Инфоурок Другое Научные работыНаучная работа по казахскому языку на тему "Мұқағали Мақааев шығармаларындағы қос сөздер" (10 класс)

Научная работа по казахскому языку на тему "Мұқағали Мақааев шығармаларындағы қос сөздер" (10 класс)

Скачать материал



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Қазақ тіл білімі.«Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы қос сөздер»













Орындаған: «Глубокое техникалық колледжі» 

2 ЭГС тобының студенті  Коваленко Алеусандр

Жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің оқытушысы Қалибекова Миргүл Қалибекқызы
Верхнеберезовка кенті-2019 ж.

Ғылыми жобамның тақырыбы:

«Мұқағали Мақатаев

шығармаларындағы қос сөздер»

Жоспар:

1.Кіріспе                     

 2.Негізгі бөлім

2.1. Қазақ тіліндегі қос сөздер.

2.2.М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздердің сематикалық сипаты.

3.Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




1.КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Әрбір тілдің сөздік қорындағы өзіндік сыр-сипат-қа ие сөздер категориясына тән күрделі сөздерді ғылыми жүйеде зерттеуге бұл күнде ұлттық тіл білімінде ерекше мән берілуде.Соның нәтижесінде жалпы тіл-дер материалдары негізіндегі күрделі сөздер,соның ішінде қос сөздерді зерттеулер мейлінше кең өріс алуда. Әдебиет әлеміндегі поэзия жанрындаайрықша орын алған ақиық ақын М.Мақатаев шығармалары- қалың оқырман үшін бірегей көркем дүниелері екені аян. Алайда, ақынның мұралары тілдік, танымдық, стилдік түрде зерттеп-зерделеуді көп қажет етеді.Осы тұрғыдан келгенде,ақын шығармаларында қос сөздерді тиімді қолдану арқылы тыңдаушысына әсер етіп, ерекше назар аударта білгенін аңғарамыз.Қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір белесінің өлшеміне айналған Мұқағалидың өміршең өлеңдеріндегі өзгешелікті тіл білімінің тұрғысынан талдаудың мәні мен маңызы арта түсуде. 

Зерттеудің мақсаты: қазақ тіл білімін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып,қос сөздердің өзіндік ерекшеліктерін жинақтай келе,белгілі ақы-нымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы қос сөздерге жан-жақты си-паттама беру.

 Зерттеудің міндеттері:

·         Қазақ тіл білімінің негізінде қос сөздердің қолданысын ғылыми-теория-лық негіздерін айқындау;

·         М.Мақатаев шығармаларын талдай отырып,қос сөздердің сематикалық сипаттарын көрсету;

·         Ақын шығармаларындағы кейбір қос сөздердің қолданылу ерекшелікте-ріне тоқталу.

Зерттеу нысаны: қазақ тіл білімі 

Зерттеудің болжамы: ақын шығармаларындағы қос сөздердің қолданыл-уы ерекше болып келетінін,қос сөздердің аз сөзбен көп жайды аңғартуға,ойды әсерлі,жинақы,ұтымды жеткізуде үлкен қызмет атқаратынынкөрсетеді.Соны-нымен қатар, экспрессиялық реңк, эмоциялық мән-мағына үстейтінін білуге мүмкіндік туады.

 

 Тақырыптың жаңашылдығы: Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында-ғы қос сөздердің қолданысы жан-жақты талданып, түрлеріне қарай жіктеледі. қос сөздерді орнымен дұрыс қолдана білуі ерекшеленеді.Қосарлама қос сөздердің сематикалық сипаты талданылып,мысалдармен дәлелденеді. 

Күтілетін нәтиже: қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қай-нап шыққан асыл жырларымен қалың жұршылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының поэзия сүйер қауымның жүрегінде орын алуының негізгі-қос сөздерді тиімді пайдалануында екенін білу. 

Зерттеудің кезеңдері: зерттеудің алғашқы кезеңінде қазақ тілі мамандарының қос сөздер туралы еңбектеріне шолу жасай отырып,қос сөздің түрлеріне тоқталдық; зерттеудің екінші кезеңінде қазақ әдебиетінің көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында кездесетін қос сөздерге талдау жасау,мағыналарын ашу,ақын шығармаларының бірнешеуіне этимологиялық зерттеулер жасадық; зерттеудің соңғы бөлімінде қос сөздердің мағыналық ерекшеліктеріне тоқталып, емлесін орфографиялық заңдылықтармен ұштастырып,кесте түрінде жүйеледік.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Қазақ тіліндегі қос сөздер.

       Тіл мамандарының еңбектеріне сүйене отырып,қос сөздерге тән ерекшелік-терді жинақтадық:  Құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні,дыбысталуы мен ішкі мән-мағы-насы негізінде қалыптасқан құралымның болуы;  Белгілі бір сөз табына қатысты болуы; Тұтасып келіп бір сөйлем мүшесі болуы;  Сөз тіркестерінің бір сыңары болуы;  Күрделі сөздердің өзге түрлері сөздерінің арасына үшінші сөз қоюға бо-лады: шарт та шұрт, жақсы да жаман;  Қос сөздер ішінде ассонанс,аллитерация құбылыстары жиі кездеседі: тып-тыныш,өзімен-өзі;  Қос сөздер сыңарлары бір-бірімен антонимдес,синонимдес мағынада қолданылады: күні-түні, ел-жұртым;  Қос сөздер дефис арқылы жазылады. Қазақ тілі лексикасының толығуында,жаңа сөздер жасауда қос сөздердің алатын орны ерекше.Ол аз сөзбен көп жайды аңғартуға,ойды әсерлі,жинақы, ұтымды жеткізуде үлкен қызмет атқарады. Сонымен бірге экспрессиялық реңк, эмоциялық мән-мағына үстейді. Қос сөз-сөздердің қосарланып немесе қайтала-нып айтылуынан жасалған сөздер.Қос сөздің екі түрі бар:қайталама қос сөз және қосарлама қос сөз. А.Ысқақов «Қосарлама қос сөздер мағына жағынан ыңғайлас морфологиялық жағынан тектес,синтаксистік жағынан теңдес сөздерден құралады» деп анықтама береді (Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974, 129-бет.). Ал қайталама қос сөз туралы профессор А.Ысқақов: «... сөзді қайталап қолданудан сөздің неше алуан жаңа формалары жасалып,олардың мағыналары түрленгенімен де,лексикалық түсінігі өзгермейді.Демек,жаңа сөз тумайды,тек грамматикаланады»,-деген пікір айтады (112-бет.). Зиядаұлы Бақытжан «Қазіргі қазақ тіліндегі қосарлы етістіктер» атты ғылыми зерттеуінде «Етістіктер қайталап қолданудан жаңа мағына тумайды.Сөзге тек стильдік,реңдік тағы сондай мағыналар жамалады да,не қимылдың созылыңқылығын,жалғаспалылығын,не дүркінділігін,т.б. мағыналарды білдіріп отырады» деген (Автореферат.А.,1998, 10-б.).Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың бүгінде орта-мызда болмағанына налимыз,ал медет тұтарымыз-алып ақынның өзінің көзін-дей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері.халқынан қалтықсыз бағасын алған Мұқа-ғали жырлары келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады.Ақынның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жы-рына айналды. Мен Мұқағали жырларындағы қос сөздердідің қалай қолданылғанын біраз уақыттан бері қарастырып, ойымды қағаз бетіне түсіріп, біраз шығармаларын талдадым. Екі түбір сөздің қосарланып, қайталанып келуі арқылы жасалатын сөздер ақын шығармаларында өте көп,сондықтан ақын шығармаларына ерекше көрік пен мән беруде ұтымды тәсілдің бірі болып саналады. Қазақтың ақын-жазушылары тіліміздің шоқтығы биік,өзге тілден ерекше екенін өз шығармаларында айқын көрсетіп келеді.Солардың бірі өзінің оқшау стилімен,нәзік сезімімен,ақындық шеберлігінің сан қырлылығымен танымал болған ақиық ақынымыз-Мұқағали Мақатаев.Қазақ поэзиясында ғасырлар бойы сараланып,сұрыпталып қалыптасқан поэзиясына өзіндік өрнек салған. Қазақ тілінде сөзді қайталау мен қосарлану тәсілі-өзінше ерекшелігі мол құнарлы жүйе.Осыны терең түсінген Мұқағали Мақатаев күрделі сөздердің бір түрі-қос сөздерді асқан шеберлікпен қолданып,өлеңінің мазмұнын аша түседі. Қос сөздердің ішіндегі ауқымдысы-қосарлама қос сөздер мәндес келіп,ақын ойын жинақтай көрсетуде маңызды рөл атқарады.Әсіресе,синоним сөздерді қосарлап қолданған тұстарында өлең ұйқасына еш нұсқан келтірмеген.Оның сөз қолданысындағы дыбыс әуезділігінде өзіндік шеберлігі танылады. Қапаста жатсадағы күрсінбеген, Жомарт менің жүрегім дүрсілдеген. Міне,соның жасырмай алуан сырын, Ақтарайын,ел-жұртым білсін деп ем (М.Мақатаев «Аманат». А.,2002,19-бет.). Ақын қолданған қос сөздер бейнелмелі,суреттемелі түрде оқырманның көз алдына елестетіп жеткізеді.Ақын шығалмаларында тек синонимдес қос сөз-дерді ғана емес,антонимдес қос сөздерді де ұтымды қолданған. Тұрыпты анам түсінбей мән-жайына, Ысып-суып, зымырап,қан бойына.Дұшпанды әжем есен-сау жолға сапты, Ақ тамызып жауымның таңдайына (М.Мақатаев «Аманат». А.,2002,231-бет.). Сонымен қатар, ақын өз шығармаларында қос сөз-дерді әр сөз таптарына орай тиімді қолданады.Мәселен, зат есім: ата-ана,әзіл-оспақ; сын есім: тап-таза,аппақ; сан-есім: қырық-отыз,төрт-бес; есімдік: өз-өзі-нен,өзіне-өзі; етістік: барып-келіп,өтті-кетті; үстеу: әзер-әзер; еліктеу: қалт-құлт, жалт-жұлт,т.б. (М.Мақатаев «Аманат». А.,2002, 6-303-беттер.).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздердің сематикалық сипаты.

Қазақ тілінде қос сөздердердің екі түрі бар деген болатынбыз.Ал қосарла-ма қос сөздің 5 жасалу жолы болса, қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар. Осы айтылған қос сөздің жасалу жолдарын ақынның өлеңдерінен молы-мен кездестіруге болады. Қосарлама қос сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қа-рай екі салаға бөлінеді: а) мағыналы компоненттерден құралған қосарлама сөз-дер; ә) мағынасыз компоненттерден құралған қосарлама сөздер.Компоненттері мағыналы қосарлама сөздердің құрамындағы компоненттердің екеуіне де өзді-өзіне лайықты дербес мағыналары болады.Бірақ олар іштей мағыналары бір-бі-ріне ұштас сыңарлардан құралған үш топқа бөлінеді.

·         Қарама-қарсы (антонимдес) сыңарлардан құралған қосарлама сөз жинақ-тау,топтау ұғымын білдіреді.Ондай компоненттер біріне-бірі жетекші,я көмекші бола алмайды. Мысалы:а) Өмірді несіне жек көремін, Ауыр-жеңіл болса да өткеремін. (25-бет) ә) Алдандырып,әлдилеп кеше-бүгін, Неше жылым өтті екен,неше күнім? (57-бет) б) Рақатта іші-сырты ауылдың, Қуантсаңшы сен де,сәулем,кеп мені. (172-бет)

·         Мәндес сыңарлардан қосарланған сөздер мағыналары бір-біріне жақын сыңарлардан құралады да топтау,жинақтау ұғымын білдіреді.Мысалы:ұрдым-пердім (18-б.),қауіп-қатер (18-б.),ел-жұртым (19-б.),мұң-қайғы (231-б.), зәре-құтын (221-б.), т.б.

·         Ұштас мәнді сыңарлардан қосарланған сөздер бір-біріне өзара құрам-дас,ұқсас ұғымдарды білдіретін дара сөздерден құралады.Бұл сөздер де тым жалпыланған аса жинақталғыш ұғымдарды білдіреді.Мысалы: құ-лақ-көзің (7-бет), құлын-тай (12-бет),ай-жылдар (13-бет), айран-шалабың (42-бет), аяқ-қолым (44-бет), әке-шешем (231-бет), бақа-шаян (238-бет), арман-тілек (244-бет), от-жалын (272-бет), т.б. Қос сөздердің бұл түрле-рінде де әр қилы стилистикалық қос сөздердің бұл түрлерінде де әр қилы стилистикалық реңк,эмоциялық әсер жасайтын қабілеттер болады.

Келтірілген мысалдар арқылы қос сөздердің құрамындағы екі компоненті де мағыналы,дербес сөздер болып келіп,жинақтау,топтау ұғымын білдіретінін көреміз.Ақынның өлеңдерінде бұл сөздер өз орайын тауып тұр. Ақынның «Жастық» өлеңінде: Ризамын жастыққа,текке өтпеді, Әзір тұр гүл-бағымды көктеткелі. Жастық маған ақыл-ой,сана берді, Амал не,жастық өзі қалады енді.Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан бір сыңары мағыналы, бір сы-ңары мағынасыз қосарлама қос сөздер де кездеседі. -Дәрменсіз сорлы кедей-кепшікті бұқтыра, Күшік тазыдай жылмаңдайсыңдар мықтыға! (М.Мақатаев «Райымбек!Райымбек»поэмасы. 294-бет.) Ел арасы дау-шарға араласпай, Лоқ беріп,ағайынмен жағаласпай. (М.Мақатаев «Райымбек!Райымбек»поэмасы. 295-бет.)Айналаң толы дос-жаран, Айқара құшақ ашасың. (52-бет).

Түрі

Қос сөздердің құранды бөлшектері

Мысалдар (ақын қолданысындағы қос сөздер)

Қосарлама қос сөздер

Екі түрлі түбір сөздердің қосарлануы

жырым-сырым, ой-қырыңа,шуақ-сезім,құлақ-көзің,тұрақ-төзім,құ-лын-тай,ай-жылдар,Жер-Көкке, ұрдым-пердім,қауіп-қатер,ел-жұр-тым,барды-жоқты,ауыр-жеңіл,кү-ні-түні,зар-мұңым,тұз-дәмін,ба-ғыт-бағдар,айран-шалабың,аяқ-қолым,тау-тасынан,ар-ұят,сауық-сайран,бұзып-жарып, үйіп-төгіп, кеше-бүгін,гүл-бағым,ақыл-ой, ата-ананың,мұз-айдында,ұры-уа-йым,етек-жеңің,ерлі-зайып,ертелі кеш,өніп-өскен,сән-салтанат,той-думан,атақ-даңқтың,ой-қырла-рын,тай-құлын,қызыл-күрең,тал-шыбықтан, сай-жыра,қызыл-жа-сыл,күні-түні,өмір-өлім,айтыс-тар тыс,ашу-ыза,күндіз-түні,хал-жа-йымды,құйын-дауыл,іші-сырты, қас-кірпігің,мұз-қарды,көрпе-жас-тығың,ішіп-жейсің,ақ-қараны,кө-ре-біле,өткен-кеткен,ақыл-күшің, есен-сау,наз-мұң,нөсер-жаңбыр-дың,аққу-қаздар,шың-құздардың, қырық-отыз,ысып-суып,арман-ті-лек,бал-құрақ,барып-келіп,қас-қа-бағың,ер-тоқымды,бал-қаймағы, қатын-бала,қыз-келіншек,т.б.



Мағыналы,мағынасыз екі түбірдің қосар-лануы

дел-салмын,азын-аулақ,емін-ер-кін,жапа-жалғыз,бұлқан-талқан, анда-санда,арып-ашып,дос-жаран, шала-жапсар,алма-кезек,былығың шылығыңды,дау-шарға,ағыл-тегіл апыл-ғұпыл,кедей-кепшік,шор-та-сында,салдыр-салақ,ұлан-ғайыр, ұлан-асыр,т.б.

 

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!
-деп жырлағанындай ақын өлеңдерінен сонымен қатар туған жерге  деген сүйіспеншілігін аңғаруға  болады.Оның жырларынан елінің  тағдыры үшін еміреніп, халқым деп күңіренетіні байқалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

Келтірілген мысалдардан байқайтынымыз,қосарлама қос сөздердің бәрі де топтау,жинақтау ұғымдарын білдіргенмен,олардың әрқайсысының мағына-сында компоненттердің ерекшеліктеріне қарай,өзіне тән әр алуан,олардың ішін-де бірінші сыңарлары түсініксіз қосарлама қос сөздер де (ұлан-ғайыр,салдыр-салақ,т.б.) екі сыңары да бірдей түсініксіз (анда-санда,ағыл-тегіл,быт-шыт,т.б.) сөздер де бар. Ақын өз шығармаларында тек қосарлама қос сөздерді ғана емес,сонымен қоса қайталама қос сөздерді де орынды пайдаланған.Қайталама қос сөздер айтылатын ойға әр қилы экспрессиялық және басқа қосымша мән беру мақсатымен әуелде белгілі бір сөзді екі рет қайталап қолдану машығынан пайда болған. Қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар:

·         Қосымшасыз бір түбірдің қайталануынан жасалады.Мысалы,

а) Сүңгі-сүңгі мұздар тұр Мұздан аққан селінен (17-бет). ә) Күрсінбеші,жүрегімді тыңдашы, Талай-талай кереметтер бар мұнда!.. (148-бет).

·         Қосымшалы бір түбірдің қайталануынан жасалады. Мысалы,

а) Жүре-жүре мен өмірге қанықтым, Өмір сырын жаңа біліп,жаңа ұқтым. (152-бет). ә) Күте-күте, Жұлдыздардың жанары да аққандай. (113-бет).

·         Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалады.Мысалы,

а) Тұрғанда ұйқы-тұйқы ақ самайың, Мен қалай,.. (170-бет). ә) Жанарлары жалт-жұлт етіп жай отындай, осылай жан-жағымнан жай атылғай. (198-бет).

·         Бір сыңары ықшамдалып жасалады.Мысалы,

а) Құс аппақ,айдын аппақ, нұр да аппақ, Аппақ нұр-аппақ нұрға қосылады. (225-бет). ә) Дауы да жоқ,жауы да жоқ,тып-тынышбауырларым,біздің асқар тауға кел. (84-бет).

Түрі

Қайталама қос сөздердің құранды бөлшектері

Мысалдар (ақын қолданысындағы қайталама қос сөздер)















Қайталама қос сөздер

Қосымшасыз бір түбірдің қайталануы

тонна-тонна,сүңгі-сүңгі,талай-та-лай,айғыз-айғыз,сұмдық-сұмдық, енді-енді,тарам-тарам,шимай-ши-май,әрең-әрең,арса-арса,жол-жол, құшақ-құшақ,бір-бір,жеке-жеке,т.б.



Бірдей қосымшалы бір түбірдің қайта-лануы

есіте-есіте,сілтеп-сілтеп,табына-та-бына,кезі-кезі,іздей-іздей,күте-кү-те,жана-жана,т.б.



Әр түрлі қосымшалы бір түбірдің қайталануы

өзімді-өздерің,өзін-өзі,өзді-өзіміз, өзімді-өзім,өзімізден-өзіміз,өзінен-өзі,біріміз-бірімізден,күннен-күнге, өзді-өзімен,т.б.



Бір сыңары қосымшасыз,бір сыңары қосымшалы

бір-бірінен,бір-біріне,өз-өзінен,өз-өзімнен,бір-бірлеп,бір-бірімен,кей-кейде,кімде-кім,бетпе-бет,жекпе-жек,т.б.



Түбірдің бір сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырауы

қоқыр-моқыр,қылтың-сылтың,быт-шыт,алқам-салқам,қалт-құлт,ию-қию,т.б.



Бір сыңары ықшамдалып жасалуы

оп-оңай,қап-қара,аппақ,сап-сары, тәп-тәуір,жап-жарық, тып-тыныш, жап-жас,сіп-сирек,тұп-тұнық,т.б.

Ә.Хасенов қазақ тіліндегі сөзді қосарлау тәсілінің жинақтылық,болжал-дық,даралау,жіктеу,күшейту тәрізді алуан түрлі мағына туғызатындығын айта-ды (Тіл біліміне кіріспе.А.,1990,72-бет). Ақын өз шығармаларында қос сөздерді ойды толықтырып, көркемдіктің қырын танытудың бір жолы ретінде орынды пайдалана білген.М.Мақатаев өз өлеңдерінде қос сөздерді жиі қолдану арқылы оқырман назарын сол қос сөздерге аудартып,оларға эмоционалды әсер етуіне жағдай туғызады. Қалт-құлт етіп,мейлі,мен күн кешейін, Күн кешейін,еліммен бірге өсейін. Мен әзірге,ей,тағдыр,мазалама Емін-еркін жұртыммен тілдесейін! (103-бет). Етістік лексика-сематикалық мағынасы жағынан болсын,грамматикалық тұл-ғалары жағынан да сөз таптарының ішіндегі ең күрделі де көлемдісі деп есепте-леді.Етістік-тіліміздегі бейнелеу құралы.Ақын өз шығармаларында қимыл-әре-кетті әсерлі бейнелеуде көбінесе етістікті қос сөздерді кеңінен қолданған.Ұр-дым-пердім (18-бет), алып-қашпам (20-бет), есіте-есіте (32-бет), сілтеп-сілтеп (37-бет), арып-ашып (44-бет),бұзып-жарып (50-бет), таңдап-таңдап (300-бет),ба-рып-келіп (236-бет),т.б. Тіліміздегі бірқатар қайталама қос сөздердің құрамын-дағы сыңарлары фонетикалық,морфологиялық ерекшеліктері бірдей болып ке-леді. Қарай-қарай өтермін тауға мына (283-бет),жалын мен су барып-барып тау-сыласың (239-бет).Мұндағы қарай-қарай,барып-барып етістіктері тұтас бір тү-бірдің өзгеріссіз қайталануы арқылы жасалынған. а) Жалғыз ғана иесі баспананың, Жалғыз соның бағамыз қас-қабағын (271-бет). ә) Адамынан айттырған ат-тонымды ап қашып, Қатынды өзім табам деп,әкемменен керіскем (291-бет). Бұл шумақтағы қас-қабағын,ат-тонымды қос сөздері тиісті сөздермен тір-кесіп, фразеологизм ретінде қолданылғанын байқаймыз. М.Мақатаев өлеңдерінде қос сөздерді өз орнында,мазмұнға сәйкес пайда-ланғанын көреміз.М.Мақатаев шығармаларындағы қос сөздерді жинақтау барысында өз және бір сөздерімен болған қос сөздер көп екенін аңғардым. «Өз»-өз-өзінен,өз-өзімнен,өзімді-өздерің,өзін-өзі,өзімді-өзім,өзімізден-өзі-міз,өзінен-өзі,өзімнен-өзім,өзді-өзімен,өз-өзінен,өзімнен-өзім,өзіме-өзім; «Бір»-бір-бірінен,бір-біріне,бір-бірлеп,бір-бірімен, біріміз-бірімізден,бірін-бірі,бір-біріне,бір-бір,бір-біріңді,бірісін-бірі. Қаламгердің сөзді пайдаланғанда,өзіндік сөзді қолдану тәсілі бар екендігі көрінеді.Өз ойымды қорытындылай келе, Мұқағали Мақатаевты  халқының тағдырына да,табиғатына да ерекше көңіл бөлген  алып азаматтарымыздың бірі десекте болады.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!-деген ақынның өлең жолдарымен аяқтағым келеді.



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 1.Асылжанұлы, Б. Мұқағалидың лирикалық поэзиясы / Б. Асылжанұлы // Жұлдыз. – 2010. – № 10. -177-185 б.

2.Каренов, Р. Мұқағали əлемі / Р. Каренов // Мұқағали. 2011. – № 1. – 36-46 б.

3.Машкеева, Н. Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасының көркемдік ерекшеліктері/ Н. Машкеева // Ақиқат. 2011. – № 1. – 59-61 б.

4.Мұқағали – Аңыз / дайындаған А. Ашанова // Қазақ əдебиеті. – 2011. – 4-10 ақпан (№ 5). – 1, 5 б.

5.Мұқағали Мақатаев // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. – 2011. – № 3. – 5-50

6.Мұхан, А. Мұқағали – Мəңгілік ғұмыр / А. Мұхан // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2010. – №4. – 21-25 б.

7.Тілеубаева, М. Мұқағали – тəрбие тарланы / М. Тілеубаева // Қазақстан мектебі. 2010. – № 7. – 31-33б.

8. М.Мақатаев «Аққудың  қанатында  жазылған  жыр» Алматы: Жазушы, 1999ж.

9. Ғаламтор мақалалары, суреттері

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы облысы Ақсу ауданы Сағабүйен ауылы

4-сынып оқушысы Мұқан Дулат

Пікір жазған: Бастауыш сынып мұғалімі Г.С.Түбекбаева

Мұқабасы.

Аннотация

              1.Зерттеу мақсаты

               2.Зерттеу болжамы( бағыты)

               3.Зерттеу кезеңдері

               4. Жаңалығы

               5. Нәтижесі                                       

                                               

Аннотация

Зертеу тақырыбы:              Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні.

Зерттеу мақсаты: 1. Ертегілердің бала тәрбиесіндегі ролін ашып көрсету.

                                      2.Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.

                                        3.Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдану жандандыру.

                                      4. Ертегілерді насихаттау жолдарын  көрсету;

Зерттеу болжамы:   Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді күнделікті

                                       өмірде         қолдануға үйрету.

Зерттеу кезеңдері:         1. Тақырып талдау

2.Материалдар жинау

3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.

4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру

5.Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау

Зерттеу жаңалығы:         1.Ертегіні күнделікті қолданудың жаңа түрлері.

2. Аудиодискілер шығару, күнделікті қолданылатын  қағаз, полиэтилен пакеттер сыртына ертегі кейіпкерлері суреттерін шығарса.

3.Ойынға киетін бас киіміне, футболкаларға қазақ ертегілерінің атын жазып. кейіпкерлерінің суретін салса.

4.Дәптер, күнделік, қойын дәптер сыртында насихатталса.

5.Шокалад қораптары сыртына суреттерін салу.

6.Компьютер, ұялы телефон беттеріне қазақ ертегілерінің  суреттері шықса.

7.Қазақ ертегілерін дәріптеп, насихаттау туралы арнайы заң немесе ереже қабылдау керек.  

Зерттеу нәтижесі:            1.Зерттеу жаңалығын дәптер, күнделік шығаратын

                                           баспаханаларда қолдануға болады. 

2.Пакеттер шығаратын шағын кәсіпорындар жүзеге асыруына болады.

3.Аудиодискілер шығарып балабақшаларда,үйде          ұйықтар алдында тыңдауға болады.

4.Қазақ ертегілерін дәріптеу және насихаттау туралы заң немесе

ереже керек деген ұсыныс заңдастырылса, онда бұл мәселе  мемлекеттік  дәрежеде шешіледі.                                

                                            Аннатоция

 

Тема исследовательской работы:        Воспитательная роль казахских сказок

Цель иследовательской работы:    1. Показать роль сказок в васпитании детей.

         2. Доказать жизненность казахских сказок

         3. Востановить применение жанра сказки          

                                                                      воспитательной деятельности.

         4. Доказать пути рекламе сказки.

Прагнозь исследования:         Исследоавать важность сказок, научить использовать        

                                                         сказки в жизни.

Этапы исследование:                 1. Разъиснение темы

2. Сбор материала

3. Вести исследовательские работы

4. Связ с научным рукаводителем

5. Собрать нужный материал, обобщить

Новизна исследования:          1. Повседневно использование видов сказок

2. Выпуск аудиодисков, бумаги для повседневного использования,     выпуск полиэтиленовых пакетов        

3. Кепок и футболок с названиями сказок и рисунков сказочных героев.

4. Выпуск на обложках тетрадей, дневников.

5. Рисунки на каробках шокалада.

6. Принятие специального законо или правил поддерживающих казахские     сказки.

Результат исследования:        1. Использование новизны исследования в печати тетрадей и дневников.

2. Использования в малых предприятиях для выпуска пакетов.

3. Выпуск аудиодисков для детских садов и прослушивания перед сном       дома.

4. Если принятия закона или правил поддерживающих применение казахских сказок в воспитании будет законно, то этот вопрос будет решен на государственном уровне.

Жоспар:1.Кіріспе

                2.Негізгі бөлім

                       1)Ертегілердің ерекшелігі.

                       2)Ертегілердің тәрбиелік мәні.

3.Қорытынды

                        Пайдаланған әдебиеттер.

                                                   Кіріспе

          Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің тәрбиелік мәні»  деп аталады. Ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады.Ертегісі жоқ ел жоқ әлемде.Бірақ әр елдің әр халықтың ертегілері сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы.

   Әр ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі тұнып тұрған тәрбие құралы. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді.Өкінішке орай қазіргі кезде радио, телевидение арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген  көркем фильмдер , мультфильмдер жиі көрсетіледі.Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес  және біздің менталитетімізге  жат оқиғалар баяндалады.Ал, қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан көрі  әлдеқайда тиімді. Мен өзімнің зерттеу жұмысымды қазақ ертегілерін  зертте, оқып, оларды қазіргі ғылым мен техника дамыған заманда қалай дамыту керектігін және насихаттау жолдары туралы өз жаңалығым мен ұсыныстарымды көрсеттім.Бұл жаңалықтарым әрі пайдалы, әрі тиімді. Ертегілер өте заманда, тіпті жазу-сызу болмаған кездің өзінде-ақ туған. Бұларды халқымыз үні бүгінге дейін ұрпақтан ұрпаққа ауызша жеткізіп келді.Ауыз әдебиетінің  басқа түрлері секілді ертегілерде адам баласының еңбекке, тұрмыс тіршілік жағдайларына байланысты туған.Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неден болатынын толық түсінбеген ертегідегі адамдар әр нәрсені қиял еткен, өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөнінде өз жай күйлерін әңгімелеп айтатын болған. Бертін келе адам баласының ой-өрісінің ұлғайып өсуі  ертегілердің туындауына  көп әсер еткен. Ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге түскен, мұнымен қатар жаңа ертегілер  туа бастайды және онда халықтың  тұрмыс-салты, іс-әрекеті басты орын алады.Бұлардың бәрін халық ертегілері арқылы көркемдеп, әр түрлі образдар арқылы бейнелейді.  Ертегі  балалардың ой-өрісін, дүние танымын кекңейтеді.Оларды адамгершілікке, еңбекке, тапқырлыққа, сүйіспеншілікке, сезімге баулу ісінде шешуші орын алады.

    Нелер жауыздық, зұлымдық жасаушылар, тоғышарлар, ел арасындағы алаяқ қулар т.б. халық ертегілерінде жиіркенішті роль атқарады. Оларға халық арасынан шыққан қарапайым адамның ақылы мен қайратын, көпшілік үшін жасаған адал еңбегін қарама-қарсы қояды да, үлгі етеді.

    Ертегілердің өзіндік құрлысы, көркемдік ерекшеліктері бар.Қандай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиға желісінің басталуы, аяқталуы, өзіндік шешімі болады.Ертегі баяу басталып,оқиға желісі күрделене түседі.Кейіпкерлер арасындағы қайшылықтар өрістей келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен  аяқталады.Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді.Мысалы: Тазша бала туралыертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың баланың тапқырлықтары  ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады.Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты.

         Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары:

        1.Қиял ғажайып ертегілері.

 2. Хайуанаттар жайлы ертегілер.

 3.Тұрмыс салт ертегілері.

  4.Аңыз ертегілері.

      Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз шалдың аылмен жеңуі, даулердің күші көп, ақылы аздығы тыңдаушыны қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді.

    Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы телік ертегілері қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой өрісі қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады.

    «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.

     «Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде мақта қыздың досы мысық мақта қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге қателік тәрбиелейді.

     «Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді.

     «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады.Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшан тышқан жыл басы атанады.

     «Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды.

«Жақсымен жолдас болсаң-жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң-қаларсың ұятқа», «Жаман дос, жолдасын қалдырар  жауға» деген мақалды осы ертегі желісінен оқуға болады.

   «Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды.Яғни,балаларды қағілездікке, зеректікке тәрбиелейді.

   Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі.Мысалы, Қазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего»  ағылшын ертегісі , ал сенбі күні  «Барби күнделігі» деген шетел мультфильмдер болады.Ал,Еуразия  телеарнасында жексенбі күні «Робот» деген шетел мультфильмі болады.Осы шетел мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетілсе.Тек қана «Қазақстан» телеарнасында ғана Алдар Көсе ертегісі желісі бойынша  мультфильм көрсетіледі.

    Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы мәңгілік.Ол ешқашан ескірмек емес.Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі  арқылы беріледі.Адамгершіліктің қайнар  бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім.

     Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін,  өмірін жалғастыратын салауатты,  саналы ұрпақ тәрбиелеу.

   Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше,  ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

  Руханилық жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады,  ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі өзін мейірімділікке,  ізгілікке шақырады.

   Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін  өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен.Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған.Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне , бұл қасиетті ертегілердің  халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету.

 Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар.Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-дамуды кемелдікке жеткізеді, рухани байытады.Дүниеде балалар біле бергісі келетін олар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.

 3.Қорытынды.

  Мен өзімнің ғылыми жобамды қазақ халқының әр ертегісінің өзіне тән ерекшелігін саралай білу. Жобамдағы мақсат қазақ ертегілері адам өміріне байланысты іс-әрекеттер , күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әректінен  бой тартып, жақсылыққа құмартады.

   Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтайжеткізуді мен өзімнің жаңалығым , шеберлігім деп  таптым.

1. Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы.Мысалы, ойынға киетін кепка, футболка , сумка және күнделік сыртына, қағаз пакет, қойын дәптер, шокалад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттерінің суреттері салынса;

2. Қазақ ертегілер кейіпкерлерінен ойыншық жасап, драма театрларда ойын көрсетілсе (қуыршақ театры)

3. Көлеңке театры (теновой театр) Қазақ ертегілерінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетілсе;

4. Аудиодискілерге жазылып, балабақшаларға таратылса. Үйде ұйықтар алдында балалар тыңдаса.

     Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

     Менің ұсынысым: Осы айтылған пікірім мен ұсынысым туралы ереже немесе заң қабылданса, бұл мәселе мемлекеттік дәрежеде шешілер еді.    

Пайдаланған әдебиеттер:

1.«Иман және инабат» К. Оразбекова «Ана тілі» - 1993

2. Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. Р. Жұмағұлова

3. «Ол кім? Бұл не?» балалар энциклопедиясы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!

Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
Құлшылық етемін тұрғанға,
Құлшылық етемін құмдарға,
Тағзым жасаймын қырларға!
Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1.Асылжанұлы, Б. Мұқағалидың лирикалық поэзиясы / Б. Асылжанұлы // Жұлдыз. – 2010. – № 10. -177-185 б.

2.Каренов, Р. Мұқағали əлемі / Р. Каренов // Мұқағали. 2011. – № 1. – 36-46 б.

3.Машкеева, Н. Мұқағали Мақатаевтың «Райымбек! Райымбек!» поэмасының көркемдік ерекшеліктері/ Н. Машкеева // Ақиқат. 2011. – № 1. – 59-61 б.

4.Мұқағали – Аңыз / дайындаған А. Ашанова // Қазақ əдебиеті. – 2011. – 4-10 ақпан (№ 5). – 1, 5 б.

5.Мұқағали Мақатаев // Жұлдыздар отбасы АҢЫЗ АДАМ. – 2011. – № 3. – 5-50

6.Мұхан, А. Мұқағали – Мəңгілік ғұмыр / А. Мұхан // Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар. 2010. – №4. – 21-25 б.

7.Тілеубаева, М. Мұқағали – тəрбие тарланы / М. Тілеубаева // Қазақстан мектебі. 2010. – № 7. – 31-33б.

8. М.Мақатаев «Аққудың  қанатында  жазылған  жыр» Алматы: Жазушы, 1999ж.,

9. Ғаламтор мақалалары, суреттері







 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ғылыми жобамның тақырыбы: «Мұқағали Мақатаев шығармаларындағы қос сөздер»

1.Кіріспе

     Зерттеудің өзектілігі: Әрбір тілдің сөздік қорындағы өзіндік сыр-сипат-қа ие сөздер категориясына тән күрделі сөздерді ғылыми жүйеде зерттеуге бұл күнде ұлттық тіл білімінде ерекше мән берілуде.Соның нәтижесінде жалпы тілдер материалдары негізіндегі күрделі сөздер,соның ішінде қос сөздерді зерттеулер мейлінше кең өріс алуда. Әдебиет әлеміндегі поэзия жанрындаайрықша орын алған ақиық ақын М.Мақатаев шығармалары- қалың оқырман үшін бірегей көркем дүниелері екені аян. Алайда, ақынның мұралары тілдік, танымдық, стилдік түрде зерттеп-зерделеуді көп қажет етеді.Осы тұрғыдан келгенде,ақын шығармаларында қос сөздерді тиімді қолдану арқылы тыңдаушысына әсер етіп, ерекше назар аударта білгенін аңғарамыз.Қазақ әдебиеті тарихының үлкен бір белесінің өлшеміне айналған Мұқағалидың өміршең өлеңдеріндегі өзгешелікті тіл білімінің тұрғысынан талдаудың мәні мен маңызы арта түсуде. 

Зерттеудің мақсаты: қазақ тіл білімін зерттеген ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып,қос сөздердің өзіндік ерекшеліктерін жинақтай келе,белгілі ақынымыз Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы қос сөздерге жан-жақты сипаттама беру.

 Зерттеудің міндеттері:

Қазақ тіл білімінің негізінде қос сөздердің қолданысын ғылыми-теориялық негіздерін айқындау;

М.Мақатаев шығармаларын талдай отырып,қос сөздердің сематикалық сипаттарын көрсету;

Ақын шығармаларындағы кейбір қос сөздердің қолданылу ерекшеліктеріне тоқталу.

Зерттеу нысаны: қазақ тіл білімі 

Зерттеудің болжамы: ақын шығармаларындағы қос сөздердің қолданыл-уы ерекше болып келетінін,қос сөздердің аз сөзбен көп жайды аңғартуға,ойды әсерлі,жинақы,ұтымды жеткізуде үлкен қызмет атқаратынынкөрсетеді.Сонымен қатар, экспрессиялық реңк, эмоциялық мән-мағына үстейтінін білуге мүмкіндік туады.

 Тақырыптың жаңашылдығы: Мұқағали Мақатаевтың шығармаларындағы қос сөздердің қолданысы жан-жақты талданып, түрлеріне қарай жіктеледі. қос сөздерді орнымен дұрыс қолдана білуі ерекшеленеді.Қосарлама қос сөздердің сематикалық сипаты талданылып,мысалдармен дәлелденеді. 

Күтілетін нәтиже: қазақтың қара өлеңін кие тұтқан,жүрегінің түбінен қай-нап шыққан асыл жырларымен қалың жұршылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың шығармаларының поэзия сүйер қауымның жүрегінде орын алуының негізгі-қос сөздерді тиімді пайдалануында екенін білу.

2.1.Қазақ тіліндегі қос сөздер.

Тіл мамандарының еңбектеріне сүйене отырып,қос сөздерге тән ерекшелік-терді жинақтадық:  Құрамындағы сөздердің сыртқы пішіні,дыбысталуы мен ішкі мән-мағынасы негізінде қалыптасқан құралымның болуы;  Белгілі бір сөз табына қатысты болуы; Тұтасып келіп бір сөйлем мүшесі болуы;  Сөз тіркестерінің бір сыңары болуы;  Күрделі сөздердің өзге түрлері сөздерінің арасына үшінші сөз қоюға болады,мысалы: шарт та шұрт, жақсы да жаман;  Қос сөздер ішінде ассонанс,аллитерация құбылыстары жиі кездеседі: тып-тыныш,өзімен-өзі;  Қос сөздер сыңарлары бір-бірімен антонимдес,синонимдес мағынада қолданылады: күні-түні, ел-жұртым; 

2.2. М.Мақатаев шығармаларындағы

 қос сөздердің сематикалық сипаты.

Қазақ тілінде қос сөздердердің екі түрі бар деген болатынбыз.Ал қосарла-ма қос сөздің 5 жасалу жолы болса, қайталама қос сөздің 4 түрлі жасалу жолы бар. Осы айтылған қос сөздің жасалу жолдарын ақынның өлеңдерінен молымен кездестіруге болады. Қосарлама қос сөздер мағыналық ерекшеліктеріне қа-рай екі салаға бөлінеді: а) мағыналы компоненттерден құралған қосарлама сөз-дер; ә) мағынасыз компоненттерден құралған қосарлама сөздер.Компоненттері мағыналы қосарлама сөздердің құрамындағы компоненттердің екеуіне де өзді-өзіне лайықты дербес мағыналары болады.Бірақ олар іштей мағыналары бір-біріне ұштас сыңарлардан құралған үш топқа бөлінеді.Мысалы:а) Өмірді несіне жек көремін, Ауыр-жеңіл болса да өткеремін. ә) Алдандырып,әлдилеп кеше-бүгін, Неше жылым өтті екен,неше күнім? Рақатта іші-сырты ауылдың, Қуантсаңшы сен де,сәулем,кеп мені.

Келтірілген мысалдар арқылы қос сөздердің құрамындағы екі компоненті де мағыналы,дербес сөздер болып келіп,жинақтау,топтау ұғымын білдіретінін көреміз.Ақынның өлеңдерінде бұл сөздер өз орайын тауып тұр. Ақынның «Жастық» өлеңінде: Ризамын жастыққа,текке өтпеді, Әзір тұр гүл-бағымды көктеткелі. Жастық маған ақыл-ой,сана берді, Амал не,жастық өзі қалады енді.Мұқағали Мақатаевтың шығармаларынан бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз қосарлама қос сөздер де кездеседі.

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер,
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер,
Ғашықтар бір-бірін өпкен жер,
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
          Мына өлке, мына аймақ, бұл маңда
          Құлшылық етемін тұрғанға,
          Құлшылық етемін құмдарға,
          Тағзым жасаймын қырларға!
          Шүкірлік етемін қашан да
Осы бір Отанда тұрғанға!-деп жырлағанындай
ақын өлеңдерінен сонымен қатар туған жерге  деген сүйіспеншілігін аңғаруға  болады.Оның жырларынан елінің  тағдыры үшін еміреніп, халқым деп күңіренетіні байқалады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Келтірілген мысалдардан байқайтынымыз,қосарлама қос сөздердің бәрі де топтау,жинақтау ұғымдарын білдіргенмен,олардың әрқайсысының мағына-сында компоненттердің ерекшеліктеріне қарай,өзіне тән әр алуан,олардың ішінде бірінші сыңарлары түсініксіз қосарлама қос сөздер де (мысалы:ұлан-ғайыр,салдыр-салақ,т.б.) екі сыңары да бірдей түсініксіз (мысалы:анда-санда,ағыл-тегіл,быт-шыт,т.б.) сөздер де бар. Ақын өз шығармаларында тек қосарлама қос сөздерді ғана емес,сонымен қоса қайталама қос сөздерді де орынды пайдаланған.Өз ойымды қорытындылай келе, Мұқағали Мақатаевты  халқының тағдырына да,табиғатына да ерекше көңіл бөлген  алып азаматтарымыздың бірі десекте болады.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем,
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдіретті үнін сүйем.
Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,
Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған
Жаным менің,
Кеудемді жарып шық та,
Бозторғайы бол оның шырылдаған!-деген ақынның өлең жолдарымен аяқтағым келеді.






Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Научная работа по казахскому языку на тему "Мұқағали Мақааев шығармаларындағы қос сөздер" (10 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по привлечению инвестиций

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 519 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2019 1122
    • DOCX 61.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калибекова Миргул Калибеккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калибекова Миргул Калибеккызы
    Калибекова Миргул Калибеккызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17880
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 288 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Искусство и дизайн: взаимовлияние и современные тенденции

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профессиональное развитие бизнеса: стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Патологии нервной системы у детей: от перинатального периода до нарушений поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 27 человек