Инфоурок Другое Статьи«Михайловская ЖОББМ» КММ К.Ш.Апузова Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларын ауызекі тілін дамыту

«Михайловская ЖОББМ» КММ К.Ш.Апузова Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларын ауызекі тілін дамыту

Скачать материал

«Михайловская ЖОББМ» КММ

 

 

                                                                                          К.Ш.Апузова

 

 

Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларын ауызекі тілін дамыту

Тіл дамыту – қазіргі мектептің оқу тәрбие ісіндегі басты проблема – тіл мен сөйлеу процесін жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан – жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздеріне қолдана білуіне жағдай жасайды. Оқушының тілін дамыту жұмысы, ол баланың жалпы ойын дамыту деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген – білгені туралы күнбе – күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай – ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде ұйымдастырылады.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы білім беру – қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдында тұрған басты міндеттерінің бірі.

Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай отырып, тұлғаны жан – жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр. Алайда, осы іш – шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің нәтижесінде іске асырылады. «Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында» «Жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектін байыту» - дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана емес, тіл дамытудағы өзекжарды мәселелерді де айқындайды.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл дамыту жұмыстары.

Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау қабілетін, сондай – ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. «...барлық жаттығулар оқушылардың тілін дамытуға бейімделе жүргізілуі тиіс. Тіл сабағы негізінен оқушыларымызға тілімізді меңгертуді мақсат етіп қойды. Олай болса, оқу мен жазу сабақтарында әдеби тіліміздің нормаларын сақтау дағдысы бірдей дәрежеде берілуі қажет» - деген ұстанымды басшылыққа алсақ, тіл дамыту жұмыстарына бастауыш сыныптың өзінде – ақ аса назар аударылып келді.

Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорының неғұрлым көп болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді.

Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі оқушылардың сөздік қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр.

Қазақ тіліндегі тіл ұстарту жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын, грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге, тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйреніп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан ө жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағжай жасайды.

Тіл дамыту жұмыстары ауызша – жазбаша жаттығулар, мәтінмен жұмыс, мазмұндама, шығарма, диктант, мақала жазу, мінездеме беру, суретпен жұмыс, сұраққа жауап жаздыру, жоспар жасату, кітап оқу сияқты жұмыс түрлері арқылы іске асырылады. Оқушының сөздік қорын байытып, тілін ұстартуда шешуші рөл атқаратын жұмыстардың бірі – сөздік жұмысы. Сөздік жұмысы арқылы оқушының тіл байлығын молайтумен қатар, дұрыс жазуға да дағдыландыра аламыз.

Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі – шығармашылық тапсырмалар.

Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн жасау. Озық педагогика: әрбір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бала алады. Шығармашыл бала өзінің қабілетін, күш – қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді.

Тамаша педагог В.Сухомлинский: «Шығармашылық арқылы тұлғаның рухани байлығы қалыптасады, шығармашылық адамды адамға тарататын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің, мұғалімнің, ата – ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен қарауға үйрету» - деп атап көрсеткен.

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл дамыту жұмыстарында бірлікте ала отырып жүргізудің тиімлігі зор. Оқушыларды тіл дамыту жұмыстарында шығармашылық жұмыстарға жетелеуде төмендегідей талаптарды басшылыққа алуға болады:

·        Шығармашылық жұмыстар жеке тұлғаның қабілетін дамытуға бағытталды;

·        Білімді өз беттерімен алу іс – әрекеттері көзделді;

·        Шығармашылық ізденістеріне жол ашылды;

·        Оқушылардың қызығушылығына түрткі жасалады;

·        Модель, жоба құруларына, ой еркіндіктеріне т.б. дол ашылады;

·        Іздендіру ,зерттеу жұмыстарына жұмылдандырылады.

Тұжырымдай келгенде, шығармашылық жұмыстар:

·        Оқушының сөздік қорларын, көркем тілдерін байытады;

·        Сауатты жазуға төселттіреді;

·        Теориялық білімді тәжірибеде қолдануға жол ашады;

·        Өз беттерімен ізденуге, шығармашылықпен айналысуға дағдыландырады.

Қорытындылай келгенде, тіл дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауызекі сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауына жол ашады.

Біздің елімізде қазақ тілі мемлекеттік тіл. Соған орай оқу орыс тілінде жүретін дәрісханаларында егемендік еліміздің мемлекеттік тілі – қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие.

Орыс дәрісханалардағы қазақ тілі сабағының білімдік дәрежесі бүтіндей басқа. Өйткені, орыс топтарындағы қазақ тілін оқытудың әдісі де, оған қойылатын талаптары да өзгеше. Мақсаты – оқушыларды қазақша сөйлей білуге үйрету болады да, сол сөздерден сөйлем құрау үшін грамматикалық ережелер, анықтамалар сөз үйретудің техникасы ретінде қарастырылады.

Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу – тәрбие негізі – сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол – сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақ әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән.

Оқытушы сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет. Олардың жобасы төмендегідей:

1.     Оқушылардың сабаққа бар зейіндерін аударып және ықыласпен, ынта – жігермен тыңдауын ұйымдастыру.

2.     Сабақтың тақырыбына сай мақсатын нақтылай білу.

3.     Оқытушының тақырыпты терең және жан – жақты меңгеруі.

4.     Мұғалімнің материалды жеткізу шеберлігі, сезімі, тиімді әдіс – тәсілдері.

5.     Көрнекі құралдардың нақтылығы, әсерлігі, мазмұндылығы.

6.     Мысалдардың өмірмен байланыстылығы, баланы ойлантуға, сөйлетуге, тәрбиелеуге ықпалы.

7.     Топпен, жеке оқушымен жұмыстың жандылығы, әртүрлілігі.

8.     Бағалау, оның тәрбиелік мәні.

9.     Үй тапсырмасы уақытында түсіндіріп, үлгісін беру.

10. Осылардың ең бастысы – сабақтың жүйелігі.

Оқытушының іскерлік сапасына төмендегідей талап – міндеттер қойылады:

·        Сабақтың мақсаты айқын болуы.

·        Материалды жан – жақты әрі түсінікті баяндауы.

·        Басты мәселені бөле көрсетуі.

·        Аудиторияны пәнге қызықтыру.

·        Мәселе қозғап, пікір – сайыс туғыза білу.

·        Баяндау тәсілі жүйелі әрі қисынды болуы.

·        Сөйлеу мәдениетінің тартымдылығы, сөздерді анық айтуы.

·        Алған материалдардың өмірмен байланысты, әрі тәрбиелік мәнінің маңызды болуы.

·        Сабақта дидактикалық материалдардың жеткілікті болуы.

·        Көрнекі құралдардың барлығы.

·        Техникалық құралдар қолданылуы.

·        Үйге тапсырма уақытылы, әрі дұрыс берілуі.

·        Оқушылардың қателіктері дер кезінде түзетіліп отыруы.

·        Бағалау нормалары сақталып, әділ бағалануы.

Әр сабақта осыларға қоса педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық талаптар қарастырылады.

Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.

1.     Оқыту, яғни білім беру мақсаты. Ғылыми – теориялық жағынан не айтуға тиіспіз? Ол қандай мөлшерде, қалай қабылдату керек?

2.     Үйрету. Осы білгенін практикада қолдана ала ма? Ережеге байланысты тапсырманы қиналмай орындауы керек.

3.     Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең – тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс – тәсілдер арқылы көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.

4.     Оқушылардың ой –өрісін шыңдай отырып, өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт – бағдар беру. Ғылымға қызықтыру, сапалы білім алуына, сол пәннен алынатын міндетті білім дағдыларын меңгеруіне дұрыс бағытта жол ашу үшін, әр пән  оқытушысы сол пәннің өзіне тән ерекшелігіне, сол пәнге тән оқытудыңпринциптеріне баса көңіл бөлген жөн. Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқитын оқушы өзіне таныс емес тілдің дыбыстық құрамын, дыбыстардың айтылунормасын, дыбыстық заңдылықтарын, оның грамматикалық құрылысын игеруге, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін түсінуге, жеткілікті дәрежеде сөздік қорын меңгеруге тиісті және қазақша сөйлеуге жаттығып, қазақ тілінде қарым –қатынас жасай алуы қажет. Тыңдаушыны мұндай дәрежеге жеткізу үшін, оқытудың өзіндік тәсілдері мен амалдары, жолдары бар. Қазақ тілін орыс аудиториясына оқыту әдістемесінің ғылыми тұрғыдан зерттелу тарихы ұзақ емес. Сондықтан оқыту әдістемесі бұрыннан қалыптасқан шет тілдерін оқыту, орыс тілін оқыту әдістемелерін оқытып, үйренуіміз керек.

Қазақ тілін басқа тілді дәрісханаларда оқыту барысында қазақ тілінің өзіндік басты ерекшеліктерін назарда ұстауымыз керек. Қазақ тілі сөз жасау жағынанжалғанбалы (АГГЛЮНАТИВТІ тілдер тобына жататыны бәрімізге мәлім). Сол себептен де қазақ тілінде жұрнақ түрлері көптеп саналады, сонымен қатар төрт түрлі жалғаудың беретін өзіндік мағынасы, сөзге жалғану кезіндегі варианттары да жеткілікті. Қазақ тілін оқытуда жақсы нәтижелерге жету үшін, мынадай басты бағыттарда жұмыс түрлерін жүргізген тиімді. Ең бастысы – қазақ тілінен тілдік қорын молайту. Ол үшін сөздік жұмыстарын үнемі жүргізу. Қазақ тіліндегі сөздер көп мағыналы және синонимдер мен омонимдерге бай. Сөйлемде осындай сөздердің мағынасын ажырата білуге, оларды тиімді қолдана білуге үйрету, студенттің тілдік қорын байыту оң нәтижелер береді.

Оқушылардың сөздік қорын байытудасөздік жұмысының алатын орны ерекше, сабақ процесінде сөздік қорды байытудың мынадай жолдарын пайдалануға болады: мәтін бойынша сөздік қорын байыту.

Сөздік жұмысының енді бір саласы – әңгіме, өлең оқып, мақал – мәтіл, жұмбақ жаттаумен байланысты.

Әр сабақта жаңа сөздерді, сөз тіркестерін үнемі сөздік дәптерлеріне жазуын, жатталып отырылуын қадағалап отыру қажет.  Әр сабақта игерілген жаңа сөздер ауызша, жазбаша сөзде үнемі қолданылып отырғанда ғана сөздік жұмыстары нәтижелі болады. Сөздікпен жұмыс грамматикалық анықтамалар, жаттығу жұмыстарын, суретпен жұмыста, өлең, жұмбақ түсіндіргенде, сұрақтарға жауап бергенде де жүргізіліп отырады.

Жеке адамды қалыптастырып дамыту және оған жан – жақты терең білім беру мақсатында көптеген білім беру технологиялары ұсынылуда: дамыта оқыту технологиясы, саралап оқыту технологиясы. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін өздігінен жұмысістеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру, белсенділігін арттыру барыссында проблемалық сұрақтарды пайдалану, проблемалық ситуациялар туғызу. Тиімді оқытудың негізгі бір шарты – білімнің мазмұнын дәл, тиянақты анықтау. Негізгі ұғымдар мен мәселелерді, теория мен фактілерді қажеттілігі мен тиімділігіне сай іріктей білу, өз бетімен оқи білуге, білім алуға үйрету.

Уақыт талабына сай қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттерін, оқушыларды сауатты жазуға, ойын, сөзін еркін сөйлеп, білікті, жан – жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеуді, қазақ тілін оқыту әдістемесін педагогика ғылымдарының жетістіктермен ұштастыра білген, шығармашылықпен еңбек ететін, ғылыми дүние танымы кең ұстаз ғана атқара алады. Қазақ тілі сабағы құрғақ өтілмей мәдениетті сөйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшін, әрбір категорияның өмірде қолдану аясын ашатындай мақсат қойылуы керек. Бұл мәселені бүкіл сабақ процесіне сіңіріп, қайталап отыру керек.

Білімді меңгерту – оқушылардың танымдық талдау жасай отырып оны орынды пайдалана білуі арқылы жүзеге асатын құбылыс. Бұл олардың есте сақтау, ойлау, даму қабілеттерін арттырады.

Қазақ тілі сабағында әдістерді тиімді пайдалану арқылы студенттердің білімге деген қызығушылығын арттыру, терең ойлау қабілетінің белсенділігін қалыптастыру, оқытудың жаңа технологиясы арқылы жүзеге асып келеді.

Бұл бағдарламаның қолдануға өте тиімді ғылыми негіздері ретінде Л.С. Выготский, Д. Дьюи, Ж. Пиаже еңбектерін атауға болады. Сын тұрғынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің әр түкпірінен жиналған білім берушілердің еңбектерінің жиынтығы.

«Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы:

Сабақты жүргізу барысында стратегиялардың барлығы үш кезең арқылы жүзеге асатын тиімділігімен; мұғалімнің сапалы сабақ өткізуіне мүмкіндік туғызу; оқыту мен ұйымдастырудың тиімді әдіс – тәсілдерінің молдығымен; ғылыми – теориялық тұжырымдамаларының тереңдігімен.

Сын тұрғысынан ойлану сабақтарындаоқыту, үйрету емес, үйренуіне көмектесу жүзеге асырылады. Бұл жүйе оқытуды жаңаша ұйымдастырудың негізгі міндеттерін жүзеге асырады. Ұжымдық іс – әрекет білім игеруде ортақ қарым – қатынас құралына айналады. Білім алу мұғалім көмегімен оқушылардың білім деңгейіне қарап сараланып, өз еркімен жүзеге аса бастайды.

Қазіргі кезеңнің ең басты ерекшеліктерінің бірі ретінде жеке тұлғаның көзқарастары мен болмысына көңіл қоюдың артуын атап өту керек. Бұл бағдарламаның негізінде студенттердің білімдіигеру идеясы жатыр. Оқушы пікірін бағалау, тыңдай білу.

Білім беру – оқыту мен тәрбиелеудің үздіксіз процесі. Қазіргі кездегі білім берудегі мақсат – жан – жақты, білімді, өмір сүруге бейім, өзіндік ой – толғамы бар, қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру, мұғалімнің оқыту кезіндегі билік жүргізу әдісіне арлуы; оқыту кезінде білім беретін мұғалім емес, осы білімді қызыға қабылдауға дайын студент екендігі, студенттердің оқуға деген ынтасын күйшейту, өз дербестігін дамыту.

Дамыта оқытудың В.В. Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс – тәсілдері де студенттердің белсенділігін ұйымдастыруды, талдап, көмектесіп отыруды көздейді.

Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. Әр студентке өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік береді, жауаптар тыңдалады.

Дамыта оқыту жүйесінде мұғалім мен оқушы арасындағы қарым – қатынас жаңа қағидаларға негізделеді. Олар – ынтымақтастық, өзара сыйластық қасиеттер. Бұл технологияның маңызды тағы бір ерекшелігі – оқушыларды жақсы жаман деп бөлмей, барлық оқушылардың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызу. Нашар оқитын оқушының да шамасы келгенінше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Жеке басын құрметтей отырып, білім беру – қазіргі оқытудың негізгі талабы.

Оқушының білім дағдысына қойылатын талаптар:

·        Сөздерді дыбыстық құрамына қарай талдау;

·        Дауысты дыбыстарды, дауыссыз дыбыстарды ажырата білу;

·        Сөздегі буындар санын анықтау;

·        Әліпбидің қатарын жаттау;

·        Сурет мазмұнын қазақша айтуға жаттығу;

·        Орын тәртібі ауысқан сөйлемдегі сөздерді дұрыс қалыпқа келтіре білу;

·        Мәтіннен қажетті сөйлемдерді таба білу;

·        Тірек сөздер бойынша әңгіме құрастыру;

·        Жоспар, сұрақ бойынша әңгіме айтуға жаттығу;

·        Мәтін бойынша сұрақ қоя білу;

·         Мәтінді түсініп, дұрыс мәнерлеп оқуға дағдылану;

·        Мәтінді дауыстап оқу, ішінен оқу;

·        Мәтіннің мазмұны бойынша сұраққа жауап бере білу;

·        Тыңдау, есту арқылы түсінгенін айтқызу;

·        Түрлі жағдайларға байланысты әңгіме жүргізе білу;

·        Тапсырма шарттарын түсініп орындау;

·        Шағын өлең, мақал, жұмбақтарды жатқа айту;

·        Жаңылтпаштарды жылдам оқып, мазмұнына түсіну;

·        Шағын әңгіме, мазмұндама, шығарма жазуға төселу.

Орыс мектебінде оқылатын қазақ тілінің мақсаты – оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілет мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, қазақ халқының әдет – ғұрпын, тарихын танып талаптандыру, Отанды сүюге, тілін құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушыларды қазақ тілін оқу барысында мұғалімнің қойған сұрақтарын түсініп, оған жауап беруге, үйренген сөздерін дұрыс айтуға, әсіресе, құрамында қазақ тіліне тән дыбыстары бар сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құруға үйрету.

         Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік тілдің оқыту сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударды: «Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып қазақ тілін оқытудың қазіргі заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет. Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік инновациялық, әдістемелік, тәжірибелік оқу – құралдарын әзірлеу керек». Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдарымыз айтып, осылардың кейбіреулері біздің білім беру жүйемізге еніп, тәжірибемізден орын алуда. Осы тұрғыда, қазіргі кезде мемлекеттік тілді игеруде көптеген педагогикалық технологияларды қолданып, оңтайлы жетістіктерге жетуге болады.

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде оқушыларға қазақ тілін үйретуде тіл дамытуды грамматикадан бөле жарып қарастыру мүмкін емес, біріншіден белгілі бір тақырыптарға, екіншіден сөз таптарға қарасты болады, яғни тіл дамыту грамматикамен тығыз байланысты. Кейбір грамматикалық түсініктемелер, жаттығу шарттары орыс тілінде берілетіндіктен, салыстырмалы грамматикаға байланысты мәліметтер де қамтылады. Қазақ тілі сабағындағы тіл дамыту жұмыстарын мынадай әдіс – тәсілдер арқылы жүзеге асырамын.

         Ол – сұрақ – жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, түсінігін айту, көрнекілік, аударма, кітаппен жұмыс, мәтінмен жұмыс әдістері. Әр сабақ сайын тақырыпқа сай көрнекі құралдар, түрлі суреттер, кестелер, видео касеталар, тақырыптар бойынша электронды оқулықтармен сабақты көркемдеп отырса, оқушылардың тілі біршама дамитынына сенімдімін. Заман өзгерген сайын әдіс – тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отырады. Өз тәжірибемде әр түрлі жаңа технологияларды, оның әдіс – тәсілдерін қолданып жүрмін, көбіне М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолданамын, өйткені тиімді қолдану білім сапасын көтеруде мол әсерін тигізеді. Мемлекеттік тілдің қоғамдағы орнын көтеру үшін бүкіл жүйе болып жұмыс істеуіміз қажет. Осындай күрделі де ауқымды мәселені шешу үшін тілді дамытуды граммматикамен байланыстыра оқытудың мынадай әдіс – тәсілдері жайлы айтқалы отырмын.

         Түсіндіру әдісі – жаңа сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді түсіндіруде қолданылады. Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер бойынша, яғни сөздік жұмысында іске асады. Сондай – ақ қазақ тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері (алфавит бойынша қазақ тіліне тән ерекше дыбыстарды, дауыты дыбыстардың жуан, жіңішке, ал дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігі, екпіннің соңғы буынға түсіп, не істейді? Сұрағына жауап беретін сөздердің сөйлем соңында тұратындығы, жалғау, жұрнақтарының жуан, жіңішке, екі вариантта болатындығы, кім? Сұрағының тек адамға қойылатындығы, ма, ме, ба, бе, па, пе деген қосымшалардың бірде жұрнақ, бірде сұраулық шылау болатындығы, т.б.) түсіндіріледі.

         Болымсыз етіктік жұрнағы                       Сұраулық шылау:

-ма, -ме,- ба, - бе, -па, -пе                                    ма, ме, ба, бе, па, пе

Отыр – отырма                                                   Сенен сабақ сұрады ма?

Жүр – жүрме                                                      Ол келді ме?

Үз – үзбе                                                            Ерте келдің бе?

Айт – айтпа                                                        Жазып па?

Күт – күтпе                                                         Күліп пе?

 

         Берілген сөздерді жуан және жіңішке дыбыстарына қарай екі бағанға бөліп жазыңдар.

Қазақстан, сәлем, қайырлы, күн, кеш, түн, қазақ, кәріс, ұлт, Алматы, Қарағанды, өте, жазу, аты, жас, туған жыл, мен, кім, азамат, қайда?

         Практикалық әдіске ойнау элементтері бойынша тіл үйрену кіреді. Дидактикалық ойындар оқушылардың білімін бекітіп, сөздік қорын молайтады, сөз, сөз тіркесі, сөйлемдерді дұрыс құрастыруға, жалғауларды дұрыс қоюға жаттығады.

Жақшаны ашып, сөйлемдерді дұрыс көшіру

         Мен мектеп... (-та, -те) оқимын. Мектеп... (-та, -те)үлкен кітапхана бар. Одан түрлі қызық кітаптар (-ты, -ті, - ды, -ді) алуға болады. Кітапхана (-та, -те,- да, -де) көп газеттер мен журналдар бар.

Жақшаны ашып, дұрыс жалғау жасап көшірту.

Біз мұғалім... (-мен, -бен) хайуанаттар бағына бардық.

Біз құстар ... (-дың, -дің), жануарлар (-дың, -дің) бірнеше түрін көрдік.

Жануарлар ... (-дың, -дің) мінездері әртүрлі.

Олар түрлі тамақ ... (-бен, - пен) қоректенеді.

         Көрнекілік әдіс – сабақ сайын жүргізілетін әдіс. Басқа тілді үйретуде ең нәтижелі және жиі қолданылады. Суреттер мен заттарды көрсету арқылы сөздерді үйретуге болады. Көрнекілік тақырыпқа сай, көзге тартымды, яғни эстетикалық жағынан жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек.

Мысалы: «Ұлттық киімдер» тақырыбын өткен кезде киімдердің суретін көрсету арқылы жүзеге асып отырады. Әр түрлі тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін үйретуге болады. Бұл әдіс – «Мектеп өмірінен», «Жыл мезгілдері», «Өзім туралы», «Қазақ өнері», «Спорт» тақырыптарында жүзеге асады.

         Сұрақ - жауап әдісі. Балалардың тілін дамыту үшін маңызды әдістің бірі. Бұл әдісті қай сыныпта болмасын, сабақтың қай кезеңінде болмасын қолдануға болады, өте белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ дайындайды.

         Тіл дамыту оқушылардың ақыл – ойы кеңейеді, адамгершілік, эстетикалық тәрбие, бір – бірмен достық қарым – қатынас мәселелері де дұрыс жолға қойылады.

         «Тіл дамыту дегеніміз – тілдік норманың жетілу, ширау, даму дәрежесі» - деп түсіндіреді тіл ғылымдарының ғалымы М. Балақаев. Тілдік норма жетілу үшін оқушының ауызекі сөйлеу тілін, жазба тілін дамыту керек. Осы мақсатта тіл дамыту оқушыларға еркін тақырып аясында ауызша мәтіндер құрастыруға, өздері оқыған шығармаларын мазмұндап, көркемдеп баяндауға, ертегі, әңгіме құрауға үйренеді. Сөйлеу арқылы ауызша тіл дамыса, еркін тақырыпқа жазылған мақала, эссе, ойтолғау, әңгіме, мазмұндама, шағын шығарма жазу арқылы жазба тілді дамытуға болады. Әр сыныпта белгілі бір тақырыптар қайта қайталағанымен оқушылар жас ерекшелігіне қарай жұмыс көлемі күрделенетіні анық. Осы жұмыстардың ішінде сабақ барысында өте жиі қолданылатын мәтінмен жұмыс.

         Қазақ тілі сабағында жүргізілетін басты жұмыстар – балаларды қазақша сөйлетіп үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір – бірімен сөйлестіру, оқығандарын ауызша айтқызу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Міне, осыған орай оқулықтағы мәтіндер, жаттығулар, өлең, жұмбақтар оқу, ауызша әңгімелеу, тіл дамыту және грамматикалық тұлғаларды меңгертіп, қазақ тілінде дұрыс сөйлеу үшін пайдаланылады және соған лайықталып беріледі. Кітаптағы мәтіндердің күрделілігі сол мәтіндермен жұмыс істейтін оқушылардың білім деңгейіне сай болу керек. Осыған байланысты мәтінмен жұмыс істеуді түрлі әдістермен жүргізуге болады:

·        Интерактивті тақта арқылы;

·        Мұғалімнің кіріспе әдісі;

·        Мәтінді мұғалімнің оқу;

·        Сөздікпен жұмыс жүргізу;

·        Мәтінді оқушылардың оқуы;

·        Мәтінді оқығаннан кейін қысқаша әңгіме өткізу;

·        Мәтінді бөліктерге бөле оқыту;

·        Мәтінді рөлге бөліп оқыту;

·        Мәтінге тақырып қою, оның мәнін түсіндіру.

Міне, осындай жұмыс түрлерін өткізе отырып, мәтіндермен жұмыс жүргізу кезінде оқушылардың ой – өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Есте болатын бір жағдай оқушылар сабақта жалығып кетпес үшін жаңа сөздерді жаттау, есте сақтау, тіл дамыту жұмыстарын үнемі түрлендіріп отыру міндет. Өтілген сөз, сөз тіркестерін, сөйлемдерді үнемі қайталап отырмаса, тез ұмытылады. Сондықтан жаңа сөздерді үй тапсырмасын тексергенде, суретпен жұмыс жүргізгенде, мәтін оқығанда, сұраққа жауап бергенде, яғни сабақтыңбарлық кезеңінде үнемі қайталап, еске түсіріп отырған жөн. Сабақты тиімді де құнды әдістермен өткізу және оны жүйелі де жоспарлы жүргізу сабақ элементтерінің толық қатысуына мүмкіндік береді. Қазіргі педтехнология талаптары оқушыға білім берудің ең тиімді, ұтымды жақтарын тыңдауды талап етеді және үнемі дамыту, жетілдіру, толқтыру сабақ сапасын арттырады. Оқушыны да, мұғалімді де шығармашылыққа итермелейді. Сөйтіп, жоғарыда аталған әдіс – тәсілдерді қолдана отырып, мұғалім әр сабақта оқушыға жағдай жасап түрлі технологияларды жүйелі қолданып, оларды шығармашылықпен пайдалана білсе, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Сондықтан да осындай әр түрлі тіл дамытуды грамматикамен байланыстыра оқытудың әдіс- тәсілдерімен жұмыс жүргізгенде оқушылардың ой – өрісін дамытуға, терең білім алуларына мүмкіндік туады. Сонымен «Адам мақсатына өзін –өзі жетілдіру арқылы жетеді» - деп Әбу Насыр Әл Фараби айтқандай, тіл дамыту жұмыстарын грамматикамен байланыстыра оқытудың әсері мол. Тіпті жақсы білу – толеранттылық мәдениетін қалыптастыруға негіз болатын маңызды фактор.

Соңғы жылдары қазақ тілінің мәртебесі өсіп, оның әрекет ету аясы кеңейді. Бұған басты себеп – қазақ тілінде білім беру кеңістігінің ұлғайып, сапалы білім берілуі деп білемін. Қорыта келгенде тіліміздің мәртебесі – еліміздің мәртебесі, сондықтан сауатты, мемлекеттік тілді жетік білетін азамат тәрбиелеу біздің мақсатымыз. Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана, орыс тілді мектептердегі оқушылардың қазақша сөйлеу дағдылары қалыптасып, пәнге деген қызығушылықтары артады. Еліміз жыл сайын білімді, ақылды жасөспірімдермен толығып келеді. Ендеше, болашаққа деген сенімділікке бізде мол.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Михайловская ЖОББМ» КММ К.Ш.Апузова Қазақ тілі мен әдебиеті сабағында оқушыларын ауызекі тілін дамыту"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 263 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 24.01.2018 849
    • DOCX 31.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Апузова Корлан Шаймуратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Апузова Корлан Шаймуратовна
    Апузова Корлан Шаймуратовна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9114
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Особенности патриотического воспитания

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 22 человека из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 50 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе