Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / "Оқушылардың білім деңгейін көтеру" атты аудандық тамыздық конференция баяндамасы
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

"Оқушылардың білім деңгейін көтеру" атты аудандық тамыздық конференция баяндамасы

библиотека
материалов

Оқушылардың сауаттылығын арттыру



Оқу жылының ашылу конференциясына арналған баяндама



Мақсұт Әсел Ахметханқызы






Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін

жауапты реакция мен мадақтау қажет,

сондықтан бағалау ізгі болуы керек.

Лев Выготский.


Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасынан күтілетін нәтижелер оқушылардың қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін өз деңгейінде меңгерумен қатар, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы ретінде қалыптасуын қамтиды. Оқушыларды тәрбиелеу, дамытуға бағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылардың оқу нәтижелеріне оң ықпал етеді. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім. Психологтар «сенім» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Осы екі ұғым мұғалімнің сенімі оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сыныптағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен сенімі, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құралады. Пажарес (1992) білім беру стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі сенімге негізделген ой тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді.

Білім берудің кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты болып шығады. Мұғалімдік қасиет – күрделі феномен, оның мазмұны мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалім жұмысының тиімділігін анықтау өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді:

Мысалы: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі т.б.), оқыту үдерісі (оқыту әдістері т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету т.б.) немесе жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда.

Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, білім берудің оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы. Мұғалімнің қасиеттерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен сенімдері жайында

ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп,кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.

Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады. Осылайша сапалы білім беру білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды туындатумен қатар, сол жағдайлармен де тығыз байланыста болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады.

Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.

Сапалы білім беру – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы білім беру оқушылардың, қоршаған орта және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады. Осы Бағдарламаның негізгі міндеті – қазақстандық мұғалімдерге педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға көмектесу. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі және кәсіби мәнмәтінмен өзара байланыста қарастырылады.

Бағдарлама барысында педагогиканың әртүрлі аспектілері талқыланады.

Осы Бағдарламаның негізгі қағидаты тәжірибелік қызметті нақты ғылыми зерттеулердің дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Яғни, мұғалімдер педагогиканың тиісті аспектілеріне қатысты ғылыми (зерттеу) материалдармен танысатын болады. Мұндай жұмыс мұғалімдер Бағдарламаға кіргізілген білім беру мен білім алудағы стратегия мен тәсілдерді қарастыру (таңдау, зерттеу, танысу т.б.) барысында сүйенетін теориялық негіздемені қамтамасыз ету үшін қажет.

Осы курста негізгі материал тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Алайда, осы жеті модульде қарастырылған идеялар сабақта пайдаланылатын жекеленген страгегиялар мен тәсілдер сияқты өзара байланыста болады.

Модульдер:

1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер.

2) Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.

3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау.

4) Білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану.

5) Талантты және дарынды балаларды оқыту.

6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту.

7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық.

Біліктілікті арттыру бағдарламасының негізгі мазмұны жеке жеті модуль түрінде берілген, олар оқыту барысында аралас түрде ұсынылады.

Сондықтан осы бағдарламаны жетік меңгерген мұғалімдер өз білімдерін жан-жақты дамытып, оқушыларға сапалы білім алуына көмек көрсететіне сөзсіз. Осындай мұғалімдер оқушындан қазіргі заманғы бәсекеге сай тұлға қалыптастырады. Сол себепті де мен, өз оқушыларыма заманға сай білім беру үшін және өз біліктілігімді шыңдау мақсатында осы курсқа бардым. Осы курстың алғашқы бетпе-бет кезеңінде: Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау; Білім берудегі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; Талантты және дарынды балаларды оқыту; Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту; Білім берудегі басқару және көшбасшылық модульдерімен тереңірек танысып, түсінісіп өзімізше жұмыс жасадық. Курс барысында бұрын өткізіп жүрген сабақтарымдағы қателіктерімді көре бастадым. Тіпті бұл қателіктердің қалай шешу жолдарын анықтадым.Сабақ беру кезінде оқушының барлығына бірдей жеңіл сұрақтар қойғанымды, және сол сұрақ оқушының жан-жақты ойлануына ешқандай септігін тигізбейтінін, сол арқылы оқушыны шектегеніміді түсіндім. Сабақ үстінде нашар оқитын оқушылар көбіне ескерілмей қалатын. Оларға өз деңгейіндегі тапсырмаларды беріп қана қоятынымды байқадым. Ал, бар уақытымды белсенді оқушыларға ғана бөліп, соларға ғана сүйеніп сабақты өткіздім. Қазір осы қателіктермен қалай жұмыс істеу керектігін білдім.Мектептен тәжірибеден өтуге барғанымда өз сабақтарыма өзгерістер енгіздім. Нашар оқитын оқушылардың да мүмкіндігін ескеріп сабақ жоспарларына енгіздім. Алғаш сабаққа барған кезімде оқушылар сабақ бұрынғысынша болады деп ойлағандай болды. Мен оларды топқа бөлуді алғашқы сабақтан бастадым. Топқа бөлгенде өздерінің таңдаған өңдері немесе бейнелері арқылы отырғыздым. Алғашқы кезде оқушылар анда отырмаймын, мында отырам дегендей сөздер шығарып жүрді. Кейін келе олар да біртіндеп үйреніп кетті. Сабақ беру барысында оқушылардан байқағаным оқушылардың сабаққа деген белсенділігі артты, нашар оқитын оқушылар да сабаққа қызығушылық таныта бастады. Балалардың қызығушылығын ояту мақсатында түрлі тренингтер өткіздім. Сабақ үстінде оқушылар өздерін еркін сезінетін болды. бұрын ұл қыз болып отыруға ұялатын, ал қазір байқағаным бір-бірімен отратын болған. Сонымен қатар өз ойларын қысылмай ортаға салып талқылайтын болды.Нашар оқитын оқушылар да берген сұрақтарға толық емес болса да жауап беріп жатты. Үйге берілген тапсырмаларды орындап келеді. Яғни оқушылардың жауапкершілігі артқанын байқадым. Сонымен қатар тұйық оқушылардың да сабаққа араласып, ашыла бастағанын көрдім.

Жаңа модульдер бойынша мұғалім оқушыларға бағыт беруші және бақылаушы. Алғашқы кездері бұл әдістер нашар оқитын оқушыларға қиындық тудырды, ал керісінше жақсы оқитын оқушылар берілген тапсырмаларды тиянақты орындады. Тіпті үйде жұмыс жасап қосымша материалдар алып келетін болды. Ал нашар оқитын оқушыларға туындаған қиындықтарды жою үшін олармен жекелей жұмыстар жасадым, жеңілдетілген тапсырмалар бердім. Сол арқылы нашар оқитын оқушылардың белсенділігін арттырдым. Сонда да нашар оқитын оқушылар әлі де өз ойларын тиянақтап жеткізе алмайды. Деген тура сұрақтарға қысқаша болса да жауап береді.Бұрын сабағымда тақырып мазмұнын аша қоймайтын сұрақтар қойатын болсам. Қазір тақырыпты жан-жақты ашатын етіп талқылайтын күрделі сұрақтар қоятын болдым, арнайы тапсырмалар арқылы сабақты мазмұнды етіп өткізетін болдым. Тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында тапсырмалар бердім. Осы тапсырмаларды орындау барысында тақырыпты оқушылар жан-жақты талқылайды. Сонымен қоса өз ойларын фактілер арқылы дәлелдей алатын болды. Екінші кезенде өзімнің бұрыңғы жіберген қателіктерімді ескере отырып осы жеті модульді барлық өткізетін сабақтарыма кіріктіруге тырыстым. Сол арқылы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін оятуды көздедім. Алғашқы күні оқушыларды түрлі – түсті қағаздар бойынша топқа бөлдім. Содан соң әр топқа өз ережелерін жазуын ұсындым. Бұл берілген тапсырма оқушылардың қызығушылығын оятқандай болды. Өйткені олар топ ішінде қызу талқылап жатқанын байқадым. Бірақ нашар оқитын оқушылардың талқыласуға араласпай шет қалып отырғанын көрдім. Бұл оқушылардың шет қалып қоймауын қадағалау үшін ереже жасауға барлықтары араласуын және барлығының ұсынысының болуын талап еттім. Тек сол кезде ғана шет қалып қойған оқушылар талқыласуға араласып жатқанын байқадым. Осылай оқушылар шет қалып қоймауы үшін сабағыма жеті модульді кіріктіріп түрлі деңгейдегі тапсырмалар беру керектігін түсіндім.Білім берудегі «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулінің ішіндегі ең негізгі және маңызды әдістердің бірі менің ойымша диалогтік оқыту. Кез-келген қарым-қатынас диалог арқылы іске асатыны барлығымызға мәлім. Дәл сол сияқты оқушылар да өздерінің білім алу барысында көптеген қарым-қатынасқа түседі. Сондықтан да оқушылардың терең білім алуына және оны әрі қарай дамытуына диалогтың тигізер әсері зор. Диалог оқушылардың ой-өрісінің дамуына, сонымен қатар оқушылардың тіл байлығын және сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына көп үлес қосады. Осы диалогтық оқыту арқылы пәнге деген қызығушылығын оятумен бірге оқушының білім деңгейінің өрлеуіне үлкен мүмкіндік туғызуға болады.

Сондықтан да мен сабақтарыма диалогті оқыту әдісін көп қолдануға тырыстым. Сонымен қатар осы әдіс арқылы тұйық оқушыларды да ашуға болатыны мәлім. Мектепте көбіне осы тұйық оқушылар нашар оқитын болады. Сондықтан да мен тұйық оқушыларды ашу мақсатында диалогтік оқыту тәсілін қолдандым. Мысалы: сұрақ – жауап алу кезінде берілген сұрақтарға жауап бере алмай қиналған жағдайда оларға бағыттаушы және жеңілдетілген сұрақтар қойып оларға бағыт берем. Сол кезде ғана оқушылар толық емес болса да жауап берді. Осы арқылы тұйық оқушылар да топ ішіндегі талқылауларға өз ойларын білдіріп араласа бастағанын көрдім. Егерде оларға бағыттаушы сұрақ беріп жеңілдік көрсетпеген де пәнге деген қызығушылығы жоғалар еді.Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету арқылы да оқушылардың сөйлеу және өз ойларын нақты жеткізуге болады. Оқушы сыныпта бақылаулар жүргізіп өз ойымен салыстырып жүйелей алады. Сол арқылы бақылау жасайды. Сыни тұрғыдан ойлау – оқушылардың бақылау, талқылау және алған білімдерін ойлап, салыстыру арқылы өз бойынан өткізген шешімді айтамыз. Өз бойынан өткізген шешімдерін оқушылар кез келген ортада дәлелдеп қорғай алады. Сонымен қатар оқушылар өздеріне қажетті материалдарды бағалап керектісін ғана таңдай алады. Сыни тұрғыдан ойлану көбінесе қарсы пікір айтуға, баламашы шешімдерді қабылдауға, ойлау және әі-әрекетімізге жаңа немее түрлендірілген енгізуге дайын болуға, ұйымдастырылған қоғамдық іс әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді. Сыни тұрғыдан ойлауды үйрету арқылы сыни көзқарас қалыптастыруға болады. Яғни өз ойының дұрыс бұрыстығын талқылау кезінде салыстыру арқылы. Оқушылардың жеткен жетістігін бақылау мен бағалаулар арқылы анықтауға болады. Бағалау арқылы оқушының жеткен жетістігі және оны әрі қарай дамуына әсер етуге болады. Нашар оқитын немесе жақсы оқитын оқушыларды формативті бағалау арқылы сабаққа деген уәжін оятуға болатынын байқадым. Тек осылай ғана оқушының сабаққа деген қызығушылығын тудыруға болатынын түсіндім. Ал критериалды бағалау оқушылардың неге осындай баға алғанын мұғалімнің түсіндіруінсіз ұғынуына өз септігін тигізетінін көрдім.Мен АКТ қолдану арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын оятуға тырыстым. Сол себепті де барлық сабақтарымда АКТ қолдануға тырыстым. АКТ қолдану барысында оқушылардың барлығы да белсенділік танытып жатқанын байқадым. Бірақта үй тапсырмасына жекелей тапсырмалар берілген кезде кейбір оқушылар орындап келмей жатты. Оған себеп көбінің үйінде ғаламтор желісі жоқтығы. Бұл үй тапсырмасын орындау барысында қиындық тудыратын мәселе болып отыр. Соныдқтан да үй тапсырамсын берген кезде әрбір оқушының мүмкіндігін ескеріп беретін болдым. Ғаламтор желісі жоқ оқушыларға ақпарат құралдарынан, немесе газет – журналдарынан материалдар жинап келу, кейбіріне прзентациялар жасап келу тапсырылды. Бұл мұғалім жұмысын жеңілдетеді, оқушының ізденушілік қабілетін оятады.Бірақта АКТ қолдану кезінде төнетін қауіптер де аз емес. Балалар қараусыз қалған кезде ересектерге арналған сайттардан да қауіпті алаяқтардың қолына түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан АКТ қолдану кезінде өте абай болған дұрыс. Сол себепті де қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.Мұғалімдердің ерекше міндеттерінің бірі талантты және дарынды балаларды анықтау болып табылады. Осындай балаларды тапсырмалар беру немесе түрлі деңгейбегі тестілер беру арқылы анықтауға болады. Кей жағдайда оқушының белсенділігі мен қызығушылығы арқылы да анықтауға болады. Дарынды және талантты балалар жұмыс жасау мұғалімдерден өте мұқият ойластырылып жасалған тапсыомаларды талап етеді. Бұл қасиет оқушының бойында әртүрлі жағынан танылуы мүмкін. Таланттылық пен дарындылық бір ғана мәнге немесе бір ғана бағытта болмауы мүмкін. Кейбір жағдайларда оқушы бірнеше бағыттарда өзінің таланттықтарын және дарындылығын байқату мүмкін. Дарынды балаларға жекелей тапсырмалар беру арқылы оқушының бойында өзін - өзі реттеу әдеттерін қалыптастыруға болады.

Ата-анасының көмегінсіз оқушының дарынын дамыту мүмкін емес. Сондықтан да оқушылардың қабілеттерін дамыту мақсатында мұағлімдер ата-аналармен тығыз жұмыс жүргізу керек. Тек сол кезде ғана оқушының талантымен дарындылығын әрі қарай жетілдіруге болады. Дарынды және талартты балалардың қабілетін жоғалтпау үшін оларға үнемі тапсырмалар беріп отыру қажет. Мен сабағымда дарынды балаларға қосымша тапсырмалар, материалдар жинақтау және нашар оитын баларға көмек көрсету тапсырсмаларын беремін. Осы арқылы оқушының жауапкершілігі, топ ішіндегі жұмысқа жауапкершілігі артады. Сонымен қатар оқушының көшбасшылық қабілеті дамиды. Сол арқылы оқушы сыныпта үлгі бола алады.Бірақта осы дарынды балалармен жұмыс жасауда кейбір оқушылардың үлгермеушілігі кейін тартып тұрады. Сондықтан да дарынды балаларға сабақ жоспарының сыртында қосымша материалдар, тапсырмалар жүктеймін. Сонымен қатар дарынды талантты балалар өз мүмкіндіктерін сынап көру мақсатында оларды үнемі әртүрлі деңгейдегі сайыстарға қатыстырып отырамын. Осы арқылы оқушы өз мүмкіндіктерін бағалайды, және қай жерде қате жібергенін түсінеді де келешекте бұл қателерін болдырмауға тырысатын болады.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі. Егер де мұғалім сабақ жоспарын дайындау барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескермесе онда бұл сабақ оқушылар үшін ешқандай да қызықтығы болмас еді. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту мүмкін емес. Сондықтан да оқушылардың зейінін сабаққа аудару мақсатында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеріп түрлі көрнекі құралдар қолдану керек. Сонымен қатар оқушылардың деңгейі ескеріліп соған байланысты деңгейлік тапсырмаларын беруге болады.Нашар оқитын балалардың сабаққа белсенділігін артыру үшін топқа немесе жұпқа бөлгенде, жақсы оқитын оқушылармен бірге отырғызу керек. Яғни жақсы оқитын бала оған көмектесуі керек. Бұл сыныптағы ынтымақтастықты жақсартады. Сыныпта көшбасшылық қағидатын ұстануға болады. Бірақта көшбасшылық қасиет тек жақсы оқитын оқугшылардға ғана емес белсенділігі төмен оқушыларда да байқалуы мүмкін. Сондықтан да көшбасшылық қасиеті бар оқушыларды үнемі топпен жұмыс жасату қажет. Мен сыныпты топқа бөлген кезде оқушылар өздерінің арасынан көшбасшы тағайындалады. Бірақ бұл көшбасшы арнайы сайланбайды. Ол топ ішіндегі жұмыс барысында анықталады.

Көшбасшының негізгі қасиеттері – айналасындағыларды соңынан ерте алатын сонымен қатар сөйлеу мәдениеті жақсы дамыған болады. Осындай бала кез келген ортаға тез сіңіседі және өздерін еркін ұстайды. Көшбасшылық қасиет тек сабақ үстінде ғана емес сыныптан тыс өз орталарында да болады. Сондықтан да жақсы оқитын оқушы үнемі көшбасшы бола алмайды. Ол тек сабақ барысында ғана көшбасшы болуы мүмкін. Ал өз орталарында сабақтан тыс бөтен яғни, белсенділігі төмен оқушыларда болуы мүкін. Мен сондықтан да көшбасшы оқушыларды анықтау мақсатында үнемі топпен және жұппен жұмыс түрлерін қолданамын. Осы көшбасышлардың өз топтастарына көмектесуін, ұйымдастыруын бақылаймын. Осы курс барысында жеті модуль жайында тереңірек білім алдым. Бірақта уақыттың аз болғандығы молуьді толық пайдалауға кері әсерін тигізді. Келекшекте осы курстан алған білімімді семинар, конференцияларда әріптестер арасында ортаға салып бөлсемін деп ойлаймын.

Осы курс барысындағы үйренген әдіс –тәсілдер мұғалімдер мен оқушы арасындағы қарым - қатынасты нығайтады. Егер бұрынырақ мектеп мұғалім басқарушы, ұйымдастырушы болған. Ал қазір керісінше мұғалім бағыт беруші және бақылаушы. Яғни мұғалімнің берген бақыттары бойынша оқушылар өз білімдерін толықтырады. Сол арқылы оқушының шығармашылық және өзін – өзі реттеу қабілеттері дамиды. Оқушы өзін – өзі реттеу арқылы қабілетін дамытады. Сондықтан да осы курстың оқушыларға да мұғалімдерге де берері мен бергені мол деп пайымдаймын, егер тәжірибеде дұрыс қолдана білсе. Білімді ұрпақ тәрбиелеп шығу ол мұғалімдердің міндеті. Ал білімді ұрпақ ел болашағы. Егер солай болса осы курстың бізге берген білімі білімді ұрпақ тәрбиелеп шығуға септігін тигізері сөзсіз. Сондықтан да алған білімді тәжірибеде қолдануға тырысамын.







Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 13.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров487
Номер материала ДВ-152746
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх