Инфоурок Классному руководителю Конспекты"Мүшел жас - мерейлі жас" ашық тәрбие сағаты

"Мүшел жас - мерейлі жас" ашық тәрбие сағаты

Скачать материал

Пәні: Тарбие сағаты

Сыныбы:  7           

Сынып жетекші: А.Қ.Сейпулла                                                                                                            

«Он  үште - отау  иесі»

Сабақтың тақырыбы:  Мүшел жас – мерейлі жас!

Сабақтың мақсаты: Мүшел туралы қызықты пікірлермен балаларды таныстыру. Мүшелде қандай сыр бар, ол қандай сөзден шыққанына түсінік беру. Балаларды алғашқы мүшел жасына сипаттама беру. Оларды ата – аналарын сыйлауға, мейірімділікке, әдептілікке, достарын сыйлауға, сыйластыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:

Сабақтың әдісі:

Сабақтың көрнекілігі: Слайд, шарлар, жыл басы туралы суреттер

Сабақтың барысы:                І. Ұйымдастыру бөлімі.

-         Оқушылармен амандасу, түгендеу

-         Оқушылардың назарларын сабаққа аудару, баулу

Әнұран орындау

Психологиялық дайындық. Гүл сыйлау арқылы бір – бірлеріне таңғы тілектерін айту. Бүгінгі күндеріне сәттілік  тілеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

*     Кіріспе сөз

*     Мүшел жастың тарихы, қасиеті туралы

*     Әр мүшел жасқа тоқталу /13 жас, 25 жас, 37 жас, 49 жас, 61 жас, 73 жас, 85 жас/

*     Сөз тапқанға қолқа жоқ. /Мақал – мәтел жалғастыру/

*     13 жас бізге не берді? /Ойтолғау/

ІV. Кіріспе бөлімі

*     Мұғалім сөзі:  Құрметті оқушылар бүгінгі біздің өткелі отырған ащық тәрбие

сабағымыз ата – бабамыздан қалған, бізге жеткен қызықты деректер мүшел жас туралы. Қазақтың ырымы, наным сенімдерінің бірі – мүшелді бәрің білетін боларсыңдар? Адамның ең бірінші мүшел жасы мектеп табалдырығында өтетіндіктен мүшел жастың мән мағынасын аша отырып, осы 13 жасқа дейінгі алған, үйренген, білімдерін көрсету. Мүшел жасты анықтағанда бір ерекшелікті ұстаған жөн, яғни бала 13 жасқа толғанда бір мүшел деп қайырады, кейінгілерге 12 жылдан қосылып отырып береді. 13 жас, 25 жас, 37 жас, 49 жас, 61 жас, 73 жас, 85 жас деп адам жасын оңай шығарады. «Он үште отау иесі» - дейді қазақ. Бұл сөздің мағынасы осы жаста отау құру емес екен. Он үштесің ержеттің, енді мектебімізде сапалы білім алып, саналы тәртіп көрсету. Білім жағынанан да, өнерде де, спортта да үнемі алда болып алтын ұя мектебіздің мәртебісін арттыра беру. Мүшел есебіндегі жылдар рет саны бойынша аталмайды. 12 түрлі хайуанның атымен аталады екен әр жылға бір хайуанның аты берілген.

 

 

 

 

 

 

                                                              Доңыз

                                         Ит                                          Тышқан.

                                                                                          

                            Тауық                                                         Сиыр

 

                        Мешін                                                                 Барыс

 

                              Қой                                                           Қоян

 

                                    Жылқы                                        Ұлу                                                                                    

                                                             Жылан

V. Мүшел жастың тарихы, қасиеті туралы

*     Мұғалім сөзі:  Мүшел дегеніміз – қазақтың және жалпы шығыстың жыл санаудағы 12 жыл.

«Жыл қайыру» туралы аңызды білесіңдер ме?

Ертеде түркі қағандарының бірі өзінен бірнеше жыл бұрын өткен атышулы бір соғыстың тәсілін үйренбекші болады. Бірақ ол соғыс қай жылы өткенін білмей әбден шатасады. Содан қаған өзінің қауымына былай депті, - «Біз тарихымызды анықтаудан көп жаңылыстық, ал бұдан кейінгілер бұданда жаман жатасады. Біз жылдарға ат қояйық. Бұл біздің кейінгілерге қалдырған ескеркішіміз болсын».

Сөйтіп, Іле өзенінің екінші басына ау құрғызып, жабайы хайуандарды өзенге қарай қууға бұйрық береді. Нөкерлер хайуандарды қаумалап үркіте бастайды. Бәрі бірдей өте алмай, он екісі ғана судан аман шыққан екен. Ең алдымен судан өткен тышқан болыпты. Осыдан жыл басы тышқан аталыпты. Одан кейін судан сиыр, сосын барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, тауық, ит, доңыз өтіпті. Сөйтіп, әр қайсысы бір – бір жылдың атын алыпты. Осылай он екі жыл бір айналып шықса бір мүшел жас екі айналып шықса екі мүшел жас болыпты.

Олардың ішінде 25, 37, 49 жастарды қауіпті қауіпті кезеңдер деп санап, аман – есен өтуі үшін құран бағыштап, өзінің қатты жақсы көретін киім – кешектерін жақын жуықтарына тарату сияқты ырым жоралғыларын жасап жатады.

Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы Мүшелі делінеді, одан кейінгі Мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отыралады. Ол 13-ке толғанда бір Мүшел, 25-ке тоғанда екі Мүшел, 37-ге толғанда үш Мүшел, 49-ға келгенде төрт Мүшел, 61 –ге келгенде бес Мүшел деп есептеліне береді.

Халықтың адам өмірін кезеңдерге бөлуіне байланысты қалыптасқан шартты түрдегі бөліністері қоғам мүшесінің әлеуметтік жағдайын, яғни қоғамдағы орны мен мәртебесін белгілеуді білдіреді. Бірақ бір Мүшел жастағы ерекшеліктен келесі Мүшел жасқа өтуді әлеуметтік құбылыс деп тануға негіз жоқ. Өйткені, ол адамның биологиялық қасиеттеріне де тән құбылыс болғандықтан, әр Мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады.

1.      1 мүшел – балиғатқа толуға байланысты болса,

2.      2 мүшел – ат жалын тартып мінген жастың есейген шағы,

3.      3 мүшел – ақыл парасаттың толысу шағы деген адамның физиологиялық – психологиялық жетілулерін меңзейді.

Мүшелдер арнайы ғұрыптар арқылы аталып өтілген. Олар: Жарты Мүшелге келген ұл баланы сүндетке отырғызып, «атқа мінгізу» мен қыз баланың құлағын тесіп, «сырға тағу» болған.

            Мүшелден мұшелге өту аралығындағы жаста адамға қауіп – қатер жуық болады деп есептеліп, тән мен жанның өзгеріске ұшырайтын тоқырау кезі, белесі деп санаған.

VI. Әр мүшел жасқа тоқталу. Слайд көрсету.

VIІ. «Сөз тапқанға қолқа жоқ» /Мақал – мәтел жалғастыру/

1)     Жақсының хаты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді.

2)     Тұз астың дәсін келтіреді, мақал сөздің мәнін келтіреді.

3)     Жақсы сөз сүйіндіреді, жаман сөз күйіндіреді.

4)     Адамның ұяты бетінде, адамгершілігі ниетінде.

5)     Жақсы адамның ашуы, шәй орамал кемкенше.

6)     Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам.

7)     Жақсы бала ата – анасын мақтатар, жаман бала ата – анасын қақсатар.

8)     Таяқ еттен өтеді, сөз сүйектен өтеді.

9)     Басқа пәле тілден.

10) Баланың ұяты әкеге, қыздың ұяты шешеге.

11) Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің.

12) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.

Сергіту сәті.  «Әріп таңдау». Сыныптағы қаңтар, ақпан айларында дүниеге келген оқушыларды ортаға шақырып ойын ойнатамыз. Қалаған әріптеріңді аласыңдар, қазір мен қойған сұрақтарға сол бойынша жауап бересіңдер.

- Сенің атың кім?

-  Қайдан келдің?

-  Қайда барасың?

-  Немен барасың?

-  Онда не өседі?

-  Тағы не?

-  Сені кім қарсы алады?

-  Оған сыйлыққа не  әпердің?

 

- Атың кім?

-  Әжеңнің есімі кім?

-  Жасың нешеде?

-  Қайда тұрасың?

-  Досың кім?

-  Қандай тағамды жақсы көресің?

-  Қай жерде отырасың?

-  Қандай әншіні ұнатасың?

 

Сенің атың кім?

-  Әкеңнің аты кім?

-  Нені ұнатасың?

- Бос уақытында немен  

                       айналысасың?

-  Кімді жақсы көресің?

-  Оның жасы нешеде?

-  Оған қандай тілек тілейсің?

 

VIІІ.  13 жас бізге не берді?  /Ойтолғау/

-         Балалар, осы тақырып төңірегінде шағын ойтолғау жазасыздар.

-         Мен өмірге келдім, маған өмір сыйлаған аллаға, анама алғыс айтам. Мектеп табалдырығын аттадым маған алғаш қалам ұстатқан, әріп танытқан ұстазыма рахмет,одан кейін  менің тұлға болып қалыптасуыма, жақсы мен жаманды айыра білуді үйретіп жатқан қазіргі ұстаздарыма рахмет.

ІХ. Үйге тапсырма беру.

1.      Өздеріңіздің туған жылына, яғни жылқы және қой жылы туралы деректер жинап алып келесіздер

Х. Қорытындылау. Шаттық шеңбері

«Күн сәулесі»   Балалар анау қараңдаршы күн шығып тұр, сол күнді қолымызға алайықшы. Күнмен жылынып бірінші қолымызды жылытайық, сосын бетімізді жылытайық, сосын ішімізді жылытайық, аяқтарымызды да жылытайық, денемізді жылытып енді күнді орнына шығарып салайық.

-         Сабақ аяқталды, назарларыңызға рахмет

-         Сау болыңыздар.

 


                            Доңыз

             Ит                     Тышқан.

    Тауық                            Сиыр

 Мешін                                 Барыс

       Қой                             Қоян

    Жылқы                        Ұлу                                                                                    

                        Жылан

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мүшел жас - мерейлі жас" ашық тәрбие сағаты"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Ландшафтный архитектор

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 097 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2016 3293
    • DOCX 24.4 кбайт
    • 17 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сейпулла Айымгуль Кайраткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сейпулла Айымгуль Кайраткызы
    Сейпулла Айымгуль Кайраткызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 49706
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Медиаграмотность как форма работы с современным родителем

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 127 человек

Курс повышения квалификации

Особенности реализации Федеральной рабочей программы воспитания в школе

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 92 человека из 32 регионов
  • Этот курс уже прошли 251 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 788 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 845 человек

Мини-курс

Творчество и технологии в медиакоммуникациях

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Организация образовательного процесса в современном вузе

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Работа с детьми с особыми образовательными потребностями

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 354 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 178 человек