Инфоурок Директору, завучу Презентации"Педагог мәртебесі" арналған презентация

"Педагог мәртебесі" арналған презентация

Скачать материал
Скачать материал ""Педагог мәртебесі" арналған презентация"

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Социальный педагог

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ 2020 ЖЫЛЫ. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ   БІЛІМ   АКАДЕМИЯСЫҚ...

    1 слайд

    ПЕДАГОГ МӘРТЕБЕСІ
    2020 ЖЫЛ
    Ы. АЛТЫНСАРИН АТЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ БІЛІМ АКАДЕМИЯСЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

  • Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2019 жылдың желтоқсанында ҚР «Педагог мәртебесі ту...

    2 слайд

    Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев 2019 жылдың желтоқсанында ҚР «Педагог мәртебесі туралы» Заңға қол қойды
    ЗАҢДЫ ӘЗІРЛЕУ НЕГІЗДЕМЕСІ
    Келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын…
    Елбасы
    Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына жолдауы. 2018 жылғы 5 қазан
    Мемлекет басшысы
    Қ. Тоқаевтың «Bіlіm jáne Ǵylym!» атты тамыз конференциясының пленарлық отырысында сөйлеген сөзі.
    2019 жылғы 16 тамыз
    «Педагог мәртебесі туралы» заң жобасында кешенді қолдау шаралары қарастырылған… Ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда біздің педагогтерімізді іс жүзінде жоғары мәртебеге қол жеткізу қажет…

  • Білім беру ұйымдарының мұғалімдері;
Білім беру ұйымдарының басшылары;
Білікті...

    3 слайд

    Білім беру ұйымдарының мұғалімдері;
    Білім беру ұйымдарының басшылары;
    Біліктілікті арттыру институтының басшысы;
    Бастапқы әскери және технологиялық дайындық жетекшілері;
    Қосымша білім беру ұйымының басшысы;
    Білім беру ұйымдарының ғылыми, оқу, оқу-өндірістік, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік жұмыс, ақпараттық, тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары;
    Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын оқу-сауықтыру, оқу-тәрбие орталығы басшысының орынбасары;
    Білім беру ұйымының интернат, зертхана, кабинет; оқу-өндірістік, оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарындағы бөлімше; оқу бөлімі, сектор, оқу-өндірістік (оқу) шеберханасы (білім беру ұйымдарында) меңгерушісі;
    Әлеуметтік педагог;
    Педагог-ассистент (тьютор);
    Эдвайзер;
    Педагог-ұйымдастырушы;
    Қосымша білім беру педагогі (хореограф, сәндік-қолданбалы өнер педагогі, сурет және кескіндеме оқытушысы және басқалар);
    Педагог-психолог;
    БІРЫҢҒАЙ «ПЕДАГОГ» ҰҒЫМЫ
    Педагог – білім алушылар мен тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, оның ішінде қосымша білім беру ұйымдарында оқыту және тәрбиелеу, сонымен қатар білім беру қызметін ұйымдастыру немесе әдістемелік қамтамасыз етуде кәсіби қызметті жүзеге асыратын, тиісті бейіндер бойынша педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тұлға

    Тиісінше педагогтер лауазымдарының тізбесі
    28 атауға дейін кеңейтілді
    Мұғалім-логопед (білім беру ұйымдарындағы логопед);
    Мұғалім-дефектолог (олигофренопедагог, дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог);
    Бейімделген дене шынықтыру мұғалімі;
    Педагог-ұйымдастырушы, алғашқы әскери және технологиялық дайындық мұғалімі;
    Тәрбиеші: аға тәрбиеші, тәрбиеші (білім беру ұйымдарында); патронат тәрбиеші; мектепалды сыныптар тәрбиешісі;
    Оқытушы; спорт бойынша жаттықтырушы-оқытушы, оқу-оқытушылық қызметпен тікелей айналысатын спорт бойынша аға жаттықтырушы-оқытушы;
    Оқу орнындағы, оқу-тәрбие, оқу-сауықтыру ұйымдарындағы аға тәлімгері, тәлімгер;
    Аудармашы-дактилолог (сурдоаудармашы);
    Мәдени ұйымдастырушы;
    Нұсқаушы;
    Аға шебер, өндірістік оқыту шебері; өндірістік оқыту оқытушысы –шебер;
    Әдіскер: мектепке дейінгі білім беру ұйымының, қосымша білім беру ұйымының; оқу-әдістемелік (әдістемелік) орталығының (кабинетінің) әдіскері;
    Оқу-тәрбие қызметімен тікелей айналысатын музыкалық жетекші, аккомпаниатор, концертмейстер;
    Ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарының режим бойынша аға кезекшісі, режим бойынша кезекшісі.

  • ПЕДАГОГТІҢ КƏСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ 1) тиісті білім...

    4 слайд

    ПЕДАГОГТІҢ КƏСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
    1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кəсіптік қызметті ұйымдастырудың тəсілдері мен нысандарын еркін таңдауы;

    2) лауазымды адамдар жəне басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан жəне кедергі келтіруден қорғалуы;

    3) білім алушылар, тəрбиеленушілер жəне олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кəсібіне құрметпен қаралуына жəне тиісінше мінез-құлық көрсетілуі;

    4) кəсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге жəне қажетті жағдайлардың жасалуы;

    5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа əдістемелер мен технологияларды енгізуі;
    6) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде шығармашылық бастама, оқыту мен тəрбиелеудің авторлық бағдарламаларын, əдістерін əзірлеуі жəне қолдануы; оқыту мен тəрбиелеудің жаңа, неғұрлым жетілдірілген əдістерін дамытуы және таратуы;

    7) білім беру бағдарламасына сəйкес оқыту мен тəрбиелеудің оқу құралдарын, материалдарын жəне өзге де құралдарын таңдауы;

    8) білім беру бағдарламаларын, оқу жоспарларын, білім беру қызметінің əдістемелік материалдары мен өзге де құрауыштарын, сондай-ақ оқулықтарды, оқу-əдістемелік кешендер мен оқу құралдарын əзірлеуге қатысуы;

    9) жұмыс орны бойынша сайланбалы лауазымға сайлануы жəне оны атқаруы;

    10) білім беру сапасын жетілдіруге бағытталған, оның ішінде білім беру ұйымының қызметіне қатысты мəселелерді талқылауға қатысуы;

  • ПЕДАГОГТІҢ КƏСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ 11) білім беру...

    5 слайд

    ПЕДАГОГТІҢ КƏСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ КЕЗІНДЕГІ ҚҰҚЫҚТАРЫ
    11) білім беру ұйымын басқарудың алқалы органдарының жұмысына қатысуы;

    12) бес жылда бір реттен сиретпей біліктілігін арттыруы;

    13) үздіксіз кəсіптік дамуға жəне біліктілікті арттыру нысандарын таңдауы;

    14) біліктілік санатының мерзімінен бұрын берілуі;

    15) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жеке педагогтік қызметпен айналысуы;

    16) кəсіптік қызметіндегі табыстары үшін көтермеленуі;
    17) «Əскери қызмет жəне əскери қызметшілердің мəртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сəйкес əскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруы;

    18) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқын далған тəртіппен жəне шарттарда кəсіптік дағдыларын сақтап-тұру жəне арттыру үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өтуі;

    19) өзіне қатысты қабылданатын ұйым басшысының актілеріне, əрекеттеріне жəне шешімдеріне жоғары тұрған лауазымды адамдарға немесе сотқа шағым жасауы;

    20) білім алушылар, тəрбиеленушілер жəне олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан арнамысы мен қадір-қасиетіне құрмет көрсетілуіне құқығы;

    21) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтары бар.

  • білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси...

    6 слайд

    білім беру процесін саяси үгіттеу, білім алушылар мен тәрбиеленушілерді саяси, діни немесе өзге де сенім-нанымдарды қабылдауға не олардан бас тартуға мәжбүрлеу үшін
    әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық немесе діни алауыздықты қоздыру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни немесе тілдік тиесілік белгісі, дінге көзқарасы бойынша азаматтардың ерекшелігін, үстемдігін не толыққанды еместігін насихаттауға
    ҚР-ның ұлттары мен ұлыстарының тарихи, ұлттық, діни және мәдени дәстүрлері туралы анық емес мәліметтерді хабарлау арқылы үгіттеу үшін
    білім алушыларды
    ҚР-ның Конституциясына және ҚР-ның заңнамасына қайшы келетін әрекеттерге итермелеу үшін пайдалануға
    ПЕДАГОГ ҚҰҚЫЛЫ ЕМЕС

  • орта білім беру ұйымдары үшін (2021 жылдың 
1 қыркүйегінен бастап)16 сағат а...

    7 слайд

    орта білім
    беру ұйымдары үшін (2021 жылдың
    1 қыркүйегінен бастап)
    16 сағат
    арнайы білім беру ұйымда рының жəне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарының тəрбиешілері үшін белгіленеді
    25 сағат
    интернаттық ұйымдардың, демалыс лагерьлерінің, техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары жатақханаларының тəрбиешілері үшін
    30 сағат
    мектепке дейінгі ұйымдар, мектепке дейінгі тəрбие мен оқытудың мектепалды топтары, білім беру ұйымдарының мектепалды сыныптары үшін; балалар мен жасөспірімдердің спорттық білім беру ұйымдары үшін
    24 сағат
    техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін; білім алушылар мен тəрбиеленушілерге қосымша білім беру ұйымдары үшін; мамандандырылған жəне арнаулы білім беру ұйымдары үшін
    18 сағат
    Қосымша ақы белгіленеді
    (2020 жылдың қаңтар айынан бастап):

    - философия докторы (PhD),
    бейіні бойынша доктор дəрежесі үшін – 17 АЕК;
    - ғылым кандидаты ғылыми дəрежесі үшін – 17 АЕК;
    - ғылым докторы ғылыми дəрежесі үшін – 17 АЕК;
    - магистр дəрежесі үшін – 10 АЕК;
    - тәлімгерлік үшін – 1 БЛЖ
    ПЕДАГОГТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУ ҚҰҚЫҒЫ

  • 202020222023Қаңтар айынан бастапҚаңтар айынан бастапҚосымша ақының аталған тү...

    8 слайд

    2020
    2022
    2023
    Қаңтар айынан бастап
    Қаңтар айынан бастап
    Қосымша ақының аталған түрлері аттестаттаудың сәтті нәтижелері негізінде төленетін болады
    Қаңтар айынан бастап
    ҚОСЫМША АҚЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ БОЙЫНША БАСТАЛУЫ
    2021
    Қыркүйек айынан бастап:
    Педагогикалық шеберлігі үшін (мектеп мұғалімдері мен
    педагог-психологтарды қоспағанда:
    Шебер – 50% ЛЖ-дан;
    Зерттеуші – 40% ЛЖ-дан;
    Сарапшы – 35% ЛЖ-дан;
    Модератор – 30% ЛЖ-дан.
    Басқарушылық шеберлігі үшін:
    1 буын – 100% ЛЖ-дан;
    2 буын – 50% ЛЖ-дан;
    3 буын – 30% ЛЖ-дан.
    Сынып жетекшілігі үшін:
    1-4 сыныптар – 50% БЛЖ-дан;
    5-11 сыныптар – 60% БЛЖ-дан;
    ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – 50 % БЛЖ-дан.
    қызметтік жалақыға түзету коэффициенті
    Дәптерлерді тексеруге:
    1-4 сыныптар - 40 % БЛЖ-дан;
    орыс тілінде оқытатын мектептердегі (сыныптардағы) қазақ және басқа да ұлттық тілдерді оқыту және орыс тілі мектептерінде (сыныптарындағы) аталған пәндерді 1-4 – сыныптарда жүргізетін мектептерде (сыныптардағы) орыс тілі – 50% БЛЖ-дан;
    5-11 сыныптар – 50 % БЛЖ-дан;
    ТжКБ, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында – БЛЖ-дан 50% - дан 40%.
    100%
    50%
    75%
    25%

  • «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагог 1000...

    9 слайд

    «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағына ие болған педагог 1000 АЕК еселенген мөлшерінде біржолғы төлем алады
    1
    2
    3
    Халықаралық олимпиадалардың, конкурстардың жəне спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған педагогке үш лауазымдық айлықақы мөлшерінде біржолғы сыйақы төленеді
    «Үздік педагог» атағын иеленушіге Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мөлшерде жəне тəртіппен сыйақы төленеді.
    4
    Жергілікті ерекшелік белгілері мен құрметті атақтардың сипаттамасын, оларды беру тəртібін, оның ішінде біржолғы сыйақы төлемдерінің мөлшерін жергілікті атқарушы орган айқындайды.
    ПЕДАГОГТІҢ КӨТЕРМЕЛЕНУГЕ ҚҰҚЫҒЫ
    Жергілікті атқарушы орган айқындайтын
    біржолғы сыйақы
    1000 АЕК
    үш лауазымдық айлықақы
    мөлшері
    Үкімет айқындайтын мөлшерде
    сыйақы

  • 1) педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тұрғы...

    10 слайд

    1) педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен тұрғын үйге, оның ішінде қызметтік және (немесе) жатақханаға, сондай-ақ жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне кепілдік беріледі;

    2) жыл сайынғы ұзақтығы күнтізбелік 56 күн ақылы еңбек демалысы;
    3) тұрғылықты жері бойынша педагогтердің балаларына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында орынды бірінші кезекте беру;
    ƏЛЕУМЕТТІК КЕПІЛДІКТЕР
    4) педагогке жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша:
    - жалға берілетін тұрғын үй және коммуналдық қызметтер үшін педагогке өтемақылық төлемдер;
    - санаториялық-курорттық емделуге және демалуға жолдамалар сатып алу үшін толық немесе ішінара төлемдер қарастырылады.
    5) бір күнтізбелік жылда кезекті еңбек демалысын беруде бір жалақысынан кем емес мөлшерде сауықтыруға арналған жәрдемақы;
    6) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес денсаулық сақтау саласындағы құқықтарды қамтамасыз ету.

  • Ауылдық елді мекенде кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке 0102жергілік...

    11 слайд

    Ауылдық елді мекенде кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогке
    01
    02
    жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша қала жағдайында кəсіптік қызметін жүзеге асыратын педагогтердің ставкаларымен салыстырғанда айлықақылар мен тарифтік ставкалар кемінде жиырма бес пайызға арттырылып белгіленеді;
    жергілікті өкілді органдар бекіткен тəртіппен жəне мөлшерде бюджет қаражаты есебінен коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу жəне отын сатып алу бойынша əлеуметтік қолдау көрсетіледі;
    03
    ауылдық елді мекендерге кəсіптік қызметін жүзеге асыру жəне тұру үшін келген педагогке жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша көтерме жəрдемақы жəне тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін əлеуметтік қолдау көрсетіледі.

  • ТƏЛІМГЕРЛІК Орта білім беру ұйымында кəсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен пе...

    12 слайд

    ТƏЛІМГЕРЛІК
    Орта білім беру ұйымында кəсіптік қызметіне алғаш рет кіріскен педагогке бір оқу жылы кезеңіне тəлімгерлікті жүзеге асыратын педагог бекітіліп беріледі.
    Тəлімгерлікті жүзеге асырғаны үшін педагогке Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен қосымша ақы төленеді.
    Тəлімгерлікті ұйымдастыру тəртібін жəне тəлімгерлікті жүзеге асыратын педагогтерге қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.

  • 1) өз қызметінде тиісті кəсіптік құзыреттерді меңгеру;
2) оқыту мен тəрбиелеу...

    13 слайд

    1) өз қызметінде тиісті кəсіптік құзыреттерді меңгеру;
    2) оқыту мен тəрбиелеудің педагогтік қағидаттарын сақтау, оқыту мен тəрбиелеудің сапасын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарында көзделген талаптардан төмен емес деңгейде қамтамасыз ету;
    3) өзінің кəсіптік шеберлігін, зерттеу, зияткерлік жəне шығармашылық деңгейін үздіксіз жетілдіру, оның ішінде біліктілік санаты деңгейін бес жылда бір реттен сиретпей арттыру (растау);
    4) педагогтік əдепті сақтау;
    5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен міндетті мерзімдік медициналық қарап-тексерулерден өту;
    6) білім алушылардың, тəрбиеленушілердің жəне олардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу;
    7) балаларды заңға, адамның жəне азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи жəне мəдени құндылықтарға, мемле кеттік рəміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тəрбиелеу;
    8) білім алушылар мен тəрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға жəне саламатты өмір салты мəдениетін қалыптастыру;
    9) білім беру ұйымының басшылығына өмірлік қиын жағдайда жүрген баланың анықталу фактілері туралы дереу хабарлау;
    10) құқық қорғау органдарына жəне білім беру ұйымының басшылығына қылмыстық не əкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар əрекеттерді (əрекетсіздікті) кəмелетке толмағандардың жасау немесе оларға қатысты жасалу, оның ішінде білім беру ұйымынан тыс жерде кəсіптік қызметіне байланысты өзіне белгілі болған фактілер туралы дереу хабарлау;
    11) білім алушылар мен тəрбиеленушілерді оқыту жəне тəрбиелеу мəселелері бойынша ата-анасына немесе өзге де заңды өкілдеріне консультация беруге міндетті.
    ПЕДАГОГТІҢ МІНДЕТТЕРІ

  • КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ

БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

ҚАЙТА ДАЯРЛАУ

БІЛІКТІЛІК САНАТЫН БЕ...

    14 слайд


    КӘСІПТІК ДАЯРЛАУ


    БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ


    ҚАЙТА ДАЯРЛАУ


    БІЛІКТІЛІК САНАТЫН БЕРУ

    Педагогтерге біліктілік санаттар білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайтын тəртіппен беріледі (расталады).
    Педагог бұрын алған кəсіптік құзыреттерін сақтап тұру жəне дамыту мақсатында біліктілігін арттыру курстарынан өтеді, олардан өту тəртібін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
    Педагогтің біліктілігін арттыру мақсатында қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту бір жолы немесе кезең-кезеңмен жекелеген бағыттар мен пəндерді (модульдерді) меңгеру арқылы, сондай-ақ «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша тағылымдамадан өту жолымен жүзеге асырылады.
    Педагогті кəсіптік даярлау техникалық жəне кəсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
    Педагогтерді кəсіптік даярлаудың білім беру бағдарламалары педагогтің кəсіптік стандартының талаптары негізінде əзірленеді.
    Педагогтік білімі жоқ, тиісті бейіні бойынша педагогтің кəсіптік қызметіне алғаш рет кірісетін кəсіптік білімі бар тұлғалар жоғары жəне (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының базасында педагогтік қайта даярлаудан өтеді.
    Педагогтік қайта даярлау тəртібін білім беру саласындағы уəкілетті орган айқындайды.
    Осы баптың нормалары қосымша білімнің білім беру бағдарламалары бойынша педагогтің кəсіптік қызметін жүзеге асыратын адамдарға қолданылмайды.
    ПЕДАГОГ

  • Педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің қызметі – білім беру саласындағы уəкілетті...

    15 слайд

    Педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің қызметі – білім беру саласындағы уəкілетті орган бекітетін педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырудың үлгілік қағидалары негізінде білім беру ұйымы айқындайтын тəртіппен жүзеге асырылады.

    Педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.

    Педагогті тəртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім педагогтік əдеп жөніндегі кеңестің ұсынымы ескеріле отырып, білім беру ұйымы басшысының актісімен қабылданады.
    Педагогтік əдепті сақтау туралы мəселе қаралған кезде педагогтің құқығы

    қаралып отырған мəселе туралы ақпаратты жазбаша түрде алуға;
    қаралып отырған мəселе бойынша барлық материалдармен танысуға;
    өз құқықтары мен заңды мүдделерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен жеке өзі немесе өкілі арқылы заңға қайшы келмейтін барлық тəсілдермен қорғауға;
    шешімді жазбаша түрде алуға;
    қабылданған шешімге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тəртіппен шағым жасауға құқығы бар.

    Педагогке қатысты талқылаулар жəне олардың негізінде қабылданған шешімдер оның келісімімен ғана жариялануы мүмкін.
    ПЕДАГОГТІК ƏДЕП ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС

  • егер жыл ішінде қайталанатын болса, 30 АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл салына...

    16 слайд


    егер жыл ішінде қайталанатын болса,
    30 АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл салынады



    е с к е р т у л е р
    Педагогке
    тіл тигізгені үшін жеке тұлғаларға 30 АЕК мөлшерінде
    егер жыл ішінде қайталанатын болса,
    40 АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл салынады немесе 5 тәулікке дейінгі мерзімде әкімшілік жолмен қамауға алынады
    егер жыл ішінде қайталанатын болса,
    20 АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл салынады
    егер жыл ішінде қайталанатын болса,
    20 АЕК мөлшерінен
    100 АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл салынады
    егер жыл ішінде қайталанатын болса,
    20 АЕК мөлшерінен
    120 АЕК мөлшеріне дейінгі айыппұл салынады
    МҰҒАЛІМДЕРДІ ӨЗДЕРІНЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ТАРТУҒА ҚАТЫСТЫ АЙЫППҰЛДАР
    Педагогке
    тіл тигізгені үшін кәмелет жасқа толмағандардың
    ата-аналарына
    20 АЕК мөлшерінде
    Педагогті өзіне
    тән емес
    жұмыстарға тартуға
    ескерту түрінде
    Педагогтен алдын ала
    ойластырылмаған
    (көзделмеген) есептемелерді
    талап ету үшін
    ескерту түрінде

    Қазақстан Республикасында
    қарастырылмаған
    тексерістерді жүргізгені үшін

  • Name of
presentationCompany nameҚазақстан Республикасының педагог мəртебесі т...

    17 слайд

    Name of
    presentation
    Company name
    Қазақстан Республикасының педагог мəртебесі туралы заңнамасын бұзу
    Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жауаптылыққа алып келеді
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПЕДАГОГ МƏРТЕБЕСІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН

  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ

    18 слайд

    НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

1) тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кəсіптік қызметті ұйымдастырудың тəсілдері мен нысандарын еркін таңдауы;

2) лауазымды адамдар жəне басқа да тұлғалар тарапынан заңсыз араласудан жəне кедергі келтіруден қорғалуы;

3) білім алушылар, тəрбиеленушілер жəне олардың ата-анасы немесе өзге де заңды өкілдері тарапынан кəсібіне құрметпен қаралуына жəне тиісінше мінез-құлық көрсетілуі;

4) кəсіптік қызметін жүзеге асыру үшін ұйымдастырушылық жəне материалдық-техникалық қамтамасыз етілуге жəне қажетті жағдайлардың жасалуы;

5) ғылыми, зерттеу, шығармашылық, эксперименттік қызметті жүзеге асыруға, педагогтік практикаға жаңа əдістемелер мен технологияларды енгізуі;


Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 338 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 30.05.2020 8176
    • PPTX 2.3 мбайт
    • 584 скачивания
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Алибаева Айнур Алдабергеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Алибаева Айнур Алдабергеновна
    Алибаева Айнур Алдабергеновна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 61331
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 21 региона

Курс повышения квалификации

Деятельность слесаря ремонтника 2-го разряда

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Пространственная картина международного туризма: характеристика и современные тенденции

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Курс повышения квалификации

Организационное обеспечение управления организациями системы здравоохранения

108 ч.

2070 руб. 1240 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология развития и воспитания детей: особенности и подходы

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 15 регионов

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Этапы развития речи: от первых звуков до полноценной коммуникации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 159 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 150 человек