Инфоурок Другое Другие методич. материалыПланирование внеклассной работы на тему "Мәдениет деген не?"

Планирование внеклассной работы на тему "Мәдениет деген не?"

Скачать материал

 

 

 

«Мәдениет деген не?» тақырыбындағы

мұғалімдер арасындағы топтық  сайыстың  жоспары

 

 

Мақсаты:  Жас ұстаздарға  мәдениетті, өзін- өзі бағалай алатын, өз пікірін дәлелдей алатын, рухани және физикалық тұрғыда қалыптасқан , еркін жеке тұлғаның дамуы мен өмірде өз орнын табуына және олардың

мектепке ,оқушыға ,әріптесіне ,жұмысқа,өзіне деген көзқарасы жақсы болуына  ықпал ету

Ж:

Қайырлы күн  Қадірменді қонақтар, ұстаздар!

«Мәдениет деген не?» атты  сайысымызға қош келдіңіздер!

 

 Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,

 Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой,

 Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

 Қош келдіңдер, ұстаздар, сергісін бой.

 

 Бүгін біздің мектебімізде тамаша кеш өткелі отыр. Бұл кеште бала жүрегіне жол таба білген, білім нәрімен сусындатып қана қоймай, бала бойына тәлім-тәрбиенің асыл қазынасын құя білетін, жас та болса ұстаз деген атқа лайық жас ұстаздарымыз сайысқа түскелі отыр. Құрмет пен қошемет көрсетіп, сайыскерлерімізді ортаға шақырайық.

 

 

Ж:

Осындай тапқыр достар кез-келген де,

 Жетсін-ау, жарыстарда жеңгенге не?

 Қарсылас болғанменен, құрбысыңдар.

 Тілейміз ізгі тілек сіздерге де!- деп құрметті қауым

 сынға түскелі отырған жас ұстаздарға тағы да қошемет көрсетіп қоялық.

 Ж:

 Әділдікпен баға берер ұстазға,

 Әділдікпен қара қылды жаруға,

 Әділқазы алқаларын сайлайық.

 Үздіктерді таңдап бүгін алуға – деп әділқазы мүшелерін ортамыздан таңдап алайық.

 

Ол үшін 1,2,3,4,5 деп санап алайық.

 

Әр топтан 1 деген санды айтқан ұстаздарымызды ортаға шақырып, өз орындарына жайғасуды сұраймын.

Ж:

 Әділ қазы мүшелері, армысыздар!

 Қош кепсіз, есен сау бармысыздар?

 Сіздерге үміт артқан мұғалімдер,

 Әділдікпен төрелік айтыңыздар.

 

 

Ескерту: Әр сұрақтың толық жауабы 5 ұпаймен есептелінеді.

 

 

Сырт көз сыншыл дегендей ,  осы сайысымыз соңында сайыстың өтілу барысын сараптайтын сарапшыларымызды белгілеп алайық.

 

(Конфет түстері бойынша анықтау)

 

Сарапшылар сайысымызды «Алты қалпақ» әдісі бойынша қорытып береді.

Олай болса «Алты қалпақ» әдісімен танысып алыңыздар.(Слайд №1)

Ал біздегі қалған ұстаздар екі топтың жанкүйерлері болсын.

 Ж:

 «Талпынған бала, талпынған құстай,

 Құмары қанбас, аспанға ұшпай», – деп бабаларымыз дәл тауып айтқан.

 Қазір ХХІ ғасырда ең бірінші орынға білім қойылды. Ұрпақ тәрбиесі мен оларға сапалы білім беру ұстазға байланысты. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей өнегелі ұстаздан білімді де тәрбиелі шәкірт шығатыны сөзсіз. Ал сол білім нәрін беруші – ҰСТАЗ. Ендеше сайысымыздың І кезеңін бастаймыз.

 

 

1. Таныстыру кезеңі. 6 мин

 «Сәлем – сөздің басы» дегендей сайыскерлеріміз өздерін таныстыруға кезек берейік.

  Әділ қазылар алқасы  І кезеңнің  бағасын берсеңіздер

 

ІІ кезең «Мәдениет деген не?» деп аталады  7мин

 

 Бәрімізді бей – жай қылған тақырып,

 Сырласайық ой – теңізін сапырып.

 Батыл болсын, анық болсын пікірлер.

 Сөз маржаны жатсын тыңнан атылып – деп сайысымыздың келесі кезеңі «Мәдениет деген не?» деп аталады.

 Бұл кезеңде сайыскерлеріміз «Мәдениет дегеніміз не?» тақырыбына кластер дайындайды және қорғайды.І топ  Сыртқы мәдениет, ІІ топ  Ішкі мәдениет  Кластер тақырыпқа сай және эстетикалық талғаммен жасалуы тиіс.

Ал, қадірлі қонақтар, мен сіздермен «Мен қандаймын» деген тренинг өткізіп жіберейін. Ол үшін алдарыңыздағы қағаздарға 1-ден 10-ға дейінгі сандарды бір мезгілде екі қолмен жазу керек.Мәселен оң қолмен де, сол қолмен де «1»санын, одан кейін «2»санын және ары қарай жалғастырасыз.

Жазып болсаңыздар , жазғандарыңыздың ішінен жазылуы бір – біріне ұқсас бір жұп санды белгілеіп алыңыз.

 №2 слайдқа қарап, өздеріңіздің қандай екендіктеріңізді біліп алыңыздар.

 

Әр топтың жанкүйерлері топтарға күш-жігер беретін ұрандар дайындайды және топтарға қолдау көрсетеді.              

(Слайд №2) Түстер терапиясы

 

Әділ қазылар алқасы  ІІ кезеңнің бағасын берсеңіздер

 

ІІІ кезең  «Сұрақ –жауап» кезеңі деп аталады  8 мин

 

Енді екі топқа тәрбие тұжырымдамасы бойынша сұрақтар беріледі, әр сұраққа бір қатысушы жауап береді

1.Білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмыстарының  тұжырымдамалық негізіне сәйкес мектептер қандай бағыттармен жұмыс жасайды?

2.Тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін іске асыру механизмдерін атап шығыңыз

3.Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие бағытының мақсатын атаңыз

4.Рухани-адамгершілік тәрбиенің мақсатын атаңыз

5.Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбиенің мақсатын атаңыз

6.Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбиенің мақсаты қандай?

7.Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесінің мақсаты қандай?

8.Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесінің мақсатын атаңыз

9.Ұлттық тәрбиенің мақсаты қандай?

10.Отбасы тәрбиесінің мақсаты қандай?

 

 ІҮ кезең  «Жалғасын тап» деп аталады. 5мин

  Бүгінгі мектебімізде өтіліп жатқан аудандық семинар «Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие» бағыты болғандықтан табиғат құбылыстары және кәсіп, еңбек туралы мақалдар алдым. Мақалды топпен жауап бірге жалғастырамыз.

І топқа

 Табиғат құбылысына байланысты

 

1     Алпыс күнде тасыған су,

       Алты күнде қайтар.

 

2.    Жауынмен жер көгереді,

       Батамен ел көгереді.

  

3.    Жел дауылды шақырады,

       Бұлт жауынды шақырады.

 

 

4.    Қыстағы қар — жерге ырыс,

       Жердегі ылғал – елге ырыс.

 

 

 

5.    Таумен тасты су бұзар,

       Ел арасын қу бұзар.

 

6.    Ағаш тамырымен мықты,

       Адам дос-жарымен мықты.

 

7.    Таулы жер бұлақсыз болмас,

       Сулы жер құрақсыз болмас.

 

8.    Көлдің көркі құрақ,

       Таудың көркі бұлақ.

 

9.    Жаз сайға қонба,

       Қыс қырға қонба.

 

  

Кәсіп, еңбек туралы мақал – мәтелдер

 

1. Бейнетің қатты болса,

 Татқаның тәтті болар.

 

2.Жас кезімде бейнет бер

Қартайғанда дәулет бер.

 

 

3.Алтын менен күмісті, зергер үшін жаратқан.

Арқар менен құлжаны, мерген үшін жаратқан.

 

 

4.Еңбегің болмаса елге өкпелеме,

Ықтасының болмаса желге өкпелеме.

 

 

5.Қойшыны таяғы асырайды,

Қасқырды аяғы асырайды.

 

 

6.Ерте шықсаң алдыңнан күн шығады,

Кеш шықсаң алдыңнан түн шығады.

 

7.Тұлпар шаба жетіледі,

Сұңқар ұша жетіледі.

 

8.Еңбектің көзін тапқан,

Байлықтың өзін табады.

 

9.Жер көңді жақсы көреді,

Ат жемді жақсы көреді.

 

 

  Ү кезең «Тиімді жоспарлау» деп аталады 8мин

 

 І  топ Жанат  «Экологиялық мәдениетті» оқушылар бойында қалыптастыруға байланысты жоспарлауға болатын 10 іс-шараны тізбектеп жазыңыздар

 

 ІІ топ Гүлжамила «Еңбек  мәдениетін»  оқушылар бойында қалыптастыруға  болатын 10 дағдыны  тізбектеп жазыңыздар

 

 

Ал, құрметті қонақтар, біздің сайыскерлеріміз өздерінің тапсырмаларын орындағанша сіздермен өздеріңізге күш-қуат беретін «14 тілекпен» танысайық.(Слайд -3)

 

Ж.

 Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

 Сөз кезегін әділ қазыларға берейік.

 Арамызда білімділер көп екен,

 Солардың біз нәтижесін көрейік. – деп бүгінгі сайысымыздың қорытындысын шығарғанша  кезекті  «Ән – шашуға» кезек берейік.

 

Сөз әділ қазылар алқасында

 

Бүгінгі сайысымыз туралы Сарапшылар тобы не дер екен? Сөз кезегін сарапшыларға береміз.

 

Жүггізуші:

 ХХІ ғасыр – Білім ғасыры. Ендеше ғасырдың сайысынан қалмайық. Еңсесі биік егеменді еліміздің адалдықты ту еткен алғыр ойлы, адал азамат ұл – қыздарына саналы тәрбие, сапалы білім беруде шаршамай, талмай еңбек етіп, еңбектеріңіздің жемісін көре беріңіздер. Біз сіздермен қоштаспаймыз, келесі кездескенше күн нұрлы болсын! – дейміз

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Планирование внеклассной работы на тему "Мәдениет деген не?""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Микробиолог

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 123 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2017 568
    • DOCX 22.1 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жиенбаева Сапаркул Забиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жиенбаева Сапаркул Забиевна
    Жиенбаева Сапаркул Забиевна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 24584
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой