Инфоурок Физика Рабочие программыОткрытый урок по физике на казахском языке на тему "Кім жылдам?" состязание классов

Открытый урок по физике на казахском языке на тему "Кім жылдам?" состязание классов

Скачать материал

 

Күні:05.12.2015ж            Сыныптар: 7 «А», «Ә»     Пәні:физика

  Мақсаты: 7 сынып оқушыларының физикадан алған білімдерін тексеру, физикаға  қызығушылықтарын арттыру. Жылдамдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Жоспары:

1. Таныстыру, эмблема қорғау.

2. «Блиц-турнир»

3. «Қанша тілді білесің? »

4. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»

5.  Есеп эстафетасы

6.  Көрермендер көрімдігі

7. «Раундровер»

Жүргізуші:

-Уа,жараңдар,жараңдар!

Бәрің бері қараңдар,

Бәріңе жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Физика – астрономия елінде

Физика-астрономия тілінде

Есеп шешіп жарысып,

Жұмбақ шешіп аңдысып,

Шабыт тасып шалқысып,

Есеппен ән салысып,

Көңілді кеш жасайық.

Асып әсте саспайық,

Батыл қадам жасайық,

Кеш қызығын,ей достар,

Осылайша шабытпен

Кане,енді бастайық.

Жүргізуші:

Шақырамыз,келіңдер жарысуға,

Күш ,өнер,біліммен алысуға

Бар өнерді салайық ортамызға,

Кәнеки, кім шығады сайысуға.

 

Ендеше, құрметті көрермендер, «Жұлдызды сәт» атты физикалық кешімізді тамашалайық.

Бүгінгі ойынның жұлдыздары:1) 7 «А» сыныбынан құралған «Молекула» тобы

2) 7 «Ә» сыныбынан құралған «Атом»тобы

Жүргізуші: Бүгінгі ойында әділ баға беруші қазылар алқасы:

Физика пәнінің мұғалімі: Сейсенбаева Зине апай,Бейсенов Нұрлыбай ағай

Жүргізуші: Бүгінгі ойынның шарттарымен таныс болыңыздар. Ойын 6 турдан және көрермендер сайысынан тұрады:

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау. Мұнда әр топ басшысы өз топтарын таныстырады, эмблема қорғайды.

I I-тур. «Блиц-турнир»- деп аталады. Мұнда әр топқа 1 сұрақ қойылады.(1 дұрыс жауапқа 1 жұлдыздан) Дұрыс жауап үшін топқа жұлдыздар таратылады.

I I I -тур. «Қанша тілді білесің? »деп аталады.Мұнда оқушыларға жұмбақтар жасырылады.Жұмбақ шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) айтуы керек.

IV-тур. «Тәжірибе, тағы да тәжірибе»-деп аталады.Мұнда оқушыларға тәжірибелік құрал-жабдықтар беріліп, құрал-жабдықтарды пайдалану арқылы тәжірибе ойлап табуы керек.

V-тур. Есеп эстафетасы .Бұл турда екі топқа бірдей деңгейдегі  есептер беріледі.Олар ойланғанша, «Көрермендер көрімдігі» өткізіледі.

VI-тур. «Раундровер»- деп аталады. Бұл ойында екі топ маркер көмегімен физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

Жүргізуші: Егер барлығы түсінікті болса, онда ойынымызды бастайық.

I-тур. Таныстыру, эмблема қорғау.

Жүргізуші: Үлгілі тәртіп, жақсы оқу,

Алға қойған мақсаты.

Шығып жүрген жақсы аты,

«Атом» тобын ортаға,

Шақырайық халайық.

«Атом» тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.

Жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,

Жүректе от, көздерінде жалын бар.

«Молекула» тобын халайық,

Қол соғып қарсы алайық.

«Молекула» тобы өз топтарымен, эмблема, ұрандарымен таныстырып кетеді.

Жүргізуші: «Блиц-турнир»

Бірінші болып, сұрақтарға «Атом» тобы жауап береді.

  1. Табиғат туралы ғылым.(физика)
  2. Жылу, электр, жарық, механикалық құбылыс табиғи құбылыс бола ала ма? (жоқ, олар физикалық құбылыстар)
  3. Заттың үш күйін ата.(қатты, сұйық,газ)
  4. Найзағайдың пайда болуы туралы шынайы болжамды ұсынған кім? (Франклин)
  5. Қараңғы бөлмеге кіргенде ең алдымен нені бірінші жағасың: май шамды ма, әлде газды ма? (сіріңкені)
  6. Бір жұмыртқа 4 минутта піседі, ал 4 жұмыртқа неше минутта піседі?(4 минутта)
  7. Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)
  8. Күн шығатын жақ (шығыс)
  9. Кемпірқосақта неше түс бар? (7)
  10. Теректегі алма қай кезде гүлдейді? (теректе алма өспейді)
  11. Мензурка қандай құрал? (сұйықты өлшейтін құрал)
  12. Жай көзге көрінбейді, Қозғалуға ерінбейді. Ол не? (молекула)
  13. Болжам дегеніміз не? (ғылыми жорамал,гипотеза)
  14. Жазғы күн тоқырауы қай күні болады? (22 маусым)
  15. Күн жүйесінде қанша планета бар?
  16. Жүргізуші: «Молекула» тобына қойылатын сұрақтар:

1. Аспан денелерін зерттейтін ғылым (астрономия)

2. Жылу құбылысына мысал келтір (күннің сәуле шығаруы, болаттың балқуы)

3. Табиғатты зерттеудің қандай үш әдісі бар?(бақылау, эксперимент, теория)

4. Дене мен заттың айырмашылығы

5. Айға аяғы алғаш тиген астронавт кім? (Н.Армстронг, Э.Олдрин)

6. Адамға қай кезде көзілдіріктің қажеті жоқ? (ұйықтағанда)

7. Көк шарфты суға салса, не болады? (су болады)

8. Уақыттың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (секунд)

9. Күн  бататын жақ (батыс)

10. Темірқазық жұлдызын тағы басқаша қалай атайды? (жетіқарақшы)

11.Егер кеседегі судың бәрін ішіп қойсақ,ішінде не қалады? (ауа)

12. Астрономиядағы ең негізгі зерттеу құралы (телескоп)

13.Заттың ең ұсақ бөлшегі (атом)

14.Бақылау дегеніміз не? (бір нәрсені бағдарлау)

15.Күн мен түннің  көктемде теңелуі (22 наурыз)

Жүргізуші: «Өзге тілдің бәрін біл,

                          Өз тіліңді құрметте.»- дегендей, келесі турымыз

«Қанша тілді білесің? » .Екі топқа бірдей жұмбақтар қойылады.Қай топ бірінші көтерсе, ұпай сол топтікі.

1.Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін.(ток-ток-energy)

2. Жоқ өзінде бас та, қас та,мойын да,

Ұзындығы жазулы тұр бойында.( сызғыш-линейка-ruler)

3. Суға салсаң батпайды,

Отқа салсаң жанбайды. (мұз-лед-ice)

4. Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің,

Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің.(ауа-воздух-air)

5. Керегенің басында кетпен жаулық,

Кет десемде кетпейді,неткен жаулық (күн-солнце-sun)

6. Жердің жүзін шарлайсың,

Онсыз еш жерге бармайсың.

Көлікпен де, жаяу да,

Саралайсың , таңдайсың.(жол-дорога-road)

7. Көп болса, азықпайсың,

Мезеттен қашықтайсың.

Асықсаң аз болады,

Табасың мұны қайсың? (уақыт-время-clock)

8. Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты,

Тағы да бір белгісіз шама  шықты.

Ол болмаса денелер қозғалмайды,

Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?(жылдамдық- скорост-speed)

9.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен.(су-вода-water)

10. Қайық мініп биікте жолығайық,

Көз көрімде кетеді болып ғайып.(ұшақ-самолет-aircraft)

Жүргізуші: «Тәжірибе, тағы да тәжірибе». «Атом» тобына тарелка, екі жұмыртқа, сызғыш беріледі.

Сұрақ:Шикі жұмыртқаны піскен жұмыртқадан қалай ажыратуға болады?

Жауабы: жұмыртқаны айналдыру керек, піскен тез айналады.

«Молекула» тобына кілті бар конверт, қайшы, су, сіріңке.

Сұрақ: Конверт ішіндегі кілтті конвертке қол тигізбей қалай алуға

болады?

Жауап: Конвертті жағып жіберу керек.

Жүргізуші: Есеп эстафетасы

 Бұл жерге келмеді ешкім ермек үшін,

Есеп-қисап, сан, цифр термек үшін

Көрсетіп есептеудің жолын қалай

Келдім айтып оларды бермек үшін,дей келе кезекті есепке береміз.

«Атом» тобы:

  1. Жылдамдығы 0,8м/с ағыспен жүзген сал қанша уақыт ішінде 16 км жол жүрді?
  2. Мәскеудегі Останкин мұнарасының биіктігі 540м, массасы 55 000т. Осы мұнараның биіктігі 54 см дәл көшірмесінің массасы қандай болады?
  3. «Молекула» тобы

1.  Автобус 9 км жолды 36 км/сағ жылдамдықпен қанша уақытта жүріп өтті?Уақытты секундпен өрнекте.

2. Бір тәулікте жас пияз 864мм-ге өсуі мүмкін. 1 секундта ол қанша өседі?

2-жүргізуші: Есеп шешіліп болғанша,көрермендерге сұрақ қойылады.«Көрермендер көрімдігі»

1.Қандай ыдысқа су құйылмайды? (су толы ыдысқа)

2. Дайындауға болады,

Бірақ жеуге болмайды. (сабақ)

3. Екі әкесі, екі баласы үш алманы қалай бөліп жейді? (атасы, әкесі, немересі)

4. Айдос өзінің туған күнін 4 жылда 1 рет атап өтеді.Бұл қай күн?(29 ақпан)

5. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұз күйінде)

6. Қалай 10м сатыдан секіріп, жараланбауға болады? (сатының ең төменгі сатысынан секіру керек?

7. Орнынан қозғалмай не өтіп бара жатыр? (уақыт)

Жүргізуші:

Мықты болсаң- алдағыны басып оз,

Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе!

Мықты болсаң-шоқалаққа сүрінбе,

Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,

Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт!

Мықты болсаң-заманыңды көктеп өт!

Жүргізуші: Енді соңғы турымыз «Раундровер» деп аталады. Бұл ойында екі топ маркер көмегімен физикалық ұғымдарды жазады. Кім көп жазса, сол жеңіске жетеді.

1-жүргізуші: Олар жайлы төреші,

                        Көрермендер өздерің.

Ақ-қарасын айырып,

Куә болды көздерің,-деп әділқазылар алқасына сөз беріледі.Жеңімпаздар марапатталады.

2-жүргізуші:Көңіл бөліп бұл кешке,

                       Келгендерге мың рахмет.

Шын сезінген көрерменге,

Мың рахмет, мың рахмет!

Осымен біздің кешіміз аяқталды, келесі кездескенше сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                             С.Асанов атындағы жалпы орта мектебі коммуналдық мемелекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сыныптан тыс сайыс сабақ тақырыбы:
         "Кім жылдам"

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген сыныбы: 7 «А», «Ә»

Орындаған: Есимханова И.Д

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

 

            

            

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по физике на казахском языке на тему "Кім жылдам?" состязание классов"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 659 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2016 990
    • DOCX 981.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ашимова Гульсин Абдималиковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ашимова Гульсин Абдималиковна
    Ашимова Гульсин Абдималиковна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 58544
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 119 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 541 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 144 человека

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек

Мини-курс

Художественная гимнастика: диагностика и технические аспекты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе