Инфоурок Технология Другие методич. материалыПлан производственный практики по предмету "Электротехника" на тему "Айнымалы тоқ"

План производственный практики по предмету "Электротехника" на тему "Айнымалы тоқ"

Скачать материал

Айнымалы ток, кең мағынасында — бағыты мен шамасы периодты түрде өзгеріп отыратын электр тогы. Ал техникада айнымалы ток деп ток күші мен кернеудің период ішіндегі орташа мәні нөлге тең болатын периодты ток түсініледі. Айнымалы ток байланыс құрылғыларында (радио, теледидар, телефон т.б.) кеңінен қолданылады.

Сипаттамалар

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/7/73/1-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg/220px-1-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg

1-сурет. Периодты i(t) айнымалы токтың графигі

Ток күші (және кернеу) өзгерісі қайталанатын уақыттың (секундтпен берілген) ең қысқа аралығы период (Т) деп аталады (1-сурет). Айнымалы токтың тағы бір маңызды сипаттамасы — жиілік (ƒ). Дүние жүзі елдерінің көпшілігіндегі және Қазақстандағы электр энергетикалық жүйелерде пайдаланылатын стандартты жиілік — 50 Гц, ал АҚШ-та 60 Гц. Байланыс техникасында жиілігі жоғары (100 кГц-тен 30 ГГц-ке дейін) айнымалы ток пайдаланылады. Арнайы мақсат үшін өндіріс орындарында, медицинада және ғылым мен техниканың басқа салаларында әр түрлі жиіліктегі айнымалы ток, сондай-ақ импульстік ток қолданылады. Ток кернеуін кемітпей түрлендіруге болатындықтан іс жүзінде айнымалы токты электр энергиясын жеткізуде және таратуда кеңінен пайдаланады.

Өндірілуі

Айнымалы ток айнымалы кернеу арқылы өндіріледі. Ток жүріп тұрған сым төңірегінде пайда болатын айнымалы электрлі магниттік өріс айнымалы ток тізбегінде энергия тербелісін тудырады, яғни энергия магнит немесе электр өрісінде периодты түрде бірде жиналып, бірде электр энергиясы көзіне қайтып отырады. Энергияның тербелуі айнымалы ток тізбектерінде реактивті ток тудырады, ол сым мен ток көзіне артық ауырлық түсіреді және қосымша энергия шығынын жасайды. Бұл — айнымалы ток энергиясын берудегі кемшілік. Айнымалы ток күші сипаттамасының негізіне айнымалы токтың орташа жылулық әсерін, осындай ток күші бар тұрақты токтың жылулық әсерімен салыстыру алынған. Айнымалы ток күшінің осындай жолмен алынған мәні әсерлік мән (немесе эффективтік) деп аталады әрі ол период ішіндегі ток күші мәнінің математикалық орташа квадратын көрсетеді. Айнымалы токтың әсерлік кернеу (U) мәні де осы сияқты анықталады. Ток күші мен кернеудің осындай әсерлік мәндері айнымалы токтың амперметрлері және вольтметрлері арқылы өлшенеді.

Таралуы, түрленуі

Айнымалы токтың үш фазалық жүйесі жиі қолданылады. Тұрақты токқа қарағанда айнымалы токтың генераторлары мен қозғалтқыштарының құрылымы қарапайым, жұмысы сенімді, мөлшері шағын әрі арзан. Айнымалы ток әуелі шала өткізгіштер арқылы, ал одан кейін шала өткізгішті инверторлар көмегімен жиілігі реттелмелі басқа айнымалы токқа түрлендіріледі. Бұл жағдай жылдамдығын бірте-бірте реттеуді талап ететін электр жетектерінің барлық түрі үшін қарапайым әрі арзан қозғалтқыштарын ( асинхронды және синхронды) пайдалануға мүмкіндік береді.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/b/bf/2-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg/220px-2-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg

2-сурет.

Тәжірибеде жай және неғұрлым маңызды жағдайда айнымалы ток күшінің лездік мәні (i) синусоидалық заңға сәйкес белгілі бір уақыт (t) ішінде мынадай заң бойынша өзгереді:

i(t)=I_\mathrm{m}\cdot\sin(\omega t + \alpha), мұндағы I_\mathrm{m} — ток амплитудасы, \omega= 2\piƒ— токтың бұрыштық жиілігі, \alpha — бастапқы фаза.

Сондай жиіліктегі кернеу де синусоидалық заң бойынша өзгереді:

u(t)=U_\mathrm{m}\cdot\sin(\omega t + \beta), мұндағы U_\mathrm{m} — кернеу амплитудасы, \beta — бастапқы фаза (2-сурет).

Мұндай айнымалы токтың әсерлік мәндері мынаған тең болады:

I_\mathrm{}=\frac{I_\mathrm{m}}{\sqrt{2}}  0,707 I_\mathrm{m},

U_\mathrm{}=\frac{U_\mathrm{m}}{\sqrt{2}}  0,707 U_\mathrm{m}.

Айнымалы ток тізбегінде индуктивтілік не сыйымдылықтың болуына байланысты ток күші (i) мен кернеу (u) арасында \varphi = \beta - \alpha фаза ығысуы пайда болады. Фаза ығысуы салдарынан ваттметрмен өлшенетін айнымалы токтың орташа қуаты (P) әсерлік ток мәні мен әсерлік кернеу мәнінің көбейтіндісінен кем болады:

P = IU\cdot\cos(\varphi).

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/7/77/3-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg/220px-3-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg

3-сурет.

Индуктивтілік те, сыйымдылық та болмайтын тізбекте ток фаза бойынша кернеумен сәйкес келеді (3-сурет). Токтың әсерлік мәндеріне арналған Ом заңы мұндай тізбекте тұрақты ток тізбегіндегідей пішінде болады:

I = \frac{U}{r}, мұндағы r — тізбектегі актив қуат (P) бойынша анықталатын тізбектің актив кедергісі r = \frac{P}{I^2}.

Тізбекте индуктивтілік (L) болған жағдайда айнымалы ток сол тізбекте өздік индукцияның ЭҚК-н ( электр қозғаушы күші) индукциялайды:

e_\mathrm{L} = -LҺ{di \over dt} = - \omega L I_\mathrm{m}\cdot\cos(\omega t + \alpha) = \omega L I_\mathrm{m}\cdot\sin(\omega t + \alpha - \frac{\pi}{2}).

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/0/03/4-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg/220px-4-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg

4-сурет.

Өздік индукцияның ЭҚК-і ток өзгерісіне кері әсер етеді, сондықтан тек индуктивтілік бар тізбекте ток фаза бойынша кернеуден ширек периодқа, яғни \varphi = \frac{\pi}{2}-ге қалыс қалады (4-сурет). e_\mathrm{L}-дің әсерлік мәні:

E_\mathrm{L} = I \omega L = I x_\mathrm{L}, мұндағы x_\mathrm{L} = \omega L — тізбектегі индуктивтік кедергі. Мұндай тізбекте Ом заңы былайша өрнектеледі:

I = \frac{U}{x_\mathrm{L}} = \frac{U}{\omega L}.

Сыйымдылық (C) шамасы u-ге тең кернеуге қосылғанда, оның заряды:

q = C u.

Периодты түрде өзгеріп отыратын кернеу периодты түрде өзгеретін зарядты тудырады, сөйтіп мына формуламен анықталатын сыйымдылық тогі (i) пайда болады:

i = {dq \over dt} = CҺ{du \over dt} = \omega C U_\mathrm{m}\cdot\cos(\omega t + \beta) = \omega C U_\mathrm{m}\cdot\sin(\omega t + \beta + \frac{\pi}{2}).

Сөйтіп сыйымдылық арқылы өтетін синусоидалы айнымалы ток, фаза бойынша оның қысқыштарындағы кернеуден ширек периодқа, яғни \varphi = -\frac{\pi}{2} озып кетеді (5-сурет). Мұндай тізбектегі әсерлік мәндер мына қатынаспен байланысты:

I = \omega C U = \frac{U}{x_\mathrm{C}}, мұндағы x_\mathrm{C} = \frac{1}{\omega C} — тізбектің сыйымдылық кедергісі.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/2/2d/5-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg/220px-5-%D1%81%D1%83%D1%80%D0%B5%D1%82.jpg

5-сурет.

Егер айнымалы ток тізбегі тізбектей жалғастырылған r, L және C-тен тұрса, онда оның толық кедергісі мынаған тең болады:

z = \sqrt{r^2 + x^2}, мұндағы x = x_\mathrm{L} - x_\mathrm{C} = \omega L - \frac{1}{\omega C}.

Айнымалы ток тізбегіндегі реактивті кедергі. Осыған сәйкес, Ом заңы мына түрде өрнектеледі:

I = \frac{U}{z} = \frac{U}{\sqrt{r^2 + (\omega L - \frac{1}{\omega C})^2}}.

Ал ток пен кернеу арасындағы фаза ығысуы тізбектегі реактивті кедергінің актив кедергіге қатынасымен анықталады:

tg \varphi = \frac{x}{r}.

Қорытынды

Синусоидалы айнымалы ток тізбегіндегі есепті шешу векторлық диаграмма арқылы жеңілдетіледі. Квазистационар айнымалы токтың күрделі тізбектегі есептерін шешуге Кирхгоф ережесі қолданылады. Мұндайда комплексті шамалар әдісі (белгілер әдісі) пайдаланылады. Ол әдіс геометриялық операцияларды алгебралық формада айнымалы токтың векторы арқылы өрнектеуге және айнымалы ток тізбектері есептеріне тұрақты ток тізбектерінің барлық әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Электр энергетикалық жүйелердегі айнымалы ток әдетте синусоидалы болып келеді. Керісінше болған жағдайда оны азайту шаралары жасалады. Бірақ электрлік байланыс тізбектерінде, шала өткізгіштер мен электрондық құрылғылардағы айнымалы токтың синусоидалы болмайтындығы жұмыс процесінің өзінің әсерінен болады.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План производственный практики по предмету "Электротехника" на тему "Айнымалы тоқ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по охране труда

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 254 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.01.2016 762
    • DOCX 79.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ердібаева Несібелі Қайратқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ердібаева Несібелі Қайратқызы
    Ердібаева Несібелі Қайратқызы
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13463
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 091 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 072 человека

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 15 человек

Мини-курс

ФАОП: регулирование образовательного процесса и программ

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе