Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Открытый урок "Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"

Открытый урок "Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз"



Осталось всего 4 дня приёма заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

hello_html_m474914cc.gifТақырыбы: Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз.
 Күні:

Мақсаты: Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт-дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру. Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, жұрт алдында еркін ауыз екі сөйлеуге баулу.
Түрі: Дәстүрлі
Әдісі: Екі топ арасындағы сайыс
Көрнекілігі:  буклет, нақыл сөздер, кроссворд 
Кіріспе бөлім:
Мұғалім сөзі: Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи және бұзылмай, бұрынғы қалпында сақталып қалған тіл болса, ол да – қазақ тілі және қазақ әдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық айтуымыз керек.

Армысыздар! Құрметті мұғалімдер және оқушылар! Баршамызға Тіл мерекесі құтты болсын!  Тіл – әрбір ұлттың заңы сезімнің, ойдың жанды бейнесі. Қазақ халқы – сөзге шешен, ойы ұшқыр, мақалдап сөйлейтін халық. Кез-келген дауды атақты билеріміз бір ауыз сөзбен шеше білген. Осыншама жылдар бойы жеңілмей келе жатқан тіл.

1-жүргізуші:  Республикамызда мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Тәуелсіз Қазақстанда тіл мәселесіне айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Мемлекет болған жерде оның мемлекеттік тілі болуы да керек. 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңы қабылданғаннан бері қарай Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып – Қазақ тілі белгіленеді. Осы Заң Қазақстан Республикасында тілдердің қолданылуының құқықтық негіздерін, мемлекеттің оларды оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау жөніндегі міндеттерін белгілейді, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз етеді.



2- жүргізуші: Язык-это общественное явление, которое действует на протяжении всего существования человечества. История не знает ни одного человеческого коллектива, который бы не пользовался языком. И это понятно. Человек существует только в обществе. Он постоянно связан с другими людьми. Средством общения служит язык. При помощи языка люди передают свои мысли,желания,чувства. 
Язык связан с мышлением, сознанием людей. Он возник в глубокой древности. Он тесно связан с жизнью общества.

Знать язык сегодня стало

Лишь один, не скрою, мало.

Если два- вопросов нет,

Ты для всех – авторитет.

Тех, кто три прекрасно знают,

Все за гениев считают.

Ну, а, если все четыре-

Нет людей богаче в мире.

Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдары:

4-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар:

Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға;

Қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.

Тілім барда қазағым бар, халқым бар,

Дәстүрім бар, ата жолы салтым бар,

Кең даладай жиналмаған шалғайы

Аңқау ашық мінезім бар, аңқылдар

Туған тілде сыры терең жаным бар,

Туған тілде әнім менен сәнім бар ,

Туған тілім тіл болудан қалса егер

Жүрегімді суырып -ақ алыңдар!

11 бап. Азаматтардың өтініштеріне қайтарылатын жауап тілі

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштері мен басқа да құжаттарға қайтаратын жауаптары мемлекеттік тілде немесе өтініш жасалған тілде беріледі.

12 бап. Қарулы Күштер мен құқық қорғау органдарындағы тіл

1-    Оқушы: Сен ана тіл жүрегісің анамның,

Жүрек ана мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз маған керегі жоқ ғаламның.

Сенің арқаң қанып ішсем тұнықтан,

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам.

Анашымды ұтытқаным емес пе,

Ана тілім егер сені ұмытсам?

1-оқушы: В основном законе государства- Конституции РК- записано, что русский язык является языком межнационального общения. Во всех  школах дети изучают кроме родного языка ещё и русский.

       Русский язык, один из мировых языков. Его изучает, знает почти все население Казахстана. Знание русского языка сближает народы нашей независимой республики, укрепляет дружбу с народами других республик и зарубежных стран

Но как родной люблю язык я русский: 
Он нужен мне, как небо, каждый миг. 
На нем живые трепетные чувства открылись мне. 
И мир открылся в них.


2- оқушы:Жүзімнің нәзік, нәрлі сабағындай,

Тіліңді мәпелей біл, ала қылмай.

Аямай арам шөбін отап отыр,

Таза сақтап көзіңнің жанарындай. 



 3-оқушы: Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, 
Қазақ тілін білмеу қандай заңдылық, 
Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда, 
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.


2-жүргізуші: Знание английского языка помогает стать грамотным, эрудированным специалистом во всех отраслях науки и техники.

A  lot of people speak English in China, Japan, India, Africa

and other countries. It is studied as a foreign language in many

schools. So it is very useful to learn foreign languages. Knowledge

of foreign languages helps us to develop friendship and

understanding among people.        


Қазақ тілінен асыл, қазақ тілінен бай тіл жоқ. Егер қазақ тілін білсе, дін де осында, ғылым-білім де осында. Дүниедегі ең асыл тілараб тілі, одан кейін түрік тілі, түрік тілінің ішіндегі гауһарықазақ тілі.

                                                           Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы


Ең сауатсыз деген қазақтың өз тілін жете меңгергендігі сондай, ондайды біз Еуропада француздар мен орыстардан байқаймыз. Егер олар әңгіме айта қалса,сөз оралымдары көркем де сүйкімді, тілі өткір де майда, шешен де тапқыр.

В.Радлов


 Ендеше: «Адамға екі нәрсе тіректегі, бірі-тіл, бірі-ділің жүректегі»-деп, Ж.Баласағұн айтқандай, қазақ тілінің көсегесін көгерту алдымен өзін қазақпын деп санайтындар ғана емес, Қазақстан топырағында тұратын таза ниетті әрбір азамат, мемлекеттік тіл - қазақ тілін өзіне тірек етіп, ол тілді жүрегімен сүюі тиіс.

Елбасы айтқандай, «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» екенін ұмытпайық.

Балалар, тіл туралы біз не білеміз? Ойларымызды ортаға салайық.


Жансая: Халық бар жерде тіл бар.Тіл бар жерде өнер бар.Өнер бар жерде жанкүйер бар.Әр халықтың ана тілі- оның бақыты, оның қуанышы.


Аяулым: Туған тілің мақтан ету, оны таза сақтау, оның өрлеп, өсе түсуіне еңбек сіңіру- әрбір қазақ отбасының жүрегі.


Бекежан: Халықтың қуаты- тілдің қуаты. Біз ана тілімізді ең айтқыш, ең білгір, ең бай тілдердің біріне айналдыруымыз керек.

Тіл – халықтың автопортреті...

Тіл жоқ жерде ұлт жоқ.

                                                                       Шыңғыс Айтматов

Егер ертең туған тілім жоғалар болса, мен бүгін өлуге даярмын.

                                                                       Расул Ғамзатов

Қасиетін сезем деп ана тілдің,

Қауырсыны қалмады қанатымның

                                                                            Мұқағали Мақатаев

Орысша оқығандар орыс сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген, ноғайша оқығандар  ноғай сөзінің жүйесіне дағдыланып үйренген. Қазақ сөздерін алып, орыс  я ноғай жүйесімен тізсе, әрине, ол нағыз қазақша болып шықпайды. Сондай кемшілік болмас үшін әр жұрт баласын әуелінде өз тілінде оқып, өз тілінде жазу-сызу үйретіп, өз тілінің жүйесін білдіріп, жолын танытып,  балалар әбден дағдыланғандығын  кейін басқаша  оқыта бастайды. Біз де тіліміз бұзылмай  сақталуын тілесек, өзгелерше әуелі  ана тілімізбен  оқытып, сонан соң басқаша оқытуға тиіспіз”

                                                                              Ахмет Байтұрсынов

Ана тілі — халық болып жасалғаннан бері жан дүниесінің  айнасы, өсіп-өніп, түрлене беретін  мәңгі құламайтын бәйтерегі”.

                                                         Жүсіпбек Аймауытов

Бірінші сайыс «Мақал сөздің мәйегі» деп аталады. Екі топтан бір оқушыдан шығып мақалдың басын бастаса екінші топтың ойыншысы мақалды аяқтауы тиісті. Мақалдар тақырыбы тіл, сөз қадірі жайлы болмақ.

Мақал-мәтелдер сайысы: 
1 топ

1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 
2. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 
3. Ине көзінен сынады, ... (шешен сөзінен сынады). 
4. Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 
5. Сөз тапқанға ... (қолқа жоқ). 
6. Жеті жұрттың тілін біл, (Жеті түрлі ілім біл). 
7. Шебердің қолы ортақ, ... (шешеннің қолы ортақ). 
8. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар). 
9. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ). 
10. Айтылған сөз, атылған ... (оқпен тең). 
2-топ –
1. Бал тамған тілден ... (у тамған). 
2. Тауды, тасты жел бұзар, ... (адамзатты сөз бұзар). 
3. Жақсы сөз ... (жарым ырыс). 
4. Жақсы байқап сөйлер, ... (жаман шайқап сөйлер). 
5. Тіл қылыштан ... (өткір). 
6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... (ой өсіреді). 
7. Жыланның уы тісінде, адамның уы ... (тілінде). 
8. Көре-көре көсем боларсың, сөйлей-сөйлей ... (шешен боларсың). 
9. Тілден артық ... (қазына жоқ). 
10. Сүңгі жарасы бітер, ... (тіл жарасы бітпес).

 4. Викториналық сұрақтар: 
1-топқа:
 
1. ҚР қашан тәуелсіздік алады? (1991 ж. 16 желтоқсан). 
2. Қазақтың тұңғыш ғарышкері кім? (Тоқтар Әубәкіров). 
3. Шоқанның әжесі? (Айғаным). 
4. «Көксерек» әңгімесінің басты кейіпкері? (Құрмаш). 
5. Қазақстан Лондон 2012 жазғы олимпиада ойындарында әлем бойынша нешінші орынды иеленді? (12 орын) 
6. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы.Алтынсарин). 
7. Күй атасы кім? (Құрманғазы). 
8. Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес). 
2-топқа: 
1. Қазақ тілі алғаш мемлекеттік мәртебесін қай жылы алды? (1989). 
2. Абайдың туған жылы? (1845). 
3. Қазақ даласының жарық жұлдызы? (Шоқан). 
4. Ақылды сөзінің түбірі? (ақыл). 
5. Қазақ алфавитін жасаған ғалым кім? (А.Байтұрсынов). 
6. Беташар қашан айтылады? (келін түскенде). 
7. Тұңғыш кемеңгер? (Ыбырай). 
8. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін ата? (шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату т.б.).

Мұғалім:

Қалың елің қазағыңа қорған бол!
Жеткіншегім жайқала өсіп  орман бол,

Шет тілі мен компьютерді меңгеріп,

Елге тірек, нағыз ұлттық тұлға бол!

   Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде  үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек  болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден. 

Осымен бізді тіл мерекесіне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды.




















Жамбыл бастауыш мектебі












(Ашық тәрбие сағаты)











Орындаған: Хамзина Р.М.









2015 жылы



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)


Автор
Дата добавления 25.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров126
Номер материала ДВ-188619
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх