Инфоурок Информатика СтатьиOn-line САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

On-line САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

Скачать материал

Қhello_html_m1f0d26e6.gifhello_html_m1f0d26e6.gifазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫ

Ақтоған орта мектебі









hello_html_65bc012.gif




hello_html_7e21e646.gif



hello_html_de5eb21.gif







Математика және информатика пәні мұғалімі:

Айтбаев Серик Шакенович












2014-2015 оқу жылы

ОН-ЛАЙН САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Қоғамымызда соңғы жылдары болып жатқан өзгерістер білім сапасын жаңа қырынан қайта қарауға мәжбүрлейді. Жаңа білім беру жүйесінің міндеттері тек жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту, білім, біліктерін жетілдіру ғана емес, тез өзгеріп жатқан техника мен технологиялар, еңбекті ұйымдастыру жолдарына бейімдеу болып табылады. Бұл проблемалардың шешімі білім мазмұнын жаңартуда, білім беру мақсаттары мен нәтижелерін қайта ойластыруда жатыр.

Қазіргі қоғам инфокоммуникациялық әрекеттесуге негізделген білім беру жүйесін ақпараттандырудың жаңа сатысына көтерілді. Инфокоммуникациялық әрекеттесу жағдайында мұғалімнің ролі түбегейлі өзгереді, ол оқушыларды жергілікті және ғаламтор желісінен ақпаратты іздеу, талдауға бағыттайтын консультантқа айналады.

Желі әлеміндегі әрекеттесудің объективті жағдайы білім беру үрдісіне қатысатын субъектілер арасындағы қарым-қатынас пен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын кең жолақты ғаламтор болып табылады. Интернет коммуникациялық медиум ретінде желілік түйіндер арқылы ақпараттық-білімдік ортада адамдар арасындағы ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

Мектептерде инфокоммуникациялық әрекеттесу білім алудың педагогикалық тәсілі ретінде ұйымдастырылған онлайн сабақтар арқылы жүзеге асырылады. Онлайн сабақ деп оқу орыныны ақпаратық-білімдік ортасы және желі көмегімен білім беру үрдісіне қатысатын субъектілердің қарым-қатынасы арқылы мақсатты ұйымдастырылған білім алу үрдісін айтады. Мұндай сабақты ұйымдастырудың ғылыми-әдістемелік негіздемесі толық жасалынбағандықтан, желілік әрекеттесу проблемаларын шешуде белгілі бір қиындықтар туындауда.

Онлайн сабақ – дидактикалық циклдің негізгі бірлігі және қашықтан оқыту формасының бір түрі. Дидактикалық тұрғыдан алғанда онлайн сабақ дидактикалық мақсаттарының бірлігімен сипатталады, мұғалім мен оқушы жұмысының мазмұнын біріктіреді, пәндік және технологиялық жағдайларға байланысты құрылымы анықталған және оқу жадығаттарын игеру заңдылықтарына бағынады. ¦йымдастырылу жағынан онлайн сабақтар бөлінген уақыттың анықталғандығымен, құрылған кестеге сәйкес виртуалды сыныптағы оқушылардың тұрақтылығымен ерекшеленеді.

Онлайн сабақтардың негізгі түрлері: жаңа материалды қабылдау және меңгеру сабақы; білімдері мен біліктерін қалыптастыру сабақы; проблемалық сабақ; аралас сабақ.

Онлайн сабақтардың педагогикалық ерекшеліктері:

  • Мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастың білімдік және тәрбиелік функциясының, оқыту мазмұны мен құралдарының бірлігі;

  • «Форум», «Чат», «Блог» т.б. режимдердегі жазбаша жауаптары кезіндегі оқушылардың белсенділігі;


  • Өзіндік таным белсенділігін арттыру (яғни шығармашылық ізденіс арқылы жаңа білімге ұмтылу);

  • Дидактикалық мақсаттардың бірлігі және сабақ элементтерінің оған тәуелді болуы;

  • Білім мазмұнын, оқу жадығаттарының заңдылықтарын, оқу үдістемесін және біртұтас оқыту жүйесіндегі сабақтың орынын (тақырыптағы, бөлімдегі, курстағы) ескере отырып, сабақты құрастыру.

Сабақ тиімділігін қамтамасыз ететін бұл сипаттамалар біріншіден, оқу үрдісінің объективтілігінен, екіншіден, Мұғалімнің мазмұн ерекшеліктерін, меңгеру заңдылықтарын түйсінуінен (оқытудың субъективті астары) тәуелді болады. Сонымен қатар сабаққа қойылатын талаптар Мұғалім шығармашылығын шектей алмайды, оқушылар топтарының ерекшеліктерін ескере отырып, әдістемелік шеберлігін еркін қолдана алады.

Онлайн сабақ беретін Мұғалім ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жоғары деңгейде меңгеруі қажет. Қашықтан оқыту жүйесінде оқу іс-әрекетін ұйымдастыру Мұғалімнен дәстүрлі жүйеден айырмашылықтары көп арнайы ақпараттық-білімдік ортада оқытуды ұйымдастыруды талап етеді. Мұғалім өз «сыныбын» қалаған уақытында географиялық орналасуына тәуелсіз жинап ала алады.

Интернет ресурстарын қолдана отырып сыныпта оқушылардың жұмысын ұйымдастыру жолдары төмендегідей болуы мүмкін:

  • фронталды (жаңа сабақты игеру);

  • жекелей (оқу ақпараттарын іздеу, таңдау және талдау);

  • топтық (ортақ оқу жобасын жасау).

Онлайн сабақтың негізгі мақсаттары сабақтық біртұтас үш дидактикалық мақсаттарына сай болады:

  • білімдік астар: білімін тереңдету, ғылыми әдістерді қолдана алу білігін дамыту, зерделеу объектілері арасындағы байланыстар мен қатынастарды терең түсіну;

  • дамытушылық астары: оқушылардың таным белсенділігін арттыру, жалпылау, талдау, салыстыру біліктерін дамыту, пәнаралық байланыстарды таба білуге үйрету, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін белсендіру;

  • тәрбиелік астары: ғылыми көзқарасты қалыптастыру, өзіндік және топтық жұмыстарды ұйымдастыра алуға үйрету, жолдастық, өзара көмек сезімін тәрбиелеу, ұжымдық жұмыс білігін қалыптастыру.

Виртуалды сынып бөлмесі (ВСБ) деп шамамен бірдей жастағы және дайындық деңгейіндегі оқушылардың бірлестігін негізгі ұйымдастыру формасын айтады. Онлайн сабақтардың маңызды астарлары мұғалім мен оқушылар арасындағы әрекеттесу тиімділігінің маңызды шарты болып табылатын интерактивтілігін атап өту қажет.

Бейнеконференция технологиясы қолданылатын онлайн сабақты ұйымдастыру әдістемесі.

Бейнеконференция технологиясы қолданылатын онлайн сабақ географиялық орналасуы шектелмеген мұғалім мен оқушылардың тікелей интерактивті трансляция арқылы байланысуы арқылы жүргізіледі. Онлайн сабаққа қатысу үшін үйдегі компьютерді пайдалануға болады немесе мектептің компьютерлік сыныбында қатысады. Екі жақты коммуникация үйден немесе мектептен шықпай-ақ тікелей сынып бөлмесіндегі сабақ эффектісіне қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сабақта дәстүр бойынша Мұғалім және жүйеге тіркеліп, қатысып отырған оқушылар болады. Сабақта мультимедиалық жадығаттар: бейне және аудиожазбалар, мәтіндер, иллюстрациялар кеңінен қолданылады.

Онлайн сабақтарды ұйымдастыру үшін білім беру үрдісіне қатысушы субъектілердің байланысын орнататын білімдік орта қолданылады. Ақпараттық-білімдік орта көпшілік жағдайда портал ретінде қолданылады. Портал дегеніміз жылдамдығы жоғары байланыс каналы арқылы ғаламторға қосылған дамыған қолданушылық интерфейсі бар және белгілі бір аудиторияға бағытталған тұжырымдамалық және мазмұндық жағынан кең ауқымды ақпараттық ресурстар мен қызметтерге қолжетімді болатын желілік түйін. Технологиялық тұрғыдан алғанда портал ғаламтордағы ресурстар мен сервистердің жүйелі түрде көп деңгейлі бірігуі немесе біртұтас мәліметтер қоры мен бірыңғай ақпарат алмасу стандарттарымен біріктірілген сайттар жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әрбір білім мекемесі өздерінің білім порталдарын құру үстінде.

Педагогикалық платформа ретінде ақпараттық-білімдік орта оқу үрдісінің барлық түрлерін және білім беруге қатысушы субъектілер арасындағы байланыс түрлерін қолдай алады. Сонымен қатар портал қашықтан әрекеттесу ортасы ретінде әр түрлі ақпараттық ресурстарды жариялау құралымен және оларға қол жетімділікті қамтамасыз ете алуы керек. Ақпараттық ресурстарға оқу бағдарламалары мен жоспарлары, сабақ жоспарлары, әдістемелік мақалалар мен құралдар, слайдтар жиынтығы, электронды оқыту құралдары, сандық интерактивті мультимедиалық білімдік ресурстар (СИМБР), тестілеуші бағдарламалар, лекциялар мәтіндері т.с.с. жатады. Порталда үлгерім мен білім сапасының мониторингінің нәтижелері, тестілік білім өзіктерінің қорытындылары болуы шарт.

Онлайн сабақты жүргізгенде оқушылар оқу жадығаттарын электрондық оқулықтар, СИМБР түрінде электрондық поштадан немесе порталдан алады.

Онлайн сабақта да дәстүрлі сабақтарға қойылатын талаптар орындалуы керек, яғни әрбір сабақта білім бағаланады, шаблон немесе түсініктерді тексеру арқылы жаттығулар орындалады, оқушыларға электрондық оқулықтардан үй жұмысы беріледі.

Бейнеконференция технологиясында бейне және аудионы жоғарғы жылдамдықтармен беру жаңалықтары, форумдар, чаттар кеңінен қолданылады. Оқушылар порталда тіркелгеннен кейін қолданушы аты мен құпиясөзін алады да, сол арқылы ВСБ-не кіреді. Сабақ жадығаттары дауыстың нұсқаулықтар, бейнежазбалар арқылы беріледі. Сабақ барысында оқушылар мұғалімді көріп отырады, ал мұғалім веб-камера қосулы тұрған қатысушыларды көре алады. Олар микрофоны бар гарнитура арқылы сөйлеседі, PowerPoint презентацияларын, бейнеклиптарды, аудиожазбаларды, суреттер мен мәтіндерді көре алатын мүмкіндіктері бар. Сонымен қатар оқушылар мен мұғалім нақты уақытта өзекті ақпараттар алу үшін веб-сайттарға бірлесе кіруі мүмкін.

Пәндер бойынша онлайн сабақтарды жобалау және жүргізу әдістемесі мақсаттардан нәтижеге дейінгі үрдістер автоматтандырылған дидактикалық бірліктер болып табылатын СИМБР-на негізделеді.

Онлайн режимде өтетін сабақтың басты ерекшеліктерінің бірі - қолжетімді технологиялар көмегімен қарым-қатынас жасау. Олар мамандандырылған технологиялар (әрбір жаңа оқиғалардан кейін автоматты жаңарып отыратын браузер терезесі) немесе арнайы технологияға негізделген «чат эмуляторы» болуы мүмкін. Сонымен қатар қолданушының таңдауына байланысты ашылатын оқу курсының немесе жекелеген сабақтық форумдар, әрбір қатысушының электрондық пошта жәшігі және барлығы бірлесе бір мезгілде жұмыс жасай алатын жалпы қолжетімді құжат қолданылады.

Осылайша бір терезеде сабақ ресурстарын қолдану тәсілі арқылы сабаққа қатысушылардың қарым-қатынасы жүзеге асырылады. Осы уақытта ресурс орындалатын қадамдардың реттілігі мен мазмұндық толықтырылуы орындалады. Онлайн сабақта бірнеше үрдістер бір мезгілде жүргізілуі мүмкін, сынып оқушыларын бірнеше топқа бөліп, олармен әр түрлі чаттар, форумдарда әрекеттесіп, басқа топпен тестілеу жүргізуге болады. Бұл кезде сабақтың веб-орындалуы конференция, ойтүрткі, сөзжарыс, байқаулар т.с.с. формасын алады.

Форумда оқу курсы бойынша жалпы ұйымдастырушылық сипаттағы ақпараттар орналастырылады. Әрбір мұғалімге өзінің сәлемдесуін және соның ішінде алдағы сабақтың жоспары мен қажетті нұсқаулықтарды орналастыру ұсынылады. Ең бастысы мұғалім алдағы жұмыс ережелерін нақты белгілеп, қолжетімді оқу жадығаттарын зерделеуді ұйымдастыруды жобалап алуы керек. Бұл пәннің мақсаттары мен міндеттерімен, сабақ мазмұнының бастапқы жағдайымен, курсты зерделеудегі мазмұндық бағыттармен анықталады.

Онлайн сабақтарда проблемалық сұрақтар мен мәселелер жан- жақты талданады. Проблемалық сұрақтар оқушылардың ойлау белсенділігін арттырып, шығармашылық зерттеушілік жұмысқа жетелейді. Сұрақтар алдын ала бағдар ретінде форумда жарияланып, қорытынды талқылауда мини-конференция түрінде оқушылардың ұтымды жауаптарын талдау ұсынылады. Сабақты жобалау үшін мұғалімде қай сабақта басқа сабақтың қандай терминдері қолданылатыны, олардың арасында ортақ сілтемелер барлығын көрсететін «оқу пәнінің картасы» болғаны жөн. Интернет-сабақтар кезінде картадағы мәтіндік сілтемелер арқылы қажетті ресурстарға оңай өтуге болады.

Онлайн сабақ алдында дәстүрлі сабақтағыдай мұғалім қолданылатын үдістемелерін тағы бір рет саралап алады. Қажеттілікке қарай сабақ мазмұны мен түріне толықтырулар енгізілетін болса, бұл туралы оқушыларға хабарлау керек.

Онлайн сабақтарды рольдік ойындар түрінде ұйымдастыруға болады. Сынып оқушылары кіші топтарға бөлініп, өз терезелерінде ұсынылған тапсырманы талқылайды. Топтарға төмендегідей тапсырмалар ұсынылуы мүмкін:

  1. Сабақ мәтінін талдау. Автордың көзқарасы туралы не айтасың?

  2. Аталған көзқарастарға сәйкес ресурстарды интернеттен тауып, сілтемелерін форумға орналастыру.

  3. Берілген тақырыптар бойынша отандық және шет елдік ғалымдардың пікірлерін қысқаша сипаттау.

  4. Тақырып бойынша интернет беттерінде қандай ақпараттар бар, оларға өзіңнің пікірің қандай?

  5. Форумда түсініктерді талқылау, салыстыру, қолданылу жолдарын ұсыну.

Интерактивті құрылғылар мен Elluminate бағдарламалық қамсыздандырылуын қолданып өткізілетін сабақтарды ұйымдастыру әдістемесі

Интерактивті құрылғылар мен Elluminate бағдарламалық қамсыздандырылуын қолданып ұйымдастырылған сабақтардың дістүрлі сабақтарға қарағанда артықшылықтары өте көп: сабақтың ақпараттық кеңістігін кеңейту, мұғалім мен оқушы әрекеттерінің коммуникациялық құраушысын дамыту, басқа мектептермен, жоғарғы оқу орындарымен бірлесе кіріктірілген сабақтар өткізу, сабаққа қатысушы топтар мен кіші топтардың географиялық орналасуынан тәуелсіз «сынып» жинау. Бұл модель алыс аудандардың, оқушы саны аз мектептер үшін өте қолайлы.

Интерактивті құрылңыларды қолданып өткізетін онлайн сабақтарды ұйымдастыру төмендегідей кезеңдерден тұрады:

  • Тақырыпты анонстауға білікті мамандар тартылады;

  • Мұғалім түсіндірмесі жоғарғы оқу орынының оқытушысы немесе практик-маманның пікірлерімен сүйемелденеді;

  • Білімін бақылау кезінде топтар мен кіші топтар жасаған жобалар қорғалады, оларға сабаққа тартылған мамандар пікір айта алады.

Онлайн сабақ құрылымы дәстүрлі сабақ құрылымындай: білімдерін өзектендіру, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бақылау. Қолданылатын әдістері де ұқсас: түсіндірмелі-иллюстрацияланған, репродуктивтік, дербес-ізденушілік, т.б. Бірақ интерактивтілікке бағытталуы, конультант-мамандармен жедел байланыс, сабақтың ақпараттық кеңістігінің кең болуы ашық білім алу түріне көшіреді.

Интерактивті онлайн сабақтардың дидактикалық мүмкіндіктері:

  • басқа пәндермен кіріктірілуі;

  • бағдарламалық жадығаттар аясында берілетін ақпараттардың жүйелілігі және ғылыми деңгейінің жоғары болуы;

  • компьютерлік коммуникациялар мен интерактивтілік мүмкіндіктерін қолдануды барынша қамтамасыз ету;

  • оқыту үрдісінің әдістемелік сүйемелденуі.

Телекоммуникациялық және интерактивтік технологияларды қолдану жаңа сападағы интернет коммуникацияларға қол жеткізіп, жоғарғы және мамандандырылған оқу орындарының оқытушы, мамандарынан жедел консультациялық көмек алуға жағдай жасайды. Сонымен қатар сабақтың ақпараттық кеңістігін кеңейтіп қана қоймай, сапалы педагогикалық диалог ұйымдастыруға жол ашады.

Мұндай онлайн сабақтың негізіне бейнеконференция байланысы технологиясы алынады, арнайы қосымша құрылғылар (веб-камера, дыбыс микшері, микрофон, т.с.с.) қолданылады. Бейнеконференция байланысының сапасы құрылғылар мен телекоммуникациялық каналдың өткізу мүмкіндігіне тәуелді болады

Бейнеконференциялардың дидактикалық қасиеттері:

  • оқытушы мен оқушылардың синхронды ақпарат алмасуы;

  • оқу іс-әрекеттерін түрлендіру;

Демонстрациялық оқу жадығаттарын мультимедиалық түрде беру, эксперименттер мен тәжірибелер жасау және оны топпен талдау, ақпаратты интерпретациялауды ұйымдастыру.

Онлайн сабақтарды ұйымдастырғанда төмендегідей принциптер ұсталынады:

жүйелілік принципі барлық оқыту кезеңдерінде қамтамасыз етіледі;

оқушылармен жеке жұмыс принциптері олардың жас ерекшеліктерін, білім деңгейін, оқу жадығаттарын қабылдау машықтарын, қызығушылығын ескеруге бағытталады;

оқушылардың белсенділік принципі интернет технологияларды қолдануда ақпараттар ағымында бағдарлай алуымен және өзіндік ойлау қабілеті арқылы анықталады;

білім ресурстарын тарату принциптері оқу ақпараттарын ұсыну және жеткізу түрлерімен анықталады;

оқыту үрдісіне авторлық қатысу принципі;

интерактивтілік принциптері желілік коммуникациялар арқылы білім беру үрдісіне барлық қатысушылардың байланыс жасауымен анықталады.





































Әдебиеттер

  1. Концепция развития образования до 2015 г. - Астана, 2005.

  2. Есполов Т.Е., Кунанбаева С.С., Курманалина Ш.Х., Моминбаев Б.К., Нургалиева Г.К., Сулеев Д.К. Педагогическая технология информатизации образования. – Алматы: РЦИО, 2002. – 268с.

  3. Полат Е.С. Дистанционное обучение. - М. Владос, 1998-192 с.

  4. Ахметова Г.Б. Методология и технология формирования сетевой готовности будущих специалистов. – Алматы, 2009. – 270 с.

  5. Тажигулова А.И. Педагогическая методология и технология информатизации среднего образования. – Алматы, 2009. – 280 с.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "On-line САБАҚТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 215 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.03.2016 6247
    • DOCX 118.5 кбайт
    • 57 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айтбаев Серик Шакенович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Айтбаев Серик Шакенович
    Айтбаев Серик Шакенович
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19781
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по информатике и ИКТ в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 42 регионов
  • Этот курс уже прошли 579 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Информатика")

Учитель информатики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Методология и организация образовательного процесса по информатике

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Басня как педагогическая технология

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология аддиктивного поведения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека