Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыСынып сағаты тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»

Сынып сағаты тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»

Скачать материал

Наурыз - жыл  басы

Мақсаты:Әз  Наурыз еңсесі  биік елдіктің,іргесі  сөгілмес  бірліктің, ынтымақ пен  ырыстың  мерекесі  екендігін  және қазақ халқының шығармашылық  дәстүрлері,ауыз  әдебиетінің мұраларымен  таныстырып, олардың  тарихи   маңызын  түсіндіру. Халқымыздың  салт-дәстүрлерін  дәріптеу  арқылы  оқушыларды  еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке  тәрбиелеу.

Көрнекілігі: киіз үй  макеті, нақыл  сөздер,бесік,ұршық ,аң терісі т.б.

Әдісі:Сахналық  көрініс,әдеби-монтаж, сұхбат, пікір  алмасу.

1-жүргізуші:

Армысыздар , халайық!

Бармысыздар, халайық!

Наурыз  тойын  жұп  жазбай,

Жылда  қарсы   алайық!

2-жүргізуші:

Наурыз  келді нұрландырып  дүниені,

Жерге  басын  алтын  тәжді  күн  иеді.

Бүкіл әлем  жаңарады, түрленеді,

Кәрі  дала жасарып, гүлденеді.

Жан дүниемде ғажап  сезім  оянады,

Ой да, қыр да, алуан  түске  боянады!

1-жүргізуші:

Наурызым-жаңа  күнім  төрге  шық,

Өзіңменен  әні  жанымызды  тербетіп.

Шат  көңілді  көкжиекке   өрлетіп,

Бір  ғажайып  күйге  бөлеп   жұртымды.

Бүгін  ұлыстың  ұлы  күні Наурыз  тойы  құтты  болсын   ағайын! Бастауыш  сыныптардың Наурыз тойына   қош   келдіңіздер! Наурыз  салтанатын  бастайық!

(Тазша  бала  кіреді)

Тазша  бала:Ассаламағалейкум,  халқым  менің! Наурыз тойларыңыз  құтты  болсын!

1-жүргізуші: Төрлетіңіз Тазша  бала  Наурыз  мерекесіне  қош  келіпсіз!

Тазша  бала: Наурыз  тойын  тойлап  жатырсыңдар ал сол Наурыз  деген  сөздің  мағынасын  білесіңдер ме  балалар?(Балалар  жауабы)  Ия, дұрыс «Нау»-жаңа, «рыз»-күн  деген  ұғымды  білдіреді.Ал  сол  Наурызды  тойлауды  қашаннан  бері  бастады  екен?

Ал  олай  болса  мен   айтып  берейін.Нұх Пайғамбардың  кемесі Қазығұртқа  келіп  тоқтауы  күн  мен  түннің  теңескен  сәтіне  тең  келеді.Осы  күні  ұлан-асыр  үлкен  той  жасаған.Сол  ұлы тойға адам  мен  аң-құс, жәндік пен  өсімдік  секілді  барлық тіршілік  иелері қатысып өз өнерлерін  көрсеткен. Осылай Қазығұрт  тауындағы  алғашқы  қуаныш  үлкен мерекеге  ұласып,  жаңа  ұлыстың ұлы  күні  ретінде  ұлықталып, бұл күн жаңа  жылдық- Наурыз   тойының  басы  ретінде  кейінгілерге  мирас  болып  қалған.

2-жүргізуші:Рахмет Тазша  бала! Балалар Наурыз тойы  бастауын  қайдан  алғанын  енді  білетін  болды  , солай  емес пе  балалар?

 1-жүргізуші:

Наурыз айы  нәр  алған  ақ  ырыстан,

Наурыз  айы  жаралған  сағыныштан.

Көгершіндей  көгімде  қалықтайды,

Ақ  тілектер  жүректі  жарып  ұшқан – дей  отыра  сөз  кезегін  мектебіміздің  басшсы  Шадыкенов С.З.  береміз. (Тілектер  айтылады)

2-жүргізуші:

Той  пердесін  ашайық,

Тойға  шашу  шашайық.

Той   шашуға  тойыңыздар,

Әнге  зейін  қойыңыздар!

(Әже  шығып  шашу   шашады)

Жансая:

Наурыз  тойын  аңсап  келем,

Ата-бабам  жырлап  келген.

Той-думаны жалғассын,-  деп,

Мен  сіздерге  ән  сап  берем!

1-жүргізуші: Енді  кезекті  әнге  берейік 0, 1,,-сынып  әндерін  айтады.

Арай:

Наурыз келді  құт  болып,

Мына  бізге  сүт  болып.

Аққа  аузымыз толады,

Бар  жақсылық  болады.

Сымбат:

Жаратылыс  жаңарып,

Теңелген кез  күн  мен түн.

Ел  сұрасып  жаңалық,

Бір-біріне  кірген  күн.

Мұрат:

Наурыз  көже  татысып,

Үйден үйге  кірген  күн.

Ән  мен  биге  қатысып,

Бірге  ойнап күлген  күн.

Айнұр:

Наурызда  оюлы,

Ұлттық көйлек  киеміз.

Бастап ойын,ән-күйді,

Би  билеуді  сүйеміз.

1-  Жүргізуші:

Олай  болса  ортаға  бишілерді  шақырайық (3-сынып  биі,2,1,0 –сынып билері)

Мұғалім: Ұлыстың  ұлы  күні,яғни, Жаңа  жылда Наурыздың 21-нен 22-сіне  қараған  түні  даланы Қызыр  баба  аралайды  екен. Қызыр баба  үйге  енгенде «Жалғыз  шала  сәуле  болмас»-деп, төрге   қос  шырақ  жағылып қойылған.(2-жүргізуші  2-шырақты  жағып  әкеледі)

Жақсылықтың  жаршысы Қызыр  бабаны  қарсы  алайық.(Сахнаға  ақ  сақалды,  аса  таяқты  Қызыр  баба  шығады)

Қызыр  баба:

Ақыл – ойды  асырып,

Ата  салтын  сақтаңдар.

Дұрыс  сөзге  тоқтаңдар,

Ұлыс  күні  ұлыстың,

Өкпе-назды  тастаңдар.

Мынау  тұрған  халықты,

Ынтымақ пен  достыққа,

Жақсылыққа  бастаңдар.

Айналайын  ел-жұртым,

Орындалсын  арманың,

Жайқала  берсін орманың.

Әумин!

Ал,  балапандарым, ата  салтын  ұмытпай, ұлыс  тойын  өткізіп  жатқандарың өте  жақсы. Ал,  кәне   өнерлеріңді   ортаға  салыңдар.(2-сынып   әні)

Мұғалім:Қызыр баба  біздің оқушыларымыз   зердесіз  емес  олар  салт –дәстүрлерімізді де  жақсы  біледі.

Қызыр  баба:О-ой  бәрекелді!  Олай болса  көрсетіңдер  өнерлеріңді.

(Салт-дәстүрлер  көрсету)

Назерке:

Наурыз  тойын  әдемі,

Әжем  еске  түсірді.

Бізге  арнап  әдейі,

Наурыз  көже   пісірді.

Апа, наурыз  көжені  қалай  жасадыңыз?

Әже:

Наурыз  көженің  құрамына  7-түрлі  дәм  тағам  кіреді:1- дәм  сүт тағамы-құрт,2-дәм –қызыл  ет,3-дәм-  тағам қасиетті  тұз,4- дәм   су-тіршілік  көзі ол 4-тағам ,5-дәм сары  май,6-дәм өңген бидай,7-  тағам  ол  ұн  кеспе. Наурыз  көже  міндетті  түрде  қазанда  пісірілуі  керек. Мен  де  қазанда  пісірдім  әкелуге  ыңғайлы  болсын  деп   шелекке  құйып  әкелдім.

Мұғалім:Қазақ халқы қара қазанды  неге  ерекше  дәріптейтінін  білгілерің келе  ме?Олай  болса  тарихқа  жүгінейік. Ежелгі  Сақ  елінің  бірлігі  бұзылып, ел ішін  алаауыздық  жайлаған  кезінде, ел  көсемдері  халықтың  басын  біріктіру , үшін  үлкен  қазан  құюға  бұйырыпты.Қазан  құюға  мыс  жуық  арада  табылмаған,  соң  сақ  сарбаздары  жебелерінің  мыс  масағын  жинап  содан  нар  қазан  құяды. Сол  қазанға  пісіріліп  таратылған  тағамнан , дәм  татқан  сақтар  өзара өкпе-наздарын  ұмытып, қазан асып  татуласып,  осылайша  ел  бірлігі  сақталып  қалған  екен.Сондықтан  ұлыс күні ақ  мол  болсын, береке  болсын деген ниетте міндетті  түрде  қазан  көтеріледі. Сондай-ақ қазақ  халқында «дәм  татыру»  салты  бар  олай болса қонақтарға  наурыз  көжеден  татырайық.(Наурыз  көже  таратылады)

Сымбат:

Көзін  ашып  бұлақтың,

Көпшілік  көшет  еккен  күн.

Туыс,жекжат-жұраттың,

Қадіріне  жеткен  күн.

Аяулым:

 Қораларда  төл  төлдеп,

Бау-бақша гүл  ашқан  күн.

Көңілдер  шат  көкке  өрлеп,

Әр іс  оңға  басқан  күн.

1-Жүргізуші:  Кезекті  тағы да  әнге  берелік 3- сынып орындауында ән.

Мұғалім:

Тарқалмасын Ұлы Наурыз  мейрамы,

Тойға  ұлассын  қазағымның  тойлары!

Әр  жыл  сайын  ән  мен  жырға  бөленсін,

Ұлыс күні Ұлы  Отанның  аймағы!                     –дей  отыра  бүгінгі  мерекемізді  аяқтаймыз ! Көңіл  қойып  тыңдағандарыңызға  көп-көп  рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Мерекелік  сценарий

 

 

Тақырыбы: Наурыз-жыл  

                     басы

                   

 

                        Өткізген:4-сынып    

               жетекшісі АхметжановаА.С.   

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сынып сағаты тақырыбы: «Наурыз - жыл басы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Көрнекілігі: киіз үй  макеті, нақыл  сөздер,бесік,ұршық ,аң терісі т.б. Әдісі:Сахналық  көрініс,әдеби-монтаж, сұхбат, пікір  алмасу. 1-жүргізуші: Армысыздар , халайық! Бармысыздар, халайық! Наурыз  тойын  жұп  жазбай, Жылда  қарсы   алайық! 2-жүргізуші: Наурыз  келді нұрландырып  дүниені, Жерге  басын  алтын  тәжді  күн  иеді. Бүкіл әлем  жаңарады, түрленеді, Кәрі  дала жасарып, гүлденеді. Жан дүниемде ғажап  сезім  оянады, Ой да, қыр да, алуан  түске  боянады! 1-жүргізуші: Наурызым-жаңа  күнім  төрге  шық, Өзіңменен  әні  жанымызды  тербетіп. Шат  көңілді  көкжиекке   өрлетіп, Бір  ғажайып  күйге  бөлеп   жұртымды. Бүгін  ұлыстың  ұлы  күні Наурыз  тойы  құтты  болсын   ағайын! Бастауыш  сыныптардың Наурыз тойына   қош   келдіңіздер! Наурыз  салтанатын  бастайық!

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 159 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 21.05.2014 4632
    • DOCX 39 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серикбаева Салима Толегеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серикбаева Салима Толегеновна
    Серикбаева Салима Толегеновна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 215339
    • Всего материалов: 123

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика повышения техники чтения у младших школьников с ОВЗ

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 103 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 416 человек

Курс повышения квалификации

Программа работы с неуспевающими и слабоуспевающими учащимися старшего дошкольного и младшего школьного возраста

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Инклюзивное и интегративное образование детей с ОВЗ в условиях введения и реализации ФГОС НОО ОВЗ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 304 человека из 61 региона
  • Этот курс уже прошли 1 201 человек

Мини-курс

Анализ межпредметных связей: связь педагогики с научными дисциплинами

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление техническими ресурсами и экономикой предприятия

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе