Инфоурок Дошкольное образование КонспектыМерекелік ертеңгілік тақырыбы: "Аналарға мың алғыс"

Мерекелік ертеңгілік тақырыбы: "Аналарға мың алғыс"

Скачать материал

               «Аналарға мың алғыс»

 Музыка әуенімен балалар музыка  залына кіреді.

Жүргізуші: Сегізінші  Наурыз! Аяулы әжелеріміздің, аналарымыздың,қызғалдақтай құлпырған қыздарымыздың  мерекесі  көктемнің  алғашқы  айында  келіп  тұр .   Құрметті  де  қадірлі әжелер, аналар,қыздар!  Мерекелеріңіз  құтты  болсын!Өмір  сыйлаған  сәбилеріңіз  сіздерге  тек  қуаныш  пен  шаттық  сыйласын!                     Жүргізуші:Балалар қазір бізге қандай жыл мезгілі келді. 

Балалар: Көктем.

Жүргізуші:Ендеше ортаға Көктемді шақырайық.(музыка әуенімен көктем кіреді) 

Көктем: -Сәлеметсіздер ме,балалар!Қымбатты әжелер,аналар,балалар!Сіздерді  көктемнің  бірінші  мерекесі-8 Наурыз  Халықаралық  әйелдер  күнімен  құттықтаймын!Жүздеріңіз  гүлдей  жайнай  берсін,көңілдеріңіз  көктемдей  сайрай берсін!Әрбір  атқан  таңдарыңыз  бақыт пен шаттыққа  толы болсын!Балапандарыңыздың  тек  қана жақсылығын  көріңіздер!

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе,Көктем рахмет сізге! Біздің мерекеміздің қонағы болыңыз.Сізге арнап біздің балалар тақпақ,ән орындап береді.

-Күн нұрын сепкен,

Жер жылып кепкен.

Тал бүршік төккен,

Көңілді көктем.

Қош келдің,ән салдық,

Қуанып қарсы алдық.

Енді бүлдіршіндеріміздің тақпақтарын тыңдайық.

 Аңсар:Балалар ау, балалар!

             Шақырады далалар.

             Көктем келді, гүл алып,

             Құстар келді, жыр алып.

 Санжар: Көктем қандай көңілді

                Күміс жаңбыр төгілді.

                Мөлдір аспан ашылып,

                Күн пердесі сөгілді.

 Айша:Сылдыр қағып ақ бұлақ,

                    Күйге салып жатты бақ,

                    Таудан аққан өзенде,

                    Гүрілдеді қаттырақ.

Айым:Жайраңдасып жас- кәрі,

             Құстар келе бастады

             Қыс киген ақ шапанды,

             Көктем  шешіп тастады!

 Разия:-Көктем күйін бастады

                      Өз өнерін асыра.

                      Қысты қуып тастады,

                     Асқар таудың басына.

Жүргізуші: Рахмет сендерге балалар. Енді көктем сізге біздің балаларымыздың әні бар қабыл алыңыз.

Ән:"Көктем келді"

Көктем: Рахмет сендерге балалар.Қандай керемет өнерлерің бар.Менің көңілім көтеріліп қалды.

Аю:Сәлеметсіздерме балалар!  Көптен күткен шуақты көктем келді! Мен ұйқыдан ояндым! Сендер қалың киімдеріңді шештіңдер ғой балалар!

Жүргізуші: Сәлеметпе аю! Сіз қыс бойы ұйқтап ояндыңыз, енді көктем келді.  Көктемнің алғашқы мерекесін бізбен бірге қарсы алыңыз!

Көктем: Енді сендерге менің де құр қол келгенім жоқ.Менімен бірге ойын ойнайсыңдар ма?

Ойын: "Гүл жинау".

Жүргізуші: Балалар сендерге ойын ұнады ма? Ендеше осы ойынды тағы да топқа барғасын ойнаймыз.Көктем сізге рахмет балаларды бір серпілтіп тастадыңыз.

        Қолын қатты тигізбей,

        Кірлі көйлек кигізбей.

        Иісін жұпар аңқытқан,

        Бұл кім екен балалар?

Балалар: Аналар (хормен)

Жүргізуші: Ендеше балаларыңыздың өздеріңізге арналған тақпақтарын қабыл алыңыздар.

Мерей:Алақаны  ақ  самал,

               Мәпелеген  жан  ана,

               Көкте  күнім  батса да,

               Өзің  күнсің  балаңа!

Аделя:Бар  өмірдің   жүрегі,

          Өзің  алтын  ордасың,

          Тірлігімнің  тірегі,

          Уайымың  болмасын!

Нұрзат: "Ана"деген бәйтерегі өмірдің,

                  "Ана"деген қуанышы көңілдің,

                   "Ана"деген әрбір үйдің жылуы,

                  "Ана"деген гүлі туған өңірдің.

Жансерік: Жарқын  жүзді  жан  анам!

                Сендей  болсын  бар  адам,

                Сендей  болса  бар  адам,

               Шаттық  кетпес  баладан!

Қ.Ерасыл: -Теңдесі  жоқ  данасың!

               Арқа  тұтар  панасың!

               Еңбегіңді  ақтаймын,

               Аман  болшы  анашым!

Айғаным: Сенен өскен балалар,

             Батырлар мен даналар.

             Құттықтаймыз мейраммен,

             Құрметті аналар!

Жүргізуші: Рахмет балалар орындарыңа жайғасыңдар.

Балалар ненің даусы шығып жатыр тыңдайықшы,біреулер шулап жатыр ма?(музыка әуенімен әжесі мен немересі кіреді).

Әже: Жүрші қызым жуынайық,таза киім киіп мерекені тойлауға барайық.Бүгін мереке ғой.Жүрші енді.

Немересі: Қойшы ешқайда барғым келмейді.Жуынғым да келмейді.

Әже:Жүрші қарағым.Айтқанды тыңдашы енді.

Немересі: Барғым келмейді ешқайда.

Әже: Бармасаң барма.Осы жерде қал онда-(деп әжесі кетіп қалады).

Немересі: Әже мені тастама, тоқта.

Жүргізуші: Сәлеметсің бе?Сен кімсің,неге жылайсың?Үстің неге кір қожалақ? Қайдан жүрсің?

Немересі:Мен,мен,мен әжемнен қалып қойдым.Әжемнің айтқанын қылмадым,сол себепті әжем осында қалдырып кетті.

Жүргізуші: Бүгін мереке сен әжеңді ренжітпеуің керек еді.Сен енді біздің балаларымыздың өнерлерін тамашала,киімдерін қара өте әдемі,

сұлу.Сен де солар секілді әдемі болып киініп жүр.

Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн болып жанасың.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын анашым!-деп балаларымыздың аналарына арнаған өлеңдерін қабыл алыңыздар.

Ән: "Ақ мамам".

Адия:-Ана-біздің шуағымыз,

         Қатемізді кешірген.

         Ана біздің жыр әніміз,

         Мәпелеген өсірген.

 

Дамир:Жақсы көрем күлкіңді,

                  Айналайын ақ мамам.

                  Менің мамам сүйкімді,

                  Бәрінен де жақсы адам.

Лаура:Жүре  берсем  қасыңда,

                  Әйбат  анам , ай  анам,

                  Ботам  деген  даусыңнан

                  Мен  мәз  болып  оянам,

                 Айналайын  ақ  мамам!

Заура:Ақ анашым аппағым,

                Өзің жайлы тақпағым.

                Өзің жайлы әнім де,

                Арнадым саған бәрін де. 

 Ботагөз:Үн  қатасың  бал  тілмен.

             Еркелеймін  әр  күн  мен,

             Құттықтаймын  анашым,

             Сегізінші  наурызбен!

Аружан: Мейірімді,сымбатты,

            Қадірменді,қымбатты.

            Ең жақын жан балаға,

            Кім десеңдер ол-Ана!

Жүргізуші: Қане биге басайық,

                    Салтанатты көңілді.

                    Таң-тамаша салайық,

                    Шалқытып шат өмірді.

Аю: Рахмет балалар ұйқымды аштыңдар, көңілімді көтердіңдер. Енді менің кететін уақытым келді әрі қарай баратын жерлерім бар. Сау болыңдар балалар!

«Көктем вальсы » биі.

Немересі:Рахмет сендерге балалар сендер қандай керемет өнерлісіңдер.Балалар мен сендер секілді өлең,тақпақ айтуды білмеймін,бірақ ойын ойнағанды ұнатамын.Қане менімен бірге ойын ойнайсыңдар ма?

Жүргізуші: Жақсылықты тойлайық

                    Қуанышты болайық.

                    Аналармен қуанып,

                    Асыр салып ойнайық.

Ойын:"Кім тез киінеді".

Жүргізуші: Балалар! Мерекеге аналарымыз ғана емес әжелерімізде қонаққа келіпті.

Жақсы көреді әжелерің,

Ойыншықтар да әпереді,

Балабақшаға да әкеледі,

Жақсы қандай әжелер!

Әжелерге арналған тақпақтар.

Камила: Әжем менің, ақ әжем,

            Аппақ әжем,пәк әжем.

            Басқалардай емессіз,

            Сүйкімдісіз ақ әжем.

Амирхан: Әжелерді сүйеміз,

                  Сөзін ойға түйеміз.

                  Әжелерді құрметтеп,

                  Әдеппен бас иеміз.

  Мансұр: Мені жақсы көреді,

       Күндей күліп келеді,

                 Көп ертегі біледі,

                 Маған айтып береді.

Айлана: Таусылмайтын өлеңі,

                    Күнде айтып береді.

                    Барған сайын бір жаққа,

                    Кәмпит алып келеді.

                    Әжем мені өйткені,

                    Өте жақсы көреді.

Дария: Әжем менің,базардан

              Алма сатып әкелді.

              Ең үлкенін жақсысын,

              Маған таңдап әперді.

К.Ерасыл:-Менің әжем мейірбан,

              Мені жақсы көреді.

              Қажетіне  жарасам,

              Жас балаша күледі.

Жүргізуші: -Менің әжем ақ әжем,

                     Ұл мен қыздың бағы әжем.

                     Ертегі айтып бер десем,

                     Айтып берер тағы әжем- деп балалар өздерінің әжелеріне арналған өлеңдерін қабыл алыңыздар.

Ән: «Ойыншықтар »

Немересі: Балалар сендерге рахмет сендер маған таза жүруді үйреттіңдер.Енді менде барып жуынып,киініп сендер секілді әдемі болып әжемді мерекесімен құттықтайын.Әжем менің маған ренжіп кеткен шығар. Аналар,әжелер,қыздар сіздерді де мерекелеріңмен құттықтаймын.

Балалар: Сау саламат болыңыз.Әжеңізге сәлем айтыңыз.

Жүргізуші: Біздің ұлдарымыз қыздарды құттықтап өлең шумақтарын арнайды.

               Нұрали: Қыздар айтса ұғамыз,

                                Жолды беріп тұрамыз.

                                Бақшаға олар келгенде,

                                Алдарынан шығамыз.

Гинаят:Біз қыздарды тыңдаймыз,

              Итеріп қумаймыз.

              Бұрымынан тартқылап,

              Біз тентектік қылмаймыз.

Али: Тату-- тәтті жүреміз,

           Біз қыздарды сүйеміз.

           Әрқашанда оларға,

           Басымызды иеміз.

Көктем: Рахмет балалар.Өнерлеріңді тамашаладық.Ал енді сыйлықтарыңды өз аналарыңа табыстаңдар. Мені өздерің секілді басқа балабақшадағы балалар тосып отыр.Сендердің өнерлеріңе рахмет.Ақылды балалар болып өсіңдер.Сау болыңдар!!!

 Жүргізуші: Қымбатты әжелер мен аналар, сіздерді халықаралық әйелдер күнімен тағы да құттықтаймыз !Дендеріңізге саулық тілейміз, әр-бір жанұяда сәбилеріңіздің  сыңғырлаған күлкісі көбейсін, сіздер шаттыққа бөлене беріңіздер, келесі кездескенше аман-сау болайық!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік ертеңгілік тақырыбы: "Аналарға мың алғыс""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 983 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.02.2020 574
    • DOCX 25.7 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тюлеубаева Сания Канатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Тюлеубаева Сания Канатовна
    Тюлеубаева Сания Канатовна
    • На сайте: 4 года и 2 месяца
    • Подписчики: 1
    • Всего просмотров: 39751
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Проектирование и реализация деятельности педагога-организатора в соответствии с требованиями профессионального стандарта

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 74 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 690 человек

Курс повышения квалификации

Организация краеведческой деятельности детей в учебно-воспитательном процессе начальной школы

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 248 человек

Курс повышения квалификации

Методическое обеспечение дошкольного образования в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 497 человек

Мини-курс

Эмоциональная связь между родителями и детьми

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 180 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Психология развития личности: от мотивации к самопониманию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 85 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 35 человек