Инфоурок Биология Другие методич. материалыМерекелік қойылым "Алтын күз"

Мерекелік қойылым "Алтын күз"

Скачать материал

«Алтын күз, қош келдің» атты  мерекелік  қойылым

Шиемін мен шиемін

Піскенше тон киемін

Бала келсе қасыма

Басымды мен иемін

Топтың аты : «Шиелер»

Сыныбы: 9

Сынып жетекшісі:  Салтанат Қошыманова

Қатысатын шиелер :

1.   Жаннұр

2.   Бибінұр

3.   Толғанай

4.   Малика

5.   Еңілік

6.   Балнұр

 

Таныстыру

Біз шиеміз, шиеміз

Сіздерге бас иеміз

Алдарыңа шығарған

Өнер деген киеміз

Егеменді елім бар

Өкпетідей жерім бар

Өнерімен өрелі

Жеңетұғын сенім бар

 

Шие, шие, шие

Бізге керек дәрісің

Бақшадағы барымсың

Мәуелі бір талымсың

Өмірімнің нұры сен

Алтын күздің жыры сен

Базарымның базарымның базарымның  сәні сен                        

-      Бүгінгі алтын күзге күліп келген

-      Үштөбенің шаң көшесімен асығып жүріп келген

-      Гардеробқа киімін іліп келген

-      Бір қызық боларын біліп келген

-      Ах бүгін күлейін деп екі жеңін қолтығына  дейін түріп келген, көрермендер

/Хормен/ - Ассалаумағалейкум

Не деген амандасу мынау

-      Өкпеті өкпеті болғалы бері

-      Көрерменге залымыз толғалы бері

-      Адаммен жаман құсап амандаспай

-      Адаммен адам құсап амандасқанымыз жөн емес пе? Ағайын

-      Біз күзгі салаттардан бас тартпайтын

-      Қалжыңнан басқа сөз айтпайтын

-      Шырынға , тосапқа үйір

-      Жемісті уақытында қамбаға жинайтын

-      Қамбаны лықа толтырмай тынбайтын

-      Күлкіге үйір

-      Тілі сүйір

-      Қауымды өнерге қарқ қылатын

-      Қарсыластарды да өнермен жеңетін

-      Әзілге, өнерге үйір шиелерміз

-      Ендеше алтын күз көңілдеріңізді көтерсін

-      Оқушылардың мұғалімдер алдындағы парызы өтелсін

-      Жылына бір келетін Алтын күз мерекесі құтты болсын.

/Әндетіп/

Бір ағашта екі алма

Мен де алмайын сен де алма

Бірлігіміз жарасар

Берекелі ел барда

Алма ағаштың гүліндей

Текеметтің түріндей

Жолын тауып жүлдеге

Жетейікші сүрінбей

 

 

Алтын күздің «Бес жаңалығы»

1 Айтайын айт дегенде әриайдай

Көп айтса әриайдай көңілге жай

Айтсам мен 5 жаңалық өсек емес

Фактімен сөйлеймін ғой шындыққа сай

 

Ей саған халқым-ай

Беу құлақ түргін-ай

Беу күзгі салқын-ай

 

2. жан-жақпен сөйлесе алмай дымым құрып

Телефонда айтқан сөзім өсек болып

Поштаға бармайтын күн жақын қалды

Әр үйге цифравой телефон құрып

 

Ей саған халқым-ай

Беу телефоның ай

Құтты болсын-ай

 

3. Аллаға сыйынып мен сөз бастайын

Ақ жолға түсейікші кел достарым

Ақ мешіт ашылды ауыл хақ төрінде

Шұғыла шашсын дейміз жүректерге

 

Ей саған халқым-ай

Ақ ниеттерің- ай

Қабыл болсын-ай

 

4. іргеміз ыдырамай бүтінделсін

Көшкен ел қайта елге көшіп келсін

Ұрпағы бабалардың, аталардың

Кіндік қан тамған жерде өсіп өнсін.

 

Ей саған халқым –ай

Көшпе елім-ай

Туған жерің-ай

 

5. күз болып көтеріңкі көліл күйде

Ынтымақ жарасады істе бірге

Жәрмеңке өтті кеше берекелі

Айтайын көп алдында «Алтын күзде»

 

Ей саған халқым-ай

Жүрсең шалқып-ай

Бағаң артық-ай

 

6. 100 пайыз арнамыз бар қазақ тілді

Өнері, тілі, діні кәделі де

«Мәдениет» арнасы да ашылыпты

Өркениет елге өнер мәуелі де

 

Ей қазақ елім-ай

Беу ана тілің-ай

Өркен жайсын-ай

 

7. Айтайық 5 жаңалық кезегімен

Игі істер көп болсыншы өз елімде

Жақсының жақсылығын айта отырып

Нұрын-ай тасыттық біз өлеңменен

 

Ей саған елім-ай

Артып сенім-ай

Келем өніп-ай

Көрініс

 

-         Ассалаумағалейкум, Алатаудай атамыз, ақша бұлттай анамыз. Ұлын ұяға қызын қияға қондырған шежіредей әкелер бақ-қуаттысыздар ма?

-         Армысыздар асау тайдай ағаны жауға бермес жеңгелер, кейде гендерлік саясат құрып дауға берсе де жауға бермес жеңгелер.

-         Сәләматсыздар ма?

-         Зрәстите, здрәстите,здрәстите. Здравленки буду, халлау, гуд монин, гутен авенд, гутен так, саллаумалейкум, яхшимисиз, ни хау , зи, анион ханша, зизу-зизу

-         Не болды ей?

-         Не деп кеттің

-         Ой аға тұрайын ба енді Аға Көке, жеңгей деп Қазақстандағы барлық ұлтпен бірақ амандасайын деп едім. Күз болса мынау келіп қалған. Уақыт жоқ. Науқан кезінде жеке-жеке амандасуға.

-         Ей шырағым олармен содан кейін амандаса жатармыз . алдымен өзімізді түгендеп алайық та.

-         Иә,иә

-         Иә, ошақтың бұты үшеу болғанмен өзі біреу,жігіттің жұрты үшеу болғанмен өзі біреу, күздің  айы  үшеу болғанмен  атауы біреу

-         Інісі бардың тынысы бар, ағасы бардың жағасы бар. Бөлесі бардың нағашысы бар, бәрінің алтындай бағасы бар . Қарға тамырлы қазақтарым амансыздар ма?

-         Қызым үйде болғанмен, қылығы түзде дейді ғой. Қара көз қарындастар-ау, қызғалдақтай қыздар-ау, күмічтей сыңғырлап күліп-ойнап жүрсіздер ме?

-         Мінекей дүниені дүбірлетіп, таңды сібірлетіп, шөбін жинауға үлгертпей дігірлетіп, сап-сары алтындай жапырақтарды дірілдетіп мінекей алтын күз мерекесі де келіп жетті.

-         Ду қол жапалақ ағайындар

-         Ал достар осы варениені жылына бір-ақ рет жасаймыз е?

-         Иә. Бұл да Алтын күздің кереметі емес пе? 

- жылына бірақ рет күзде жасаймыз, бірақ артынша ұмытып кетеміз. Неге?

- мен де онша ұната қоймаймын.

- менде де сондай алып бара жатқан көп қызығушылық жоқ

- а-а барлықтарыңызда солай ма?

-иә

- содан кейін сендерге бір айтайын дегенім осы варениені жесем болды ішім кеуіп кетеді.

-басеке менде де солай . маған да жақпайды.

-иә-иә мен де былай ауыз тиемін.  Басеке қалай айтсақ та кесірі бар әйтөуір.

- содан кейін мен сендерге бірдеңке айтайын осы варениені жесем бірақ сендер ешкімге айтпаңдар менің көзім қарауытып кетеді.

- ойбай мен де айтпай жүрмін ғой . Менің де көзім былтыр варениені көп жеп көрмей қалды.

-әне көзге де зиян екен көрдің бе?

-әй қойыңдар тосаптың пайдасы да бар емеспе?

-а-а-а басеке тосап  жеп едім көзім көріп кетті міне.

- а солай ма?

- иә тосап  жесең әсіресе ауырғанда денең сергіп, өзіңді күшті сезініп, былай чувствует етіп қаласың

-чу-чу еткен деген не деген сұмдық . бұл деген асқазанға, адам ағзасына өте пайдалы диетикалық тағам емес пе?

-  достар негізі мен сіздерге айтайын Барды бар деу керек, жоқты жоқ деу керек. Жақсыны жақсы деу керек, жаманды жаман деу керек.Кім дайындайды осы тосапты шақыр бері.

Ей қыз тосапты сен бе дайындайтын?

-      Иә

-      - жақындап тұр бері.

-      Бұдан кейін осылай дайындайтын болсаң мен сені жұмыстан қуып жіберем.  Білдің бе?

-      -өте дұрыс басеке

-      Құртыңыз дедім ғой баяғыда.

-      Көзге көрінбейтін болсын.

-      Не кінам бар. Дәмді, ағзаға пайдалы дәруменге бай тосап әзірлегенім үшін бе?

-      Ах/ах/ах достар-ай-достар-ай  алтын күздің ең дәді тағамы тосапты сылтауратып сендерді сынап едім мен не десем со деп менің ығыма жығылғандарың қалай? Үшеуіңе ербеңдеп бастарыңа не күн туды.

-      Басеке үшеу емес ана екеуі.

-      Басеке енді сіз бізге қожайынсыз дегендей біздің күніміз тосапқа емес сізге түсіп тұр ғой

-      Солай ма ? достар күндерің кімге қараса да жыл бойы ас ретінде пайдаланатын ең дәмді, ең пайдалы күзде дайындалатын тосаптан артық ас жоқ. тосаптан артық ас жоқ. Менің басымнан  артық бас жоқ.

-      Күннен артық шам жоқ

-      Тосаптан артық дәм жоқ

-      Басқа тағамдарда мән жоқ.

-      Олай болса Алтын күзде күлімдеп, тойлайықшы бүгін кеп

-      Погеребқа банканы салайықшы түгендеп

-      Мінеке қараңызшы қаламызға қала қосылды

-      Байлығымызға байлық қосылды.

-      Егініміз көп шықты , мая-мая шөп шықты

-      Түбекті теуіп, шүмекті сындырып баламызға бала қосылды.

-      Басымызға басқосылып, малымызға мал қосылды.

-      Пенсияға шығып шалымызға шал қосылды.

-      Енді міне көгімізге күн шығып, ынтымақ ұйымына төраға болдық. Ресей, Беларус, Қазақстан Кедендік одақ құрды.

-      Біздің де Алтын күзге өкпеміз жоқ.

-      Тілейік те, күлейік, күлейік те білейік.

-      Күлкі көңіл көркі ғой Күліп ойнап жүрейік

-      Әрине күлген де жақсы.

-      Бірақ кімнен кейін күлгенді білген де жақсы

-      Құдай бізді күлкіден айырмасын

-      Өткен күн елес

-      Келер күн жұмбақ

-      Қазіргі күн қымбат ағайын

-      Олай болса Алтын күз мерекесі тағы да құтты болсын .

 

ШҚО

Тарбағатай ауданы

Үштөбе ауылы 

«Өкпеті» орта мектебі

Сынып жетекшісі

Қошыманова Салтанат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Мерекелік қойылым "Алтын күз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист контроля качества

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 320 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2015 2849
    • DOCX 92.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кошыманова Салтанат Тунгатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 47724
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 160 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Химия и биология")

Учитель химии и биологии

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения курсов биологии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 216 человек

Мини-курс

Стартап: стратегия, развитие, и инвестиции

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов