Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Поурочный план на тему "Қарсылықты салалас" (8 класс)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Поурочный план на тему "Қарсылықты салалас" (8 класс)

библиотека
материалов

Сабақ жоспары

Күні: 01.16ж

Сыныбы: 8 «а»

Тоқсан: ІІІ

Пәні: қазақ тілі

Пән мұғалімі: Баттал Г.Т.

Тақырыбы: Қарсылықты салалас сөйлем

Мақсаты:   

Білімділік: салалас құрмалас сөйлем және оның түрлері туралы білімдерін нығайту, құрмалас сөйлемдердің басты белгілерін білу, құрылысын, құрамын ажырату, тыныс белгілерін дұрыс қойып жаза білуге үйрету, жаңа тақырыпты өткен тақырыппен ұштастыра білу;

Дамытушылық: Ынта қойып тыңдау, жазу, талдау машықтарын қалыптастыру,  талдау және салыстыра білу дағдыларын жетілдіру, ойларын ауызша жүйелеп жеткізуге дағдыландыру, қазақ тілі сабағына деген қызығушылығын арттыру;

Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке, елжандылыққа, тілін және дінін сыйлай білуге баулу, жүйелі сөйлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтық түрі: ойын сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс- тәсілдер: эвристикалық (іздендіру), сұрақ-жауап, топтастыру, талдау, жинақтау, түсіндіру, әңгімелеу, жаттықтыру, ойландыру, Венн диаграммасы, топтық жұмыс.

Көрнекілігі: интерактивті тақта (ActiveInspire) бағдарламасы, үлестірмелі парақшалар.

Пәнаралық байланыс: Қазақ әдебиеті, музыка

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

  1.  Амандасу; Түгендеу;

  2. Сабақтың мақсатын хабарлау;

  3. Оқушыларды сабаққа ұйымдастыру.

  4. Оқушыларды екі топқа бөліп, топтың қолбасшысын тағайындау.

2.Үй жұмысын тексеру:

А)Теориялық жұмыс. Тақтада өткен тақырыптар бойынша пысықтау сұрақтары беріледі.

  1. Құрмалас сөйлемге түсінік беріңдер.

  2. Құрмалас сөйлемнің құрамындағы  жай сөйлемдер байланысуына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

  3. Салалас құрмалас сөйлемнің  өзіне тән белгілерін атаңдар?

  4. Салалас құрмалас сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді?Түрлерін атаңдар.

  5. Ыңғайлас салалас сөйлемнің ерекшелігін атап түсіндіріңдер.

  6. Себеп - салдар сөйлемнің басқа түрлерінен айырмашылығы неде?

Б)Практикалық жұмыс.

1 парақша.

 Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. Жасалу жолын түсіндіріңдер.

Биыл мектеп бітіремін және Алматыға инженерлік оқуға түсемін.


2 парақша.

 Салалас құрмалас сөйлемнің түрін анықтаңдар. Жасалу жолын түсіндіріңдер.

 Ол сабаққа дайындалмаған, себебі кеше кітапханадан кітап таба алмады.

Жаңа сабақ: тақырыпты түсіндіру.(тірек - сызбаларды пайдалану)

Салалас

 

1.Ыңғайлас

2.Себеп-салдар

3.Қарсылықты

4.Түсіндірмелі

5.Талғаулы

6.Кезектес

 





Қарсылықты

1.Жай сөйлемдердің мағыналары бір- бірлеріне қарама - қарсы болып келеді.

2.Бірақ, дегенмен, сонда да, сөйтсе де, әйтсе де,алайда жалғаулық шылаулар арқылы байланысады.

3.Жалғаулықсыз  қарсылықты салаластың аражігі үтір мен сызықша арқылы ажыратылады. Жай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе болымды -болымсыз формадағы сөздерден жасалады.

Қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді басқа мағыналық түрлерімен салыстыру.

Ыңғайлас


Себеп -салдар

Мысалы:1.Ол менен бұрын кетті, сонда да мен    оны    қуып жеттім.

2.Баршагүл сәлем беріп еді,  -  ол қырын қарап кетті.

3.Көп  жасаған  білмейді,  көп көрген    біледі.

Ойын сәті:

Тақтада берілген ұяшықтардың астында жасырын тұрған тапсырмаларды топпен орындау.

 

20


30


10


20


30


10

Бірінші бағандағы  жоғарғы ұяшықтың тапсырмасы(10)

Берілген сөйлемге сипаттама беріп, байланысу түрін анықтаңдар.

Алыстан мұнар тау көрінеді.

Жауабы:  (жай сөйлем, жақты, жайылма, толымды)

Тау көрінеді - қиысу.

Мұнар тау – қабысу.

Алыстан көрінеді – жанасу.

Бірінші бағандағы төменгі ұяшықтың тапсырмасы (10)

Берілген сөйлемге толық сөз құрамдық талдау жасаңдар.

 Көз ашқаннан бастап, үш ғасыр бойы қиындықтың шырмауында жүрді.

Екінші бағандағы  жоғарғы ұяшықтың тапсырмасы(20)

Орындалған күй қалай аталады? Қай шығармадан алынған? Әңгіменің мазмұнын еске түсіре отырып, кең жазықтың шетінде мұнартып оқшау тұрған жалаңаш таудың атауын айтыңдар. Таудың атауына фонетикалық талдау жасаңдар.

Жауабы: күй атауы «Нар идірген», Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» әңгімесі.

Ипан тауы деп аталады.

Ипан - 1б – а.б, 2б - б.б.

И -дауысты, жуан, қысаң, езулік

П -дауыссыз,қатаң, ерін

А -дауысты, жуан, ашық, езулік,

Н- дауыссыз, үнді, тіл ұшы

4 әріп,  4 дыбыс

Екінші бағандағы төменгі ұяшықтың тапсырмасы (20)

Оқылған  өлең шумағын жазып алыңдар, қай шығармадан алынғанын табыңдар?  Кімнің өлеңі? Өлең шумағынан салалас құрмалас сөйлемді тауып, түрін анықтаңдар.(Оқушыларға жасырын түрде өлең шумағы оқылады. Балалар өлеңді мұқият тыңдап, естігенді дәптер бетіне түсіреді. Артынан жазған шумақтарын тақта арқылы тексеріп шығады.)

Өлеңге әркімнің-ақ  бар таласы,

Сонда да солардың бар тандамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай балалсы?

Жауабы: Абай Құнанбаев «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы», Қарсылықты салалас сөйлем:  Өлеңге әркімнің-ақ  бар таласы, сонда да солардың бар тандамасы.

Үшінші бағандағы  жоғарғы ұяшықтың тапсырмасы(30)

Берілген бейнесюжет қай туындыдан алынған? Кімнің шығармасы? Шығарманың басты тақырыбы не? Шығарманың мазмұнына сай қарсылықты салалас  құрмалас сөйлем құрастырып жазыңдар.

Жауабы: «Қараш-қараш оқиғасы». Мұхтар Әуезовтың туындысы. Повестің басты тақырыбы: ескі қазақ ауылындағы әлеуметтік теңсіздік мәселесі.

Үшінші бағандағы  төменгі ұяшықтың тапсырмасы(30)

 Берілген мақал –мәтелдердің жалғасын тауып, салалас сөйлемнің қай түріне жататынын анықтаңдар.

1. Қоянды қамыс өлтіреді, ................... (жігітті намыс өлтіреді).

2. Көз қорқақ,  .................... (қол батыр).

3. Атаның баласы болма, .................... (адамның баласы бол).

 Білімді шыңдау(бекіту)

145- інші беттегі   156- жаттығу. Берілген жай сөйлемдерге ойларыңнан қарама  -қарсы мәнді жай сөйлем ойлап жазып, қарсылықты салалас құраңдар.

Бұл жаттығуды топпен орындаймыз. Алғашқы үш сөйлемді бірінші топ, яғни түсіндірмелі салалас тобы, ал соңғы үш сөйлемге келесі себеп - салдар салалас тобы орындайды.

Алғашқы үш сөйлем:

1.Жел саябырлаған сияқты, ... .

2.Теңіз тынышталды, ... .

3.Тау астындағы көлдің үңгірі жолдан алыс емес екен, ... .

Соңғы үш сөйлем:

1.Бұрын бай еді, ... .

2.Көп балалы үйдің шаң - шұңы көп болушы еді, ... .

3.Жаз ортасы болып қалды, ... .

 Семантикалық картаны толтыру.

Құрмалас сөйлемдер

ыңғайлас

Себеп- салдар

қарсылықты

1

Бұл егіннің дәнін қолымнан мен септім ғой, өзгеңнен гөрі менің жаным қаттырақ ауырар еді.

 

       

+

 

2

Ағаңның да сенің алдыңнан шықпақ ойы бар еді,- жұмыстан қолы тимеді.

 

 

 

+

3

Мұндай шыбыны көп шөл даланы ешбір ауыл жайламайды: жаз айларында ондай шұбарлы жердің масасы мен сонасы қалың болады.

 

 

 

+

 

4

Күн батты, тауды қара көлеңке басты.

+

 

 

5

Сөз бергенге ерме,- бөз бергенге ер.

 

 

+

Қорытынды:

Венн диаграмма әдісі арқылы өткен сабақ (себеп - салдар) пен  бүгінгі сабақты  салыстыру.

                     Себеп-салдар    ортақтығы      қарсылықты

                 1. Жай сөйлемдерінің         1.Жай сөйлемдердің

          бірі екіншісінің                               мағыналары бір-

    себебін білдіреді.               Байланысу  бірлеріне қарама қарсы

  2.өйткені,сондықтан,             түріне қарай     болып келеді.

себебі,сол үшін, сол                құрмалас         2.бірақ,дегенмен, сонда

себепті жалғаулық                   сөйлемнің          да, сөйтсе де, әйтсе де,

шылаулар арқылы                 салалас              алайда жалғаулық шы

 байланысады.                          түріне                лаулар арқылы

3.Жалғаулықсыз себеп           жатады.                байланысады.

 салаластың аражігі үтір                                  3.Жалғаулықсыз қар-

 мен қос нүкте арқылы                                   сылықты салаластың

     ажыратылады.                                         аражігі үтір мен

                                                                сызықша арқылы ажыратылады.

Бағалау:

1.Сұрақтарға жауап беру арқылы.

2.Оқушылардың грамматикалық тапсырмаларды орындау кезінде өткен материалдарды пайдалана білуі арқылы.

  Үй тапсырмасы туралы ақпарат беру: Әдеби шығармалардан қарсылықты салалас сөйлемдерге қатысты 5 сөйлем жазып, синтаксистік талдау жасап келу.




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров127
Номер материала ДВ-405848
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх