Қыс. Зат есім. Сын есім.

Найдено 50 материалов по теме

5-6 класс Қыс.Зат есім. Сын есім.

    DOCX

Предпросмотр материала:

Сабақтың тақырыбы: Қыс.   Сын  есім.

                                 Қыс келбеті. Зат есім.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға зат есім, сын есім туралы білімді әрі қарай жетілдіру, грамматикалық ұғымдарды дұрыс әрі сауатты қолдану.Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Дамытушылық:Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту, логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік:Қазақ тіліне, жеріне, табиғатына деген аялау көзқарасын қалыптастыру.

Әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап

Көрнекілік: «Қыс келбеті» суреті, тірек сызба, сөзжұмбақ,кесте. 

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Амандасу.

2.Түгендеу.

3.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

ІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру. Ертегіден үзінді оқу.

-          Балалар , біз бүгін «Қыс. Зат есім.Сын есім» тақырыптарын өтеміз.Сендер бүгінгі сабақта мәтінмен танысасындар, берілген сөздерді пайдалана отырып,оны аударамыз, грамматикалық тапсырмаларды дұрыс орындауымыз керек.

ІІІ.Жаңа сабақ.

Морфология сөз таптарын зерттейді.Қазақ тілінде 9 сөз табы бар.Олар: зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу,шылау,  еліктеу сөз, одағай.

Бүгінгі сабақта біз зат есім мен сын есім туралы білімімізді толықтырамыз

Сөздікпен жұмыс.

1)Жаңа сөздермен танысу.Сөздерді сөздікке жазып, дауыстап оқимыз.

Мезгіл-время года          

игілігі үшін-на доброе дело

құбылыс-явление, изменение

асыр салып- с увлечением

зырлады-катались

балбырау-сонливый,быть вялым

 

Кестемен жұмыс.    Зат есім.

                Түрлері /типы/

             Мысалдар

Мағынасына қарай

1.Жалпы /нарицательные/

Бала, адам,дала, оқушы

2.Жалқы /собственные/

Айбек, Қарағанды,Қазақстан

Тұлғасына қарай /по способу образования/

1.Негізгі

Ел, жер, су, қала

2.Туынды

Ән+ші,қой+шы, біл+ім

Құрамына қарай

1.Дара

Жігіт, жылқы,ауыл

2.Күрделі

Қол+жазба, ата-ана, аяқ киім, ҚарМУ

 

 

                                                       Сын есім.

                 

 

 

 

 

 

 

 

Сын есім.

                   Түрлері

Мысалдар

Мағынасына қарай

1.Сапалық /качественные/

Ақ, қара, жеңіл, үлкен, сұлу

2.Қатыстық

/относительные/

Тұзды, ақшалы,ащы

Тұлғасына қарай

1.Негізгі

Жақсы,әдемі,кең

2.Туынды

Қыс+қы, тау+лы,сын+ық, өт+кір

Құрамына қарай

1.Дара

Кіші, тар, нәзік, мол

2.Күрделі

Ұзын бойлы, жақсы-жаман, қызыл ала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызбамен жұмыс. І топ.

 

 

Сызбамен жұмыс. ІІ топ.

 

 

 

 

 

 

 

 

Өлеңді мәнерлеп оқы.

                        

                       Қыс.

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалды ...

(Абай)

Оқулықпен жұмыс. І топ  88 бет

Тапсырма.

Мына зат есімдерден сын есімдер жасаңдар: кеш, күз, жолдас, қала, жаз, ұлт, ақыл. Мысалы: қыс+қы

Оқулықпен жұмыс. ІІ топ   111 бет

2. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді жазыңдар.

Қыс айлары: ... , ... , ... .Жерді қалың  ... жапты. Қыста жиі ... жауып, ... соғады.Ағаш бұтақтары ...  ... жамылған. Шанасын сүйретіп ... далаға шықты.

Викторина. (Әрбір топқа 5 сұрақ беріледі)

1.Қыста ауа райы қандай?

2.Қысқы киімдердің қандай түрлерін білесіңдер?

3.Қандай аң қыста ұзақ ұйқыға кетеді?

4.Қазір жылдың қай мезгілі?

5.Қыста біз қандай мейрамдарды қарсы аламыз?

6.Қыстыгүні табиғатта қандай өзгеріс болады?

7.Қыс айларын ата.

8.Қыста адамдар қалай киінеді?

9.Қысқы ойындардың түрлерін ата.

10.Қыста күн ... ал, түн ...  .

І топ. Зат есім.     ІІ топ. Сын есім.

                     Терме диктанты

     Биыл қыс өте салқын да емес, тым жылы да емес, өте жақсы болып тұр.Қар қалың, ауа таза.Демалыс күні далада бірнеше сағат жүріп келсең, қандай тамаша!Балалар да қыстың жақсы күндерін көңілді өткізеді. Олар аққала жасап, бір-біріне қар лақтырып ойнайды.Үсті-бастары ақ қар.Бірақ балалар оған көңіл бөліп жатқан жоқ.Қыста Кәрім екеуміз аңға шығатынбыз.Ол мені аңшылыққа үйретті.

Сергіту сәті: бейнеролик «Шырша»

                Бес жолды өлең.

1.Зат есім.

2.Сын есім.

3.Етістік.

4.Сөйлем.

5.Синоним сөз

Сөзжұмбақ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 


                                   1.Класстың қазақшасы.

2.Күзден кейін қандай мезгіл келеді?

3.Қыста қатты жел соғып, күн суытып не болады?

4.Қыс мезгілінің алғашқы айы?

5.ҚР астанасы қай қала?

6.ҚР қандай мемлекет?

7.Орта білім алатын жер?

 

 

 

 1.Внимание сөзінің қазақшасы?                                         

 2.Көктемнен кейін қандай мезгіл келеді?                                       

 3.Бес әріптен тұратын кісінің атын қалай атауға болады?                

 4.Қыс мезгілінің алғашқы айы?                                                     

 5.Қазақстан Республикасының астанасы қай қала?                       

 6.Күн атауы ертең одан әрі ...                                               7.Дастархан басында қонақтың қолына берілетін зат?                               

 Қорытынды.

                                         Зат есім                                    Сын есім           

         

Бағалау.

Үйге тапсырма:

5 сынып

«Қыс» тақырыбына 10 сын есім жазып, олармен сөз тіркестерін құраңдар.

6 сынып

«Қысқы көрініс» тақырыбына шығарма жазу.

                

Краткое описание материала

Бұл сабақтың тақырыбы «Қыс. Зат есім». «Қыс келбеті. Сын есім». аралас 5-6 орыс сыныптарына арналған сабақ. Аралас сыныптарға сабақ беру өте қиын екенін біле отыра мына сабақ көмекші құрал ретінде пайдалануға болады. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға зат есім, сын есім туралы білімді әрі қарай жетілдіру, грамматикалық ұғымдарды дұрыс әрі сауатты қолдану. Пәнге деген қызығушылықты арттыру.Міндеттері: Оқушылардың ой-өрісін дамыту, сөздік қорын кеңейту, логикалық ойлау қабілетін дамыту.Қазақ тіліне, жеріне, табиғатына деген аялау көзқарасын қалыптастыру.

5-6 класс Қыс.Зат есім. Сын есім.

Файл будет скачан в формате:

    DOCX

Автор материала

Карбозова Лязат Сагындыковна

учитель казахского языка и литературы

  • На сайте: 10 лет и 4 месяца
  • Всего просмотров: 34559
  • Подписчики: 1
  • Всего материалов: 7
  • 34559
    просмотров
  • 7
    материалов
  • 1
    подписчиков

Об авторе

Лязат Сагындыковна - өз орнын тапқан , ұстаздықтың қыр – сырын меңгерген маман. Өз пәнін оқушыға жеткізу барысында түрлі әдістерді меңгерген, оқушымен ынтымақтастықпен қарым-қатынас орната біледі. Лязат Сагындыковна– өзінің салмақты мінезімен оқушыларының жүрегіне жол таба білетін жан. Сабақты әр түрлі әдіс-тәсілдермен өткізе біледі. Ол –әрбір адамның көңіл-күйін терең түсініп, мейлі оқушы, әріптесі болсын көмек қолын созуға даяр, тығырықтан шығарда жол сілтей алатын, адамгершілігі мол адам. Педогогикалық басылымдар бетіндегі әріптестер ізденісіне үнемі көз тігіп отырады. Оқушылардың сөздік қорын байытуға аса құштар, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйретеді. Әр жұмысының нәтижелі өтуін қадағалайды. Ұстаз болу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Лязат Сагындыковна қазіргі заманғы ұстазға жүктелген міндеттерді дұрыс атқара біледі. Карбозова Лязат Сагындыковна сабақтарында білім беруді ойластырып қана қоймай, балаларының жеке бастарының қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын ойластырады. Қазіргі заман талабына сай сабақтарын түрлі жаңа технологияларды, интербелсенді тақтаны пайдаланып қызықты өткізеді. Оған мынадай тақырыпта өткізген сабақтары дәлел: 3«б» сыныбында «Біздің отбасымыз» сабағы, 5«б» сыныбындағы «Барыс септігі»ашық сабағы, 5-11сыныптар арасында өткен «Абай оқулары», 11 «б» сыныбына өткізген «Кім болғым келеді?» сабағы , 2012-2013 оқу жылында «Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру –жаңашыл мұғалімнің басты міндеті» атты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің аудандық семинарында 2 орыс сыныбында «Қазақстан –менің Отаным» тақырыбы бойынша ашық сабағы өз деңгейінде өтті; 2013-2014 оқу жылында 5-6 «б» кіріктірілген сыныптарда өткен Зат есім «Қыс келбеті»; Сын есім. «Қыс » тақырыбында ашық сабағы жан-жақты дайындықпен өткізілді.5-10 сыныптар арасында өткен «ғылыми шығармашылық конференция» т.б оқу-тәрбие барысындағы жұмыс түрлері дәлел бола алады. Пән мұғалімі жыл сайын жоспарлы түрде ашық сабақтарын өткізіп тұрады. 2011-2012 оқу жылы бойынша ҰБТ нәтижесі қазақ тілі пәнінен 100% көрсеткішке ие болды, бұл да мұғалім мерейінің айғағы. 2012-2013 оқу жылында 5 «б» сынып оқушысы Тлеухор Аруна І Республикалық Қазақстандық интернет- олимпиадасына КІО –ға қатысты. Аудан бойынша ең үздік нәтижеге ие болды; 9 орыс сынып оқушысы Ашимхан Шахризада ІІ Республикалық Қазақстандық интернет- олимпиадасына қазақ тілі пәнінен қатысып аудан бойынша үздік көрсеткіш иесі атанды. 2013 жылы 9 орыс сыныбының оқушысы Әлкеева Арай «Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер» атты ғылыми жұмыс қорғап, аудандық ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. 2013 жылы Қазақ әдебиеті пәнінен мұғалімдерге арналған Республикалық КІО интернет- олимпиадасына қатысып, аудан бойынша үздік сертификат иесі атанды. Карбозова Лязат Сагындыковна – еңбекқор, жігерлі, қайратты, үнемі шығармашылық ізденісте жүретін, оқытудың жаңа түрлерін тиімді қолданып жүрген, өзіндік ерекшелігін жоғалтпай жүрген - ұстаз деп танимыз. Пән мұғалімі шәкіртерінің бойынан қандай да бір өнерін көрсе, соны ортаға салуға әр уақытта, «Бұлақ көрсең – көзің аш» дегендей көпшілікке танытуға тырысып жүретін жан. Оқушылардың қазақ тілі мен әдебиеті пәніне деген қызығушылығын оятып, түрлі іс-шаралар жүргізіп, білімдерін үнемі шыңдап отырады. Карбозова Лязат Сагындыковна -алдағы уақытта да біздің сенімімізді ақтап, мол жетістіктерге жетеді деген үкілі үмітіміз мол .

Подробнее об авторе
Подробнее об авторе

Настоящий материал опубликован пользователем Карбозова Лязат Сагындыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт.

Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы: