Инфоурок / Директору, завучу / Другие методич. материалы / Оценка профессиональной работы учителя

Оценка профессиональной работы учителя

Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>

библиотека
материалов

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі


«Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» КММ


Мұғалімнің кәсіби еңбегін бағалау өлшеуіштері туралы

 Ереже

Мұғалімнің кәсіби еңбегін бағалау өлшеуіштері туралы Ереже «Серебрянскқаласының №4 орта мектебі» КММ педагогикалық кеңесінде талқыланып, бекітілді, хаттама №3 09.01.2015ж.

Педагогтардың кәсіби еңбегін  рейтингтік бағалау өлшеуіштерінің әзірлемесі

Инновациялық білім мекемесі мұғалімінің ғылыми-әдістемелік жұмысының басты құндылығы ұстаздың өз кәсіби шеберлігін жүзеге асыруға, өзін -өзі өзектілендіруге және өз ісін тиімді ұйымдастыруға әзір жеке тұлға бола алуымен анықталады.

Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмысының сапасын арттыру тек білімін тереңдетумен ғана шектелмейді, ол ең алдымен, білім сапасын арттыруға бағытталған жаңа технологиялардың астарына терең бойлай алу әрекеті болып табылады.

Кейбір статистикалық мәліметтер бойынша жаңа идеялар мен мақсаттар туындап, жаңа сапа мен инновацияға түрткі дәрежесі бойынша көшу кезінде педагогикалық ұжым мүшелері  төмендегідей топтарға  бөлінеді:

·        Көшбасшылар – 1-3 %;

·        Оң көзқарастағылар– 50–59 %;

·        Немқұрайлылар   – 30%;

·        Керітартпалар– 10–20 %.

Сондықтан да біздің алдымызда тұрған мақсат – немқұрайлы және керітартпа топтағы  мұғалімдерді жоғары түрткі деңгейіне жеткізу. Мұғалім өзінің нақты миссиясын сезінген жағдайда ғана өз ісіне есеп беруі, өзін- өзі таныта алуы, өзін-өзі дамытып, жаңашылдыққа құлшыныс танытуы арта бастайды.

Жалпы ережелер:

1. Оқу-тәрбие үдерісін кадрлармен қамтамасыз ету – мектепті басқарудағы ең маңызды бөлімінің бірі.

2. Мұғалімнің еңбегін, нәтижесін бағалау үдерісі – педагогикалық кадрлармен жұмыстың бір бағыты

 Мақсаты: мұғалімдердің өз кәсіби тұрғыдағы мәселелерін өз тарапынан түйсініп өзіндік шешім қабылдай алуға белсендіру.

 Міндеттері:

1.     Мұғалімдер жетістіктерінің өзгеру динамикасының  мониторингісі.

2.     Нәтижелерін әріптестерінің нәтижелерімен салыстыру.

3.     Педагогтардың портфолиосы түріндегі мәліметтер базасын қалыптастыру

Іс-әрекеттің мазмұны

1.     Жыл бойы мұғалім іс-әрекетінің диагностикасын жүргізу.

2.     Бірінші жартыжылдықта және жылдың соңындағы қорытынды бойынша рейтинг шығару.

Педагогтың ғылыми-әдістемелік жұмысының рейтингісін есептеу әдістемесі.

 Rғәж алты көрсеткіш  өлшеуіштерінен құралады:

  • RI – өзі сабақ беретін пән бойынша сабақтан тыс әрекетінің жағымды нәтижелері;

  • RII – жаңаша білім беру технологияларын пайдалану;

  • RIII – өзінің педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату;

  • RIV – тәрбие жұмысы бойынша мұғалімнің еңбегін бағалау;

  • RV – кәсіби сайыстарға қатысу;

  • RVI –пән бірлестігіне жетекшілік ету.

  • RVIІ - мұғалімнің атқарушылық тәртібін бағалау.

1. Өзі сабақ беретін пән бойынша сабақтан тыс әрекетінің жағымды нәтижелері төмендегідей бағаланады:

  • Н– таңдау немесе электив курстарын жүргізу (2б – дайын бағдарламамен жұмыс істесе, 5б – егер бағдарламаны мұғалім өзі құрастырса, 15б – бағдарламаны өзі құрастырып, ОӘК жасаса);

  • Н– оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізсе (2б);

  • Н– оқушылардың ғылыми-практикалық конференциялардағы жетістіктері: ең үздік жұмысқа диплом, жеңімпаз дипломы (2б – мектепішілік деңгейде, 10б – қалалық, аймақтық деңгей, 15б – облыстық деңгей, 20б –республикалық деңгей, 25б –халықаралық деңгейде. Егер бір мұғалімнің екі немесе бірнеше деңгейде жеңістері болса балдары қосылады);

  • Н– әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға (жоғары оқу орындары өткізетін) оқушыларды ұйымдастырса (10б – егер оқушылары 1,2,3 орын алса)

  •  Н– оқушыларды әр түрлі деңгейдегі пән сайыстарына тартса: «Абай оқулары», “Русский медвежонок – языкознание для всех”, “Золотое руно”, “Кенгуру”, «Ақбота» т.б. (1б 1 оқушы үшін, егер оқушы жүлделі орын алса – 5б) Егер бір мұғалімнің екі немесе бірнеше деңгейде жеңістері болса балдары қосылады;

  • Н–оқушылардың мемлекеттік пән олимпиадаларынан жетістіктері  (5б – мектепішілік деңгей (1, 2, 3 орын), 15б – қалалық деңгей (1, 2, 3 орын), , 20 б – облыстық деңгей, 30б – республикалық деңгей, 50б – халықаралық деңгей. Егер бір мұғалімнің екі немесе бірнеше деңгейде жеңістері болса балдары қосылады.

Бірінші өлшеуіш бойынша мұғалімнің рейтингісін есептеу әдісі:

RI = Н+ Н+ Н+ Н+ Н+ Н+ Н7


2. Жаңаша білім беру технологияларын пайдалану келесі өлшеуіштер бойынша анықталады:

  • Т1 – педагогикалық зерттеулер  (0 б –егер педагог өзінің жеке педагогикалық зерттеуін жүргізбесе, 1б –зерттеу тақырыбы, бағдарламасы (бекітілген) болса,  5б – аралық немесе соңғы нәтижесі болса).

  • Т2 –оқу жетістіктерін бағалау және жүйелеу әдістерін, жаңа сандық білім беру ресурстарын пайдалану (оқу-әдістемелік кешендер, жұмыс дәптерлері, жобалар, зерттеулер, тестілеу нәтижелері) (10б. дейін).

  • Т3 – Жаңа білім беру технологияларын пайдалану нәтижелігі (баспа өнімдерінің болуы, тәжірибежалпылау және тарату(10б).

  • Т4 –Өткізген ашық сабақтарының саны (пән апталығы шеңберінде – 3б., қалалық деңгейде – 5б., облыстық деңгейде – 10б., республикалық деңгейде – 15б.).

Екінші  өлшеуіш бойынша мұғалімнің рейтингісін есептеу әдісі:

RII = Т+ Т+ Т+ Т4


3. Педагогтың өзіндік  педагогикалық тәжірибесін жалпылау және тарату;

  • Ж– аймақтық және қалалық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату ( 2 б – лицейдің педагогикалық кеңесінде немесе семинарларда, кафедра отырысында тәжірибе бөлісуі;  5б –пән мұғалімдерінің қалалық деңгейде әдістемелік бірлестік отырыстарында тәжірибесімен бөлісу баяндамалары, оқу жылы бойы шебер-класс жүргізу, қалалық семинарларда, дөңгелек үстелдерде және т.б. проблемалық отырыстарда  тәжірибе бөлісу баяндамалары, жинақтар, ғылыми-әдістемелік басылымдарының жариялануы, ОҒҚ немесе бірлестікке жетекшілік жасауы. Егер педагог оқу тоқсанында, не жыл бойында бірнеше рет тәжірибесімен бөліссе немесе ОҒҚ,  бірлестікке жетекшілік жасаса, балдары қосылады.);

  • Ж– облыстық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және (10б – облыстық семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, облыстық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жарияланса);

  • Ж– республикалық және халықаралық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату (20б – республикалық және халықаралық деңгейдегі семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, облыстық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жарияланса, 5б – егер баяндама енді ғана жіберіліп, ол туралы куәландыратын құжат болса). Мұғалім бірнеше педагогикалық сайыстарға бір кезеңде қатысып, бірнеше баспаға іс-тәжірибесін жалпылау үшін жіберген болса, балдары қосылады.

Үшінші өлшеуіш бойынша мұғалімнің рейтингісін есептеу әдісі:

RIII = Ж+ Ж+ Ж3


4. Тәрбие жұмысы бойынша мұғалімнің еңбегін бағалау:

С– Сынып ұжымының бірлескен іс-әрекетін басқару деңгейі (3б – құқық бұзушылыққа жол берілмесе, 5б – тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өткізсе)

 С– мұғалім мен отбасының бірлесіп жұмыс істеу дәрежесі (2б – оқушының отбасы жайлы /үйінде болып/ толық мәліметі болса, 3б – жүйелі диагностика жүргізсе, 5б – ата-ана сынып өміріне тікелей араласса)

С–тәрбие жүйесінде инновацияның болуы (3б – сынып жетекшісі қазіргі тәрбие технологияларын меңгеріп, іс-шараларда пайдаланса, 10б – егер мұғалім тәрбиеге байланысты бағдарлама құрастырса және сараптама кеңесімен бекітілсе)

Төртінші өлшеуіш бойынша мұғалімнің рейтингісін есептеу әдісі:

RIV = С+ С2   + С3.

5. Кәсіби сайыстарға қатысу деңгейін бағалау:

  • К1– аймақтық және қалалық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысуы(20 б-ға дейін: 5б – таңдау турына өтініш беру және қатысу, 10б –финалға шығу, 15 – финалға қатысу, бірақ  үштікке енбеу, 20б – сайыстың жеңімпазы немесе сыйлық иесі болуы);

  • К– облыстық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысуы(50 б-ға дейін: 15б – таңдау турына өтініш беру және қатысу, 25б – финалға шығу, 35 – финалға қатысу, бірақ  үштікке енбеу, 50б – сайыстың жеңімпазы немесе сыйлық иесі болуы);

  • К– республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысуы(100б-ға дейін: 50б – таңдау турына өтініш беру және қатысу, 85б – республикалық, халықаралық деңгейдегі таңдау турының жеңіспазы, 100б – сайыс жеңімпазы).

RV = К+ К2   + К3.

 

6. Пән бірлестігіне жетекшілік жасау.

Оқу-әдістемелік бірлестігі – мұғалімдердің әдістемелік жағынана бірлесіп дамуының жоғарғы деңгейі, ал пән бірлестігіне жетекшілік ету – ол типтік оқу бағдарламаларына авторлық және бейімделген бағдарламалар құрастыру бойынша мұғалімдермен жекелеген жұмыстарды ұйымдастыру , бірлестік мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бойынша туындаған мәселелерді шешудегі мақсатты әрекетті, бірлестік бойынша инновацияның дамуына талдау жасауы. Сондықтан да бұл өлшеуіш ерекше көрсетілген  (Нкж) және оған 10 балл беріледі.


7.  Мұғалімнің атқарушылық тәртібін бағалау

·Ә1 – ұсыныстарға сәйкес құжаттардың рәсімделуін бағалау ( 3 балға дейін);

·Ә2 – еңбек тәртібінің сақталуын бағалау  ( "-1" балдан "+1" балға дейін);

·Ә3 – кабинеттің санитарлық жағдайын бағалау ( "-1" балдан "+1" балға дейін);

·Ә4 –ата-аналар мен оқушылардың тарапынан түскен шағымдардың болмауын бағалау  ( "-1" балдан "+1" балға дейін);

·Ә5– тапсырмалардың уақытылы орындалуын бағалау  ( "-1" балдан "+1" балға дейін);

·Ә6 – мектепішілік іс-шараларға қатысуын бағалау  (педагогикалық кеңес, жиын,  семинар, мерекелік іс-шаралар) – 100%-дық  қатысу болғанда 5 балға дейін.

Нәтижесінде мұғалімдердің рейтингісін бағалау төмендегі формуламен есептелінеді:

Rғәж = RI (Н+ Н+ Н+ Н+ Н+ Н+ Н7) + RII (Т+ Т+ Т+ Т4) + RIII (Ж+ Ж+ Ж3) + RIV (С+ С2   + С3.) + RV (К+ К2   + К3) + RVI (Нкж 10 балл)+ RVII(Ә+ Ә2 +Ә3 +Ә4 +Ә5 +Ә).


Педагогтың ғылыми-әдістемелік жұмысының рейтингісі әр тоқсан (жартыжылдық) сайын есептелініп отырады.  Мектептің әр педагогіне арнайы есеп тапсыру формасы әзірленген (қосымша). Қорытынды рейтинг әр тоқсан сайынғы жиналған балдардың жиынтығы негізінде оқу жылының соңында анықталады.  Мәліметтер жиынтық кестеге енгізіліп, диаграмма құрылады және «Серебрянск қаласының №4 орта мектебі» КММ мұғалімдерінің кәсіптік біліктілігін әрі қарай дамыту үшін нәтижелер талданады.

Сөйтіп, мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмысын рейтингтік бағалау әдісі мұғалімнің кәсіби өсуіне жан-жақты мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, заманауи мұғалімнің ерекше белгілерін атап өткім келеді: әділ, ізгі ниетті, моралдық-этикалық принциптерді қатаң сақтайды, өз ісінің нәтижелілігіне өзі жауапты,  ұжымда үлгілі жұмыс істей алады және өзінің айрықша кәсіби тәжірибесімен бөлісе алады. Сондықтан да, ғылыми-әдістемелік жұмысын рейтингтік бағалау әдісі педагогтерді осындау заманауи мұғалім болуға ынталандырады.

























Қосымша 1

Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік жұмысын рейтингтік бағалау өлшеуіштері 

___________________________бірлестігі

Аты-жөні _________________________________________________________


Әдістемелік тақырыбы_____________________________________                    

__________________________________________________________________оқу жылы________ соңғы аттестатталу  мерзімі _______________________

(санат) _______________________


 

Өлшеуіштер

1 тоқсан

2 тоқсан

3 тоқсан

4 тоқсан

Қорытынды

1

Таңдау курстарын және электив курстарын жүргізу (бағдарлама мен жоспарлаудың болуы)

 

 

 

 

 

2

Оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу (бағдарлама)

 

 

 

 

 

3

 

 

3.1

оқушылардың ғылыми-практикалық конференциялардағы жетістіктері(бірінші және жүлделі орындар):

- мектепішілік деңгей

 

 

 

 

 

3.2

- қалалық, аймақтық деңгей

 

 

 

 

 

3.3

- облыстық деңгей

 

 

 

 

 

3.4

- республикалық

 

 

 

 

 

3.5

- халықаралық

 

 

 

 

 

4

Әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға оқушыларды ұйымдастыру (оқушы саны,  сынып)

 

 

 

 

 

5

Оқушыларды пәндік сайыстарға тарту (оқушы саны,  сынып)

 

 

 

 

 

6

Оқушыларды жоғары оқу орындарының сайыс-олимпиадаларына қатыстыру (ЖОО атауы, оқушы саны,  сынып)

 

 

 

 

 

7

 

7.1

оқушылардың пән олимпиадаларындағы жетістіктері(бірінші және жүлделі орындар):

- мектепішілік деңгей

 

 

 

 

 

7.2

- қалалық, аймақтық деңгей

 

 

 

 

 

7.3

- облыстық деңгей

 

 

 

 

 

7.4

- республикалық

 

 

 

 

 

7.5

- халықаралық

 

 

 

 

 

8

Педагогикалық зерттеулер

(тақырыбы, нәтиже)

 

 

 

 

 

 

9

Оқу жетістіктерін бағалау және жүйелеу әдістерін, жаңа сандық білім беру ресурстарын пайдалану (оқу-әдістемелік кешендер, жұмыс дәптерлері, жобалар, зерттеулер, тестілеу нәтижелері)

 

 

 

 

 

10

Заманауи оқыту технологияларын пайдаланудың нәтижелілігі (баспа өнімдерінің болуы)

 

 

 

 

 

11

Өткізген ашық сабақтарының саны (пән апталығы шеңберінде, қалалық деңгейде, облыстық деңгейде, республикалық деңгейде)

 

 

 

 

 

12

Мектепішілік деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату (лицейдің педагогикалық кеңесінде немесе семинарларда, кафедра отырысында тәжірибе бөлісуі)

 

 

 

 

 

13

пән мұғалімдерінің қалалық деңгейде әдістемелік бірлестік отырыстарында тәжірибесімен бөлісу баяндамалары, оқу жылы бойы шебер-класс жүргізу, қалалық семинарларда, дөңгелек үстелдерде және т.б. проблемалық отырыстарда  тәжірибе бөлісу баяндамалары, жинақтар, ғылыми-әдістемелік басылымдарының жариялануы, ОҒҚ немесе кафедраға жетекшілік жасауы)

 

 

 

 

 

14

облыстық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату (облыстық семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, облыстық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жариялануы)

 

 

 

 

 

15

республикалық және халықаралық деңгейде іс-тәжірибе жалпылау және тарату (республикалық семинарларда баяндамаларымен қатысса, ғылыми-әдістемелік мақалалары еңбектер жинағында, республикалық басылымдарда, педагогикалық ақпараттар қорында жариялануы)

 

 

 

 

 

16

Біліктілік арттыру курстарынан уақытылы өтуі (қашан, қайда)

 

 

 

 

 

17

Ғылыми дәрежесінің болуы

 

 

 

 

 

18

Аймақтық және қалалық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысу

 

 

 

 

 

19

облыстық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысу

 

 

 

 

 

20

республикалық және халықаралық деңгейдегі кәсіби сайыстарға қатысу

 

 

 

 

 

21

Пән бірлестігіне жетекшілік ету

 

 

 

 

 

22

С– Сынып ұжымының бірлескен іс-әрекетін басқару деңгейі (3б – құқық бұзушылыққа жол берілмесе, 5б – тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырып, жоғары дәрежеде өткізсе)

 С3–тәрбие жүйесінде инновацияның болуы (3б – сынып жетекшісі қазіргі тәрбие технологияларын меңгеріп, іс-шараларда пайдаланса, 10б – егер мұғалім тәрбиеге байланысты бағдарлама құрастырса және сараптама кеңесімен бекітілсе)

 

 

 

 

 

 

23

С– мұғалім мен отбасының бірлесіп жұмыс істеу дәрежесі (2б – оқушының отбасы жайлы /үйінде болып/ толық мәліметі болса, 3б – жүйелі диагностика жүргізсе, 5б – ата-ана сынып өміріне тікелей араласса)

 

 

 

 

 

 

24

С3–тәрбие жүйесінде инновацияның болуы (3б – сынып жетекшісі қазіргі тәрбие технологияларын меңгеріп, іс-шараларда пайдаланса, 10б – егер мұғалім тәрбиеге байланысты бағдарлама құрастырса және сараптама кеңесімен бекітілсе)

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы(рейтингтік бал)

 

 

 

 

 

 



Мұғалім жұмысының сапасын бағалау.

 

Критерийлер

Көрсеткіштер

А.

Оқыту жұмысы.

 

1.

Үлгерім %

3 балл- 100%; 2 балл- 99-95%;

1 балл- 94-80%; 0 балл = 79% және төмен

2.

Білім сапасы%

3 балл- 100-70%; 2 балл- 69-50%;

1балл- 49- 40%; 0 балл= 39 және төмен

3.

Білім деңгейі %

3балл- 100-80; 2балл- 79-60;

1балл- 59-50; 0 балл= 49 және төмен.

4.

ҰБТ бойынша орта балл

3балл- «5» және «4»; 2балл- 3,9-3,5;

1балл- 3,4- 3,0; 0 балл = 2,9 және төмен

5.

Пән бойынша орта балл

3балл- «5» және»4»; 2балл- 3,9-3,5;

1балл- 3,4- 3,0; 0 балл = 2,9 және төмен

6.

Пән бойынша күнтізбелік жоспар

3балл- уақытында, сапалы

2 балл- уақытында; -1 балл - 1 күн кешіккен

7.

Сабақ жоспарлары

3балл- - уақытында,сапалы

2 балл- уақытында; -1 балл - 1 жоспар болмағанына

8.

Мұғалімнің мамандық деңгейі (конфликттерді шешу шеберлігі, конфликттердің болмағаны, үстінен шағымдардың түспегені)

Ата-аналар мен оқушылардың анкеталары

3балл - конфликттердің болмағаны;

3балл - үстінен шағымдардың түспегені; 2 балл- конфликттерді шешу шеберлігі; 0 балл – конфликттерден қашу; -1 балл - 1 үстінен шағым түскені

9.

Мұғалімнің этикасы.

Ата-аналар мен оқушылардың анкеталары

3 балл – мұғалім этикасын сақтау

-10 балл – 1 рет мұғалім этикасын бұзу

10.

Қоғамдық жерлерде өзін ұстау үлгісі

3 балл – мұғалім этикасын сақтау

-10 балл – 1 рет мұғалім этикасын бұзу

В.

Қоғамдық жұмыс


11.

Кәсіподақ жұмысына қатысу

3 балл – белсене қатысу; 1 балл – қатысу; -1 балл - қатыспау

12.

Мектеп комиссияларындағы жұмыс

2 балл – 1 комиссия мүшесі болғаны үшін

13.

Қоғамдық тапсырмаларды орындау.

5 баллов – ұзақ мерзімді тапсырма;

1 балл – жеңіл тапсырма.

14.

Мектепті насихаттау (мектеп туралы газет-журналдарға жазу)

3 балл – 1 басылым.

15.

Газет-журналдарға жазылу

3 балл – 1 газет, не журналдар түрі

16.

Тазалық сеңбіліктерге қатысу

3 балл – белсене қатысу; 1 балл – қатысу; -1 балл - қатыспау

17

Мемлекеттік мерекелерді қалалық деңгейде өткізуге қатысу

3 балл – белсене қатысу; 1 балл – қатысу; -1 балл - қатыспау

Г.

Құжаттармен жұмыс.

 

18.

Журналды уақытында және дұрыс толтыру.

3 балл – журналды уақытында және дұрыс толтыру;- 1 балл – журналды уақытында 1 рет толтырмау;

- 1 балл - 1 рет қателесу;

19.

Баға қою.

3 балл – Бағалар объективті қойылған. Баға қоры мол;

- 1 балл – баға қоры аз;

- 1 балл – баға дұрыс қойылмаған

20.

Пән бойынша есептер.


3 балла – уақытында және дұрыс тапсырылды;- 1 балл – 1 күн кешіккен;

- 1 балл – талапқа сәйкес емес

21.

Портфолио

3 балла – бар және сапалы; - 1 балл – талапқа сай емес; - 10 балл – жоқ

Д.

Еңбек тәртібі

 

22.

Сабақты уақытында бастау мен аяқтау.

3 балл – уақытында;

- 1 балл – 1 тәртіп бұзушылық;

23.

Сабақ уақытында өз орнында болмауы.

- 10 балл– 1 тәртіп бұзушылық;

24.

Сабақ уақытында басқа жұмыспен айналысу

- 10 балл– 1 тәртіп бұзушылық;

25.

Сабақтан баланы қуып шығу

- 10 балл– 1 тәртіп бұзушылық;

26.

Пед.кеңестерге қатысу.

1 балл қатысқан үшін

27.

Әкімшілік кеңестерге қатысу.

1 балл қатысқан үшін

28.

ӘБ отырыстарға қатысу.

1 балл қатысқан үшін

29.

Уақытша жарамсыздық парағының тәртібі

3 балл- УЖ тәртібін бұзбай, уақытында ескертіп, жұмысқа шығуы

- 10 балл– 1 тәртіп бұзушылық;

30.

Әріптестермен қарым-қатынастары.

Әріптестердің анкеталары

3 балл – қарым-қатынас мәдениетін сақтау; -10 балл – қарым-қатынас мәдениетін бұзғаны үшін

31.

Дресс-кодты сақтау

 3 балл – дресс-кодты сақтау үшін

-1 балл – 1 рет дресс-кодты сақтамау үшін

Е.

Сынып жетекшілік.

 

32.

Ашық шараларды ұйымдастыру.

5 балл –аудан деңгейінде;; 3 балл – қала деңгейінде; 2 балл – мектеп деңгейінде;

33.

Сынып жетекшілік бойынша есептер.


3 балл– уақытында және дұрыс тапсырылды; - 1 балл – 1 күн кешіккен; - 1 балл – талапқа сәйкес емес

34.

Оқушылардың жеке құжаттары

3 балл – құжаттарды уақытында және дұрыс толтыру; - 1 балл – 1 құжат толық болмағаны үшін

35.

Сыныптың белсенділігі

5 балл –аудан деңгейінде; 3 балл – қала деңгейінде; 2балл – мектеп деңгейінде жетістіктері үшін

36.

Экскурсиялар, саяхат, серуен т.с.с шараларды ұйымдастыру

2 балл -1 шара.

37.

Ата-аналармен, оқушылармен, «қиын» топтағы және панадағы балалармен жеке жұмыс

5 балл -әлеуметтік педагогтың ақпараты бойынша; - 1 балл – Оқушылардың үйлерін араламау; - 1 балл – олардың бос уақыттарын ұйымдастырмау; -1 балл – жазғы демалысты ұйымдастырмау,- 1 балл – актілер мен мінездемелерді жазбау,

- 1 балл – БҚҚК отырыстарына қатыспау, - 1 балл – қоғамдық және мектеп инспекторларымен байланысының болмауы

38.

Мектеп формасын сақтау

3 балл – мектеп формасын сақтау;

- 1 балл – мектеп формасын сақтамау

- 1 балл – шаш жинамаған;

- 1 балл – шаш жинамаған;

39.

Оқушылардың тәртібі

3 балл – тәртіпті сақтау;

- 1 балл – 1 тәртіп бұзушылығы

40.

Сынып бөлмесі

1 балл – с/б тазалығы; 1 балл – с/б көркемдігі; 1 балл – с/б көкаландырылуы; - 1 балл – сынық жиһаз, есік, құлып.

Ж.

Қауіпсіздік ережелері және оқушылардың денсаулығын мен өмірін қорғау, өмір қауіпсіздігі

 

41.

Мұғалімнің қауіпсіздік ережелер бойынша нұсқаулықтардан уақытында өткені

1 балл – 1 нұсқаулық түрі


Оқушылармен қауіпсіздік ережелер бойынша нұсқаулықтарды уақытында өткізіп отыруы. (Оқушылардың анкеталары мен нұсқаулық тіркеу журналын тексеру нәтижелері бойынша)

3 балл – ескертусіз; -1 балл – 1 ескерту үшін


Қауіпсіздік ережелері және оқушылардың денсаулығын мен өмірін қорғау, өмір қауіпсіздігі бойынша сынып журналындағы парақтарды және

қауіпсіздік ережелер бойынша нұсқаулықтарды тіркеу журналды толтырғаны

3 балл – ескертусіз

-1 балл – 1 ескерту үшін


Сабақ пен үзіліс кезіңде жазатайым оқиғалардың болмауы.

5 балл –болмағаны;

-5 балл – 1оқиға болғанына.



Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 22 ноября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru


Общая информация

Номер материала: ДВ-045010
Курсы профессиональной переподготовки
124 курса

Выдаем дипломы установленного образца

Заочное обучение - на сайте «Инфоурок»
(в дипломе форма обучения не указывается)

Начало обучения: 22 ноября
(набор групп каждую неделю)

Лицензия на образовательную деятельность
(№5201 выдана ООО «Инфоурок» 20.05.2016)


Скидка 50%

от 13 800  6 900 руб. / 300 часов

от 17 800  8 900 руб. / 600 часов

Выберите квалификацию, которая должна быть указана в Вашем дипломе:
... и ещё 87 других квалификаций, которые Вы можете получить

Похожие материалы

Получите наградные документы сразу с 38 конкурсов за один орг.взнос: Подробнее ->>