Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Технология / Рабочие программы / Педагогтың кәсіби құзіреттілігі- білім сапасын көтерудің факторы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Технология

Педагогтың кәсіби құзіреттілігі- білім сапасын көтерудің факторы

библиотека
материалов



Педагогтың кәсіби құзіреттілігі- білім сапасын көтерудің факторы


Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы - ұстаз қолында. Н.Ә.Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір суретіндер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет өте ауыр»- деген. Ендеше білім беруде мұғалім білігі мен білімі өте жоғары, ұлағатты тұлға болуы міндетті. Басқа ешбір мамандық адамға дәл мұғалімге қойылғандай жоғары талаптар қоймайды.

Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, онымен шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Себебі: еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы- жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ.. Қазіргі таңда еліміздің келешегін, нағыз өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты тәрбиелеу- біздің басты парызымыз.

Мектепті басқару, сапалы білім беруде нәтижеге жету үшін әрбір атқарылар істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жаңа жұмыс жоспары жасалуы тиіс екендігі белгілі. Басты мәселелерді айқындау, білім беру ісін жоспарлау, келешекті болжау, жұмысты ғылыми тұрғыда ұйымдастыру қажет.

Жас жеткіншектерді тәрбиелеуде, сапалы білім беруде алдына қойған басты мақсат- білім беру мен тәрбие үрдісіне инновациялық қызметті енгізу арқылы білім сапасын арттыру, өз ұлтының тарихын, мәдениеті мен тілін қастерлейтін және оны жалпы азаматтық деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін ұлтжанды тұлға тәрбиелеу.

Қазіргі кезде білім стандарты жасалынып, жаппай компьютерлендіру, инновациялық технологиядан іздену, білім мазмұнын байыту, әлемдік білім кеңістігіне ену мақсатында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Білімді жеке тұлғаға қарай бағыттау оқушының «Мен» менталитетін қалыптастыру, оларды өзін-өзі таныту үшін еңбектену оқытушылар қауымына үлкен мақсаттар жүктеді.

Қазіргі инновациялық технология туралы айтсақ, «технология» грек сөзінен, яғни өнерпаздық, шеберлік, іскерлік деген ұғымды білдіреді.

Мұғалімнің басты мақсаты – алдындағы оқушыларға таза білімнің өзін бере білу емес, бүгінгі алған білімін өмірлік қажеттіліктеріне сай пайдаға асыра білуге үйрету. Тұлғаның өзіндік дамуы өз білімі үшін өз жауапкершілігін көтеру оның «көптің бірі» немесе «көптің ең жақсысы» болуымен емес, өз тұлғасының мәнділігін, құндылығымен маңызды болып саналады. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың технологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетік меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім. Олар: Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлі саралап оқыту» технологиясы, П.М. Эрдниевтың « Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы, т.б.

Жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды, жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады. Ал оқушылардың өз бетінше білім алуы – олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне әкеледі. Шығармашыл оқушы – дарынды оқушы. Дарынды оқушылар – сапалылықты қамтамасыз ететін сапалы мұғалімдерді қажет етеді. Яғни, бүгінгі күннің мұғалімі – шығармашыл болу керек. Ол өздігінен қаншалық ізденсе, болашақ ұрпаққа соншалықты сапалы білім бермек. Ендеше мұғалімнің күш-қуаты, көңіл-күйі жоғары болуы керек, сонда сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі жанады.

Егер мұғалім ата-анамен бірлесіп баланың қызығушылығын дамытса, онда ол әрқашан арқа сүйейтін жақтарын тапқаны. Егер мұғалім өз пәнін сүйсе, педагогикалық мәдениетті меңгерсе, оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін түсіне білсе, баланың қызығушылығын дамытуда үлкен жетістіктерге жетеді, оқушыларының білімге деген құштарлығын дамыта алады. Педагог үшін ең бастысы – оқушыларды өз еңбегімен ештеңеге теңгерілмейтін еңбегінің жемісін көруге тәрбиелеу. Сондықтан ұстаз бүгінгі ғана емес, ертеңге, болашаққа қызмет істейді. Ол заман дамуынан артта қалмастан, өзін-өзі жан-жақты дамыту үшін саяси-идеялық дәрежесін, ғылыми-теориялық мәселелерді, жоғары оқу орындарына қойылатын талаптарға сәйкес меңгеруі тиіс. Егер ол өзінің теориялық білімін өмір талабына сай жетілдіріп отырмаса, онда жастарды жан-жақты дамытып, тәрбиелеуге шамасы келмейді. Социологтардың зерттеу мәліметі бойынша университет бітірген инженерлердің білімі 6-8 жылдардан кейін ескіреді. Ал мұндай жағдайды болдырмау үшін мұғалім үнемі ізденіп жұмыс істейді.Сондықтан оның шығармашылық іс-әрекеттері, мысалы, арнаулы әдебиеттер мен пәндік журналдарда жарияланатын тың мәселелерімен таныс болуы, ғылыми-семинарлар мен конференцияларға белсене қатысып, үлес қосуы ой-өрісін кеңітеді. Педагогикалық үрдісте озат тәжірибесі кеңінен қолданудың маңызы зор. Өйткені терең білім мен тәрбие беру, педагогикалық озат тәжірибені зерттеу, жинақтау және тараудың нәтижесі, мұғалімдердің шығармашылық ісінің жемісі.

Мектеп мұғалімдерінің кәсіби дамуы неде?

Педагогтың психологиялық жағынан қалыптасуы және кәсіптік жағынан қарулануы.

Психологиялық жағынан қалыптасуы: кәсіптік бақылампаздығы, жүйке-жүйелерінің ерекше төзімділігі, ұстамдылығы, ұжымдағы қарым-қатынас стилі, өнерге, әдебиетке, қоғамға, ғылымға қызығушылығы, эмоциялығы, педагог оптимизмі, артистігі, денсаулығы, дене бітімі, сыртқы келбеті, жинақтылығы, ұқыптылығы, белсенділігі, кез-келген жаста жарқын жүзділігі, жағымды көңіл-күйі, шығармашылық қабілеті, жалпы мәдениеті болып келеді.

Кәсіптік жағынан қарулануы, кәсіби құзыреттілігі төмендегідей критерийлерді қамту қажет:

  • пәндік біліктілік, өз кәсіби қызметінің мәселелерін шеше алуы;

  • бақылау-талдау (өз пәнінің бақылау және талдау мәселелерін шеше алуы);

  • ұйымдастырушылық (оқушының өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда кездесетін мәселелерді шеше алуы);

  • қарым-қатынастық («мұғалім-оқушы», «оқушы-оқушы», «мұғалім-ата-ана» жүйелеріндегі қарым-қатынас мәселелерін шеше алуы);

  • адаптациялық (өмірдің өзгермелі жағдайлары мен талаптарына сай бейімделу мәселелерін шеше алуы);

  • мотивациялық-психологиялық (тұлғалық және тұлғааралық ішкі қайшылықтарды, тұлғаның психологиялық мәселелерін шеше алуы);

  • диагностикалық (оқушылар мен сыныптың даму нәтижелерін зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізу мәселелерін шеше алуы).

  • Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2005-2015 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында еңбек ету;

  • Тіл туралы заңды жүзеге асыру;

  • оқушыларды пәндік олимпиадаға, КҒА-ның және «Дарын» орталығының жоба байқауларына дайындау;

  • 12 жылдық білім беруге көшу бойынша дайындық жұмыстарын жалғастыру;

  • білім беру ұйымдарында интерактивті режимдегі іс-шараларды өткізуді, барлық деңгейдегі қашықтықтан оқыту технологиясын әзірлеуді және өндіруді кеңінен тәжірибеден өткізу;

  • кәсібилікті, педагогикалық шеберлік пен шығармашылықты дамытуға бағытталған педагогикалық мамандардың үздіксіз білім алу жұмыстарын жалғастыру;

  • мектеп жасындағы балаларды толық оқумен қамтамасыз ету және мектеп оқушыларының сабаққа қатысуына бақылауды күшейту. «Мектепке жол» акциясының жұмысын жалғастыру;

  • білім беру ұйымдарының күшін бұзушылық, маскүнемдік, нашақорлық, басқа да жағымсыз іс-әрекеттердің алдын алуда жасөспірімдермен және балалармен жеке тәрбие жұмыстарын түбірімен жақсартуға бағыттау;

  • оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру, тәрбие берудің кешенді бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жұмысты күшейту, кәмелетке толмағандардың арасында құқыө бұзушылықты алдын алу;

  • Қазақстандық патриотизмге, азаматтыққа тәрбиелеу, ұлттық және азаматтық құндылықтарға тарту бойынша жұмыстарды жалғастыру.

Қазақстан республикасының 2011-2020 жылға дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасында»: «Бүгінгі білім берудегі басты мақсат- тек білім, біліктілік, дағдылар жүйесі ғана емес, осы білімді өмірде қолдана алу, өз бетімен білім алу, өзгерістер заманында тиімді өмір сүріп, жұмыс істеу дағдыларын дамыту» делініп, осы мақсат негізінде сапалы білім беру міндеті айтылады. Осы ретте білім беру мекемелері жаңа білім сапасына сай мемлекеттік сұраныс пен тапсырысты орындауы талапқа сай жүргізілуі тиіс.

Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттік бағдарламада кемінде 3 тілді меңгерген, көп мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу стратегиясы айқындалған. Бұл өз кезегінде педагогтар алдында көп тілді меңгеру міндетін алға қояды. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мектептерде лингафон қондырғысы орнатылған кабинеттер оқушылар мен мұғалімдердің игілігіне қызмет атқарады. Және де «Онлайн тәсілінде оқыту тәжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру қажет» деген Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында мектеп мұғалімдері «Интерактивті тақтамен жұмыс жүргізу» семинарларына қатысып, біліктіліктерін арттырады. Мектептегі информатика кабинеті заман талабына сай жабдықталған. Үйренемін деген оқушыға да үйретіп, білім нәрін беремін деген ұстанымы бар мұғалімге де толық мүмкіндік тұғызылған. Барлық пәндер бойынша мазмұны қамтылған сабақтар бойынша практикалық көмек көрсетілуде.

Сонымен қатар дарынды оқушыларды барлық пәндерден ғылыми жоба мен олимпиадаларға веб-портал арқылы даярлау мәселелері қарастырылған.

Барша педагог қауымының алдында тұрған кезекті мақсат – 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайындағы педагогтардың кәсіби құзырлықтарының ғылыми-әдістемелік негіздерін қалыптастыру. Осы орайда, 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу кезеңдерінің талаптарына сай педагогтардың біліктілігін арттыру курстарынан өтуі қатаң ескертілуде.

Дегенмен, білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама-қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мұғалімдердің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды, оларды кәсіби компетенттілігі негізінде жүзеге асыру қажеттілігі туындайды. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Компетенция – жеке тұлғаның таным мен тәжірибе арқылы жетік меңгерген мәселелерінің жиыны десек, «компетенттілік» - компетенцияға ие болу дегенді білдіреді. Сонда білім беру саласындағы компетенция – оқыту мақсаты, компетенттілік – оқыту нәтижесі деп қарастырамыз.

Оқытудағы «компетенттілік тәсіл» оқушыға қойылатын мектептегі талаппен өмірлік талаптарды ұштастыру.

«Түйінді компетенттілік» деп адамның өмір сүруіне қажетті және өзгермелі қоғамда кәсіби қызметінде табысты болуына байланысты компетенттіліктерді айтады.

Оқыту кірпішті бір қолдан екінші қолға бере салу емес, керісінше идеяларды біз дайын күйінде бермей, оқушылардың өз идеяларын ұсынатынтай етіп ұйымдастыруымыз керек. Басты мәселе мәліметтер мен мағлұматтар, яғни ақпарат көлемінде емес. Мәселе – қажетті ақпаратты игеру жолдары мен әдістерінде. Білім алушыны айналаны танып біліп, одан өзіне қажеттіні таңдай алу, өз бетінше ізденіп, білімін, тәжірибесін молайту жағдайына қоя білу керек. Оны қалай жүзеге асырамыз? Оқыту сабақ тақырыбынан басталады. Осы күнделікті сабақ тақырыбының өзін өзгертіп, шешімін табуды қажет ететін проблема түрінде ұсынсақ, осы арқылы оқушыға жақындасақ, қызықтырсақ болады.

Ал, оқытудың нәтижесі қандай болмақ? Қазіргі оқушылардың білім деңгейі қандай? Ары қарай дамыту үшін не қажет? Өзімізге осындай сұрақтар қою арқылы оқытудың мақсатын айқындап, маңыздысын таңдап, ең тиімді әдістерді қолдануға тырысамыз. Әрине оңай емес. Ең бастысы осындай жұмыстар арқылы оқушы ақпаратты қабылдап қана қоймай, сол қабылдаған ақпаратты талдап, бағалауға үйренеді. Әр оқушының жеке басының өсуін, білімін, жетістігін көруге мүмкіндік туғызады. Әр сабақтан соң:

  • көбіне тапсырманы оқушылар өздері орындайды;

  • сәтті шыққан істер оларды қуантып, ынтасын күшейтеді;

  • өз пікірін ортаға салушылар көбейеді;

  • олардың өзіне деген сенімі күшейеді.

Осылай оқушылардың білім сапасын арттыруға болады.

Оқушылардың жауабын бағалау кейде қиындық тудырады. Кейбір оқушылар талпынады, қателеседі. Қате пікір айтсада түзеуге үйретіп, көңілін ескеріп отыру керек. Көбіне кейбір оқушылар қателесуден қорқып, сөйлеуге жүрексінеді. Сондықтан «сен дұрыс айтпадың, пікірін қате» демей, «иә, мүмкін басқа да пікір бар шығар, қайсысын таңдаған дұрыс?» деп, қорқыныш сезімін сейілтіп отыру керек. Оң нәтиже бірден көрінбейді. Ол үшін шыдамдылық, төзімділік керек.

Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайда педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыруға жағдай тудыру әрбір басшыдан саналы көз қараспен саралауды талап етеді. Оқытушылардың өздігінен білімін жетілдіру қабілеттілігінің диагностикасы, ұстаздардың өз білімін көтеруге уақытының тапшылығы – негізгі кедергі деген ой туындатады. Осы себепті мектепте өткізілетін әдістемелік жұмыстардың өте тиімді, танымдық пайдалылығы жоғары деңгейде өтілу қажеттілігі – күн тәртібінде тұрған мәселе. Әрбір ұстаз педагогика ғылымының, педагогикалық іс-тәжірибе жетістіктерімен таныстырылу керек, оны талдап, іс-тәжірибеде қолданып, тарату керек. Педагогикалық шеберлікті дамытып, озат педагогикалық технологияны енгізу керек. Жас педагогтардың кәсіби біліктіліктерін жетілдіру керек. Ұжымның жұмысқа, оқытуға, тәрбиелеуге деген жалпы көзқарастарын бірізділікпен қалыптастыру қажет.

«Алдыңғы қатарлы мұғалімдер оқуды бітіргеннен кейін өз беттерінше дамымайды немесе мұғалім болып туыла алмайды. Керісінше, олар әрқашан даму үстінде болады. Өз мамандықтарын алғаннан кейін мұғалімдер әріптестерімен әңгімелесіп, бірігіп жұмыс жасау арқылы жалғаспалы, тұрақты білім мен өз өнерлері жөнінде терең ойлану арқылы өздерінің кім екендігімен, не үшін қызмет жасайтындықтарын анықтауды қажет етеді», - деген екен бір белгілі педагог. Олай болса, әріптестер, қандай пән болмасын, жас ұрпақ үшін қызмет жасап, қашанда даму үстінде жүретін шығармашыл ұстаз болайық.







































Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Н.Ә.Назарбаев «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауы.

  2. Қазақстан Республикасының 2011-2020 жж дейінгі «Білім беруді дамыту бағдарламасы».

  3. Г.К.Селевко. «Педкеңестер технологиясы».

  4. Қазақстан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2005-2015 жж арналған Мемлекеттік бағдарламасы

  5. Госпрограмма «Триединство языков»




































«

Краткое описание документа:

Осы аталмыш педагогикалық әдістемелік мақалада ХХІ ғасырдағы педагог мамандардың қандай болуы керектегі, олардың құзіреттілігі және ғылыми, әлеуметтік, педагогикалық бағытта ізденіс жұмыстарын жүргізуге, оқушылармен тренинг, жан-жақты сауалнама, тағы басқа педагогикалық зерттеулер қарастырылған. Мақалада ұстаздың, педагогтың қандай болуы керектегі және құзіреттілігі, ұстанымы, азаматтық көзқарасы мен интеллектуалды зор әлеуметі қарастырылған. Мақала жалпы оқушының, ұстаздың құзіреттілігі мен педагогикалық көзқарасын нақты қалыптастыруға мүмкіндігі зор.
Автор
Дата добавления 15.08.2014
Раздел Технология
Подраздел Рабочие программы
Просмотров2628
Номер материала 155598081545
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх