Инфоурок Музыка КонспектыМузыкальное занятие на тему "Красивые мелодии"

Музыкальное занятие на тему "Красивые мелодии"

Скачать материал

«Әдемі  әуендер»

(Ашық сабақ)

 

     Мақсаты: Балаларды музыкалық шығарманы тыңдап, сипатын ажырата білуге  үйрету. Музыкалық терминдерді ажыратып, түрлі көңіл-күйдегі әуендерге сай қимылдар жасауға дағдыландыру. Әннің сөзін анық, көңілді, жеңіл орындай білуге тәрбиелеу.

     Қолданылатын құралдар: Музыкалық аспаптар, үнтаспа, тышқан мен мысықтың бейнесі, смайликтер.

     Мұғалім: Сәлеметсіздер ме, балалар. Балалар, бүгінгі ұйымдастырылған музыка сабағымыз ерекше болмақ. Себебі, қараңдаршы, қаншама қонақтар келіп отыр. Сабағымыз ерекше өтуі үшін көңіл-күйіміз көтеріңкі болу керек. Ол үшін бір-біріміздің жүрегімізге жылылық ұялататын жылы сөздер айтайық.

Балалар орындарынан тұрады.

     Шаттық шеңбері.

Біз әдепті баламыз,

Біз ерекше боламыз.

Қонақтарды көргенде,

Сәлеметсіздер ме!- деп

Амандасып аламыз.

Өте жақсы  балалар. Енді осы көтеріңкі көңіл күймен көңілді бір ән салайық. (Музыка кітабын ашады, қараса кітаптың беті тесілген, ноталары жоқ.)

-Ой, балалар, қараңдаршы, менің музыка  кітабыма не болған?

-Қане, барлығын мұнда  қараңдаршы, мына кітапта не жетіспейді?

Балалар: Ноталар жетіспейді.

-Нота бізге не үшін керек?

-Ән айту үшін керек.

Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар, дұрыс айтасыңдар. Балалар, бұл ноталарсыз қалай ән айтамыз?  Байқаймын, бұл тышқандардың ісі болар. Енді не істесек екен?

-А-а! Таптым! Меніңше анықтама бөліміне хабарласу керек.

(Телефон соғады)

-Алло! Сәлеметсіз бе? Бұл анықтама бөлімі ме? Бізге сіздердің көмектеріңіз қажет болып тұр. Біздің музыка кітабымызды біреулер тесіп, ноталарын жыртып тастапты. Бізге көмекші жіберсеңіздер!

Анықтама бөлімі: Ия, жарайды, күтіңіздер, көмекші барады.

(Залға мысық келеді.)

Марғау: Мияу, мияу! Сәлем достар! Сендерді көргеніме қуаныштымын!

Музыка жетекшісі: Ой, қандай әдемі мысық. Сенің атың кім?

Мысық: Менің атым-Марғау.

Музыка жетекшісі: Марғау мысық, мына ноталарды қайдан тапсақ  екен? Бұл кімнің ісі болды екен?

Марғау: (кітапқа қарап) Мен білемін бұл Мшильда атты қатігез, айлакер тышқанның ісі. Ол тышқанның қайда  тұратынын да білемін. Ол сонау тышқандар хандығында тұрады.

Музыка жетекшісі: Ол хандыққа қалай барамыз. Біз барар жолды білмейміз ғой.

Марғау: Барар жолды тек мен секілді сезімтал, иіс сезгіш мысықтар ғана біледі. Өйткені, мен супер мысықпын. Балалар, жолға шығуға дайынсыңдар ма?

Ендеше кеттік достар!

«Иілеміз, оңға бір».

(Әуенді қимылды жаттығу жасау.)

 

Балалар, мұнда қараңдар, бұл кімнің үйшігі болды екен? Бұл тышқандар хандығы ма?

Марғау: (иіскелеп көріп) жоқ бұл жерлерден тышқандардың иісін сезіп тұрған жоқпын.

Түлкі мен қасқыр: Менің атым-мажор, Ал менің атым –минор. Балалар мажор мен минордың мағынасын кім айтып береді?

Балалар: Мажор-көңілді, Минор-көңілсіз деген мағына береді.

Түлкі мен қасқыр: Жарайсыңдар, балалар! Сендер дұрыс айттыңдар. Балалар біз мына үйшікте жатып әбден жалықтық. Сендермен бір ойын ойнағымыз келіп тұр.

Бұл ойынның аты: «Мажор мен минор» деп аталады. Бұл ойында сендер музыканы тыңдап, көңіл-күйін ажырата білулерің тиіс. (музыка тыңдау.)

Музыка жетекшісі: Бұл айналармен тіл жаттығуын жасауға болады. Қане, балалар қолдарыңа мына айналарды алып, Марғау мысыққа арналған тіл жаттығу қимылдарын көрсетейік.

Балалар айнаны алып, тіл жаттығуын жасайды.

Тіл жаттығуы:

Мысық арқасымен керіледі,

Мысық арқасын бүгеді.

Мысық жаймен күледі.

Орнынан тұрып, тістерін жуып,

Аузын сумен шаяды.

Мысықтың қарны ашты,

Сүт ішкісі келді.

Мысықтың қарны тойды,

Мазасызданғанын қойды.

(Ортаға тышқан келеді.)

Мышильда: Тыныш, тыныштық сақтаңдар. Бұл не деген айқай-шу?

Музыка жетекшісі: Сен кімсің?

Мышильда: Мен Мышильда деген ханшайыммын. Мен музыканы, балалардың айқай-шуын жақтырмаймын. Тыныштық болсын деп сендердің  кітаптарыңды жыртып, Ноталарыңды алЫп кеткен менмін.

Қане, зұлым күштер келіңдер,

Балаларды тышқан етіңдер,

Ал мысықты ұйықтатып кетіңдер!

Марғау мысық: Ой, балалар, менің ұйқым келіп барады. (Мысық ортада ұйықтап қалады.)

Музыка жетекшісі: Балалар, енді не істейміз? Мына тышқан өз айласын тоқтатар емес. Ол біздің мысығымызды ұйықтатып тастады ғой. Мүмкін ән айтсақ мысығымыз оянар. 

Балалар, ән айтпас бұрын даусымызға жаттығу жасап алайық.

Дауыс жаттығуы: «МИ-яу, ми-яу, пик,пик,пик»

Жаңа ән: «Мысығым»

Мышильда: Сендер тағы да айқай –шуға бастыңдар ма? Мен қазір...

Мысық: Мияу, Мышильда біз мынадай көңілді шапшаң балалар тұрғанда сенен қорықпаймыз. Соай ғой , балалар! Ендеше, балалар, аспабымызды қолымызға алып ырғақ соғайық.

Ойын: «Ырғақты соқ»

Мышильда: Тоқтатыңдар, бұл не деген айқай-шу. Сендерге айқайлаймын деп басым ауырып кетті. Жарайды, іздеген ноталарыңды қайтарып берейін.  Сендердің іздеген ноталарың мына шарларда ілулі тұр. Мен бұдан былай жаман қылық жасамаймын. Мені енді кешіресіңдер ма?

Музыка жетекшісі: Балалар, Мышильданың бұл қылығын кешіреміз ба?

Мышильда: Балалар сау болыңдар! (Мышильда кетеді.)

Музыка жетекшісі: Ой, балалар, мынау біз іздеген ноталар ғой.

Мысық: Алақай! Біз зұлым Мышильданы жеңдік.

Музыка жетекшісі: Міне, балалар, іздеген ноталарымызды таптық. Ноталарымызды кітап беттеріне жабыстырайық. Жарайсыңдар, балалар, Енді осы қуанышты көңіл-күймен ән айтайық.

Ән: «До-ре-ми».

Музыка жетекшісі: Марғау мысық, саған көп рахмет. Балалар, сендерге  де коп рахмет.

Мысық: Балалар, мені іздеп қалған болар. Сендермен өте көңілді болды. Бірақ менің қайтуым керек. Сау болыңдар, балалар!  (Мысық кетеді).

Музыка жетекшісі:

-Балалар, бізге қонаққа кім келді?

-Біз Марғау мысықпен қайда бардық?

-Онда біз кімдерді кездестірдік?  Жарайсыңдар, балалар! Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Сабақ сендерге ұнады ма? Егер ұнаса алдарыңдағы смайликтермен өз көңіл-күйлеріңді білдіріңіздер.  (Балалар смайлик көрсетеді.)

Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңдар. Құрметті әріптестер, көріп тамашалағандарыңыз үшін рахмет.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Музыкальное занятие на тему "Красивые мелодии""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Музыковед

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.10.2016 1000
    • DOCX 1.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балтабаева Таншолпан Елтаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балтабаева Таншолпан Елтаевна
    Балтабаева Таншолпан Елтаевна
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4806
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания по классу фортепиано: начальный уровень подготовки (практический курс)

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования

Учитель музыки

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 374 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 097 человек

Курс повышения квалификации

Деревянные духовые инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 31 человек

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Психология взаимоотношений, прощения и самопонимания

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 131 человек из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 48 человек

Мини-курс

Организация и контроль занятий со студентами специальных медицинских групп

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе