылықтарына да ден қояды. Бұл жөнінде Қ.Жұбанов: “Сөз бұйымын дұрыс жасап шығу үшін де оның жасалу жолын білу – жазылатын сөзге ала-бөле қарау. Өйткені ауызекі сөйленетін сөздің андай-мұндай қисығын елетпейтін басқа жағдайлар бар, - деп, паралингвистикалық зерттеу нысанасы ым-ишара секілді кинестикалық амал-тәсілдерді т.б. атап көрсетеді де, ойын былайша сабақтайды:” - Жазулы сөзде бұл кеңшіліктердің бірі де жоқ. Кітаптың сөзі қисық болсын, дұрыс болсын, қалай жазылған болса, солай оқылады; қалай оқылса, солай түсініледі, немесе түсініксіз күйімен қалып қояды. … Сондықтан, әсіресе, жазылатын сөздің қалай құру тетігін білу өте қажет” [6,148 б]. Бұдан біздер ғалымның мәтінді жүйелілік сипаты бар құбылыс деп түсінгендігін көреміз. Бұл көтерілген мәселелер сол кезде мәтін лингвистикасының ауқымында қарастырылмаса да, қазірдің өзінде тіл білімінің осы саласы үшін өзекті, әрі құнды.                  Қазақ тіл білімінде мәтіннің тұлға-бірлігінен саналатын күрделі синтаксистік тұтастық туралы алғашқы пікір білдірген ғалымдар қатарында Т.Қордабаев пен Р.Сыздықоваларды атай аламыз. 60-70-жылдардың өзінде-ақ ғалымдарымыздың еңбектерінде күрделі синтаксистік тұтастық мәселесі күн тәртібіне қойылды. Алайда, ғалымдардың пікірі бойынша, өздерінің екбектерінде бұл категория жан-жақты арнайы қарастырылмады. Әйтсе де, Р.Сыздықова “Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы” (1970) деген еңбегінде қазақ поэзиясында сөйлемдерді бір-бірімен байлан ыстырып, топтастыратын тәсілдердің бірқатары орыс тіліндегімен сәйкесетінін және бірсыпырасы өзгеше, яғни қазақ тілі табиғатына сай келетіндігін айта келіп, олардың басты-бастыларын тізіп көрсетеді [7]. Ал 1974 жылы жарық көрген “Қазақ тілінің стилистикасы” оқулығында сөздің (речь) ауызша және жазбаша деп екіге бөлінетіндігі, олардың ерекшелігі сөз етіліп, жазбаша сөздегі ойдың қағазға жазылып жеткізілетіндігі туралы мынадай пікір айтылады: “Сонымен жазу – ол белгілі бір текст. Бұл түрлі текстер (газет, журнал, кітаптардағы материалдар)

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 943 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.05.2014 11217
    • DOCX 64.5 кбайт
    • 27 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Авий Жайрамгүл Төлеуханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Авий Жайрамгүл Төлеуханқызы
    Авий Жайрамгүл Төлеуханқызы
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9599
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности преподавания родного (русского) языка и родной литературы в образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 148 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Русский язык и литература")

Учитель русского языка и литературы

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 55 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 62 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету "Русский язык" в условиях реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 239 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе