Инфоурок / ИЗО, МХК / Другие методич. материалы / "Оюмен түстік жарысқа" сайыс сабақ

"Оюмен түстік жарысқа" сайыс сабақ


библиотека
материалов

«Оюмен түстік жарысқа»


Сыныптан тыс сайыс сабақтың мақсаты: Оқушыларды қазақтың ұлттық ою-өрнек өнерінің ерекшеліктерімен таныстыру, төл мәдениетін қастерлеуге баулу және олардың ұшқыр ой, әсемдік талғам, белсенді біліктілік, шеберліктерін дамытуға ықпал ету.

Көрнекі құралдар: сайыс тақырыбы, өнер жайлы нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Қолданылатын әдістер: сұрақ-жауап, тест, топпен жұмыс.

Пәнаралық байланыс: еңбек, ана тілі, ән-әуез.

Сабақтың барысы:

Кіріспе: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Қазақтың ұлттық мәдениетінің ең байырғы, аса құнды саласының бірі – қолөнері, оның ішінде ою-өрнек өнері болып табылады. Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның «Қазақтар ою-өрнек әлемінде өмір сүреді», - деп айтқанындай, қазақ халқын айнала қоршаған зат, бұйымдардың қай-қайсысын алып қарасақ та, кез келгенінен ою-өрнек өнерінің элементтерін көреміз. Сол ою-өрнектер әсемдік пен сәндіктің белгісі ғана емес, сонымен бірге ол халықтың арман-ойының, тілек-мүддесінің нышаны, осы тұрғыдан алып қарағанда, ою-өрнектердің мазмұндық ерекшеліктері сан алуан.

Сондықтан бүгінгі «Оюмен түстік жарысқа» атты сайыста екі сынып оқушылары өздерінің ою-өрнек жайлы білімі мен біліктілігін, шеберлігін сынға салмақшы.


1 жүргізуші: «Оюмен түстік жарысқа» сайысына қош келдіңіздер.

Сайыс бағдарламасы:

  1. «Атымда менің сырым бар». Екі топтың таныстыруы.

  2. «Ою ойғанның ойы ұшқыр».

  3. «Кім білгір?». Тест сұрақтарына жауап беру.

  4. «Өрнекпен безендіру».

  5. «Ою әнмен әсерлі».


2 жүргізуші: Сайысқа қатысушы екі топты ортаға шақырайық.

3 «а» сыныбы – «Шеберлер» тобы

3 «ә» сыныбы – «Жұлдызша» тобы


1 жүргізуші: «Өнер – таусылмас азық, жұтамас байлық» дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де халық даналығы. Бабаларымыздан қалған өнердің бірі – ою-өрнек. Оюларды жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз.

2 жүргізуші: Ою-өрнек дегенде, ою-өрнек,

Қошқармүйіз оюы болсын ермек.

Кел, балалар сайысты біз бастайық.

Әділқазы алқасын таныстырып,

Сайыстың бағасын берсін лайық.


1 жүргізуші: Сайысқа қатысушы әділқазы алқасын таныстырып өтейік.

Әбдиев Ербол – директор орынбасары

Жұмабекова Ұлбосын – бейнелеу өнері пәні мғалімі

Дауылбаева Айгүл – технология пәні мұғалімі

Қалиева Аида – тәлімгер


2 жүргізуші: Сайыстың алғашқы байқауы – «Атымда менің сырым бар» деп аталады. Байқаудың шарты – топ атының мән-мағынасын ашу.


«Шеберлер» тобы:

Топ басшысы: Қазақ халқының қолөнерінің түрі көп. Атап айтсақ, зергерлік, ағаш ұқсату, мүйіз ұқсату, кілем тоқу, киіз басу, ши тоқу, алаша тоқу, кесте тігу, ою-өрнек. Осы ұлттық қолөнерімізді ғасырлардан ғасырларға жалғастырушы, дамытушы – халық шеберлері. Біз де ата мұрасын жалғастыратын шебер боламыз. Сондықтан да біздің топ – «Шеберлер» тобы.


1. Шебер біздің әжеміз, Айғара Нұргүл

Шебер біздің атамыз,

Шебер болған бабам да,

Біз де шебер боламыз.


2. Бұйымдар мен заттарды Нұртай Әлихан

Сәндеу үшін көрнекті .

Қиын да болса қиналмай,

Мен де үйрендім өрнекті.


3. Оя алсаң ою әдемі, Әбілда Аружан

Үйлессін оған көлемі.

Бояуымен үндескен,

Ою әсем түр-түспен.


4. Сәлем беріп «Жұлдызға», Жұмаш Бағдат

Топтағы бар ұл-қызға.

Сәттілік, ұтыс тілейміз,

Озсын самғап шың-құзға.


  1. Оюмен ой бөлісіп, Айболат Айжан

Өзіңді таныт қалыспа.

Шат көңіл, күлкі, қуаныш,

Достық жеңсін жарыста.


«Жұлдызша» тобы:

Топ басшысы: Жұлдызша – қазақ халқының байырғы өрнек белгіліерінің бірі. Өйткені ою-өрнектер тек көркемдік, сәндік үшін ғана қолданылмаған, олар шартты бейнелер арқылы халықтың өмірге деген талпыныстарын да танытқан. Біз бүгінгі сайыста аспан биігінен жарқырап көрініп, қарсыластарымызға, қонақтарға жұлдыз нұрын төгейік, қазақ ұлттық ою-өрнек түрлері де сансыз жұлдыздардай көбейіп, түрлене берсін, ешқашанда жарық сөнбесін деген ниетпен тобымызды «Жұлдызша» деп атадық.


  1. Ерте халық өнерінде, Шәден Зарина

Өрнек болған – жұлдызша.

Одақтық кеңес кезінде,

Белгі болған жұлдызша.


  1. Өнердегі жұлдызша, Шәден Айдын

Танытқан халық танымын.

Оқушы таққан жұлдызша,

Көрсетер оқу талабын.


  1. «Жұлдызды» тақты атам да, Құрманғалиева Марина

Болып Ері Еңбектің.

«Жұлдызды» тақты әжем де,

Өсіріп он бір бөбекті.



4. Ою ойып оймақты, Орынбек Қуаныш

Шеберлікті шыңдайық.

Білгір болып білікті,

Жанбай жұлдыз тынбайық.


5. Ою-өрнек өнерін, Шайзада Ақбота

Жарыстырған ордаға

Өнерді сүйген ұл-қызға,

Жалынды сәлем «Жұлдыздан».


1 жүргізуші: Тұскиіз төрде ілінген,

Оюы қандай әдемі.

Өрнегі ашық білінген,

Ұлттық бұйым кәделі.

Қию оңай демеңдер,

Оған да өнер, ой керек.

Босқа мақтанып жүрмеңдер,

Қиюға епті жан керек.

Келесі байқау «Ою ойғанның ойы ұшқыр» деп аталады. Топ мүшелері ою ойып жарысады.


2 жүргізуші: Келесі байқауымыз – «Кім білгір?». Екі топқа тест сұрақтары беріледі. Топ мүшелері бірлесе тест жауаптарын белгілейді.


«Шеберлер» тобы

1. Сынықмүйіз оюы нені білдіреді?

а) мүйіздің бір сыңарын білдіреді.

ә) малдың сынған мүйізіне ұқсайды.

б) бұғының мүйізіне ұқсайды.


2. Иттабан оюы қай өрнек түріне жатады?

а) өсімдіктік

ә) геометриялық

б) жануарлық


3. Геометриялық ою-өрнекке қай ою жатады?

а) қошқармүйіз

ә) тұмарша

б) бүршік


4. Аспан әлеміне байланысты өрнек қайсысы?

а) шұғыла

ә) жіліншік

б) өркеш

5. Құстарға байланысты ою-өрнекті ата.

а) ботакөз

ә) құсқанаты

б) балта


«Жұлдызша» тобы

1. «Қолтықша» оюы нені білдіреді?

а) байлықты

ә) қонақжайлылықты

б) еңбекті


2. Өсімдіктік ою-өрнекке қай өрнек жатады?

а) айшық

ә) балдақ

б) бүршік


3. «Ою-өрнек» атауы қай сөзден шыққан?

а) живопись

ә) натюрморт

б) орнамент


4. Жануар тектес ою-өрнек қайсысы?

а) ирек

ә) сыңармүйіз

б) айшабибі


5. Жәндіктерге байланысты өрнекті ата.

а) өрмекші

ә) қосдөңгелек

б) өркеш


1 жүргізуші: Ою-өрнек сәндігі

Көздің жауын алады.

Болмаса зат өрнексіз,

Ешбір мәнсіз қалады.

Ендігі байқау шарты – сурет салу. Сайысқа түскен өнершілер берілген бұйымды өрнекпен безендіреді.


2 жүргізуші: Соңғы байқау - ән байқауы. Ол «Ою әнмен әсерлі» деп аталады. Екі топтан екі оқушы шығып ән орындайды.

«Шеберлер» тобы – Айболат Айжан «Жылайды жапырақ» әні

«Жұлдызша» тобы – Шайзада Ақбота «Ертегілер елінде» әні


1 жүргізуші: Осымен «Оюмен түстік жарысқа» атты сайысымыз өз мәресіне жетті. Сайыстың қорытындысын айтуға сөз кезегін әділқазы алқасына бермекпіз.

Сайысқа қатысушы топтарды марапаттау.

«Шеберлер» тобы – 75 ұпай

«Жұлдызша» тобы – 69 ұпай жинады.

Топтар «Алғыс хаттармен» марапатталды.


Мұғалімнің қорытынды сөзі.

«Ою-өрнек, құрау құрау – қазақтың кешегісі, бүгінгісі, ертеңі» - деп Бауыржан Момышұлы атамыз айтқандай, ою оюды үйрену, осы өнерді жалғастыру сендердің қолдарыңда.

Жас ұрпақ өмірлі болсын,

Тұрмысы көңілді болсын,

Ата-анаға мейірлі болсын,

Ағайын-туысқа пейілді болсын,

Өнер-білімге зейінді болсын,

Он саусағынан өнер тамған

Оюшы болсын деп, - бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.












Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-532881

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG