Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Отчет А по английскому

Отчет А по английскому



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Иностранные языки

Поделитесь материалом с коллегами:

Умирзакова Айнур Умирбековна Мұғалім портфолиосы А есебі № 4 топ Үшінші деңгей

Қызылорда қаласы 21.04.2015

Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі қалай және неге енгізілгені туралы рефлексивтік есеп


Мен осы кезге дейінгі уақытта, яғни, дәстүрлі сабағымда нақты қалыптасқан жүйемен жүретінмін. Сабақ барысында мен баяндаушы, оқушы тыңдаушы, ал сабақтың орта тұсында мен тыңдаушы, оқушы баяндаушы болып қана рөл ауысып тұратын. Дәстүрлі сабақта 5 баллдық бағалау жүйесі оқушыларымның нақты қай деңгейде екенін анықтап бергенімен, нәтижені жақсартуға себеп, сенім білдірмейтінін енді көргендеймін.

Зaмaн уaқытынaн туындaп отыpғaн тaлaпқa cәйкec oқушының oй-өрiciн дaмытып, aлғaн бiлiмдeрiн өз тәжiрибeciндe, жaңa жaғдaйлaрдa қoлдaну, бiлiктiлiгiн apттыpып, iздeнiмпaз, шығaрmaшыл тұлғa қaлыптacтыpудың бiрдrн-бiр жoлы - жаңa сындaрлы пeдaгoгикaлық тeхнoлoгиялaрды мeңгepгeн мұғaлім бoлып тaбылaды. Бiр caбaқтың әp кeзeңдepi түpлi әдicтеpдi opнымeн пaйдaлaну apқылы көп нәтижeгe жeтугe бoлaды.

Oсындaй жaңa әдiстepдiң бiрi “Oқыту мeн oқудaғы жaңa тәciлдep” мoдулiндeгe «Қaлaй oқу кepeктiгiн үйрeту?» жәнe «Диaлoг apқылы oқыту» бoлып тaбылaды. Ғылыми зеpттeу нәтижелеpі сaбaқтa диaлoгтың мaңызды pөл aтқapaтынын көpcетті. Mepcep мeн Лилтoн (2007) өз eңбeктерiнде диaлoг сaбақтa oқушылapдың қызығушылығын apттыpу мeн қaтap, oлapдың бiлiм дeңгeйінiң өсуiнe үлкeн үлec қocaтындығын aтaп көpcеттi (MAH 39б).

Мен тізбектелген сабақтар топтамасына бір модульді енгізу рефлексивті есебіме оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулін таңдадым.

Мен бұл модульді неге таңдадым?

Ағылшын тілі пәніндегі негізгі мақсат оқушылар бойында оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым дағдыларын қалыптасуы, жаңа білімді меңгеру шамасына қарай ағылшын тілі туралы өзінің түсінігін үйлестіре білуі. Бағдарламаның осы модулінің теориялық идеялары менің пәніме өте жақын келгендей болды. Түрлі тапсырмалар орындау арқылы оқушылар әртүрлі тапсырмаларды шешу жолдарын, ағылшын тілін тереңірек әрі толық меңгеруге мүмкіндіктері кеңейетіндіктен осы модулдің негізгі идеяларына көбірек сүйендім.

Модуль идеяларының мына тұстарын басшылыққа алдым:

- оқыту негізін түсіну, оқыту стильдерін назарға алу және өмір бойы өзін-өзі оқытуда тиімді әдістерді таңдап алу;

- мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесінің өзара үйлесімділігі;

- жүйелі сөйлеуге үйрету;

- оқушылардың өзін-өзі реттеуі, қалай оқу керектігін үйрету арқылы метатаным мен метасана деңгейіне жетелеу жолдарын меңгеру;

-оқушыларға білім міндеті қоятын талаптарды түсінуде нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектесу;

- сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құрудың негізгі аспектілерін қолдануды жетілдіру, оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беру;

-оқушылардың ұмтылыс пен қызығушылықтарының пайда болуына жағдай жасау және үнемі педагогикалық бақылау жүргізуді меңгеру, оқушыға кеңес беруде әдіс-тәсілдерді жетілдіру;

Бірінші сабағымдағы «I’m going to London» тақырыбындағы жалпы мақсаттарым білім үдерісінің нәтижелі болуы үшін оқушылардың жаңа білімді өздігінен меңгеріп, зерделей білуі үшін олардың білім, білік, дағдыларын есепке ала отырып, қалай оқитындықтарын назарда ұстадым. Айтылым, тыңдалым дағдыларын дамытуда бейнероликті қолдандым. Бұл оқушылардың тілге қызығушылығын арттырды деп ойлаймын.

Жалпы оқу мақсаттарын қою:

  • Міндеттерді орындау стратегияларын әзірлеуге және ойластыруға;

  • Нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектеседі.

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыра отырып түрлі түсті қағаз киындыларын құрастыру арқылы 2 топқа бірікті. Бұл кіріспе тақпақ арқылы сыныпта ынтымақтастық атмосферaсының қалыптасуында оқушылардың алғашқы қадамдардың бірі болатын.

C:\Users\User\Pictures\Camera Roll\WIN_20150312_181225.JPG

1-сурет Оқушылар сөздерді топтастыру арқылы топқа бірігуде

Бағдарламада оқушылардың білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта білген білім дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім модельдері аясында ғана жүзеге асырылады.(МАН, 33 бет.)

Өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға сабаққа таңдалып алынған тапсырмалардың ықпалы зор. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді. Үй тапсырмасын сұрауда және жаңа тақырыпқа негіз болу үшін интербелсенді тақтаға өткен сабақтағы грамматикалық құрылымды қолдана отырып сұрақтар дайындадым. Тапсырма сұрақтарын оңай сөздерден құрадым. Неге? Себебі: алғашқы тапсырма болғандықтан оқушылардың қызығушылық қасиеттерін қалыптастырғым келді; Тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік беретін құзыреттіліктерін; көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай тудырылды. (Wells, 1999).

Осындай тұстарда оқушылардың сұрақтарға нақты жауап бере отырып, мәселені шешуге қызығушылық танытқандары айқын байқалды. Мұны олардың өз жауаптарын айтуға асыққан ұмтылыстарын бақылау барысында аңғардым. Себебі, оларға сұрақтарды әзірлегенде олардың бұрыңғы сыныптардан алған білімдеріне сүйене отырып, жаңа тапсырмаға жақсы көңіл-күймен, ынтамен кіріскендерін қаладым. Бұл оқушылардың өзін-өзі ынталандыра алуына, осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылықтың пайда болуына септігі тиді.

Жаңа сабақ кезеңінде тақырыпқа негіз болатын құнды дереккөздер: бейнетаспадан жаңа грамматикалық құрылымның жасалу жолдарын басқа ұқсас грамматикалық құрылыммен салыстыра отырып баяндалғанын көре отырып, түсінді. Бірақ бір қиын болған тұсы бейнетаспа ағылшын тілінде болғандықтан бір көргеннен түсіну мүмкін болмады, сондықтан таспаны бірнеше рет қайталап көру арқылы толық түсіне алды.

Сабақтың келесі бөлімінде топтар өзара алған ақпараттарына сараптама жасай бастады. Екі топта өз іс-әрекеттерін сараптай алды деп айта алмаймын, бірақ солардың ішінде өзім алғашқы сараптама жасаулары болғандықтан сәтті шықты деп санаған пайымдаулар болды. Мысалы, Келер шақтың формаларындағы ұқсас тұстары мен айырмашылық тұстарын В оқушымның мәнді баяндауы маған қатты ұнады, тіпті екінші С оқушы ресурс деңгейінен асып кете алмаса да, мысалдар келтіруге тырысып қате болса да жауап берді.

Бірнеше тапсырмаларды топта, жұпта орындап, тақырыпты түсінгеннен кейін оқушыларға жеке тапсырма ретінде А,В,С деңгейіндегі тапсырмалар қамтылған парақшалар ұсынылды. Бұл жұмыс оқушыларға қатты ұнады C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\20150417_013651.jpg C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\20150417_014134.jpg

2-сурет Оқушылар кеңейтілген тапсырма орындауда

Сабақ қорытындысында оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау техникалары қолданылды.

Жоғарырақ деңгейде ойлауын дамыту мақсатында әртүрлі сұрақтар қою барысында жауап беру үлгілерінде өгерістердің пайда бола бастағаны байқалды. Олардың жауаптарына «Керемет, жарайсың!» деп мадақтау айтқанымда, оның қуаныш сезіміне бөленгендігі жүзінен байқалып тұрды. Оқушылардың сұхбаттасу арқылы өз ойларын айтуға тырысуы, маған балалардың білімге, сабақ үстіндегі танымдық әрекеттерге деген ұмтылыстарының жоғары бола алатындығын көрсетті. Мен осы көріністерден кейін біраз ой түйіндер жасауға тырыстым. Қалай оқу керектігін үйрету деген қағиданың не себепті орын алғандығын және оның маңыздылығын сезінгендей болдым, барлығы да мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру, сұрақтар қою, метакогнитивті талаптардың маңыздылығын түсінуінен туындайтындығын білдім.

Сабақ соңында оқушыларға жазбаша рефлексия толтыруларын ұсындым. Бұл олардың алғашқы «рефлексия жазулары» болғандықтан, олардың бойынан қобалжу сезімдері байқалып тұрды. Сол себептен мен оларға рефлексияны қазақ тілінде жазуға рұқсат еттім, бірақ келешек ағылшын тілінде жазып үренетіндерін ескерттім. Ең алдымен байқағаным, бұрын «тұйық» деп саналып келген оқушылардың өз ойларын өздеріне берілген соңғы «мүмкіндіктей» көп ойланып жатпай тез жазып тастауы. Ол балаларға бұған дейін көп көңіл аудармай келгенімізді енді байқағандаймыз. Көпшілігінің «...тапсырмаларға кішкене көбірек уақыт берілгенде ғой» деген жауаптарында шындық бар екенін сездім. Бұл оқушылардан дәл осындай болжамды күткен болатынмын.

Оқушылардың осы жазғандарынан өзінің толғанысын шынайы жеткізіп жатқандығы, өзгеріп жатқандығы мені қатты қуантты. Бұл модуль идеяларын енгізудегі мақсаттарымның бірі болатын. Олардың бойындағы өзгерістерді аңғарып, бақылай бастағаным, айтылған пікірлерінен қорытынды шығару арқылы, өзім жоспарлаған нәтижеге жетемін деген сенімімді ұялатты. Кез-келген адам өзінің іс-әрекетіне рефлексия жазып отыру қаншалықты маңызды әрі қиын және керек екендігін өз басымнан өткізу барысында толық түсіне алдым. Бұл мүмкін, балаға білімді дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стилъдегі нәтижеге тез жетуге асығатынымыздан болар. Мүмкін, олардың бойындағы өзгерістерді әдеттегідей «бәрі керемет» болатынын алдын-ала дайындауларсыз, шынайы көргім келген болатын.

Білімге бағдарланған оқу үдерісінде мұғалімдер үстірт оқытуға қарағанда тиянақты білім беруді көздейді. Мұндай үдерісте оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын баяндайды. Оқушылар тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу»- жаңаны білу жолындағы кезекті қадам(МАН,36 бет).

Екінші сабағым «It’s an interesting place» тақырыбында болды. Алғашқы сабағымдағы ұсыныс-пікірлерге сүйене отырып жоспарлауда, жеке, топтық және жұптық жұмыс түрлерін таңдағаным тиімді болар деп ұйғардым. Оқушылардың игеретін жаңа білімі өткен тақырыппен тығыз байланысты болғандықтан табыстылық өлшемдерінің бір бөлігіне енгіздім. Сабақ мақсаттары мен өздерінен күтілетін нәтижелермен танысқаннан кейін ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда оқушылардың еркіндігін қамтамасыз ету үшін «Жұптық үлгіде өлең оқу » сергіту сәтін жасаттым. Үй тапсырмасына өтілген грамматикалық құрылым бойынша тұжырымдамалық кесте жасау берілген болатын.Парақтарын алмастырып бір-бірінің тұжырымдамалық кестелерін түсіндірді. Осы арқылы жұптық бағалау жүрді. Бұдан байқағаным: мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды (формативтік бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.Олар өзін және бірін – бірі бағалайды, бұл тереңірек түсінуге ықпал етеді. Оқушылар тұжырымдамалық кесте арқылы өздерінің грамматикалық құрылымын қаншалықты түсінгендерін көрсете білді. Келесі кезекте оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақтардың екі түрін де қамтыған түрткі болу сұрақтарын қолдандым. Кейбір балалардың қате жауап берсем «жазалауға» ұшырап қалам ба деп « алаңдаушылық» танытып, қобалжып отырғандарын байқадым. Оларға қайта бағыттау сұрақтарын қойып жауап дұрыс жауаптарға өте жақын келді» деген көтермелеулер жасағанымда, олардың жүзінен сұрау белгісін көрдім. Балалардың ішінде өз жауаптарының қаншалықты дұрыс екенін бағамдай алмай жатқандары да болды. Әзірлеген сұрақтарымның бірі мынадай болды:

- «Future Simple I» жасалу формуласы қандай ?,- деген сұрағыма оқушылар:

- Subject+to be+ going to+ verb+ time expression

мысал арқылы;-Tomorrow I’m going to visit my grandma

- бұл жерде “I”-Subject; “am”- to be; going to; visit- base verb; “tomorrow”-time expression. Оқушылар жауаптары арқылы ағылшын тіліндегі келер шақ формасын қазақ тіліндегі және орыс тіліндегі келер шақ формаларымен салыстыра отырып ұқсастықтары мен айырмашылықтарына талдау жасауға тырыса бастады.

- Оқушылардың сөйлем мүшелерін орнымен қолданылуын, көмекші етістік пен негізгі етістікті, мезгіл үстеулерді орнымен қолдануды толық меңгергендігін көпшілік оқушылардың келтірген мысалдарынан байқауға болады. Осы қойылған сұрақтар арқылы кейбір оқушылардың қате жауап бергені үшін қорықпай, өз идеяларын еркін жеткізулеріне, бір-біріне өзара түсіністікке жетулеріне көмектескім келді (МАН,52 бет). Оқушылардың өз пікірлерінің дұрыстығына түсіндірулерін жасай алмауы мен мұғалімдердің өз іс-әрекеттеріне рефлексия жасай алмауы ұқсас жағдай деп білемін.

Жаңа материалдың таныстырылымында мәтінмен жұмысты орындауда жұптық әңгімені қолдандым. Жұпта тақырыпты талкылай отырып тұжырымдамалық кесте жасауға берілді.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\20150417_015917.jpg

3-сурет Грамматикалық құрылымға тұжырымдамалық кесте

Сабақтың басында топтарға біріктірер алдында оқушылардың бірлесе жұмыс істеуде ынтымақтастығын қалыптастыру үшін өздері жақсы танып-білмейтін сыныптастарының қасына отырғызуды көздеген болатынмын. Оқушылар ақпарат көздерін таңдай отырып, проблеманы шешудің тиімді жолдарын қарастыра бастады. Жұптардың арасында келіспеушіліктердің орын алып жатқандығы да байқалды. Оны:

- Сен әуелі тақырыптың мазмұнына мән берші;

- Плакатқа сурет салып түсіндірейік та;

- Сен ережлерді айт, мен мысалдарын айтайын ;

-Қарап тұрып айтсақ қайтеді;- деген сөздерінен аңғардым. Кейбір оқушылар тапсырманы орындау барысында қиын жолдарды таңдап жатса да мән бере қоймадым, себебі: сол қиындық арқылы олардың көп нәрсеге қол жеткізетінін біліп тұрдым. Оқушылардың өзара талдау жасау (Барнс, 1971) барысындағы іс-әрекетерін бақылағанымда аңғарғаным олардың бір-бірін оқытуына көбірек мүмкіндік беруіміз керек екен. Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады (МАН,39 бет ). Оқушыларда өзара талқылаулар арқылы, түрлі ойлардың болатындығын, бір - бірінің түсінуіне көмектесетінін көрсетті.

Бірлесе жұмыс жасау арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысуы, маған оқушылардың қандай деңгейде екендігін көрсетті.

Үшінші сабағымда кіріспе кезеңінде өткен материалға оралу, ойға салу, толығырақ жауап беруге, жауаптарына түзетулер енгізу мақсатында түрткі сұрақтарды пайдаландым. Осы сұрақ түрлерін таңдаудағы мақсатым оқушылардың үйге берілген тапсырмаларды орындау кезіндегі іс-әрекеттеріне (сәтті орындауы немесе жіберген қателері, себептері) ой жүгіртіп, сыни тұрғыдан ойлауына жетелеу болатын. Осы кездегі үдеріс сыни тұрғыдан ойлауды үйрету модулінің Александер тәжірибеде зерттелген диалогтің (декламация) бес үлгісінің бірімен және оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес оқыту мен оқу модуліндегі оқытудағы бихевиористикалық тәсілмен (көтермелеу) астасып жатты. Төртінші сабағымда мәтінмен жұмыс жасау барысында жұптық әңгімені қолдандым. Түрлі дереккөздерден ақпараттарды алуда бұған дейін қалыптасқан дағдыларын қолданды деп айта аламын. Келесі тапсырмаларды орындауда тиімді әдістерді таңдауда бейімділік танытты.

Бірінші кезекте оқушылар жаңа мәтінді аудиотыңдалым арқылы тыңдады. «London is the capital of Great Britain»(«Ұлыбритания астанасы Лондон») атты мәтінді сауатты оқып, мәтіндегі жаңа сөздердің транскрипция арқылы білді және сонымен қатар олар жаңа сөздердің грамматикалық және фонетикалық ерекшеліктерін меңгеріп, жаңа сөздерді ауызекі сөйлеуде қолдана алды. Топтық, жұптық жұмыс барысында оқушылар арасында ынтымақтастық атмосферасы қалыптасып келе жатқаны байқалды, себебі жұмыс барысында А,В,С оқушылар өзара әрекеттесіп А,В оқушылар С оқушының қателескен жерлеріне түзетулер енгізіп оның дұрыс жауаптар айтып топ атынан сөйлеуіне ықпал жасады.

Алдыңғы сабақта үй тапсырмасына “ English speaking countries” тақырыбы бойынша тұжырымдамалық карта құрастыру және Лондон туралы ақпараттар жинап келу тапсырылды. Сол жинаған ақпараттары бойынша сыныпта постерге түсірді. C:\Users\User\Pictures\Camera Roll\WIN_20150312_184050.JPG C:\Users\User\Pictures\Camera Roll\WIN_20150312_182814.JPG

4-сурет Оқушылар кіші жоба дайындауда

және тұжырымдамалық картаны таныстыруда

Тәжірибе кезеңінде өткізілген барлық сабақтарымның сабақ құрылымын алдын-ала хабарлап отырдым. Себебі, оқушылар өздерінен не күтілетінін, тапсырмаларға қанша уақыт жұмсаулары керектігін, табыстылық өлшемдеріне қалай жетуге болатынын алдын-ала біліп отырулары тиіс деп есептедім.

Қорыта айтарым: Жалпы күнделікті сабақта диалогтың алар орны өте зор. Диалаогтық оқытуды пайдалану керек екен. Себебі: оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы арасында диалог өз дәрежесінде өрбейтін болса онда біз қалыптасырып жатқан әрбір жеке тұлға өз ойларын еркін жеткізе алатын, ойын дәлелдей алатын тұлға болып қалыптасады.

C:\Users\User\AppData\Local\Microsoft\Windows\INetCache\Content.Word\20150417_024647.jpg

5- сурет Өзімнің бақылау дәптеримнен рефлексия

Диалогтік оқыту нәтижесінде:

  • Оқушылардың ой-өрісі анықталады;

  • Білімге алуға ұмтылысы артады, топтық зерттеуге дағдыланады;

  • Бір-бірімен пікір алмасып, ортақ идеяларды біріктіреді; ортақ қорытынды шығарады;

  • Оқушыларды білім қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;

  • Оқушылардың сыни тұрғыда ойлауын дамытады;

  • Оқушыларды ақпарат немесе түсініктеме ізденуге ынталандырады;

  • Өз ойын жинақтауға дағдыланады, іс-әрекеттерін жүйелейді және

  • бағыттарын анықтайды. (МАН -41 бет)

Сабақтарымда диалогтық оқуды пайдаланғандағы сәтті тұстарым:

-Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойланады;

-Бір-бірімен пікір алмасу арқылы, шынайы бағалауды;

-Өз ойларын жинақтап, еркін сөйлей бастады;

-Тақырыптар,суреттер бойынша сындарлы сөйлеуге ынталанды;

-АКТ – ның көмегімен суреттер көрді;

-Сабақ барысында шынайы қызығушылығы артты ұйымдастырылған іс – әрекеттер арқылы сұрақтар қоя білді;

Сәтсіз тұстарым:

-Топтық жұмысты жарыс деп қабылдады;

Мұғалім оқушыларға тек теориялық немесе практикалық білім беріп қана қоймай олардың мәдениетті сөйлеу нақыштарына да назар аударулары керек сияқты. Осы әрекеттер үрдіске айналғанда ғана сыныптағы өзара әрекеттесу процесі толық ынтымақтастықта дамиды деп санаймын.

Алдағы уақытта өзгерістер енгізу үшін:

-оқушылардың білім деңгейін жоғарылату мақсатында диалогтік оқытуды сабақ беру үдерісінде пайдалану жоспарланып отыр.

Қолданылған әдебиеттер:

1. Мұғалімге арналған нұсқаулық (МАН)

2. www.google.ru

3. www.youtube.ru











9





57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 01.10.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров382
Номер материала ДВ-024032
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх