Инфоурок Физика Рабочие программыПланирование по физике "Ғажайып физика" (7-9 класс)

Планирование по физике "Ғажайып физика" (7-9 класс)

Скачать материал

Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы

Жарық негізгі мектебі

Физика пәнінің мұғалімі

Шорманова Жансая Бекболқызы

Күні: 08.04.2014 ж

Класы: 7-9 кл

Тақырыбы: «Ғажайып  физика» сайыс

Мақсаты :

Білімділік: Оқушының физика пәні бойынша білім сапасын және логикалық ойлау қабілетін, қызығушылығын арттыру

Дамытушылық:  Оқушының шығармашылық қабілетін қалыптастыра отырып, іскерлі, ізденімпаз, интеллектуалды қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру

Тәрбиелік : Оқушылардың мақсатқа жету барысында жауапкершілігін жетілдіру,біліміне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктерге жетуіне тәрбиелеу;

Көрнекілігі: ұлы физиктердің портреттері, формулалар, нақыл сөздер, тақырыптық суреттер;

1-жүргізуші:

         Сәлеметсіздер ме, физикалық сайысқа қатысушы сайыскерлеріміз, аяулы ұстаздарымыз, мектеп оқушылары!!Бүгін 7-9 кластар аралығында физика пәнінен  өткелі тұрған «Ғажайып физика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!               

2-жүргізуші: Халқымызда жақсы бастама жалғасын тапса, сәтті болғаны деп жатады ғой. Ендеше, бүгінгі күн көпшілік қатысып отырған, сайысымыз сіздердің көңілдеріңізден шығып, қуанышқа бөлесе, жарқын бастамаға ұйытқы болған біздер де қуанарымыз әбден анық.

1-жүргізуші:

Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,

 Бақтырып жұлдыздарды өскен жерге.

 Жансызға жан бітіріп, қолға салып,

 Физика кереметті көрсетті елге.

 

 2-жүргізуші:

Ғалымдардың патшасы атанғансың

Архимед, Ньютон,  Галилейден бата алғансың

Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін

Нағыз пән – физика атанғансың

 

2-Жүргізуші:

Бәріңізге бір сәлем

Онда кешті бастайық.

Бәріміз асып-саспайық

Сөз кезегін келесі

Қатысушыларға тастайық.

Кеште өздеріне арналған

Топтар шықса бастайық.

 

 

1-Жүргізуші:

Олай болса сайысымызға қатысқалы отырған топтар:

1-топ «Архимед» тобы

2-топ  «Ампер» тобы

3-топ «Ньютон» тобы

Сайысымыздың турларымен таныс болайық:

Сайыстың барысы:

1.     І тур. «Өткел» - сұрақ –жауап.(әр топқа 20 сұрақ)

  1. ІІ тур.  «Физика – біздің айналамызда» - қабырға газетін дайындау
  2. ІІІ тур «Ойлан тап!» -формула табу.
  3. ІV тур «Кім жылдам?»-есептер шығару.
  4. V тур «Ол кім, бұл не?» -  тапсырмалар орындау
  5. VI тур «Үздік тәжірибе» - тәжірибе көрсету.

 

2-Жүргізуші:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!

Әділдікке бас иеді күллі әлем

Жүйрік озар сайыстарда неше бір,

Сарапқа сал әділдікті шеше біл, - әділқазылармен таныстыру.

1.     Ахметов Д.И.- мектеп директоры

2.     Шакиров А.Б. – оқу ісінің орынбасары

3.     Қалиева А.А. –тәрбие ісінің орынбасары

4.     Қарасаева Д.С. –математика пәнінің мұғалімі.

5.     Қайырбаева А.Қ.- математика пәнінің  мұғалімі

 

  1-жүргізуші:

І тур. «Өткел» - сұрақ-жауап. (Әр топқа 20 сұрақ оқылады)

 Әр жауап 1 балл.

 

1-топ  Архимед тобына:

1.     Физика не туралығылым? (табиғат)

2.     Заттың ең кішкентай бөлігі? (атом)

3.     Заттың үш күйін ата.  (қатты, сұйық газ)

4.      1961 жылы 12 сәуірде қандай оқиға болды? (адам ғарышқа ұшты)

5.     Бір дененің екінші дене молекулаларымен өздігінен араласу құбылысы қалай деп аталады. (диффузия)

6.     Су мен күнбағыс майы неге араласпайды? (тығыздықтары әртүрлі)

7.     Бірлік ауданға түсірілетін күш. (қысым)

8.     Табиғат туралы ғылым. физика)

9.     Ұзындықтың халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшемі не? (метр)

10. Геоцентрлік жүйе бойынша әлемнің центрінде не тұрады? (жер)

11. Астеройдтар қатарына жатқызылған планета. (Плутон)

12. Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы (инерция)

13. Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама (күш)

14. Дененің уақыт өтуіне қарай басқа  денелермен салыстырғанда бастапқы орнының өзгеруі (механикалық қозғалыс)

15. Қозғалыстағы дененің бастапқы орнын келесі  орнымен қосатын  бағытталған кесінді (орын ауыстыру)

16. Дене пішінінің немесе  өлшемдерінің өзгеруі (деформация)

17.  Жер бетіне және ондағы барлық денелерге не әсер етеді?

18. Дененің жылулық тепе-теңдік күйін сипаттайтын шама (температура)

19.  1969 жылы айға табан тіреген американдық ғалымдар (Армстронг пен Олдрин)

20. Ғылыми деректермен негізделген болжам (жорамал – гипотеза)

 

2-топ «Ампер» тобына:

1.    Ток күшінің өлшем бірлігі?   (Ампер)

2.    Жылу берілуі кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясы

(жылу мөлшері)

3.    Зарядталған бөлшектердің реттелген қозғалысы (ток)

4.    Бір температурада қайнаған су мен шикі судың қайсысы тез қайнайды? (шикі су)

5.    Су неше градуста қайнайды?  (100)

6.    Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

7.     Молекулалардың ретсіз қозғалысы (жылулық қозғалыс)

8.    Дененің температурасы  артқан сайын, оның ішкі энергиясы (артады)

9.    Жылу берілудің түрлерін ата (жылуөткізгіштік, сәулелену, конвекция)

10. Заттың қатты күйден сұйық күйге айналу процесі (балқу)

11. Будың сұйыққа айналу құбылысы (конденсация)

12. Газдың көлемі тұрақты болып, оның  температурасы мен қысымы өзгеретін болса, ол процесс қалай аталады? (изохоралық)

13. Жылу процестерінің қайтымсыздығы (термодинамиканың ІІ заңы)

14.  Бөлінбейтін ең аз теріс заряды бар бөлшек (электрон)

15. Жұмыс қандай бірлікпен өлшенеді? Джоуль

16. Мұз неше градуста ериді?, су неше градуста қатады?  (Ноль)

17.  Тізбек бөлігіндегі ток каүші қай заң арқылы өрнектеледі? (Ом)

18. Өткізгіштерді тізбектей жалғағанда қай шама тұрақты болады? (ток күші)

19. Қыздыру шамының қылы қандай элемент (вольфрам)

20. Өткізгіштің материалын сипаттайтын шаманы қалай атайды? (меншікті кедергі)

3-топ «Ньютон» тобына:

1.     Материяның ажырамас қасиеті  (қозғалыс)

2.     Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын шама (үдеу)

3.     Қандай жағдайда денелер бірдей уақытта жерге құлайды? (ауасы жоқ ортада )

4.     Пиза қаласындағы  көлбеу мұнарада тәжірибе  жасаған  кім? (Г.Галилей)

5.     Еркін түсі үдеуінің мәне нешеге тең (9,8 м/с2)

6.      Дененің қисық траектория бойымен қозғалысы қалай аталады? (қисықсызықты қозғалыс)

7.     Бір айналыс жасауға кеткен уақыт қалай аталады? (Период)

8.     Тек сан мәнімен ғана сипатталатын шама қалай аталады? (скаляр)

9.     Ньютонның неше заңы бар? (3)

10.Табиғаттағы күштеді ата (ауырлық күші, серпімділік күші, үйкеліс күші,т.б.)

11.И.Ньютон  1687 жылы қай заңды ашты (Бүкіләлемдік тартылыс заңы)

12.Импульс грек тілінен аударғанда қандай мағына береді? (соққы)

13.Қозалып келе жатқан денеде қандай энергия болады? (кинетикалық)

14.Тербелмелі қозғалысқа нелер жатады? (бесіктің, әткеншектің тербелісі, бұтақтың тербелісі, т.б.)

15.Тербеліс периодының өлшем бірлігі (с)

16.Созылмайтын  салмақсыз жіңішке жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды қалай атайды? (математикалық маятник)

17. Дыбыс барлық ортада  бірдей таралама? (жоқ, әртүрлі)

18. Аспанда балығы неше шоқжұлдыз бар (88)

19.Күн жүйесі планеталары қозғалысының заңдары кімдікі (Кеплер з.)

20.Қызған денелердің сәуле шығарып, электромагниттік  энергия таратуын қалай атайды? (жылулық сәулелену)

 

2 – жүргізуші: ІІ тур. «Физика-біздің айналамызда» -үй тапсырмасы қабырға газеттерін шығару және оны қорғау. Бағалануы: 5,4,3 ұпай

1-Жүргізуші: ІІІ тур. «Ойлан тап!» -формулаларды аяқтау. Әр топқа 5 формула беріледі. Берілген формуланы аяқтайды және ненің формуласы екенін айтады. Әр жауап 1 балл.

 

1-топ «Архимед» тобына

 

 

 

 

 

 


 


2-топ «Ампер» тобына

 

 

 

 

 

 

 


                                                                                                                            

 

 

 

 

3-топ «Ньютон» тобына

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


ІҮ тур «Кім жылдам? » -есеп шығару. Әр топқа 2 есептен беріледі. Бағалануы: 5,4,3

1-топ «Архимед» тобына

№1

Мұздың ауданы 8 м2, қалыңдығы 25 см. Егер осы мұзда салмағы 600 Н адам тұрса, онда ол толығымен тұщы суға батып кетеп ме еді?

№2

Адам суда 9 м тереңдікке дейін сүңги алады. Осы тереңдіктегі адамға әрекет ететін су қысымын есептеп табыңдар? (теңіз суының тығыздығы  1030 кг/м3)

 

 

2-топ «Ампер» тобына

№1

Кернеуі 120 В электр шамында 0,5 минут ішінде 900 Дж энергия шығындалған. Шамдағы ток күші неге  тең?

 

№2

 Мұнай мен су қоспасының кедергісі 1200 Ом. Сорғыту қондырғысы 3 с жұмыс жасағанда, ондағы 5,5 А токтың атқаратын жұмысын анықтаңдар.

 

3-топ «Ньютон» тобына

 

№1

Торғай қанатының тербеліс жиілігі 10 Гц, ол 3 минутта  қанша рет қанатын қағады?

№2

4 км  қашықтықтағы бақылаушы зеңбіріктің атылған дыбысын, оның жарқылынан кейін 12 с өткенде естіген. Ауадағы дыбысьтың таралу жылдамдығын табыңдар.

 

2-Жүргізуші:

У тур. «Ол кім, бұл не?» -тапсырмалар орындау. Топтарға суреттер көрсетіледі. Соған жауап беру. Әр жауап 1 балл.

1-топ «Архимед» тобына:

Блез Паскаль, Галилей, Архимед

Мензурка, манометр, паскаль шары

Ғ,  м/с, Па

2-топ «Ампер» тобына

Ампер, Геогр Ом, Джейм Джоуль

Амперметр,  кілт,  аккумулятор

Q, Вт, В

3-топ «Ньютон» тобына

Ньютон, Папов, Резерфорд

Камертон,  динамометр, математикалық маятник

Т, Гц,  Дж

1-жүргізуші:

Ойын-толқын, айналған қатты ағысқа,

Табылғандай таным да, жат дауыста

Біреу озып келеді қатарынан,

Біреу мініп жатқанда  аптығыста, деп келесі турымыз «Үздік тәжірибе. Әр топ өздерінің өткен тақырыптарын тәжірибе жүзінде көрсеті. Бағалануы: 5,4,3

2-жүргізуші:

Ойын –толқын, жатқандай  асып, тасып,

Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Ғылым жолы бірде жеңіл, бірде қатты

Ақыл ойлар әлемді арбап апты

Физика ғылымдар патшасы атты

Таңырқатып, аңыз қылған адамзатты

Келер ұрпақ Даналарға туса игі

Пифагор, Паскаль, Архимед жолын қуса,

Елімнің болашағы гүлденеді

Ғылымның шамшырағы жанып тұрса,  - дей келе әділқазылардан қорытынды сұраймыз. Марапаттау.

1-жүргізуші:

Алдыңызда жайнаған жүздер әні

Сіздермен кезедесерміз біздер әлі

Әділқазы, көрермен сау тұрыңдар

Күтеді  бізді жарқын күндер әлі – дей келе бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарық негізгі мектебі

 

 

 

 

БЕКІТЕМІН:__________

Мектеп директоры Д.И.Ахметов

 

 

 

"Ғажайып
физика"

МАТЕМАТИКАЛЫҚ САЙЫС:

 

 

 

 

 

 

Өткізген:

Физика пәнінің мұғалімі

ШОРМАНОВА Ж.Б.

 

 

 

 

 

 

 

2013-2014  оқу жылы

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирование по физике "Ғажайып физика" (7-9 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 079 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.01.2016 1195
    • DOCX 131 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шорманова Жансая Бекболовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шорманова Жансая Бекболовна
    Шорманова Жансая Бекболовна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9056
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс повышения квалификации

ЕГЭ по физике: методика решения задач

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 116 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 119 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по физике в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 572 человека

Мини-курс

Психология личности

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 23 регионов

Мини-курс

Управление бизнес-процессами и инновациями

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе