Инфоурок Информатика КонспектыПоурочные планы на каз языке по информатике 6 класс

Поурочные планы на каз языке по информатике 6 класс

Скачать материал

№3 сабақ    6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Ақпараттың қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:Оқушылар бойында ақпараттың қасиеттері туралы білімді  қалыптастыру.

Оқушылар білуі тиіс: ақпараттың қасиеттері – объективтік, толықтық, адалдық, өзектілік, құндылықты.

Оқушылар үйренуі тиіс: ақпараттың қасиеттерінің мәнін бағалауды, алған ақпараттың белгілі бір қасиеттерге ие екендігіне мысалдар келтіре алуды.

Сабақтың барысы

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

3.     Білімді өзектендіру

«Кейіпкерді таны» ойынын өткізу. Оқушылардың біреуі ертегі кейіпкерін жұмбақтап айтады, қалғандары кім екенін шешеді.

Одан соң мына сұрақтарға жауап береді:

-         Еске түсіру арқылы қандай ақпарат түрлерін алдыңдар?

-         Қандай сезім мүшелері арқылы ақпаратты қабылдадыңдар?

-         Алынған ақпарат пайдалы болды ма?

-         Ақпараттың тағы қандай қасиеттерін атай аласыңдар?

4.     Жаңа сабақты оқып-үйрену.

Ақпараттың қасиеттерін бағалау керек болған бірнеше жағдаяттарды қарастыру.

Мысалы: Сіз көшеде келе жатсаңыз, алдыңыздан бір адам шығып түсініксіз тілде: «Tepe! Kaz voite, kbidaz zaada hotejji? (Сәлеметсіз бе? Айтыңызшы,(эстондық) қонақүйге қалай барады).Сіз үшін  бұл қандай ақпарат?

Ақпараттың құнды, бірақ ескірген түріне қатысты жағдаятты қарастыру.

5.     Бекіту

1.     Толық ақпаратты анықтау:

- Бір тәулікте 24 сағат бар.

- Ұшақ таңертеңгі сағат 5-те ұшып келеді.

- Бұл айда 30 күн.

- Менің политрамда 6 түс.

 - Бір жылда 24 ай бар.

           2. Дәйекті ақпаратты анықтау:

-  Барлық сабақтар 30 минутқа созылады.

- Барлық өсімдіктердің жапырақтары жасыл түсті.

- Информатика кабинетінде компьютерлер орнатылған.

- Креслоның екі аяғы бар.

- Сабақ уақытында мектептің терезелері әрқашан ашық болады.

3. Түсінікті ақпаратты анықтау.

 

 


-         Квадрат теңдеудің түбірлерін табу үшін  дискриминант есептеп шығаруы керек.

         -Жедел жәрдем телефон нөмірі 103

6.     Қорытындылау 

Сабақтағы жұмысты бағалау.

7.     Үй тапсырмасы

Оқулықтағы  $ 3 – ты оқып, бақылау сұрақтарына жауап беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

 Ақпаратты қорғау. Вирусқа қарсы программалар.

Сабақтың мақсаты: ақпаратты сақтауды үйрену

Оқушылар білуі тиіс: вирус, антивирус дегеніміз не, компьютердің вирус жұқтыру белгілерін, антивирустық қауіпсіздік ережелерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: антивирусты пайдалана отырып, көрсетілген нысанды тексеруді.

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі2. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

1988 жылы американдық құралдар Ассоциациясы 30 қарашаны ( ақпаратты сақтаудың халықаралық күні) деп жариялады(Computer Securutj Dau). Бұл күннің мақсаты пайдаланушыларға олардың компьютерлерін және онда сақталған барлық ақпараттарды қорғау туралы естеріне салу болып табылады. Бұл күнді жариялай отырып, Ассоциация барлық пайдаланушыларға компьютерлік ақпаратты қорғау  қажеттігін еске салуды және программалық құралдар шығаратын өндірушілерге қауіпсіздік мәселелеріне көңіл аударуды мақсат етті.1988 жыл мерекенің бастауы ретінде кездейсоқ алынған жоқ, себебідәл осы  жылы алғашқы жаппай (құрт) жұқтыру тіркелді. Ол өзінің жасаушысы  -Моррис атымен аталды. Сонда мамандар ақпараттық қауіпсіздікті сақтаудың кешенді амалдарының қажеттілігіне көз жеткізді. Бірақ компьютерлік вирустың алғашқы түпнұсқасы 1983 жылы болғандығы белгілі. Сол кезден бастап, компьютерлік құралдар. Ассоциясының бастамасымен көптеген қызықты және пайдалы іс-шаралар шеңберінде ақпаратты қорғаудың халықаралық конференциялары өткізіліп тұрады. Онда көбінесе, қорғалмаған құралдардың шеккен зияндары туралы айтылады. Мысалы, 2000 жылы жіберілген «I Ijve yon» компьютерлік вирусынан шеккен зиян Солтүстік Америкада миллиард долларды құраған. Жыл сайын аталған шара мерекеге арналып басылып шығарылған плакаттарға немесе басқа  да баспа өнімдерінде белгілі бір ұранмен өткізіледі. Бірнеше жылдар бойы өткізілгеніс - шаралардың негізгі түйіні әрбір жеке пайдаланушыларға ақпараттық ресурстар мен активтерді қорғауы туралы  еске салуды қамтамасыз ету болып келеді.

Ақпаратты қорғау дегеніміз:

     антивирустық  программалар орнату;

    желіаралық экрандар орнату(farewalls) ;

    қиын анықталатын парольдер қолдану;

    ақпараттық ресурстар мен активтердің жеке тұрғыдан қорғалуы.

Бүгінгі сабақта біз мына сұрақтарды қарастырамыз:

1.     Компьютерлік вирустар дегеніміз не?

2.     Вирустардың көрініс беру белгілері.

3.     Компьютерлік вирустармен күрес программалары.

4.     Компьютерді вирустардан қалай қорғауға болады?

Оқушыларға сабақтың мақсатын өз беттерінше тұжырымдауға ұсыныс жасалады.

3.Жаңа  сабақты оқып - үйрену.

Сұрақтарды талқылау:

Компьютерлік вирус дегеніміз не?

Үйдегі компьютерлеріңнің вирус жұқтырған жағдайы болды ма?                              

Вирус жұқтырғанның қандай  белгілері  мен тәсілдерін атай аласыңдар?

Вирус жұқтырғаны белгілі болғанда не істеу керек?

Өз компьютерлерің үшін антивирустық программаны қалай таңдадыңдар? Қандай іс-әрекеттер жасадыңдар?

Антивирустық программалардың ақпаратты қорғаудың тек қана бір тәсілі екеніне  көңіл аудару қажет. Қазіргі антивирустық программалар жүз мыңдаған вирустарды анықтай алғанымен, 100%қорғауды қамтамасыз ете алмайды.

Антивирустық программалары бар жұмыстарды көрсету

Топпен жұмыс

Компьютердің вирус жұқтырудың алдын алу ережелерін тұжырымдауға ұсыныс жасау. Ұсынылған ережелерді талдау.

Бекіту.

Таңдап алынған деңгей бойынша компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау.

Қорытындылау .

Мұғалім үй тапсырмасын, компьютерде орындалған тәжірбиелік жұмыс тапсырмаларын бағалайды.

Үй тапсырмасы.

№4 –ті түсініп оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Тексеру кілті:

      1.D

     2

       3

      4.D

     5

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары.

Сабақтың мақсаты:

Мұрағаттау программаларын қолдануды үйрену.

Оқушылар білуі тиіс: өзі шешілетін, мұрағаттау файл туралы түсінікті.

Оқушылар үйренуі тиіс: мұрағат жасауды.

 

Сабақтың барысы

1.     Ұйымдастыру кезеңі

2.     Үй тапсырмасын тексеру

3.     Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

4.     Жаңа сабақты оқып үйрену

Талдауға ұсынылатын сұрақтар:

1.     Қандай жағдайда файлды кішірейту қажет болады?

2.     Мұрағат жасаудың алгоритмдері.

3.     Мұрағаттық файлдың құрамы.

4.     Кәдімгі архив пен өзі шешілетін архивтің айырмашылығы қандай?

5.     Әр типті файлдар қандай көлемде кішірейеді?

Мұрағаттау программасының терезесін қарау. Интерактивті тақта немесе желі бойынша техникалық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, файлдардың сығылуын (кішіреуін) көрсету.

5.Бекіту.

Таңдап алынған деңгей бойынша компьютерде тәжірибелік жұмыстардың орындалуын бағалайды.

6.     Қорытындылау.

Мұғалім үй тапсырмасын, талдау кезіндегі жауаптарды, компьютердегі тәжірибелік жұмыстардың орындалуын бағалайды.

7.     Үй тапсырмасы

$5-ті түсініп оқу, бақылау сұрақтарына жауап беру.

Тексеру кілті:

           1D

          2A

        3B

     4D

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

 Есептеу техникасының даму тарихы.

Компьютердің буындары.

Сабақтың мақсаты:

Оқушыларды компьютердің даму кезеңдерімен таныстыру.

Оқушылар білуі тиіс: ЭВМ буындары және олардың сипаттамасын, дербес компьютерлердің кезеңдерін, әр буын компьютерлерінің элементтік базасын.

Оқушылар үйренуі тиіс: ЭЕМ-нің әр буынына мысалдар келтіріп, сипаттамасын білуі.

Сабсқтың барысы.

1.     Ұйымдастыру кезеңі.

2.     Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.

3.     Білімді өзектендіру.

Үй тапсырмасын тексеріп, жаңа тақырыпқа жетелеу сұрақтары:

1.     Қандай есептеу құрылғыларын білесіңдер?

2.     Алғашқы қандай қондырғыларды компьютерлер деп атаған?

3.     Тұңғыш электрондық компьютер қалай аталған?

Соңғы сұрақтың жауабын оқушылар білмейді. «Компьютер буындары» тақырыбын көрсетеді.

4.Жаңа  сабақты оқып үйрену

- Қалай ойлайсыңдар,алғашында не пайда болған – компьютер ме, әлде бұл құрылғыны атайтын сөз бе?

Топпен жұмыс.

Оқушылар компьютерлердің санына байланысты бес топқа бөлінеді. Әр топта компьютерлер буынына байланысты мәлімет дайындап келген оқушы болуы шарт. Оқушылар қосымша ғаламтор желісінен өз компьютерлерінің буыны туралы ақпарат іздеп табады. Тақырыпты меңгеру барысында әр топ төмендегі кестені толтырады:

Буын (жылы)

ЭЕМ негізі

ЭЕМ өлшемі

Жұмыс жылдамдығы

Программалар

мүмкіндігі

Қолдану

 

 

 

 

 

 

Егер оқушыларда электрондық құжаттармен жұмыс істеу дағдысы қалыптасқан болса, кестені толтыру компьютерлік программада орындалады. Сонымен, мұғалімнің басшылығымен оқушылар топта тақырыпты өз беттеріменоқып-үйренеді.

5.Бекіту

Оқушылар жаңа сабақты бекіту мақсатында зерттеушілік жұмысты ары қарай жалғастырады. Бекіту  үшін оқулықтың «Компьютердегі тәжірибелік жұмыс» бөлімінің тапсырмалары пайдаланылады. А және В деңгейінің тапсырмаларын орындайтын оқушылар ақпаратты сабақ тақырыбынан алады, электрондық конспект немесе жұмыс дәптерінің конспектісін жасайды. Аталған тақырып бойынша ғаламторда материалдың көптігіне байланысты мұғалім оқушылардың 2-3 дереккөзбен жұмыс істеуін қадағалайды.

С деңгейінің жұмыс нәтижесінде ақпараттық өнім алынады. Оқушылар оны бүкіл сыныпқа жария етеді. Бұл оқушылардың болашақта күрделі тапсырмаларды орындауға ұмтылуына және өздерінің программалық өнімдерін жасауға себеп болады.(жобалық жұмыстың басы)

6 Қорытындылау

Оқушылар өздерінің программалық өнімдерін көрсетеді, компьютер буындары туралы қысқаша шолу жасайды.

Мұғалім оқушылардың үй тапсырмасын орындағанын (жеке тапсырма), топтағы жұмысын, компьютердегі тәжірибелік жұмыстарын бағалайды.

7 Үй тапсырмасы

$6 –ты оқу, сұрақтарға жауап беру, 5 – тапсырманы орындау. 8-тапсырма шығармашылыққа негізделген (сурет салу, эссе жазу және т. б.)

Тексеру кілті:

1 C

2 D

3 C

4 A

5 D

6 A

7 B

 8 C

9 A

10 C

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

 Нөмірленген және таңбаланған тізімдер.

Сабақтың мақсаты:

MS Word мәтіндік процессорында тізім жасаудың негізгі тәсілдерін көрсету. Нөмірленген және таңбаланған тізімдермен жұмыс жасау білігі мен дағдыларын бекіту.

Оқушылар білуі тиіс: «тізім» түсінігі, тізім түрлерін ( нөмірленген, таңбаланған ) тізім жасаудың тәсілдерін.

Оқушылар үйренуі тиіс: әртүрлі тәсілдермен нөмірленген және таңбаланған тізім жасауды, тізімнің нөмірі мен мәтінін пішімдеуде.

Сабақтың барысы

І  Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

 III  Оқушылардың компьютерден мұғалім ұсынған тапсырмылар көрсетілген файлдарды ашады.

1-карточка

1.     Мәтінді редакциялау.

Мәтіндік процессорлар мәтінді теру мен редакторлауды қамтитын (мысалы, блокнот мәтіндік редакторы) мәтіндік редакторларға қарағанда құжатқа мәтінді пішіндеудің әртүрлі суреттер,сызбалар мен кестелер, графиктер қосу мүмкіндіктеріне ие. Әртүрлі процессорлар мәтінмен жұмыс істеудің түрлі қызметін қамтиды.

Мәтіннің бірінші көшірмесінің орны (мәтін келесі жолдан басталуы керек)

2.     Бұл мәтіннің екі көшірмесін жасыңдар да, оларды бетте көрсетілген орынға қойыңдар.

3.     Абзац өлшемдерін күйге келтіру:аралық – жартылай; азат жол – сол жақ шетінен.

4.     Файлды өз аттарың мен тектеріңді көрсетіп, папкаларыңды сақтаңдар.

5.     Жарлықты жұмыс үстелінде орналастырыңдар.

Мәтіннің екінші көшірмесінің орны (мәтін келесі жолдан басталуы керек):

6.     Абзац өлшемдерін күйге келтіру: аралық – жартылай; азат жол 1.25см; түзету оң жақ шетінде.

7.     Мәтіннің қарпін 14пт етіп өзгертіңдер.

2- карточка

1.     Мәтін  теру кезіндегі жіберілген қателерді табыңдар ,түсіндіріңдер, түзетіңдер. Ескерілмеген бұйрықты қойыңдар.

Символдар кестесі ...бұйрығы арқылы шақырылады. Әріпті өзгерту үшін .... жолақ тіркеме парағы немесе мәнмәтіндік меню.....бұйрығы шақырылады. Математикалық өрнекті мәтіндерді  теру үшін жоғарғы және төменгі индекстер әсері пайданылады. Мәтінді пішіндеу сызғышын тіркеме парағы бұйрығын.......немесе диалогтік терезе бұйрығын ..... пайдалануға болады.

2.     Редакцияланған мәтіннің орфографиясын тексеріңдер.

3.     Мәтіннің бірінші және екінші абзацтарының орындарын ауыстырыңдар.

4.     Редакциялау атауымен өз папкаларыңда құжатты сақтаңдар.  

Тапсырмалар берілген файлдарда  ғана орындалады. Оқушылардың құжатты редакциялау, орфографиясын тексеру, мәтін бөліктерімен жұмыс дағдылары тексеріледі.

IV. Білімді өзектендіру

  Тізім дегеніміз не?

  Қандай тізімдермен таныссыңдар?

V. Жаңа материалды оқып – үйрену.

Мұғалім «тізім» түсінігін енгізеді. Нөмірленген және таңбаланған тізімдерге мысалдар келтіреді.

-         Таңбаланған тізімдермен таныссыңдар, өздерің де жасадыңдар. Естеріңе түсіріңдер, қандай батырма таңбаланған тізімді көрсетеді?

Таңбаланған тізім

Оқушылар таңбаланған тізім құру алгоритмі туралы айтып береді. Мұғалім таңбаланған тізім құру алгоритмі туралы айтып береді. Мұғалім жауаптарды толықтырып, экраннан таңбаланған тізім батырмасын табуды сұрайды. Таңба түрінің өзгеру мүмкіндігі оқушылардың ерекше қызығушылығын тудыратындықтан материалды ары қарай игерту мақсатында түсіндіруді осы жерден бастау тиімді. Мұғалім достарының таңбаланған тізімін құруды тапсырады. Оқушылар кез келген таңбаны қолдана алады.

Нөмірленген тізім

Мұғалім нөмірленген тізім жасаудың алгоритмін түсіндіруге көшеді. Алгоритм түсінігі қиындық тудырмайды, себебі ол таңбаланған алгоритм құруға ұқсас. Нөмірленген тізімнің өзгеруі диалогтік терезе элементтерін талдаудызерттеу нысанасы ретінде оқушылардың өздеріне тапсыруға болады. Мұғалім өз беттерімен зерттеуге бірнеше минут береді. Оқушы өзінің нәтижелері туралы айтып береді, өзгелері оны толықтырады. Алдымен сезініп, соңынан естіген материалдың есте сақталатыны белгілі.

 Зерттеу нәтижесінің қорытындысын шығарған кезде мұғалім тізімді жөндеу тәртібіне көңіл аударады:алдымен нөмірлеутаңдалады, кейін нөмір пішімі таңдалады. Мұнда нөмірлеуді жоймайды және термейді, тек қажет пішімге

қосады.

Тізімді толтыру

 

Тізімнің бірінші деңгейінің нөмірі пайда болғаннан кейін оқушылар мәтінді теріп, enter –ді басады. Тізімнің екінші нөмірі  шығады. Оқушылар назарын Backspace батырмасының тізімді аяқтайтынына аудару өте маңызды. Нөмір қайта пайда болу үшін курсорды бірінші жолдың аяғына апарып, қайтадан Enter-ді басу керек.

VI  Бекіту

Оқушылар тізіммен жұмыс істеу дағдысын игеріп, деңгей бойынша компьютерде тәжірибелік жұмыстар орындайды. Сдеңгейі тапсырмасын орындау үшін көпдеңгейлі тізімді пайдалану қажет.

VII  Қорытындылау

Мұғалім тәжірибелік жұмыстар үшін баға қояды.

VIII Үй тапсырмасы

$19 - ты оқу, бақылау, тест сұрақтарына жауап беру.

 

Тексеру   кілті:

1.В

 2.С

3.В

 4.А

 5.Д

 6.А

 7.В

 8.А

9.В

 10.Д

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы:

ДК сәулетінің заманаи даму бағыттары

Сабақтың мақсаты: компьютердің сәулеті туралы түсінік қалыптаастыру, компьютердің қызмет ету функциялары мен мінездемелері туралы оқып-үйренуді жалғастыру.

Оқушылар білуі тиіс: конфигурация, компютердің сәулеті,фон Нейман сәулетінің принциптері туралы.

Оқушылар үйренуі тиіс: сәулет түрлерін атап, айырмашылықтарын түсіндіруге,құрсым (шина) сәулеттің  негізгі ұстанымдарын, USBқұрсымының басымдылығын, суретті пайдалана отырып, аналық тақтаның (материнская плата) екі негізгі микросызбасын атап, түсіндіруді.

Сабақтың барысы

I    Ұйымдастыру кезеңі

II    Үй тапсырмасын тексеру

III  Білімді өзектендіру

-         Компьютердің негізгі блоктарын атаңдар.

-         Аппараттық құралдар құрамына кіретін қандай құрылғыларды білесіңдер? (жүйелік блогындағы);

-         Қандай программа кез келген құрылғы жұмысын басқарады?

-         Қандай құрылғылар компьютердің сыртқы және ішкі құрылғылары болып саналады?

-         Компьютердің өздеріңе белгілі барлық жады түрлерін атаңдар.

IV Жаңа материалды оқып-үйрену.

Оқулықтағы сурет бойынша аналық тақтаны көрсетіп, құрылғыларының бір-біріне қатынасын шынайы тақтамен салыстыра қарастыру қажет.

V Бекіту.

1-    Тапсырма

ДК құрамына жеке бірін-бірі ауыстыратын компоненттер кіреді, олардың әрқайсысы бір-бірінен тәуелсіз түрде  жасалып, тестіленсе, қолданысқа түсе алады. Компьютер компоненттері оның .... деп аталады.

Компьютер

Конфигурациясы

Слайд мәтіні                                                                            Слайд мәтіні

2 – тапсырма

Сәулет – бұл ............................................................................................................................................................................................................................................

 

 


Сәулеттер болады. 

                                                                         

 

Таңдалған деңгей бойынша компьютерде тәжірбиелік жұмыс орындалады.

VI Қорытындылау

Мұғалім үй тапсырмасын, компьютерде орындалған тәжірибелік жұмыс тапсырмаларын бағалайды.

VII Үй тапсырмасы.

   $ 7 – ты оқу, сұрақтарына жауап беру.

Тексеру кілті:

   1.А    

  2.С

3.В

  4.А

5.Д

 6.А

 7.В

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочные планы на каз языке по информатике 6 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 498 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 02.03.2018 630
    • DOCX 58.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калтаева Гульнара Мухамедьяровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29613
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 303 человека

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 615 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 988 человек

Курс повышения квалификации

Компьютерная грамотность для пенсионеров

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 26 человек

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 86 человек

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 22 человека

Мини-курс

Самоповреждающее поведение у подростков: профилактика и методы работы

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов
  • Этот курс уже прошли 10 человек