Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалы"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сыныптан тыс іс-шара

"Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сыныптан тыс іс-шара

Скачать материал

   Сабақтың мақсаты: Оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, ана тілін қадірлеуге үйрету. Шешендік өнерге баулу.

   Сабақтың көрнекілігі: Ана тілі жайындағы кітаптар, ұлы адамдардың айтқан даналық сөздері, компьютермен терілген нақыл сөздер, «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» сайысы – деп жазылған плакат.

   Жүргізу барысы:

   І. Ұйымдастыру кезеңі:

- Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

  «Өнер алды – қызыл тіл» - деп Абай атамыз айтқандай, сіздер «Қазақ тілі апталығы» мерекесіне арналған сөз өнері байқауына «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысын тамашалағалы отырсыздар.

   Ендеше, қошеметтеп, ойынға қатысушыларды ортаға шақырайық.

   Мақал сайысына қатысушылар: 10-сынып оқушылары.

  Ойын шарты: 1. Үйден дайындалып келген 5 мақал айту.

   2. Берілген тақырыпқа мақал құрау.

   3. Мақалдың тіркесін табу.

    ІІ. Берілген тақырыпқа мақал құрау.

    1. Тіл туралы мақал айту: «Өнер алды – қызыл тіл»

   «Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ!», «Басқа пәле тілден»,

   «Бала тілі - бал».

    2. Ас туралы мақал айту: «Ас адамның арқауы», «Асың дәмді болса, көңілің сәнді болар», «Анасын көріп қызын ал, ыдысын көріп асын іш», «Ас бар жерде ауру тұрмайды», «Ас иесімен тәтті».

   3. Жақсылық пен жаманшылық туралы мақал айту:

   «Жақсы бала – сүйік, жаман бала - күйік»,

   «Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,

     Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі».

   4. Ақыл туралы мақал айту: «Ашу асыққанда ақыл басу айтады», «Ақылсыз      

     сұрақ беріп, ақылды жауап күтпе», «Ашу дұшпан, ақыл дос, ақылыңа  

     ақыл қос», «Ас тасыса, қатығы төгілер, Ашу тасыса, ақылы төгілер».

   5. Дос туралы мақал айту: «Дос көбейсе дұшпан аяқ астында», «Алыстағы

       дұшпаннан, аңдып жүрген дос жаман».

   ІІІ. Тіркесін табу:

1.     Тіл тас жарады...

   (Тас жармаса, бас жарады).

2.     Ерді намыс өлтіреді...

(Қоянды қамыс өлтіреді).

3.     Басқа елде сұлтан болғанша...

(Өз еліңде ұлтан бол).

4.     Зейіні бардың...

(бәріне де бейімі бар).

5. Күлме кімге?

(Келер басыңа).

6. Аз сөз не?  Көп сөз не?

7. Талаптыға не жауар?

8. Атаң өлсе өлсін,

    Кім өлмесін?

9. Тіл не жарады?

10. Қандай үй базар?

11. Білмеген не ішеді?

12. Жас келсе қайда?

ІV. Көрермендер көрімдігі:

Төмендегі тақырыпқа екі мақалдан құрау.

1.     Отан туралы

  «Отан үшін отқа түс, күймейсің», «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл».

2.     Ашу, ыза туралы

«Ашумен басталған іс, абыроймен аяқталмайды», «Ашу дұшпан ақыл

 дос. Ақылыңа ақыл қос».

3.     Ар-намыс туралы

 «Мал үшін таласпа, ар үшін талас», «Арлы арына қараса, арсыз жеңдім  

   дер»

4.     Бала туралы

  «Балалы үй – базар, баласыз үй –қу мазар», «Бала тілі – бал»

5.     Денсаулық туралы

   «Денсаулық – зор байлық», «Дені саудың – жаны сау».

   V. Жұмбақ сайысы.

   Жұмбақ сайысына қатысушыларды таныстыру.

   Ойын шарты.

   а) Берілген жұмбақтың жауабын айту.

   ә) Бір-біріне 5 жұмбақ жасыру.

   1. Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ жүреді, ауызы жоқ ұлиды. (Боран)

   2. Қалың киімді ұнатады, шешіндірсең жылатады. (Пияз)

   3. Тіріден өлі туады, өліден тірі туады. (Жұмыртқа мен балапан)

   4. Өмірді өлшейді ешкімнен сұрамай, тіліңді алмайды тетігін бұрамай.    

    (Сағат)

6.     Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта,

Теңселіп, тербеледі адам соқса,

Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен,

Не пайда үндемейді адам жоқта. (Домбыра)

   VІ. Көрермендер көрімдігі.

1.     Жарқылдаған қос қылыш, қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы)

2.     Жаралғанға жабысқан. (Есім)

3.     Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді. (Ауа)

   «Тұз астың дәмін келтіреді, мақал сөздің мәнін келтіреді», «Мақал қайдан

    шығады ой болмаса, киіз қайдан шығады қой болмаса» дегендей, бүгін біз оқушылардың мақал мен жұмбақ жарысын тамашаладық. Жарысқа қатысушы сайыскерлер, өздерінің сөздік қорын байытып, қазақтың мақал-мәтелдерін, жұмбақтарын жақсы білетіндіктерін көрсете білді.

   Құрметті оқушылар, осы жаттаған жұмбақ, мақалдармен шектелмей, мемлекеттік тілімізді құрметтеп, шешендік сөздерді көбірек біліп, тілге шешен, сөзге жүйрік болуға ұмтылыңыздар.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ" сыныптан тыс іс-шара"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Управляющий рестораном

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 129 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.04.2016 1765
    • DOCX 40.5 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Аманова Бибигуль Айкешевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Аманова Бибигуль Айкешевна
    Аманова Бибигуль Айкешевна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21108
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методы билингвального обучения иностранным языкам

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 85 человек

Курс профессиональной переподготовки

Английский язык: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель английского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 63 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

Стратегии клиентоориентированного бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе