Инфоурок Биология КонспектыТіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

Скачать материал

Пән: Биология                                                                                                                               

Сынып: 11 «Б»

Күн: 14.09.2014 жыл

Сабақтың тақырыбы: §5. Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

Сабақтың міндеттері:

А) Білімділік: Оқушыларға эволюциялық ілім, Аристотель, Линней, Ламарктің эволюциялық көзқарастары  жайында мағлұмат беру;

Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар бере отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін, ойлау қабілеттерін  арттыру;

Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;

Сабақтың типі: Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың әдісі: Интербелсенді, баяндау, сұрақ-жауап, кесте

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, электронды оқулықтар, кесте, т.б.

Сабақтың барысы:

 

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: §3-4. Тіршіліктің жер бетінде пайда болуы туралы қазіргі көзқарастар.

 

 

Лездемелік сұрақтар:

А-1. Опарин теориясының мәні неде?

   2. Опарин-Холдейн болжамын сынақтәжірибемен дәлелдеген кім?

В-1. Алғашқы ағзалық заттардың абиогендік синтезін қандай модельді тәжірибелер расқа шығарды?

2. С.Мюллер сынақтәжірибелерінің мақсаты неде?

С-1. Коацерваттар қандаай энергия көзін пайдаланады?

   2. Миллер құтысы деген не?

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

Тақырыбы:  §5. Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

 

     “ЭВОЛЮЦИЯ” латынша “evolutio” – “тарихи даму, өзгеру, өрлеу” деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізді. Швейцария жаратылыс зерттеушісі Ш. Бонне (1720-1793 жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды.

Эволюция – уақыттың жылжуына байланысты дамудың бастапқы қалпынан біртіндеп өзгеріп, жаңа дүниенің пайда болуын білдіреді.

      Эволюциялық ілім – тіршіліктің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттейді, оның негізін ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин салған.

Дарвинге дейінгі тірі табиғат туралы ғылымға үлес қосқан философтар – Аристотель, Теофраст, т.б.

      Аристотель “Жануарлардың тарихы”, “Жануарлардың бөліктері туралы” деген ғылыми еңбектерін жазып, жануартану ғылымының негізін қалады. 454 жануардың сыртқы жәнеішкі құрылысын, тіршілігін зерттеп туыстық жағына, сыртқы белгілеріне қарап алғаш жіктеді. Барлық жануарларды қандылар мен қансыздар деп үлкен      2 топқа бөлді. Адамды ең жоғары сатыға қойды.

     Табиғат зерттеуші швед ғалымы Карл Линней органикалық дүниені белгілі бір жүйеге келтірді. К.Линней өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғашқы жүйеленім ғылымының негізін салды.

     Өсімдіктерді жіктеу үшін құрылысы жағынан ұқсас жараларды, түрді негізге алды. Өсімдіктердің 8000-нан астам, жануарлардың 4200-ден астам түрлерін анықтады. Ұқсас түрлерді туысқа, ұқсас туыстарды отрядқа, отрядтарды класқа біріктірді. К.Линнейдің жүйесіндегі ең ірі жүйелік топ – класс, ең төменгісі – түр деп аталды. Барлық өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. Гүл бөлімдеріне күлте, тозаңқап, аталық жіпшесі, шірнелік, аналық жатыны, аналық аузы, гүлтабаны, гүлсағағы, гүлсерігі атауларын енгізді. Өсімдіктің түрін латын тілінде қосарлы атау тізімін (бинарлы номенклатура) (туысы мен түрі) ұсынды.

      К.Линней жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді:

  Француз ғалымы Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салды. Ж.Б.Ламрктің эволюциялық теориясының артықшылығы: нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуінде. «Зоология философиясы» (1809 ж) деген еңбегінде органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеп берді. Ж.Б.Ламарк жануарларды жүйелеу жұмыстарымен де айналысты. Ұқсастық белгілеріне қарап, омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, 6 сатыға, 14 класқа топтастырды.

 

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

    Лездемелік сұрақтар:

  1. Эволюция термині қандай мағынаны білдіреді?
  2. Эволюция терминін биологияға алғаш енгізген ғалым кім, қай жылы?
  3. Эволюциялық ілім нені зерттейді?
  4. Эволюц«Ә ия терминін ғылымға кеңінен пайдаланған ғалым кім?
  5. Эволюциялық ілімнің негізін қалаған кім?
  6. Дарвинге дейінгі тірі табиғат туралы ғылымға үлес қосқан философтар кімдер?

7. К.Линнейдің жүйесін неге «жасанды жүйе» деп атайды? Дәлелдеп мысал келтіріңдер.

      8. Жүйелерде К.Линнейдің жіберген кемшіліктері қандай?

9. Ж.Б.Ламарктің эволюциялық теориясының артықшылығы неде?

10.  Ж.Б.Ламаркті неліктен «алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы» дейді?

 

     Кестемен жұмыс:

 

Ғалымдар

 

Жетістіктері

Кемшіліктері

К.Линней

 

 

 

Ж.Б.Ламарк

 

 

 

 

Ү. Қорытынды:    Эволюция – уақыттың жылжуына байланысты дамудың бастапқы қалпынан біртіндеп өзгеріп, жаңа дүниенің пайда болуын білдіреді.

ҮІ. Бағалау:

ҮІІ. Үйге тапсырма:

Тақырыбы:  §5. Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тіршіліктің тарихи дамуы туралы көзқарастар"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Главный бухгалтер

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

“ЭВОЛЮЦИЯ” латынша “evolutio” – “тарихи даму, өзгеру, өрлеу” деген мағынаны білдіреді. Бұл терминді биологияға алғаш рет 1677 жылы М.Хейл енгізді. Швейцария жаратылыс зерттеушісі Ш. Бонне (1720-1793 жж.) оны ғылымға кеңінен пайдаланды. Эволюция – уақыттың жылжуына байланысты дамудың бастапқы қалпынан біртіндеп өзгеріп, жаңа дүниенің пайда болуын білдіреді.       Эволюциялық ілім – тіршіліктің жалпы заңдылықтары мен қозғаушы күшінің тарихи дамуын зерттейді, оның негізін ағылшын ғалымы Чарлз Дарвин салған. Дарвинге дейінгі тірі табиғат туралы ғылымға үлес қосқан философтар – Аристотель, Теофраст, т.б.       Аристотель “Жануарлардың тарихы”, “Жануарлардың бөліктері туралы” деген ғылыми еңбектерін жазып, жануартану ғылымының негізін қалады. 454 жануардың сыртқы жәнеішкі құрылысын, тіршілігін зерттеп туыстық жағына, сыртқы белгілеріне қарап алғаш жіктеді. Барлық жануарларды қандылар мен қансыздар деп үлкен      2 топқа бөлді. Адамды ең жоғары сатыға қойды.      Табиғат зерттеуші швед ғалымы Карл Линней органикалық дүниені белгілі бір жүйеге келтірді. К.Линней өсімдіктер мен жануарларды топтастырып, ең алғашқы жүйеленім ғылымының негізін салды.      Өсімдіктерді жіктеу үшін құрылысы жағынан ұқсас жараларды, түрді негізге алды. Өсімдіктердің 8000-нан астам, жануарлардың 4200-ден астам түрлерін анықтады. Ұқсас түрлерді туысқа, ұқсас туыстарды отрядқа, отрядтарды класқа біріктірді. К.Линнейдің жүйесіндегі ең ірі жүйелік топ – класс, ең төменгісі – түр деп аталды. Барлық өсімдіктерді аталығы мен аналығының санына қарай 24 класқа бөлді. Гүл бөлімдеріне күлте, тозаңқап, аталық жіпшесі, шірнелік, аналық жатыны, аналық аузы, гүлтабаны, гүлсағағы, гүлсерігі атауларын енгізді. Өсімдіктің түрін латын тілінде қосарлы атау тізімін (бинарлы номенклатура) (туысы мен түрі) ұсынды.       К.Линней жануарлар дүниесін қанайналым және тыныс алу мүшелерінің құрылысына қарай 6 класқа жіктеді:   Француз ғалымы Жан Батист Ламарк биологияда Дарвинге дейінгі органикалық дүниенің дамуы туралы ғылыми теорияның негізін салды. Ж.Б.Ламрктің эволюциялық теориясының артықшылығы: нақты деректерге сүйеніп, өсімдіктер мен жануарлардың құрылысын тереңірек зерттеуінде. «Зоология философиясы» (1809 ж) деген еңбегінде  органикалық дүниенің өзгеретіндігін көптеген мысалдармен дәлелдеп берді. Ж.Б.Ламарк жануарларды жүйелеу жұмыстарымен де айналысты. Ұқсастық белгілеріне қарап, омыртқасыздар және омыртқалылар деп бөліп, 6 сатыға, 14 класқа топтастырады.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2014 7146
    • DOCX 16 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Әлімқұлова Айгерім Әділханқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 146688
    • Всего материалов: 26

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Государственная итоговая аттестация как средство проверки и оценки компетенций учащихся по биологии

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 273 человека

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 58 человек

Курс профессиональной переподготовки

Биология и химия: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель биологии и химии

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 324 человека из 68 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 138 человек

Мини-курс

Брендинг и архитектура бренда: создание уникальности и цельности в маркетинге

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе