Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалы«Мәдени этикет. Телефонмен сөйлесу, сәлемдесу, достық жылы қарым-қатынас тілі» (3-сынып)

«Мәдени этикет. Телефонмен сөйлесу, сәлемдесу, достық жылы қарым-қатынас тілі» (3-сынып)

Скачать материал

Күні: 27.11. 2017 жыл

Мектеп: ЖББ №8 орта мектеп КММ

Сабақтың тақырыбы: «Мәдени этикет. Телефонмен сөйлесу, сәлемдесу, достық жылы қарым-қатынас тілі»

Сабақтың мақсаты:

1.     Білімділік: Оқушылардың эстетикалық білімдерін жан-жақты кеңейту.

2.     Дамытушылық:  Балалардың  дұрыс сөйлеу, дұрыс қарым-қатынас жасай білу қабілетін дамыту.

3.     Тәрбиелік: Оқушыларды сыпайылыққа, сыйластыққа, әдептілікке және ізгілікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: тақырыпқа сай суреттер, бейнетаспа,

Сабақтың барысы:

 

1.Ұйымдастыру кезеңі

-Сәлеметсіңдер ме,  оқушылар. Көңіл күйлеріңіз қалай? Бүгінгі сабағымыз жоғары деңгейде өтеді деген сеніммен келіп отырмын. Бүгінгі сабаққа белсене қатысуларыңызды сұраймын. Бүгінгі сабаққа дайынсыздар ма? Сынып оқушылары түгел ме? (Оқушылардың зейінін жинақтау, түгелдеу, оқу құралдарының дайындығын тексеру)


Психологиялық дайындық

- Балалар, « Әдептіліктің белгісі-иіліп сәлем бергені» дегендей, қане балалар, бәріміз бір-бірімізге иіліп амандасайық (Бәрі осылайша амандасып, өлең жолдарын қайталайды).

             Әдеп

Сыйластықты іздеген

Әдеп сақтар ізгі өрен

Сыпайылық белгісі-

Үлкендерге «Сіз» деген.

-Жақсы, орындарыңа жайғаса қойыңдар.

 

Жаңа сабақ

- Балалар, біз бүгін  ұялы телефонмен қалай сөйлесу керектігін, достық жылы қарым-қатынас тақырыбында сөз қозғайтын боламыз.

-Адами қарым - қатынастағы ең басты әдептілік – бұл сәлемдесу болып табылады. Қазақ халқында амандасудың қазір түрлері көп. Олай болса, біз амандасудың мына түрлерін орындап көрейік: Ол үшін тақтаға маған  2 бала шыға қойсын:

-Сендер, «Оқушы мен мұғалімнің амандасуын» көрсететсіңдер. Келесі жұптар «Ата мен немеренің амандасуын» , «Ақсақал мен замандасының амандасуын», «Ұлдар мен қыздардың амандасуын» амандасуын сахналап көрсететін болады.
-Жарайсыңдар, балалар біз бұдан не ұқтық? Иә, дұрыс айтасыңдар әрқашан үлкен кіслермен де, өзіңмен қатарлас адамдармен де амандасып жүру керек екенбіз . Ата - баба дәстүрінің қастерлейтіні – дұрыстап сәлемдесе білу. Дұрыс сәлемдесу – имандылығымыз бен ар - ұятымыздың бастауы екендігі хақ.
 

-Жақсы, балалар айта қойыңдаршы дос дегенді қалай түсінесіңдер? Сендердің достарың бар ма? Сен оған қиын жағдайда көмектесесін бе? Олардың саған көмектескен немесе көмектеспеген кездері болды ма? Ал, сендер тек қана достарыңмен ғана жақсы қарм-қатынаста болу дұрыс деп санайсыңдар ма? Жоқ, балалар адам досы болсын, дұшпаны болсын, дұрыс, сыпайы, жылы қарым-қатынаста болуы тиіс.

-Адамның үлкендермен, құрбыларымен, жасы кішілермен сөйлесу мәнері, қоғамдық орындарда, көлікте, қонақта, сапарларда өзін ұстауы әдемі, сондай – ақ сыртқы сипаты, атап айтқанда киіну, шаш тарау, бетін ретке келтіру мәнері, қимыл - қозғалысы, өнермен жақындығы, білімділігі оның мәдениеттілігін танытады.

 

-Ал, қазір мен сендермен мынадай ойын ойнағым келіп тұр.

«Жағдаяттан шыға білеміз бе?» ойыны
(Жағдаятты талдап, сұрақтарға жауап беріңдер)
1. Мұрат бір қарағанда көрікті де әдемі жігіт. Киімі де жарасымды. Бірақ көпшілік арасында, қонақта болған кездерінде қолын сермеп даурығып сөйлейтіні, ешкімге сөз бермейтіні бар. Үлкендердің сөзін бөлу және олардың сөздерін қалайда күлкіге айналдыруға да әуес.
Мұратқа әдепсіз қылықтарын қалдыру үшін қалай көмектесуге болады?
2. Назым әп - әдемі келісті қыз. Алайда, даусы дөрекі, сөзі ірі. Қарқылдап күледі. Бір қарағанда нәп - нәзік, биязы бойжеткен көз алдыңызда біртіндеп, әуелде көңілде ұялаған әдемі сипатынан айрылып жүре береді.
Назымға қандай кеңес берер едіңіз?

-Балалар, біз бұл жағдаяттарды шешу барысында қандай заттарды түсіндік? Қандай түсініктерді өзімізге қалыптастырдық?



 

-Жарайсыңдар! Балалар, айта қойыңдаршы қазір ұялы телефон бәрімізде бар, солай емес пе? Барлығымызда болмаса да, көпшілігімізде бар, иә? Ал, сендер сол ұялы телефонды дұрыс қолдану  жолдарын білесіңдер ме? Олай болса, бейнетаспаға назар аударайық:

Бейнетаспа

 -Ал, оқушылар бецнетаспада не жайлы айтылған?

-Не түсіндік?

-Осы айталған ережелерді біздер сақтанамыз ба? Неге?

-Жақсы, жарайсыңдар, оқушылар. Енді, қанекей телефон арқылы рөлге бөліп оқып көрейік.

 

1-Алло! Сәлеметсіз бе, апай!

2- Сәлеметсіз бе! Бұл кім?

1- Апай, мен Санжармын ғой. Жанатты телефонға шақырып жібересіз бе?

2- Өкінішке орай, Жанат үйде жоқ.

**** 


1-Алло! Сәлем, Ксюша!

2-Алло! Сәлем, Айдана!

1- Әпкеңді шақырып жіберші.

2- Қазір шақырамын.

 

-Досымызға не сыныптасымызға қоңырай шалып қалған жағдайда, оның анасы тұрқаны көтерне не дейміз ? (амандасамыз, содан соң досымызды шақыруын өтінеміз)      

 

Сергіту сәті:

 -Балалар, шаршаған боларсыңдар? Қанекей орнымыздан тұрып, бір сергіп алайық. (іс-қимылдарды қайталау)

 

Бейнетаспа:

 

Топтық жұмыс. Шығармашылық жұмыс:

-Балалар, біз парта бойынша 3 топқа бөлінеміз. Әр топқа мынада тапсырмалар беріледі. Дайындалуға 2 минут уақыт.

 

1 топ: телефонмен сөйлесетін диалог құрастыру.

2 топ: әр ұлттың амандасуын көрсеті.

3 топ: 2 достың әңгімесі.


Қорытындылау
- Адам баласының бәрі бұл өмірде бақытты болсам дейді. Сол бақытқа жету үшін қолынан келген бар мүмкіндігін істеп бағады. Бірақ, көбісі бақытқа апарар ең оңай жолды ұмытып жатады. Бұл жол – әдептілік жолы. Әдеп арқылы жеке адамның адамдар арасындағы қадір - қасиеті арта түседі. Әдепті адам істейтін ісіне, сөйлейтін сөзіне, қабылдайтын шешіміне баса назар аударады. Әдепті болу – адамды басқалармен жақсы қарым - қатынас жасауға, олардың сөзін тыңдай білуге, өзара сыйластыққа қол жеткізуге және үлкендерге құрмет, кішілерге ілтипат көрсетуге негіз болады.
Бағалау:  Балалар сабаққа белсене қатысқандарың үшін сендерге күлегештер таратамын.

Сабағымыз осымен аяқталды, сау болыңдар!

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Мәдени этикет. Телефонмен сөйлесу, сәлемдесу, достық жылы қарым-қатынас тілі» (3-сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Редактор

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 767 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.12.2017 7422
    • DOCX 24.3 кбайт
    • 76 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орунбай Бибігүл Амангелдіқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орунбай Бибігүл Амангелдіқызы
    Орунбай Бибігүл Амангелдіқызы
    • На сайте: 6 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 3
    • Всего просмотров: 83902
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 763 человека из 72 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 021 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 88 человек

Курс повышения квалификации

Организация работы с молодежью

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 78 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 171 человек

Мини-курс

Современные направления в архитектуре: архитектурные решения гениальных изобретателей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Копирайтинг: от пресс-портрета до коммуникаций

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 117 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 42 человека