Инфоурок / Физика / Конспекты / Менің педагогикалық концепциям
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Менің педагогикалық концепциям

библиотека
материалов


«Білім біліктілікке жеткізер баспалдақ,

ал біліктілік сол білімді іске асыру, білу дағдысы».

А.Байтұрсынов

Әр жылдың ұсынары бар және қалай болса да заман ағымынан қалмай ілгері жүру- ұлы мұрат. Осы орайда жастарды тәрбиелеуде ақыл-ойдың алыбы Абайдың «Ғылым іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» дегендей, тез жетілудің амалын, әдіс-тәсілдерін іздестірген абзал. Бүгінгі таңда оқыту мен тәрбие үрдісінің тұжырымдалуы жаңа өмірге негізделуі тиіс, яғни ақпараттар әлемімен байланыста болу. Педагогикалық жаңалықтарды қабылдау өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатын, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімделген ұстаздар болғанда ғана, жаңа бағытта оқушыларды даярлап шығуға болады.

Әр сабақ- қайталанбас өнер, шығармашылық десек, бұл тұрғыда мұғалім орны ерекше екені түсінікті.

Елдің елдігін, ұлттық ұнамдысын, халықтың қастерлісін, абзал ардақтысы мен жүрек жылуын оқушы бойына сіңіріп, әр сабақты ұтымды ұйымдастыратын ұстаз. Олар халықтық педагогиканың мақсаты: ата-баба тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына бай ұрпақты тәрбиелеу ісі екендігін біледі.

Физика пәні – барлық пәндер сияқты оқытып, білім берудің өзіне сай, белгілі бір мақсаттарын көздеген міндеттері анықталған, оқушылардың психикалық әрекетінің мүмкіндігін ескерген, ішкі заңдылықтары, өзіндік оқыту ережелері мен ерекшеліктері болуын талап ететін пән.

Физика пәнін оқытуды биік деңгейге көтеруді мақсат етіп отырған қазіргі кезеңде оқушылардың ойлау мен ойлану дәрежесін бұрынғыдан да биіктететін жаңа жолдар мен әдіс, амалдар іздестіру қажетті күн тәртібінен түспей келеді. Бүгінгі міндет- өз талантын танытып, оны таныта алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру. Бұл үшін ең алдымен, оқушының танымдық іс-әрекетінің маңызды жақтарына көп көңіл аудару қажет.

Бүгінгі күн мемлекетіміздің өркениетке жету жолындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгеріс деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде, Елбасы Қазақстанның «Әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына» кіру стратегиясы атты жолдауында, «Білім беру реформасы Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі» деп атап көрсеткен болатын. Еліміздің болашағы – бүгінгі мектеп қабырғасындағы ұрпақ екені баршамызға мәлім. Ертең ел тізгініне ие болар жеткіншектердің ғаламдық өркениеттен қалып қоймай, білімді, тәрбиелі жан-жақты болып жетілуі- мемлекеттік маңызы бар іс деп түсінемін.

«Білім бастауы- тәрбие» деп бекер айтпаған. Оқу мен тәрбие егіз, оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Ұлы данамыз Әл-Фараби «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы». Оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбие мен білім беруде мұғалім бала жанының бағбаны болса, сол берілген тәрбие мен білімнің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алып келеміз? деген сұрақты саралап отыру керек. Бүгінгі таңда білім саласында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістерді жүзеге асыру, ұстаздардың біліміне, кәсіби шеберлігіне көп байланысты.Парасаттылықты, адалдықты шәкірт бойына мектеп табалдырығын аттаған кезден бастап ұялататын, білім нәрімен сусындататын ұстаздар десек, қателеспеген болар едік. Сондықтан да ұстаздың еңбегіне еш баға жетпейді. Осыған орай қазіргі кезеңдердің талабына сай өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, Отанын қастерлейтін азамат дәрежесінде тәрбиелеу және осы жолға жетелеудің өзі педагогикалық шеберлікті талап етеді. Ертеңгі күнімізге аттамас бұрын, бүгінгі ұстаздың кім екеніне баға беріп көрейік. Ұстаз деп әрине ол жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын, бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған асыл тұлғаны айтамыз. Бүгінгі мұғалім ата-ана, бала бағбаны, мұғалім- оқытушы, мұғалім- оқулық авторы, мұғалім-технолог, мұғалім-жаңалықты дәріптеуші, мұғалім-қоғам қайраткері т.б.

Мұғалім үшін кәсіби шеберлікке жету, өз кәсібінің данышпаны болу бір күнде болатын дүние емес. Ұстаздық – өмір бойы ізденушілікті талап ететін мамандық екеніндігін аңғарғанда ғана толық нәтижеге жетуге болады. Мектеп құрылымында білім беру мақсаттарының алмасуы, дамытушылық сипаттар, шығармашылық бастамалар, жұмыстың жоғарғы сапасын, кәсібилікті талап етеді. Сондықтан мектеп қабырғасынан бастап оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға мән беру керек деп ойлаймын.

Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың таным белсенділігін, ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі. Сол себепті баланың жанында сөйлейтін сөз де, әдіпті де, сұлу болуы тиісті. Мұғалімнің әрбір сөзі мен ісі, қимылы, киім киісі, сыртқы пішіні, жүріс-тұрысы, көзқарасы, психологиясы ізгіліктілік тұрғыдан шәкірт жүрегінен үлкен орын алады.

Мен, өз позициямда шығармашылық жұмысты ұйымдастыруда, шығармашылық күй тудыруды үнемі басшылыққа алып, тәрбиелік жағын ескеріп отырамын. Балаға өте жақын болу, оған үнемі үміт арту «сенің қолыңнан келеді», «мен саған сенемін» принциптерімен, оқушы бойындағы қабілеттердің ашылуына мүмкіндік тудыру, қолдау мен көмектесуге негізделген жұмысты қолдаймын.

Әрбір ұстаз үшін оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру- мол біліктілікті, ақылдылықты дұрыс іскерліктер мен дағдыларды қолдануды қажет етеді. «Біліктілік» деп қандайда бір еңбектің түріне дайындалудың, дайындық дәрежесінің деңгейін айтамыз емес пе?

Мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен зерттеушілік қызметін үнемі жетілдіріп отыру- өмір талабы. Шығармашылық- өте күрделі психологиялық процесс. Ұзақ жылдар бойы шығармашылық барлық адамның қолынан келе бермейді деп қарастырылып келсе, қазіргі ғылым жетістіктері кез-келген баланы шығармашылық деңгейге көтеру болатынын дәлелдеуде. Осыған орай, ғалымдар жүргізген тәжірибе барысында шығармашылыққа жетелейтін, өздігінен ізденіске ұмтылатын, «жаңалық ашып», қызықты ойындар мен тапсырмалар, жаңа инновациялық технологиялар мен ақпараттық технологиялардың қолдануын тұрақтандыру- біз көтеріп отырған мәселені нәтижелі ететіні анық. Әрине осы кезеңдерде мұғалімге қойылатын мәдени-психологиялық талаптарды ұстану-оқушы, ата-ана, мұғалім арасындағы қарым-қатынасты нығайтары сөзсіз.

Этика мен әдеп- мәдениеттің теориялық тұрғыдан сарапталған философиялық ұғымы. Ұстаздың әдеп сақтауы- халықтық рәсімге, жол-жоралғыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз бағыну емес, сол заңдалақтарды құрметтеу, қастерлеу, адамгершілік борышын өтеу болып табылады. Ұстаздың мейірімді болуы, оқушының сеніміне ие болуы, қолдау көрсетуі, өзін-өзі және баланы құрметтеуі-әдептіліктің өлшемді көрсеткіштері болып табылады. Ұстаздың шеберлігі ұстаздың өмірге көзқарасы мен пәнін жетік білуімен, педагогикалық әдепті сақтауы мен оқыту-тәрбиелеу әдіс-тәсілдерін жетік меңгеруімен бағаланады.

Қорыта келгенде, бүгінгі талапқа сай мектепте білім берудің жаңа сапасына жету- мұғалімнің білімділігі мен шеберлігіне, мейірімділігіне тығыз байланысты. Өз мамандығына жан-жүрегімен берілген ұстаз ғана педагогикалық этиканы да, техниканы да, шеберлікті де жақсы меңгереді.




Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Краткое описание документа:

"Описание материала:

Әр жылдың ұсынары бар және қалай болса да заман ағымынан қалмай ілгері жүру- ұлы мұрат.

Осы орайда жастарды тәрбиелеуде ақыл-ойдың алыбы Абайдың «Ғылым іздеп, дүниені көздеп, екі жаққа үңілдім» дегендей, тез жетілудің амалын, әдіс-тәсілдерін іздестірген абзал.

Бүгінгі таңда оқыту мен тәрбие үрдісінің тұжырымдалуы жаңа өмірге негізделуі тиіс, яғни ақпараттар әлемімен байланыста болу.

Педагогикалық жаңалықтарды қабылдау өз әрекеттеріне өзгеріс енгізе алатын, ізденістік жұмыстар жүргізуге бейімделген ұстаздар болғанда ғана, жаңа бағытта оқушыларды даярлап шығуға болады.

Әр сабақ- қайталанбас өнер, шығармашылық десек, бұл тұрғыда мұғалім орны ерекше екені түсінікті.

Елдің елдігін, ұлттық ұнамдысын, халықтың қастерлісін, абзал ардақтысы мен жүрек жылуын оқушы бойына сіңіріп, әр сабақты ұтымды ұйымдастыратын ұстаз.

Олар халықтық педагогиканың мақсаты: ата-баба тәжірибесінің ең жақсы мұраттарына бай ұрпақты тәрбиелеу ісі екендігін біледі.

Общая информация

Номер материала: 31833022221

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"