Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Биология / Другие методич. материалы / Нұрлы жол-болашаққа бастар ұлы жол

Нұрлы жол-болашаққа бастар ұлы жол

  • Биология

Поделитесь материалом с коллегами:

Нұрлы жол – болашақты бағдарлайтын ұлы жол.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті жолдауы Қазақ елін биік белестерге көтере отырып, халықтың әлеуметтік ахуалын анағұрлым жақсартуға бағытталған аса маңызды құжат. Елбасы бұл жолдау арқылы Қазақ елін мәңгілік елдер қатарына қосу бағытында жасалатын жұмыстың жоспарларымен бөлісті.

« Мәңгілік ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты – мәңгілік Ел » деп өсиет қалдырған. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – елдің бірлігі. Қазақстанның шыққан биіктерінің ең басты себебі – бірлік, берекесі. Біз тұрақтылығымызды бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік » - деген болатын елбасы жолдауында. Бабаларымыз айтып кеткендей «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деген ойға мен де толығымен қосыламын.

Көрші мемлекеттерде болып жататын дүмпу, көтерілістерді теледидар арқылы көріп отырғанда, осындай бейбіт те тыныш елде өмір сүріп жатқанымды мақтан тұтамын. Әрине бұл ең бірінші еліміздің президенті Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасы екенін барлығымыз білеміз. Сонымен қоса, елімізде тұрып жатқан түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті , бірлікте өмір сүруі тұрақтылығымызды нығайта түсуде.

«Нұрлы жол» деп аталған Қазақстанның жаңа экономикалық саясаты бойынша ұсынылған іс-шаралар салиқалы ойдың жемісі екені анық.Жолдау сөз жоқ, еліміздің дамуына жаңаша серпін беретін, Қазақстан халқының игілігі, мақсат-мұраттарының орнығуы жолын көздейтін тарихи құжат деп есептеймін. Президент Жолдауда ЭКСПО-2017 –нің Қазақстан үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашып, жаңа заманғы технологияларды ала келетінін атап өтті. Бұл өз жолында еліміз үшін маңызды қадам дер едім. Сондай-ақ елбасы өз сөзінде жастармен жұмысқа баса көңіл бөлді.Мемлекетіміздің ертеңі жас ұрпақ екені даусыз. Мен де еңбек жолын енді бастаған жас ұстаз ретінде ертеңгі күніме үлкен сеніммен қараймын.Мемлекет тарапынан беріліп отырған мол мүмкіндіктерді пайдалана отырып, елімнің өркендеуіне, мемлекетіміздің гүлденуіне аз да болса өз үлесімді қоссам деймін. Осы жолда елбасының тың ойлары маған бағыт-бағдар беріп, жол сілтеп тұрады.

Нұрмағанбетова Гүлденсін Дүйсетайқызы

Биология пәні мұғалімі

Киік ауылы.



Автор
Дата добавления 28.11.2015
Раздел Биология
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров183
Номер материала ДВ-204811
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх