Инфоурок Дошкольное образование Конспекты8 наурыз мерекесіне арналған сценарий конспект

8 наурыз мерекесіне арналған сценарий конспект

Скачать материал

Қазақстан Республикасы

Павлодар облысы

Екібастұз қаласы

№5 «Жұлдыз» бөбектер бақшасы әдіскері:

Сымтикова Жанаргуль Кабдылхамитовна

 

«Ана-тіршілік тірегі»

Мақсаты:   Қазіргі қоғамдағы әйелдердің құқықтарына шектеу жоқ. Олардың заман талабына сай дамып жетілуіне аға буын үлес қосып қолдау көрсету.

Қатысушылар: Екібастұз қаласының зиялы әйелдер қауымы, журналист, қалалық телеарна,   балабақша педагогтары

Өткізу түрі: дөңгелек үстел, диспут

1-    ші жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты да қадірменді қонақтар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбейді. Ана - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

2-    ші  жүргізуші :   Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар.

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

    1-ші жүргізуші: Сөз №5 «Жұлдыз» бөбектер бақшасының меңгерушісі                           Джумашева Гульаим Жылқайдар қызына беріледі.

 

Г.Ж.Джумашева: Рахмет. Бүгін  8 наурыз мерекесінің  және де туған қаламыз Екібастұздың 60 жылдық мерейлі тойы қарсаңында алтын ұя балабақшамыздың төріне Екібастұз қаласына еңбегі сіңген зиялы да беделді, қоғамда ойып алар орны бар әйел қауымын қадірлеп «Ана-тіршілік тірегі» атты іс-шарамызға шақырып отырмыз.  Баршаңызды 8 наурыз мерекесімен құттықтай отырып

Құрметті қонақтарымызбен таныстырып өтейін

1.     Екібастұз қаласының құрметті азаматы,  ардагер ұстаз, «Құрмет орденінің»   иегері Женис Шанакқызы Мейірман (қолсоғып  қошеметтейік)

2.     Председатель славянского – этнокультурного объединения «Братство» Аксенова  Анна Ивановна

 

3.     Ветеран угольной промышленности города Экибастуза Ересько Любовь Адамовна (поприветствуем аплодисменами)

4.     Екібастұз қалалық газетінің тілшісі Дарья   Жүмаділова  (қолсоғып  қошеметтейік)

5.     Екібастұз қаласы ішкі істер басқармасының жергілікті полиция қызметінің  әйелдерді  зорлы зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры  Бақытгүл       Құсман қызы   Сейткалиева

6.     Жеке кәсіпкер «Кілем  әлемі» «Мир ковров» Құндызай Құрмаш қызы Сарбаева

7.     Клара Базарбаевна – ата-аналар комитетінің мүшесі

8.     Білім бөлімінің бас маманы  Ахатова Әлия Түлкібайқызы

 

1-    ші жүргізуші:  8-Наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

 

       2-ші жүргізуші: 

 Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар дей келіп балабақшамыздың бүгінгі өмір-тіршілігімен танысып біліп отырыңыздар, алдарыңызда балабақшамыздың әдіскері: Ж.Қ.Сымтикова

Балабақшаның визит картасы

1-ші  жүргізуші:

Шуақты көктем келді гүлін алып
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – Аналар
Ана деп бас иеді күллі халық.
Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі дей келіп.

2-ші  жүргізуші:      Әйел — бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді... деген нақылды айтқан дана халқымыз тегін айтпаған.

    Бүгінгі таңда әйелдер қауымы қоғамдық өмірдің барлық жағына араласып, жемісін көріп жатыр, көптеген қоғамдық, қайырымдылық, саяси ұйымдарда ерлерден артық болмаса кем түспейтіндігі көпшілікке мэлім.                                 Қазақстан эйелдерінің қоғамдағы ықпалы да аз емес, мемлекеттік жэне мемлекеттік емес органдар мен үжымдарды тап- тұянақтай етіп басқарып жүрген қыз-келіншектер бар. Денсаулық, білім, экономика, мәдениет саласының тізгінін түзу ұстап жүрген әйелдердің қай-қайсысын алсақ та, жаман атын естімеппіз. Олар үйде берекелі ана, сүйікті жар болса, саясат пен билікте абыройлы басшы, шебер маман.

Бүгінгі келген қонақтарымызға бірер сұрақтарымыз бар.  Осы мәселелер төңірегінде  Сіздер зиялы әйел қауымы ретінде көзқарастарыңызды ортаға салуларыңызды сұраймыз.  Біздің педагог қауымыздын  сұрақтары:

Педагогтардың сұрақтары:

1.     Әйел — бір қолымен әлемді, екінші қолымен бесікті тербетеді деген нақылды қалай сипаттап бере аласыздар.

2.     Кешегі және бүгінгі қоғамдағы әйелдердің сипаты қандай?

3.     Әйел адамдардың қоғамның саясат және мәдениет өміріне қатысуы? 

4.     Бизнесмен әйелдердің  бүгінгі қоғамда  ролі.

2-ші  жүргізуші:    Бүгінгі күні Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері әйелдердің заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда және отбасындағы тұрмыстық қылмыстардың алдын - алу саласында белгілі бір нәтижеге қол жеткізілді деп айта алғанымызбен әліде тұрмыстық жағдайда зорлық- зомбылықтың құрбаны болып отырған жайы бар. Ата Заңымыздан бастап, еліміздің барлық заңдарында, ең алдымен, адамның құқығы басты назарда тұрады. Осыған орай кез келген адам зорлықты, азапты, ар-намысына кір келтіретін ешқандай жазаны шекпеуі қажет. Сол себепті осы мәселе төңірегінде  де сыр шертпекпіз.

1-ші жүргізуші:  Педагог қауымыздың сұрақтары:

5.     Неліктен әйелдер көпшілік жағдайда зорлыққа төзіп, жүре береді?

6.     Осы мақсатта әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бойынша  қаламызда бөлімшелер немесе орталықтар бар ма?

7.     Әйел адамдардың өз тәніне татуаж, пирсинг,ботэкс жасатудың пайдасы мен зияны қандай?, сіздердің көзақастарыңыз?

2 –ші  жүргізуші:

 «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі, сәбилердің бақыты.  

2-ші жүргізуші:   Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр. Ендеше сол аналар алдында бас иелік! Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш,тіршіліктің қайнар бұлағы. Қазақ әйелінің дастарханы тоқ,қонағы ырза,дүниесі түгел.Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп,әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?! Сол себепті кездесуіміздің екінші кезең шағын ән-жырға кезек берейік.

Балабақша педагогтары орындауында  Ана туралы  жыр.

Әні Шәмші Қолдаяқовтікі  Сөз

1-ші жүргізуші:  Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,

-деп абзал аналарымыз бен қырмызы қыздарымыздың құрметіне :

«Қызғалдақ би» үйірмесі орындауында «Гүл сыйлаймыз»биін қабыл алыңыздар

1 жүргізуші  «Бала тілі бал» балалар жүрек жарты өлең-тақпақтарын сыйлайды.

Қонақтарға  балалар  өздері салған суреттерін сыйлайды

2-ші  жүргізуші:  «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Сіздер туған қаламыздың гүлденіп жетілуіне өз үлестеріңізді қостыңыздар, әлі де қосып келе жатырсыздар, қадырлы еңбектеріңіз сарқылмасын. Біз бүгінгі сіздердің іздеріңізді басқан сіңлілеріңіз де ел  тізгінін ұстар батыл да батыр ұрпақтарына тәлім тәрбие беріп келе жатырмыз. Сол себепті еліміздің тәуелсіздігі мәңгі жасасын деп «Өз елім»  атты әнді қабыл алыңыздар

Ән:  ХОР « Өз елім» Әні сөз»

Г.Ж. Джумашева: Құрметті қонақтар,  сіздер,     өз салаларынызда  танымалы, еңбектеріңіздің жемісімен, жеңісін көрсете білген адамсыздар.

№ 5 «Жұлдыз» бөбектер бақшасының педегогтар ұжымы сіздерге өздеріңіздің ой пікірлеріңізбен бөліскендеріңізге  үлкен   алғысымызды   білдіреміз. 

Спасибо Вам, что вы приняли наше приглашение. Мы рады были услышать вас,  ваше мнение  и взгляд на  различные темы о нас, женщинах.

Бүгінгі біздің кездесуіміз есте қалсын деп сіздерге мына фотоларды сыйлаймыз

 Примите  от нас  эти фото на память о нашей сегодняшней встрече.

 

Сау-саламатта болыңыздар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "8 наурыз мерекесіне арналған сценарий конспект"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Дефектоскопист

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 152 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.04.2017 862
    • DOCX 24.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сымтикова Жанаргуль Кабдылхамитовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10940
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 179 человек из 48 регионов

Курс повышения квалификации

Современные подходы к деятельности социального педагога в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 259 человек

Курс повышения квалификации

Использование методики Гленна Домана в работе с неговорящими детьми при подготовке к обучению грамоте

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 68 человек

Курс повышения квалификации

Внедрение Федеральной адаптированной образовательной программы дошкольного образования для обучающихся с умственной отсталостью

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Психические защиты и психоаналитический взгляд на личное развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек

Мини-курс

Современные информационные технологии и информационная безопасность

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 88 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 61 человек