Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалы»Friendship»- беиіндік жазғы лагерінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру

»Friendship»- беиіндік жазғы лагерінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру

Скачать материал

«Friendship» бейіндік жазғы лагерінде

оқушыларға патриоттық тәрбие  

беру

 

Қымбатты әріптестер! Міне, ағымдағы 2013-2014 оқу жылы да мәресіне таяп келеді. Осыған орай мен бұл баяндамамда «әлемнің сырын білсем, әр іске өзім араласып көрсем» деген балалық қызығушылығы мен шалдуарлығы басым 5-6-7-8 сынып оқушыларының шетел тілі пәнінде алған білімдерін жазғы демалыс маусымында қалай пысықтатуға болатындығы туралы пайымдарыммен бөліспекпін. 

Жаз - шәкірттердің оқу жылы ішінде алған білім-танымын серуен-саяхат процесінде тереңдетіп, қосымша байыта түсуіне мүмкіндік беретін тамаша мезет. Әр нәрсеге еліктегіш, тынымсыз қозғалысты сүйетін жастағы орта сынып оқушыларының көргені мен естігенін жадында сақтау қабылеті де күшті. Міне, балалардың осы қабілетін біз жылда мектеп жанынан ұйымдастырылатын бейіндік (профильдік) жазғы лагерь маусымында таза ауады тынығып-шыныға жүріп, құнарлы тағаммен денсаулық нығайта жүріп, шетел (ағылшын) тілі дәрістерінде алған білімін практикалық өмірде қолдануына көмектесетін шаралармен аша түсуді көздеп келеміз. Бейіндік білім-танымды арттыру жолындағы шаралардың басты мақсаты да – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев көксегендей, оқушылар бойында кең-байтақ Отанымыз қазақ еліне деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін нығайту, оларды тілін үйреніп жүрген шет мемлекеттің мәдени-әлеуметтік тірлігі мен тарихынан хабардар ету. Демек бейіндік лагерь - баланың физикалық, психикалық және эмоционалдық саушылығын нығайту нәтижесінде ізденгіш те мақсатшыл тұлға ретінде жетіле түсуіне ықпал ететін педагогикалық жүйе.

Кілең ағылшынша тілдесіп-ұғысу процесінде ұйымдастырылатын мұндай мақсаттық шараларды сыныптағы дәріске тән стереотиптен өзгеше, ұжымдық ойын-серуен тәсілдерімен жүзеге асыра алсақ, бағдарламамыз да солғұрлым сәтімен орындалмақ. Оқушы балалардың білімдік-танымдық әлеуеті (потенциалы) сабақтан «мойындары бос» мезеттерде жоғары болады: олар жетекшінің айтқанын ойын-серуен кезінде зор ынтамен қызыға орындайды.  Мұның нақты көрінісіне өзіміздің №77 орта мектеп-балабақша кешенінде былтырғы жаз маусымында (барлығы 55 оқушымен) ұйымдастырылған бейіндік лагерь практикасын мысал ете аламыз.

Ретімен айтқанда, лагерьде демалатын балалар контингенті анықталған соң олар бейімі мен қызығушылығы бойынша жасақ-отрядтарға бөлінеді. Мұнан соң өтетін «маусымашарда» балалар бір-бірімен танысып-білісіп, күн режімімен, тынығу және іс-әрекет жоспарымен танысады. Әрбір жасақ ертеңгілік саптүзеуде және кешкілік саптүзеу кезінде айтылатын сәлемсөздерін (речевкасын) таңдап-жаттайды. Таңғы дене сергітумен, құнарлы ауқатпен басталған күн отряд жетекшісіне еріп қаламыздың сәулетті және тарихи жерлеріне саяхат жасаумен ұштасады.

Бейімі мен қызығушылығы бойынша түзілген әр жасақтың өзіне тән бағдар-шарасы болады. Мәселен, лингвистикалық топқа кірген оқушылар сөздердің, жер-су атауларының, әлем халықтарына ортақ ұғымдар төркіні мен этимологиясын аңғарады, жетекшінің көмегімен кейбіреуі өзбетінше жоба (проект) түзеді.

Экологиялық топтағы Табиғат достары, мәселен, адамзаттың бесігі – жұмыр жердің көркі мен табиғат байлығын үнемді пайдаланып, қорғап-байыту жөніндегі өз пайымдарын түзеді (мүмкін болашақ биолог пен эколог шығатын болар олардан!) Бейіндік лагерь артықшылығының бірі - осында болса керек.

Бейіндік лагерьдің үлкен бір тобы - ағылшын тіліне құштар балалардан құралған «Friendship» отрядына кеңірек тоқталғым келеді. Оқушылар негізінен облысымыздағы Н. В. Гоголь атындағы орталық кітапхананың шетел (англо-француз) тілдерінің маманы, осы кітапхананың халықаралық қатынастар бөлімінің меңгерушісі Шолпан Баймурзинаның жетекшілігімен шұғылданады. Кітапхананың халықаралық волонтерлік ұйымдармен қарым-қатынас орнатуы нәтижесінде кітапханадағы «Американ мүйісіне» жыл сайын жаз маусымында арнайы шақыртуымен американдық волонтер педагогтар келіп, білімқұмар балалармен түрліше шаралар өткізеді. Жеткіншектер психологиясымен етене таныс  бұлар - Анна Труник пен Брендт Вардер есімді азаматтар қала мектептеріндегі орта буынды сынып оқушыларының шетел тілі программасы бойынша үйренгендерін күнделікті қолдануға танымдық-тартымды ойындар мен конкурстарық шаралар арқылы ықпалдасады. «Американ мүйісінде» жаңағы волонтерлер балалармен таза ағылшын тлінде танымдық-білімдарлық ойындар өткізеді, сахналық яки тақпақ жазуға баулиды, «Қазақ елінің мәдениеті» күні олар балалармен қазақ халық ойындарына қатысты, «Қазақтың ұлттық киімдері», «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбындағы презентке атсалысты, Анна Труник «Қара жорға» биін зор ынтамен үйренді. «Сүйемін сені, туған ел Қазақстан!» ұранымен виртуалдық саяхат, кездесулерге толы белсенді сәттер өтті: ағылшын тіліндегі білім-танымдық шаралар кезінде ұлтымыздың даналық ұлағаты туралы, қазақтың ежелгі мәдениеті, әлемге есімі танымал ұлы ақын-жазушыларымыз, артистеріміз бен қылқалам шеберлері, көреген саясаты әлемдік саясаткерлерді тәнті қылған қазақ Президенті туралы сөз болады, мұндай бейнекөріністі әңгімелер оқушыларымыздың отансүйгіштік сезімін лаулатады. Балалар ағылшын тілінде ән салып, өлең оқыды, пьеса қойып берді, 6-сынып оқушысы Смайылов Асылбектің ағылшынша жазған тырнақалды шығармасын американдық ұстаздар жоғары бағалады. Бейіндік «Friendship» жасағының мүшелері осы «Американ мүйісінің» материалдары негізінде алыстағы американдықтардың мәдениеті, әдебиеті, тарихы туралы көріп-білді, «Фирсби» аталатын интеллектуалдық ойынын үйренді, белгілі мекенжайда тұратын американдық балалармен хат арқылы танысып-достасты, республикалық бейнероликтердің сырттай бәйгесіне 8-сынып оқушылары «Біздің отрядтың бір күні атты» фильм түсіріп жіберді.

Ұмытылмастай әсер қалдырған каникул күндері балалардың ынтымағы артып, адамгершілік, ізгілік, коммуникативтік қасиеттері айқындалды.

         Жыл сайын маусым айының 4-ті күні елімізде атап өтілетін Қазақстан Республикасы рәміздерінің күні де назардан тыс қалмайды. Оқушылар Елұранның, туымыз бен елтаңбамыздың авторлары туралы ежіктеді, рәміздердің символикалық мәнін үш тілде – қазақ, орыс, ағылшын тілінде өткізілген викторинна сұрақтарына жауап беру арқылы пысықтады. Осындай тәртіппен Астана күні (20 маусым) тартымды шаралар, «Астананың келешегі – біздер!» атты суретшілер конкурс-бәйгесі өтті. Біздің мектептен ғана бәйгеде 17 бала дипломмен марапатталды.  Негізінде, үштұғырлы тілге құрмет маусымның өне-бойында жарасым тапты, мәселен, эколог-оқушылар тобы «Таза ауа, Жарық күн, Мөлдір кәусар – Адамзатқа ұлы сый, мәңгі достар!» тақырыбындағы презент те үш тілде әзірленді.

         «Атамекен» отрядының мүшелері қазақ тіліндегі лексикалық білімдерін молайтумен, ұлттық салт-дәстүр, саз аспаптары, халық әуендері жөніндегі білімдерін молықтырса, «Ізкесушілер» аталатын бейіндік жасақтардың мүшелері «Менің кіші отанымдағы көше атаулары», «Менің ата-тегім кім?», «Түркілер мәдениетінің қазақы салт-дәстүрлердегі көрінісі» тақырыптарын ағылшын тілінде ашып берді, нәтижесі мектебіміздің ғылыми-практикалық конференциясында жария етілді.

Осылайша №77 мектеп-кешеннен жасақталған бейіндік жазғы лагерьде тыныққандар былтырғы каникул күндері қала мектептері арасында болған фестивальдер мен байқау-конкурстар нәтижесінде балалар шығармашылығына тағайындалған Гран-при сыйлығын жеңіп алды.

Маусым жабыларда бейіндік лагерьде өнер мен білімде, спорт пен отансүйгіштікте танылған белсенді тынығушылар сертификаттар мен ескерткіш тартуларға ие болды. Қорыта айтқанда, бейіндік жазғы лагерь жұмысының нәтижесінде балалар демалысын мәнді әрі мазмұнды, пайдалы әрі әсерлі шаралармен тиімді ұйымдастырудың байыпты әдіс-тәсілдері жүйеленді. Ең үлкен жетістік – сөзімнің басында атап өткенімдей, туған ел мен жерге деген жеткіншек жүректердің махаббат сезімі қанат қақты. Түрлі мінез-құлықты, түрлі отбасында тәрбиеленген балалар маусым бойы бір шаңырақтың балаларындай, бір-бірінің әдет-дағдысына төзімділікпен қарап, өзара тату сыйласып, саяхат-серуен, ойын-сауық шараларында ұжымдық топтар командалық рух беріктігін сақтауға дағдыланды, бірін-бірі қолдауға, біріне-бірі жәрдемге келуге  баулынды, табиғат дарын сыйлаған қабілетті оқушылар өз күштері мен өнерпаздық мәдениетін конкурстар үстінде жетілдіре түсті. Бейіндік жазғы лагерьде тыныққан әрбір шәкірт денсаулық нығайтып, спортпен шұғылданудың, саяхаттудың, туған жер табиғатын тамашалау мен оны көзінің қарашығындай қорғаудың страгегиялық маңызын терең пайымдады. Мектеп оқушыларының бейіндік бағдарлы демалысын ұйымдастырудың біз қысқаша бьаяндаған пайдалы жақтары бұл ісіміздің кемел келешегін меңзейді.   

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "»Friendship»- беиіндік жазғы лагерінде оқушыларға патриоттық тәрбие беру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инструктор по туризму

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

№77 мектеп-кешеннен жасақталған бейіндік жазғы лагерьде тыныққандар былтырғы каникул күндері қала мектептері арасында болған фестивальдер мен байқау-конкурстар нәтижесінде балалар шығармашылығына тағайындалған Гран-при сыйлығын жеңіп алды. Маусым жабыларда бейіндік лагерьде өнер мен білімде, спорт пен отансүйгіштікте танылған белсенді тынығушылар сертификаттар мен ескерткіш тартуларға ие болды. Қорыта айтқанда, бейіндік жазғы лагерь жұмысының нәтижесінде балалар демалысын мәнді әрі мазмұнды, пайдалы әрі әсерлі шаралармен тиімді ұйымдастырудың байыпты әдіс-тәсілдері жүйеленді. Ең үлкен жетістік – сөзімнің басында атап өткенімдей, туған ел мен жерге деген жеткіншек жүректердің махаббат сезімі қанат қақты. Түрлі мінез-құлықты, түрлі отбасында тәрбиеленген балалар маусым бойы бір шаңырақтың балаларындай, бір-бірінің әдет-дағдысына төзімділікпен қарап, өзара тату сыйласып, саяхат-серуен, ойын-сауық шараларында ұжымдық топтар командалық рух беріктігін сақтауға дағдыланды, бірін-бірі қолдауға, біріне-бірі жәрдемге келуге  баулынды, табиғат дарын сыйлаған қабілетті оқушылар өз күштері мен өнерпаздық мәдениетін конкурстар үстінде жетілдіре түсті. Бейіндік жазғы лагерьде тыныққан әрбір шәкірт денсаулық нығайтып, спортпен шұғылданудың, саяхаттудың, туған жер табиғатын тамашалау мен оны көзінің қарашығындай қорғаудың страгегиялық маңызын терең пайымдады. Мектеп оқушыларының бейіндік бағдарлы демалысын ұйымдастырудың біз қысқаша бьаяндаған пайдалы жақтары бұл ісіміздің кемел келешегін меңзейді.  

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 542 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2014 1900
    • DOCX 50 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Murzamuratova Gulnara Koshekovna. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Murzamuratova Gulnara Koshekovna
    Murzamuratova Gulnara Koshekovna
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3760
    • Всего материалов: 3

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по английскому языку в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 298 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 831 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель немецкого языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (немецкий язык)

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство звука: путешествие по музыкальным жанрам

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе