Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / "Оқу арқылы ұлттық тәрбие қалыптастыру"

"Оқу арқылы ұлттық тәрбие қалыптастыру"

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Дана Байдильдинова,

ассистенттер Айғаным Сатылова, Әсел Оспан


Оқу арқылы ұлттық тәрбие қалыптастыру

Қазіргі кезде жалпы білім беретін орта мектеп дүниежүзілік деңгейдегі мәдениет пен білім қорын жинақтаған, өз бетінше шешім қабылдай алуға, әр істе белсенді, шығармашылық әрекет танытуға қабілетті ұрпақ тәрбиелеуі тиіс. Еліміздегі білім беру жүйесіне енген жаңа білім беру бағдарламасы - заманауи талаптарға сай жас ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама. Оқу үрдісіндегі бұл өзгеріс кіріктірілген білім берумен қатар, мемлекеттік тілдің оқыту жағдайын да жақсартып келеді. Білім саласындағы оңды өзгерістер әрбір мұғалімнен өз ісіне мұқияттылықты талап етеді. Сондықтан, қайткенде баланың ойына, сезіміне серпіліс ендіруді мақсат ету керек. Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру – осының бәрі бүгінгі қажеттілік. [1,70].

Қазіргі қоғам жан-жақты, ұшқыр ойы дамыған жаңа ұрпақ тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам  талабы заман ағымына  сай туындайды. Бүгінгі таңда адамгершілігі мол, сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.

Назарбаев зияткерлік мектептерінде қолданылып жүрген кіріктірілген оқу бағдарламасы жаңа оқыту технологияларын енгізумен қатар, оқушының өзін-өзі дамытып, тәрбиелей алатын, кәсіби, білікті, жан-жақты шығармашыл тұлға қалыптастыруды мақсат етеді. Бағдарламаның мақсаты - халқымыздың сан ғасырлар бойы ұстанған ұлттық салт-дәстүрлер мен рухани құндылықтарын әлем елдерінің озық дәстүрлері мен озық тәрбие үлгілерімен байланыстыру, жаңа тәрбие тұжырымдамаларын жасау. Осы арқылы білім беру ісі мен ұлттық тәрбие бірлігіне қол жеткізіп, жаңа ғасырдың жаңа сипаттағы интеллектуалды ұрпағын қалыптастыру ісі басты нысанаға алынып отыр.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушыларды көркем сөзді шексіз сүюге баулу, қазақ салт–дәстүрі мен тарихын, әдеби мұраны, онда бейнеленген өмірді өзінше талдап, пайымдай білуге дағдыландыру, эстетикалық мәдениетке тәрбиелеу, бейнелі ойлауға, көркем дүниені түсінуге үйрету, сол арқылы креативті ойы дамыған, көптілді, жан-жақты жеке тұлға қалыптастыру – біздің бүгінгі күнгі міндетіміз. Сонымен қатар, әрбір ұстаз алдында өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, мәдениеті жан-жақты жетілген тұлға дайындау міндеті тұр [1,29].

Аталған міндетті іске асыру барысында 2015 жылдың кыркүйек айында Алматы қаласы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Үш тілді білу – баянды болашақтың кепілі» атты тілдер мерекесі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларды мемлекеттік тіл мәртебесін берік ұстауға, туған тілді құрметтеуге, ұлттық құндылықтарымызды қастерлеуге тәрбиелеу.

Мереке күні ұстаздар мен оқушыларды ұлттық нақышта киінген қазақ тілі пәні мұғалімдері қарсы алып, тілдер мерекесіне арналған төс белгілерін тапсырды. Тілдер мерекесі ҚР Әнұранымен ашылып, үш тілде жүргізілді. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші, өзге ұлт оқушылары қазақ ақындарының өлеңдерімен қатар, өз шығармашылығынан жатқа айтты. Бұл еліміздің үш тұғырлы елге айналып, дарынды, ақындық өнерге қабілетті оқушылардың өсіп келе жатқандығын аңғартады. Вокал тобы орындаған «Жаса, жаса қазақ тілім!» әнін оқушылар қосыла айтып, ана тіліне, қазақ тіліне деген ерекше құрметін көрсетті. Соңында үш тілді әуенде флешмоб ұйымдастырылып, сахнаға шаңырақ белгісі енгізілді. Бұл - елімізде бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан біріккен халықтар достығының айқын көрінісі еді.

Елімізде барлық ұлт өкілдеріне мемлекеттік тілмен бірге өз ана тілін, мәдениетін дамытуға да жағдай жасалған. Қазақ тілі - осы достықтың киелі шаңырағы, берік қазығы, басымызды біріктіретін ортақ құндылығымыз. Мемлекеттік тілді дамыту, оқушылардың қазақ тіліндегі шығармаларға қызығушылықтарын арттыру мақсатында кітапханада «Туған тілім - далам тілі, өз тілім» атты кітап көрмесі қойылды. «Reading times» уақытында оқушылар қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын оқыды. Led экраннан өзге ұлт өкілдері оқушыларының қазақ тілінде оқыған өлеңдері, қазақ тілінің тарихына қатысты презентациялар ұсынылды. «Тілдер күніне» арналған іс-шара «Ұлттық ойындар», «Салт-дәстүрлер», «Ойна да, ойла», «Бинго» секілді төрт танымдық бекеттеріне бөлініп, мерекеге ұласты.

«Ұлттық ойындар» бекетінде оқушыларға ата-бабамыздан қалған асыл қазына - ұлттық ойындарын ойнау ұсынылды. Ойын арқылы оқушыларды халқымыздың салт-дәстүрін дәріптеуге, ойынның мән-мағынасын түсінуге шақыру сияқты мақсат көзделді. Оқушылар «Тоғызқұмалақ», «Арқан тарту», «Асық» ойындарын қызыға ойнады. Бұл ойындар балаларды тапқырлыққа, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, икемділікке үйретеді (1-сурет қосымшада).

«Салт-дәстүр - ата дәстүр» бекеті оқушыларға құнды мәдени мұраларымыз - әдет-ғұрып, салт-дәстүр, жөн-жоралғы секілді қасиеттерімізден тереңірек бағдар беруді көздеді. Ата-баба дәстүрін жалғастыру, жаңғырту - тамырын тереңнен алған қазақ руханиятының ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан сабақтастығының кепілі (2-сурет қосымшада).

«Ойна да, ойла» бекеті оқушыларды ұшқыр ойлауға, алғырлыққа, өнерге баулыды. Ойын барысында қазақ тілінде әндер шырқалып, түрлі логикалық ойындар өткізілді. Бұл ойындар арқылы балалардың ойнай отырып, ойлауға ынтасы артты (3-сурет қосымшада).

«Бинго» бекетіндегі тапсырмалар оқушылардың интеллектуалдық деңгейін арттыру, оң шешім қабылдай алу дағдысын қалыптастыруды көздеді. Мектеп оқушылары ойынға белсене қатысып, ой ұшқырлығын, танымдық әрекеттерін, қазақ тілі мен әдебиетіне деген қызығушылығын көрсетті (4-сурет қосымшада).

Мұғалімдерге арналған «Алтын қақпа» лингвистикалық-танымдық ойынында ұлттық құндылықтарымыз ұлықталды. Ойынға қатысқан пән мұғалімдері халқымыздың салт-дәстүрінен көрініс көрсетіп, өз ойларын ортаға салды (5-сурет қосымшада).

Танымдық бекетінде көп ұпай жинаған оқушылар арнайы сыйлықтарға ие болды. Апталық соңында белсенділік танытқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды (6-сурет қосымшада).

Ұлттық тәрбие берудің ең басты ұйытқысы – ана тілі. Тіл арқылы жас ұрпақ ұлттық рухымызды бойына жинақтап, ұлттық сана қалыптастырады. Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігі ұйымдастырған тілдер мерекесіне арналған іс-шара өз деңгейінде өтіп, орыс және ағылшын тілі пәні бірлестіктері ұйымдастырған шаралармен жалғасын тапты. Осындай іс-шаралардың тамыры терең қазақ тілінің мәртебесі мен мерейін арттырып, үш тұғырлы тілдің қолдану аясын кеңейте түсетіні сөзсіз.

Өткізілген іс-шара арқылы ұлттық сана-сезім, отбасындағы тәрбие, еліміздің ұлттық мәдениеті мен тарихын, әдет-ғұрпы мен дәстүрін, күнделікті өмірде болып жатқан жаңалықтарды ұрпақ жадына тоқыту әрекеті жүзеге асырылды.

Бүгін оқушыларға әлемдік деңгейде, өркениетті негізде білім мен тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды жас ұрпақ бойына сіңіру әлемдік маңызы зор мәселеге айналып отыр. Ұлттық құндылықтарымыздың туын биік ұстап, жас ұрпақты қасиетті халқымыздың тәлімгерлік үлгісімен тәрбиелеу - ең маңызды міндет. Сонда ғана болашағымыз айқын, құрылымымыз берік болады. Тәрбиесіз берілген білім - нәтижесіз еш еңбек. Ұлағатты ұрпақ өсіргіміз келсе, біліммен бірге ата-салтын, ұлттық тәрбиемізді насихаттауымыз керек. Бұл - түпкі мақсатқа жеткізудің негізгі жолы[2, 2-б].

Қорыта келе, еліміздің болашағы жарқын болып қалыптасуы үшін ұлттық құндылықты санасына терең меңгерген білімді, инабатты жас ұрпақ тәрбиелесек, ұстаздар қауымы үшін үлкен жетістік болар еді. Әр ұстаз оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, оқушыларды озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, оқу үрдісінде түрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланса, игі нәтижеге қол жеткізеріміз сөзсіз.


Аннотация

Статья посвящена актуальной на сегодняшний день проблеме изучения казахского языка и возможности привить уважение к национальным ценностям казахского языка.

Annotation

This article is devoted to essential problem of studying the Kazakh language and opportunities to instile respect for the national values of the language.



Әдебиеттер:

1.Д.Байдильдинова «Қазақ тілі грамматикасы» факультатив курсының бағдарламасы//«Мұғалім және қоғам» республикалық педагогикалық-әдістемелік журнал, №1, 2013ж.

2.Хилауова А.А., «Білім мен тәрбие беру арқылы оқушы бойына ұлттық құндылықтар жүйесін қалыптастыру», «Тәлімгер» сайты.



















Қосымша


G:\Неделя языков\IMG_2095.JPG

«Туған тілім – далам тілі, өз тілім» атты кітап көрмесінен көрініс

(1-сурет)




G:\форум материалы\фото\DSC_0712.JPG

«Ұлттық салт-дәстүрлер» танымдық бекетінен көрініс

(2-сурет)

G:\Неделя языков\IMG_2113.JPG

«Ойна да, ойла» танымдық бекетінен көрініс

(3-сурет)




G:\форум материалы\фото\DSC_0661.JPG

«Бинго» ойынынан көрініс

(4-сурет)


C:\Users\Admin\Downloads\IMG-20150930-WA0008_resized_1.jpg

«Алтын қақпа» танымдық бекетінен көрініс

(5-сурет)




G:\форум материалы\фото\DSC_0808.JPG

Оқушыларды марапаттау

(6-сурет)

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 05.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров193
Номер материала ДВ-420153
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх