Инфоурок Начальные классы КонспектыМен мамандықтар әлеміндемін (1-2 сынып)

Мен мамандықтар әлеміндемін (1-2 сынып)

Скачать материал

 

«Бекітемін»:..........................

Тәрбие  ісінің меңгерушісі: Бержанова Т.М

 

Тақырыбы: «Мен мамандықтар  әлеміндемін»
Мақсаты:

1. Оқушыларды жастайынан мамандықтың барлығы жақсы екенін меңгерте отырып, таңдай білуге үйрету.
2. Әр мамандыққа тоқталып, шағын мәлімет беру.
3. Кез келген маман иесін сыйлау, құрметтеу, бағалай білу дағдыларын қалыптастыру.
Түрі: Сыныптан тыс
Формасы: топтық, көпшілік, жеке
Әдіс - тәсілдері: көрнекілік, ойын, түсіндіру, ізгілендіру
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, математика
Көрнекілігі: қажетті көрнекіліктер, АКТ

Жоспары:
1. «Бүгінгі шарадан мен.....» тренингі

2. «Мамандық дегеніміз не?»

3. «Мен сүйетін мамандық»

4. Жұмбақ шешу

5. «Бұл мамандық қай жерде жұмыс істейді?» ойыны.

6. «Құрастыр және ой бөліс» ойыны

7. Рефлексия
8. Қорытындылау.

Барысы:

 

Сәлеметсіздер ме, балалар?
Барлығымыз назарымызды тақтаға аударамыз. Не көріп тұрмыз? Фигуралар. Геометриялық фигуралардың артынан  жасырылған сөзді табайық.

10 ---1 ---11 ---9--- 14 ---13 ----4 -----12
            М ---а ----м ----а ----н---- д -----ы----- қ

-          Демек балалалар бүгін біз не туралы әңгімелесеміз?

-          Енді шарамызды бастамас бұрын барлығымыз ортаға тренингке шығайық.

 

1. «Бүгінгі шарадан мен .....» тренингі
Шарты: Балалар шеңбер болып тұрады. Әр оқушы «Бүгінгі шарадан мен....» деп әрі қарай не күтетінің бір сөзбен айтып кетеді.

 Мамандық дегеніміз – адамның еңбек қызметінің түрі. Ал енді еңбек пен мамандықтың айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? 
            Еңбек – адамның қызметі материалдық және рухани жағдайын құруға бағытталған. Еңбек әрқашан мақсатты, яғни әрдайым нәтижелі болу керек. 
            Ал мамандық – еңбек қызметінің түрі, ол арнайы біліктілік пен  білімділікті,
дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.

Мамандық латын тілінен аударғанда «ресми көрсетілген іс» деген мағынаны білдіреді екен.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар . Сіздер қандай мамандық түрлерін білесіңдер? Мысалы, мұғалім, дәрігер, милиционер, өрт сөндіруші, шаштараз, құрылысшы, жүргізуші, диірменші, егінші, нан пісірушілер, сатушы, аспаз, почташы, бухгалтер, журналист, тігінші, т. б.
              
Әсемепаз болма әрнеге 
              Өнерпаз болсаң арқалан 
              Сен де бір кірпіш дүниеге 
              Кетігін тапта бар қалан, -
деп Абай атамыз айтқандай  өмірден өз орнын тауып, елімізге
қажетті кәсіп иесі болу әрқайсыңның арманың. Сендер де есейгенде сол мамандықтардың өздеріңе ұнағанын таңдайсындар.  Біреуің ертең ақын, екіншің инженер, үшіншің құрылысшы болғыарың келеді.. Жаман мамандық жоқ. Мамандықтың бәрі жақсы. 
           

Орыс академигі, тәжірибелі әдіскер – психолог Климовтың зерттеуінше мамандықтың бірнеше түрлері бар. Олардың неғұрлым белгілілері еңбек пәніне негізделеді. Жалпы  мамандықтар 5 топқа бөлінеді:
• адам – техника,
• адам – адам,
• адам – белгі жүйесі,
• адам – табиғат,
• адам – көркем образ.

Адам – техника: бұл типке техникалық құрылғылармен жұмыс жасайтын ұшқыштар, матростар, электромонтерлер, слесарь жатады.


            Адам – адам: мұнда мамандық иесі үшін еңбек нышаны болып басқа адам табылады, ал қызмет сипаттамасы – басқа адамдарға әсер ету, адамдармен жұмыс істеу. Мұндай мамандықтарға мұғалім, дәрігер, журналист, сатушы, заңгер, банкирлер жатады.

Адам – белгі жүйесі: бұл типті таңдаған адамдар абстрактілі ұғымдармен жұмыс жасауды білуі керек және ой - өрісі өте кең болу керек. Бұл бухгалтерлер, оқымыстылар, зертханалар мен ғылыми орталық жұмысшылары.

Адам – табиғат: бұл тип мамандары өлі және тірі табиғат процестері мен құбылыстарымен жұмыс істейді. Олар мал дәрігері, агроном, гидролог, механизатор, тракторист, эколог.

Адам – көркем образ: бұл типке өнер мен көркем өнерге бейім, талантты адамдар жатады. Олар архитекторлар, дизайнерлер, суретшілер, әнші, актерлер.

-Балалар енді «Мен сүйетін мамандық» бөліміне көшсек.

Суреттерге назар аударамыз? 1 суретте қандай мамандықты көріп тұрмыз? Мұғалім. Мұғалімдік мамандығы жауапкершілікті, шыдамдылықты талап етеді. Мұғалім болу үшін баланы жақсы көру керек. Мұғалім болмаса, біз білім ала алмаймыз. Тәрбиені үйрене алмаймыз.

Гүлнұр:
   Биікке өрлеген,
   Тайсалып көрмеген.
   Ұрпақсыз кеудесін
   Қуаныш кернеген
   Ұстаз деп ән шырқап
    Күй төккен пернеден

2 суретте не көріп тұрмыз?. Дәрігерді. Дәрігер- адамдарды емдейді. Ауырған, сырқаттанған адамға дәрі –дәрмек жазып беріп, ем шара қолданады. Ал, арамызда кім дәрігер болғысы келеді? /Тақпағын айтады/

Әсел:

Сыйлайтын саулық, амандық,
            Дәрігер жақсы мамандық.

3 - суретте кім бейнеленген? Аспаз-адамға түрлі дәмді тағамдарын ұсынады. Адамның асқазанына тамақпен жол табатын жан.

Ақтоты:

Жасайтын түрлі тағамдар,
Аспазшы жақсы мамандық.

4 суретте кәсіпкер. Кәсіпкер-белгілі бір салада  жеке кәсіппен айналысатын адам.

5-суретте электрикті көріп тұрмыз. Электрик – жарықты жөндейтін жан. Үйіміздің жаррық болуын осы электриктер қамтамасыз етеді.

Ерболат.

Жарық еткен түніңді,
Электрик болам білімді.

6-суретте кімді көріп тұрмыз? Құрылысшы- зәулім-зәулім үй салатын, сәулетті ғимараттар тұрғызатын мамандық иесі.

 

-         Балалар енді мен сіздерге жұмбақ ұсынамын. Сіздер сол жұмбақты

шешесіздер.

 

Айдында жүзедi,

Тiрi күмiс сүзедi.   (Балықшы)

 

Алатаяқ ұстаған,

Жол тәртiбiн нұсқаған.

Өмiрiңдi күзеткен,

Ысқырығы күштi адам.   (Полиция қызметкері)

 

 

Жасыл желек көгалда,

Бiрде артқа,

Бiрде алға,

Желаяқ көп бала,

Таласып жүр бiр шарға.  (Футболшылар)

  

Жолының көп азабы,

Сондадағы тынбайды.

Жаңалықты жазады,

Көпшiлiктi тыңдайды.   (Журналист)

 

Кең байтақ туған жерiме,

Кетпесiн деп жат iз өтiп.

Тыныштық тiлеп елiме,

Отанды кiм тұр күзетiп?   (Жауынгер)

 

 

Айлар бойы жүзедi,

Жердi көрмей жүредi.

Ақ жал таумен алысқан,

Адамды кiм бiледi?  (Теңiзшi)

 

Төл өсiрiп момақан,

Уыз iшкен қоймалжың,

Бiлсең айтшы, балақан,

Еңбегi зейнет кай малшы?   (Қойшы)

 

Тұлғалы кең иығы,

Мұнара оның тұрағы.

Маң далада бұйығы,

Сөнбей жанса шырағы,

Жер астының сұйығы

Фонтан болып шығады.  (Мұнайшы)

 

Ол жетсе ауылға,

Самсар жұлдыз торабы,

Нұр шашып тұрады.  (Электршi)

 

Күмiс қанат, сұңқары,

Көкке еркiн сүңгидi.

Бұлттан да тым әрi,

Кеткен жанды кiм дейдi?   (Ұшқыш)

 

Өрнектеп, сәндеп,

Тiгiстерiн бүгетiн.

Солпысын жөндеп,

Кiм көйлек тiгедi?  iгiншi)

 

Қалпағы ақ қарасаң,

Дәрiгер емес, бiрақ ол.

Дәм мәзiрiн қаласаң,

Алға ұсынып тұрады ол.  (Аспаз)

 

Топырақтың құнарын,

Дәл тауып құрамын,

Қай жерде қай дақыл,

Өнiм берер бай дақыл,

Зерттеп дәйiм жүретiн,

Кiм бәрiн бiлетiн?   (Агроном)

  

Жалтылдап қалағы,

Салатын кiм қаланы?   (Құрылысшы)

  

Бал татыған мәзiр,

Ол бар жерде әзiр.   (Аспаз)

 

Өскен шашты жаратпайтын,

Қайшысы бар жалақтайтын.  (Шаштараз)

 

Оның тiккен бұйымы,

Аяғыңды қаптайды,

Шыға қалса жұлымы,

Әдемiлеп баптайды.   (Етiкшi)

 

Ортасында сан халық,

Белдескенде жан салып.

Жерге тимей жотасы,

Атанған күш атасы,

Айбаттыны кiм дейдi,

Қайраттыны кiм дейдi?  (Балуан)

 

Дабылға тез жететiн,

Жалынға сүңгiп кететiн.

Қақалса да түтiнге,

Тайсалмайтын батыл кiм,

Жасқанбайтын батыр кiм?  (Өрт сөндiрушi)

 

Құрып қойып өрмегiн,

Ұршықтарын ойнатып.

Сәндi мата өрнегiн,

Жасайтын кiм жайнатып?   (Тоқымашы)

 

 

Екi шекпен күмбiрлеп,

Көңiл сазын сапырады,

Тұлпар шабыс дұмбiрлеп,

Желпiндiрiп отырады.   (Күйшi)

 

- Балалар Мамандықтарды Тек қана қалада немесе тек қана ауылда істелінетін қызмет түрлері болады. Сонымен бірге ауылда да қалада да істелінетін түрлері бар. Мысалы Малшы,диқаншы,фермерлік жұмыстар,мал дәрігері, малшы,шопан,жылқышы ,тракторшы, аңшы, ұста тек ауылда.Ал Инженер, тоқымашы,мәнерлеп сырғанаушы,т.б қалада.Мамандықтың көбі қала мен ауылда да бар. Кітапханашы, дүкенші,есепші, биші, әнші,жүргізуші,жөндеуші. 

Ойын « Бұл мамандықпен қай жерде жұмыс істейді?»Балаларға мамандықтардың суреттері беріледі. Олар Ауылда істелінетін мамандық болса ауылдың суреті тұсына,қалада болса қаланың суреті тұсына,ауыл мен қалада істелінетін болса сол сурет маңына барып тұрады. 

 

«Құрастыр және ой бөліс» ойыны.

Суреттер беріледі. Балалар суретті құрастырады. Шыққан мамандық иеері туралы өз ойларымен бөліседі.

 

«Ең,ең..» 
 1. Ең ақшасы көп мамандық қандай? (бухгалтер, экономист)
2.Ең “жасыл” мамандық қандай? ( эколог, бағбан)
3.Ең “тәтті” мамандық қандай? (аспаз, кондитер)
4.Ең “күлкілі” мамандық қандай? (клоун, карикатурашы)
5.Ең жауапты мамандық қандай?
 (сот, бухгалтер)
6.Ең салмақты мамандық қандай?
 (мұғалім, заңгер)
7.Ең қарым - қатынасы күшті мамандық қандай?

 (журналист, кәсіпкер)

 
-Балалар бүгінгі сабақтан сендер қандай әсер алдыңдар? Сабақ сендерге ұнады ма? 
-Бүгін біз қандай мамандықтармен таныстық? 
-Ендеше әрқайсымыз өз қалаған мамандығымызды атап, алдарыңдағы жапырақтарға жазып, « Мамандықтар ағашын» гүлдендірейік! (Оқушылар мамандықтарды атайды.) 
- Белгілі бір мамандықтың иесі болу үшін не істеуіміз керек? 
(Оқушылар өз ойларын айтып, пікір алмасады.) 

Сонымен балалар қандай маман иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек екен.Ол мейлі бастық болсын,мейлі қарапайым шаруа иесі болсын ол адамның еңбегін бағалай білу керек.Осыны еш ұмытпаңдар! 

 

Қорытынды.
Мамандық таңдаудың 7 қадамы
Еңбек етсем, ертеңгі - бақытыма сенемін.
Мақсатыма жеткізер - уақытыма сенемін.
Достық іспен қасты да - жеңеріме сенемін,
Ақыл, сана білім мен - өнеріме сенемін.
Арым - таза, ақ көңіл - адалдыққа сенемін,
Абыройлы, ақ ниет - адамдыққа сенемін!- дегендей қандай маман иесі болсақ та, ел болашағын ойлайтын халқына абыройлы қызмет ететін адам болайық.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мен мамандықтар әлеміндемін (1-2 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Заведующий доп. образованием

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 667 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2017 1372
    • DOCX 28.6 кбайт
    • 44 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Харесова Молдир Кайратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Харесова Молдир Кайратовна
    Харесова Молдир Кайратовна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37309
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 137 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 118 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 257 человек

Курс повышения квалификации

Стратегия формирования навыков смыслового чтения у младших школьников в условиях реализации ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 830 человек

Мини-курс

Психология эмпатии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Современные методики базальной стимуляции и развивающего ухода для детей с тяжелыми множественными нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовый анализ

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов