Инфоурок Дошкольное образование Научные работыМектепке дейігі тәрбиелеу мен оқыту кезеңінде қолданатын ойындар жинағы және жылулық шеңбері

Мектепке дейігі тәрбиелеу мен оқыту кезеңінде қолданатын ойындар жинағы және жылулық шеңбері

Скачать материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

№ 7 «Айналайын» МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту кезеңінде қолданылатын ойындар  жинағы және жылулық шеңбері

(Тәрбиешілерге арналған көмекші құрал)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017 ж

 

№7 «Айналайын» МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту кезеңінде қолданылатын ойындар  жинағы және жылулық шеңбері.  (Тәрбиешілерге арналған көмекші құрал)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

         Ең алдымен таным көзі – сезім арқылы қабылдауы, бала өз тәжірибесінен бақылап, көріп тануынан тұрады. Сезіну процессі кезінде бала бір нәрсені немесе заттың қасиетін, құрылымын таниды.Баланың логикалық ойлау түсінігі ең алдымен, оның сезінуімен байланысты. Баланың математикалық түсініктерді дұрыс меңгеруі, баланың дамуы, жас ерекшеліктеріне байланысты болып

табылады.Балаларға математикалық қарапайым ұғымдарды түсіндіру,бекіту. Сондай-ақ бала заттың санын, затты салыстыру (көлемін), теңестіру,

орналасуын, саны мен сыңарын (белгілеріне қарай) табу тәсілдерін меңгереді.Мектеп жасына дейінгі балалардың кішігірім математикалық терминдері: геометриялық пішіндердің атауларын (дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш т.б.) және олардың элементтері (қыры, бұрышы) болатынын, (қосу, алу, тең) ұғымдарын үйренеді. Балалар қарапайым математикалық дәлдікті шешуді үйренеді. Сонымен қатар балалардың математикалық білімге деген қызығушылығы артады, берілген есепті шешуге өз күш (ерік) – жігерін жұмсайды. Балада алғашқы түсініктер индуктивті және дидуктивті ойлау қалыптасады. Бала бір заттың құрылысына, қасиетіне (пішініне, түсі т.б.) қарай талдау, сараптау, салыстыру, кеңістікті  бағдарлап, салыстырмалы түрде ойлай алады.

         Жаңа материалдарды бағдарламаның кез келген бөлігінде («Сан және санау,» «Көлем», «Пішін», т.б.) кезектестіріп 2-5 сабақтан бірінші бөлігінде, кейін 2-ші бөлімінде оқытқан жөн. Тәрбиеші әр түрлі жастағы топтардың бағдарламасының (программалық) құрылымын білуге тиіс. Бұл, тек өз тобының математикалық дамуы деңгейін біліп қана қоймай, сондай-ақ мектепке дейінгі балаларда математиканың рөлін және әрбір сабақтың құрлымын өз ісінде дамыту арқылы, балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруына көмектеседі. Математикалық түсініктерді қалыптастырудың негізгі жұмыс формасы – сабақ. Сабақ барысында бағдарламаның үлкен бөлігі шешімін табады. Балаларда бір ізді жүйе қалыптасады. Күнделікті өмірде және сабақта дидактикалық ойындар мен ойын жаттығулар қолданылады. Дидактикалық ойындардың оқу іс-әрекетінен тыс уақытта ұйымдастыру, баланың

математикалық түсінігін кеңейтеді, тереңдетеді, ойын бекітеді. Дидактикалық ойындар негізінен оқыту барысында жан – жақты, бағыт – бағдар беріп отырады.
Дұрыс ұйымдастырылған оқыту ісі жаңа материалдармен жұмыс жасау, қайталау,
кезектестіріп оқыту түрлерін қолдану, баланың белсенділігін арттырады.Сабақ құрылымының – көлемі, мазмұны бағдарламаға сай, балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жоспарланады және үйретіледі. Мынадай жаңа материалдармен жұмыс

жасаудың 3 түрі бар: біріншіден – педагог көрсетеді, жаңа тапсырманы түсіндіреді, үлгі көрсетеді, математикалық объектіні негіз етіп алады.Балалар педагогтың іс-әрекетін бақылап, оның нұсқауларын тыңдайды, сұрақтарына жауап береді. Ақыл ойды тәрбиелеуде және ой өрісті дамытуда математика маңызды рөл атқарады. Мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде сабақтарға арналған ойын әдістеріне үлкен мән беріледі. Оқытудың әдістері мен тәсілдері ережеге сәйкес қолданылады, әртүрлі үйлестіруде оқытудың көп бейнелі әдістері мен тәсілдерін пайдалану, оларды шебер үйлестіру керек, сонда сабақтар балаларға пайдалы, қызықты болады. Математика сабақтарында дидактикалық ойындарға ерекше көңіл бөлінеді. Қызықты жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар т.б. Математика бойынша сабақтарда жұмбақтарды пайдаланып, өлеңдер, тақпақтар таңдап,логикалық ойлауға арналған тапсырмаларға мақалдардан, қанатты сөздерден, ертегілерден және де сергіту сәтінен топтама жасауға болады. Әртүрлі қызықты материалдарды қолдану педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сондай-ақ, олар баланың ақыл – ойының дамуына

үлкен ықпал ете отырып, балалардың ойлауына, есте сақтауына себеп болады.

         Жылулық шеңбері – бұл балалардың ақыл-ойын, зейінін қалыптастыратын, психологиялық белсенділікке жаттықтыратын күнделікті іс-әрекетте қолданылатын амандасу тәсілі. Жылулық шеңбері, шаттық шеңбері, тілек шеңбері болып аталады.

Шеңбер – бұл ғажайып қуанышты тілектерге толы сәттер.

         Шеңбер – бұл балалардың бір-бірімен жүрек жылуын сезінуге, жақсы жаңалықтарға назар аударуына, эмоционалдық жағдайларына жағымды әсер етуіне арналған әдістемелік тәсілдердің ерекше бір түрі.

 

 

 

Алғы сөз

 

Мектеп жасына дейінгі балалар үшін

ойынның айрықша маңызы бар:

ойын – олар үшін – еңбек, ойын –

олар үшін – тәрбиенің ең мықты

формасы.

Н.К. Крупская

 

Ойын – мектепке дейінгі балалар әрекетің негізгі түрі, сондықтан ол бала өмірінде

тәрбиенің шешіші шарты болып табылады. Ойын үстінде бала жеке тұлға ретінде дамиды, адамдармен қарым-қатынасын, әрекетін өзі реттеп, ұжымдық ойлаудың алғашқы тәжірибесін алатындығы дәлелденген.

Кеңестік педагог А. С. Макаренко «Баланың ойынға деген құштарлығы бар, сол құштарлықты қанағаттандыра білуіміз керек. Ойнау үшін тек уақытты бөліп қана қоймай, сонымен бірге баланың барлық өміріне ойындыбере және сіңіре білуіміз қажет. Оның барлық өмірі ойыннан тұрады» деген пікірін өз еңбектерінде атап өткен.

Балаларды ойынға қатыстыру қажет. Ойын кезінде жан-жақты тәрбиелеудің мақсаты әр жас кезеңде ойын әрекетінің психологиялық негізін құрастырған жағдайда ғана табысты іске асырылады.

1.     Ойын – әр түрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.

2.     Ойын – бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тани, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін-өзі тануы және өзін-өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.

3.     Ойын – мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.

4.     Ойын даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.

5.     Ойын – балалар қарым-қатынасының негізгі ортасы. Мұнда құрбы-құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым-қатынасы қалыптасады.

 

Ойын – жас ерекшелігіне қарамайтын, адамның көңіл-күйін көтеретін ойландыратын үрдіс.

Ойынның бірнеше түрлері бар. Оларға ұлттық, танымдық, дидактикалық, іскерлік, қимылды ойындар, жарыс ойындар, сөздік ойындар т.б. жатады.

Баланың оының жүйелі ұйымдастырған жағдайда мынадай жетістіктерге жетуге болады:

·         баланың ақыл-ойы кеңейеді;

·         өз бетімен еңбектену, іздену, жаңа нәрсені ойлап табу, талпыну қабілеттері ашылады;

·         логикалық олауы, ой белсенділігі артады;

·         өзін өзі бағалай білуі өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;

·         белгілі бір іс-әрекетті орындағанда жігерлі еңбек етуі, шығармашылық тапқырлығы үстей береді.

Сондықтан да біз, тәрбиешілер, серуен кезінде де, оқу іс-әрекетінде де балалардыңіс-әркетін ойынмен ұштастырып отырсақ, нур үстіне нұр болар еді.

 

Өсіп дамып келе жатқан балалардың бойында алуан түрлі қасиеттер байқалады. Осы қасиеттерді бала бойынан дер кезінде байқап, оған оң баға беру, баланың дамып келе жатқан мінезін дұрыс жолға сала білу әрбір тәрбиешінің міндеті. Осы тұста Абай атамыздың «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала болар ма?», - деген даналық сөзі ойға оралады. Расында баланың өмірді, қоршаған ортаны тануы еңбек қатынасы, психологиялық ерекшеліктері осы ойын арқылы қалыптасады. Ойын – баланың ойлау қабілетін жетілдіре отырып, қиялын дамытады. Ойын бала өмірінің ажырамас бөлігі дей келе мен өз сөзімді орыстың ұлы педогогы В. А. Сухомлинскидің «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады. Адамды тапқырлыққа, өжеттілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, байсалдылыққа үйрететін де – осы ойын», - деген даналық сөзімен түйіндегім келеді.

 

Мектепке дейінгі жастағы балалардың логикалық

ойлауын дамыту.

«Ересек адамдардың ісі, жұмысы, қызметі сияқты ойын да бала өмірінде маңызды

болып саналады. Бала ойында қалай болса, ол өскенде де, жұмыста да сондай

адам болады»

А.С. Макаренко

Мектепке дейінгі жастағы балаларға қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру геометриялық пішінмен санауды үйрету, 20 көлеміндегі сан туралы түсініктерін дамыту, шартты өлшеуіштің көмегімен өлшемдерді жүргізу, көзбен қабылдау, шамалау қабілетін жеткізу, кеңістікті бағдарлай білу дағдыларын қалыптастыру, затты тең екі бөлікке бөлу деген мәселелерге назар аударылады.Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі. Логикалық ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Логикалық ойындар баланың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің, жадының қалыптасуына ойлау, қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. Ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.

         Логикалық ойлау – адамның интелликтуалдық қабілеттерінің негізін құрайды. Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау дағдыларын арттырады. Сол себептен балаларға логикалық ойындарды кеңінен және жүйелі пайдаланудың маңызы ерекше.

Санай білуге үйрету тәсілдері.

Балаларды әрі дұрыс, әрі тез санауға үйретудің алуан түрлі жолдары бар. «Қандай сан қалып қойды»
Ойын сабағында тәрбиеші фланеллограф бетіне сан ретімен карточкаларды қояды.
Сонан соң балаларға карточкалардың қалай тұрғандарын есіне сақтап қалуды

ескертеді. Олар көзін жұмады, сол кезде тәрбиеші бір карточканы алып қояды. Балалар көзін ашады да, қай санның жоқ екенін табады. Кім бірінші жоқ санды атайды, сол бала жалауша алады.Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады. «Көршілес сандарды тап»
«Көршілес сандарды тап» атты ойында аталған санның көршілес сандарын атау
мақсат етіп қойылады. Ең алдымен балалар шеңбер құрып тұрады. Жүргізуші шеңбер ортасында тұрып допты бір балаға лақтыра отырып, ойына келген бір санды атайды. Доп ұстаған бала сол саннан кейінгі санды атауы керек. Егер доп ұстаған бала дұрыс жауап бермесе, басқалары хормен жауабын айтады. «Ретімен санауға жаттықтыратын ойындар»  Мақсаты: Реттік есепке жаттықтыру арқылы балалардың ақыл-ойын дамыту. Бұл ойынға түрлі-түсті орамалдар пайдаланылады. Балалар сол орамалдарды бастарына тартып сапқа тұрады. «Бірінші, екінші» деп дауыстап санайды. Жүргізуші «қай орамалды әпкенің, қай жерде тұрғанын ойына жаттап алып, шығып кетеді. Осы кезде «орамалды әпкейлер» орын алмасып тұрады, жүргізуші қайтып келіп, қандай өзгеріс болғанын табуы шарт. Қызыл орамал бесінші еді, ол енді екінші болыпты, ал екінші орамал бесінші болыпты». Жүргізуші дұрыс жауап берсе, келесі жүргізушіні өзі тағайындайды.
Балаларды реттік есепке жаттықтыру, затты сипап білушілік қасиетке
дағдыландыру үшін «Өз орныңа тұр» ойынын ойнатуға болады. 2-10-ға дейін түйме тағылған карточка пайдаланылады. Ойыншылар сапқа тұрады, қолдарын артқа қояды, олардың алдында он орындық қойылады. Тәрбиеші бәріне карточка үлестіреді. Балалар қолдарымен түймелерді сипап отырып, санын есептейді.

Сонан соң тәрбиеші белгі береді «Есеп сандар! Өз реттік орындарыңа тұрыңдар!». Ойыншылар өз реттік санына сай орындықтардың артына тұрады. Бұл беріліп отырған ойындардың міндеті – балалардың білімін бекітіп, сезімталдық қабілеттерін дамытады.

 

Дидактикалық ойындар.

Ойын: Қандай сан қалып қойды?

Ойынның шарты: Балалар көздерін жұмады, сол уақытта бір санды тығып қоямыз. Балалар сынайды, қандай сан қалып қойғанын айтады.

Ойын: «Көрші санды ата»

Ойынның шарты: Балаларға мына сандар қойылады(2,1,3,4,5,7,8,5,11,14,18,16,19,20), Балалар сандардың көршісін табу және атау керек, ретімен қойып береді.

Ойын: «Аз ба, көп пе»

Ойынның шарты: Алма ағаштары суреттері тақтада ілулі. Оң жақ, сол жақ, астында, үстінде деген ұғымдарды қолдана балалар бұтақтағы алмаларды санайды.Аз ба, көп пе салыстырады.



Ойын: «Топтастыру»

Ойынның шарты: Балаларға геометриялық пішіндер үлестіріледі. Пішіндердің тақтадағы берілген пішіндермен салыстырып, топтастыру қажет.



Ойын: «Кетті, кетті

орамал»

Ойынның шарты: Тәрбиеші: «Кетті, кетті орамал» шеңберді айнала ойынды бастайын, бір баланың қасында келіп орамал тастайын» деп бір балаға орамалды береді. Тәрбиеші сұрағы: Сенің саның неше? Осы саннан бастаптура сана. Ойын әрі қарай жалғаса береді. Дәл осылай сандарды кері санаймыз.



Ойын: «Көршіңді тап»

Ойынның шарты: Ойынды бала арқылы бастайды «ірімшік, ірімшік сен тұр, сен шық!» «Сен шық» деген бала ортаға шығады, көршілерін шақырады. Ойын әрі қарай басқа санамақпен жалғасады: «Бірім – екім, тығыл, бекім. Сен тұр, сен шық».



Ойын: «Көңіл күйді көрсет»

Ойынның шарты: Ағашқа балалар дөңгелектерді іле отырып, көңіл күйлерін білдіреді. Жақсы көңіл-күй – қызыл түс. Орташа көңіл-күй – көк түс.


Жылулық шеңбері

 

Шеңбер болып тұрайық,

Алақанды ашайық.

Күннің нұрын алайық,

Таза ауаны жұтайық.

Жүрекке жылу салайық,

Мейірімділік шоғын алайық.

Жиналған жылы шуақты,

Таратайық аймаққа!

 

(Педагог алақанды ашып-жұму арқылы жылулық шеңберін таратуды көрсетеді)

 

 

Күлім қағып қолымды,

Бір, екі, үш деп соғайын.

Жылы, жылы жүзбенен,

Амандасайып алайын.

Ыстық алақаныңмен,

Қолыңды бір қысайын.

Амандасып өзіңмен

Құшақтасып алайын

 

(Педагог балаларды бір-біріне қолын беріп құшақтасу арқылы мейірімділікке тартады)

 

 

Кел, балалар, күлейік

Күлкіменен түлейік,

Күлкі көңіл ашады

Күліп өмір сүрейік.

Кел, балалар, күлейік

Күлкіменен түлейік,

Қабақ түйген не керек

Көңілді болып жүрейік.

 

(Балалар бір-бірлеріне қарап тұрып, көңілді күлкіге батады)

 

 

Қол ұстасып тұрайық,

Шаттық шеңбер құрайық!

Дөңгелене тұрайық

Керегені құрайық

Уыққа сәл иіліп,

Шаңыраққа киіліп

Киіз үйді құрайық!

 

(Педагог балаларды бір-біріне қол ұстаса, достық шеңберін құруды үйретеді)

 

 «Ғажайып жұлдызша» жылулық шеңбері.

 

Педагог балаларға «Ғажайып жұлдызшаны» көрсетіп, бір-бірлеріне жалғап ұсыну арқылы әр бала өз есімдерін жағымды көңіл-күймен айтады.

 

«Қуаныш шеңбер»

Қуан, шаттан алақай,

Қуанатын күн келді,

Күліп шықты күн бүгін

Қайырлы таң, қайырлы таң

Қайырлы таң достарым.

 

 

Күннің көзі ашылып

Көкке шуақ шашылып

Құтты қонақ келіпті

Төрімізге еніпті

Амандасу үлкенге,

Тәрбиенің басы ғой

Ал, қанекей бәріміз

Сәлем дейік үлкенге

 

 

Музыка әуенімен шеңбер болып тұрады.

 

Армысың шапағатты күніміз,

Армысың мейірімді жеріміз

Армысың табиғат анамыз,

Әдеппен бас иер баламыз.

 

 

«Шуақты күн»

 

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да

Шуағын төгіп тұр,

Сәлем күн ана!

 

 

«Гүл алаңы»

Қызыл-жасыл гүл егіп,

Баптап, күттік, түрлеттік

Қалмасын деп қуарып,

Апта сайын суардың,

Гүлдендірдік ауаны,

Аулада гүл қаулады.

 

(Гүлдерді елестету арқылы, қимылмен орындайды)

 

 

Армысыз, қайырымды Аспан ата!

Армысыз, мейірімді Жер ана!

Армысыз, шұғылалы Алтын күн!

Амансың ба, Алтын күн!

Амансың ба, Көк аспан!

Амансың ба, достарым!

 

(Педагогтың көрсетуімен қимылдар жасап орындайды)

 

 

Амандасу рәсімі

 

Сәлемдесем үлкенмен,

Сәлемдесем кішімен,

Қайырлы таң!

Қайырлы күн!

Міне менің қолым,

Жылуыма жылу қос!

 

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз!

Жарқырайды даламыз!

Қайырлы таң апайлар!

Қайырлы күн балалар!

(Жылы жүзбен, көңіл күймен орындалады)

 

 

Үлкенге де «Сіз»,

Кішіге де «Сіз»,

Баршаңыздықұрметтеп,

Бас иеміз «Біз»

 

 

Қосыл, қосыл шеңберге,

Нағыз адал дос болып

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең әдепсіз дос болып

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең мейірман дос болып

Қосыл, қосыл шеңберге,

Ең әдепті дос болып.

 

 

Тілек шеңбері

 

Күндей жадырап,

Айдай арайлап!

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен,

Бәріміз дос болайық!

 

 

Жүректен- жүрекке тілек айту.

 

Балалар шеңбер болып тұрады, педагог балаларға жүрекшені бір-біріне беру арқылы жылы тілектер, лебіздер айтуды үйретеді.

Жылулық шеңбері - Балалар шеңбер бойына тұрып, бір-біріне жылы сөздер айтады.

 

Армысың, шұғылалы Алтын күн!

Армысың, мейірімді Жер ана!

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Бәріміз күндей жарқырап!

Тату-тәтті болайық! (Шеңбер құрып, қол ұстасып тұрады)

 

Арайлап бүгін атты күн!

Шашып бірге шапағын,

Тілейміз сізге ақ таңның,

Қуанышын, шаттығын.

Қайырлы таң, қайырлы күн

Қуанышты күн бүгін

Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

(Бірге қайталайды / Музыка әуенімен орындалады.

 

Алтын сәуле арайлы

Бақшамызға жарайды

Қуанышпен шат күліп,

Қарсы аламыз сіздерді,

Қайырлы таң, қайырлы күн!

 

 

«Көңілді шеңбер»

 

Қане, қане тұрайық

Үлкен шеңбер құрайық

Құрсақ енді шеңберді,

Алақанды ұрайық,

Оң жақтағы балаға,

Сол жақтағы балаға

Шапалақта – шапалақ.

 

Ауадан қуат алайық,

Алақанға салайық.

Жерден нәр алайық,

Алақанға салайық.

Күннен шуақ алайық,

Алақанға салайық.

Күн шуағын апайларға сыйлайық! / (Қимылмен орындайды)

 

Қайырлы күн, ұстазым,

Қайырлы күн достарым.

Ойын-ойнап, би-билеп

Ән салайық біз бүгін.

 

(Жартылай шеңберде тұрып орындайды)

 

Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де,

Қуанайық, достарым,

Арайлап атқан Күнге!

 

 

«Жер шары»

 

Ортақ мекен – жер шары

Төбемізде бір аспан

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан

Туыспыз біз бәріміз.

Біз Отанды сүйеміз

Бақытты елде туған соң

Бақытты өмір сүреміз!

 

Жарқырып күн де ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн! Біз нәзік қыздармыз

Қайырлы күн! Біз нәзік ұлдармыз.

 

 

Балалар, шеңбер құрайық

Қол ұстасып тұрайық

Қонақтармен қоштасайық

Көріскенше күн жақсы,

Сау- саламат болайық!

 

 

 

 

 

ПОЙЫЗ ОЙЫНЫ

 

Қатар-қатар тұрайық,

Кәне, кәне, сұрайық.

Кімнің болса бойы ұзын –

Паравозы пойыздың.

 

Тәрбиеші бойы ұзынбаланы көрсетеді. Мысалы: «Мараттың бойы ұзын» деуі мүмкін. Балалар тәрбиеші көрсеткен баланы паравоз етіп алға қояды. Ал қалғандары соның соңынан етектерін ұстап тұра бастайды.

 

Ал, паравоз, баста алға,

Бәрімізді басқар да!

«Пш-пш, пш-пш!» - біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік. (2 рет).

 

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма бірің де.

«Пш-пш, пш-пш!» - біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік! (2 рет).

 

ШАР ЖАРЫЛДЫ ОЙЫНЫ

 

 

Бұл ойынды кішкентайлар жақсы көреді. Тәрбиеші мен балалар қолұстаса шеңбержасап, үрлегендей «пуф-пуф-пуф» деп, қолдарын кере, шеңберді үлкейтіп, кеңейте береді. Тәрбиеші: «Шар жарылды!» - деп дауыстап қалғанда, балалар қолдарын жібере салып, «Ой» деп журелерінен отыра кетеді.

Ойынды бірнеше рет қайтала ойнатып, балаларды қол ұстаса шеңбер жасап тұруға үйретеді.

 

 

АҚ ҚОЯН ОЙЫНЫ

 

 

Балалар шеңбер жасап тұрады да, ал бір бала ортада «Қоян» болып отырады. Шеңбердегі балалар қол ұстасып, қоянды айнала жүріа, тақпақ айтады.

 

Ақ қоян-ау, ақ қоян,

Орныңнан тұрсаңшы,

Шашынды тарасаңшы,

Бетіңді жусаңшы,

Әй-әй көйлек кисеңші,

Біреудің қолың үзсеңші,- дегенде,

қоян болған бала тақпақтағы айтылған қимылды түгел істеп, өлең бітісімен, жүгіріп барып, шеңберді бұзуға тырысады. Егер бала шеңберді үзсе, өзі шеңберге қосылып тұрады. Үзілген жердегі оң жақтағы бала қоян болады. Осылай ойын жалғаса береді.

 

 

ШЕҢБЕР ОЙЫНЫ

 

 

Бұл ойынға қанша бала қатысса да болады. Ойыншылар қол созым қашықтықта бірінің соңынан бірі тұрады да, тұрған жерінде өзін айналдыра шеңбер сызады. Ең алда тұрған бала шеңбер сызбайды. Ол – бастаушы. Барлығы шеңбер сызып болған соң, бастаушы: «Алға» деп белгі береді. Өзі бастап барлық баланы шеңберден 5-10 метрдей қашықтықта жүгіртеді. Кенет ол: «Шеңберге» деп айқайлайды. Сол кезде ойыншылар кез-келген бір шеңберге жетіп, соған ие болуы керек. Кімге шеңбер жетпей қалса, сол ойыннан шығып қалады.

 

 

ЭСТАФЕТАЛЫҚ ОЙЫН

 

 

Ойын жүргізетін екі топта бір-бірден ұзын таяқ болады. Әр топтың бір ойыншысы ойынды бастау үшін сөре сызығына келіп, қатар тұрады. Мөлшерлі жерден меже белгіленеді. Төреші команда бергенкезде, әлгі екі ойыншы таяққа сүйеніп, ілгері секіреді. Егер секірістен жаңылып, аттап кетсе, ол ойынды қайта бастайды. Ал межеге дейін секіріп барып, қайтып сөреге келген соң, таяқты келесі ойыншыға ұстатады. Ойын балалар түгел секіріп болғанша жалғасады.

 

 

 

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫН: «АЛМА АҒАШТАРЫ»

 

Сурет арқылы балалар оң жақ, сол жақ, астында, үстінде ұғымдарын айтады. Алма ағашындағы оң жақтағы және сол жақтағы бұтақтардағы алмаларды санайды. Аз, көп салыстырады.

 

 

«СИҚЫРЛЫ ҚАЛТАША» ОЙЫНЫ

 

Қалташаның ішіне түрлі пішінді заттар салып қоямыз. Балалар қолын қалташаның ішіне салып қандай затекенін түйсік арқылы тауып, атауы керек.

 

 

«ҮЙСІЗ ҚОЯН» ОЙЫНЫ

 

Ойын шарты: ойнаушылардың ішінен аңшы және үйі жоқ қоян таңдалып алынады. Қалған қояндар өздеріне кішкене шеңбержасап алып, әрқайсысы өз үйінде тұрады. Үйі жоқ қоян қашады, ал аңшы қуады. Аңшы қояндыұстап алысымен оның өзіқоян болады да, алқоян аңшы болады. Балалардың ішінен шеңбер жасап тұрған біреу шеңбер ішінде тұрған қоянмен орын ауыстырады. Ойын сол ереже бойынша жүргізіледі. Ойын жаңадан басталып барлық балалар қоян рөліне ойнап шыққанша 4-5рет қайталанады.

 

 

«ҚУ ТҮЛКІ» ОЙЫНЫ

 

Ойын шарты: ойыншылар бір адымқашықтықты шеңбер жасап тұрады. Тәрбиеші бәрінің көздерін жұмуларын сұрайды. Балалар көздерін жұмған езде тәрбиеші шеңбердің сырт жағынан айналып шығадыда, тұрғандардың біреуін түртіп қалады, сол балақутүлкі болып саналады. Тәрбиешібалаларға көздерін ашуды жан-жақтарына қарап балалардың ішінен қу түлкіні табу керектігін айтады. Ойыншылар үш рет дауыстайды «Қу түлкі сен қайдасың?» - деп сұрайды. «Қу түлкі шеңбердің ортасына жүгіріп шығып, қолын жоғары көтеріп, мен мұндамын»-деп дауыстайды. Балалардың бәрі жан-жаққа қаша жөнеледі, ал түлкі оларды қуады. Түлкінің қолы тигені ұсталған болып саналып, шетке шығады. Екі-үш баланы ұстаған соң, тәрбиеші шеңберге қайтындар деп дауыстайды. Ойын осылайша қайталанады.

 

"Ұлттық ойындар"

 

 

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде мектепке дейінгі ұйымдардың оқу тәрбие процессінде балаларды жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу жүзеге асырылуда. Балалардың мінез-құлқын қалыптастыруда ұлттық педагогиканың алатын орны зор, оның ішінде ойынның рөлі ерекше. Балаларды ойын арқылы тәрбиелеу бүгінгі күннің өзекті мәселесі, осыған сәйкес дәстүрлі кұндылықтар негізінде жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеуде мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ халқының ұлттық ойындарының маңызына тоқталайық.

         Ұлттық ойындардың бала тәрбиесінде алатын орны ерекше. Балабақша балалары - болашақ иесі болғандықтан дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзінің төл мәдениетін білетін, сыйлайтын, рухани дүниесі бай, саналы ойлайтын деңгейі жоғары білікті болуы міндетті. Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы жинақтаған тәжірибесін, мәдениетін жасөспірімдер бойында саналы сіңіріп, қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, мінез-құлқын, өмірге деген көзқарасын, бағытын дұрыс қалыптастыру тәрбиеге байланысты. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесі білім беру үрдісінде әр түрлі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Балалармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір-біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерін тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері оқу іс-әрекетінде өлі және тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік, үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптасады. 
Қазақ ауыз әдебиетіндегі, әсіресе, балалар фольклорын дамытушы негізгі бір сала – балалар ойыны. Ойын – балалар өмірінің нәрі, яғни оның рухани жетілуі мен табиғи өсуінің қажетті алғы шарты және халықтың салтын үйренуде, табиғат құбылысын тануда олардың көру, есту, сезу қабілеттерін, зейінділік пен тапқырлықтарын дамытудың құралы.

«Адам өркениетке бейім болуы үшін балалық шақты бастан кешуі міндетті, егер ойын мен қызыққа толы балалық шақ болмаса, ол мәңгілік жабайы болып қалған болар еді», - деп К.Чуковский бала денесінің дамуы мен ой-дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді екендігін атап көрсеткен. 
Қазақ халқының жылдар бойы атадан балаға жалғасып, қалыптасқан ұлттық дәстүрі, әдет-ғұрпы, тәрбие мектебі бар. Баршамызға белгілі, ойын арқылы баланың дене құрылысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ой өрісі, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттері қалыптасады. Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді. Ойын үстінде бала бейне өмірдің өзіндегідей қуаныш, реніш сезіміне бөленеді. Бірақ бала одан ойын екенін білмейді деген түсінік тумайды. Сондықтан шындықтағыдай «сөйтейік, бүйтіп көрейік» деуі, олардың «ойынды ойын» деп түсінуінде жатыр. 
Осыдан келіп ойын туралы мынандай тұжырым жасалады : 
а) ойын - тәрбие құралы,ақыл-ойды,тілді ұстартады,сөздік қорды байытады,өмірді танытып,сезімін кеңейтеді,тәрбиелейді. 
ә)ерік және мінез қасиеттерін бекітеді,адамгершілік сапасын жетілдіреді. 
б)ұжымдық сезім әрекеттері өсе түседі. 
в)эстетикалық тәрбие беру - өнерді, көркемдікті түсіндіру құралына айналады. 
г) еңбек тәрбиесін беру мақсаттарын шешуге мүмкіндік береді. 
д) дене күшінің жетілуіне көмектеседі - ойын баланы жан-жақты жарасымды тәрбиелеудің психологиялық және физиологиялық негіздері болып табылады.  Ойынға тек «ойын» деп қарамай, халықтың асыл қазынасы, бір жүйеге келтірілген тамаша тәрбие құралы деп қараған орынды. Бұл пікіріміз жалаң болмас үшін заманымыздың заңғар жазушысы, ұлы ойшылдарымыздың бірі Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің мына бір пікірін еске ала кетейік: «Біздің заманымыздың өмір кешкен ұзақ жолында өздері қызықтаған алуан өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше, көңіл көтеру, жұрттың көзін қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір мағыналары болған». 
Халқымыз ұлт ойындарында ұрпақ қамын ойлаған, бір жүйеге келтіріліп өрнектелген ой мен әрекетті, құпия философияны түсінуге жетелейтін адамгершілік үлгі-өнегенің желісі бар. Жас бала ойынға алдымен үйренуші, көруші өсе келе соған белсенді қатынасушы, келесі кезеңді үйретуші, жаттықтырушы, ұлғая келе көруші жанкүйер ретінде қатынасады.

         Кейінгі кезде ұлт ойындарына көңіл бөлмеу нәтижесінде, көбі ұмыт болып, мүлде жоғалуға жуық. Ұлт ойындарын жанұя тәрбиесінен бастап, балабақшада түрлі тәрбиелік шараларда қосымша материал ретінде пайдаланып келеміз. 
Ұлттық мұраның бай қазынасының бірі – халықтың ұлттық ойындары көп салалы, көп қырлы құбылыс, ол тек ойындық сала емес, мәні жағынан да балабақша тәрбиеленушілерінің рухани өрісінің кеңейіп , жетілуіне, эстетикалық мәдениетін қалыптастыруға тәрбиелейтін негізгі құралдардың бірі. Ұлы педагог В.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, шығармашылықсыз, қиялсыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дейді, демек, шәкірттің ақыл-ойы, парасаты ұлттық салт-сананы сіңіру арқылы байи түспек. Ұлт ойындары – ата-бабамыздан бізге жеткен, өткен мен бүгінгіні байланыстыратын баға жетпес байлығымыз, асыл қазынамыз, сондықтан оны күнделікті оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуге пайдасы орасан зор екендігі сөзсіз. Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Алғашқы қауымдық құрылыс, ертедегі тайпалардың одаққа біріккен дәуірлері ұлт ойындарының едәуір дамыған кезеңі болды. Көшпелі өмір кешіп, мал баққан тайпалардың көзін ашқаннан көрген театры да, өнері де, көңіл көтерер қызығы да осы ұлт ойындары еді. 
Халық арасында «Денсаулық – зор байлық» деп тегін айтылмаған. Бұл арқылы халық даналығы тіршіліктің негізгі көзі осы денсаулық екенін тағы ескертеді. Адамның денсаулығы жас кезінен бастап қалыптасуы керек. Демек, кезінде ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру – жас организмнің дұрыс та сергек өсуінің көзі. Онымен бірге бүлдіршіндер ойын ойнаған кезде көпшіл, Отанның болашақ азаматы болуға, халқына адал қызмет етуге бағыт алады. 
«Бесік жырынан» бастап ұлт ойындарының барлығы халық тәрбиесінің көзі. Қай дәуірдің ұрпағына болмасын тіршілік жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады. Халық жырлары - ата-ананың балаға қойған бірінші сенімі, тілек-талабы. Мұның бәрі баланы ойната, көңілдендіре, бойларын сергіте жүріп айтылады да, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен құлақтарына құя береді. Ал ойындар болса баланың осы айтылған өнеге-өсиет сөздерін күнделікті тіршілікте тәжірибе жүзінде іске асырудың құралы болды. Айталық, ойын үстінде осы айтылған өнеге-өсиет бастан аяқ қолданылады, осы негізде оның бойында адамдық қасиеттер қалыптаса бастайды. Демек, ойын әр түрлі әрекетке қозғалысқа, дене шынықтыруға ғана төселдіріп қоймай, өмірдің рухани азығы – үлкеннің барлық қасиетін, яғни баланың жан-жүйесіне әсер ететін этикалық, эстетикалық тәрбиені қабылдауға үйретеді. 

Іс-тәжірибенің міндеттері :

- Мектепке дейінгі ұйымдарда балаларды тәрбиелеуде ұлттық ойындарға байланысты әдебиеттермен таныстыру, оларды жүйелеу, картотека жасау.
- Балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ұлттық ойындарды жинақтау.
- Белсенділік орталықтарында ұлттық ойындарды қолдану әдіс- тәсілдерін нақтылау.
- Жеке тұлға бағдарламасының негізгі элементтеріне сәйкес ұлттық ойындарға тәрбиелеу.

Осындай мақсатта мен өзімнің әріптестеріме көмек ретінде осы әдістелік нұсқаулықты ұсынып отырмын.

Ұлттық ойынның бірі – «Ұшты-ұшты».

Бұл ойынға ересек балалар мен кішкентай балалар да қатысса қызықтырақ болады. 
Бір бала ортаға шығып жиналғандарды дөңгелете, өзіне қаратып бір қатарға отырады. Балаларды отырғызғаннан кейін ойынның тәртібін түсіндіреді. Сөйтіп ойынды бастайды. Ойын жүргізуші «Ұшты-ұшты, бөдене ұшты» деп қолын көтереді. Сол кезде ойнаушылар тыңдап отырады да, ұшатын затқа олар да қолдарын көтереді. Ұшпайтын затты ұшты деп қолын көтерсе, ойын жүргізушімен бірге қолдарын көтерген ойыншылар жазасын тартады.
Ал ұшатын затты айтқанда, қолдарын көтермей қойса онда да жаза тартады. Сондықтан ойын жүргізушінің әр айтқан сөзіне өте сақ болу, қырағы болу керек.Ойын жүргізуші ұшатын зат пен ұшпайтын затты ұйқастырып айтып ойыншыларды ылғи да жаңылдырып отыруға тырысады. Тіпті көпшілікке таныс емес құстардың атын айтып та, ұшатын жәндіктердің атын айтып та жаңылдыруға болады. Мысалы, ұшты-ұшты кекілік ұшты, ізінше кекілік ұшты, қарға ұшты – сырға ұшты, көбелек ұшты – ебелек ұшты, тауық ұшты - уық ұшты, қаршыға ұшты - қанжыға ұшты деп жалғаса береді.

 


«Санамақ ойыны».

Оның басты ерекшелігі - баланың ойлау қабілетін жетілдіру. Атау ұйқастарын санау арқылы бала сан үйренеді, санға аты ұқсас заттарды танытып біледі. 
Бір дегенім білім
Екі дегенім егеу
Үш дегенім үкі
Төрт дегенім төсек
Бес дегенім бесік
Алты дегенім асық
Жеті дегенім желке
Сегіз дегенім серке
Тоғыз дегенім торқа
Он дегенім оймақ
Он бір қара жұмбақ 

Тұмақ ұру.
Ойын барысы : Бұл ойынға қағаздан жасалған қалпақ , белбеу қажет. Белгілі сызықтан он адым жерде қазыққа қалпақты іледі. Ойыншының көзін байлап қолына белбеу береді. Бала адымдап барып, қалпақты үш кезекте ұрып түсіруі қажет. 

Арқан түю.
Ойын барысы: Қолында арқаны бар бала шеңбер ортасына шығады да «Ойынды бастадым»- деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілген жағынан ұстап, шеңбер бойымен айналдырады, ал ойнаушылар болса секіріп тұрып арқанды аяқтарының астынан өткізіп жіберулері қажет. Кімде кім арқанды өткізе алмай аяғына тигізіп алса, айып тартады (тақпақ, мақал мәтел, жаңылтпаш, ән айтады). Сосын ойын жүргізушімен орын алмастырылады. Осылайша ойын 3-4 қайтара жалғасады.
Көтермек. 
Ортаға екі бала шығады. Бір- бірлеріне арқаларын тіреп тұрып қолдарын шынтақтастырады. Жүргізушінің белгісінен кейін жерден қайсысы бұрын екіншісін көтеріп аласа, ұтқан болып есептеледі. Жеңіске жеткендері ортада қалып, келесі баламен сайысқа түседі. Соңғы жеңімпаз анықталғанша, ойын осылай жалғаса береді.

Түйілген орамал 
Алдымен кез-келген орамалды түйіп, доп тәріздес етіп алады. Бір бала ортада тұрады, қалғандары оны қоршап тұрады. Сыртта тұрған біреуінің қолында түйілген орамал болады. Берілген белгіден кейін ортада тұрған бала осы орамалды сырттағы балалардың қолдарынан алып қоюға әрекеттенеді. Ал сырттағы балалар бір-біріне лақтырып, қашып, ортадағы балаға түйілген орамалды бермеуге тырысулары керек. Орамалды беріп қойған бала ортада жүрген баламен орнын алмастырады. 

Оқтау тартыс 
Бұл ойынды ойнау үшін де ортаға екі бала шығады. Алдымен жерге сызық сызады және сол сызықтың екі жағына тұрады. Енді оқтаудың екі ұшынан ұстап тартады. Қайсысы сызықтан өтсе, жеңіледі. Ал, күші басым болып тартып алғаны жеңіске жетеді.

Күш сынаспақ 
Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады. Екі бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. 

Асау мәстек 
Ойын бастаушы арқанды жерден 50 см –дей биік етіп керіп байлайды да қасындағы балаларға былай дейді:
Ер екеніңді білейін 
Ешкі сойып берейін 
Тақия алсаң еңкейіп 
Құламасаң теңкейіп 
Ерлігіңе сенейін 
Ойын шартын қабылдап , ортаға шыққан бала: 
Асау мәстек бұл болса 
Үйретейін көріңіз 
Маған таяқ беріңіз!-дейді де таяқпен арқаннан асылып жердегі тақияны іліп алуы керек. Ойынды келесі бала осылай жалғастырады. 

Соқыр теке 
Балалар дөңгелене тұрады. Бір баланың көзі байланып қойылады. Балалар:
-Бота, бұзау, қозы, лақ, 
Қайда кеткен құлыншақ. 
Соқыртеке бақ-бақ 
Мені ізден тап-тап
- деп тақпақтайды. 
Содан кейін Соқыртеке (баланың көзі байлаулы) балаларды қуалайды немесе балалар оның жанына келіп түртіп қашады.Соқыр теке ұстап алған баланың көзі байланады да ол «соқыр теке» ролін атқарады. Ойын осылайын жалғаса береді. 

Қарақұлақ 
Ойынға 5-10 бала қатысады. Олар оңаша жерге топталып өз араларынан бір баланы қазық етіп белгілейді. Қазық тұрған жерінде қозғалмай тұрады. Басқалары әрі кетеді.Содан кейін ойынға қатысушылар қазықты алыстан қоршап бірте-бірте жақындай түседі. Таяп келіп: - Мынау кім? –деп бір-бірінен сұрасады. Біреуі: - Ойбай, бұл қарақұлақ қой!-деп қаша жөнеледі. Қалғандары да:-Қарақұлақ,қарақұлақ!-деп бытырай қашады. Қарақұлақ біреуін ұстау үшін тұра қуады. Ұсталған бала қарақұлақ болып, ойын әрі қарай жалғасады. 

Алақан соқпақ 
Ойынға қатысушы балалар дөңгелене отырады. Орталарынан бастаушы белгіленеді. Оған сүлгі (орамал)беріледі. Бастаушы шеңбер ішін айнала жүріп біреуге «Алақанды тос!»-дейді. Ол тосқан кезде бастаушы оның алақанына сүлгіні тигізіп: «Сүлгі қайда?» -деп сұрайды. Сонда ойыншы «анада» -деп бір баланың атын атайды. Аты аталған ойыншы орнынан тұрып алақанын тосады. Бастаушы: «Сүлгі қайда?»-деп атын айтады. Ойын осы ретпен жалғаса береді. Жақсы өлең айтып ән салғандар ұпай жинайды. 


Сақина жасыру 

Ойынды өткізуші және сақина жасырушы бала белгіленеді. Қалған ойыншылар жерге отырып тізелерінің үстіне алақандарын жаяды. Бастаушы жұмулы қолын әрбір ойыншының алақанына салысымен, ол бала алақанын жаба қояды. Бастаушы бір баланың алақанына сақина салысымен, ойыншылардың біреуінен:-«Сақина кімде»-деп сұрайды.Ол сақинаның кімде екенін білсе сол баламен орнын ауыстырады. Ал білмесе ол өз өнерін көрсетеді. Ойын басқарушы ойынды осылай жалғастыра береді. 

Арқан түю 
Балалар шеңбер жасап тұрады. Қолында арқаны бар жүргізуші топ арасынан шығады да:-Ойын басталды –деп дауыстайды. Сонан соң арқанның түйілмеген басын ұстан шеңбер бойымен айналдырады, арқанды балалардың аяқтарының астынан жібереді. Балалар арқан үстімен секіріп тұрады. Кімде-кім аяғына арқан ілініп,секіре алмай қалса ол бала ойынды тоқтатып өнер көрсетеді, тақпақ, өлең айтады немесе билеп береді. Ойын осылай жалғаса береді. 

Допты қуып жет 
Ойын мақсаты: балаларды шыдамды,сабырлы қалыпта берілген белгіні тыңдауға, тез жүгіругі, түсетерін, көлемін ажырата білуге баулу. 
Ойынның шарты: Бұл ойын 5-6 баламен тәрбиешінің басқаруымен ойналады.Тәрбиеші доптарды себетке салып алып, балалардың алдына домалатып жібереді. «Допты қуып жет»-деген белгі бойынша , балалар допты ұстап алып тәрбиешінің қолындағы себетке салуы керек. 

Тышқан мен мысық 
Ойын мақсаты: Балаларды шапшаң әрі шыдамды болуға, ұйымшылдықққа үйрету. 
Ойын шарты: Бұл ойынға топ балалары бәрі тегіс қатыса алады. Балаларды (қақпа қалың) дөңгелете тұрғызып, ортаға тәрбиеші көмегімен тышқанмен мысық сайланады. Мысық тышқанды қуып ұстап алуы керек. Дөңгелене тұрған балалар тышқанды яғни мысықтан құтқару үшін, қақпадан тышқанды шығарып жіберіп мысықты шығармауға тырысады. Мысық тышқанды ұстау үшін шапшаңдық керек. Мысық тышқанды ұстап алса,ойынға келесі жаңа балалар қатыса отырып алмаса береді. 


Ұйқыдағы аю 
Бұл ойынға топ балалары 2-ге бөлініп қатысады. 
Ойын шарты: Топ ішіндегі бір баланы аю бетпердесін кигізіп орындыққа отырғызып қояды. Балалар орманда серуендеп келе жатып, ұйқыдағы аюды көреді. Аю болса балалардың шуылынан (дыбысынан) оянып кетіп, балаларды қуа жөнеледі.Ұстап алған баланы өз мекеніне отырғызып қояды. Ойын қайта жалғаса береді. 

Ат жарыс 
Бұл ойын екі командаға бөлініп ойналады. 
Ойын шарты: Балалар тәрбиешінің «Алға»-деген белгісі бойынша, ат үстіндегі қимылын салып жарысады. Қай команда мәреге тез жетіп келеді, сол команда жеңімпаз болады. 


Қуыр-қуыр қуырмаш 
Оң қолдың бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол қолымен оны бүрмелеп қапсыра ұстайды.Содан соң екінші балаға: 
-Ортаңғы саусағымды тапшы?-дейді. Екінші бала қарап байқап отырады да: Міне.-деп бір саусақтың басынан шымшып ұстап тұрады. Егер екінші бала жасырушының ортаңғы саусағын дәл тапса, ұпайды бірінші бала тартады.Ұтқан бала ұпай алу үшін мына ережелермен сөздерді жақсы білуі керек. 
1. Бас бармақтан бастап шынаққа дейін саусақтардың атын бір түгел атап береді: басбармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкентай бөбек. Бес саусағын түгел жұмады.Тағы да бас бармағыннан бастап,былай деп бес саусақты түгел жазады. 
Сен тұр қойыңа бар 
Сен тұр түйеңе бар 
Сен тұр жылқыңа бар 
Сен тұр сиырыңа бар 
Сен кішкентай әлі жас екенсің 
Қазанның қаспағын қырып же де, жыламай отыра тұр. 
Енді осы шынашақтың өзін алақан шұңқырына бүгіп тұқырта ұстайды да: 
Қуыр-қуыр ,қуырмаш 
Балапанға бидай шаш 
Әжең келсе есік аш 
Қасқыр келсе мықтап бас 
Шынашақты шыр айналдырып,баланың алақанын қытықтайды. Осыларды істеп бола беріп: 
-Мына жерде қой бар 
Мына жерде жылқы бар 
Мына жерде күлкі бар - деп баланың білегінен қолтығына дейін түртіп ең соңында мына жерде күлкі бар –деп сәл ғана қытық-қытық деп қытықтайды .

 

Сергіту мен саусақ жаттығулары.

Қолға, алып шарды,

Үрлеймін мен былай.

Уф-ф-ф,

Үрлеймін деп қатты,

Жарып алдым шарды.

Пах.

 

Бойды сергек тік ұста,

Емін-еркін тыныста.

Оң қолыңды соз алға,

Қол ұшына қара да,

Үшбұрыш сыз ауада,

Сол қол босқа тұрмасын,

Шеңбер жасап тынбасын.

 

Бір саусағым тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орайды,

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ

1 дегенде тұрайық,

2, 3, 4 – алақанды соғайық,

Оң жаққа бұрылып,

Сол жаққа бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Біз жүгіріп алайық.

5 дегенде асықпай,

Орнымызды табайық.



Ормандағы аюдың,

Құлпынайы көп екен.

Теріп-теріп аламыз,

Қалтамызға саламыз.

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар боп иіліп,

Киіз үйді құрайық.



Қане балалар, тұрамыз,

Бойымызды жазамыз.

Балықтарға ұқсап біз,

Жүзіп-жүзіп аламыз.



Қоюланып қара бұлт,

Жаңбыр жауды себелеп,

Жапырақты жамылып,

Жата қалды көбелек.

 

Бармақ болып жұмысқа,

Қырға шықты құмырсқа,

Тоңып кетіп аяғы,

Қырға қайтып шығады.

Ой – ой – ой,

Әне аю келеді.

Құмырсқаны көреді.

Енді қайтып құтылар,

Илеуіне тығылар.

Апам үшін күнде мен, (әндете)

Отынға ағаш жарамын. (ағаш жарғандай)

Су құямын гүлге де, (гүлге су құйғандай)

Дүкенге де барамын. (қолдарына сөмке ұстап жүру)

Сыпырамын үй үшін, (сыпырғандай)

Жуам ыдыс-табақты. (ыдыс жуғандай)

Жылай қалса бөпемді, (бөпені ұстағандай)

Жұбатамын ойнатып. (қолдарын шапалақтайды)



«Қуырмаш»

Қуыр-қуыр қуырмаш,

Балаларға бидай шаш.

Бас бармақ,

Балан үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Сен тұр – қойыңа бар!

Сен тұр – жылқыңа бар!

Сен тұр – ешкіңе бар!

Сен тұр – сиырыңа бар!

Сен тұр – түйеңе бар!

Ал сен алаңдамай,

Қазан түбін жалап, үйде жат.

Мына жерде құрт бар,

Мына жерде май бар.

Мына жерде қатық бар,
Қытық, қытық!


Қане, қайсы алақан,

Біз – кішкентай. (балапан)

Аралардың нәрі,

Бау-бақшаның сәні. (гүл)

Тік, тік, тік пісте,

Қысы-жазы бір түсте. (шырша)

Менің тұрақты мекенім,

Сәнді етіп жүремін. (үй)

Санайық жаңаша,

Бір, екі, үш!

Желбіре жалауша,

Достықта біздің күш.

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Оларды атап шақырар,

Әрқайсысының аты бар.

Бас бармақ,

Балаң үйрек,

Ортан терек,

Шылдыр шүмек,

Кішкене бөбек.

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған

Сабақтары салалы,

Желмен бірге ырғалған.



Тепе-теңдік жолменен,

Арасында мен келем.

Бір, екі, үш, төрт,

Келе жатқан жете алмай,

Мынау бздің мекен-жай.

 

Санамақтар.

Бессаусақ.

Ал санайық санамақ,

Саусақтарға қарап ап,

Кәне-кәне санайық,

Санын біліп алайық.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?



Мынау, мынау, бас бармақ,

Санамақ содан басталмақ.

Мүйіз қалпақ басында,

Төрт серігі қасында.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?

Қутыңдаған сұқ қолым,

Епетейлі мықты оным.

Бармақтың басты тірегі,
Өзінің ісін біледі.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?

Мынау, мынау ортаң қол,

Кішілерге қамқор қол,

Төртеуінің ағасы,

Білектің үлкен баласы.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?

Бәрін тегіс мақтап бол!

Деп тұрсың ғой аты жоқ қол!

Орайласым ортаншым,

Елгезексің жортасың.

Біреу, 2, 3, 4, 5-еу,

Қолымда сонда саусағым нешеу?



Саусақтар күшін сынасақ,

Ойнақы епті шынашақ.

Еркелеп өскен кенжесі,

Қамқоршы оған өзгесі.



Қолымда сонда саусағым нешеу,

біреу, 2, 3, 4, 5-еу.

(Ж. Сымақов)



 

 

 

Математикалық есептер мен тақпақтар және жұмбақтар.



Жан-жаққа кетті зымырап,

Мысықтан қорыққан тышқандар:

Қорапқа кірді біреуі,

Соңынан кетті екеуі.

Тығылды сонда нешеуі?



Екі балапан тұр,

Екі балалапан отыр.

Шатаспай тез ойлансақ,

Тура тауып атасақ,

Тұрғаны бар, отырған –

Барлығы қанша балапан?



Төменде үш қаз ұшады,

Үшеуі бұлтты құшады,

Өзеннен көрдік екеуін.

Айтқын, қаз нешеу екенін?

 

Аулада жүр балалар:

Самат, Арнат, Сашалар,

Келді және оларға

Сәуле, Шолпан ойнауға.

(Аулада барлығы қанша ұл бала ойнауда?)



Келеді көп құс ұшып;

Кептер, аққу, қос шымшық.

Сауысқан, қарға, торғай да,

Ұшып жүр осы тоғайда.

Қанша құс бар қосып шық.

Бір көжекке бір көжек

Келе қалды қонаққа,

Бес сәбізден бірден жеп,

Тойып алды тамаққа.

Айта қойшы алғырың

Қанша сәбіз барлығы?

 

Орманда кірпі келеді,

Саңырауқұлақ тереді.

Кездесті, міне, керегі:

Екеуі – қайың астынан.

Біреуі – терек қасынан.

Қанша олар болмақ есепте,

Тоқылған салса себетке?

Қасқыр қақты қақпаны.

-Ашыңдар тез! – айтқаны.

Сол-ақ екен, лақтар –

Титтей-титтей шұнақтар

Жан-жағына жүгірді,

Жасырынып үлгерді:

Бірі – төсек астына,

Бірі – пештің қасына,

Бірі – сәкі астына,

Бірі – астына кереует,

Бірі – тапқыр керемет

Отыр күбі түбінде.

Қанша лақ бар бұл үйде?



Үйшікте мына бір сәулетті

Тұратын қай мықты әулеті?

Мен – тышқан-шиқылдақ,

Мен – қоян-желаяқ,

Мен – түлкі-керіммін,

Мен – қасқыр-серімін.

Бәріміз тұратын көңілді,

Қажетті сәулетті көр үйді!



Үйге кірді Алдияр,

Оған қоса Мадияр,

Кейін келді Айдана,

Қанша болды бар бала?

Тиін отыр арбада,

Жаңғақ сатып базарда.

Түлкі бикеш пысыққа,

Торғай менен шымшыққа

Мақтап қойып жаңғағын,

Салып берді алғанын:

Жаулығына бірінің,

Жемсауына бірінің,

Табанына бірінің.



Тауық шықты көшеге,

Ерді барлық шөже де.

Алға кетті 7-еуі,

Артта қалды 3-еуі.

Санай алмай барлығын

Есі шықты тауықтың.

Сен есепте, балақан,

Қанша еді балапан?

Әр қолына Нүриден

Төрт өріктен бердім мен.

Бала санай білмеді,

Неше өрік ол жеді?

Ұлпа жүнін қыздырып,

Күн шуақта бір күшік,

Отыр еді маңына,

Келді тағы бір күшік.

Қанша күшік барлығы?

Алты қонжық орманға

Бара жатты қорбаңдап.

Бірі олардың шаршады,

Әрі қарай бармады.

Жауабын тез айт,

Қанша қонжық кетті алда?



5-тен 4-ті алайық,

Қанша қалды санайық.

Қарайық та санайық,

Санайық та табайық. (1)

Беспайда бар 5 іні,

Естайда бар 2 іні,

Қоссақ 5 пен 2-ні,

Қанша болар шешуі? (7)

 

Шығармақ боп кеше есеп,

Жиналғанда 5 есек.

3-і ұйықтап отырды,

Ынталысы неше есек? (2)


Қазып жүр құмды 5 мысық,

3-і жатыр күн ыстық.

Нешеу болды сен сана? (2)



Үстел үстінде төрт алма жатыр,

Оның біреуін ағам жеп қойды.

Сонда неше алма қалды? (3)



Келеді көп құс ұшып:

Кептер, аққу, қос шымшық.

Сауысқан, қарға, торғай да,

Ұшып жүр осы тоғайда.

Қанша құс бар қосып шық.



Дейді Күлтай:

- Қуыршақтар,

Ойыншықтар, тұршы қатар:

Екі аю мен Буратино, -

Әрі көңілді Чипполино!

Көжек пенен пілтай да!

Көмектесіп Күлтайға,



Бәрін, қане қосып шық,

Нешеу екен ойыншық?

Құралай тақтаға екі

Үшбұрыш, үш шаршы,

Тікбұрыш, шеңбер және

Сопақша салды. Құралай

Тақтаға қанша төртбұрыш салды?

Математикалық өлеңдер.

(мәнерлеп оқу)



Жеті ұлы бар бір ұйдің

Сәл демалып,

Тыным ал,

Тақпақ тыңдап,

Ұғып ал.

Апта деген ағайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.


Біріншісі – Дүйсенбі,

Екіншісі – Сейсенбі,

Үшіншісі – Сәрсенбі,

Төртіншісі – Бейсенбі,

Жұма деген – бесінші ұл.

Алтыншы ұлы ол – Сенбі,

Жетіншісі-Жексенбі. (Қайрат Жұмағалиев)



Топ, топ, добым.

Топ, топ, добым домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Бір, екі деп екі ұрдым, -

Шатырға сен секірдің.

Үш, төрт, бес деп үлгердім,
Ішіне ендің гүлдердің.

Алты, жеті дегенде,

Жаттың шоршып еденде.

Сегіз, тоғыз дегенде,

Сайға сырғып жөнелдің.

Топ, топ, добым домалақ.

Қайда кеттің домалап. (Ғ. Өкеев)


Сандардың айтысы.

Достар мені «бір», - дейді,

Қарайды да бүй дейді:

Мұқтажсың қол, аяққа,

Ұқсап тұрсың таяққа.

Мен екімін балалар,

Екі деген баға бар,

Аз болған соң талабы,

Үлгіре алмай қалады.


Жаңғалақтың, жалқаудың,

Алаңғасар аңқаудың,

Алатыны екілік,

Басын шайқап өкініп.

Бірім артық екіден,
Аздығыма өкінем,

Кедерлі аттай тұсалып,

Жүр біреулер, «үш» алып.


Достар мені «төрт» дейді,

Беске бірім жетпейді.

Бірақ үшке ағамын,

Жақсысымын бағаның.

 

Оқуға дос барғанда,

Риза мені алғанға,

Қуанады мамасы,

Төрт алғанда баласы.

 

Жараспайды бір сарын,

Өзің тап төрт мысалын,

Ол үшін түрлі аңдарды,

Еске түсір малдарды.

 

Әр қолда саусақ бес-бестен,

Шықпас тегін ол естен,

Біліп соның шамасын,

Мысал ойлап табасың.

Гүлде бес күлте жапырақ,

Өседі-ау шіркін жарқырап.

Бесбұрыш алтын жұлдыздар,

Тағады батыр ұл-қыздар.

Бір мен екі алмаңдар!

Үшке алданып қалмаңдар!

Кілең төрттік алғандар,

Мені ғана армандар. (С. Сауытбеков)

 

Үш бала.

Бір ауылда үш бала,

Олар – құрдас: үш жаста.

Бірақ, бірақ олардың,

Қылықтары үш басқа.

Біріншісі шыңқ етпе,

Тиіп кетсе, жылайды.

Екіншісі бір қоңыр,

Ақыл айтсаң, тулайды.

Үшіншісі – елгезек,

Бәрімізге ұнайды. (Нұрхан Жанаев)



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдалынылған әдебиеттер:

 

1.Ф. Жұмабекова Мектепке дейінгі педагогика

2.Бала мен балабақша журналы №1

3. Балабақша және тәрбиелеу және оқыту журналы №1,2

4. «Бала мен балабақша» №3, 2010 жыл Республикалық педагогикалық журнал.

5. Кел, балалар, ойнайық! – Алматы «Арда» 2006 ж.
6. Қазақтың ұлттық ойындары – Алматы «Рауан» 1991 ж.
7. Ақ сандық, көк сандық – Алматы «Жазушы» 1988 ж.
8. Бала тәрбиесі № 2 2006 ж , № 4 2008 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мектепке дейігі тәрбиелеу мен оқыту кезеңінде қолданатын ойындар жинағы және жылулық шеңбері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по связям с общественностью

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 046 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.05.2018 1241
    • DOCX 49.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Канатбаева Айытгул Эсеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Канатбаева Айытгул Эсеновна
    Канатбаева Айытгул Эсеновна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 94883
    • Всего материалов: 25

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 161 человек из 47 регионов

Курс повышения квалификации

Управление качеством дошкольного образования в условиях реализации ФГОС ДО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 569 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Здоровьесберегающие технологии на физкультурных занятиях в условиях реализации ФГОС ДО

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 183 человека

Курс повышения квалификации

Внедрение технологии решения изобретательских задач в педагогический процесс дошкольной образовательной организации

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 475 человек

Мини-курс

Основы продаж и управление продуктом

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Постановка сложных звуков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии B2C маркетинга: от анализа до взаимодействия с клиентом

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе