Тақырыбы: Менің бөлмем
С\мақсаты:
Б.Тақырып бойынша
бөлменің заттарымен таныстыру, сөздерді
меңгерту.Айтылым,жазылым,оқылым,тыңдалым, тілдесім әрекеттерін іске асыру.
Д.Бөлменің тазалығы
туралы мәтін бойынша әңгімелеу, сөздік қорын байыту арқылы оқушылардың тілдерін
дамыту.
Т.Білімденуге,
еңбектенуге, денсаулықты нығайтуға тәрбиелеу.
С\міндеттері:
1. Бөлменің заттар
атауларын меңгереді;
2. Фонетика саласын
қолданады;
3.Оқушылардың
оқу-танымдық әрекеттерін белсендіретін тапсырмаларды орындайды.
С\типі: жаңа сабағы.
С\әдістері: көрнекілік, сұрақ-жауап,сөйлету,
көрсету,үйрете-бекіту
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Көңіл-күйлерін сұрау, сабаққа ынталандыру.
Тапсырмалрды
деңгейлетіп орындату және ұпайларын шығарып отыру.
Оқушылардан мақсаттарын
сұрау
I. Дәптермен жұмыс. Жазылым.
3-деңгей
1) Бөлменің заттар
атауларын жазу:
Үстел, төбе, қабырға,
еден, есік, орындық, диван, екі кресло, төсек орын, шам, төсеніш, айна,
кілем. ауызша тексеру 2ұпай
3-деңгей
2) Сөздерді аудару-
1. үстел-
2. орынды-
3. кілем-
4. еден-
5
төсеніш-
2 ұпай
II. Жұмбақ
шешу:
\ үстел \
2 ұпай
III.
Жазылым. Деңгейлік тапсырмалар орындау.
2 деңгей.
3) Ашық буыны бар үш
мысал келтір.
4) Қазақ тіліне тән дыбыстары бар мысалдарды теріп жаз.
( үстел, үйде, терезе, әйнек, қабырға, еден, сурет, бөлме,
мысық)
5) «Пәтер» сөзіне фонетикалық талдау жаса.
6) Менің үлкен ағам Астана қаласында тұрады. Оның екі баласы бар. Олар
мектеп оқушылары. Мен қысқы демалысымда ағама қонаққа бардым.
Бұл сөйлемдерді орыс тіліне
аударыңдар. 8 ұпай
IV. Тыңдалым(мұғалімнің дауысымен жазылған – түсініп
тыңдау)
Менің әкем
үлкен ағаш үй салды. Мен атаммен айналасына қайыңдар отырғыздым. Аула таза,
кең, гүлдер өте көп. Үйде бес бөлме. Менің бөлмем сол жақта. Бөлмем жарық және
өте әдемі. Мен бөлмемді таза ұстаймын№
-
Бұл қала үйі ме? -Үй неден
салынған?
-
Мәтіннен ашық буынды
сөздерді теріп жазыңдар.
V. Жағдаят-ситуация Сөйлесу
1-топ.
- Сәлеметсіз бе? Мен сізді көптен көрген жоқпын.
- Сәлеметсіз бе? Иә, үйім осы жақта болғанда жиі кездесуші едік.
- Қай жерге көштіңіз, үйіңіз жұмыстан алыс па?
- Үйім қаланың ортасында, жұмысқа жаяу барамын.
- Жаңа үйіңіз қайырлы болсын.
- Рақмет, қонаққа келіңіз, мекен жайымды жазып алыңыз: Естай көшесі,
110- үй 15-пәтер. Әзірше телефоным жоқ.
-Сау болыңыз!
-Сау болыңыз!
2-топ.
......
-
Пәтеріңіз қыста жылы ма?
-
Биыл бірінші рет
қыстаймыз.
Мына жағдаятты сұрақ-жауап арқылы жалғастыр.
VI. Сергіту сәті.
VII.
Оқылым.
Негізгі кезең.
1.Жаңа сөздермен танысу(2-3мин):
Шешен – оратор, умелец Белгілі -
известный
Сағыну – скучать Аңсау -
тосковать
Жақтамау – не поддерживать Рахаттану -
наслаждаться
Жамау - дыра
VIII. Мәтінмен
жұмыс.
Алыста, жол-сапарда жүріп, үйін сағынып, аңсап
келген кісі кейде осылай дейді.
Жұртқа
белгілі Жиренше шешен туралы әңгіме: Хан оны өз қасына ертіп жүреді екен. Бірақ
Жиренше ханның сөзін жақтамапты, елдің сөзін сөйлепті. Ханның алтындай
сарайынан, өзінің үйін сағынып келеді. Өз үйіне келгенде, ол рахаттанып, бой
жазып қалады екен. Үйі өте кішкентай: киізі қырық жамау екен. Сонда ол былай
деген: «Қайран менің өз үйім, кең сарайым – боз үйім.»
Мәтінді іштей оқу, дауыстап, мәнерлеп оқу. Мәтіннің
мазмұнын ауызша айтып беріңдер.
IX. Айтылым.
Тақырыбы: «
Қонақ келсе құт келер»(5-6 сөйлем)
X Тілдесім.
«Көріністі кім
сөйлетеді?» Слайд шоу көрсету, суреттеге көріністі сөйлету.
XI. Қорытындылау.Бағалау.
Бүгін сабақта
алған білімдеріңіз қажет пе? Сіздер оны қолдана аласыңдар ма? Қашан? Қалай?
XII. Үй жұмысы: Өз бөлмең туралы әңгімеле.
Жаңа сөздерді жаттау, 5 сөйлем құрастыру.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.