Инфоурок Начальные классы Конспекты"Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым" ашық тәрбие сағаты

"Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым" ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Тақырыбы:  «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышым»
Мақсаты: Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Қазақстан Республикасының рәміздері туралы түсініктерін қалыптастыру.
Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ - жауап
Көрнекілігі:
ҚР - ның рәміздері, Президент портреті,слайд
Барысы:
М
ұғалім: Сәлеметіздер ме, құрметті ұстаздар мен оқушылар,ата-аналар! Бүгінгі біздің «Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтаныш» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.

1-жүргізуші::

Біздің тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады:

                1-ші бөлім -Әдеби сазды монтаж

                2-ші бөлім-Топтар арасындағы сайыс

2-жүргізуші::

Ендеше кезекті Отан, туған жер, туған тіл,ұлттық рәміздер  туралы жырлаған ақындарымыздың өлеңдеріне берейік.

1-жүргізуші:Даламның кеңдігіндей жүрегім бар,
                    Мөп – мөлдір елге арнаған тілегім бар.
2-жүргізуші:Қатардағы қазақтың перзентімін,
                    Отаныма, еліме, берерім бар.

 1-жүргізуші:

Адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін, туып – өскен жерін – Отан дейді. Әрбір адамда туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Қандай қияға, алысқа кетсе де сол сезімі сағынышқа ұласып, жүрегімен мәңгілік жіпсіз байланыста болады. Адамзаттың парызы – туған Отанын гүлдендіріп, сақтап ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Ата – бабаларымыз ұрпағым осы жерде еркін өссін деп, келген жауға таптатпай, босағадан аттатпай, Отаны үшін айқасып, қанын төккен. Сол үшін де біз жерімізді қасиетті дейміз.
2-жүргізуші:

Ия,дұрыс айттың Алан ,біз ата-бабаларымыздың арманына жеттік. Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып, өзінің елтаңбасын, әнұранын, туын белгіледі. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білуі керек. Қазақ халқының асыл арманы әнге айналды.
Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең өркениетті ел ретінде танылып 1992 жылдың 4-маусымында мемлекеттік рәміздерін белгіледі.
1-жүргізуші:  - Балар рәміз деген сөзді қалай түсінесіңдер?

РӘМІЗ – белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Мысалы ақ көгершін – бейбітшілік нышаны, балға – жұмысшының символы.

2-жүргізуші: Рәміздер тарихын геральдика (елтаңбатану), виксикология (тутану) ғылымдары зерттейді. Мемлекеттік рәміздерді пайдалану, қолдану тәртібі туралы арнайы ереже бар. Оны бұлжытпай орындау керек.

1-жүргізуші:Батырлықтың уызына жарыған,
                      Ер түркіні байрағынан таныған
2-жүргізуші:Өзі ақын, өзі әнші халықта,
                     Кім айта алар болмаған деп Әнұран.
      
1-жүргізуші: Балалар, қазақ халқының «Бізді таныдыңдар ма?» деп, әлемге жар салған Әннұранның әнін жазған, сөзін жазғандар кімдер?
Оқушылар жауабы.  Әні: Шәмші Қалдаяқов
Сөзі: Нұрсұлтан Назарбаев, Жұмекең Нәжімеденов

Даяна :

Әнұраным –жан ұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Бақыт-бірлік күн талабы.
Тоқтамайды дабыр әні
Мәңгі бақи шырқалады
Республикам Әнұраны!

2-жүргізуші: ҚР - ның Әнұранында адамға зор рухани әсер ететін күш, өйткені Әнұранда халықтың, ұлттың, мемлекеттің, елдің бірлігінің нышаны бар.

1-жүргізуші:Сынып қатар түзеп, тік тұрайық! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраны шырқалсын!

Оқушылар хормен музыканың сүйемелдеуімен  әнұранды шырқайды.Әнұран айтылғанда интерактивті тақтадан Қазақстан Республикасының туы,елбасы суреті,Ата заң,Астана қаласы,ондағы ескерткіштер,қазақ ғарышкерлерінің суреттері көрсетіледі.

2-жүргізуші::Бәрі болған қазақ сынды көне елде
                       Ел белгі де, ерлік ,өрлік,өнер де.
 1-жүргізуші:Жаһандағы ең жауынгер халықта,
                       Кім сенеді «Ту болмады» дегенге?
Жұлдыз: Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Ернар: тақпақ оқиды.

Мұғалім:

Ту бейбіт кезде құрметпен сақталып, ол тек жаугершілік кезде ғана шығарылып отырған. Тудан айырылу - өліммен тең болған. Өздерімізге белгілі қазақ жеріне көз тігушілер аз болмаған. Сондай бір қиын - қыстау кезеңде ұлы дана бабаларымыз Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би ордабасында кездескеннен кейін, Әбілхайыр хан үш жүздің басын қосып, Бөгенбай батырға қазақтың туын ұстатқан екен.
1-жүргізуші:Бас білгізіп жер тарпығын тарпаңға,
                      Жасы тұрмақ шығады екен қарты аңға.

2-жүргізуші:Қалай оның Елтаңбасы болмайды,
                     Түлігіне дейін салса ен - таңба.

Аяна: тақпақ оқиды.

1-жүргізуші: :  Енді  ролик тамашалайық.

 

Мұғалім: Кезек топтар арасындағы сайысқа да келіп жетті.Сайыс шарттары :

1." Білгенге маржан", яғни сұрақтарға жауап беру.

2. «Мақал-сөздің мәйегі» деп аталады. Мұнда берілген  мақалды жалғастыру. 3. «Сөз ойла, тез ойла!»  Әр дұрыс жауап 1 жалаумен белгіленеді.

1 топ - «Атамекен» тобы

Ұраны: Атамекен анаң екен,

              Қысылғанда панаң екен.

2 топ- «Туған жер» тобы

Ұраны: Туған жердей, жер болмас

              Туған елдей, ел болмас

 

1-                ші бөлім  бойынша сұрақтарға жауап беру.

 

1-топқа .

 

1.Желтоқсан оқиғасы қай жылы болды?

1986 жылы  16 желтоқсан

 

 

2.Ұлттық валютамыз қашан енгізілді?

1993жылы

 

3.Қазақстан Республикамыздың елтаңбасының авторы?

Жандарбек Мәлібеков, Шота Уәлиханов

 

4. Астанамыз Астана қаласы болып қай жылы аталды?

1997м

 

5.Қазақтың тұңғыш ғарышкерін ата?

Тоқтар Әубакіров

 

6.Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. ........... (Ту)

7. Қазақстан Республикасы қай елдермен көршілес?

Ресей, Түркіменстан, Әзірбайжан, Қытай

 

8. Қазақтың үш биін ата?

   Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.

 

9. Ақ күрішті аймақ?  Қызылорда

 

2-топқа.

1. Қазақстан Республикасында неше облыс  бар?

                  14облыс

2.Бәйтерек ескерткішінің биіктігі неше метр?

        97м

3.Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген ........... (Елтаңба)
4.Республика,облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. ........... (Әнұран)

5. Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан жариялады?

1991жылы 16желтоқсан

 

6.Ұлттық рәміздер қашан қабылданды?

1992 жылы 4 маусым

 

7. Қазақстан Республикасының туының  авторы?

Ш.Ниязбеков

 

8. Қазақстан Республикамыздың гимннің  авторы?

Сөзі: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов

Әні: Ш.Қалдаяқов

 

9. Қазақстан жер көлемі жөнінен нешінші орында тұр?

       9-шы орында

Мұғалім:

Келесі кезекті «Мақал –сөздің мәйегі» деп аталатын бөлімге береміз. Сіздерге туған жер, Отан туралы мақалдардың бастапқы бөлігі беріледі, сіздер соның жалғасың табасыздар.

 


1-топ.

 1.Отан- елдің анасы,

    Ел - ... анасы

 

2. Отанды сүю-

    ....   ...   басталады

3. Аққу көлін аңсайды

  Адам   ...  ...   аңсайды

 

4. Ит- тойған жеріне

   Ер -    ...   жеріне.

 

2-топ

5 Отансыз адам - ...

6 Отан үшін  ... .

7 Отан  ....  ыстық.

8  Туған  жердей –

     Туған елдей –


 

Мұғалім:    Енді «Сөз ойла, тез ойла!» бөлімі . мұнда берілген сөздерден жаңа сөздер ойлап жазамыз.

Елтаңба          Байрақ         Әнұран          

Ел                       бай                  Ән
Таңба                 ай                     ұран
Таң                     қар                   ұн
Аң                      ар                     нан

Мәтін сұрақ:

1 – Мәтін

           Бауыржан Момышұлы Ташкент қаласынан қайту үшін вокзалға келеді. Вокзал алды  жолаушыларға толы. Бауыржан аталарыңның үстінде полковник шеніндегі әскери киім болатын. Сәл жүргеннен кейін аяқ астында жатқан бір тиынды көреді. Еңкейіп жерден алады да  жеңімен әлгі тиынды сүртіп қалтасына салады. Мұны жанынан өтіп бара жатырған орыс әйелі көреді  де, батыр бабаларың Бауыржанға « Өзініз қандай полковниксіз, ақшасыз адам сияқты жерден еңкейіп бір тиынды алуға арланбайсыз ба? Ұят емес пе, жұрт не ойлайды? – деп өз ренішін білдіреді. Бауыржан әлгі әйелге бұрылып қарап , тиынды ақша керек болғандықтан емес, сол тиын арқылы өзінің азаматтық борышын атқарғанын айтты. Ал әлгі орыс әйелі Бауыржан аталарыңнан қайта – қайта кешірім сұрап жөніне кетеді.

Сұрақ:  Бауыржан жерден тиынды неге алды және қандай азаматтық борышын өтегені туралы  айтты?  ( елтаңба)

 

І І – мәтін.
Ұрыс даласында жау қоршауында қалған бөлімнің , қоршаудан шығу мүмкіндігі жоқ. Ұрыс сәл саябырлап , айналада тыныштық орнаған сәтте, бөлім командирі сенімді жауынгерлерді іріктеп, оларға тапсырма берді. Жауынгерлер өздеріне тапсырылған матаны көйлек ішінен белге орап алып, жау қоршауынан шығып орталыққа жеткізді.
Сұрақ. Бөлім командирінің тапсырмасы қандай еді? ( мемлекеттік ту)

 

Мұғалім:  Сайыс қортындысын шығарамыз.  Жеңіске  жеткен топты жетістіктерімен құттықтаймыз.

 

1-жүргізуші:Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтатып тұр. Бүгінгі елтаңбамыз ел тарихының тереңінен тамыр тартып, ұлттық рухымызды асқақтатып, шаңырағымыздың беріктігін паш етіп, республикамыздың қанатты тұлпардай ұшқырлығын айғақтап келеді.

 

2-жүргізуші:  «Біз Тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет. Елдігіміздің сыналатын бір тұсы – осы» - деген Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арнау сөзін Қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін әрбір азамат жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы керек.

 

Мұғалім:  АНТ қабылдау

 

1-жүргізуші:Біз Қазақстан Республикасының азаматы Отаным Қазақстанның дұние жүзінде алдыңғы қатарлы,әділетті,өркениетті ел болуы үшін сапалы білім аламыз,мәдениетті адам боламыз!

 

2-жүргізуші:Туған халқымыздың ата дәстүрін жалғастырамыз.Елбасымызды құрметтейміз, заңдарын  бұлжытпай орындаймыз! Елімнің туын,елтаңбасын,әнұранын сыйлап қастерлеуге ант етеміз!

 

Мұғалім:  Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй-Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берейік.

Ендеше  Салимжанов Арсеннің орындауында «Көк тудың желбірегені»  әнін қабыл алыңыздар!

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтанышым" ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Инженер лифтового оборудования

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 181 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.02.2016 2132
    • DOCX 59.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алымханова Салтанат Кабдылкамитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20885
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности введения и реализации обновленного ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1104 человека из 80 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 295 человек

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 118 человек

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Soft-skills современного педагога

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Психология учебной среды и развития детей: от диагностики к коррекции

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 25 человек