Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Статьи / Мәліметтер 7сынып сабақ жоспары

Мәліметтер 7сынып сабақ жоспары


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Мұғалім: Турумов М

Мерзімі:

Пән аты: Информатика

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: Мәліметтер.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, өрнектер және айнымалылар туралы толық мағлұмат алуына көмектесу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың атауы:

Мәліметтер типі. Өрнек. Айнымалылар.

Сілтеме:

Информатика-9 Бөрібаев, Нақысбеков,Мадиярова, қосымша ресурстар, РР презентация, электрондық оқулық

Жалпы мақсаты:

Оқушыларға Паскаль программалау тілінің алфавиті, тілдің қарапайым объектілері, мәліметтер типтері, өрнектер және айнымалылар туралы толық мағлұмат беру.

Оқу нәтижесі:

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен оқуды ұйымдастыру арқылы информатика пәнінің білім сапасының көрсеткішін жоғарылату.

Негізгі идея

Жеті модульді ықпалдастыра отырып, табысты оқыту мақсатына жету.

Дереккөздер:

Оқулық, дереккөздері, электронды оқулық, презентация.

Тапсырмалар:

  1. Тренинг

  2. Ой қозғау сұрақтары

  3. Үй жұмысын тексеру

  4. Топқа бөлу. Топпен жоба құру.

  5. Қорғау

  6. Қорытынды. Бағалау.

  7. Рефлексия.

Кейінгі тапсырмалар:

2.5 тақырыпты оқу.

Бағдарлама жазып келу:Автомобилмен бақшаға барып келуге жұмсалатын шығынды есептеу. Бастапқы берілгендер: арақашықтық, жанармай мөлшері, оның бағасы .


р/с

Кезеңдер

Уақыты

Негізгі идеялар

1

Тренинг

5 мин

Ынтымақстастықты тудыру. Жас ерекшеліктерін ескеру.

2

Ой қозғау сұрақтары


3 мин

Сын тұрғысына ойлау

3

Үй жұмысын тексеру


7 мин

Формативті бағалау

4

Топқа бөлу. Топпен жоба құру.

8 мин

Сын тұрғысына ойлау. Диалогтық оқыту. Талантты және дарындыларды оқыту.

5

Қорғау


15 мин

Көшбасшылық және басқару. АКТ қолдану.

6

Қорытынды. Бағалау.


5 мин

Суммативті бағалау

7

Рефлексия.

2 мин

Өзін өзі реттеу


Сабақтың барысы:

1. Тренинг «Сөйлегіш қолдар» - Бірлескен ынтымақстастық құру.

Оқушылар екіге бөлініп, ішкі және сыртқы шеңберге тұрады. Ішкі шеңбер оңға, сыртқы шеңбер солға қозғалады да жүргізушінің айтқанын орындайды, мысалы: амандасамыз, қолымызбен күресеміз, шапалақ ұрып ойнау, қош айтысу, достасу, жанашырлық көрсету, арқасынан қағу, құшақтасу, екі қолмен амандасу т.б.

2. Ой қозғау сұрақтары. Миға шабуыл. – Сын тұрғысында ойлауды дамыту

  • Паскаль тілі қай жылдардан бастап қолданыла бастады? - 1968-71жж.

  • Паскаль тілінде программа неше бөліктен тұрады? - 3

  • Ғ10 пернесінің қызметі қандай? - мәзір жолы белсенділенеді.

  • Ғ5 пернесінің қызметі қандай? – редактор терезесі үлкейтіледі және жималанады.

  • Паскаль тілінде программаны тексеру қай перненің көмегімен орындалады?

  • АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады? – қолданушы экранын қарау.

  • Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады? - Ctrl+F9

3. Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру


1. «Алгоритм» атауы қайдан шыққан?

А) Мұхаммед әл-Хорезми атының латынша айтылуынан

Б) Латынның algoritm сөзінен

Ә)Мұхаммед әл-Хорезми атының арабша айтылуынан

В)әл-Фараби атының латынша айтылуынан

2. Алгоритм дегеніміз не?

А) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысында орындалатын әрекеттері

Ә) Қоршаған ортада болып жатқан түрлі құбылыстар

Б) Орындаушының белгілі бір мақсатқа жету барысындағы ретімен орындалатын түсінікті дәл ұйғарым

В) Алғашқы берілген мәліметтерді пайдаланып жұмыс жасау

3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін көрсет

А) алгоритмнің айқындылығы, түсініктілігі, тиістілігі

Ә) алгоритмнің айқындылығы, үздіктілігі, жалпыға бірдейлігі, нәтижелігі, формальді орындалуы

Б) алгоритмнің үздіктілігі, түсініктілігі, тиістілігі, мақсаттылығы

В) алгоритмнің айқындығы, мақсатталығы, тиістілігі, жалпыға бірдейлігі

  1. Блок-схемада қандай геометириялық фигураларды қолданбайды?

А) тіл төртбқрыш, ромб Ә) стрелкалар, параллелограм

Б) ромб, параллелограм В) шеңбер, үшбұрыш

5. Алгоритмнің түрлерін көрсет

А) сызықтық, тармақталу, көрсеткіштік

Ә) тармақталу, қайталану, шарттық

Б) сызықтық, тармақталу, циклдік

В) циклдік, қайтьалану, шарттық, сызықтық

6. Паскаль программалау тілінің авторы кім?

А)Блез Паскаль Ә)Никлаус Вирт

Б) Н. Верджино В) Чарльз Беббидж

7. Паскаль тілінде бағдарлама қандай түйінді сөзден басталады?

A) INT (X) Ә) begin Б) Program В) end

8. Паскаль тілі қай жылдары жасалды?

А) 1970 жылы пайда болып, 1979 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты

Ә) 1968-1971 жылдары

Б) 1980 жылдардың ортасында

В) 1963 жылы пайда болып, 1966 жылы өзгерістерімен жарыққа шықты

9. Паскальда атау символдары ретінше неше символ қолдануға болады?

А) 42 Ә) 33 Б) 26 В) 2

10. 10 DIV 3 – функциясының мәні неге тең?

А) 2,8 Ә) 3 Б) 5 В) 1

11. := қандай белгі?

А) теңдік Ә) айнымалыларды салыстыру

Б) меншіктеу В) бөлу.

12. 10 MOD 3 – функциясының мәні неге тең?

А) 2,8 Ә) 3 Б) 5 В) 1


Жауаптары:

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жауап

а

а

ә

ә

б

ә

ә

ә

б

ә

б

в


Бағалау парағы:

+12 – «5»;

+10-11-«4»;

+7-9 – «3»;

+0-6 – «2»


4. Пазл жинау арқылы топқа бөлу. Жоба құру – Дарынды, талантты және оқуға ынтасы төмен оқушымен жұмыс. 15 баланы 3 топқа бөлу


1 топ – Мәліметтер типі.

2 топ - Өрнек.

3 топ – Айнымалылар.


5. Жобаны қорғау - әр топқа 5 минут.

6. Бағалау

7. Рефлексия – смайлдарға ұсыныс жазылған стикер жапсыру арқылы.

8. Үй тапсырмасы: 2.5 тақырыпты оқу.

Бағдарлама жазып келу:Автомобилмен бақшаға барып келуге жұмсалатын шығынды есептеу. Бастапқы берілгендер: арақашықтық, жанармай мөлшері, оның бағасы


Қосымша ресурс

Мәліметтер типі.

Мәліметтердің немесе шамалардың типі дегеніміз олар қабылдайтын мәндердің сипаттамасы. Мысалы: мектеп –деген шама «оқушы», «ұстаз», «Ш. Уәлиханов» дегендей мәндер қабылдауы мүмкін. Мектеп шамасына «мұқит» немесе «трактор» деген мәндер беру адами түйсік тұрғысынан ыңғайсыздақ тудырады. Ал, Паскальды жасағанда, айнымалының типі қандай болса мәндер соған сәйкес болуы үшін типтер қолданылаған. Сондықтан типі бүтін деп көрсетілген айнымалыға ондық бөлшек сан меншіктей алмайсыз. Ондай жағдайда экранға «қате» деген белгі шығады.

Паскаль тіліндегі стандартты типтер былай бөлінеді:

Т И П Т Е Р

Қ А Р А П А Й Ы М


К Ү Р Д Е Л І

Бүтін сан (integer)

Нақты сан (Real)

Символдық шама (Char)

Логикалық шама (Logocal)

Мәтіндік шама (Text)

Жиымдар (Array)

Файлдар (File)

Жазбалар (Record)

жиындар (set)

Типтер программаның сипаттау бөлімінде атаулармен бірге көрсетіледі.

2. Пайдаланушының типтері. Бұлардан басқа программа жазушы өз типтерін де енгізуі мүмкін. Оны пайдаланушының типтері дейміз. Қосымша типтер программаның сипаттау бөлімінде көрсетіледі. Оны type түйінді сөзінің көмегімен былай жазамыз:

tеype <тип атауы> = <тип мәні>;
мысалы: tеype oryn=(soljak, orta, onjak)

2. Сандардың типтері.

Нақты сан типтері

Byte

0 – 255

Real

±1.7E38

Shortint

-127 – +127

Single

±3.4E38

Integer

-32768 -  +32768

Double

±1.7E308

Word

0 – 65535

Extendet

±1.1E4932

longint

±2147483648

Copm

-2E63-1 …  2E1063+1

3. Логикалық типтер (Boolean –деп көрсетіледі) екі мән қабылдайды 1-ақиқат (true), 0 – жалған (false).
Мысал: var x:bolean;

4. Символодық типті char деп белгілейді. Мысалы: ‘a’, ‘x’, ‘п’.
var x:char; х-айнымалысы тек символдарды ғана қабылдайтын типте тұр.
Мәндері сөз немесе сөйлем болатын айнымалының типін string деп көрсетеді.
Мысалы: var x:string; x:=’мектеп’; деп жазуға болады.

5. Саналатын тип стандартты типке жатпайды. Бұл типке жататын айнымалының элементтері өз ара ретпен орналасады. Мысалы:
атау=(1-идентиф, 2-идентиф,…,n-идентиф );
kunder=(‘дүйсенбі’, ‘сейсенбі’, …, ‘жексембі’);
ailar=(‘қаңтар’, ‘ақпан’,…, ‘желтоқсан’);

6. Диапазондық немесе ауқымдық типте шама қабылдай алатын мәндернің алғашқысы мен соңғысы арасына екі нүкте қойып көрсетіледі. Мысал: apta=1..7; ai=1..31; jyl=1..12; …



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 11.11.2016
Раздел Информатика
Подраздел Статьи
Просмотров158
Номер материала ДБ-341202
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх