Инфоурок Физическая культура СтатьиМЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Скачать материал


МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Бейбитов С.А. (Қарағанды қаласы, № 101 мектеп-лицейі)


Жас ұрпақтың азамат болып қалыптасуы, оның жан-жақты дамуының түп тамыры тәрбиеден бастау алады. Қазақстанның ертеңі мен еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, қоғамның құндылық бағдары жайлы сөз қозғағанда тәрбие мәселесіне ерекше назар аудару қажет.

Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 11-бабында «Білім беру жүйесінің міндеті - ұлтық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» деп атап көрсеткендей, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанның жеке тұлғасын дамытуға жаңаша талаптар қойылды [1].

Осыған орай қоғамымыздың іргетасын нығайтуға және бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие бер үшін ұлттық ойындарды оқыту және тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзекгілігі туындап отыр.

Ендеше ұлттық ойындар халық педагогикасының бір саласы ретінде адам, отбасы, өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын, ой-пікірлерін, ұстанымдарын қамтитын педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлер, өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Оқушыда жалпы адамзаттық құндылыктар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік түрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздын мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық ойындар арқылы танысып келеді [2].

Халық ойынды әрқашанда тәрбие құралы деп таныған. Қазақтың ұлттық ойындарын дене тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйретіп отырса, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап отырса, әрбір бала жадында сақтайды да, оны ойнай біледі. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

Ұлттық ойындарды мектептегі дене тәрбиесі сабағында қолданудың заманға сай әдістерін ойлап табу әрине қиын. Қазіргі компьютер заманында оқушыларды қызықтырып асық, бес тас ойнаңдар деп айту өте қиын іс. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи әрекеті. Сабақтың барысында сол табиғилығын сақтай отырып, оның элементтерін ретті пайдалану сабақтың әр кезеңінде оқушылардың көңіл-күйіне психологиялық жағынан барлау жасай отырып, білгірлікке әрекет жасауды талап етеді. 

Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді. Сөйтіп, олар өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен, қазақтың ұлттық ойындары: «Асық», «Тоғызқұмалақ», «Алтын қабақ», «Күміс алу», «Білектесу», т.б. балалардың дене дамуы мен ой өрісінің жетілуі сияқты қабілеттерін дамытады [4].

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол субъектінің бойында күш қуатын жетілдіреді,сабаққа деген белсенділігін арттырады, оқу үрдісіне деген қызығушылығын жоғарлатады.

Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады [3]. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.

«Асық» ойыны өте қарапайым болып көрінгенмен, мұнда адам денесін шыңдап, сомдайтын қасиеттер, баланың «бұзылып» кетпеуі үшін, оны өзара әркетке жетелейтін қимыл қаншама. Ең бастысы, ол баланы жастайынан салауатты өмір салтына жетелейді. Адамның ойлау жүйелерінің жетілуінен бастап, бұлшықеттерінің жетілуіне, тынысалу мүшелерінің реттелуіне, өз дене мүшелерін меңгеруге, соның нәтижесінде қырағылық пен мергендікке буаулиды. «Асық» ойынын мектептегі дене тәрбиесі сабағында үйретіп алып, сыныптар арасында жарыс түрінде өткізуге болады. «Асық» ойыны білмейтін бала қазір ауыл түгіл, қалада да жоқ. Каникул кезінде аула ішінде асық ойынын балалар көп ойнайды, ішінара қыздар да кездеседі. Ұлттық ойындар арқылы біз баланы көпшілдікке, ұйымшылдыққа тәрбиелейміз, оларды жеке-дара тұлға ретінде қалыптастырамыз. 

Қазақтың ұлттық ойындарының біразы ойлауды қажет ететін ойындарға жатады. Олар негізінен логикалық ойлау мен математикалық, философиялық ойлануды дамытуға негізделген. Мысалы, «Тоғыз құмалақ» ойыны. 

«Тоғыз құмалақ» ойынының стратегиялық және тактикалық әдістерін қазіргі заман талабына сай қолданылып отырған компьютер арқылы жүзеге асыру да жаңа әдістердің бірі ретінде қарастырылады. Оқушылар күнделікті жаттығу кезінде пайдаланған әдістерін компьютерге енгізіп, бағдарлама жасап, кейін оны тәжірибе жүзінде пайдаланып отырады. 

«Тоғыз құмалақ» ойыны жас жеткіншектерге спорт әліппесін үйретумен қатар, олардың ой-өрісін, сана-сезімін, дамытуға оқу үлгерімін жақсартуға және саналы тәрбие өзіндік септігін тигізеді. 

«Алтын қабақ» (жамбы ату) ойыны. Бұл ойын негізінен нысананы дәл көздеп атпен шауып келе жатып ату. Біз сабақта бұл ойынды басқаша түрде пайдаланып қолданамыз. Бүкіл спортзалдың басынан 50-60 м жүгіріп келіп,   5 метр жер қалғанда оқушы нысанада тұрған жамбыға кіші допты дәл тигізуі керек. Бұл ойын түрі оқушыларды мергендікке, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді. 

«Күміс алу» ойыны әсіресе Қазақстан, Азия халықтарының арасында көп кездесетін ұлттық спорттың бір түрі. Ойын шабандоздардың ат құлағында ойнай білетін үлкен шеберлікті, асқан жылдамдықты, ерекше ептілікті қажет етеді. Ойынның мәні-атпен шауып келе жатқан жігіт айтулы мәреге дейін белгілі межелерге көміліп қойылған күміс теңгені іліп алуға тиіс. Бұл ойынды біздер жарыс түрінде ойнауға болатынын дәлелдейміз. Оқушылар қатты жүгіріп келіп әр жерде жатқан, ия болмаса арнайы қойылған тиындарды іліп ала жүгірулері керек. Ойынды эстафеталық жарыста командамен ойнауға пайдалануға болады. Бұл ойын баланы ептілікке, жылдамдыққа баулиды. Ойлау қабілетін арттырады. 

«Білектесу» ойыны - бұл білек күшін және қолдың қарымын, бұлшық етін жетілдіруге пайдалы. Ойынға қатысушылар тек оң қолдарымен білектеседі. Білектесу 3 рет орындалады,ойыншының біреуі 2 рет жеңіске жеткенше білектеседі. Білектесу кезінде шынтақты орнынан қозғауға болмайды.

«Батпан көтеру» ойыны көбінесе 9, 10, 11 сынып оқушыларымен өткізіледі. Оны жарыс түрінде де, сабақ барысында тест ретінде де пайдалануға болады. Неше адам қатысамын десе де шектеу жоқ. Жеке-дара да, командамен де өткізуге болады. Бұл ойын баланы күштілікке баулиды. 

«Арқан тартыс» ойыны. Ұзындығы 8-10 метрдей жуан кендір арқан қолданылады. Арқанның тең ортасынан орамал немесе шүберек байланып белгі жасалынады. Осы орталық белгінің екі жағынан бір жарым-екі метрдей жерден тағы да  жоғарыдығы тәртіппен белгі жасалынады. Ойнаушылар (ойынға 10-15 адамнан) екі топқа бөлініп қатысады, екіге бөлінудің тәртібі: ойнаушылар бойларының биіктігіне қарай бір қатарға тізіліп тұрады. Ойын жүргізушінің берген командасы бойынша тізбекте тұрған ойнаушылар оң жақ шетінен қатар санды: бір, екі, үш... деп бастап, сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп, бұл топ тақ, жұп болып екіге бөлінеді.

Қазақтың ұлттық ойындарының кез-келгенін қазіргі заманға сай етіп, бейімдеудің маңызы зор. Әрбір мектеп өздерінің сабақ жоспарларына ұлттық ойынды кіргізіп, 3-4 ойын түрін әр сабақта үйреніп отырса, балалардың ұлттық ойынға деген қызығушылығы арта түсері сөзсіз. Оқу жоспарында қазақтың ұлттық ойындарын көптеген спорттың түрімен  байланыстырып қолдануға болады. Мәселен, мектеп бағдарламасындағы жеңіл атлетика, спорттық ойындар, гимнастика түрлерін жүгіру, секіру, дәлдік, күш сынасу мен ұйымшылдыққа бағытталған ұлттық ойындармен ұштастырса оқу бағдарламасы жоғары нәтиже берері анық.

Ұлттық ойындарды мектептегі оқу-тәрбие жұмысында пайдалану – мұғалімнен шеберлікті, сабырлылықты, білімділікті, нәтижесін көруге деген құштарлықты қажет етеді. Өкінішке орай, мектептегі дене тәрбиесі мұғалімдеріне қажетті қосымша құралдардың жеткіліксіздігі, яғни ұлттық ойындардың барысы мен өткізу тәсілі сипатталатын кітапшалардың аздығы, қазақтың ұлттық ойындарын қолданып өткізілген ашық сабақтардың бейнетаспаларының болмауы, көптеген ұлттық ойын құралдарының жетіспеуі (мәселен, «Тоғыз құмалақ» ойынының ойын тақтасы мен құмалақтыры) және т.б. мұғалімдердің ұлттық ойындарды сабақта қолдануына кедергі келтіреді.

Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарын мектепте дене шынықтыру сабақтарында қолдану жалпы білім беретін мектептердегі педагогикалық үрдістің тиімділігін арттырады, сонымен қатар дене тәрбиесі сабағының әдістемелік деңгейін жоғарлатады.


Қолданылған әдебиеттер тізімі


1 Казақстан Республикасының «Білім туршіы» Заңы.-Астана, Ақорда 2007 // Егемен Қазақстан.

2. Б. Төтенаев. Қазақстың үлттық ойындары.-Алматы; Қайнар, 1994.

3. Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, Рауан,1991.

4. Тайжанов С.А., Қасымбекова С.І. Қазақтың ұлттық ойындары., Алматы, 2004.


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "МЕКТЕПТЕГІ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный дизайнер

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 347 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.03.2016 2118
    • DOCX 59 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бейбитов Сайлау Аллабергенович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9804
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инструктор по футболу: правовые и методические вопросы профессиональной деятельности

Инструктор по футболу

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Физкультурно-спортивная работа со студентами: нормативные правовые и методические аспекты

Специалист по студенческому спорту

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Профилактика нарушений осанки и плоскостопия

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Карьера и развитие в современном мире

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект как помощник в поиске работы

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе